Инвестициялық процестердің теоретикалық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 Инвестициялық процестердің теоретикалық негіздері 7

  1. Инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы,

түрлері 7

  1. Инвестициялар елдің экономикалық дамуының құрамдас бір

бөлігі ретінде 13

1. 3 Қазақстанда инвестициялық қатынастардың даму тарихы және

оның инвестициялық климатқа әсер етуі 17

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайын талдау 26

2. 1 ҚР инвестициялық климатын және инвестициялық процестер

жағдайын талдау 26

2. 2. Шетелдік инвестициялар мен халықтың жұмысбастылығы арасындағы өзара байланысының талдауы 37

2. 3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестердің дамуы мен тенденциялары 43

3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерді

жетілдіру 49

3. 1 Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы болатын

кедергілерді жою жолдары 49

3. 2 ҚР инвестициялаудың мемлекеттік реттеу механизмдерін жетілдіру 52

ҚОРЫТЫНДЫ 55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2, 7 млн шаршы метрді құрайды, бұл Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерінің территориясына пара-пар көрсеткіш. Бұрыңғы Кеңес Одағы ресурстарының 60% орналасқан Қазақстанның потенциалы өте жоғары. Тәуелсіздік алғаннан кейін, еліміздің шаруашылығы мен өндірісі күрт төмедеп, халқымыздың әл-ауқаты күрт төмендеп кеткен болатын. Дәл сол кезде Қазақстанның алдында сырттан капитал тартудан басқа жол болмады деп айтса қателеспейміз. Өйткені, мемлекетте ірі кәсіпорындар мен зауыттардың қалыпты жұмысын сақтап қалатын меншікті ақша ресурстары болмады. Мұнай мен газдың, металдардың, көмірдің және т. б. мол қорына қарамастан, Қазақстанға потенциалды инвесторлар күдікпен қарады. Өйткені, тәуекел деңгейі өте жоғары болды. Кеңес Одағы ыдыраған соң, еліміздің қаржы жүйесі, заңнамалық базасы, саяси тұрақтылығы әлі де қалыптасып үлгермеген болатын. Алғашқы инвестор болып, 1993 АҚШ-тың «Шеврон» компаниясы әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі Теңізді игеруге келді [1] . Осы уақыттан бастап еліміздің тарихында жаңа кезең басталды. Қазақстан экономикасы ең тез өсіп келе жатқан мемлекетке айналды. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД-да көшбасшы болды. Инвестициялар көмегімен еліміз тауар өндірісі мен шаруашылығын өз деңгейінде сақтай алмағанымен, өтпелі кезеңде біраз экономикалық жетістіктерге жетті. Қазір Қазақстанның шикізат ресурстары 8 трлн АҚШ долларына бағаланып отыр [2] . Бұл әлі жаңа инвестициялар тартуға потенциалдың өте жоғары екенін көрсетеді. Қазіргі жағдайда Қазақстан модернизация және экономиканың индустриалды секторын нығайту арқылы, өзінің дамуының жаңа сатысына шықты. Экономика дамуының жаңа сатысы қажет көлемде инвестициялық ресурстарды тартуды талап етеді. Қазіргі экономикалық жағдайды отандық шаруашылықта конъюнктуралық процестердің жақсаруымен, бірақ экономиканың нақты секторына керек қаражаттардың жеткіліксіздігімен сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену стратегиясы» жолдауында ұлттық дамудың барлық бағыттар бойынша басымдылықтарын анықтап берді. Олардың бірі - инвестициялық саясатты жетілдіру арқылы, инвестициялық ресурстарды тарту, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту жолымен әлемдік экономикаға интеграциялану. Жаңа индустриалды мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, нарықтық экономикаға өту процесі мемлекеттің инвестициялық процестерге белсенді араласуымен болған.

Менің таңдап отырған тақырыбымның өзектілігі инвестициялар Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында маңызды рөл атқаратынында болып отыр. Қазақстан қазіргі уақытта инвестиция тарту бойынша үлкен жетістіктерге жеткені сөзсіз. Енді бұл инвестициялар Қазақстанның индустриалды мемлекетке айналу мақсатына барынша көп үлес қосуы керек. Сондықтан, еліміздегі инвестициялық процестерді талдап, оған баға беру арқылы кемшіліктерін анықтап, тенденцияларды байқап, болашақтағы жағдайды болжау өте маңызды болып табылады. Өйткені, шикізат қорлары сарқылады және оларға баға тұрақсыз. Егер де әлемдік нарықта қатты өзгеріс болса, ұлттық экономика кері әсер өте үлкен болады. Еліміздің экономикасы шикізат бағасына тура тәуелді. Сондықтан экономикамызға жаңа сатыға өту қажеттілігі туындап отыр. Инвестициялар тарту ұлттық экономиканың экономикалық өсiмi мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдiк өндiрiстiк үдерiстермен ықпалдасуына ықпал ететiн аса маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Қабылдаушы елдiң экономикасына шетелдiк инвестициялар ағыны кәсiпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетiп, озық технологияларды тарта және олардың жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екi он жылдықта жаһандық инвестициялар үшiн бәсекенiң күшеюi байқалады, бұл өз кезегiнде мемлекеттiң алдына елдiң инвестициялар үшiн тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешендi шараларын әзiрлеу мен жүргiзу мiндетiн қояды.

Дипломдық жұмысымның мақсаты Қазақстанның инвестициялық процестерін талдау болып табылады. Талдау арқылы экономикада болып жатқан өзгерістерді анықтауға қол жеткізу. Бұдан келесідей міндеттер туындады:

  1. инвестициялардың Қазақстан экономикасында атқаратын рөлін анықтау;
  2. еліміздің инвестициялық климатын талдау;
  3. Қазақстанның инвестициялық процестерді талдау;
  4. шетел инвестицияларының жағдайын талдау, баға беру;
  5. инвестицияларды қолдануды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізін инвестиция бойынша отандық және шетелдік экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды. Жұмыста заңдық және құқықтық актілер, Президент жолдаулары, ҚР Үкіметінің жарлықтары кең қолданылған. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде ҚР статистика Агенттігі мен ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері, ҚР бірқатар министрліктерінің материалдары, шетелдік методологиялық және анықтамалық материалдары, шетелдік статистикалық органдарының ресми ақпараттары болды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі қарастырылған. Бірінші бөлімде инвестициялардың теориялық-методолгиялық негіздері қарастырылған, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында инвестициялық процестердің даму тарихы жайлы тарау бар. Диплом жұмысының екінші бөлімінде Қазақстанның инвестициялық климаты, еліміздің инвестициялық процестері талданды. Инвестициялық процестердің негізгі тенденциялары анықталды. Қазақстан экономикасында өте маңызды рөл алатын шетелдік инвестициялардың елдегі жұмысбастылыққа әсері зерттелді. Үшінші бөлімде еліміздегі инвестициялық процестерді жақсарту жолдары ұсынылды.

  1. Инвестициялық процестердің теоретикалық әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы, түрлері

Тарихи тұрғыдан инвестицияның маңызы мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін зерттеу қажет, сонымен қатар, түрлі мектептер мен ағымдардың пайда болуы мен олардың жаңалануын да назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар мен экономикалық теорияның дамуына байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да өзгеріп отырды. Мысалы, австриялық «шекті пайдалылық» мектебіне сәйкес, инвестиция айырбас, бүгінгі қажеттіліктердің болашақта өтелуіне қанағаттандыру деген мағынада түсіндіріледі. «Капитал салымы актісіне беруге болатын жалпы анықтама келесідей: болашақта инвестицияланған игіліктердің көмегімен күтілетін қанағаттандыруға бүгінгі қажеттіліктерді айырбастау актісін инвестициялауды түсінеміз- деп француз экономисі П. Массе өз ойын білдіреді. Мұндай әдіс алғашқыларға қарағанда болашақта неғұрлым көп пайда алу үмітінде қазіргі кездегі қажеттіліктерді айқындаудан бас тартуды қарастырады [3, 27б] .

Әдетте, «инвестиция» терминін жеке тұлға немесе корпорацияның белгілі бір мүлікті сатып алу түсінігіне балайды, кейде ол қор биржасындағы қағаздарды сатып алумен шектелуді де білдіреді.

Кейнсиандық мектеп өкілдері инвестицияларды инвестиция ресурстарына деген сұраныс мөлшері арқылы анықтайды. Инвестициялардың неғұрлым маңызды анықтамасын Дж. Кейнс ұсынған болатын: «Берілген кезеңнің өндірістік қызмет нәтижесінде өндіріс қаражат құнына қосылатын ағымдағы қосынды» яғни инвестициялар категориясының екіжақтылығының бар болуы. Бір жағынан инвестициялық ресурстар көлемінің берілуі, басқа сөзбен айтқанда, әлеуетті инвестициялық сұраныс. Екінші жағынан - капитал мүлігінің құнының өсімін анықтайтын шығындар түрі, яғни іске асырылған инвестициялық сұраныс пен ұсыныс. [4, 12б] .

Сонымен, инвестициялар негізгі, айналым немесе өтімді капиталдан тұратынына қарамастан өндіріс қаражаттарының әр түрлі өсімдерін қамтиды.

Қазіргі жағдайларға сәйкес келетін неғұрлым нақты анықтама Пол Хейнеге тиесілі: «Инвестициялау - болашақта күтетін табыс үшін игіліктерді сатып алу. Демек, сіз акцияларды сатып алып инвестициялаған сияқты, фирма да станоктарды сатып алып, инвестициялайды дейді» [5, 20б] .

Инвестициялар категориясына берілген көптеген анықтамалардың нұсқаларын сараптай отырып, барлық ортақ ғылыми анықтамалар сияқты, олардың да толық болмайтынын айта кету керек. Сонымен бірге, атаулы ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін бөліп айтуға болады. Инвестиция категориясын уақытша әдіс тұрғысынан қарастыраық. Орталықтандырылған жоспарлы жүйе шеңберінде инвестициялар ұғымы капитал салымы ұғымымен теңестіріліп құрылыс кешенінің қызметін сипаттайтын аса маңызды экономикалық көрсеткіш ретінде саналды. Капитал салымдары жоспарлы түрде өндірістік аппараттың, өндірістік тағайындалңан қуаттар мен құрылғылардың ұдайы өндірісіне, сонымен қатар, өндірістік емес сала объектілеріне бағытталатын жиынтық қоғамдық еңбек ресурстарының құнын белгілейтін экономикалық категория деп анықталады.

Нарықтық қатынастардың негізінің дамуымен инвестицияларды іске асыру түрлерін, әдістері мен ұстанымдарын бағалаудағы ғылыми әдістер де өзгере бастады. Мысалы, Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк инвестиция деп «оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсілі».

Кейде инвестицияларды кәсіпкерлік пайда немесе пайыз түсіру мақсатында «капиталды ұзақ мерзімді салу түрінде іске асырылатын шығындар жиынтығы» деп қарастырады [6, 93б] . Мұндай түсінік капитал салымдарының экономикалық мазмұнын сипаттау барысында пайдаланылған «ресурстық және шығындық» әдістердің артықшылықтарын біріктіру талпынысы болып табылады.

Ю. А. Матькин инвестициялар деп әлеуметтік, экономикалық тиімділікке жету мақсатымен елдің шеңберінде және шетелде қаржылық және материалды-техникалық құралдарға салым болып табылады [7, 20б] .

Инвестиция туралы түсініктердің басқа да анықтамалары көптеп кездеседі. Мысалы, В. Д. Миловидовтың айтуынша, инвестиция - бұл түрлі қаржылық немесе материалдық байлық нысанындағы еркін ақшалай қаражат түріндегі салым [8, 7б] .

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетел инвестициялары туралы» заңында келесі анықтама берілген: «Инвестициялар - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүлікті және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі»[9] . Берілген анықтамаға сәйкес кәсіпкерлік қызмет объектілеріне бағытталған және коммерциялық пайда түсіретін салымдар туралы ғана сөз қозғалып отыр. Бұл анықтама толық емес, себебі инвестицияның мағынасын толық ашпайды.

ҚР 2003 жылдың 8 қаңтарындағы №373-II «Инвестициялар туралы» Заңында келесі анықтама келтірілген: «Инвестициялар - заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын бекітілген активтерді өсіру үшін инвесторлар құйған мүліктің барлық түрлерін (жеке пайдалануға арналған тауарлардан басқа), ол лизинг келісім-шартын жасаған сәттен бастап лизинг құралдарды, сонымен қатар, оларға деген құқықтарды қамтиды» [10] .

Отандық ғалымдар, мысалы М. Т. Оспанова және Т. И. Мухамбетов инвестицияларды анықтау кезінде басты назарды мазмұндық сипаттамаға аударып қоймай, олардың мақсатты бағытталуын атап өтуді ұсынып отыр [11, 8б] . Осы тұрғыдан инвестициялар тікілей қоғамдық құңдылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға, сондай-ақ, жанама түрде қаржылық құралдар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын ресурстарды тусінуге болады.

Тура осы анықтаманы В. В. Бочаров та қолдау жасады, оның айтуынша, инвестициялар жалпы статистика емес, динамикада қарастырылады, яғни берілген кезеңде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің айналуы деп түсініктеме берді. [ 12] .

Н. К. Нұрланованың ойынша, «инвестициялар - тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға, сондай-ақ, жанама түрде қаржылық құралдар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын ресурстарды тусінуге болады» [13, 192б] .

Жоғарыда айтылған ғалымдардың инвестициялық қызмет түрлерінің анықтамасын ескере отырып, біздің көзқарасымызша, « инвестиция» термині екі категорияға ие-қаржылық және экономикалық. Қаржы категориясы ретінде, инвестициялар табыс алу мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтердің барлық түрлерін құрайды. Ал, экономикалық категория ретінде инвестициялар негізгі капиталды құруға, кеңейтуге, қайта құруға және техникалық құралдармен жабдықтауға шығатын шығындарды, сонымен бірге, мұнымен байланысты емес айналым капиталының өзгеруін қарастырыды, себебі тауарлық материалдық қорлардағы өзгерістер щығындарының негізгі капиталға жылжумен тусіндіріледі.

Инвестицияладрың мақсатты бағыттылығын бөлуге негізделіп және оның барлық анықтамаларын қарастыра отырып, біздің ойымызша неғұрлым кеңірек сипаттаманы келесі турде беруге болады. Сонымен, инвестиция деп нәтижесінде пайда немесе әлеуметтік тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңалуға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет (кесте 1. 1) .

Кесте 1. 1

«Инвестиция» және «инвестициялық қызмет» анықтамаларына тұжырымдамалар

Батыс мектептері
Батыс мектептері: П. Массе
Болашақта инвестицияланған игіліктердің көмегімен күтілетін қанағаттандыруға бүгінгі қажеттіліктерді айырбастау актісін инвестициялауды түсінеміз;
Батыс мектептері: Дж. Кейнс
Берілген кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесін өндіріс құралдарының ағымдық құнына қосу болып табылады;
Батыс мектептері: Хейне
Инвестициялау деп - болашақта күтілетін табысты алу үшін қандайда бір игіліктерді сатып алуды айтамыз;

Кесте 1. 1 жалғасы

Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: Ю. А. Матькин
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Инвестициялар деп әлеуметтік, экономикалық және экология тиімділікке жету мақсатымен елдің шеңберінде және шетелде қаржылық және материалды-техникалық құралдарға салым болып табылады.
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: В. Д. Миловидов
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Әр түрлі қаржылық немесе материалдық байлық нысанындағы еркін ақшалай қаражаттарын салым болып табылады. Белгілі шаруашылық қызмет кезеңіндегі жинақталаған және қолданылмаған қоғамдық өндіріске қайта салынатын табыс турінде әр турлі шаруашылық қызметіне салымының құралы;
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: В. Д. Никифорова
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Белгілі шаруашылық қызмет кезеңіңндегі жинақталған және қолданылмаған қоғамдық өндіріске қайта салынатын табыс турінде әр турлі шаруашылық қызметіне салымның құралы;
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: П. Н. Завлин, А. В. Васильев. А. И. Кноль
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Инвестициялар келешекте табыстар немесе басқа да табыстарды алу мақсатымен экономиканың объектілерге мүліктік, интеллектуалдық құндылықтарына капитал салымы;
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: В. В. Бочаров
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Инвестициялар жалпы статикада емес, дикамикада қарастырылады, яғни берілген кезеңде инвестициялық қызметтің соңғы өнімнің айналуы;
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: Қазақстандық авторлар
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: М. Т. Оспанова, Т. И. Мухамбетова
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Жаңа технологияларға енгізуге еңбек құралдырының материалды және басқада заттармен байланысты өндірісті кеңейту және жаңартуғаи шығындар;
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: Н. К. Нурланова
Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді қамтамасыз ететін капитал салу тәсәлі.: Инвестициялар тікілей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға, сондай ақ, жанама турде қаржылық құралдар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын ресурстарды тусінуге болады.
Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк: Ескерту - дерек көзі негізінде автор құрастырған [3, 31б], [4, 20б]

Инвестиция ұғымын анықтағаннан кейін міндетті турде оның жіктелуін қарастыру қажет. Инвестициялардың жіктелуі тиімді инвестициялық қызметті іске асыру үщін объективті ақпаратты ала отырып, оларды пайдалану деңгейін жан-жақты талдауға, сауатты есепке алуға жағдай жасайды.

Нарықтық қатынастарға өткеннен кейін атаулы жіктеме өзінің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын жоғалтпайды, бірақ ол келесі себептер бойынша жеткіліксіз болып келеді:

Біріншіден, инвестициялар-капитал салымдарына қарағанда, неғұрлым кең ұғым, ол капитал (нақты) салымдарын да, портфельдік (атаулы жіктелу портфельдік инвестицияларды мүлде есепке алмайды) салымдарды қамтиды.

Екіншіден, нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін инвестиция әдістері мен тәсілдері, сонымен бірге оларлың қолдану салалары да (бұл жоғарыда аталған жоқ) біршама кеңейді.

Біздің ойымызша, шетел дерек көздерінде айтылатын инвестициялық жіктеме және оларды отандық тәжірибеде қодану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жалпылау ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Мысалы, неміс профессоры Вайнрих олардың қосымша объектілері бойынша ивестициялардың келесідей жіктелуін ұсынды:

  1. мүлік инвестициялары (материалдық инвестициялар) -ғимараттарда, құрылғыларда, құрал-жабдықтарда, материал қорларындағы инвестициялар.
  2. қаржы инвестициялары (акцияларды, облигацияларды және басқа құнды қағаздарды сатып алу) .
  3. материалдық емес инвестициялар (кадрларды дайындауға, зерттеуге және жасап шығаруларға, жарнамаға құйылатын инвестициялар) .

Сонымен қатар, инвестициялар бағытталған әрекеттеріне қарай жіктеледі:

  1. жоба (бастапқа инвестиция) немесе нетто негізінде;
  2. кәсіпорынды қалыптастыру немесе сатып алу;
  3. өндірісітік әлеуетті кеңейту (экстенсивтік инвестициялар), өсіру;
  4. рейнвестициялар, яғни кәсіпорынның негізгі қор құрамын қолдау мақсатында өндірістің жаңа құралдарын сатып алуға немесе дайындауға жұмсалатын бос инвестициялық қаражаттарды байланыстыру (ауыстыруға, өнімді шығару бағдарламасын өзгертуге, инвестицияны диверсификациялауға, болашақта кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз етуге құйылатын инвестициялар) ;
  5. нетто-инвестициялар мен реинвестицияларды тұратын брутто-инвестициялар.

Бұл жіктелу кәсіпорын басшылығына неғұрлым тиімді инвестициялық саясатты жасап шығаруға мүмкіндік беріп, жағдай жасайды.

Біздің ойымызша, инвестициялардың неғұрлым кешенді жіктелуі И. А. Бланктің еңбегінде келтірілген, онда инвестициялар мынандай белгілер бойынша жіктеледі [14, 67б] :

  1. салым объектісі;
  2. инвестициялауға қатысу сипаты;
  3. инвестициялау кезеңі, инвестициялық ресурстардың меншік түрлері;
  4. аймақтық белгі бойынша.

Сонымен қатар, өзінің маңызы бойынша кәсіпорынның инвестициялық портфелін сипаттайтын кәсіпорын деңгейіндегі жіктеме қажет. Атаулы портфельдің анағурлым тәуекел мен неғұрлым экономикалық пайда түсіру бойынша оңтайлану кәсіпорындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, жоғарыда келтірілген жіктеулерді барлығыда инвестициялардың түрлері мен формаларын неғұрлым терең қарастыруға мүмкіндік беріп, тиімділікті өсіру мақсатында неғұрлым терең талдау жүргізуге жағдай жасайды. Алайда, қазіргі кезде атаулы жіктеулер жеткіліксіз. Біздің ойымызша, макродеңгейде инвестицияларды шығындау мақсаты туралы айқын түсінік беретін жіктелу қажет. Жоғарыда айтылғандай, инвестициялар біртекті емес, олар маңызды айырмашылықтарды иеленіп, мақсатты бағытталуы мен айналым саласына қарай келесілерге құйылатын инвестицияларға бөлінеді:

  1. материалды активтерге, яғни қаражаттарды ғимараттарға, құрылғыларға, қызмет мерзімі бір жылдан асатын кез келген машина түрлері мен құрал-жабдықтарға және материалдық қорларға салынуы;
  2. қаржы активтеріне, яғни қаражаттардың құнды қағаздарға салынуы;
  3. материалды емес активтерге, яғни қаражаттардың патенттерді, лицензияларды сатып алуға, ғылыми - техникалық жаңашылдықтарды жасап шығаруға, кәсіби біліктілкті жоғарылатуға, өмір сүру сапасын өсіруге, қоршаған ортаны жақсартуға, денсаулықты жақсартуға және т. б салынуы.

Инвестициялардың қалыптасуына ықпал ететін факторларға байланысты экономикалық жіктелу келесідей:

  1. өндірістік;
  2. автономды.

Өндірстік инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүуйенің эндогенді факторларымен байланысты, яғни ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерістермен байланысты.

Өндірістік инвестиция деп тұтынушылық қорды өсіру нәтижесінде жаңа капиталдың пайда болуы қарастырылады. Н. К. Нұрланованың ойынша, мұндай бөліну шартты болып, статистикалық тұрғыдан бағалана алмайды. Салымдардың түрлі типтеріндегі сипатты қозғалыстарын айқындау үшін, төлемқабілеттілігі сұранысына тәелділік деңгейін анықтау үшін, динамиканың өсу шекарасы мен ерекшеліктерін бекіту үшін, оны теориялық үлгілерді жасап шығару және инвестициялық қызметтерді анықтау кезінде пайдалану керек. Қарастырылып жатқан инвестициялардың мазмұнды талдауы оларды топтастырып құрама жіктелуін жасауға мүмкіндік береді [15, 27б ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Неолиберализм теориясы өкілдерінің экономикалық көзқарастары
Бағалаудың теориялық негіздері. Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Салықтық есеп
Трансұлттық корпорациялар және олардың түрлері
Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz