Солтүстік Америка


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе 2

І - Тарау. Солтүстік Американың физикалық -

географиялық орны.

1. 1. Cолтүстік Американың зерттелу тарихы 4

1. 2. Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары 6

1. 3. Солтүстік Американың климатық белдеулері 8

ІІ - Тарау. Солтүстік Американың географиялық

белдеулері мен зоналары.

2. 1. Солтүстік Американың ішкі сулары 11

2. 2 Солтүстік Американың табиғат зоналары. Антропогендік

табиғат комплекстері 14

2. 3. Солтүстік Американың аралас ормандар зонасы 16

2. 4. Солтүстік Американың дала зонасы 17

Қорытынды 18

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе.

Солтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі - Бутия түбегінің Мерчнсон мүйісі. Солтүстік Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12'-на дейін (Марьято мүйісі) созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген жане бөлшектенген бөлігі Орталық Америка деген атпен мәлім болып отыр. Солтүстік Американың ен кең жері қоңыржай ендіктер тұсында. Оның батыстағы ең шеткі нүктесі Аляскадағы Принц Уэльский мүйісі (батыс бойлықтың 168°-ы), шығыстағы ең шеткі нүктесі Лабрадор түбегіндегі Сент-Чарльз мүйісі (батыс бойлықтың 55°40'-ы) .

Солтүстік Америка жағалауларында ірі аралдар мен архипелагтар бар. Солтүстікте бұлар - Гренландия аралы мол көптеген ірілі-ұсақты аралдардан тұратын Канадалық Арктика архипелагы. Солтүстік Американың шығысында Ныофаундленд аралы, оңтүстік-шығысында - Үлкен және Кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Солтүстік Америкаға оның солтүстік-батысы мен батысында да көптеген аралдар таяу жатыр, олар: Алеут, Королева Шарлотта, Ванкувер аралдары, Александр архипелагы. Солтүстік Американың ең солтүстік аралдық шеткі нүктесі - Гренландиядағы Моррис-Джесеп мүйісі (солтүстік ендіктің 83°39-ы) . Бұл - солтүстік жарты шардың полюске ең таяу жат-қан құрлық бөлігі. Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24 250 мың км 2 , аралдардың көлемі - 3890 мың км 2 ,

Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік ендіктің 70° және 30° аралы-

ғында, неғұрлым енді және көлемді болады. Құрлықтын қиыр солтүстігі мен оңтүстігі су бассейндерімен көп бөлшектенген. Бүкіл материктің негізгі орографиялық элементтері субмериднандық бағытта созылып жатыр: батыста Тынық мұхиттың жағалауы бойымен сонау Аляскадан Орталық Амерпкаға дейінгі 9 мың километр қашықтықта Кордильер тау жүйесі алып жатса, шығыста - одан гері шағындау Аппалач тау жүііесі бар. 'Осы еке-уінің аралығында Солтүстік Мұзды мұхиттан Мексика шығанағына дейін биік және ойпаң жердегі жазықтар алабы үздіксіз созылып жатады.

Солтүстік жарты шардың, барлық ендіктеріндегі жағдай мен биік жоталардың үлкен ауытқулары Солтүстік Америка ландшафтының алуан турлі болып келуіне әсер етеді. Тау жоталары мен жазықтар-дың көлденең созылып жатуы ауаның меридиан бойлап ауысып отыруын қамтамасыз етеді, мұхиттардың тигізетін ықпалын шектенді, атмосфералық алшақтықтарды (өзге материктермен салыстырғанда) едәуір күшейтеді келбеу жатқан зоналардың субмеридиандық бағытта созылы жатуына жағдай жасайды.

Географиялық жағдайына және геологиялық дамуы мен құрылымының ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Американың Евразиямен көптеген ұқсастықтары бар. Бұл материктердің климаты қалыптасу заңдылықтары ұқсас болады, климаты біртекті келеді, зоналық ландшафтардың, жер бедерінің түрлері мен басқа д жағдайлар ұқсас болады. Дегенмен олардың мөлшері мен пішін орографиясы, құрылым элементтерінің арақатысындағы айырмашылықтар әр материктің географиялық өзіндік ерекшеліктері танытады.

Материктің зерттелу тарихы.

Солтүстік Америка - көлемі жағынан біздің планетамыздағы үшінші материк, оның көлемі 24, 2 млн. км 2 . Өзінің пішіні жағынан ол Оңтүстік Америкаға аздап ұқсас, бірақ материктің ең кең бөлігі қоңыржай белдеулерде жатыр, мұның өзі оның табиғатына елеулі әсер етеді және бұрынғы оқылған мате-риктерден айырмашылығы бар.

Солтүстік Американың жағалары қатты тілімденген. Әсіресе

материктің шығыс және солтүстік жағалауларында шығанақтар мен түбектер өте көп, ал батысы мен шығысында едәуір аз. Ғалымдар

континенттің шығыс бөлігі миллиондаған жылдар бұрын Европамен біртұтас болды, ал солтүс-тік-батыс бөлігі Солтүстік-Батыс Азиямен қосылып жатты деген болжам айтады. Жағаларының пішіні - литосфералық плиталар қозғалысының нәтижесі.

Космостан түсірілген Жер бетінің суреттерінде материктің солтүс-тігіндегі қар жамылғысы мен құрлықтағы мұздықтарды мұхит мұздарынан ажырату қиын. Мұнда Арктиканың мұздарына ұласқандай, көлемі жағынан орасан зор Канадалық Арктика архипелагы орналасқан. Жылдың көп бөлігінде мұз басып жатқан Гудзон шығанағы ңұрлыққа ішкерілеп еніп жатыр.

Испандықтардың ашуынан кейін Жаңа дүние жағаларына қарай басқа европалық елдердің экспедициялары жорыққа шықты. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот европалықтар үшін Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашты. Ағылшын теңізде жүзушілері мен саяхатшылары (Г. Гудзон (XVII ғ. ), А. Маккензи (XVIII ғ. ) және басқалары) материктің шығысжәне солтүстік бөліктерін зерттеді. XX ғасырдың басында Р. Амундсен бі-рінші болып материктің солтүстік жағалауын бойлай жүзіп шықты, Жердің солтүстік магниттік полюсінің географиялық орнын тапты.

Материкті зерттеуге орыстар зор үлес қосты. Басқа европалықтардан дербес, олар континенттің солтүстік-батыс бөлігінің кеңістігін ашып, игерді. Сол қезде картада енді ғана белгіленіп келе жатқан Америка

жерінің осы бөлігінде тұңғыш рет аралдардың орыс атаулары пайда болды. Бұл аралдар XVIII ғасырдың ортасында Витус Беринг пен

Алексей Чириқовтың жүзуі кезінде ашылған. 1741 ж. орыс теңізде жүзушілері екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап, Алясканың жағаларына жетті, жекелеген аралдарға аяқ басты.

Сауда компаниясының негізін салушылардың бірі Григорий Шелеховты орыс Колумбысы деп атаған. Ол Америкада орыс мекендерін салып, орыс Америкасы - Алясканы зерттеуге және игеруге көмектесті.

Орыс мекендері жағалаудың басым бөлігінде 38° с. е. дейін құрылды, мұнда форт - Тынық мұхит жағасында орыс қамалы салынды. Америкадағы бұл мекендерге XIX ғасырда жерді айналып жүзетін экспедициялар соғатын, оларды дүние-жүзілік мұхитты зерттеу және бұл уақытқа дейін белгісіз болып келген жерлерді зерттеу мақсатында Россия жабдықтайтын.

Картадағы географиялық объектілердің аттары Солтүстік-Батыс Американың орыс зерттеушілерін еске түсіреді. Олар Чириков аралы, Шелехов бұғазы, Вельяминов вулканы және басқалары. Аляскадағы орыс жер иелігін патша үкіметі 1867 ж. Америка Құрама Штаттарына сатып

жіберді.

Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Жер бедері. Материктің беткі құрылысында жазықтар басым, үштен бірін таулар алып жатыр.

Материктің шығысы негізінен жазықтардан тұрады. Олар беті ұзақ уақыт бойы бұзылып, тегістеліп жататын платформаға сәйкес. Мыңдаған жылдар бұрын жазықтардың басым бөлігін орасан зор мұздық жауып тұрған.

Солтүстік бөліктің жер бедерінде ежелгі кристалл жыныстардан түзілген ойпатты және қыратты жазықтар басым. Қарағай мен шыршалар өскен аласа төбелер мұнда енсіз әрі ұзын көл шұңқырларымен ауысады, олардың көпшілігінің жағаларының пішіні ғажайып. Барлық жерден мұз басудың ізі көрініп тұр: тегістелген жартастар, төбелердің тегіс шыңдары, қаптаған қойтастар, мұздықтар жыртып өткен шұңқырлар. Оңтүстікке қарай мұздық шөгінділер басқан Орталық жазықтар мен басым бөлігі өзен тосқындарынан түзілген Миссисипи ойпаты орналасқан.

Материктің батысына қарай ұлан-байтақ әрі құрылысының ерекшеліктерімен көзге түсетін Ұлы жазықтар жатыр. Олар «алып баспалдақтың» кең сатысы болып, Кордильерге көтеріле береді. материктік және теңіздің шөгінді жыныстардан түзілген Ұлы жазықтарды таудан ағатын өзендер аңғарларымен тілімдеген.

Материктің шығысында аласа Аппалач таулары орналасқан. Ол қатты бұзылған, аңғарлармен тілімденген. Тау беткейі жатық, шыңдары жұмырланған сүйір, биіктігі 2000 м-ден сәл астам.

Материктің батыс жағалауын бойлай Кордилъер орналасқан. Ол екі

литосфералық плитаның түйіскен жерінде, жер қыртысының көптеген жарықтар тілімдеген сығылу алабында пайда болған. Бұл жарықтар мұхит түбінен басталып, құрлық бетіне шығады.

Жер қыртысының қозғалысы күшті жер сілкіну мен вулкандар атқылауына әкеліп соғады. Сөнген вулкандар материк тұрғындарының көз алдында түтін, күл мен лава атқылайды. Жаңа вулкандар түзіліп, апатты жер сілкінулер болып тұрады, қуатты гейзерлер мен ыстық бұлаңтар пайда болады.

Кордильер таулары өте әдемі. Таулары терең өзен аңғарларымен тілімденген. Оларды каньон деп атайды. Терең ойыстар биік төбелермен және вулкандармен ұласып жатады. Кордильердің солтүстік бөлігінде оның ең биік шыңы - қар мен мұздық жамылған Мак-Кинли (6194 м) аспан тіреп тұр. Кордильердің осы бөлігіндегі кейбір мұздықтар тікелей таудан теңізге сырғып түседі.

Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материк жазығының солтүстік бөлігі металл рудаларының - темір, мыс, никель және басқаларының кен орындарымен көзге түседі. Орталық және Ұлы жазықтардың шөгінді жыныстарында, сондай-ақ Миссисипи ойпатында мұнай, табиғи газ, тас көмір көп.

Аппалач пен оның тау бөктерінде темір рудасы мен тас көмір кені бар. Кордильер шөгінді (мұнай, табиғи газ, тас көмір), сондай-ақ магмалық пайдалы қазбаларға (түсті металл рудасы, алтын, уран рудасы және басқалары) бай.

Солтүстік Американың климатық белдеулері

Солтүстік Американың, экваторлың белдеуден басқа барлық климаттың белдеулерге орналасуы оның климатында үлкен айырмашылықтар туғызады. Климатқа басқа факторлар да елеулі әсер етеді. Бір ендікте жатқан жер бетінің учаскелері күн жылуының мөлшерін түрліше сіңіріп, шағылатыны, әркелкі жылынып, суынатыны, атмосфераға ылғалдың әр түрлі мөлшерде тарайтыны белгілі. Қыста материк территориясының басым бөлігін қар басып қалады, . 1 мұның өзі күн сәулесін шағылыстырып, ауаның температурасын төмендетеді. Құрлық пен мұхит беті ауа массаларының қасиетіне, олардың ылғалдығына, қозғалыс бағытына, температурасы мен басқа да қасиеттеріне әр түрлі әсер етеді. Құрлыққа ішкерілей еніп жатқан Гудзон және Мексика шығанақтары материктің климатына елеулі түрде, бірақ әр түрлі әсер етеді.

Климатқа материктің жер бедерінің сипаты да әсер етеді. Мысалы, батыстан қозғалып келе жатқан қоңыржай ендік-тегі теңіз ауасы өз жолында Кордильерге тап болады. Жоғары көтерілген ауа суиды да, жағалауға көп мөлшерде жауын-шашын түседі.

Материктің солтүстігінде тау жоталарының болмауы оған арктикалың ауа массаларының өтуіне жағдай туғызады. Олар Мексика шығанағына дейін тарай алады, ал тропиктік ауа массалары кейде материктің солтүстігіне еш бөгетсіз еніп кетеді. Осы ауа массалары арасындағы температура мен ңысымдағы үлкен айырмашылықтар материк жазықтарында күшті желдің - дауылдардың тууына жағдай жасайды. Құйындар көбіне күтпеген жерден пайда болады. Олар көп апат әкеледі: үйлерді қиратады, ағаштарды сындырып, қопарады, ірі заттарды көтеріп, басқа жерге апарып тастайды.

Климаттық белдеулер мен оларға тән ауа райы. Материктің солтүстік жағалауы мен оған жапсарлас жатқан аралдар арктикалық климат белдеуінде орналасқан. Мұнда жыл бойына арктикалық суық ауа басым. Қыста күн жылуы жерге жетпейді, өйткені поляр түні тұрады. Ең төменгі температура қыста Гренландияда байқалады (-44, -55° С) . Тұман жиі түсіп, қалың бұлт, қарлы боран болып тұрады. Жазда температурасы нөлге таяу, салқын келеді.

Бұл жағдайда мұздықтар пайда болады. Олар Гренландияның көп бөлігін және Канадалық Арктика архипелагын жауып жатады.

Поляр шеңбері мен 60° с. е. арасындағы территория субтропиктік белдеуде жатыр. Мұнда салқын қыс ауа райы бұлтты, жауын-шашынды жазбен алмасады.

Материктің 0 С-тан 40° с. е. -ке дейінгі көп бөлігі қоңыржай белдеуде жатыр. Бұл белдеудің қысы салқын, жазы айтарлықтай жылы. Қыста жауын-шашын қар түрінде түседі, жазда жауын жауады, бірақ бұлтты ауа райы жылы әрі шуақты күнмен тез ауысады. Алайда қоңыржай белдеуде жер бетінің сипатына байланысты елеулі климаттық айырма-шылықтар болады. Белдеудің шығыс бөлігінде қыс салқын әрі ңарлы, ал жазы жылы, жағалауда тұман жиі түседі. Белдеудің орталық бөлігінде ауа райының жағдайы өзгеше. Қыста қар жиі түсіп, қарлы боран көп соғады, аяздар жылымықпен ауысады. Сирек жауатын нөсерлі жауыны, қуаңшылың пен аңызақ желі бар жазы жылы келеді. Қоңыржай белдеудің батысында - теңіздік климат. Қыста орташа температура 0° С-ге таяу, ал жазда ол тек +10, +12° С-ге дейін көтеріледі. Жыл бойы дерлік дымқыл, желді ауа райы тұрады, мұхиттан соққан жел қар араласқан жауын әкеледі.

Субтропиктік белдеудің климаты да алуан түрлі. Оның қалыптасуына жыл маусымына қарай өзгеріп тұратын ауа массалары ғана емес, сонымен бірге материк жағаларындағы ағыстар да, осы белдеудегі басым желдер де әсер етеді.

Тропиктік белдеуде жыл бойы ыстық, материктің жағалаулары мен аралдарға мұхиттан келетін жауын-шашын мол түседі. Ылғалды желдерден тау арқылы бөлініп қалған және суық ағыс таяп өтетін жағалауларда жатқан территорияларға (Мексика таулы қыраты, Калифорния түбегі) жауын-шашын аз түседі.

Материктің оңтүстік шеті субэкваторлық белдеуде жатыр. Бүкіл жыл бойына ауа температурасы жоғары. Ауа райы аз өзгереді, тек жазда ғана мұнда жауын-шашын мөлшері көбейе түседі.

Материктің басым бөлігінің климаттық жағдайы ауылшаруашылық дақылдарын: қоңыржай белдеуде - бидай, жүгері; субтропиктік белдеуде - цитрустар, күріш, мақта; тропиктік белдеуде - кофе, қант құрағын, банан өсіруге қолайлы. Мұнда жылына екі, ал кейде үш рет түсім жиналады.

Солтүстік Американың ішкі сулары.

Солтүстік Америка территориясы бойынша суы мол өзендер ағады, мұнда көлдер мен жер асты суы көп.

Жазықтар мен Аппалачтағы негізгі өзендер мен көлдер жүйелері. Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен - Миссури саласын қосқанда Миссисипи өзені. Ол Аппалачтан, Орталық және Ұлы жазықтардан су жинай ағады. Бұл Жер бетіндегі ең ұзын өзендердің бірі және материктегі ең суы мол өзен. Оны толықтырып отыруда жауын басты роль атқарады. Өзен суының бір бөлігін жазықтар мен тауларда еритін қардан алады. Миссисипи жазықтарды бойлай, баяу ағып жатыр. Оның әсі-ресе төменгі ағысында суы мол. Бұл тұста ол жазықта ирелеңдей ағып, арнасында көптеген аралдар туғызады. Аппалачта қар еріген немесе Ұлы жазықтарда нөсерлі жауын жауған кезде Миссисипи жағасынан шығып, алаптар мен елді мекендерді су алып кетеді. Өзендерде бөгеттер мен суды бұрып әкететін каналдар салу су басудың зардабын едәуір азайтты. Американ халқының өміріндегі өзінің ролі бойынша Миссисипидің, орыс халқы үшін Волга қандай болса, сондай мәні бар. Бір кезде Миссисипи жағасында тұрған үндістер оны су атасы деп тегін айтпаса керек.

Аппалачтың шығыс беткейлерінен бастап ағатын өзендердің ағысы жылдам, суы мол, зор энергия қоры бар. Бұларда көптеген су электр станциялары салынған. Осы өзендердің көбінің сағаларында ірі қалалар орналасқан.

Материктің маңызды су жүйесін Ұлы көлдер мен оларды Атлант мұхитына қосып жатқан Әулие Лаврентий өзені құрайды.

Ниагара өзені әктасты төбелі қыраттарды тілімдей отырып, Эри және Онтарио көлдерін жалғастырады. Өзен тік кемерден ағып, дүние жүзіне белгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ол Эри көліне қарай баяу жылжып келеді, өйткені су әктасты шайып, бұза түсуде. Табиғаттың осы бір сирек кездесетін объектісін сақтау үшін адамның араласуы қажет.

Материктің солтүстігінде үндістер Үлкен өзен деп атайтын Маккензи өзені ағып жатыр. Өзен судың негізгі бөлігін еріген қар суынан алады. Батпақтар мен көлдер де оған көп су береді, сөйтіп өзеннің жазда да суы мол болады. Жылдың басым бөлігінде Маккензиді мұз құрсап тұрады.

Материктің солтүстік бөлігінде көлдер көп, олардың көпшілігі өзендермен жалғасқан. Көл шұңқырлары жер қыртысындағы жарықтардың нәтижесінде пайда болған, кейін оларды мұздықтар тереңдеткен. Осы өлкедегі үлкен де әсем көл-дің бірі - Виннипег, бұл үндістер тілінде «су» деген сөз.

Кордильердің өзендері мен көлдері. Қысқа, ағысы қатты өзендер Кордильерден Тынық мұхитқа қарай ағады. Олардың ішіндегі ең ірілері - Колумбия мен Колорадо. Олар таудың шығыс бөлігінен басталып, ішкі таулы үстірттерді басып ағады да, терең каньондар жасай отырып, тау жоталарын тағы да тіліп өтіп, мұхитқа құяды. Колорадо өзеніндегі Үлкен Каньон дүние жүзіне мәлім, ол өзен ағысы бойынша 320 км-ге со-зылып жатыр. Каньонның қабырғасы жасы мен түсі әр түрлі жыныстардан түзілген.

Кордильерде вулкан мен мұздықтан пайда болған көлдер көп. Ішкі таулы үстірттерде суы таяз тұзды көлдер кездеседі. Бұл мұнда өте ылғалды климат болған кездегі ірі су қоймаларының қалдықтары. Көптеген көлдерді тұз қабыршағы жауып жатыр. Олардың ішіндегі ең ірісі - Үлкен Тұзды көл.

Ішкі су қоймаларының ластануы. Материктің суға бай болғанына қарамастан, кейбір аудандарда таза тұщы су жоқ. Бұл тапшылық суды өнеркәсіпке, суаруға пайдалануға, сондай-ақ оның ластануына байланысты туып отыр. Көптеген өзендер мен көлдер фабрикалар мен заводтардың қалдың суымен, егістерден шайылып келетін тыңайт-қыштармен ластанады.

Ұлы көлдер де ластанған, олардың суы таяу уаңытқа дейін ғажайып тазалығымен көзге түсетін. Бұларға түрлі зиянды заттар тасталады, олар көлдердің түбінде, терең шұңқырларда шөгіп, лаймен араласады да, суда және көл жағасында тіршілік ететін организмдерге зиянды әсер етеді.

Солтүстік Американың табиғат зоналары. Антропогендік табиғат комплекстері.

Материктің солтүстігінде табиғат зоналары шығыстан батысқа қарай алап болып созылып жатыр, ал орталық және оңтүстік бөліктерінде олар меридиан бағыттарында орналасқан. Табиғат зоналарының осылай бөлінуі - Солтүстік Американың ерекшелігі, бұл негізінен оның жер бедері мен басым желдеріне байланысты.

Қар мен мұз басқан арктикалық шөл зонасында Гренландия мен Канадалың Арктика архипелагы аралдарының басым бөлігі жатыр. Қысқа жаз ішінде тасты жер бетінін кей тұстарында мүк пен қына шығатын мардымсыз өсімдіктер пайда болады.

Тундра зонасы материктің солтүстік жағалауын және оған жақын аралдарды қамтиды. Тундра деп субарктикалық белдеудің ормансыз кеңістігін атайды. Ол батпақты тундра топырағына шыққан мүк, қына және бұталар өскен, өсімдігі жұтаң кеңістік. Бұл топырақ қатаң климат пен көп жылғы тоң жағдайында пайда болады. Солтүстік Америка тундрасы табиғат комплексінің Евразия тундрасы комплексіне ұқсастықтары көп. Тундрада мүк пен қынадан басқа, қияқ өседі. Қыратты жерлерінде тырбық тал, қайың, сондай-ақ көкжидек бар. Тундра өсімдіктері көптеген жануарларға қорек болады. Мұздық дәуірінен мұнда қодас сақталған, ол суықтан қорғайтын қалың әрі ұзын жүні бар шөп қоректі ірі жануар. Қодас аз және қорғауға алынған. Қына өскен жайылымдарда солтүстік бұғылары - карибу тебіндейді. Жыртқыштардан тундрада ақ түлкі, қасқырлар тіршілік етеді. Аралдар мен жағалауларда, көптеген көлдерде құжынаған құстар ұя салады.

Жағалаулардағы итбалықтар мен морждар, тундрадағы карибулар аңшыларды қызықтырады. Шектен тыс аңшылық жасау зонаның жануарлар дүниесіне зор зиянын тигізеді. Тундраға өтеді де, тайгаға ауысады. Тайга - бұл қоңыр-жай белдеу зонасы, оның өсімдіктерінде ұсақ жапырақты ағаш түрлері, аралас қылқан жапырақтылар басым.

Тайгадағы топырақ қарлы суық қыс пен салқын ылғалды жаз жағдайында пайда болады. Мұндай жағдайда өсімдіктердің қалдықтары баяу шіриді, қарашірік аз пайда болады. Қарашіріктің жұқа қабатының астында қарашірігі шайылған бозғылт қабат жатыр. Бұл қабаттың түсі күлге ұқсайды, сондықтан мұндай топырақты күлгін топырақ деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың географиялық орны
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Солтүстік Америка мемлекеттеріне экономикалық географиялық сипаттама
Америка Құрама Штаты
Монро доктринасы
Туристік елтану
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Колумбтың екінші экспедициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz