Шымкент қаласы Тауке хан даңғылындағы компьтерлік қызмет көрсету орталығы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
1 Кіріспе . . .
1. 1 Мекеменің тарихы . . .
2 Кәсіптік іс-тәжірибенің мазмұны . . .
2. 1 Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі . . .
3 Студенттің өзіндік жұмысы:. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4 Қорытынды . . .
5 Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Менің іс тәжірибем Шымкент қаласы Тауке хан даңғылындағы Компьтерлік қызмет көрсету орталығында өтті. Менің тәжірибелік жұмысым берілген мекеменің білім мен жаңа технологиялар орталығында 24. 07. 06ж басталып 2. 09. 06ж өтілді. Іс тәжірибелік жетекшім берілген орталықтың директорлық қызметің атқаратын Досжанов Марат болды.
Жалпы мекеменің тарихына келетін болсақ «Copy Land» компьтерлік қызмет көрсету орталығы 2002 жылы Досжанов Мараттың бастамасымен құрылған болатын. Мемлекеттік басқару органымен Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуды уәкіл етеді. Яғни берілген кәсіпорын халықты оның ішінде жастарды, мүгедектерді, оралмандарды жалпы жұмысссыз қауымды жұмыспен қамту іс шараларымен айналысады.
Бұл орталық өз қызметінде яғни білім беру қызметінде жоғары деңгейлі әрі қазіргі заман талабына сай техниканы қолданып және сонымен қатар шетелдерде берілетін оқу жүйесіне сүйене отырып оқу процесін жаңарту жұмыстарын жоспарлауда.
Жалпы орталық еңбек нарқына бәсекелес ұлттық кадрлар :
- Электронды есептеуіш машинаның операторы - компьютерлік техниканы жөндеуші.
- Эем - операторы WEB дизайнері.
- Интернет маманы, компьютерлік графика және дизайн.
- Сауда және жарнама агенті.
- Саяхат комплекстерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырушы.
- Фотограф.
Сияқты мамандарды кеңінен ұсынады. Жалпы мекемеде осы мамандықтар үшін жаңа және керекті, әрі сапалы техникамен жабдықталған. Сонымен қатар мекеме өз оқушыларына төлем ақысында жеңілдіктер жасап отыр. Әр мамандықтарда оқушыларға арнап іс тәжірибелік сабақтарға да жеке уақыт та бөлінген. Сонымен қатар орталық үлгілі әрі оқуда озат оқушыларға арнайы жұмыс орындарын бөліп береді. Әр кез-келген мамандықта оқушыларға арнап компьютерлік сауаттылық сабақтары өтіледі. Онда компьютердің маңызды программаларымен қатар интернет желісінде жұмыс істеу сабақтарына да сағат бөлінеді.
Кәсіптік іс-тәжірибенің мазмұны
Мен Торубаев Ғ. Ж. жазғы кәсіптік іс-тәжірибемді «Copy Land» компьтерлік қызмет көрсету орталығында 24-ші маусым мен 2-ші қыркүйек аралығында өткіздім. Кәсіптік іс-тәжірибені бұл компьтерлік қызмет көрсету орталығы өткізу үшін біріншіден міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережесін білу қажет болды. Сондықтан алғаш компьтерлік қызмет көрсету орталығына барған күні техника қауіпсіздік ережесі өткізілді. Сол сабақ өткізіліп болғаннан соң компьтерлік қызмет көрсету орталығына кіруге рұқсат берілді. Онда да тек компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөліміне ғана кіруге мүмкіндік болды.
24-25. 07. 06. Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Жалпы бұл күні бізге орталықтың техника қауіпсіздік ережелерінің барлық саласымен таныстырды. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
- Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
- Электрлік тоқпен зақымдалған студентке әрбір студент бірінші көмек көрсете білу керек
- Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
- Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бір қалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
- Студенттер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу керек.
- Суланған қол, ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды.
- Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының құралдарымен жұмыс істеуге болмайды.
- ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек.
- ЭЕМ-ді іске қосып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп жолдастарының назарын аударуға болмайды.
- ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды.
- ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жоқ.
- ЭЕМ бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.
26-27. 07. 06. Компьтерлік қызмет көрсету орталығындағы компьютерлермен байланысы бар жұмыс орындарымен танысу. Бұл өндіріс орнында компьютермен байланысы бар бөлімдер саны өте көп емес, кадрлар бөлімінде компьютермен жұмыс істейді, арнайы компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі бар, ксерокөшірме орталығы бар, т. б. Біздің өндірістік іс-тәжірибемізді өткізген бөліміміз компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі. Бұл бөлімде төрт компьютер орны берілген және алты қызметкер жұмыс істейді. Компьютерлер соңғы технология бойынша жұмыс істейді. Әрқайсысы соңғы моделдегі компьютерлер және жаңа бағдарламалық тілдермен жабдықталған.
28. 07. 06-. 1. 08. 06. Өндіріс орнының бас қызметкерлерімен, тарихымен және экономикалық, техникалық қамтамасыздандыру шараларымен танысу. Бүгінгі таңда компьтерлік қызмет көрсету орталығы қуатты әрі қазіргі заман талаптарына сай құрылған орталық.
Біздің барған бөлім бұл компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі, бұл бөлімнің бас қызметкері Досжанов Марат бас программист қызметін атқарады. Өндірістің өзінің кітапханасы бар, бізге оның көптеген көмегі тиді. Сонымен бірге бізге басшылық қылған үш қызметкер болды, олар- Рысқұлов Қуаныш, Байменов Ғалымжан т. б. Рысқұлов Қуаныш компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінің бас маманы. Сол бөлімнің ішіне кіретін мамандардың барлығы Досжанов Мараттың қарамағына кіреді.
02-4. 08. 06. Компьютердің мінездемелерімен және Internet желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ. Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да, мүмкіндігі де өз қалауыңша.
05-08. 08. 06. Өндіріс орнында қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасау. Қолданылатын бағдарламалардың саны шексіз деп айтып кеттім, егер оларды айтып кетер болсақ, олар - DirX, Outlook Express, Windows Messenger, Nero, Corel Graphics Suite, Microsoft FrontPage, Delphi, Visual basic секілді бағдарламалар. Алғашқы қолданған бағдарлама Borland Delphi бағдарламалық тілі болды.
09-12. 08. 09. Негізі көбінесе Microsoft Word-пен, болмаса Microsoft Excel бағдарламаларымен жұмыс жасадым. Сонымен қатар өзімнің өзіндік жұмысыма байланысты Delphi - бағдарламасында жұмыстар атқардым.
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т. б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
- емтихан ведомостары;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т. б. ) .
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі - оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры - құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер - күрделі жұмыстар.
13-21. 08. 06. Интернетте жұмыс жасау. Интернет ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өту керек.
Internet ішінен керекті мәліметті іздеп табуға WORLD WIDE WEB (WWW не WEB), яғни “ дүниежүзілік өрмек “ информация іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат” жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең таралған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзімізге қажетті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз. Бірақ қажет болса кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гиперсілтеме деген не деген сұраққа жауап беретін болсақ. Егер сіз Windows жүйесімен көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Micintosh компьютерінің Hiper Hard файылын көрсеңіз, сол гиперсілтеме мысал бола алады.
Интернетке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
Интернет информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін интернеттегі жүйенің номерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесінен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
21. 08. 06. - 29. 08. 06. Microsoft Exel программалық терезесімен жұмыс жасау. Exel кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрде берілген мәліметтер арқылы эксперементтер жүргізу т. б мүмкіндіктер беретін Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
Exel электрондық кестесі жазылған әр бір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналыды.
31. 08-03. 09. 06. Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, отчет жазу. Компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінде бізге практиканттарға әрқайсысымызға бір компьютер орнынан берілді. Файлдар мен бумалар тізбегін экранға шығару бағдарламасын жасап болғаннан кейін осы жасаған бағдарламамыз жөнінде отчет жаздық. Отчет жазуда Microsoft Word бағдарламасын қолдандық. Microsoft Word бағдарламасында негізі кез келген тексттерді, құжаттарды теруге болады. Сонымен бірге математикалық формулалары бар тексттерді де жазуға болады. Біздің бөлімде бағдарламалардың барлығы соңғы үлгідегі бағдарламалар деп айтып кеткенмін, бөлімдегі қолданылатын Microsoft Word бағдарламасы 2003-ші жылғы, яғни Microsoft Word 2003 бағдарламасымен жұмыс жасадым.
3 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ: АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3. 1 Берiлгендер қорын басқару жүйелері. БҚ-мен жұмыс.
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т. б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
- емтихан ведомостары;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т. б. ) .
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі - оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры - құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер - күрделі жұмыстар.
Соңғы кездерде кестелерден тұратын берілгендер қорын құрып, оларды өңдейтін көптеген программалар жүйесі дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері деп атайды. Белгілі берілгендер қорын басқару жүйелер:
dBase, FoxBase, FoxPro, Paradox, Access, т. б . 2 .
3Database Desktop утилитасы .
Берілгендер қоры кестесі Dlephi құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша программасы (утилитасы) арқылы құрылады:
- Tools - Database Desktop (Сервис Берілгендер қоры жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді (1. 6-сурет) .
2. 6-сурет. Database Desktop терезесі
- терезеден File - New - Table (Файл-Жаңа-Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматын таңдау (Paradox не dBase) . Алғашқы рет Paradox7 форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді (1. 7-сурет) .
1. 7-сурет. Кесте форматын таңдау
- Paradox7 форматымен келісіп, ОК түймесін шерту (онда пайдалануға болатын өріс типтері жеткілікті) . Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің номері жазылып қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді (1. 8-сурет) .
1. 8-сурет. Өрісті сипаттау терезесі
- екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс символдық типті болса ғана енгізіледі) . Өрісті кілттік ету қажет болса, оның бесінші бағанда (Key) көрсетілуі тиіс. Ол «*» символы арқылы белгіленеді (жалпы, кілт Delphi-де және MS Access сияқты арнайы берілгендер қорын басқару жүйелерінде кеңінен пайдаланылады) .
3. 3 Берілгендер кестелерін құру
Мысалы, Database Desktop арқылы Пункт коды, Абонент аты-жөні, Сөйлесу уақыты, Төлем ақы сомасы, Пункт атауы, Сөйлесу күні құрылымды Peregovor. db кестені (1. 1-кесте) құру үшін алдымен өріс атауын сипаттау терезесін 1. 9-суреттегі сияқты толтыру керек.
1. 1-кесте. Peregovor. db
1. 9-сурет. Өрістер сипатталған терезе
Кестеде берілгендер адресі жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өріс деп, жолды жазу деп те атайды.
Ескерту. Ескерту ретінде біз мыналарды әрқашан есте ұстауымыз керек:
- Өріс атауының ортасына нүкте (. ) символы енгізілмегені жөн;
- Өрістерді сипаттау немесе дайындау терезесінің бірінші бағанында автоматты түрде атаулардың реттік номерлері көрсетулі тұрады. Оларға көңіл бөлмеу керек. Кезекті өріске мән енгізілген соң Enter не сәйкес курсорды басқару клавишінің басылуы тиіс. Курсор келесі өріске орналастырылып қойылады;
- Үшінші бағанға өріс типінің (Туре) енгізілуі тиіс. Ол үшін курсор бағанда орналасқан соңБос орынклавишін басу керек. Таңдалған Paradox форматында пайдаланылатын тип атаулары тізімі көрінеді (2. 2-кесте) . Тізімнен қажетті тип таңдалуы тиіс. Оның бір әрпінен тұратын қысқаша белгілемесі курсор орналасқан орынға орныластырылып қойылады. Мысалы, CompNameөрісі - символдық типті, таңдалған тип - Alpha. Ол таңдалған кезде өріске тип белгілемесі (А) енгізіліп қойылады;
- Кестені толтыруға, берілгендерді редакциялауға мүмкіндік беретін Table-Edit Date (Кесте-Берілгендерді редакциядау) командасын беру (аспаптар панелінің аттас клавишін басуға да болады) . Сomputersатауының астына 1 саны жазылып, курсорКомпьютер атыөрісіне орналастырылып қойылады.
- Өрістерді толтыру.
- Терезені жабу.
Ескерту ретінде бір-екі сөз:
- Кестені толтыру кезінде бір өрісіне өзгерту енгізу қажет болса, алдымен осы өріске курсорды орналастырып, Table-Edit Dataкомандасын қайта беру керек.
- Database Desktop утилитасына қазақ шрифтін қосу. Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Database Desktopмәзірінен Edit-Preferences (Редакциялау-Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезеніңGeneral(Негізгі) қосымша бетіненChange(Өзгерту) түймесін шерту керек (1. 10-сурет) .
1. 10-сурет. Шрифті таңдау терезесі
ChangeFont (Шрифті өзгерту) терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті, мысалы, KZ Times New Roman шрифтін таңдап, OK түймесін шерткен кезде «Бұл әдіспен орнатылған өзгерістер Database Desktop утилитасын жауып, қайта қосқанда ғана орындалады» ескертпесі жазылған сұхбаттық терезе шығады. Оның ОК түймесін шертіп, ескертпені орындаса болғаны.
3. 4 Delphi ортасында берілгендер базасын
дайындаудың негізгі кезеңдері
- Мәліметтер кестесінің құрылымын дайындау және сипаттау;
- Кестелер арасындағы байланыстар жүйесін тағайындау және мәліметтер схемааасын дайындау;
- Берілгендер базасы кестелеріне сұранысжүйелерін дайындау және оларды мәліметтер схемасына интеграциялау;
- Мәліметтердіенгізу/шығарудың экрандық формаларын дайындау;
- Мәліметтер бойынша есептер жүйесін құру;
- Берілгендер базасының программалық кеңейтулерін ондағы спецификалық есептерді шешу мақсатында дайындау;
- Мәліметтерді қорғау, құқық және жұмыс істеуді шектеу жүйелерін құру.
3. 5 Жұмыс мағынасын сипаттау
Қызығушылық туғызып отырған зерттелетін нақты өмір бөлімін заттық облысдеп атайды.
Телекоммуникация саласындағы ақпараттық-іздеу бөлімінің құрылымын қарастырайық. Ақпаратық-іздеу бөлімінің операторы келесі мәліметтерді енгізумен айналысады:
- Тіркеу нөмірі
- Фамилиясы, аты-жөні
- Телефон нөмірі
- Мекен-жайы
- Төлем сомасы
- Пункт коды
- Пункт атауы
- Тілдесу ұзақтығы
- Тілдесу күні
- Тариф
Ақпараттық бөлімнің инспекторы периодты түрде абоненттер жөніндегі жаңа мәліметтерді ендіріп, есептерді жинақтап отырады.
Есептің қойылуы барысында есептің шешілу алгоритмі құрылды. Есеп PARADOX 7 берілгендер базасын басқару жүйесінің көмегімен шешілді.
Өзара байланысқан кестелерде орналасқан келесі мәліметтер ену/шығу мәліметтері болып табылады:
1 кесте - Abonent. db
2 кесте - Peregovor. db
3 кесте - Region. db
4 кесте - Peregovor. db
3. 6 Берілгендер базасын толтыру алгоритмін құру
Қажетті кестелерді құрып болған соң бұл кестелерді қажетті ақпаратпен толтыру және құрылған кестелерді өңдеу мәселесі туындайды. Әрбір кестеге арнап оны өңдеу процедурасы жазылады. Осыдан, модульдік программалау қажеттілігі пайда болады. Демек, бірден модуль аралық интерфейс сұрағы пайда болады. Мұнан басқа, бірден пайдаланушы интерфейсін құру қажеттілігі де пайда болады. Берілгендер базасын толтыру алгоритмін құрылымдық түрде былайша кескіндеу мүмкін:
2. 1-сурет. Берілгендер базасын толтыру алгоритмін құру
Әрбір кесте үшін осы кестені басқаратын өзіндік дербес модуль құрылады. Ол алдымен автономдық режимде тексеріледі, яғни осы модульдің берілгендер базасымен программалық және аппараттық түрдегі күтпеген жағдайлар үшін үйлестірілуі іске асырылады.
Жоғарыдағы сурет модуль аралық және пайдаланушы интерфейстерін кескіндейді және сонымен қатар толықтай программалық өнімнің құрылымы да көрініп тұр.
3. 7 Программаның толықтай жұмыс істеу алгоритмі
Модульаралық интефейстің жұмыс алгоритмін құрылымдық түрде былайша кескіндеуге болады.
Модуль аралық интерфейсті құру барысында келесі факторлар ескерілуі тиіс:
- пайдалану барысындағы көрнекілігі және қарапайымдылығы;
- программаның жұмыс істеу сенімділігі;
- жұмыс істеу жылдамдығының жоғарылығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz