WORLD WIDE WEB және HTML тілі



1.HTML ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
1.1.WORLD WIDE WEB және HTML тілі
1.2.HTML тілінің атқаратын қызметі
2.HTML құжатының құрылымы
2.2 Функциональдық бөліктерді сипаттау.
3.Шрифтерді форматтау
4. Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру
5. Гипермәтіндік сілтемелер ұйымдастыру
6.WEB.парақтардағы суреттер
Қаріп стильдерін басқару
Кестелер
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық WEB-парақтарының бір ортақ қасиеті-олардың барлығы да HTML тілінде WEB-парақтарын жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML-гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді WEB-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

1.1.WORLD WIDE WEB және HTML тілі
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталады. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын. Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWWнемесе тек WEB)пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTTP серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай жариялану яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізгі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдәк өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтінді-қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу форматтау әсән орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз-келесі көрсетілетін құжат бөлігін қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browser) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (Enter пернесін бассақ), онда сонымен байланысты ол сілтеп тұрған басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

1.HTML ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық WEB-парақтарының бір
ортақ қасиеті-олардың барлығы да HTML тілінде WEB-парақтарын жасау
программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML-
гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді WEB-парақтар түрінде
бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

1.1.WORLD WIDE WEB және HTML тілі
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында
мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін
басталады. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді
тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP
серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын. Интернет арқылы файлдар
тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWWнемесе тек WEB)пайда
болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде HTML (Hyper Text
Markup Language-гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы
файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTTP серверлерінде (Web-тораптарында)
орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде
Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар
әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану
яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай жариялану яғни жазылу тілі
HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының
кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең
пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің
негізгі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web
сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдәк өрмек болып аударылады. HTML
тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтінді-қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код,
яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс
енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу форматтау әсән орындайтын немесе осы
құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын
белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз-келесі көрсетілетін
құжат бөлігін қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне
енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browser) деп аталатын арнайы
көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым
сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек
(Enter пернесін бассақ), онда сонымен байланысты ол сілтеп тұрған басқа
құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web
жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс
күйінде болуы мүмкін.
Гипермәтінді құжатты жасаудың екі тәсілі бар. WYSIWYG HTML –
редакторларының бірін қолдануға болады. (Мысалы: Netscape Composer,
Microsoft frontpage, Hot Dog және т.б.). бұл тәсілді HTML тілін білмей-
ақ WWW-ға құжат жасауға болады. HTML – редакторлары құжат жасауды
автоматтандырады. Бірақ олардың мүмкіндіктері шектеулі, олар файлдың
өлшемін тез үлкейтеді және көп уақыттарда жасаушы күткен нәтиже шықпайды.
әрине бұл тәсіл енді үйреніп жүргендерге өте қолайлы.
Екінші тәсіл – блокнот редакторларында HTML тілінің командалары арқылы
гипермәтінді құжаттарды жасаймыз. Бұл тәсілді қолдана отырып, біз не жасап
отырғанымызды дәл білеміз.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті
беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз
заңдылықтары мен ережелері бар.

1.2.HTML тілінің атқаратын қызметі
Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі
мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. өйткені әрбір тұтынушы
әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан
бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса,
екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін
броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі
болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші
компьютердегі Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль
қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі
броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді
пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол
интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды
әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде
белгілейтін тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды
оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу кодвы
алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп
ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына
жылжытып қана көрсетуіне болады. Ал, егер бұл құжат мәтіні дыбыс
синтезаторы арқылы берілетін болса, ондатақырып қаттырақ шығатын дауыс
арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ
жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету
жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [4,0]
нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.

HTML командалары HTML-құжаты символдық мәліметті қамтиды. Бір бөлігі
құжат құрамын құрайтын мәтіндер. Екінші бөлігі – тәгтер (markup tags) -
арнайы HTML-дің конструкциялары, олар тексті енгізуді және безендіруді
басқару үшін қолданылады. Дәл осы HTML-тілінің тәгтері текстін қандай
болуын, қай компонеттері гипермәтінді сілтеуді орындайтынын, құжатқа
қандай графикалық және мультимедиялық обьектілер қосылуы керектігін
анықтайды. Графикалық және дыбыстық информациялар арнайы бөлек файлдарда
сақталады.
HTML –құжатының тәгтері көбінесе қолдануға және түсінуге жеңіл. Себебі
олар ағылшын тілінің көп қолданбалы сөздерінен түсінікті түрде қысқартылып
және белгіленіп алынған. HTML –тәгі өзінің атынан, міндетті және міндетті
емес атрибуттардан тұрады. Тәг мәтіні бұрышты жақшалармен қоршалады.
Атрибуттар тәгтердің функцияларын өзгерту үшін қолданылады.
Тәг атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен бір немесе
бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы
ажыратылады. Атрибуттар мәні оның атынан кейін теңдік белгісі арқылы
бөлініп жазылады. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат
етілген.
Көп жағдайларда HTML тәгтері бастапқы және ақырлы компоненттерден
тұрады және олардың арасына мәтін және басқа да құжат элементтері
орналасады. Жабушы тәгтің аты бастапқы тәгтің атына сәйкес болып келеді,
бірақ жабушы тәгтің атының алдына көлдеңен сызықша () қойылады. Жабушы
тәгтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да қолданылмайды.
2.HTML құжатының құрылымы

HTML құжатының кез – келгені HTML тәгінен басталып, соған сәйкес HTML
түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екуінің ортасында құжаттың
тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
HTML контейнер немесе гиермәтіндік құжаттың өзі екі енгізілген
контейнерлерден тұрады: құжат басы - HEAD және құжат денесі -
BODY.Құжаттың тақырыптық бөлігі HEAD және HEAD тәгтерінің
ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. әдетте, бұл
бөлікті TITLE...TITLE тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы
орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл
аты есебінде пайдаланады. Жазылатын мәтін BODY ... BODY тәгтерінің
ортасына жазылады. Осы айтылған тәгтер HTML құжатының кез келгенінде болуы
тиіс. Мына түрде орналасады:
HTML
HEAD
... ... ... ..
HEAD
BODY
... ... ... ... .
BODY
HTML
Мысалы:
HTML
HEAD
TITLE тақырып TITLE
HEAD
BODY
WELCOME!!!
BODY
HTML

1-сурет

2.1.Құжаттың негізгі бөлігі
Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі BODY және BODY
тәгтерінің ортасында орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни
параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптер түсін,
гиперсілтемелер түсін, т.б. анықтайды. Бұл тәгтің атрибуттары: BACKGROUND,
BGCOLOR, TEXT, LINK, VLINK, ALINK. Олар төмендегі кестеде көрсетілген:
Атрибут Қызметі
ALINK Гипермәтіндік сілтеменін түсін анықтайды.
BACKGROUND Мәтінің фонында орналасатын суретті анықтайды.
BGCOLOR Құжат фонының түсін анықтайды.
LINK Гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз
тіркесінің түсін белгілейді.
TEXT Мәтін түсін анықтайды.
VLINK Пайдаланған гипермәтіндік сілтеме түсін
анықтайды.

HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түрәндегі RGB тәсілімен
берілуі де (COLOR=”#COFFCO”), мүмкін оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы
алғашқы екі сан қызыл (RED) түс бөлігін, келесі екі сан-жасыл түс
(GREEN) бөлігін, соңғы екі сан көк
(BLUE) түс бөлігін анықтайды. Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті
пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе
солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі:

Black=”#000000” қара Green=”#008000” жасыл
Silver=”#COCOCO” күміс түсті Lime=”#00FF00” лимон түсті
Gray=”#808080” сұр Olive=”#808000” кофе түсті
White=”#FFFFFF” ақ Yellow=”#FFFF00” сары
Maroon=”#800000” қызылкүрең Navy=”#000080” қаракөк
Purple=”#800080” күлгін Blue=”#0000FF” көгілдір
Red=”#FF0000” қызыл Teal=”#008080” шай түсті
Funschia=”#FF00FF” қызғыш Aqua=”#00FFFF” көк

2.2 Функциональдық бөліктерді сипаттау.
HTML тілі құжаттың функционалдық бөліктерін сипаттауға арналған.
Көптеген құжаттарда негізгі функционалдық бөліктер ретінде тақырыптар мен
абзацтарға қарастырылады.
HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай алты түрлі
деңгейін жасай алады. Олар H1 және H1 тәгтерінен басталып,
H6 және H6 тәгтеріне дейін жалғасады. Компьютер экранында олар әртүрлі
мөлшердегі қаріптермен көрсетіледі. Ең бірінші түрі-ең үлкені, ал алтыншысы-
ең кішісі болып келеді. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін
P тәгі қолданылады. Бір абзацты жаппай, жаңа абзац бастап кетсек, алдыңғы
абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан көбінесе P түріндегі жабу тәгін
жазбаса да болады. HTML тілінде абзац азат жолдан басталмайды, тек абзацтар
арасына бір бос жол қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтар арасына бір бос жол
қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең
сызық сызады. Көлденең сызық сызу үшін HR тәгі қолданылады, оның жабу
тәгі болмайды. Бұл тәг қосымша SIZE(сызық қалыңдығын пикселмен
анықтайды) және WIDTH (сызық ұзындығын пикселмен немесе экран бетіне
шыққандағы пайыз бойынша анықтайды) атрибуттарын қабылдайды. Егер абзац
жасап бос жол қалдырмай, жаңа жолға көшу қажет болса, онда парсыз жалғыз
қолданылатын BR тәгін қолдану керек.
&-үлестірулері
HTML тәгтерінің басы мен соңын көрсететін “” және “” символдарды
экранда көрсету &-үлестірулер көмегімен орындалады. &-үлестірулерді тағы да
символдық обьектілер немесе эскейп-үлестірулер деп те атайды. “” символын
браузер мәтін арасында < (less than) үлестіруі кездескенде көрсетеді.
“” символын > арқылы (greater than ), “&” символын & арқылы,
ал (“) қос тырнақшаны &quat; арқылы экран бетінде көресетуге болады.
Ескерту: үтір-нүкте (;) символы міндетті түрде &-үлестірулерінен кейін
қойылып отырылуы керек және бұл үлестірулер кіші әріппен жазылуы керек.
Түсініктемелер : браузер !--және -- арасына алынған мәтіндерді елемейді.
Бұл белгілер түсініктемелер жазу үшін арналған. Мысалы:
! -- Это коментарий --

Мысалы:
html
head
title тақырып title
head
body text=darkblue
center b
H1WELCOME!!!H1HR SIZE=2 WIDTH=100% BR
h2WELCOME!!!H2HR SIZE=4 WIDTH=50%
PH3WELCOME!!!H3HR SIZE=8 WIDTH=25%
PH4WELCOMEH4HR SIZE=16 WIDTH=12% P
H5WELCOME!!!H5HR SIZE=18 WIDTH=10%
body
html

2-сурет

3.Шрифтерді форматтау
HTML-да шртфтерді өзгертуге екі нысанада жасауға болады. Олар
физикалық және логикалық стильдер болып табылады.
Физикалық стильдер
Физикалық стиль мағынасында браузерге тікелей ағымдағы шрифтерді
модификациялауға нұсқау беру деп түсінуге болады. Мысалы: B және B
тәгтері арасындағы мәтін қою шрифт болып жазылады, алI және I
арасындағы мәтін көлбеу шрифтпен жазылады. Тағы да ерекше тәгтер ретінде
TT және TT тәгтерін айтуға болады. Олардың арасына алынып жазылған
мәтін жазба машинкасында жазылғандай етіп браузер экранында көрінеді.
Логикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі WEB технологиялар
Web парақтарды жасау
Web - парақтарын көрсетуді басқару
World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар
Интернет қосымшаларын құру технологиялары
Html тіліне кіріспе
World Wide Web және HTML
HTML тілі және оның құрылымы
Интернеттен ақпарат iздеу
Әлемдік компьютерлік желі
Пәндер