Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі



I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі
2. Азаматтық құқық қағидалары. Азаматтық құқық қайнар көзі.
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Азаматтық және азаматтық заңдар ұғымына,жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп таниды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу.Егер азаматтық құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса,азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы-нақ азаматтық құқықтың өзі болып табылады.Әлбетте бұл пән азаматтық құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да,бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін
де ,олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де,оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін де қамтиды.
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген құқықтық жүйелерді,олардың жетістіктері мен кемшіліктерін,даму бағыты мен оған ықпал ететін факторлады
бағалай келе,азаматтық құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі
2. Азаматтық құқық қағидалары. Азаматтық құқық қайнар көзі.
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе бөлім

Азаматтық және азаматтық заңдар ұғымына,жүйесіне және олардың қолданылуына
қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын
азаматтық құқық ғылымы деп таниды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің
және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін
анықтайтын жағдайларды зерттеу.Егер азаматтық құқықтың пәні қоғамдық
қатынастардың белгілі бір саласы болса,азаматтық құқық ғылымының пәні
құқықтық нормалардың жиынтығы-нақ азаматтық құқықтың өзі болып
табылады.Әлбетте бұл пән азаматтық құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық
қатынастарды да,бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін
де ,олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де,оларға сын тарапынан
берілген бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін де қамтиды.
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген құқықтық жүйелерді,олардың
жетістіктері мен кемшіліктерін,даму бағыты мен оған ықпал ететін факторлады
бағалай келе,азаматтық құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі.

ІІ. Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі

Азаматтық құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің,оның жасаушылары
мен зерттеушілерінің тарихы,ғылыми тұжырымдамалары мен көзқарастардың
тарихы едәуір орын алады.Азаматтық құқық ғылымы дүние жүзі құқықтық
жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді,мұндай ерекшеліктердіңпайда болу
себептерін анықтайды,оларды салыстырды және бағалайды.Азаматтық құқықтық
ғылымның бұл саласы салыстырмалы құқықтану ғылымының едәуір бөлігін
құрайды.
Азаматтық құқық ғылымы қолданыстағы азаматтық заңдарға және оның
практикалық тиімділігіне сыни баға беруге зор көңіл бөледі,заң актілерін
дайындау барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді,құқықты
қолданудың нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына заңдардың
сәйкестігін анықтайды,заңдардағы олқылықтарды көрсетеді.және оларды жою
жолдарын ұсынады,құқықтық нормаларды жетілдіруге жәрдемдеседі,осы мақсатпен
дүние жүзілік тәжірибе байыппен зерттеледі.
Азаматтық құқық ғылымы қашан да ғылыми көзқарастардың,мектептер мен
бағыттардың күрес жүргізуі жағдайында дамыды.Мұндай күрес ғылыми ұстанымдар

мен идеялардың әлсіздігін анықтауға,ғылыми ақиқатты дәлелдеуге мүмкіндік
береді.Ол әдетте ғылыми пікірталастар,айтыстар түрінде,арнаулы ғылыми
жарияланымдар мен мерзімдер баспасөз бетінде,ғылыми
конференцияларда,семинарларда,талқы лауда,басқа
да ғылыми кездесулерде,аудиторияға,ғылыми қарсыластар мен оппонентерге
жауап беруге,өзінің ұстанымдары мен тұжырымдамаларын қорғауға мүмкіндік
беретін өзге де түрлерде жүргізіледі.
Кеңестік цивилист-ғалымдардың атап өтерлік жақсы қасиеті-олар тіпті қатаң
цензура және практикалық мемлекттік идеологияға сай келмейтін пікірлер мен
көзқарастарын ашық қорғау білді.Сол кездегі ғылыми пікірталастарға айтылған
көзқарастарын
көпшілігін азаматтық құқық ғылымы жаңа,қазіргі даму жағдайларында да
түсінікпен қабылдады.Мысалы,цивилист ғалымдардың шаруашылық құқығы
тұжырымдамасына қарсы ондаған жылдарға созылған ғылыми күресін,азаматтық
құқық пәні және қоғамдық қатынастарды реттеудің азаматтық құқықтық әдісі
туралы,заңды тұлғаның әсіресе,мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің
мәні және басқалары туралы қызу пікірталастарын атап көрсетуге болады.Сол
пікірталастарүстінде ұсынылған көптеген қағидалар қазір де Қазақстанның
азаматтық құқықтық ғылымының қаруы болып келеді.
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар
үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады.Адамдар (олар құрған
ұйымдар-заңды тұлғалар [1]) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан
түрлі болады.Оларды әртүрлі әлеуметтік нормалар,атап айтқанда,моральдық
және этикалық нормалар реттеп отырады.Мұндай қатынастардың айтарлықтай
бөлігін құқық нормаларды реттейді,олар құқықтық қатынастар нысанына ие
болады.Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатыстармен
қатар,әлде бір жаңа қатынастар пайда болмайды.Құқықтық қатынастар дегеніміз-
бұл нақты қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары
реттеп отырады.Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-
ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді.
Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері
бола алады. Азаматтық құқық нормалары ретеген қоғамдық қатынастар сапасына
ие болады.Азаматық –құқықтық қатынастар дегеніміз-азаматық құқық нормалары
реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, азаматтық құқықтық
реттеудің объектісі мен әдісіне байланысты.Азаматтық құқықтық қатынастардың
аса маңызды белгісі,ең алдымен,оған қатыстысушылардың заң жүзіндегі
теңдігі.Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара
бағыну қатынастарында болмайды,өзара міндеттермен және құқықтармен
ғана байланысты болады. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың
бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің
өкілетігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.
Азаматтық құқықытыққатынастар субъектілерінің теңдігін олардың
мүліктік дербестігіне сүйенеді.Азаматтық құқықтық қатынастар ерікті болады.
Әдетте мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады,
өйткені азаматтық құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде
болады.Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай
құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер
қатысушылардың ерікті әрекетімен жүзеге асады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері.Азаматтық құқықтық қатынастардың
нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың
мынандай түрлерін ажыратады:
1)мүліктік қатынастар
2)мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар
3)мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар
Азаматтық құқықтық реттеудің объектісі,ең алдымен мүліктік
қатынастар болғандықтан,азаматтық құқықтық қатынастардың басым бөлігі
мүліктік сипатта болады.Мүліктік азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі
материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады.
Меншік қатынастары,мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне
(сатып алу-сату,айырбас,займ және т.с.с) делдалдық жасайтын қатынастар
мүліктік азаматтық құқықтық қатынастарға жатады.Интеллектуалдық
шығармашылық қызметінің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты
мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып
табылады.Интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне құқық
мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы,шығармаға қол сұғылмау құығы
және т.с.с) алайда оларды басқа тұлғаладың пайдалануы арқылы негіде жалпы
ереже бойынша жүргізіледі,осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар
мүліктік емес болғандықтан,мүліктік қатынастармен байланысты болып
шығады.Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құықтар менигіліктер-ар-
намыс,қадір қасиет,іскерлік бедел және т.с.с мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар Абсолюттік және салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынастар
болады.Абсолюттік құқықтық қатынастармен құық берілген адамға міндетті
ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады,мұндай құқықтық
қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып
шығады.Мысалы,меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға
жатады,мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл
құқықты бұзбау,оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндетті
ұштасады.Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам міндетті болып
табылады.Салыстырмалы құқықтар құқық берілген тараптың да міндетті тараптың
да нақты тұлғаларын байланыстырады,яғни дербестелген болып табылады.Мәселен
зиян келтірген адам жәбірлеушіге зиянның орнын толтыруға,сатып алушы өзі
сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті.Кез-келген адам абсолюттік
құқықты бұзып алуы мүмкін,тиісінше,мұндай құқық субъектісіне оны кез келген
адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен автордың шығармасына қол
сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін.Салыстырмалы құқыты міндетті
адам ғана бұза алады.Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын
тек тапсырыс беруші бұза алады.Демек,салыстырмалы құқық нақты адамдар
тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз
етілген,келтірілген мысалда-тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.
Азаматтық құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық құқықтық
қатынастар болуы мүмкін.Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген
субъектінің затқа өзінің әректетімен ғана жүзеге асатын құқығы
болады.Заттық құқықтық субъектісі өзінің заттқа деген мүддесін басқа
адамдардың көмегімен жүгінбестен,затқа иікелей әсер ету жолымен
қанағаттандыра алады.Атап айтқанда,меншік құқықтық қатынастары заттық
құықтық қатынастар болып табылады.Меншік иесіне өзіне
тиесілі затты иеленуге,пайдалануға және оған билік етуге құқылы,ал міндетті
субъектілер-қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс,оларға меншік иесінің өз
құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет
жүктеледі.Міндетемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа
адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы
мүмкін.Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті
адамның белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (бөгде әрекет
құқығы).Мәселен,сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап
ете алады,ал сатушы оны сатуға,яғни белгілі бір әрекеттер жасауға
міндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады,ал
міндеттемелік қатынсастардың объектісі-зат болмауы мүмкін. Мысалы,баспа мен
автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық
қатынастың объектісі зат емес,интеллектуалдық қызметтің нәтижесі-әдеби
шығарма болады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілер болып
болып табылады.Азаматтық құқықтық қатынастар суъектілерінің ауқымы АҚ-ның 2-
тарауында айқындалған.Құқық оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын
қатынастар қоғамдық қатынастар,яғни адамдар арасындағы қатынастар болып
табылады.жекелеген индивиттер,сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер
осындай қатынастардың қатысушылары бола алады.Зң актілерінде және өзге де
нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін
әдетте тұлғалар деген жинақтаушы термин пайдаланылады.Азаматтық құқықтық
қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігін
құқық субъектіліктің болуын талап етеді,ол құқық қабілетілігі мен әрекет
қабілетігін қамтиды.Азаматтық құықтыарды иеленіп,міндеттер атқару қабілетін
құқық
қабілеттігі деп түсінеміз.Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп,оларды жүзеге
асыру,сондай-ақ міндеттерді белгілеп,орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі
болады.
Жеке индивиттерді жеке адамдар деп атайды. Жеке адамдар[2] ұғымы Қазақтан
Республикасының азаматтарын,шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
қамтиды.Басым көпшілік жағдайда азаматтық құқықтық қатынастардың
субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтар болады,сондықтан құқықтық
нормаларда, әдетте,азаматтар жөнінде сөз болады.Бұл осындай нормалардың
қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады дегенді
білдірмейді.Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына
сәкес,Конституцияда,заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе,шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар
үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,сондай-ақ
міндеттерді атқарады.
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса,адамдар құратын ұжымдық құрылымдар
(ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады.Ұйымдар филиалдар мен
өкілдіктер азаматтық құқықтық субъектілері бола алмайды,өйткені олар заңды
тұлғалар болып танылмайды.(АК 43-бабы)
Мнешік,шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,өз атынан
мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие
болып,оларды жүзеге асыратын,
сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлғадеп танылады.(33-
бап).Қызметтің мақсаттарына қарй заңда тұлғалар коммерциялық және
коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді.Өз қызметінің негізгі мақсаты
ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға
жатады.Коммерциялық емес
ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады.Мәселен,діни
бірлестіктердің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді
тарату болып табылады.Заң актілерінде көзделген ұйымдық құқықтық нысандарда
ғана заңды тұлғалар құруға болады.Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай
нысандардың жеткілікті тізбесі
Азаматтық кодексте берілген (34-бап).
Жеке және заңды тұлғалармен қатар,азаматтық құқықтық қатынастардың
қатысушылары мемлекет мен әкімшілік аумақтық бөліністер болуы мүмкін,бұлар
азаматтық құқықтық қатынастарды осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен
тең негіздерде әрекет етеді (АК-ның 111,112-баптары).Мемлекет пен
әкімшілік аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды,алайда заңды
тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормлар
бұларға қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа
реттерде).
Осыған орай,жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары,шетелдік
азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар заңды тұлғалар,Қазақстан
Республикасы және әкімшілік аумақтық бөліністер азаматтық құқықтық
қатынастардың субъектілері бола алады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.Құқықтық қатынастардың
объектілері жөнінде заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар.Бір
автордың пікірінше,олардың субъектілерінің мінез-құлқы ғана құқықтық
қатынастардың объектісі бола алады.Ал оның субъектілерінің материалдық
немесе материалдық емес игілігіне бағытталған мінез-
құлқы,тиісінше,азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі болып
табылады.Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша,құқықтық
қатынастар объектісі азаматтық құқықтық қатынастардың да объектісі бола
алады.
Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында
аталған,мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен
құқықтарға бөлінеді.Мүліктік игіліктер мен құқықтарға,атап
айтқанда,заттар,ақша,оның ішінде шетелдік валюта,бағалы
қағаздар,жұмыстар,көрсетілген қызмет,шығармашылық интеллектуалдық
қызметінің объективтелген нәтижелері,фирмалық атаулар,тауарлық белгілер
және өзге де дараландыру құралдары,мүліктік құқықтың өзі де жатады.Мүліктік
емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі,денсаулығы,ар-
намысы,қадір-қасиеті,іскерлік беделі,ізгі атағы,жеке өміріне қол
сұғылмайтындығы,жеке және отбасылық құпиясы есіміне құқығы,авторлық
құқығы,шығармашылығына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес
игіліктері мен құқықтары жатады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу,өзгеру және тоқтатылу
негіздері.
Азаматтық құқықтық атынастар ұғымына бұл-құқыққа қабілетті адамдар
арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп
шықты.Демек,құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс,ал осы
түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын
субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді.Алайда мұндай
мән жайлардың болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында құқықтық
қатынастарды туғыза қоймайды.
Басқа оның пайда болуының қажетті абстрактілік алғышарттары ғана.
Құқықтық қатынастар пайда болуы үшін адамдар арасында нақты құқықтар мен
міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.
Азаматтық құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай мән
жайлар қажет болады.
Мұндай мән жайларды заңдық фактілер деп атайды.Өзіндік адрес иесі жоқ
құқықтық нормалардан өзгеше,заңдық факті қашан да дербес бағытты
болады.Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға
болады.Сонымен,заңдық факті дегеніміз-заң құқықтық қатынастардың пайда
болуын,өзгеруін немес тоқтатуын онымен байланыстыратын мән-жай.
АК-ның 7-бабы заңдық фактіге арналған.Алайда бұл бапта аталған заңдық
фактілердің тізбесі жеткілікті емес.Құқықтық қатынас субъектілерінің
еркіндігі азаматтық құқықтық негізі принциптерінің бірі болып
табылатындықтан (заңда тікелей тиым салынбаған нәрсенің бәріне рұқсат
етілген) олар өздері үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді түзе
алады,яғни 7-бапта тікелей аталмаған,сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған
өздерінің тікелей әрекеттерімен аөаматтық құқытық қатынасарға түсе
алады.Мысалы,қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей
аталмаған,оған тыйым да салынбаған.Сондықтан бүл келісім азаматтық құқықтар
мен міндеттер туғыза алады.
Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай
заңдық фактілер мынандай топтарға бөлінуі мүмкін:құқықтық қатынастардың
болашақ немесе осы сәттегі қатысушылардың іс-әрекеттері,үшінші тұлғалардың
іс-әрекеттері,оқиғалар.
Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз.Олар заңды
немесе
заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.Заңды іс-әрекеттер өзара құқықтық
қатынастардың пайда болуына бағытталған.Бұлар-мәмілелер (АК-ның 147-
бабы),оның ішінде-шарттар.147-бап заңда тікелей көзделген мәмілелер
(шарттар) туралы (мысалы,сатып алу-сату,мердігерлік,тасымал және т.б)
сондай-ақ заңда тікелей көзделмеген мәмілелер (шарттар) туралы баяндайды.
Құқықтық нәтижеге тікелей бағытталмағанымен,заңарда белгіленген ережелерге
жетуге тікелей бағыталмағанымен,заңдарда белгіленген ережелерге байланысты
оны туғызатын іс-әрекеттер (мысалы,үй тұрғызу,кітап жазу,өнертабыстық
жасау)
орындау заңдық фактілер болуы мүмкін.
Үшінші тұлғалардың мақсатты іс-әрекеттері бойынша да құқықтық қатынастар
тууы мүмкін.Әдетте бұл-әкімшілік акт (мысалы,меншік иесі-мемлекеттің
мүлікті бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беруі).
Соттың құқық белгілейтін шешімдері де осындай актілерге жатады.Заңдық
фактілердің бұл түрінің ерекшелігі-олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы
азаматтық құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар олардың қатысушылары
болып саналмайды.
Азаматтық құқықтық қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз,яғни заңда
тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуы да мүмкін.Мұнда,әдетте, іс-
әрекеттер жасайтын субъектілері үшін ұнамсыз болғанымен,осыған қарамастан,
оларға басқа тұлғалардың келтірген залалын ретке келтіру міндетін жүктейтін
құқықтық қатынастар пайда болады.Мысалы,бөтен мүлікті бүлдіру не оны заңсыз
ұстап қалу. АК-ның 7-бабы оқиғаларды,яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда
болатын мән-жайларды да заңды фактіге жатқызады.Мұнда,ең алдымен,табиғи
фактілерді атау керек (адам өлімі,жанып кеткен сақтандырылған мүліктің
құнын төлеу міндетін туғызатын найзағайдан өрт шығуы,табиғат апаттары және
т.с.с)Басқа адамдардың
іс-әрекеттері құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін объективті оқиға
болуы мүмкін (мысалы,бөгде адамның үйді қасақана өртеуі өрт қоюшының
жәбірленуші үй иесімен құқықтық қатынасы үшін заңсыз әрекет және үй иесінің
сақтандыру компаниясымен құқықтық қатынасы үшін –оқиға болып табылады).
Заңдық фактілердің ерекше түрі-мерзімдер оқиғаларға жуықтайды.Кейбір
жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда
болуы да жеткілікті.Мәселен,бөгде мүлікті бүлдіру кінәліға залалдың орнын
толтыру міндетін туғызады.Басқаша жағдайда,фактілердің белгілі бір жиынтығы
болғанда ғана құқықтық нәтижеге қол жетеді.Мысалы,сатып алу-сату шартын
жасасып, іс жүзінде затты беретін-бір мезгілде немесе бірінен соң бірі
жасалатын екі әрекетінің нәтижесінде сатып алушыдан сатып алынатын затқа
меншік құқығы пайда болады.Кейде үш,төрт,бес және одан да көп заңдық
фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы заңдық салдар туады.Қарастырылатын
мұндай жиынтыққа әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.
Заңдық күй деп аталатын жағдайда заңдық фактілердің ерекше санатына
жатқызуға болады.Бір реттік актілерді жасамаудан емес,заң құқықтық маңыз
беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі
қасиеттері болуынан
байқалатын мән-жайларды заңдық күй деп түсіну керек.Мысалы,қайтыс болған
адаммен жақын туыстық байланыс –мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу
негіздерінің
бірі.
Заңдық күйдің заңдық факті ретінде маңызы ерекшелігі бар:ол құқықтық
қатынастарды өз бетінше туғызбайды,өзгертпейді және тоқтатпайды,бұл мақсат
тек басқа фактілердің қосымша пайда болуынан жүзеге асады.Демек,заңдық күй
күрделі фактілік құрамның элементі бола алады.
Құқықтық қатынастарға қатысушыладың еркіне тәуелді болуымен қатар,заңдық
фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлінуі
мүмкін.Заңдық фактілердің құқықтық қатыастардың дамуына ықпалетуіне қарай
оларды құқықты туғызатын,құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін
фактілерге бөлуге болады.Мұның алғашқысы бұрын мұндай заңдық байланысы
(шарт,зиян келтіру) болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына
әкеп тірейді.Екіншісі (мерзімнің өтуі,шарттың бұзылуы)-заңдық қатынастардың
тоқтатылуына әкеп соғады.
Үшіншісі-қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себепші
болады.
Заңдық фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал
етеді.Көптеген жағдайларда мүмкін ьолатын құқықтық салдардың мазмұнын заң
айқындап береді.Мысалы,зиян келтіру оны келтірушінің заңмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқық нормалары
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Конституциялық құқық ұғымы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы
Пәндер