Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Агробизнес туралы алғашқы түсініктер . . . 4
  3. Агроөнеркәсіп кешені . . . 6
  4. Агроөнеркәсіп кешенінің статистикалық мәліметтері . . . 10
  5. Ауыл шаруашылығындағы агробизнестің қалыптасуы мен дамуы . . . 21
  6. Агробизнестің экономикадағы ролі . . . 26
  7. Агробизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жүргізілу керек реформалар мен қолдаулар . . . 29
  8. Агробизнес пен агроөнеркәсіп интеграциясы . . . 32
  9. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі агроөнеркәсіптік бірлестіктер . . . 33
  10. Қорытынды . . . 38
  11. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39

Кіріспе

Жұмыс тақырыбы “агроөнеркәсіп және агробизнес интеграциясының байланысы” деп аталады. Бұл жұмыста қарастырылған, талқыланған мәселелер не срақтар: агробизнес терминінің пайда болуы; агронеркәсіп кешені; Қазақстан Республикасында даму қарқыны және бұлардың өзара байланысы; агробизнестің қарқындап, өркендеуіне мемлекет тарапынан көрсетілуі керек қолдаулар мен реформалар және тағы да басқалары.

Жалпы біз агробизнес терминін қалай түсінеміз?

Баршаға белгілі, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек және өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне ерекше әсер ететін нақты күш бар. Олар - іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі. Сондықтан да, осы бір адами қасиеттерді өндірісті алға жылжытатын күштің төртінші факторы ретінде айтуға толық құқымыз бар және оны іс жүзінде пайдалана білетін адамдар іскер, бизнесмен, ал олардың экономикадағы және де өмірдің кез келген саласындағы қызметті іскерлік немесе бизнес деп аталады. Сонымен агробизнес - бұл, агроөнеркәсіп саласына байланысты бизнес.

“Интеграция” терминін қарастыратын болсақ, қазіргі экономикалық сөздік бойынша, интеграция (латын тілінен “integer” - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Осы жерде, агроөнеркәсіп және агробизнес арасындағы интеграцияны біз, осы екі ірі саланың “Екі жарты - бір бүтін” болып қосылып, нарықта өзара бірігіп әрекеттесуі арқылы бір - біріне көптеген пайда әкелуі деп түсінеміз.

Агробизнестің бастау алысы, дамуы - агроөнеркәсіпке тікелей байланысты, яғни оның тіршілік көзі деп айтсақ қателеспейміз.

Республикамызда агроөнеркәсіп кешені 3 сферадан тұрады, олар:

  1. І сфера - қор шығаратын
  2. ІІ сфера - ауыл шаруашылығы
  3. ІІІ сфера - дайындау, сақтау және т. б. тұрады

Осы сфералар және де басқа да агроөнеркәсіп, агробизнес туралы толық мәліметті бұл жұмыстан оқи аласыз.

1. Агробизнес туралы алғашқы түсініктері.

Нарықтық экономика - бұл ең алдымен еркін іскерлік экономикасы және оның барлық салаларында бизнестің жұмыс істеуі. Ал, бизнес - бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ол істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнім жасау ісі, жұмысы, ол нарықтық экономиканың негізгі бағыты, салтымен жүйесі ретінде қарастырылады.

Мұның өзі бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Америкалық экономист Й. Шумпеттер қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар - «жер», «еңбек» және «капитал» деп анықтама берді. Оның ғылымға қосқан жаңа түсінігі, бизнестің өндірістің төртінші факторы ретінде қарастырды. Бұл жерде іскерлік қасиеттер, оған қатысушылардың белсенділігі өндірістің қозғаушы күші ретінде, жоғарыдағы үш фактордың іс - қимылын әрі қарай дамытушы фактор ретінде түсіндіріледі.

Сонымен бизнестің өзіне тән бір белгісі - ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Ал, өз кезегінде бизнес қоғамға экономикалық - әлеуметтік өркениет алып келеді. Адам Смит іскерліктен түскен пайданы жекеменшік иесі - бизнесменге, оның қым - қиғаш қызметі мен коммерциялық идеяларын іс жүзіне асыру жолындағы тәуекелі үшін қоғамның берген ақысы деп атады.

Басқару саласының ірі маманы Макс Вебер бизнесті ақыл - ойдың дәнін себуші ретінде іскерлік экономиканың басты факторы, оның дамуының негізгі қозғаушысы деп санаған. Сондай-ақ «бизнес» іскер әлемі, коммерснттар ортасы деген мағынада да қолданылады. Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы бұл жеке іскерлік. Осыдан барып, бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінше жалғызбасты болып іс - қимыл танытады. Егер бұл қызмет бір рет немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Алайда іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін алғашқы лицензия алу, патент алу, жеке кәсіпорынның тіркеуден өтіп, заңды тұлға мәртебесін алу қарастырылады. Ал, ірі бизнесті ұйымдастыру үшін іскер адамдар ірі фирмаларға бірігіп, топтық және ұжымдық іскерлікке көшуге болады. Сонымен қатар әр түрлі фирмалар күш - жігерін біріктіріп, жинақтау процесіне қатысады. Бұлар ірі фирмалардың филиалдары немесе одан тарайтын кәсіпорындар. Осы айтылғандардың барлығын қорытындылай келе, бизнеске экономикалық категория және адам қызметінің ерекше түрі ретінде анықтама беруге болады. Бизнес немесе іскерлік - бұл дербес, инициативалық, мүлік жауакершілігіне сүйене отырып іске асырылатын, өндіріспен, бөлумен, айырбастаумен, тұтынумен байланысты жекелеген азаматтардың, сондай-ақ олардың топтарының пайда немесе басқадай түрінде экономикалық табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет.

Бұл өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп шығару, көлік тасымалдау, құрылыс жүргізу, комуналдық және тұрмыстық қызметтер, байланыс қызметтерін көрсету, білім беру, ақпарат өндірісі, баспа өнімдерін шығару тағы басқа сол сияқтылар. Негізгі мағынасында өндірістік бизнес бұл тұтынушыларға қажет тауарға айырбастау қасиеті бар бағытында сапалы өнім шығару.

Осының барлығын қорыта келгенде бизнестің қарастырылған түрлерінің іскерлік қызметінің мәні жағынан алғанда өзара айырмашылықтары бар. Дегенмен, іскерліктің салалық бөлінуі де ерекше күрделі. Материалдық өндірістің өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқалар, кез келген саласында жоғарыда келтірілген іскерлік қызметтің түрлері мен формалары салалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жіктеуде болады. Бұл тұрғыдан қарағанда, ауыл шаруашылығы іскерлігі - агробизнес ерекше орын алады. Агробизнес ғылым ретінде өзінің алдына кең көлемдегі әр түрлі міндеттердің жиынтығы, тек агробизнестің жан - жақты жалпы әдістемелік және арнаулы экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік және басқа да білімді талап ететін, слыстырмалы түрде жас бағыт. Ол бірнеше күрделі ғылымдардың міндеттемелерін біріктіреді, өтпелі кезеңнің қиындықтары мен және соған байланысты қоғамдық өндірістік қатынастарды өайта құру мәселелері мен қиындыққа тап келеді.

Сондықтан да агробизнестің ғылым ретінде дамуына байланысты күрделі мәселелері баршалық. Агробизнес термині қолданыла бастауын ғалымдар әрқалай атайды. Агробизнес - бұл «үлкен бизнестің» ауыл шаруашылығын ресурстармен қамтамасыз ететін және оның өнімдерін тұтынушыға дейін жеткізетін бір бөлігі. Агробизнес ұғымы қызметтің салалары мен түрлерінің жиынтығы ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін, яғни, ауыл шаруашылығы үшін ресурстар өндіруден бастап, түпкі өнімді, азық - түлікті сатуға дейінгі тұтас тізбекті білдіретін болды. Сонымен бір мезгілде бұл «агробизнес» деп аталатын жеке экономикалық ғылымның зерттеу аймағына айналды. Экономикалық ғылымда басқару туралы - менеджмент, өнімді тарату, өткізу өнері - маркетинг, сондай-ақ бизнестің өзі - іскерлік сияқты салалары дүниеге келді.

Мұның өзі ең алдымен агробизнестің мәнін, экономикалық мазмұны мен құрылымын, оның сала ерекшеліктеріне және табиғи экономикалық, әлеуметтік жағдайларына байланысты ауыл шаруашылығында даму ерекшелікетерімен жан - жақты әдістемелік жұмыстармен қат - қабат қарастыруды талап етеді. Соңғы кезде аграрлық өндірістің құралдары күрделеніп кетті, сондықтанауыл шаруашылығына арнап құралдар шығаратын өнеркәсіптің мамандандырылған салалары қажет.

Бұл жұмыстың аты “Агробизнес пен агроөнеркәсіп интерациясының байланысы” деп аталғандықтан, “Интеграция” терминіне тоқталып өтейік. Интеграция дегеніміз - қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша (латын тілінен “ineger” - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Осы жерден “Агробизнес пен агроөнеркәсіп интерациясының байланысын” біз - екі үлкен саланың, яғни аробизнес пен ароөнеркәсіптің бірігуі, олардың өзара қосылып бірге әрекеттесуінің тереңдеп көптеген жетістіктерге жеткізуі не болмаса бір-біріне өзара қосылу арқылы пайда әкелуі және де әр саланың осыған байланысты өзара дамуы деп түсінеміз. Ендігі кезек “Агроөнеркәсіп кешеніне” тоқталып, толық мағынада жазып өтсек.

2. Агроөнеркәсіп кешені.

Азық - түлік өнімдерін өңдеу, сақтау және тасымалдау қызметіне агробизнес комплексінің басқа сфераларын байланыстырып тұратын ұйытқы саты ауыл шаруашылығы болып табылады. Агробизнеске тығыз байланысқан экономика салаларының түгелдей бір тізбегі құрылған. Осыдан барып «агроөнеркәсіптік кешені» пайда болды. Экономикалық мазмұнымен құрылымы бойынша бұл салалар жиынтығы “агроөнеркәсіп кешені” деп аталды. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар. Ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агро бизнес кешені

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығы техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс - несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы үшін ресурстар рыногын қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығындарының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқтыбарлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.

Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетигтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала - тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.

Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рынокті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық- техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі сфераның басын құрайды.

І

Агробизнес кешені ІІІ

ІІ

Бірінші сфераға трактор және ауыл шаруашылығ машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары - егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шщаруашылық (өндірістен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сфера әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалрмен өндірістің жиыны болып табылады. Кей жағдайларды бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфроқұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға жатқызып жүр.

Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.

Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таң қаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалықжүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғанын айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымыны қажеттілігінде жатыр.

Қазақстан - 16, 5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады.

Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты өнеркәсіптік потенциялы да бар.

Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222, 3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектаржәне шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2, 2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1, 5 миллион тоннаға жетеғабыл ет, 3, 5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және “Манкентживмаш”, “Актюбсельмаш” пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналаларының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.

Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі “Фосфор” өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск “өркениет” сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы - тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.

3. Агроөнеркәсіп кешенінің статистикалық мәліметтері.

Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның өнеркәсіп салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуінде. Ауыл шаруашылығының дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті өнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылдық аумақтармен тығыз байланысты.

Өндіріс құралдарына жеке меншік иелену құқығына және өзін-өзі басқару принципіне негізделген отбасылық ферма (шаруа қожалығы), кооператив, шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының базар экономикасына ең бейім түрлері екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Кеншарлар мен ұжымшарларды қайта құрылымдау осы тәжірибеге негізделген. Ауыл шаруашылығын реформалау жеке меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің санын ұлғайтумен қатар жүргізілді.

2006 жылдың басында біздің елде 4919 мемлекеттік емес кәсіпорындардан (ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері, түрлі шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар), 157 мың шаруа (фермер) қожалықтарынан және 65 мемлекеттік заңды тұлғалардан (ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелердің, оқу орындарының тәжірибелік шаруашылықтары) құралған негізінде тұрақты аграрлық құрылым қалыптасты. Оған қоса, аграрлық құрылымның құрамына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл халқының 2 миллионнан аса жеке шаруашылықтарын және шамамен 3 мың бау - бақша шаруашылықтары мен саяжай кооперативтерін жатқызу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Экономикадағы интеграциялық процестер
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz