Америкадағы еврей лоббиінің АҚШ-Израиль қарым-қатынасына әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
АМЕРИКАДАҒЫ ЕВРЕЙ ЛОББИІНІҢ АҚШ-ИЗРАИЛЬ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА ӘСЕРІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-7
1-бөлім. Америкадағы еврей лоббиінің АҚШ-Израиль қарым-қатынасына әсері . . . 8
1. 1. АҚШ-тағы Израильдік лобби және оның ықпалы . . . 8
1. 2. Еврейлердің АҚШ-қа тұрақтануы . . . 21
1. 3. Еврейлерді қолдаған АҚШ президенттері . . . 25
1. 4. Еврей лоббиіне қатысты АҚШ саясаткерлерінің және Израильдік тараптың пікірі . . . 30
1. 5. Америка-Израиль қарым-қатынасы және Израиль лоббиі………. 34
2-бөлім. АҚШ-тың сыртқы саясатта Израильмен одақтастығы . . . 47
2. 1. Дау тудырған «Израильдік лобби және АҚШ-тың сыртқы саясаты» кітабы . . . 47
2. 2. Араб-израиль соғыстары жағдайындағы АҚШ пен Израиль қарым-қатынасы . . . 50
2. 3. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең сенімді одақтасы Израиль………54
2. 4. Ортақ мүдде: АҚШ пен Израильдің Иранға қарсылығы56
2. 5. Қазақстанда лоббизмді заңмен реттеу немесе «Мүдделік қолдау туралы» заң жобасы . . . 59
Қорытынды . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Қысқартылған сөздер
АИКОД -Әлеуметтік істер жөніндегі Америка-израиль комитеті
АЙПАК -American-Israeli Public Affairs Communittee
АЕК -Америкалық Еврей Комитеті
АҚШ -Америка Құрама Штаттары
БҰҰ -Біріккен Ұлттар Ұйымы
ИСА -Иудейлік Сенбілік Альянсы
Кагал -Иудейлік Қауымдастық
КО -Кеңес Одағы
КСРО -Кеңес Социолистік Республикалар Одағы
ҚР -Қазақстан Республикасы
РФ -Ресей Федерациясы
ТМД -Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы
ЧЕФ -Чикаго Еврей Федерациясы
Цахал -Израиль қорғаныс әскері
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Негізгі тақырыпқа ауыспас бұрын ең алдымен лоббиге анықтама беріп көрелік. Лоббизм деп жеке азаматтар мен топтардың биліктің, мемлекеттік органдардың шешіміне тікелей ықпал жасауын айтады. Лоббилеуге атсалысатындарды лоббистер дейді. Белгілі бір заңды немесе жеке тұлғалардың мүддесі үшін заңдар қабылдануына, тиімді шешімдер қабылдауға қатысады. Лоббилік іс-әрекеттердің тарихы ағылшын жеріндегі алғашқы құрылған парламенттен басталады. Сол кезеңдерде ақсүйектердің, ірі шонжарлардың пайдасы үшін парламент мүшелері заңдар қабылдаған. Лоббилеудің тікелей, жанама және ішкі деп аталатын үш түрі бар. Тікелей лоббилік әрекет те жеке тұлғалардың пайдасына қызмет жасаса, оның жанама түрі деп компаниялардың бірігу арқылы мемлекеттік органдарға қысым жасауын айтады. Ал ішкі лоббилеу деп биліктің ішіндегі топтардың ықпалдасуын атайды.
Әлемде лоббистік қызметті заң жүзінде реттеу механизмінің енгізілгеніне көп болған жоқ. АҚШ-та ХІХ ғасырда лоббистердің қызметін реттеу туралы реестр, 1946 жылы әлемде лоббизм туралы тұңғыш заң қабылданып, ал 1996 жылы Конгресс пен Сенатта ғана емес, атқарушы биліктің лоббистік іс-әрекетін реттейтін заң күшіне енді. Заңды түрде лоббистік қызметпен корпоративті лоббистер және лоббистік фирмалар шұғылданады. Корпоративті мүдделерді қорғаумен арнайы құрылатын биліктің мемлекеттік органдарымен байланыс департаменті жүзеге асыратын болса, ал лоббистік фирмалар ақылы негізде мемлекеттік органдардың тапсырысын орындаумен айналысады. Лоббистік фирмалар өзінің клиенттері, есеп-қисаптары туралы мәліметтерді жария етуге міндеттеледі. Заң шығару үрдісін жеделдету және тиімділігін көтеруі себепті кәсіби лоббистерді «биліктің эксперттері» деп бекер атамаса керек. Лоббизм туралы заңдар өркениетті елдерде, соның ішінде Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Канадада, Польшада, Францияда жұмыс істейді. Посткеңестік елдер арасында тек Литвада ғана 2000 жылдан бастап күшіне енген. Ресейде, Қазақстанда қызу талқылау кезеңін өткеріп жатыр.
Лоббилер Америка Құрама Штаттарында көптеп кездеседі. АҚШ-та қытай, жапон, араб және өзге де мұсылман елдерінің ұйымдары бар. Бірақ олардың ешқайсысы ондағы еврей лоббиімен тең келмейді. Осы дипломдық жұмыста қолданылған мәліметтерім бұл сөзіме дәлел бола алады. Сондықтан да, бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі осында болса керек.
Жұмыстың мақсаты АҚШтың сыртқы саясатының қалыптасуындағы еврей лоббиінің ролін көрсету.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі мақсаттар алға қойылды:
АҚШ-та еврей лоббиінің пайда болу тарихын зерттеу
Америка-израиль қатынастары негізінде еврей лоббиінің АҚШ сыртқы саясатына араласуы мен ықпалын сараптау.
Құрама Штаттардағы саяси ахуалдың шынайы жағдайын бейнелеуде АҚШтағы еврей лоббиі мен АҚШ саясаткерлерінің арасындағы пікірталасты көрсету.
Жұмыстың міндеті. Бұл қорытынды жұмысымның мақсаты - шын мәнінде Американың артында кімдердің тұрғандығын жеткізу болды, ал міндеті - айтылған пікірлерді жалаң түрде емес, нақты дәйекті деректермен дәлелдеу болып табылады.
Расында да, Американың артында кімдер тұр? Қолда бар мәліметке жүгінсек, АҚШ-тағы еврей лоббиінің ықпалы зор екеніне көз жеткіземіз. АҚШ халқының саны 302 миллион болса, соның тек 6 миллионнан астамын ғана еврейлер құрайды. Соған қарамастан израильдік лоббидің арқасында АҚШ-тағы еврейлердің бәсі барлық салада жоғары болып тұр. Атап айтқанда, АҚШ-тағы миллиардерлер ұлттық байлықтың 25 пайызын басқарып отыр. Ал, ондағы миллионерлердің 20 пайызы еврейлер екенін ескерсек, демек, ел байлығының біразы еврейлерге тиесілі болып шығады. Сондай-ақ, орта тапта американдықтарға қарағанда еврейлердің табысы 1, 8 есе жоғары. Және де ондағы еврей лоббиінің атқарып жүрген еңбектерінің ең басты «жемісі» - Израиль қандай мәселе болмасын АҚШ тарапынан үлкен қолдауға ие.
Дегенмен еврейлердің сол қиянатшыл саясаты бүгінгі күні де жалғасын тауып, тіпті тамырын тереңге жайып жер бетінде мықты орын теуіп алды. Бұл саясаттарын ақпарат құралы арқылы жүзеге асыруда, себебі оған қарсы тұрып қателерін көзіне шұқып көрсететін бірде бір ақпарат көзі жоқ. Еврейлердің бұл әрекеттері тіпті Американың өзін де өздерінің ығына жығып көндіруде.
ХІХ ғасырдың соңында еврейлер Америкадағы атақты New York Times ең көп тиражбен шығатын газетке қол сұға бастады (бұл газет 1851 жылдан бастап шыққан) . New York Times газеті XIX ғасыр соңына қарай қаржы жағынан дағдарысқа ұшырады. Осы сәтті оңтайлы пайдаланған еврей Адольф Оч оны сатып алып мақсатына жеті. Сол сәттен бастап атақты New York Times газеті бүгінгі күнге дейін еврейлердің қызметінде. Сонымен қатар Вашингтоннан шығатын «Буст» атақты саяси газеті де еврейлердің қолында. Ол барша халыққа тез әсер етеді, тіпті мемлекет қызметкерлері осы газетті көп оқып керекті мәліметтерді осы газеттен алады. Күніне миллионнан астам тиражбен таратылатын Wall Street Journal журналы Питер Канн атты еврейдің жеке меншігі. Осы аталған газет журналдардың барлығы қазіргі уақытта еврейлердің мүлігі болып табылады. Демек американдық БАҚ - еврейлердің қолында деген сөз.
Еврейлер тек қана газет журналдармен шектеліп қойған жоқ сонымен қатар Америкадағы беделді телеарналар мен студиялар: ABC, CBC, NBC бұл арналардың қайсысын қоссаңыз да еврейлердің шашбауын көтеріп, солардың жырын жырлауда. Сонымен қатар баспаханалар: Симон Шастер (Simon & Schuster), Тайм уарнер трейд груп (Time warner tread group) және Рандом Һаус (Random House), сонымен қатар аса ірі телекомпаниялардың бірі Уалт Дизни бұның президенті Micheal Eisner, Hbo телекомпаниясының президенті Gerard Levin бұл аталғандардың барлығы еврей есімдері мен солардың меншіктері. Қазіргі заманғы кино әлемінде белгілі Голливуд қалашығы да еврейлердің меншігі болып есептеледі.
Ол жайлы Американ актері Мэрлон Брандо 1996 жылы былай деген: «Шын мәнінде Голливудты еврейлер басқарады және олар адамдарға жақсы, беделді, сүйкімді болып көрінеді, егерде олардан біреу масқара жағдайға тап болса басқалардан болып шығады». Бірақ, Мэрлон Брандо осы сөзі үшін айып төлеп еврейлерден талай соққы жеп кино әлемінен аластатылды. Осыдан кейін ол кешірім сұрап Голливуд еврей әкімшілігі Wiesenthal-дың алдында тізе бүгуге дейін барды. Міне, осылайша еврейлердің ұстанған өзіндік саясаты күннен күнге өрши түсуде.
Жұмыстың хронологиялық шегі ХІХ ғасырдан бастап ХХІ ғасыр аралығын қамтиды. Бұл кезең Америкадағы еврей қауымдастықтарының күшейген кезінен бастап осы күнгі ұстанып отырған саясатын көрсетеді.
Зерттеу жұмысының теориялық әдіс-намалық негіздері: Тарықырыпты зерттеу барасында АҚШ, Израиль, Англия және Ресей ғалымдары мен саясаттанушыларының еңбектері қолданылды. Мысалы
Тақырыптың дерек көздері. Жұмысты жазу барысында көптеген Американдық және Ресейлік қайнаркөздер қолданылды. Оларды келесідей топтастыруға болады.
Қайнаркөздердің бірінші тобы Кагал еврей ұйымының 1924-2009 жылдар аралығындағы қабылдаған құжаттар тізімдері, Мемлекеттік департамент, Конгресс және сенатқа қатысты құжаттар тізімі. Бұл құжаттар АҚШ сыртқы саясатына қатысты көптеген құнды мәлеметтерге ие, сол себептен Америкадағы еврей ықпалдылығының бар екендігіне тікелей дәлел бола алады [1-3] .
Бұл құжаттар тобы АҚШ-тың Израиль тарапына қатысты ұстанып отырған ресми саяси бағытын қадағалауға мүмкіндік береді.
Кайнаркөздердің екінші тобы негізінен АҚШ президенттері Джордж Буштың Израильге қатысты қандай пікірде екендігі туралы айтқан сөздері, Барак Обаманың АҚШ-тың Таяу Шығысқа байланысты қстанатын саясатында Израильдің ролі туралы пікірі, Израиль басшылары Ариэль Шарон және Нетанияхудың Израильдік лоббиді қолдайтындықтары және оның екі ел арасындағы саяси байланысты нығайтады деп сенетіндіктері туралы айтқан сөздері, Израильдік неоконсерваторлар - Мартин Крамер мен Даниель Пайпстың сионизм хақында қозғаған пікір-таластары қарастырылды [4-6] .
Бұл топтағы деректер ресми Вашингтон мен Тель-Авив арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың даму эволюциясын сараптауға көмектеседі.
Қайнаркөздердің үшінші тобы АҚШ және Израиль арасындағы қабылданған құжаттардан тұрады. Мысалы Израильде палестиндіктерден жапа шеккендерге көмек көрсету, Иордан өзені және Сектор Газа, Батыс жағалауда Израиль тұрғын үйлер салмау туралы, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды қайта реттеу туралы, Израиль өзін қорғау үшін қарулай және қаржылай көмек жіберу, Израиль-Палестина арасында бейбішілік орнату, лаңкестермен бірігіп күресу туралы қабылданған құжаттар [7-12] .
Қайнаркөздердің төртінші тобы израильдік лоббидің қол жеткізген құжаттары қарастырылды. Дәлірек айтсақ 1921-2010жылдар аралығындағы Америкадағы израиль лоббиінің құжаттары. Олар Нью-Йорк қаласында Иудейлік сенбілікті қабылдау, Хрестиан дініне қатысты мерекелік шараларды иудейлер қоныстанған аймақта өзкізбеуге, Израиль халқына қаржылық көмек беру, «Мұса балалары» атты қаржылық қорды ұйымдастыру, АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарында израильге қатысты сыни көзқарастарды жарияламауға және АҚШ-та иудейлік сотты қалыптастыруға қатысты құжаттар қабылданды [13-18] .
Бұл топ айтарлықтай мағызды топ десек болады, себебі бұл жерде АҚШ сыртқы саясаты мен оның ішінде Израильдік бағытының қалыптасу механизміне еврей лоббиінің ықпалдылығы бар екендігі айқын көрінеді.
Зерттеу нысаны: нақты алып отырған мәселеге қатысты жазылған еңбектер өте аз болды, бірақ біз осы тақырыпқа сай жалпылама жұмыстарды арастырдық.
Автор проблемалық тәсілді қолданған.
1. АҚШ-Израиль сыртқы саясатының қалыптасуына қатысты.
Бұл бөлімде Коэн Р. «АҚШ Израильді сүйеді» атты еңбегін пайдаландым. Коэн Р. АҚШ неліктен Израильге жақтасып, оның мүдделері мен қызығушылықтарына қол жеткізеге мүмкіндік жасайды деген сұрақтарды алға тартады. Келесі автор Печатнов В. О. Мен оның «Израиль АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бағдар шамы» еңбегін алдым. Печатнов В. О. өз жұмысында Американың Таяу Шығысқа қатысты ұстанып отырған саяси бағдарын талқылайды. Оның пікірінше Израиль АҚШ үшін үлкен стратегиялық маңызы зор серіктес болып табылады. Гордан А. АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы құнды деректерді «АҚШ сыртқы саясаты» атты жұмысында береді. Ол АҚШ пен Израильдің Таяу Шығысқа және Мұсылман елдерімен жүргізіп отырған саясатын ортақтастыратын мүдделі топтар деп келтіреді. Тэйлор И. «Таяу Шығыс мәселелері» деген тақырыптағы еңбегі де осы Таяу Шығыс мәселесі мен ондағы еврей-араб қақтығыстары туралы баяндалады. Мазаар М. «АҚШ және Израиль» деген өз жұмысында жалпыға белгісіз АҚШ пен Израиль арасындағы қатынастар туралы айтылады. Даллес Дж. Ф. «Вашингтон-Тель-Авив» мақаласы өте қызықты мақала, себебі автор бұл жерде екі астана арасындағы келіспеушіліктер туралы жазады. Вашингтон келіспеген жағдайда ресми Тель-Авив қандай әрекеттрге баратындығы нақты айғақтармен келтіріліп баяндалады. Бурстин Даниэль «АҚШ және Израиль қатынастарының қалыптасуы» атты еңбегі қолданылды. Бұл еңбек АҚШ пен Израиль арасындағы саяса қатынастардың орнау тарихы туралы айтылады.
2. АҚШ еврейлерінің тарихы.
Еврейлердің, дәлірек айтсақ АҚШ еврейлерінің тарихы туралы айшықты мұра қалдырған авторлардың бірі Куксин И. Ол «Чикаго еврей қауымдастығы» туралы жазған. Оның кітабында Алғашқы еврей қрныстанушылары, оның ішінде Чикаголық еврейлер туралы өте құнды деректер бар. Афанасьев В. «Алғашқы еврей қоныстанушылары» атты кітабын, Каролин Глик «Жаңа құрлықтағы Мұса ұрпақтары», Раввин Шалом Шварц «Иудей дінін ту еткен Иуда балалары», Чуксин Н. «Америкадағы еврейлер».
3. АҚШ-тағы еврей лоббиінің қалыптасуы мен қызметі.
Натан Гудман «Ақ үйдегі еврейлер», Дэвид Дюк «Американы басқарып отырған еврейлер», Генри Форд «Әлемнің маңызды мәселелері», Сильверман М. «Жоғары қызметтегі еврейлер», Голдман У. «Лобби және Біз», Натали Уайтман «Лобби бар, бірақ лобби жоқ». В. И. Биншток, С. А. Новосельский, «Демографический очерк», Фасмер М. және Немировский А. А. «У истоков древнееврейского этногенеза. Ветхозаветное предание о патриархах и этнополитическая история Ближнего Востока» атты еңбектері қарастырылды.
Тақырыпты ашу барысында кітармен бірге бірқатар АҚШ, Израиль, Ресей және басқа да шетелдік авторлардың мақалалары мен пікірталастары нысанға алынды. Мысалы Водин Родионның «АҚШ еврей ұйымдарының ықпалдылығы», Альберт Эйнштейннің «Еврейлерді неге жеккөреді?», Чуксин Николай Яковлевичтің «Еврей лоббиі: АҚШ-та кім қожайын?», Кэрол Эйзенбергтің «Жаңа американдық еврейлер» және Уолт Миршаймердің «АҚШ сыртқы саясатына еврейлердің ықпалдылығы» атты мақалалар мен пікір таластар сарапталды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Қысқартылған сөздердің тізімі мен олардың толық атаулары көрсетілді. Зерттеу жұмысының соңында сілтемелер және пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
1-бөлім. Америкадағы еврей лоббиінің АҚШ-Израиль
қарым-қатынасына әсері
1. 1. АҚШ-тағы Израильдік лобби және оның ықпалы
Израильдік лобби - Құрама Штаттардағы өте ықпалды, бірақ саны көп емес этникалық лоббистік топ. Көп жағдайда Израиль әрдайым Ақ үй тарапынан қолдауға қол жеткізе алады. Ливандағы соңғы оқиғаларға байланысты бұл қақтығыста Құрама Штаттардың Израиль ұстанымын қолдауы АҚШ-тағы израильдік лобби ұстанымына әсер ете ме - бұл жағдайды түсініп, сараптау маңызды. Капитоллий белестерінде оның ықпалы елеулі өзгерістерді көтермейтінін нық сеніммен айтуға болады, себебі АҚШ-тағы дәулетті еврей қауымдастығы партиялар кандидаттарының сайлау алдындағы қорларына 1990 жылдан бастап 60 миллион доллар көлемінде жарна құйып келеді, ал араб және басқа мұсылман қауымдастықтары сол уақыт аралығында тек қана 297 мың доллар жарна құйған екен.
Ақ үй турасында айтқанда, бұл жерде вариация болуы мүмкін. Бақылаушылар кіші Джордж Буштың әкімшілігінің ұстанған саяси бағдары израильдік лобби жағынан шамадан тыс сипатта болған және ақылға қонбайтынын атап өтті. АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің көмекшісі Элиот Абрамс Ақ үйде израильше бағдарланған, Ұлттық қауіпсіздіктің кеңесшісі Стивен Хэдли, Ақ үйдің «бас стратегі» Карл Роув және Ақ үй аппаратының жаңа басшысы Джошуа Болтен, т. т. барын ескерсек, Ақ үйдің қожайыны ауысса Израиль ұстанымы Вашингтонда уақытша әлсірейтіні ақиқат.
Осындай фактілерден кейін соңғы кездері Ресей, Орта Азия саясаттанушылары Американы еврейлер билейді деп жүр. Бұл пікірді Еуропа саясаттанушылары да құп көреді. Ал енді осы жерде неге еврейлер ғана билейді деген сұрақ туындайды. АҚШ-та әлемнің көптеген ұлт өкілдері жиналған ғой. Оның үстіне еврейлердің саны да Құрама Штаттарда айтарлықтай көп емес. Сонда олар қалайша өз мақсаттарына жетіп отыр? Жауап оңай: өйткені олар Америка капиталының көп бөлігін игереді. Кейбір авторлар АҚШ-тың ұлттық байлығының 80 пайызы еврейлерге тиесілі деп те жүр. Бұл жауап айтуға жеңіл болғанымен нақты жауап емес.
Бұлай айтатындар марксистік ойдың жақтаушылары десек қателеспейміз: кедейлер кедейленеді, байлар байи түседі, капитал кімнің қолында болса билік сонда. Шындығында XX ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл процесс керісінше жүре бастағаны байқалып отыр: байлар кедейленді, кедейлер байыды, билік енді капиталы бар адамда емес, сол капиталды басқаратын адамға көшті.
Біріншіден, Америка экономикасында еврейлердің нақты үлес салмағын қандай екенін анықтап көрейік. 1 пайыз американдық (миллионерлер) жеке меншіктегі АҚШ ұлттық байлығының 25 пайызын басқарады. Американдық миллионерлердің 20 пайызы еврейлер. Демек, ұлттық байлықтың біразы еврейлерге тиесілі. Орта тап ұлттық байлықтың 60 пайызына ие. АҚШ халқының 2, 5 пайызын еврейлер құрайтынын ескерсек, орта тапта американдықтарға қарағанда еврейлер екі есе көп, олардың табыстары ақ американдықтардан гөрі 1, 8 есе жоғары. Егер статистикаға қарасақ АҚШ ұлттық байлығының 5 пайызы еврей орта тап өкілдеріне тиесілі (дәрігерлер, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер) . Кедей американдықтарда иелік ететін ештеңе жоқ, ал еврейлердің үлес салмағы кедейлер арасында жоқтың қасы, сол себепті оларды бұл тізімге кіргізбеген. Сонымен 5+5=10 пайыз деген АҚШ ұлттық байлығына ие еврейлердің үлесі шығады. Егер американдықтарға тиесілі мемлекеттік мүлікті ескерсек (әскер, полиция, мемлекеттік аппарат мүліктері, атомдық және ғарыштық бағдарламалар, федералды банк қоры, жер телімдері мен пайдалы қазбалар шахталары), онда еврейлердің үлесі алдыңғысынан да төмен - 7-8 пайызды ғана құрайды. [19] Олай болса бұндай аз корпорациялық акция пакетіне ие еврейлер Американы қалайша басқарып отыр?
«Еврейлік Уолл-стрит» сөз тіркесіне американдықтар мысқылмен қарайды. Шындығында протестанттар еврейлерді маңызды жерлерге, яғни ірі банктер мен корпорацияларға аса жақындата бермейді. Американдық банк басшыларының 80 пайызын протестанттар, 15 пайызын католиктер, тек 5 пайызын ғана иудейлер құрайды. Уолл-стрит үлкен англосаксондық лига дегенге көбірек келетін сыңайлы.
Сонымен еврей капиталдары қайда шоғырланған? Бірінші кезекте еврейлер үстемдік ететін инвестициялық бизнесте, ал Нью-Йорк Қор биржасы толығымен еврейлердің қарамағында. Инвестициялық бизнестің мәні халық тұтынатын заттарға және үлкен кәсіпорындарға ақша құю. Инвестициялық қор қатардағы американдықтарға өз акцияларын сатады, одан түскен ақшаға өз кезегінде корпорация акцияларын сатып алады. Саудадан түскен табыстың өзіне тиесілі пайызын алып қалып, қалған бөлігін өз акционерлеріне бөліп береді. Яғни бұл дегеніміз нағыз еврейлерге тән делдалдық бизнес. Еврей өз ақшасы болмаса да мүлікті бөтен адамның ақшасына сатып алады. Осы жерде делдалдар не үшін керек деген сұрақ туады. Американдықтар кәсіпкерлік корпорациялық акциялардың пайдасын ешкіммен бөліспей-ақ өздері алып-сата берсе болмас па еді? Үлкен жеке меншік иелері осылай жасайды, бірақ кішігірім жеке меншік акционерлік инвестициялық компанияларға нарықтағы тұрақсыз баға үлкен қауіп тудырады. Бұл жерде сіз барлық жиған-тергеніңізден бір-ақ сәтте айырылып қалуыңыз ықтимал. Инвестициялық қорлардың үлкен тәжірибесі бар және мүмкіндіктері көп. Олар жақсы табыс пен үлкен шығындарды болдырмауға кепілдік береді. Сол себептен де кіші жекеменшік иелеріне оларға сенбестен басқа амалы қалмайды. Неғұрлым американдықтардың мүліктік ахуалы теңескен сайын, соғұрлым ірі инвесторлар азаяды. Неғұрлым кіші акционерлік инвестициялық компаниялар көбейсе, соғұрлым бұл қорлардың ықпалы күшейе түседі. Сондықтан да еврейлер өз ақшалары болмаса да инвесторлар мен акционерлер арасында дәнекер, делдал рөлін ойнау арқылы екеуінің де үстінен қарайтын зор билікке ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz