Су шаруашылығы



1. Су қорларын үнемді пайдалану жолдары
2. Жер асты сулары режимінің бұзылуы
3. Су шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері
4. Су тасқыны
5. Су тұтыну мөлшері мен тәртібі
6. Су шаруашылығы инфрақұрылымы
7. Ертіс және Үлбі өзеніне ағынды сулардың құйылуы
Су қорлары күйіне антропогендік ықпалдарың әсері халық шаруашылығындағы су қорлармен байланысы ең маңызды орын алады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс қоршаған ортаның адамға әсері өзінің масштабтық әсерімен, жеке суға арналғандағы көптеген өндірістік жағдайда ауқымды өзгерістермен тең келеді.
Су шаруашылығын өз кезегінде техникалық құрал ретінде пайдалануда және су қорларын басқаруда төмендегідей жағдайларды қарастыру қажет:
- табиғаттағы су, ауаның, энергияның және сумен қоспасындағы айналымдары;
- су ортасындағы биологиялық қорлардың қалыптасуы;
- сулы, биологиялық, сауықтыру және қорлар түрін шаруашылықта пайдалану;
- сулы және басқа қорлар түрінің антропогендік ықпалдарының әсері;
Тек қана экономикасы үрдісті жетілдірген – экологиялық жүйе дайындалуда. Мұнда, су тұтынушылар мен пайдаланушылардың жекелеген жеріндегі тәсілдері, келесі экономикалық көрметкіштер мен тетіктері, судың бағасы және оның тасымалдануы, су қорыларының жалпы сапасының төмендеуі мен ластанудағы төлемі, су пайдалану мөлшердің артуы, жерді суғару 1 текше метр судың құны, сондай – ақ, әр түрлі су шаруашылықтарының шаралары су қорларын пайдаланудан келетін кіріс жолдары жатады.
Сонымен, су шаруашылығының даму бағдарламасын құрастыру және су шаруашылығын негізгі қағидаларын төмендегідей деңгейде қалыптастыруға болады.
- алқаптар шекарасы, су қорларын көбейту және қорғау, көпсалалы бағдарламаны болашаққа пайдалану үшін құрастырылады;
- су шаруашылығының даму жоспары үзіліссіз жүргізілуі керек.

Жоспар

1. Су қорларын үнемді пайдалану жолдары
2. Жер асты сулары режимінің бұзылуы
3. Су шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері
4. Су тасқыны
5. Су тұтыну мөлшері мен тәртібі
6. Су шаруашылығы инфрақұрылымы
7. Ертіс және Үлбі өзеніне ағынды сулардың құйылуы

Су қорларын үнемді пайдалану жолдары

Су қорлары күйіне антропогендік ықпалдарың әсері халық
шаруашылығындағы су қорлармен байланысы ең маңызды орын алады. Қазіргі
ғылыми техникалық прогресс қоршаған ортаның адамға әсері өзінің масштабтық
әсерімен, жеке суға арналғандағы көптеген өндірістік жағдайда ауқымды
өзгерістермен тең келеді.
Су шаруашылығын өз кезегінде техникалық құрал ретінде пайдалануда және
су қорларын басқаруда төмендегідей жағдайларды қарастыру қажет:
- табиғаттағы су, ауаның, энергияның және сумен қоспасындағы
айналымдары;
- су ортасындағы биологиялық қорлардың қалыптасуы;
- сулы, биологиялық, сауықтыру және қорлар түрін шаруашылықта
пайдалану;
- сулы және басқа қорлар түрінің антропогендік ықпалдарының әсері;
Тек қана экономикасы үрдісті жетілдірген – экологиялық жүйе
дайындалуда. Мұнда, су тұтынушылар мен пайдаланушылардың жекелеген
жеріндегі тәсілдері, келесі экономикалық көрметкіштер мен тетіктері, судың
бағасы және оның тасымалдануы, су қорыларының жалпы сапасының төмендеуі мен
ластанудағы төлемі, су пайдалану мөлшердің артуы, жерді суғару 1 текше метр
судың құны, сондай – ақ, әр түрлі су шаруашылықтарының шаралары су
қорларын пайдаланудан келетін кіріс жолдары жатады.
Сонымен, су шаруашылығының даму бағдарламасын құрастыру және су
шаруашылығын негізгі қағидаларын төмендегідей деңгейде қалыптастыруға
болады.
- алқаптар шекарасы, су қорларын көбейту және қорғау, көпсалалы
бағдарламаны болашаққа пайдалану үшін құрастырылады;
- су шаруашылығының даму жоспары үзіліссіз жүргізілуі керек.
- барлық табиғат қорлары, өлі табиғат, сонымен қатар, онда мекен еткен
ағзалар мен өсімдіктер, барлық қоршаған орта элементтерінің
экологиялық тұжырымы жергілікті ландшафта жоспарлануы органикалық
бірлікте негізделуі қажет.
Жоғарыда аталған шаралар су қорлары көлемінің кеңеюінде, су қорларын
пайдалану үшін жарамды элементтедің артуына мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында, оның ішінде су шаруашылығы саласында қоршаған
ортаны басқару мәселелері, әсіресе, экономикалық және экологияылық тұрғыдан
қарастырғанда өз шешімдері бар. Мәселен, судың, ауаның, топырақтың әр түрлі
ластанудың түріне шалдығуы, олардан қорғау, экологиялық жүйедегі тепе –
теңдікпен қамтамасыз ету мәселелерін туғызады, тіптен, табиғатты қорғау
мәселелеріне дейін жеткізеді.
Қоршаған орта және экономиканың өзара әсерлерін басқару жүйесі мен
таңдау әдістері төмендегідей мақсаттармен тұжырымдалады:
-қазіргі және болашақ ұрпақтың тіршілігі үшін қоршаған ортаны жақсарту
жәнесақтау;
- қоршаған ортаның – оның қорларына арақатынасын адамдар жағдайына
қолайлы материалдармен толтыру, экономикалық өсуін, ғылыми-техникалық
прогрестің деңгейіндегі тиімділігіне жеткізу;
- қоршаған ортаның сапасын міндетті түрде немесе экономикалық іс-
әрекеттің нәтижесінде оның жеке нысандарын жақсарту;
- тек қана аймақтық емес, сондай-ақ, ғаламдық қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету.
Өндірісте, шаруашылыққа пайдаланылатын су қорларын қорғау шараларыда
бүгінгі күн талабына сай өзекті мәселелерді, әсіресе су қорғау шаралары,
сақтандыру, тиімді жоспарын ашып, олардың қоршаған ортада қолданылу
деңгейін білуіміз керек.
Сыртқы қолайсыз әсерлерден жасырын жатқанына қарамастан жер асты суы
оңай ластанады. Әсіресе химиялық элементтер мен тыңайтқыштар әлде бір
жолдар арқылы жер асты суымен араласатын болса, ол су пайдалануға жарамай
қалады. Себебі жер асты суында жер үсті ағын сулары сияқты өздігінен
тазалануы болмайды және қолдан тазалау мүмкін емес. Осыдан келіп жер асты
суларының сапасы нашарлайды және жер асытындағы сулы қабат суынан
айырылады. Бұл екеуі де жер асты суын жүйесіз пайдаланудың нәтижесі. Ғылыми
негізделген жоспар арқылы пайдаланған жағдайда жер асты су қорын таза
сақтап және сарқылмайтындай етіп тиімді пайдалануға болады. Бұл мәселені
шешуде тәжірибелер де жоқ емес. Оның негізгі – мамандар жан-жақты
ойластырып, ұсынған жер асты суын пайдаланудың комплексті әдістері
жеткілікті.
Жер асты су қорын қорғау мәселесі алдына екі мақсат қойылады – суды
сарқылудан және ластанудан қорғау. Ғалымдар жүргізген және жер асты су
қорының мөлшерін, бастауын анықтайтын зерттеу жұмыстары жақсы нәтиже берді.
Мамандар жер асты суы бар кейбір жерлерде санитарлық қорғау жүйесін
ұйымдастырып, суды пайдалануды көп мөлшерде азайтып, тіпті пайдалануға тиім
салуға ұсынылды.
Жер асты байлықтарын қорғаудың бір жолы оның пайда болу көзін толық
білу екендігін ғалымдар қауымы дәлелдеп отыр. Бүгінгі күні Қазақстан
ғалымдары ежелгі жер асты суларының бірегей картасын жасады. Біздегі барлық
қалалардың үш бөлігінің екеуі жер асты суларын пайдаланады. Қалалардың тағы
20 %-ы жартылай жер асты және өзен суларын пайдаланады. Жер асты суларының
деңгейін төмендетпеу үшін жер асты суларының кейбір бөлігін жер асты
суларына қосады. Кейбір аудандарда жер асты сулары мен жер үсті суларының
үздіксіз жалғаса айналатын жүйесі жасалған.
Ауыл шаруашылық алқаптарының тиімді пайдалануы, әрбір шаруашылықтың,
әрбір ауданда өздерінің бағыттары және ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға
келісім шартына сәйкес орындау, егістік алқаптардың ғылыми тұрғыда
негізделген құрылымымен анықталады. Ауыспалы егістікті игеруде тәжірибесі
мол шаруашылылқтар жоғарғы өнімділіктер алады. Шарауашылықтарда су қорларын
үнемді пайдаланып, жеті танапты ауыспалы егістік енгізіледі. Ондағы
алқаптың 25 % қызылша ал 37,5 % көп жылдық шөптер 37,5 % дәнді дақылдар
(бидай, арпа, жүгері). Нарық жағдайында әрбір 1-ші дақылдың бір центнернің
келісім шарт бойынша бекітілген сатып алу бағасы С1- біле отырып
шаруашылықтың ақша жүзіндегі табысы неғұрлым жоғары болу үшін басшыға
шаруашылықтың жер алқаптарының S шамасын нақты ауыл шаруашылық дақылдарына
бөліп беру құқығы беріледі. Бағдарламаланған өнім технологиясымен
бекітілген агротехникалық қажетті ылғал мөлшері – w1; W- бүкіл шаруашылықты
тұтастай суаруға бөлінген ылғал мөлшері; і-дақылы егілген гектар жерге
қажетті минералды тыңайтқыштары мөлшері Zip j = 1,n; z1- шаруашылыққа
бөлінген түрдегі барлық минералды тыңайтқыштардың жалпы мөлшері болсын. Әрі
бұл жерде берілген ауыспалы танаптағы агротехникалық талапты ескеру қажет:
а1,а11, В1. Егер де і-ші дақылды суландыратын алқаптың гектарынан алынатын
өнімділік – у1 нақты берілген болса, онда і-ші дақылға бөлінетін жер гектар
х1-ді анықтау керек.

Жер асты сулары режимінің бұзылуы

Жер асты суларының, табиғи режимдері шаруашылық факторларының әсерінен
бұзылуы мүмкін.
Бөгендер ауданындағы жер асты суларының режимі. Бөгендер салынуға дейін
өзен грунт суларын кәріздеген аңғарлардың учаскелерінде үстеме арын
(қосымша арын) жасайды немесе грунт суларының өзен есебінен қоректенуін
күшентеді. Осының нәтижесінде грунт суларының деңгейі көтеріледі, ал нақты
гидрогеологиялық жағдайларда арынды сулардың пьезометрлік деңгейің
жоғарылатады. Жер асты сулары деңгейінің көтерілуі бегенге таяу арада
өзінің жоғары мәніне жетеді де, бөгеннен алыстаған сайын кеми түседі. Ірі
бөгендердің ықпалы кейде ондаған километрге дейін тарауы мүмкін. Үстеме
арынның қисық сызығышын (депрессиялық беттің) тұрақтану кезеңі кейде
көптеген жылға созылады. Құрылыс салынған жерлерді су басуына,
батпақтануына, тұздануына қарсы күрес шараларын жүргізу үшін бөгендерді
жобалағанда гидрогеологиялық зерттеулер негізінде грунт суларының үстеме
арынының (қосымша арынның) болжамын жасайды.
Жер асты сулары пайдаланылатын аумақтардағы режим. Сумен қамтамасыз ету
және жер суару үшін жер асты суларын пайдалану пластағы су қорының азаюына
душар етеді. Су алу нәтижесінде жер асты суы деңгейінде депрессиялық
шұқырлар пайда болады. Арынды сулар жағдайында бұл шұқырлардың радиусы
бірнеше ондаған километрге жетуі мүмкін. Су деңгейінің ерекше көп төмендеуі
үлкен қалалар аумағында байқалады. Мысалы, Мәскеуде өткен ғасырдың 60-
жылдарынан бастап сумен қамтамасыз ету мақсатында карбон әктастарына
жеткізіле 1000-нан астам артезиан скважиналары бұрғыланды. Қазір бұлардың
жиынтық өнімі тәулігіне 500 мың шаршы метрден артады. Пайдалану уақыты
ішінде пьезометрлік деңгей айтарлықтай төмендеді. Мысалы, 1946—І964 жылдар
аралығында төменгі карбон горизонтындағы деңгейлердің биіктігі 48 м
төмендеді. Париж артезиан алабында пайдалану басталғаннан бері (1841) 1935
жылға дейін арын 80—100 м-ге төмендеді. Лондон артезиан алабында да арын
деңгейі осындай шамаға төмендеді.
Жасанды түрде толығатын алаңдардағы жер асты суларының режимі. Жер асты
суларының сарқылуымен күресу шараларының бірі — олардың қорын жер беті
суларын ұстау арқылы толықтыру және бұл сулардың инфильтрациясын (сіңіуін)
күшейту. Бұл шараларды іске асырудың ең тиімді аудандары — малтатасты
бөліктері жер астының қолайлы су бөгендері болып табылатын ысырынды
конустар. Бұл аудандардың ағындарын ысырынды конустық шеткі бөліктеріндегі
саздақты шөгінділер ұстап қалады. Жер бетінің ағынды суын жиып үйіруді
аллювийлік террасаларда және бұл үшін қолайлы жағдайлары бар өзге
аудандарда да жүргізеді. Жер беті суларының бөгелуі және жұтылуы үшін
арнаулы инфильтрациялық бассейндерді, орларды, траншеяларды, тілімдерді
жүргізеді, уақытша су тасқынының арналары мен су жұтушы скважнналарын да
пайдаланады.

Су шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері

Әсер етуші факторларға байланысты жер асты суларының табиғи режимдері
климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге
бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-
теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену
шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын
қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең
болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен
сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді.
Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық
ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің
шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы
тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай
бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация
аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен
грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін
Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген
жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының
инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында
жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен
транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын
түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-
шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. Тау
жыныстары тоңының жібуі мен температуралық жоғарылауы едәуір кеш басталатын
солтүстік аймақтардың дала, орманды дала, орманды аймақтарында грунт сулары
өздерінің ең жоғары деңгейіне тек мамыр мен маусымда, ал көпжылдық тоң
дамыған аудандарда шілдеде жетеді. Жазғы жауын-шашын су деңгейін
жоғарылатады. Инфильтрацияның тоқтауына байланысты су деңгейі төменде
жатады. Ылғал субтропиктер аймағында грунт сулары деңгейінің ауытқулары
бүкіл жыл бойы түскен жауын-шашынға сәйкес өзгеріп отырады. Грунт суларының
жатыс тереңдігі неғұрлым аз аэрация аймағының су өткізгіштігі жоғары болса,
соғұрлым түскен жауын-шашынның көбі су деңгейіне барып жетеді де, су
деңгейі шапшаң жоғарылайды. Грунт сулары қозғалысының жылдамдығы артқан
сайын инфильтрация кезіндегі су деңгейінің көтерілу шамасы төмендейді.
Аэрация аймағылдағы тау жыныстары қанығуының жетімсіздік коэффнциенті
неғұрлым аз болған сайын жауын-шашын түскен кезде грунт суларының деңгейі
соғұрлым жоғарылайды.
Климаттық режим суайрық өңірлердің, аллювийлік кең жазықтықтардың, тау
массивтерінің және көптеген басқа аудардардың грунт суларына тән. Климаттық
режимге өз ретінше күн активтігінің өзгерулеріне сәйкес келетін климаттық
факторлардық өзгерулері мен грунт сулары деңгейінің көпжылдық
ауытқуларының арасындағы байланыс жатады.
Гидрологиялық режим жер бетінің ағын сулары мен су қоймаларының
тигізетін ықпалына байланысты. Гидрологиялық факторлар жер асты суларының
режиміне тек олардың теңбе-теңдігін өзгерту жолынан ғана емес, сонымен
қатарларынды гидростатикалық жолмен беру арқылы да әсер етеді.
Жер асты суларының режиміне тигізген өзендер ықпалының түрлері де
айрықша. Грунт сулары мен жер беті суларының арасында гидравликалық
байланыс болған жағдайда, егер өзен террасалары кәріздейтін болса, онда
өзен суы горизонттарының көтерілуі кезінде грунт суларына қосымша арын
беріледі де, олардың декгейі жоғарылайды. Өзен суы горизонттарының
төмендеуі грунт суларының деңгейін төмендетеді. Грунт суларын өзен сулары
қоректендірген жағдайда өзеннен берілетін гидростатикалық, арынға
байланысты грунт суларының деңгейі өзендегі су шығынының өзгерістеріне
сәйкес өзгеріп отырады. Грунт суларынық режиміне өзеннің ықпал ету
аймағының кеңдігі өзен шығынына, оның горизонттарының өзгеру амплитудасына,
өзен жағасының геологиялық құрылысына, пластардың параметрлеріне
байланысты. Ірі өзендердің аңғарларында ықпал аймағының кеңдігі бірнеше
километрге жетеді. Өзеннен алыстаған сайын аймақ ықпалы кеми береді.
Өзендер мен грунт сулары режимінің ерекше тығыз байланысы жайылмалық
террасаларда байқалады.
Өзендер грунт суларымен гидравликалық баланыспаған, бірақ грунт суларын
сүзу жолымен қоректендіретін аудандарда (мысалы, ысырынды конустардың
жоғары бөлігінде) грунт суларының деңгейі айтарлықтай кешеуілдей отырып
(2—3 ай, кейде одан да көп), өзендер шығындарының өзгерістеріне сәйкес
ауытқиды. Сонымен, мұндай аудандарда өзендер тек грунт суларын ғана емес,
сонымен бірге арынды суларды да қоректендіретіндіктен, олардың
пьезометриялық деңгейі түрлі мерзімге кешеуілдеп өзен шығындарының
ауытқуларын қайталайды. Өзендердің ықпалымен анықталатын грунт сулары
денгейінің маусымдық ауытқуларының сипаты көп жағдайда өзендердің қоректену
типіне байланысты. Бұл ауытқулар жаңбырдан, қардан, мұздықтан және аралас
қоректенетін өзендердің бассейндерінде түрліше келеді. Көлдер мен
гидравликалық байланыстағы грунт суларының режиміне көлдердің тигізетін
ықпалы (көл маңындағы жер танабында) өзендердің ықпалына ұқсас.
Сулы қабат жүктемесін (су шамасын) өзгертетін теңіздің тасулары мен
қайтулары теңізге таяу аудандардағы грунт және арынды сулар деңгейлерінің
ауытқуларына айтарлықтай әсер етеді. Теңіз тасулары 200—300 м-дей
тереңдікте жатқан артезиан суларының деңгейін тез жоғарылатады, сонымен
бірге оның ықпалы жағадан құрлық ішіне қарай 10—15 км-ге жетеді, не одан да
алыс кетеді. Теңіздің қайтуы кезінде су деңгейі төмендейді.
Жер асты үстеме ағысының режимі қоректену аймағынан ағып келіп қосылған
судың ықпалын көрсететін жер асты сулары орналасқан аудандарға сәйкес
келеді. Қоректену аймағындағы өзендер шығындарының кешеуілдей бір уақытта
(синхронды) қайталайтын грунт және арынды сулар орын алған тау алды
жаймалары мен ысырынды конустардың шеткі бөліктеріне ерекше тән болып
келеді.
Кешенді режимдер. Грунт сулары тайызда жатқанда гидрологиялық факторлар
мен жер астының үстеме ағысынан басқа климаттың және биологиялық
факторлардың да (жауын-шашын, булану, транспирация) әсер ететінін атау
қажет. Шамамен қарастырылған факторлардың ықпалы бірдей болғанда деңгей
ауытқуларының пішіндері тым алуан түрлі келетін грунт суларының кешенді
режимдері қалыптасады.
Геологиялық процестер де жер асты суларының режиміне ықпалын тигізеді.
Мысалы, жер сілкіну кезінде көбінесе құдықтардағы судың деңгейі, тұмалар
мен қайнарлардың өнімі өзгереді. Бұдан бар бұлақтар жоғалып жаңа бұлақтар
пайда болады. Грунт суларының химиялық құрамының режимі күрделірек жолмен
қалыптасады және деңгейдін режимінен гөрі жеткіліксіздеу зерттелген.
Химиялық құрамының режимдері түрлі климаттық, аймақтар мен кәріздену
жағдайларында түрліше болады. Табиғи жағдайлардағы грунт суларының химиялық
құрамы мен минералдануы деңгейге қарағанда өзгермелі келеді. Арынды
сулардың химиялық құрамы көп жағдайда тұрақты болады.

Су тасқыны

Сырдария өзені Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылуынан басталып,
Қырғызстанның, Ђзбекстанның, Тәжікстанның және Қазақстанның аумағымен ағып
өтеді. Дарияның Арал теңізіне құяр сағасына дейінгі ұзындығы 2212 шақырым
болса, су жинау алабының ауданы 219 мың шаршы шақырымды алып жатыр.
Қазақстан аумағымен өзен 1732 шақырымға ағады, бұл оның барлық ұзындығының
78 пайызы Қазақстан жерімен өтетіндігін білдіреді.
Сырдария өзені аңғарының су тасқыны басып қалатын аймаққа Оңтүстік
Қазақстан облысы аумағындағы 18 және Қызылорда облысынан 51 елді мекендері
кіреді, тұрғындарының жалпы саны 401,1 мың адам, олардың ішінен 199 мың
адам уақытша көшірілуге жатады.
Елді мекендер мен шаруашылық субъектілерді Сырдария өзенінің тасуынан
қорғау үшін соңғы 35 жылдың ішінде 526 шақырым бөгет салынды. Оның ішінде:
Қызылорда облысында 519,4 шақырым, Оңтүстік Қазақстан облысында 6,6 шақырым
бөгет тұрғызылған. Сырдария өзені жағалауына салынған апатты жағдайдағы
жағаны бекіту бекіністері техникалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес
келмейді.
Жыл сайын ақпан және наурыз айлары аралығында Қазақстанның Оңтүстік
Қазақстан мен Қызылорда облыстары аумағындағы тасқын суды өткізу бойынша
және өзге де шұғыл немесе жоспарлы түрдегі ірі ауқымды шаралар өткізіледі.
Тек қана үстіміздегі 2008 жылы бұл жұмыстарға Төтенше жағдайлар
министрлігінің, әскери емес құрылымдардың құтқарушылары мен мамандарынан
4000-ға жуық адам қатысып, жүздеген құрылыс және арнайы техника
жұмылдырылды. Аймақтағы тасқын жағдайын дер кезінде білу үшін аумақты
тікұшақ арқылы әуеден көзбе-көз бақылау жұмыстары жасалды. Шардара су
қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін Қазселденқорғау
мемлекеттік мекемесінің уақытша және жылжымалы 15 су бекеттері жұмыс
істеді. Сырдария өзені арнасын мұздардың кептелуінен арылту үшін жарылыс
жұмыстарын жүргізу және тазалау жөнінде ұсыныстар берілді.
Бірақ Сырдария өзені алабының су тасқыны қаупінен аймақты толық және
түпкілікті құтқару үшін бұл шаралар жеткіліксіз болып қалды.
1967 жылы соңғы арналы бөгет ретінде салынған Шардара су қоймасы жыл
сайын үш текше шақырым апатты суды Арнасай сайына ағызып отырды. Жалпы,
Нарын-Сырдария су қоймалары бір ирригациялық жүйеде жұмыс жасады.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасын
энергетикалық жүйеге көшіріп, қыстағы су жіберу көлемін орташа есеппен 2,5
есеге арттырды, яғни ол тоғыз текше шақырымды құрайтын көлем болғандықтан
Шардара су қоймасының ырғақты жұмысына тікелей әсерін тигізді. Күзгі-қысқы
маусымда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі арнасына секундына
800 текше метрден көп су шығындары ағытылады. Осының салдарынан өзеннің
арнасында мұз қатып жатқандықтан мұздардың кептелісі пайда болып,
жағалаудағы қорғаныс бекеттеріне шектен тыс қысым тудырады. Осыдан кейін
жыл сайын республикамыздың Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының
елді мекендеріне ауыр зардап тигізіп отырады.
Өзен арнасын бойлап салынған бөгеттер топан судың биік деңгейіне қалқан
бола алмайды, өйткені қысқы мерзімде өзен арнаның су өткізу қабілеттілігі
секундына 450 текше метрді құрайды. Гидротехникалық бөгеттер, көпірлер және
басқа да коммуникация желілері үнемі су алып кету қаупінде тұрады.
Қауіпсіздік мәселесін шешу үшін мемлекет басшысы осы жылдың көктемінде
Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2008 жылы Сырдария өзеніне су тасқынына
қарсы Көксарай су тоспасының құрылысын бастауды тапсырды, ал Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар министрлігі тасқынға қарсы Көксарай су тоспасы құрылысын орындау
жөніндегі бағдарламаның жетекшісі болып белгіленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Көксарай су қоймасы-тоспасы құрылысы
жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы шешім
қабылдады. Онда мынадай негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер
қарастырылған:
1. Су тоспасының сыйымдылығы:
Толығы – 3,0 текше шақырым;
Пайдаға асатыны – 2,5 текше шақырым.
2. Су айдыны алып жатқан алаптың ауданы – 466,0 шаршы шақырым.
Техникалық-экономикалық негіздемеде жобалаушылар Көксарай су тоспасын
орналастырудың төрт нұсқасын жасап шығарды, оның үшеуі арналы, біреуі
арнадан бөлек жерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұру саласындағы қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары..
Қазақстан Республикасының ұлттық су құқығы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Жер-су қатынастарын реттеудегі мемлекеттің рөлі
Жер-су қатынастарын реттеу
Қарағанды облысының сипаттамасы
Қазақстан Республикасында агро өндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі
Ауыл шаруашылығы мамандарының табиғат қорғау саласындағы міндеттері
Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Пәндер