Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Қазақ орыс ғалымдары - Ахмет Байтұрсынұлы туралы . . .
2 Ахмет Байтұрсынұлының фонетикалық еңбектері - түркологиялық зерттеулердің негізі . . .
3 Ахмет Байтұрсынұлының грамматикалық зерттеулерінің жаңашылдығы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
А. Байтұрсынұлы - ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А. А. Реформатскийдің, А. Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары - Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары - Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары - Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады .
1 ҚАЗАҚ ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТУРАЛЫ
Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы қырық-отызыншы жылы - қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз, ұлт мәдениеті, үлкен әдебиет, қазақтық ғылым, білім де - бәрі шын мәнінде осы кезде ірге көтере бастады. Бәрінің де кейін қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет Байтұрсынұлы тікелей мұрындық болды. Сондықтан да, осы қырық-отыз жылды қазақ өркениетінің “Байтұрсынов дәуірі”, “Байтұрсынов ғасыры” десе де болады.
Ғылым жалпы өзінің филология және тарих сияқты салаларынан бастап дами бастайды. Демек, этнос атаулының қай-қайсысының да ғылыми өзін танудан бастау алады. Және қай халықта да түрлі ғылым салалары ешқашан “қол ұстаса” қатар тумайды. Жапа тармағай бір мезгілде қалыптаспайды. Мұндай да, әдетте, алдымен кейбір қоғамдық ғылым салалары сараланып шығады. Қазақта да мысалы солай болды: бүгінгі бүкіл қазақтық ғылымның көген басы ретінде әуелі тіл білімі, әдебиеттану бой көрсетті. Бұлардың әрқайсысының өз алдына жеке дербестеніп кетуіне Ахмет Байтұрсынұлы ұйытқы болды. Бұларға кешікпей ғылымның тарих және этнология сияқты тарамдары келіп қосылды. Бәрі осылай бірте-бірте құрала келе Академиялық орталыққа айналды. Мұның да тұңғыш төрағасы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол ұлт ғылымының көшбасшысы ретінде, міне, осылай танылды. Сондықтан да оны Елдос Омаров “первый светоч науки” деп атады.
Мысалы, Сәкен Сейфуллин Ахмет Байтұрсынұлының 1923 жылғы мерейтойына орай жариялаған, “Ахмет Байтұрсынұлы 50-ге толды” деген көлемі үш-ақ беттей болатын мақаласында “Ахмет Байтұрсынұлы . . . оқығандардың арасынан халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі”, “ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді”, “қазақ халқының намысын жыртып, арын жоқтады”, “қазақ халқының арын, намысын жоқтап . . . ”, “Ахмет халықтың арын іздеп, сол өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен” /29, 43/, - дей отырып, халық намысы, ұлт намысы, ұлттың ары, халықтың ары тіркестерін бірнеше жерде қайталап қолданады. Бір қызығы бұл мақаланы Сәкен Сейфуллин Манап Шамиль деген бүркеншік атпен жариялаған көрінеді.
Ахмет Байтұрсынұлы Мұхтар Әуезовтің айтуы бойынша, “қазақ жұртының оқыған азаматтарының тұңғышы. Оның қызметі - қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш - мәңгілік ескерткіш”, - дейді.
Осы жерде Генрих Гейненің мына бір дана сөзі еске түседі: “Алмастың ажарын алмас ашады”. Шынында солай. Ахмет Байтұрсынұлының “ажарын” “қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген”, “қазақ жұртының оқыған азаматтарының тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі”, - деп М. Әуезов ашты. Өзінің “Қазақтың бас ақыны” мақаласында “Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Маңызды, мағыналы болуына білім керек. Абайда осының үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абай сөздерінің дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ”, - деп, Абайдың “ажарын” Ахмет Байтұрсынұлы ашты.
Мәселен, Мұхтар Әуезов “Ақ жол” газетінің 1923 жылғы 4 ақпан 270-ші санында жариялаған “Ақанның елу жылдық тойы” деген мақаласында, Ахмет Байтұрсынұлының орыс досы Алекторов туралы аз ғана мағлұмат беріп кетеді. Онда: “1896 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Омбыда Ақмола, Семей школдарын басқарып тұрған Алекторов пен хабарласып, Омбыға барған. Ақаңның Қостанайдан кетуіндегі себептерінің көбі бізге белгісіз. Кетуінің бір себебі қазақтың басқа жерлердегі хал-жайын көріп, білу болса керек. Омбыға барып, Алекторовпен көрісуі Ақаңның кейінгі күндегі адамшылығы мен ісіне екі түрлі әсер берген. Біреуі - Алекторовтің қазақ турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар, атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін оқу керек деген саясатты тұтынып жүргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтің ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кезде ояна бастаған.
Алекторовпен танысудың екінші әсері - Ақаңның жолы ашылып, бұрынғы білім-өнер жүзіндегі шала біліп, көмескілеу түсініп жүрген нәрселерін таза білуіне себеп болған .
Ал, Телжан Шонанов болса: “Ахмет Байтұрсынович бескорыстно отдавшего всю огромную силу своего таланта на служение киргизскому народу с тех самых пор, как стал жить сознательной жизнью”, - дейді /31, 104/. А. Н. Самойлович “Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиялық және библиографиялық басылымдарда және Шығыс әдебиетінің І басылымындағы “Түрік халықтарының әдебиеті” атты материалында А. Байтұрсынұлын қысқаша анықтамалық шолуға сыйғызған. Онда қазақ ғалымы туралы: “ . . . қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ грамматикасы және қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы” /32-77/, - деп көрсетеді.
Сонда, Имаханбетова Райхан Сахыбекқызының айтуынша, 1919 жылы А. Н. Самойловичтің “Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович” туралы берген анықтама - ақпаратын бірінші танымдық ғылыми бағалау екені басы ашық дүние. Бұл қазақ ғалымы туралы жазылған тұңғыш ғылыми сипаттама. Орыс ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы туралы тұжырымын “қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы”, - деп түйіндеген дейді
А. Н. Кононов болса, Ахмет Байтұрсынұлы өміріне тоқталып, оның қамауға алынғаны жайлы мәліметтерді қосып, И. А. Крыловтан 40 мысал аударған, “Қазақ” газетінде бас редактор болған. 1925 жылы жоғарғы оқу-орындарында сабақ бергені жайлы айтады. А. Н. Кононов: “ . . . автор усовершенствованный казахской азбуки, созданной на основе арабского алфавита; им же написаны (на казахском языке) учебники по фонетике, синтаксису и этимологии казахского языка, а также по теории словесности и истории культуры. Все перечисленные труды написаны по-казахски”, - деп сипаттайды /34, 18/.
1924 жылы Ахмет Байтұрсынұлы түрлеген қазақ әліпбиін профессор Е. Д. Поливанов Ортаазия мемлекеттік университетінің бюллетенінде жарияланған “Жаңа қазақ-қырғыз (Байтұрсындық) орфографиясы” (“Новая қазақ-киргизская (Байтурсуновская) орфография”) атты мақаласында: “ . . . енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жекелеген ұлттық графика”, - деп бағалаған.
Академик А. Н. Кононов 1974 жылы ғалымға берген сипаттамасы ішінде: “Мәдениет тарихын жазған” деген /34, 80/ мәліметтер бар. Әсіресе, түркітанушы ғалымның Қазақстанда А. Байтұрсынұлының атын ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақытта “Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі” атты кітапқа қазақ ғылымы туралы толыққанды ақпар беріп, “қара тізімге ілінген” тарихи тұрғыдан әділ бағалануы ерекше факт болып табылады.
Көрнекті ғалым Т. Қожекеевтің “Халқымен қайта қауышты қайран ерлер” (1991) атты мақаласына сүйенсек, 1967 жылы Америкадағы Колумбия универсиетінің профессоры Эдвард Олуорд, Ян Муррей, Мэтли Карл, Х. Мэнгес өз шәкірттерімен бірлесіп, Нью-Йоркте ағылшын тілінде “Орталық Азия орыс билеген ғасырда” (“Центральная Азия в век русского правления”) деген кітап шығарған. Осы кітапта Орта Азия халықтары мен қазақ халқының экономикалық, саяси, мәдени даму жолдары туралы олардың ұлттық сезімінің оянуы, интеллектуалдық жағынан өсуі, әдебиеттің даму жөнінде, әсіресе, әр халықтың осы үлкен саяси істерде зор қызмет көрсеткен қайраткерлері туралы мол мағлұмат берілгені айтылады. Сол тұста өз елінде “халық жауы” деп жүрген Ахмет Байтұрсынұлы туралы 16 беттік пікір білдіргені, онда оның саясат, әдебиет, мәдениет майданындағы ерлік істерін ерекше бағалап жазылғандығы айтылады .
Орыс тілтаным зерттеушілерінің назарына ілініп, аса жоғары бағаланған тұсы Ахмет Байтұрсынұлының фонологиялық шешімдері еді. Н. Ф. Яковлев “ . . . применение тождественного способа сокращения числа букв в алфавите к одному из тюрко-татарских языков, именно казахскому (быв. киргизскому), полностью сохранившему закон так называемого “сингармонизма”, - способа, интутивно изобреттеного одним из местных культурных работников - казахов, Байтурсыном . . . дает новое поле для совершенно безупречного употребления выведенной формулы”, - /36, 144/ деп теориялық тұрғыдан бағаласа, екінші жағынан А. М. Сухотин мен К. К. Юдахин “ . . . способ выражения парности гласных через согласные, дополненный введением особого знака смягчения, мы видили в казахской “байтурсыновской” орфографии . . . ” /37, 158/, деп практикалық тұрғыдан бағалап жатыр.
Көбей Хұсайын: “В. В. Виноградов 1962 жылдың күзінде әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филолгия факультетінде орыс тіл білімінің өзекті проблемалары және лингвистикадағы қазіргі бағыттар туралы бірнеше қызықты дәріс оқыған еді. Ғалым лингвистикалық терминологияның даму, қалыптасу жайын сөз еткен тұста тіл білімінің қай кезеңінде де бұл процестің өте күрделі болғанын атай келіп, “бір немесе бірнеше ғылыми термин жасаған адамға ескерткіш қоюға болады”, - деген еді. Академиктің дәріс арасындағы бір әңгімесінде студенттер оған қазақ тіл білімі терминдерінің көпшілігін бір-ақ адам - Ахмет Байтұрсынұлы жасағанын айтты. В. В. Виноградов бұған таң қалып, сенерін де, сенбесін де білмегендей сыңай танытты”, - дейді.
Сондықтан, терең ойлы оқымысты ғалым, ұлы ұстаз, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін ғылыми негізде, өз дәуірі тіл білімінің теория мен практикалық жетістіктерін қамти отырып, үлкен ғылым саласы ретінде алдымен ұлтымызға, одан соң бүкіл әлемге өз тілімізді танытты. Қазақ тілінің негізін құрайтын басты салаларды қамтып, оның ішінде - дыбыстық жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін өз тілімізде алғаш рет сипаттай отырып, көптеген теориялық мәселелердің басын ашып, терең де зерделі тұжырымдар айтты.
Кеңесбай Мұсаұлы зерттеуінше, 1926 жылы І Бүкілодақтық түркология құрылтайында Ахмет Байтұрсынұлының екі баяндамасы мен жарыссөзде сөйлегеніне академиктер В. В. Бартольд, Е. Поливанов, А. Н. Самойловичтер көп назар аударды. Ахмет Байтұрсынұлы солардың деңгейінде ғылыми сөз жарысына қатысып, құнды пікірлерін ортаға салып отырды. Оның орфография, терминология мәселелері бойынша баяндамалары қабылданған қаулылардың негізі болды.
І Бүкілодақтық түркология құрылтайында қазақтар (Ахмет Байтұрсынұлы, Н. Төреқұлұлы, Е. Омарұлы) орысша сөйлеп, жұртқа терең білімін көрсетті. Басқа түркі халықтарының тіл мамандары негізінен ана тілінде сөйлеген еді .
Махамбет Жүсіпұлы: “Сингармопозициялық көзқарас пен фонема - сингармодыбыстар ұғымы Ахмет Байтұрсынұлының да, Москва фонология мектебінің де теорияларының негізгі принциптері”, - болып келеді дейді.
Сонда фонема-дыбыстар қоры ұғымы Москва фонология мектебінің теориясына Н. Ф. Яковлевтің “Математическая формула построения алфавита. Опыт практического приложения лингвистической теории” атты мақаласы арқылы енді. Бұл мақалада Н. Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының сингармоалфавитін зерттеп, оған өте биік ғылыми баға берген. Ахмет Байтұрсынұлының сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясын - “лингвистическое изобретение”, яғни сол кездегі тіл білімі саласындағы ұлы маңызы бар жаңалық деген. Н. Ф. Яковлев мақаласында Ахмет Байтұрсынұлының негізгі ойларының бірін айқын көрсете білген. Ол пікірдің ғылыми негізі мынандай: түркі (қазақ) тілінде жеке жуан, жіңішке сингармофонемалар болмайды: жуан, жіңішке дыбыстар бір сингармофонеманың позициялық түрлері. Олар сөйлесім процесінде сингарможуан, сингарможіңішке сөздердің құрамында дыбысталады (бірақ мақалада ой кеңінен дәлелденіп баяндалғанымен, Ахмет Байтұрсынұлына сілтеме берілмеген) . Сонымен, 16 жылдан кейін Н. Ф. Яковлев А. Байтұрсынұлының дыбыс туралы ойын өзінің мақаласында орыс тілінде қайталады.
Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми ізденісінде фонологиялық ұғымдарды анықтаумен шектелмей, оларды жан-жақты нақ зерттеді, оларға сингармониялық түсінік берді, мұндай сингармофонологиялық ірі зерттемелерді Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің тарихында бірінші болып жасады. Сонымен, фонологияның осы үлкен екі ұғымы Москва фонология мектебінің теориясына Н. Ф. Яковлевтің мақаласы арқылы енді, ал Н. Ф. Яковлевтің мақаласына Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері арқылы енді. Яғни шығатын қорытынды Н. Ф. Яковлевтің мақаласы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми ілімі мен Москва фонология мектебінің ғылыми ілімі арасындағы пікір жеткізетін көпір болды.
Көбей Хұсайын: “Тіл білімінде тіл дыбыстары мен оның құрылыстарын қарастыратын саласы фонология деп аталады. Қазақ тіл білімінің алғашқы фонологы - Ахмет Байтұрсынұлы. Оны ғалымның өзі түзген әліпбиінен көруге болады”, - дейді.
Сонда, Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде фонема туралы түсінікті толық анықтаған. Сол ұғымның көрсеткіші ретінде “дыбыс”, “әріп” сөздерін қолданған. ХХ ғасырдың бірінші ширегінде және одан кейінірек те мамандар арасында мұндай сөз қолданыс жиі кездесетін еді. Бір ғылыми ұғымды білдіретін сөздің орнына екінші басқа ғылыми ұғымды атайтын сөзді пайдалану ұлы ғалымдарда да кездеседі. Мысалы, М. В. Ломоносов “дыбыс” терминінің орнына “әріп” терминін де қолданған.
Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде жарияланған еңбектері мен Н. Ф. Яковлевтің 1926 жылы жазылып, 1928 жылы жарияланған мақаласында екі тамшы судай біріне-бірі ұқсайтын пікірлер, ғылыми тұжырымдар кездеседі. Дәлел ретінде М. Жүсіпұлы сол еңбектерден бірнеше мысал келтіреді:
1. Ахмет Байтұрсынұлы: “ . . . дауыссыз дыбыстар жуан айтылса - олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса - дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы” (Байтұрсынов, 1912; 1992. 381-б)
Н. Ф. Яковлев: “ . . . твердость гласных в этих примерах всегда сопровождается твердостью приведенных согласных ”. (Яковлев, 1928; Реформатский, 1970. 145-б) . Н. Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының ойын, сөздерін бұлжытпай қайталап тұр. Ал, егер Н. Ф. Яковлевтің цитатасын қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, ол жағдайда Ахмет Байтұрсынұлының ойы қаз қалпында сақталып тұрады. Мысалы, бұл мысалдарда дауыстының жуандығына дауыссыз жуандығы үйлеседі, дауыстының жіңішкелігіне дауыссыздың жіңішкелігі үйлеседі.
2. Ахмет Байтұрсынұлы: “ . . . сөз екі түрлі: бір түрі жуан, екінші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке болады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір-ақ түріне кіреді” (Байтұрсынұлы, 1912; 1992. 390-б) .
Н. Ф. Яковлев: “ . . . как гласные, так и парно различаемые по признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах одного и того же слова могут быть в языке этого типа или только твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах одного и того же слова не может быть одновременно и твердых, и мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в языке парное различение по твердости-мягкости (Яковлев, 1928; Реформатский, 1970. 145-б) . Н. Ф. Яковлевтің бұл сөздері де Ахмет Байтұрсынұлының ойын қайталайды. Егер осы айтылған ойды қазақ тіліне аударсақ, мағыналық өзгерістер сезілмейді, бірақ Н. Ф. Яковлевтің осы ойды жазғанында, көп сөзділікке ұрынып кеткендігі айқын байқалады.
Сонда, Н. Ф. Яковлев еңбегінде математикалық формулаға бөліп, ұсынған алфавит жасау принциптері, ғылыми тұжырымдары Ахмет Байтұрсынұлының алфавит жасау принциптерінен айнымайды. Бар айырмашылығы - тек жазу, дәлелдеу дағдысында: Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алфавит жасау принциптерін, ойларын математикалық формулаларының таңбаларымен белгілемесе де, математикалық дәлдікпен берген, сондықтан ғылыми ізденістерінің қорытындылары көпшілікке түсінікті, ұтымды шыққан: Н. Ф. Яковлев сол принциптерді, ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайдаланып жасаған. Н. Ф. Яковлев математикалық формулаларды қолданып жазған алфавитінің құрамындағы әріптер санының Ахмет Байтұрсынұлы алфавитінің құрамындағы әріптер санынан айырмашылығы жоқ десек болады. Мысалы, Н. Ф. Яковлевтің зерттемесінің қорытындысы бойынша, алфавиттегі әріптер саны 23-тен 28-ге дейін (алдымен 28, кейін 25, соңында 23 деген) . Мұндай қорытындыны Н. Ф. Яковлев жаңа, ешкімге белгісіз принциптерді қолданып жасаған жоқ. Қолданған принциптері дәл Ахмет Байтұрсынұлынікіндей. Ал, әріп санының айырмашылығының себебі мынада: Ахмет Байтұрсынұлы қ-ғ, к-г дауыссыз дыбыстарын жеке фонемалар деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да, артикуляция жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие, сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н. Ф. Яковлев бұл дауыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері деп түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған.
Сонымен, Н. Ф. Яковлевтің алфавит жасау математикалық формуласына негіз болған пікірлер мен принциптер тікелей Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығымен байланысты. Н. Ф. Яковлев бұл туралы былай деп жазған: “изобретенный . . . Байтурсыном . . . ”/36, 146/. Сонда, ғылыми принциптерді бірінші болып тіл білімі тарихында қолданған ғалым да - Ахмет Байтұрсынұлының өзі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz