Шарт туралы жалпы ережелер
К і р і с п е
Бөлім I. Шарт туралы жалпы ережелер
1.1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
1.2. Шарттардың түрлері
1.3. Нарықтық қатынастармен қатар дамыған кейбір шарттар ерекшеліктері
Бөлім II. Шарттың жекелеген элементтерінің ерекшеліктері.
2.1.. Шартты жасау.
2.2.Шарттың мазмұны мен нысаны.
2.3. Шартты өзгерту және бұзу
Қорытынды
Нормативтік құқықтық актілер:
Қолданылған арнайы әдибеттер:

Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталған жөн.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады.
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле нысанының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.

1. Дернебург Г.Пандекты “Обязательственное право” М.1990г.
2.“Азаматтық құқық”. 1 том., жауапты редактор М.Қ.Сүлейменов.,
Ю.Г. Басин, Алматы 2003 жыл.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы Ғ.Төлеуғалиев., 1 том,
Алматы 2001 жыл.
4. “Коммерческое право”. Учебник под.ред. В.Ф.Попомдопула.,
В.Ф.Яковлевой, изд. С.Петербургского университета 1998г.
5. “Гражданское право Казахской ССР”. Учебное пособие часть 1, под.ред.
д.ю.н. профессор Басин Ю.Г. изд.Мектеп 1978г.
6. Гражданский кодекс Республики Казахстан комментарий под.ред.
М.К.Сүлейменова., Ю.Г.Басин, Алматы.
7. “Советское гражданское право”. Часть первая под общей редакцией д.ю.н.
проф. В.Ф.Маслова, д.ю.н. проф. А.А.Пушкина изд. Объед. “Высшая
школа” главное изд. Киев 1977г.
8.Дедиков “Публичный договор”, //Хозяйство и право//1997г. № 11.
9.”Советское гражданское право”, часть 1, Ответ.ред. д.ю.н. профессор
В.А.Рязенцев, Москва Юридическая литература 1986г.
10.Жайлин Ғ.А. “Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық” ерекше бөлім 1 том, Алматы 2005 жыл.
11. Жайлин Ғ.А. “Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық” ерекше бөлім 2 том, Алматы 2004 жыл.
12. М.И.Брагинский., В.В.Витрянский “Договорное право”, общие положения. Москва,1997 г. изд. Статут.
13. Советское гражданское право в двух томах под.ред. профессора О.А.Красавчикова идз. “Высшая школа”, Москва 1968г. том.1.
14. Басин Ю.Г. “Сделки”, Алматы: Издательство Әділет Пресс 1996г.
15. Барнева Т.А. “Договор глазами арбитра”. “Предприниматель и право”, 1998г. №11, (105).

Жоспар
К і р і с п е
Бөлім I. Шарт туралы жалпы ережелер
1.1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
1.2. Шарттардың түрлері
1.3. Нарықтық қатынастармен қатар дамыған кейбір шарттар ерекшеліктері
Бөлім II. Шарттың жекелеген элементтерінің ерекшеліктері.
2.1.. Шартты жасау.
2.2.Шарттың мазмұны мен нысаны.
2.3. Шартты өзгерту және бұзу
Қорытынды
Нормативтік құқықтық актілер:
Қолданылған арнайы әдибеттер:
К і р і с п е
Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі
өзектілігіне тоқталған жөн.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық
құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу
тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар
туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі
немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан
диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да
реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін
аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп
отырмыз.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін
жасалады.
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу
жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас
негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз
ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға
қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың
қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу
және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда
маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң әдетте, егер келісімде басқадай
көрсетілмесе, мәміле нысанының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын,
ол тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы
бойынша анықталатындығын белгілейді.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы ұшін қаншалықты маңызды екенін
баршамыз түсінеміз.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиясының мықты нарықтық
экономикаға мемлекеттің белсенді роліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға шетел инвестицияларын тарту негізделеді.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы жеке құқықтық қағидалар
негізінде қалыптасады және жеке заңды тұлғалардың бастамаларын
ынталандыруға бағытталған. Жаңа азаматтық заңдарда мемлекеттің жеке
шаруашылық қызметке тікелей бұйрық беру жолымен араласуын тоқтату,
меншікке қол сұғылмайтындығы, жеке кәсіпкерлікті кеңінен дамыту, азаматтық
құқықтың шарттар жасасу бостандығы азаматтардың мүліктік құқықтарымен
мүдделерін тиімді қорғау секілді маңызды принциптер дәлелденіп, баянды
етілген.
Осыған байланысты бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген
толықтырулар мен өзгертулер, сонымен қатар жаңа заңдарда осы заманға
сәйкестендіріліп жаңа құқық нормалары пайда бола бастады.
Шарттардың жаңа түрлерінің құқықтық реттелуі және оның нарықтық
экономиканың қарқынды даму сатысында теориялық және тәжірбиелік маңыздылығы
шеңберінде танып білу, зерттеу, бүгінгі ғалымдарымыздың көзқарасынан тыс
қалмаған өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан да менің курстық жұмысымды шарт конструкциясы туралы
зерттеу жүргізіп түйіндеу және шарттың ерекшеліктері жайында жан-жақты
қарастыруға тырысамын.
Куртық жұмысы Қазақстандық және алыс-жақын шет мемлекеттер
ғалымдардың ғылыми еңбектеріне және Қазақстанның құқықтық базасына
негізделе отырып, теория және тәжірибе арақатынасы бойынша ғылыми,
логикалық, сараптау, анализдеу әдістері негізінде орындалды.
Бөлім I. Шарт туралы жалпы ережелер
1.1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
1. Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы
пайдаланулы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы
әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың
негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды
бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық
қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең
соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.[1]
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстеріне тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378- бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мендеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату
келісімі – шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: “шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады”. Сонымен бірге, “мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең,
өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
"Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мағнада қолданылды:
өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты ретінде; сол шарттық
міндеттеменің өзі ретінде; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат ретінде.
Шарт — құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқ-тауына
негіз болатын зандық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық қүқықтар мен
міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады ( АК 7-бап).
Шарттардың бірнеше жылдар бойы қолданылып келуі, басқасымен қоса
айтқанда, түрлі сипаттағы қоғамдық қатынастардың икемді құқықтық нысанға
айнала білуі жөнінде сөз болатындығымен түсіндіруге болады. Шарттың басты
міндеті заң шеңберінде мүмкіншілік шектері мен лайықты мінез-құлқы, сондай-
ақ, тиісті талаптардың бұзушылық салдарына сілтеу арқылы адамдардың мінез-
құлқын реттеуге тұйылады.
Кезінде заң мен шарттың өзіндік маңыздылығы жөнінде үш пікір айтылған.
Ерікті теорияны жақтаушылар шартты өзара уағдаласушылардың ерікті актісі
ретінде – түпкінегізі деп санаған, ал заң оның еріктігін толықтырып не
шектеп отырады деп пайымдаған. Заң басымдығының теориясын жақтаушылар шарт
заңнан құқықтық тиімділігінен туындайтынын негізге алған. Ал үшінші
эмпирикалық теорияның жақтаушылары тараптардың еріктері сезімді түрде
белгілі бір нәтижеге ғана бағытталған және мұнда шарттарының салдары оны
жүзеге асыруға тараптардың ондай құралдар туралы түсінігі жоқ деп ой
жібереді, кей кезде шын мәнінде ол түсініктің мүлде жоқ екені байқалады.
Шарттың реттеуші ролі оны заң және нормативтік актілермен жақындастыра
түседі. Шарттың құқықтық нормадан алдымен екі ұстанымдық ерекшеліктерімен
ерекшеленеді.
Біріншісі мінез-құлық ережесін сақтауға байланысты: шарт – тараптардың
ерігін, ал құқықтық акті оны шығарған органның еркін білдіреді. Екіншісі
кез-келген мінез-құлық ережесінің іс-әрекет шегін айырып отырады: шарт
тарап болып саналмайтын оның тараптарының мінез-құлықтарын реттеуге
есептелген және ол міндеттерді құра алмайды, тек құқықтарды құрайды,
сонымен қатар, құқықтық және басқа нормативтік актінің негізінде баршаға
және әрқайсысына жалпы бірдей ережелер туындайды (құқықтық актінің
қолданысы жүретін кез-келген тұлғалар ортасы онымен белгіленбейді). Аталған
екі ерекшелік те тек азаматтық-құқықтық шартты айрықшаландырады.
Көрсетілген ерекшеліктері жоқ шартта (бұл жерде – бұқаралық-құқықтық
шарттардың сан қилы түрлері) оны нормативтік актіден ерекшелендіріп тұратын
шекара жоқ болып кетеді. Алайда нәтижесінде барлық жағдайда тараптардың
ерігі бұқаралық шарттардың басты маңызы болып саналады.
Азаматтық құқықтағы шарт ұғымы бір-бірінен үзілмес өзара байланысқан
екі элементтер тобынан тұрады. Оның біреуі шарттың заңдық құрылғысын,
екіншісі – оның мәндік сапасын сипаттайды. Бұл элементтер тек қосылған
жағдайда ғана азаматтық-құқықтық шарт белгілі бір әлеуметтік құбылыс
ретінде қоғамдығы өзінің мәртебесіне ие болады. Мұндай ұғымның ғылымдық
маңызы өте зор. Сонымен қатар, ол нарықтық экономика жағдайында шарттың
қолдану аясы мен басты қызметтерін белгілей келе, тәжірибелік міндеттерді
де шешіп отыр.
Шарттың заңдық құралғысы – шартқа қатысушылар арасындағы байланыстың
қызмет етуін қамсыздандыратын құқықтық сипаттағы заңмен қарастырылған өзара
байланысты компоненттер жүйесі. Бұл компоненттерге тараптардың келісімі мен
оған қол жеткізу тәртібі, шарт мазмұнының құрылымы (қарыз беруші мен
тұлғаның құқықтары мен міндеттері), шарттың орындалу тәсілі, шарттық
міндеттемелерді орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптардың
жауапкершілік шарттары мен көлемі жатады. Шарт қатысушылардың азаматтық
айналымындағы белсендіктің мінсіз нысаны болып қызмет жасайды. Қоғам
тарихындағы оның әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне қарамастан шарт
құрылғысы заң техникасының туындысы ретінде өз негізінде өте тұрақты болып
қалып отырғанын атап өтудің маңызы зор.
Уақыт келе шарттар арқылы қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуымен бірге
жеке тұлғалармен қатар азаматтық құқықтың жеке субъектілері деп танылған –
заңды тұлғалар әлеуетті қатысушылардың құрамы кеңейе түсті. Әсіресе шарттық
құқықтарды құруда қолданылатын элемент комбинацияларын күрделендіретін
заңнамада қарастырылған шарт үлгілері көп қилы болып кетті.
Рим құқықындағы шартқа деген көзқарас оларды үш түрлі пікірден құқықтық
қатынастар туындайтын негіз ретінде қарауға мүмкіндік берді.
Белгілі бір өзгерістер бар шарт туралы көп мағыналы ұғым тәжірибелі
түрде ҚР АК-де және басқа елдердің азаматтық кодекстернде іске асырылды.
Бұрынғы кеңестік және кеңес аумағындағы заңи әдебиеттерінде орын тапқан
шарт туралы көп мағыналы ұғым бірқатар авторлардың жұмыстарында тізбектеліп
келтірілген. Ол әсіресе О.С.Иоффе зерттеулерінде нақты берілген. Екі немесе
бірнеше тұлғалардың азаматтық құқық қатынасының туындауы, өзгеруі немесе
тоқтатылуы туралы келісімін шарт деп мойындай отырып, Иоффе: Кей кезде осы
келісімнен туындайтын міндеттеменің өзін шарт деп түсінеміз, ал кейбір
жағдайларда бұл терминмен барлық қатысушылардың еркі бойынша туындайтын
актіні тіркейтін құжатты атаймыз - деген.
Көзқарастар әдебиетінде айтылған мынадай мысалды келтіруге болады:
шарт заңды факті ретінде құқықтық қатынастар немесе шарттық құқықтық
қатынастар ретінде шарттың пайда болуына негіз болады. Шарт заңды факті
және құқықтық қатынастар ретінде – ол өзінше жекеше тұрғы, оның даму
жолының сан қилы жақтары.
Дәл осы тұрғыдан Н.Е.Егоров та: шарт деп міндеттеменің негізіндегі
заңды фактіні, шарттық міндеттеменің өзі және міндеттемелік құқықтық
қатынастарды орнату фактісі бекітілген құжатты атайды.
Сонымен қатар кейде әдебиетте шарт туралы түрлі ұғым теңдестіріледі.
Заңи әдебиетте термин бірнеше мағынада беріледі, оның ішінде келесі
түсіндірмелерді атап өтуге болады:
1. Заңды факт ретінде шарт.
2. Мәміленің бір түрі ретіндегі шарт.
3. шарттан туындайтын азаматтық құқықтық қатынасты да шарт терминімен
белгілейді.
4. Жазбаша нысанда шарттың мағынасы берілген құжат ретіндегі шарт.
Мұндай шарт терминінің көп мағыналығы ғылыми, оқулық әдебиеттерде
және заң шығаруда қолданылады. Мысалы, 1993 жылы басылған оқулықта шарт екі
немесе көп тарапты мәміле ретінде талқыланаты аталған. Алайда шарт ұғымын
тек мәмілеге қиыстыру мүлде дұрыс емес. Мәміле дегеніміз құқық немесе
міндеттемені белгілеуге, өзгертуге, алмастыруға бағытталған іс-әрекет. Шарт
болса құқық пен міндеттемені белгілеп қана қоймайды, мағыналары келісімде
бекітілген субъектілердің іс-әрекеттерін қарастырады. Шарт нақты не жасау
керектігін және тараптарға іс-әрекет жасағанда қандай заңды талаптар
қойлатынын анықтайды.
Бұл мәселе бойынша тағы бір пікір Р.О.Халфинамен айтылған. Ол шарт
өзара жасалған мәміле деген ойға қарсы және шарт азаматтық құқықтық
қатынастың өзгеруі немесе тоқтатылуына бағытталған тараптардың келісімі
деген ойға да қарсы шықты. Р.О.Халфина шарт ұғымына екі немесе бірнеше
тұлғалардың еркін келісіп шешуден басқа олардың өзара азаматтық құқықтары
мен міндеттемелері енгізілуі қажет деп пайымдайды. Бұл жерде әр тарап
өзіне қабылдайтын құқық пен міндеттеме сан қилы болғанымен өзара келісілген
және біріккенде біркелкі құқықтық нәтиже беруі қажет екендігіне назар
аударған.
Шартта құқық пен міндеттеменің қосылуы дау туғызбас деген ой туындайды.
Алайда мұны шарт – мәмілеге емес, шарт – құқықтық қатынасқа жатқызу керек.
Бұл жағдайда кез келген шарттық және шарттық емес құқықтық қатынастарда,
туындауына қай заңды факті себепші болғанына қарамастан құқық пен
міндеттеме бір-бірімен сәйкестенуі (байланысуы) қажет. Мұның қажеттігінің
себебі, өйткені құқықтық қатынас басқаша түрінде мүлде жоққа шығады.
О.А. Красавчиков шарттың көп мағыналық ұғымының, бірақ басқа себептер
бойынша, қарсыласы болып саналады. Оның ойы бойынша азаматтық заңнамада,
сондай-ақ құқық ғылымында шарт терминін қолданғанда бұның екі түрлі –
заңды факті және құқықтық қатынастың әрекет ету нысандары ұғымдары
қосылып кетеді.
Құқықтық қатынастарды дамыта келе О.А. Красавчиков Бір терминді түрлі
талқыға салу көптеген түсініспеушілік пен теориялық және тәжірибелік
тәртіптегі қиыншылықтарға ұрындыратынына күмән жоқ деп қорытынды жасаған.
Рим құқығында құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру немесе тоқтатылу
негізі ретіндегі шарт туралы ұғымға оның себепті емес екі белгісі жатады:
біріншісі – келісім, екіншісі белгілі мақсаты бар келісімнің ерекше негізі.
Осы соңғысы жөнінде К.А.Митюков шарт меншіктік құқықтық қатынастардың
саналы түрде өзгертілуі әрқашан белгілі бір заңдық мақсатпен жүргізіледі.
Шарт құралы болып саналатын бұл мақсат оның материалдық негізі болып
табылады.
Біреудің іс-әрекеті үшін жауапкершілігін көтеру немесе сыйға беруді
рәсімдеу болмаса қолданыстағы міндеттемені қамсыздандыру, жалпы қандай да
бір заңдық мақсатқа жету ниеті шарттың негізі болып саналады. Ол ниетсіз
және себепсіз міндетемеге кіруге ерікті ұсыну мүмкін емес. Екінші жағынан
негізінде заңмен тыйым салынған мақсат жатса шарт ешбір күшке ие бола
алмайды деп жазған.
Шарттар құқық пен міндеттеменің пайда болу негізі ретінде әр елдің
қолданыстағы кодекстерінде бірдей мәртебеде емес. Біреулерінде келісімді
реттейтін нормалар бір жағынан, оның пайда болу негізі – шарт мәміле екінші
жағынан шартқа тікелей арналған тарауларға енгізілген. Басқаларында шарт
туралы қағидаға арналған тарауда шарт мәміленің үлесіне тараптардың қажетті
келісімін қалыптастыру тәртібін белгілейтін ережелері ғана тиетіні
жөніндегі мәміле туралы Азаматтық кодекстің жалпы нормаларының күші шартқа
жүреді.
Азаматтық-құқықтық шарт мәміленің аса көп тараған түрі ретінде
азаматтық құқық пен міндеттемелердің белгіленуіне, өзгеруіне немесе
тоқтатылуына бағытталған екі және одан да көп тараптардың келісімі болып
саналады. Сонымен қатар, жасалған шарт бойынша заңмен қарастырылған құқық
пен міндеттемелерге тәуелді болады. Бұл жерде, Азаматтық кодекстің жалпы
ережесіне, тиісті шартқа арналған міндетті құқықтың жалпы бөліміне
енгізілген нормаларды қарастыратын құқық пен міндеттемелердің аталғанын
айту керек.
Шарттың мәміле және міндеттеме сияқты құқықтық санаттарға қатысты ара
қатынасын анықтап алудың маңызы зор. Шарт ұғымы кең ауқымды азаматтық-
құқықтық мәмілесі ұғымынан ерекше: шарт – кез келген емес, тек ниет
білдірген екі немесе бірнеше тараптардың еркі сәйкес келген жағдайда
жасалатын мәміле.
Әдетте шартты екі немесе көп жақты мәміле деп түсінеді. Алайда шартты
мәмілеге келтірген жөн емес. Мәміле дегеніміз құқық пен міндеттемелердің
белгіленуіне, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған іс-әрекет. Шарт
мәміле ретінде тараптарға белгілі бір құқық пен міндеттемелерді
белгілейтінін атап өту керек. Бірақ тараптардың заңды байланыстарының
шындық мәні осымен тоқтамайды. Өктемдік азаматтық-құқықтық нормалардың
ауқымы сөзсіз шартты болып табылады. Бұған қоса атап өтетін жайт, нақты
шартта басқа нұсқаулар жоқ болған жағдайда тараптар өз қатынастарын
диапозитивтік нормаларға және өз араларындағы тәжірибе бойынша күнделікті
іс ретінде қалыптасқан квазинормативтік реттеуіштерге бағынатынына
келісетінін мойындайтындығы.
Ю.А.Тихомиров заң теориясын дәріптей отырып өзінің шарт анықтамасында,
заң шарттың атасыдеген.
Бірақ бұл салыстырманы жалғыстыра берсек, шарттың анасы екендігін
анықтаймыз, одан нормативтік реттеуіштерді қолдануды қоса алғанда, шарттың
түрлі салдары туындайды.
Көптеген шарттар келісімнен шығатыны кейбір авторларға, әсіресе ХХІ
ғасырда, шарттық міндеттемелердің субъективтік табиғатына ерекше мән
беруіне негіз болды. Олардың пайымдауы бойынша, шарт тараптар еріктерінің
сәйкес келуінен тұрады, ал келісім ерікті және сәйкес келетін пікірлердің
нәтижесі. Бұл доктринаның екі негізі бар. Біріншіден, ХІV ғасырда саяси
философияда тұлға бостандығының тұжырымдамасына үлкен мән берген. Әр адам
ерікті, өз мүддесін еркімен жүргізуге құқықты деп санаған, сондықтан,
келісімде көрсетілгендей, тараптардың еркін білдіру құқықтың мақсаты деп
білген және шарт еркі неғұрлым аз шектелу қажет деп пайымдаған.
Бұл пікірді 1776 жылы басылған Халық байлығы атты белгілі жұмысында
Адам Смит айтқан, онда капиталистік кәсіпкерлікке алғаш болып түбегейлі
талдау жасалған. Шарт еркі – тұлғаға ең тиімді болып көрінетін кез келген
шартта шартқа отыру ХХІ ғасырдағы экономиканың ең басты мәселесі болды.
Өнеркәсіп пен сауда табиғи қорды өктемдеу және пайдалану белсенді саясатын
қолдайтын қоғамдық және экономикалық теориядағы мықты ойларды жақтады.
Сонымен, соңғы жылдары біздің құқықтық мемлекетімізде нарықты
қатынастардың дамуына байланысты шарттық қатынастарды реттейтін азаматтық
заңнама біршама өзгеріп өсе түсті, бірінші кезекте бұл түгелімен шартты
реттеу мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
екінші бөлімін қабылдауына байланысты. Дегенмен, ол тәжірибедегі шарттық
қатынастар дамуынан қарқынның озықтығына, шарттың жаңа түрлерінің пайда
болуына байланысты объективтік түрде қалыптасқан заңнамадағы аң таңлықтарды
барлығын дерлік жаба алмайды.
АК-ның 148-бабының 1-тармағына сәйкес, мәмілелер бір жақты және
екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле
болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (АК-
ның 373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің нысаны және оны
тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер
қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" үғымын "бір жақты және
өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды,
себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың
ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа зандық
фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі.
Сондықтан, АК-ның 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін
екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.[2]
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады,
себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік қүқық қатынастары туыңдайды, ал
міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде
талап ету құқығы (несие беруші), екіншісіңде — сол құқыққа икемделген
міндет (борышкер) болады..
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады
(АК-ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа
қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің
нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік)
туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік
құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы
бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы).
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы (АК-ның 387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (АК-ның 391-
бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу
туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін" (АК-ның 379-баптың 1-тармағы) деген ережені
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық
болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше
басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік кұқық
қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік
құқық қатынастарының ауқымына зорға сиятын құқықтық қатынастар да бар.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп
иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар
туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары
болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар
арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда).1
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында),
өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасыңда) және т.б.
туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құрылтай шарты туралы.
Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
болып табылады. Бір қатысушы құрған акционерлік қоғамның құрылтай құжаты
жарға болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарын нотариат
куәландыруға тиіс.
Құрылтай шарты құрылтайшылардың құқықтары мен міндеттерін қоғамның
құрылуы сатысында ғана реттейді. Сондықтан құрылтай шартының қоғам құру
жөніндегі әрекеті қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап және оның
барлық құрлтайшыларының құрылтай шартында белгіленген міндеттемелерін
орындаған соң тоқтатылады.
Қоғамның құрылтай шартында:
1) Қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшы) туралы мәліметтер,
соның ішінде: жеке тұлғалар қатысты, азаматтығы, тұратын жері, жеке басын
куәландыратын құжат деректері;
Заңды тұлғаларға қатысты оның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік
тіркеуден өткені туралы деректер.
2) Қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған
атауы, сондай-ақ оның құрылуы тәртібі.
3) Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың
мөлшері, оны төлеуді мерзімдері мен тәртібі.
4) Акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның
құрылтайшылары арасында орналыстырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын)
жарияланған акциялар саны, түрлері және нақтылы құны.
5) Оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның
құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды
құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары..
6) Қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процеесінде оның мүдделерін
білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттерін белгілеу.
7) Қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу
тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай
жиналыстарындағы дауыс саны.
8) Қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба.
Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол
қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы
ереже қолданылады (АК-ның 268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы
жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да
көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (АК-ның 379-баптың 2-
тармағы) өзгедей көзделмеген.
АК-ның 379-баптың 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа
зандық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық
міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар
туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және
борышты аудару туралы кейбір ережелер (АК-ның 339-348-баптар) шарттардың
кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі.
Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты,
авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге
құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың
ережелері қолданылады.
АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан
(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және
басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа)
құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық
қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары
(Шарт ұғымы және оның ережелері) қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының
мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген
ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта АК-
тың 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.
АК-нің 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей
құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы
мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады.
Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша
мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы
ережелер қолданылады (АК-тың 5-баптың 1-тармағы).
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі
азаматтық кодекс айқындайтын шарт еркіндігі болып табылады.
Азаматтық кодекстің 380- бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:
1) шартты жасау не жасамау;
2) шарт бойынша серікті тарапты таңдау,
3) шарттың түрін таңдау,
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Азаматтар мен занды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік
берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған
міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт
жасасуға мәжбүрлетуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма АК-ның 8-баптың “азаматтар мен заңды
тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады”-
деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-те бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен
және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға
шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады (АК-ның 10-бап).
АК-ның 380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы бөлу эконо-
микасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп
тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық
сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның
барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында
жинақталған (АК-ның 399-бабы).
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса,
коммерциялық ұйым үшін көзделген (АК-ның 387-бап).
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жар-
лықтың АК-ның 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу
туралы.1 Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен
мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт
жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы).
АК-ның 306-баптың 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне
берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе
заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында
қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да,
көзделмеген шартты да жасаса алатыңдығынан көрініс табады (АК-ның 380-
баптың 2-тармағы). Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны. АК-ның
Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға
арналған. Айта кететін бір жағдай — АК-ның 380-баптың 2-тармағында
әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың
жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондай
құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың
мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже
туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада
көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен занды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада
көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен
міндеттерді тудырады" делінген (АК-ның 7-бап).
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы
мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды,
себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.
1.2. Шарттардың түрлері
Міндетемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру
да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар
шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да
қолданылады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт.
Консенсуалды шарт дегеніміз әр жақтың келісімі бойынша жасалынатын
шарт. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. соnsensus —
келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті.
Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден
бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады.
Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі
қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып
саналады (АК-ның 393-бабының 2-тармағы).
АК-ның 393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз
болады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған
шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға
тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап
ғана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. rеs -зат) деп
аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың
анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының
міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып
алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай орындалуы
тиіс.1
Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы,
сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға
міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған
жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме
екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде орындау кезі
мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар,
әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат
беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан
сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша
құқықтар мен міндеттерді алатындар сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда
азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір
міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің
уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт- бұл тараптар несие берушіге
емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап
етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391- бабы). Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан
бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан
еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие
берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы
– шартты орындауды талап ететін дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші
жаққа шарт бойынша беріледі.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін
орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі
керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан
ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт
ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы
талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа,
істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің құнын алады). Жоғарыда
айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану,
кейбір жағдайда сақтау жатады.1
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз
міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру
(бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара
міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау
жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында "соnsіdaratіоn"
деген атпен кең қоданылады. Оларда соnsіdaratіоn кез келген шарттың
елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп
танылмайды.2
Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың
ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем
шартын атауға болады.
Сондықтан да, АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы
деп танылады деген презумция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол
заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе
жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени,
білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы),
демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет,
әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың
құқықтық нысанына айналуда.
Бір жақты және екі жақты шарттар тараптардың құқықтары мен
міндеттернің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір
тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты).
Екі жақты шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міндеттемелер
де көрсетіледі.1
Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті,
ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екі жақты болып
келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік,
тасымалдау және т.б.) Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты
сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, сатып
алушы заттың құнын төлеуге міндетті және затты өзіне беруді талап ете
алады.
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар
(жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір
түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді
тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері болады (АК-ның 381-бабы).
АК-ның 381-бабының қағидалары АК-ның 380-баптың тараптар заңнамада
көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан
орынды туындайды. Сондықтан да, олардың мазмұнында заңда көзделген әртүрлі
шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.

туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі

Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың
келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта
элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-
ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген
шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін
қамтиды.
Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып
алу сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы
экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік
шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары
қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа
тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның
басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орыңдауға және
қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан
туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз - сол шартта көзделген ережелерді
сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-
ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы
шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын
беруге міндеті көзделген шартын, келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй
контрактын) алуға болады..
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда
нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жеке-шелендіру
туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе теңдер
жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұксастығы сонда, олардың екеуінің
нысаналары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір нысандағы шарттарды
жасағанда заңнамада олардың нотариалдық нысаны белгіленсе (мысалы, тұрғын
үйді сатып алу-сату шарты), онда алдын ала шартта нотариалдық нысанда
жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт нысанасы анықталмаған болса
(мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), алдын ала шарт, заңсыз болып
қалады деген қауіппен, жазбаша нысанда жасалады (АК-ның 390-баптың 2-
тармағы).
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ
басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс
(АК-ның 390-баптың 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала
шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-
тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі
шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше
жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін
жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің
заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір
тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету
құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама
негіздерінде бекітілген (60-бап).
АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт
жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты
жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар
(мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз
пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады).
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық
мәні түсініксіз. Оларға зандық күш беруге әрекет те жасалынды. Ниет туралы
хаттамадан алдын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет
туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретінде қаралмасын деген тұжырымға
алып келді. Мұндай шартта зандық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы
керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша
қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені
болмаса, басқадай құқықтық салдарға туындатылайды.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына
байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың
біреуі үшін міндетті болып табылады.

жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы,
мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше.
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері
бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған
өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе
қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт
деп аталады1 (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау,
байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана
қызметін көрсету және т.б.) (АК-ның 387-бабы).
АК-ның 387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды:
1) оны коммерциялық ұйым жасанды (АК-ның 34-бабы);
коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе
қызмет көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;
ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне
жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;
коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа
реттерде, шарт жасасуда бір тұтынушының алдында екінші тұтынушыға
артықшылық беруге қүқылы емес.
Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан
өзінде ондай мүмкіндік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және
т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде
сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы
тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.
Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт
жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады (АК-ның 399-бабы). Тұтынушы
тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және содан келген
зияңды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы (мысалы, сатып алатын
тауарын алып кетуге дайындаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай
тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі, заң актілерінде белгіленген
жағдайларда, жария құқықтардың кейбір түрлері жайында міндетті ережелер
шығаруға құқылы (типтік шарттар, ережелер және т.б.)
Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен
тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина,
мейманхана, банк қызметін көрсету және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың
тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас
тартуына жол берілмейді.1 Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан
жалтарса, екінші тарап шарт жасауға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа
жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа
тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше
көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген
талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны
тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына
жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-
бабының 2-тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс
ардагерлері және т.б. жатады.
Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың
жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып
табылады.
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары.
Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі
анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі
дайындайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан
өзгеше. Егер әдеттеті шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен
жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты
нысаналарда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа
ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан
жай шартқа айналады.
Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы
ретінде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың
басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды
атауға болады.
Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып
табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт
жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт
жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады.
Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса
онда ол жай шартқа айналады.
АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға
бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау
келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды
мүдделерін ескеру арқылы анықталады (ақылға қонымды принцип жайында АК-ның
8-бабын қараңыз).
Мысалы, қосылу шартында қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа
жүгінуге қүқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша
міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп
белгіленген.
Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол — қосылған
тараптың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа
қосылуы (АК-ның 389-бабы). Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігін
білмеген болса және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы
талабын қанағаттаңдыра алады. Бірақ оны дәлелдеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz