Халықаралық қарым-қатынас тәрбие



Эсперанто халықаралық тілі
үшін қозғалыстың манифесті

Біз, Эсперантоны жетілдіру қозғалысының мүшелері, осы манифестті барлық үкіметтерге, халықаралық ұйымдарға және мейрімді еркі бар адамдарға бағыттаймыз, төменде жарияланған мақсаттарға сай әрі қарай тайсалмай әрекет етуді жариялаймыз және әр ұйым мен адамды біздің әрекетімізге қосылуға шақырамыз.

1887 ж. халықаралық қарым-қатынасы үшін қосалқы тіл жобасы ретінде басталған және тез арада өміршең әрі айшықты тілге айналған Эсперанто жүз жылдан астам тіл және мәдениет кедергілерден асып адамдарды біріктіріп келе жатыр. Осы уақыт ішінде Эсперанто қолдаушыларының мақсаттары өз мәні мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біздің санауымызша бірнеше ұлттық тілдердің дүние жүзі бойынша қолданылуы да, байланыс техникасындағы жетістіктер де, шет тілдерді оқытудың жаңа әдістерінің пайда болуы да әділ және тиімді тіл үлгісінің негіз қалаушы келесі принциптерін жүзеге асыра алмады:

1. Демократия

Біреулерге өмір бойы артықшылықтар қамтамасыз ететін, ал басқалардан кем дәрежеде мүмкіндіктерге жету үшін жылдар бойы жігер қолдауын талап ететін қарым-қатынас жүйесі негізінде демократиялық емес. Кез келген басқа тіл сияқты Эсперанто да кәміл емес болғанымен, ол барлық бәсекелестерінен тең құқықты халықаралық қарым-қатынасты айтарлықтай озық.
Біз тіл теңсіздігі барлық деңгейлерде, халықаралық деңгейін қосқанда, қарым-қатынас теңсіздігін қоздырады деп есептейміз. Біз – демократиялық қарым-қатынас үшін қозғалыспыз.

2. Ұлттық деңгейден жоғары тәрбие
Әр ұлттық тіл белгілі бір мәдениет пен халыққа (халықтарға) байланған. Мысалы, ағылшын тілін үйренетін мектеп оқушысы ағылшын тілді елдердің, әсіресе АҚШ пен Британияның, мәдениеті, географиясы және саясатынан да білім алады. Эсперанто тілін үйренетін мектеп оқушысы әр ел туған үйі болып елестетіледі, ол шексіз әлем туралы білім алады.
1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
2. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж
3. Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж
4. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.
5. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992
6. Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық қарым-қатынас тәрбие

Эсперанто халықаралық тілі
үшін қозғалыстың манифесті
 
Біз, Эсперантоны жетілдіру қозғалысының мүшелері, осы манифестті барлық
үкіметтерге, халықаралық ұйымдарға және мейрімді еркі бар адамдарға
бағыттаймыз, төменде жарияланған мақсаттарға сай әрі қарай тайсалмай әрекет
етуді жариялаймыз және әр ұйым мен адамды біздің әрекетімізге қосылуға
шақырамыз.

1887 ж. халықаралық қарым-қатынасы үшін қосалқы тіл жобасы ретінде
басталған және тез арада өміршең әрі айшықты тілге айналған Эсперанто жүз
жылдан астам тіл және мәдениет кедергілерден асып адамдарды біріктіріп келе
жатыр. Осы уақыт ішінде Эсперанто қолдаушыларының мақсаттары өз мәні мен
өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біздің санауымызша бірнеше ұлттық тілдердің
дүние жүзі бойынша қолданылуы да, байланыс техникасындағы жетістіктер де,
шет тілдерді оқытудың жаңа әдістерінің пайда болуы да әділ және тиімді тіл
үлгісінің негіз қалаушы келесі принциптерін жүзеге асыра алмады:
 
1. Демократия
 
Біреулерге өмір бойы артықшылықтар қамтамасыз ететін, ал басқалардан кем
дәрежеде мүмкіндіктерге жету үшін жылдар бойы жігер қолдауын талап ететін
қарым-қатынас жүйесі негізінде демократиялық емес. Кез келген басқа тіл
сияқты  Эсперанто да кәміл емес болғанымен, ол барлық бәсекелестерінен тең
құқықты халықаралық қарым-қатынасты айтарлықтай озық.
Біз тіл теңсіздігі барлық деңгейлерде, халықаралық деңгейін қосқанда, 
қарым-қатынас теңсіздігін қоздырады деп есептейміз. Біз – демократиялық
қарым-қатынас үшін қозғалыспыз.
 
2. Ұлттық деңгейден жоғары тәрбие
Әр ұлттық тіл белгілі бір мәдениет пен халыққа (халықтарға) байланған.
Мысалы, ағылшын тілін үйренетін мектеп оқушысы ағылшын тілді елдердің,
әсіресе АҚШ пен Британияның, мәдениеті, географиясы және саясатынан да
білім алады. Эсперанто тілін үйренетін мектеп оқушысы әр ел туған үйі болып
елестетіледі, ол шексіз әлем туралы білім алады.
Біз кез келеген ұлттық тіл арқылы тәрбие беру белгілі бір дүние көзқарасына
байланысты деп есептейміз. Біз – ұлттық шегінен тыс тәрбие үшін
қозғалыспыз.
 
3. Педагогикалық тиімділік.
Шет тілін оқитындардың тек азғантай проценті ғана оны игереді. Эсперантоны
толық игеру өзімен-өзі оқығанда да мүмкін. Әртүрлі зерттеулер оның басқа
тілдерді игеру үшін пропевдевтикалық маңызын көрсетті. Сонымен қатар
Эсперанто оқушылардың тіл санасын дамыту үшін де ұсынылады.
Біз, ұлттық тілдердің күрделілігі әрқашан да екінші тілді игеруден пайда
ала алатын көптеген оқушылар үшін кедергі болып тұрады, деп есептейміз. Біз
– тілді тиімді оқыту үшін қозғалыспыз.
 
4. Көптілділік.
Эсперанто қоғамдастығы – мүшелері дерлік екі- немесе көптілді болып
табылатын дүниежүзілік тіл қоғамдастықтарының бірі болып табылады. Оның әр
мүшесі өз туған тілімен қатар ең болмағанда тағы бір тілді сөйлеу
деңгейінде игеру мақсатын қойды. Бұл көптеген жағдайда көп тілдерді білуге
және оларды сүюге, сонымен қатар жалпы алғанда өз ой-өрісін кеңейтуге
әкеледі.
Біз әртүрлі, үлкен және кіші, тілдерде сөйлейтін барлық адамдар екінші
тілді қарым-қатынастың жоғары деңгейінде игерудің нақты мүмкіндігіне ие
болу керек деп есептейміз. Біз – осы мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін
қозғалыспыз.
 
5. Тіл құқықтары.
Тілдер арасындағы билік теңсіздігі – дүние жүзінің халқы үшін үнемі тіл
қауіпсіздігінің жоғы немесе тікелей тіл қысымының көзі болып табылады.
Эсперанто қоғамдастығында, мәмілеге өзара ұмтылуға орай, үлкен және кіші
тілдерде сөйлейтін адамдардар бейтарап негізде қатынасады. Тіл құқықытары
мен міндеттері арасындағы осындай тепетеңдік тіл теңсіздіктері мен тіл
жанжалдарын шешудің басқа шешімдерін дамыту мен қайта бағалау үшін
прецендент қоздырды.
Біз, тілдер арасындағы зор мүмкіндік айырмашылықтары көптеген халықаралық
құжаттарда жарияланған тілге қарамастан тең құқық кепілдіктерін бұзады деп
есептейміз. Біз – тіл құқықтары үшін қозғалыспыз.
 
6. Тілдер алуан түрлілігі
Ұлттық үкіметтер дүние жүзіндегі тілдердің алуан түрлілігін қарым-қатынас
пен даму жолындағы кедергі деп қарастыруға бейім. Ал Эсперанто қоғамдастығы
үшін тілдердің алуан түрлілігі байлықтың тұрақты әрі ажырағасыз көзі болып
табылады. Осыған орай, әр тіл, табиғаттағы тірі түр сияқты да, өзінен өзі
құнды және қорғау мен қолдауға лайықты.
Біз, коммуникация және даму саясаты барлық тілдерді сыйлау және қолдауға
негізделген болмаса, ол дүние жүзі тілдерінің көбінің жоғалуына жол береді
деп есептейміз. Біз – тілдердің алуан түрлілігі үшін қозғалыспыз.
 
7. Адамға еркіндік беру
Әр тіл оны қолданушыларына өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріп, ал
басқалармен қатынасуға кедергі жасап, оларды еркін етеді де, еркінсіз да
етеді. Қарым-қатынастың әмбебап құралы деп жоспарланған Эсперанто тілі
адамды еркін етудің нақты істейтін ірі жобалардың бірі болып табылады, бұл
жоба әр адамға адамзат қауымдастығына жеке тұлға ретінде, өз жергілікті
мәдениеті мен тіл барабарлығын сақтап алып, бірақ олармен шектелмей
қатысуға мүмкіндік береді.
Біз, тек қана ұлттық тілдерді қолдану кез келген жағдайда өзін-өзі
 білдіруге, қарым-қатынасқа және қызметтестік бостандығына кедергілер қояды
деп есептейміз. Біз – адам еркіндігі үшін қозғалыспыз.

Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен
ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік
құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі
жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді
ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар
адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара
қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі
үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің
өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-
қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-
экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.
Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың
мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу
күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен
танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен
танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке,
ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен
жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің
нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен
шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері
қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық
бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі
күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі
талап етіледі.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-
жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы
жүзеге асыруда басты ролді атқарады.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар
үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы
қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-
жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен
отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге
асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік
ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік
сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі
міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу,
балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым
ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен
қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын
қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі
ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі
қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі
үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын
пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері
оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі
аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден
алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің
рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп,
қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің
мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде
адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік
сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің
тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі
оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы
алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан
басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде
тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден
бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың
ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға — деген мақалдардан көруге
болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің
арқауы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Педагогикалық шеберлік туралы түсінік
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер
Отбасылық тәрбие стилдері
Пәндер