Жетісу газеті


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ. . . . 3─6
І - ТАРАУ. ГАЗЕТ ТАРИХЫ - ЕЛ ТАРИХЫ . . . 7─26
1. 1 «МҰҚПЫРДАН» «ЖЕТІСУҒА» ДЕЙІН . . . 7─21
1. 2 БАСЫЛЫМ РЕДАКТОРЛАРЫ……… . . . . . . 22─26
ІІ - ТАРАУ. ГАЗЕТ БЕТІНДЕГІ ЖАСТАР ТАҚЫРЫБЫ . . . 27─47
2. 1 «ЗАМАНДАС» - ЖАСТАР ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ . . . 27─40
2. 2 БАСЫЛЫМ МАҚСАТЫ - ҰЛТТЫҢ РУХЫ БИІК ҰРПАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУ . . . 41─47
ІІІ - ТАРАУ. «ЖЕТІСУ» - ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖАРШЫСЫ . . . 48─55
3. 1 ЕЖЕЛГІ ГАЗЕТТІҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ . . . 48─53
3. 2 90 ЖЫЛДЫҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙҒА ТОЛАҒАЙ ТАБЫС . . . 54 - 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56 - 57
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗБЕСІ . . . 58 - 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60 - 61
Кіріспе
«Газет - мен үшін академия», «Мен бір мектепті бітіргем, екінші мектепте оқып жүрмін, ол мектеп - газет» деген сияқты терең сырлы сөздерді еңбегімен елге белгілі болған адамдардың талайының жазғандарынан оқып, айтқандарынан естідік. Мұның мәніне тереңірек бойласақ, асылында, ол жайдан-жай айтыла салған сөз емес екеніне көзіміз жетеді.
Бәрімізге мәлім, әр отбасы, әр күн сайын таңертең - қыста да, жазда да үйінен аттап шыққанша - ақ жаздырған газетін алады. Бұл ертеңгілікте ішкен астың бейнебір қосымшасы тәрізді. Онсыз бірдеңе жетіспей тұрған сияқты, көңілің көншімейді.
Газетті алысымен оның беттеріне көз жүгіртіп, жарияланған мақала, хабарларды оқи отырып әр адам өз ауданын, облысын, республикасын, кең байтақ елін шарлап, шолып шыққандай болады. Шет елдерге де көз қырын салып өтеді. Сөйтіп, ол дүниедегі сан қилы ең соңғы жаңалықтармен танысады. Газет арқылы ол күн сайын көптеген адамдармен пікір алысады, кеңеседі, өзін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап табады, ішкі-сыртқы саясатқа байланысты азды-көпті мағлұмат алады, әр нәрседен хабардар болады, өзінің ой-өрісін кеңітеді, иненің жасуындай болса да өзіне пайдалы, бағалы бірдеңені тауып, белгілі қорытынды жасайды.
Ертең келетін газеттен бүгінгіден де жаңа, қызықты, пайдалы бірдеңе күтеді. Газеттің жаңа нөмерін оқып, бұрын таныс емес адамдармен танысады. Олардың арасында өзі сияқты, өзінің жолдасы немесе көршісі сияқты жұмысшы, құрылысшы, егінші, малшы, механизатор, агроном, оқытушы, дәрігер, әдебиетші, студент кездеседі. Олардың жазғанын немесе олар басқа біреудің жазғанын оқиды, сырласады. Оның өзінен артық яки кем жатқан істерін ой елегінен өткізеді. Жақсы ісін өнеге тұтады, сондай болғысы келеді, еліктейді, ал жаман ісінен жиреніп, бойын аулақ салады, ондайдан сақ болады.
Демек, баспасөз адамды рухани байытады, өсуге, өрлеуге, өнегелі болуға ұмтылдырады, жаңа сатыға, биік белеске көтерілуге жетектейді. Олай болса, адамға тамақ, су қандай керекті болса, баспасөз де сондай керекті. Міне, сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары елімізде өмірдің барлық саласын қамтитын күнделікті баспасөздің, оның ішінде ұлттық баспасөздің дамуына, терең мағыналы, мазмұнды болуына, баспасөз мамандарының білімді, жоғары мәдениетті, өз ісінің майталман шебері болуына әрдайым назар аударып, қамқорлық жасап келеді.
Бұл айтылғандардан баспасөзге, демек, оның қызметкерлеріне, журналистерге үлкен жауапкершілік жүктелетінін, оларға өте зор талаптар қойылатынын аңғару қиын емес. «Оңайдан тапқан - оңғақ, қиыннан тапқан -қымбат» дегендей, журналистік өнер - қиыннан табылатын қымбат өнер. Ал оның қиындығы мен қымбаттығы неде ?
Ең алдымен, журналистік өнер әрбір журналистен, баспасөз қызметкерінен оның өзі қызмет істеп, шығаруға қатысып отырған газеттің ұстанымы берік болуын, мазмұны бай, материалдары терең мағыналы, толық «қанды», оқуға тартымды, қызықты, қайнаған өмірдің қай саласын болса да қозғайтын, сыр шертетін өрісті, өрелі болуын талап етеді.
Газеттің айтқан сөзі адамның ойына ұялап, жүрегіне қонатын парасатты, айтқан сыны мірдің оғындай өткір, нысанаға дәл тиетін болуы шарт. Газет материалы адал айтып, ақ сөйлеп, қара қылды қақ жарған әділ болуға тиіс. Газет материалы қоғамдық өмірдің пернесін дәл басатын мазмұнды, бүгінгі күннің сырын шертетін терең мағыналы болуы, осыған лайық оның жазылу түрі, берілу формасы жұптасып, жымдасып жатуы шарт. Осылардың бірі кем болса-ақ, қандай үлкен маңызды тақырыпқа жазылған материал болса да, ол көздеген нысанаға дәл тимейді. Қандай мақаланың, очерктің, корреспонденцияның болса да дәні - өмірден алынған фактілер, оның сырын ашып, сөйлететін құрал - тіл мен сөз. Журналистің тіл байлығы, сөзге ұсталығы - жазған материалының сыңдарлы болуының негізгі шарты. Өйткені сөз дегеніміз - мақаланы құрап тұрған сөйлемнің кірпіші тәрізді. Қалауын таппасаң ол ойқы-шойқы, кедір-бұдыр болып шығады. Мұндай материал ешкімнің де жүрегінен орын алмайды. Бұдан шығатын қорытынды: журналист әрдайым үйрене беруге, білгеннің үстінен біле беруге тиіс. Өзі үйрене білмеген журналист өзгені үйрете де алмайды. Баршаға мәлім, өмірде күн сайын, тіпті сағат сайын сан алуан жаңалықтар туып жатады. Осы жаңа, жақсы істер туралы ескіше жазуға болмайтыны сөзсіз. Өйткені онда қаулап өркен жайып келе жатқан жаңа нәрсе жарқырап өз бояуымен, өз тұлғасымен көрінбей, көз үйренген күнделікті істерге ұқсап онша еленбей қалып қояды, ойға орнығып, жүрекке терең ұяламайды. Әрине, жаңаны жаңаша жазамыз деп жөн-жосықсыз бөсіп кетуге тағы болмайды. Міне, журналистің тапқырлығы мен шеберлігі сыналатын жер осында. Ал кейде келешегі кең жаңаны кезінде көзіміз шалмайды, кешеуілдеп қаламыз. Бұл журналистің шабандығы ғана емес, соқырлығы десек асырып айтқандық болмас. Бұл жөнінде қазақ журналистикасының тарихы мен даму жолын жан-жақты зерттеген атақты публицист зерттеушілер Х. Бекхожин, Б. Кенжебаев, Т. Амандосов, Т. Қожакеев және тағы басқалар үлкен елеулі еңбектер жазып қалдырды.
«Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, елдегі елеулі оқиғалармен, қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелермен қамтамасыз ететін ақпарат көздерінің бірі - газет екенінін де дау жоқ. Газеттің құндылығы - қызметкерлерінің, яғни, журналистердің өмірде көрген-білгенін, түйгенін ой елегінен өткізіп, таразыға тартып, ең асылын талғай білуі, шыншыл да шынайы мәлімет таратуында.
Тәуелсіздігімізді алғанан соң дербес газет - журналдар жаңбырдан соң шыққан саңырауқұлақтай қаптап кетті. Мұндағы көп мақалалар егіз қозыдай біріне - бірі ұқсас, оқырманды онша тартпайды, жанр байлығы мәз емес, тілі кедей болып келеді. Тіпті қызықты материалдар сирек басылатын басылымдар жеткілікті. Осы уақытта газеттердің саны бар, сапасы жоқ болып кеткен. Әр істің төрешісі - халық. Өсіретін де, өшіретін де -халық! Демек, халқымыздың қалаулысына айналған, жүрегінен орын алған, елдің сұранысындағы басылымдар өз жалғасын тауып, күні бүгінге дейін халық үшін қызмет етіп келеді. Ал мәнсіз, мағынасыз басылымдар орта жолда ысырылып қала берді.
Халқымыз үшін тер төгіп, ерен еңбегімен қызмет етіп келе жатқан, 90 жылдық тарихы бар басылымдардың бірі - Алматы облыстық «Жетісу» газеті. Жетісу жерінің бүгінгі газеті - қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі. Осы өлкеде кейіннен бой көтерген көптеген газеттерге дем беруші де осы басылым болды. Сондықтан да тарихы бай, тағылымы зор.
Алғашқы саны 1918 жылы 21 маусымда шыққан, күні бүгінге дейін халықтың қолына үзбей жеткізіліп келе жатқан, бір ғасырға таяу тарихы бар «Жетісу» газетін және ондағы жастар мәселесін қамтитын «Замандас» қосымшасын өзімнің дипломдық жұмысыма арқау етіп отырмын. Мұндағы мақсатым - біріншіден, газеттің өткеніне үңілу, тарихына көз жүгірту; екіншіден, қоғамда ойып аларлық орны бар - жастар мәселесі баспасөзде қандай деңгейде көтеріліп жатыр және сол мәселенің шешілуіне баспасөздің тиер ролі қандай екенін зерттеу.
Халқымыз «өтпелі кезең» деп дәл басып айтып отырған нарықтық экономикаға көшіп жатқан қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жаңалығы, сонылығы мен бұралаң-бұлтаңы көп мезгіл бұл. Соған қарамастан болашақтан үміт зор, байлам берік. Ол егеменді еліміздің босағасын беріктей түсу, ел санатында байрағымызды биік ұстау. Осы ұмытылмас тарихи кезеңде «Жетісу» ұжымы − 90 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған қазақ баспасөзі қара шаңырақтарының бірі. Өткен өміріміз бен бүгінгі күніміздің айнасы, бай шежіресі деп мақтанышпен айтуға әбден болады. Оның 1918 жылы жарық көрген және одан кейін шыққан, уақыт табы түсіп сарғайған беттеріне үңіліп отырсаңыз, ынта-ықылас қоя талдап, мән бере оқысаңыз, газеттің заман лебіне, уақыт талабына лайық болуға тырысқанын, үнемі өз халқының мұңына күйініп, жақсылығына жадырап қалам тербегенін көресіз. Уақыт көшінде кездескен кедейшіліктен, жоқшылықтан, ашаршылықтан, жазалаудан, қантөгіс соғыстан азап көріп, зардап шеккен жұртының еңсесін көтеріп, өмірден түңілмеуге, оқу оқып, білім алуға, отырықшы болуға, ауқатты тұруға, не керек, басқа өркениетіміз деп масаттанатын жұрттардан кем тұрмауға үндеп келгенін, өз еліне жанашырлық білдіргенін көру қиын емес. Буыны бекіп, бұғанасы қата түскен сайын «Жетісудың» үні осы бай өлке халқына теңіздегі дауылпаз құс үніндей жарқын да құдіретті шықты.
Қазақ баспасөзінің қара нары − «Жетісу» газетінің ел тарихындағы орны ерекше. Қазіргі таңда әр саладағы өзекті мәселелер көтеріп жүрген, қоғамдағы басты жаңалықтармен қамтамасыз ететін басылымдардың бірі. Әсіресе, ел ертеңі- жастардың мәселесін сөз етіп, солардың ертеңгі күнінің жарқын болуы үшін аянбай еңбек етіп келеді. «Аты аңыз абыз басылым - сырласы, досы жастардың» атты дипломдық жұмысым кіріспе мен қорытындыдан және негізгі III тараудан тұрады. Алғашқы тарауы «Газет тарихы- ел тарихы » деп аталады. Мұнда «Жетісудың» өткеніне көз жүгіртіп, газет тарихына назар аудардым. Сонымен қатар газеттің редакторларын анықтап, өмір тарихынан тоқталдым. Ал II-тарау «Газет бетіндегі жастар тақырыбы» деп аталады. Бұл дипломдық жұмысымның ең маңызды, негізгі бөлімі. Мұнда жұмысымның тақырыбына арқау болған- жастар мәселесі егжей-тегжей сөз етіледі.
Газет бетіне көз жүгірте қарасаңыз, әр тақырыптағы әңгіме, очерк, фельетондарды кезіктіресіз. Сол материалдарды оқи отырып, ой елегінен өткізіп, жаныма жақын болғаны−өзім қатарлы жастар тақырыбында жазылған мақалалар болды. Сол материалдарды оқып, талдай отырып, жалпы қоғамдағы жастар мәселесін жік-жікке бөліп қарастыруды жөн көрдім. Қазіргі уақытта жастарымыздың өмірінде көптеген мәселелер етек алған. Газет бетіндегі жарияланған мақалалардың мазмұнына қарай, олар мынандай топтарға жіктеледі:
1. Жұмыссыздық
2. Маскүнемдік
3. Нашақорлық
4. Бойындағы патриоттық сезімнің жоғалуы (тіліне, дініне деген құрметтің жоқтығы)
5. Түнгі клубтардың есігін торып, рухани азғындауы .
Міне, осындай мәселелерді қамтитын мақалалар газет бетінен көрініс табады. Осыларды оқып, сараптамалық талдау жасадым. Осы тараудың екінші тараушасында басылымның мақсаты, көздеген нысанасы сөз етіледі. Демек, басылымның мақсаты− ұлттың рухы биік ұрпағын тәрбиелеу екен. Газет әрбір материалы арқылы жастарымызды тәрбиелеп, дұрыс жол сілтеп, рухани байытуға талпыныс жасайды. Жұмыстың III-тарауы «Жетісу»-жарқын істер жаршысы деп аталады. Мұнда біріншіден, ежелгі газеттің өткені мен бүгіні сөз етіледі. Қазіргі таңдағы «Жетісу» газетінің айдарлары және олардың арқау еткен мәселелеріне тоқталдым. Әр бөлімнің редакторларымен жолығып, айдарлардың жай-күйімен танысып, сол мәселелерді қамтыдым. Ал ертеңіне келсек, ол уақыттың еншісіндегі дүние. Дәл осы деңгейде сақталып қалуына, тіпті одан ары өркендетуге атсалысатын−сіз бен біз секілді жастар! Екіншіден, санаулы күндерден кейін есік қағып келетін 90 жылдық мерейтойға газеттің дайындығы қандай екендігі сөз етіледі. Мерейтойдың жоспарымен танысып, торқалы тойға толағай табыс тіледім.
Қорытындыда жалпы жұмысымды қалай жазғаным, алған әсерім сөз етіледі. Әр жұмыстың жемісімен қоса кемшілігі қатар жүретіні заңдылық. «Көш жүре түзеледі» дейді ғой. Жазу барысында жіберілген кейбір қателіктерді түзетіп, оны бұл жолы болдырмауға тырыстым
I-тарау. Газет тарихы-ел тарихы .
- «Мұқпырдан» . . . «Жетісуға» дейін
Бір ғасырға таяу тарихы бар қазақ басылымдарының алғашқы қарлығаштарының бірі− Алматы облыстық «Жетісу» газеті. Басылымдардың бастауы, жол сілтеуші дарабозы. Бүгінгідей бұқаралық ақпарат құралдарының дәуірлеген шағында кешегіге ден қойып, тарихты таразылағанның артықтығы болмас. Енді сол заманға біраз барлау жасасақ. Патшаның озбыр тырнақты боданында болып, темір тәртіптің құрығынан қашып құтылуға ілік таппай отырған кедей-кепшікке жаңа лептің-большевиктер қозғалысының бел алуы жақсылықтың лебіндей сезілді. Көптен қиялда жүрген ойларының көрінісі іспетті түйсінді. Пендешілікпен қос алақандарын ысқылаған бозбалалар қолдары ғұмыр бойы жетпей келе жатқан байлардың бозжорғаларын, асау арғымақтарын тартып мініп, қиқу салды, даланы дүбірге бөледі. Жаңа өкіметтің өкілдері: «Үстем таптың уақыты жетті, бұған дейін сендер ол озбырлардың асыра сілтеушілігі салдарынан қара су ішіп келдіңдер, сол себепті де жаңа өкіметтің жолын ашып, жан-жақты қолдаңдар» деп үгіттеді. Былай қарағанда, езілген шаруалар мен жұмысшылардың құлағына жағатын ақыл. Қаншама жылдар патшалық солақай саясаттың езгісінде жүріп, титықтаған жандардың қатары күрт көбейді. Осыдан барып әлгіндей тасқынды үгіттің нәтижесінде билік басына қолдары жете бастаған кедейлер Кеңес өкіметі үшін жан беріп, жан ала бастады. Сол кезде партияның «оқсыз» атылатын, дегеніне дөп тиетін саяси қаруы баспасөз екенін ешкім жоққа шығара алмас. Газетте жарияланған ұранды мақалалар, жалынды сөздер мыңдаған адамдардың жүрегіне шоқ тастап, оларды бір мақсатқа топтастыра бастады. Бұл уақытта партия ісіне адалдықтың алғышарттарының жасала бастағаны мәлім. Көзі ашық, көкірегі ояу небір азаматтар партия жендеттерінің қанды шеңгелінен оққа ұшып жатты. Мұны солақай саясаттың көрсоқыр қолшоқпары тап жауларының тамырына балта шаптық деп, кеуделеріне Қызыл жұлдыздарын таққаны, сонымен жұртты сескендіргені белгілі.
Өлкедегі жаңа басылым- « Жетісу ісші халық мұхбірі » өкіметтің жұмысын одан әрі жандандыруға насихат істерін барынша жүйелі жүргізді. Верный қаласында, әрине, қызыл жағалылардың үстемдігі басым. Енді, міне, сол Верныйда Әскери революциялық комитет құрылып, басшылықты партия өз қолына алды. Осылайша 1918 жылы Қарулы күштер көптен күткен жеңісіне иелік етті. Большевиктердің құрамында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек өкілдері бар. Сөйтіп, Верныйдағы Әскери өкіметтің тек аты ғана қалған еді. Билеп төстеушілер ақ бандыларды сағалады. Бұдан түк шықпасын біліп, сүлдері суға кеткендей күй кешкендер шетелге қашып, зым-зия болды. Күн өткен сайын қоғамның күрделілігі арта түсті. Сол қоғамды алға жетелеген қалың бұқараның қозғалысы да небір арналармен жалғасын таба түсті. Осындай ағымдар мен дін мен тілдің, өндіргіш күштердің өміршеңдігін, саясат пен саясаткерлердің тыныс-тіршілігін баспасөз беттерінде нақтылы айқындай бастаған. Саяси-әлеуметтік саладағы жетістіктермен қатар, жеңілістер де халықтың назарынан тыс қалған жоқ . Бүгін ойлап отырсақ, желісі үзілмей, осы заманға ұласқан сол кездегі қоғамдық оқиғалар баға жетпес тарих екен ғой. ∕1∕ «Газетің өзі−бір күндік, сөзі−мың күндік» деген қанатты сөздің түпкі мәніне, тереңдігіне тағы да көз жеткізесіз.
Газет өз уақытының перзенті болатын, сондықтан ол Кеңес өкіметінің сойылын соқты. Уақыт талабына сай үгіт-насихат жүргізді. Халық комиссариаттарының қаулы-қарарларын жариялап, Кеңес өкіметін сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға тынбай үн тастады. Газет бетінде тілшілердің ой-пікірі, келелі кеңестері басылмаған. Партиялық нұсқаулар, Кеңес құрылымының алғашқы заңдары, шаруашылық ұйымдарының шалағай шешімдері, кәсіподақтың еңбекшілердің еркін қорғаудағы алғашқы алғышарттары жарияланып отырған.
Отаршылдық езгіден құтылдық деген жұмысшы-шаруалардың асқақ сезімі олардың жаңа өкіметке деген наным-сенімдерін арттыра түсті. Еңбекші қауымды осындай бір мақсатқа жұмылдыра білген газеттің ролі зор еді. Тасқа басылған сөздің мұсылмандар үшін пайдасы мен пайымы да күшті болды. Верныйда Кеңес өкіметі қызыл жалауын тіккен күннен-ақ газет өз идеяларын қалың бұқараға жеткізуге жұмыла кірісті. Оның алғашқы шаралары бірден белгіленді. Қазан революциясының мәні мен мазмұнын жеткізу тек газет арқылы ғана мүмкін еді. Халық жиналған жерлерде партия жетекшілері жалынды сөздерін аянып қалған жоқ. Иә, 1918 жылғы 3 наурызда большевиктердің қарулы көтерілісі Верныйда өз қарсыластарын талқандап, толық жеңіске жетті. Сол күннен бастап олар өз газетін ұйымдастыру мәселесін алға қойған болатын. Сөйтіп, сол жылы 8 наурызда орыс тілінде «Заря Свободы» (қазіргі «Огни Алатау» газеті) дүниеге келді. Бұл газеттің 80 нөмірі ғана шығып, 1918 жылдың 18 маусымында тоқтатылған еді. Өйткені, бұл газетте большевиктердің идеясына, ұғымына жат ұлтшылдықты, дінді уағыздайтын материалдар жарияланып отырды. Бұл газет көпшілік сұранысына ие бола бастады. Газет большевиктер партиясының іс-қимылы мен жетістіктерін түбегейлі мадақтады. Ортақ жаумен бірлесе күресуге шақырды. Аталмыш басылымда революционер-большевик Тоқаш Бокиннің «Қазақ жолдастар» деген үндеуі жарияланды. Ол үндеуде қазақ халқының алдында жаңа заманның есігі ашылғандығы түсіндірілді. Жаңа дәуірдің жұртшылықты жарқын заманға бастайтыны, болашақта бұқара халықтың ұлы мақсаттарға жететіндігі баса жазылады.
Кеңес үкіметіне деген қарсы, жалған пікірлеріне сенбеуге шақырды. Бұл «Заря свободы» газетінде қазақша басылған алғашқы мақалалардың бірі еді. Коммунистік партия өзінің өкімін жүргізу үшін ұлт мәселесін жан-жақты ойластырды. Белсенділерді ішке тартты. «Ортақ жауымыз− үстем тап» деп ұрандады. Сондай ұраншылардың астына тақ беріп, ел басқартқызды. Осылайша ұлт аймақтарында ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты құрылды, бұл өзі көпсалалы ұйым. Соның бір бөлімі- «Мұсылмандар бюросы» деп аталып, қолына «саясатқа малынған қаламмен» қатар аңдаусызда маңдайға соғатын «сойыл» ұстатты.
Бірден қазақ тілінде газет шығару қиын еді, себебі, ол кезде қалада полиграфиялық база да жоқ еді, қазақ тілінде жазатын кадрлардың басын да қоса алмады. Тек орыс тілді газет редакциясы жанынан қазақ тілінде материал әзірлейтін арнаулы бөлім ғана құрылып, ол өз тілімізде ақпарат құралын шығарудың дайындық жұмысын жүргізді. Көп ұзамай қазақша газеттің іргетасы қаланды да, 1918 жылдың 21 маусымында оның тұңғыш нөмірі жарыққа шықты. Ол «Жетісу ісші халық мұқбірі» ( дұрысы «Жетісу еңбекші халқының хабаршысы ») деп аталады. Осы өңірдегі тұңғыш қазақ газеттерінің редакторы болып Сабыржан Шәкіржанов тағайындалды. Редакциялық ұйымға алты адам бекітілді, оның құрамына большевик Сабыржан Ғаббасов енгізілді. Бұрын «Айқап» журналына тілші болып, журналистік тәжірибе жинақтаған ол газет шығару ісіне көп көмек көрсетті. Сөз жоқ, ұлт тіліндегі бұл газеттің сол тұстағы маңызы ерекше. Дербес басылым игілікті істің бастауы еді. Кеңес өкіметінің мақсаты мен рөлін, саяси бағыттарын бұқара халыққа жеткізудегі маңызы ұшан-теңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz