Жануартану пәнін компьютермен оқытуда тестік жүйені пайдалану әдістемесі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Жануартану пәнін компьютермен оқытуда тестік жүйені пайдалану әдістемесі
Абуова Б. Ж.
Жалпы, жоғары оқу орынындағы танымдық процесс барысында, пайдаланылатын әдіс ауқымын анықтайтын, біріншіден, құбылыстың белгілерін, қасиеттерін, байланыстары мен ара-қатынастарын айқындау, танып білу болса екіншіден, осы анықталған сипаттамаларды өзіне тән тілде сипаттап түсіндіру мәселелері пайда болып отырады.
Бірінші мәселе - бақылау, байқап көру, салыстыру түріндегі эмперикалық және теориялық объектілер үшін-логикалық, математикалық және аксиоматикалық тәсілдер көмегімен шешілетіні белгілі. Ал екіншісі- құбылыстың құрамдас бөліктерінің өз ара байланыстары мен ара қатынасы және оның бар болуының қажетті шарттарын, себеп-салдардық байланыстарын ашу негізінде шешіледі.
Еліміздегі және әлемдік педагогика тәжірибесі, өзіндік жұмыс әдістерін пайдалану, танып білудің қисынына бағынатынын, өзіне сай рет пен операциялар тізбегін анықтайтынын көрсетіп отыр. Мәселен, компьютерлік оқыту жағдайындағы танып-білу қисыны. Оқыту процесін компьютерлендіруге арналған кейбір мақалаларда сипатталған “Сипаттау процедурасы”, “Түсіндіру процедурасы”, және “Түрлендіру процедурасы” ұғымдарына алып келеді. Өйткені, “ процедура” ұғымы көлемімен анықталған дараландырылған өзіндік жұмыс әдісі, әрбір студент үшін іс-әрекеттің жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін және өзінің тұлғалық ерекшелігіне сай жолдарын таңдап алу мүмкіндігін жасайды.
Ұсынып отырған мақала мақсаты - жоғары оқу орнында жануартану пәнін компьютермен оқыту барысында аталған жолдардың ерекшелігін, ұйымдастыру әдістемесін көрсету.
Шындығында, жоғары мектептегі оқу тиімділігін арттыру мәселелеріне қатысты әдебиеттерді, көптеген жоғары оқу орындарындағы компьютерлік - тест жүйесі бойынша емтихан қабылдау және сабақтар жүргізу тәжірибесін талдау- білімді интеграциялау проблемасые шешетін, студенттердің интеллектуальдық қабілеттерінің деңгейін жоғарылату арқылы оқу сапасын жақсартатын педагогикалық технологияәдісі- дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ), ал құралы -көп нұсқалы әрі көп деңгейлі тапсырма (КНӘКДТ) екендігін көрсетті.
Соңғы жылдардағы іс-тәжірибелерге сүйене отырып, дидактикалық материалдар кешенінде пән мазмұнын толық қамту үшін, мазмұнның ұғымдық деңгейдегі құрылымдық моделі құрылып, мұндағы ұғым аралық байланыстарға негізделген және модельдегі әр ұғымға, әр тақырыпқа байланысты іс-әрекетке, операцияларға негізделген алгоритмдік деңгейдегі көп нұсқалы тапсырмалар құрастырылады. Дидактикалық бірліктерді ірілендірілген көп нұсқалы әрі көп деңгейлі тапсырма құрастыру барысында, инновациялық оқытудың кешенді және нақты әдістемелерді пайдалану нәтижелерін, жалпылаушы сипаттарын ескере отырып, анықтау (таңдау) сәйкестендіру, сұрыптау, толықтыру және дұрыс тізбек құру әдістемелері пайдаланылады. Бұл әдістемелерге ортақ қасиет- олардың есте сақтауды, ойлау ригидтілігін тапсырма орындаудың түрлі бағдарларының студент үшін мәнділігінің эмоциялық көрінісін және т. б. талдауға пайдаланумен бірге психикалық іс-әрекеттердің “нақтылық-жалпылық” қасиеттерін танып-білуге бағытталғандығы. Тапсырма құрастыру әдістемелері төменде келтіріліп отыр.
Анықтау (таңдау) әдістемесі. Әдістеме мәні - жалпы ұғым мен оның мазмұн элементі арасындағы байланыстарды ашу. Студент тапсырманы орындау үшін келтірілген жауаптардан сұрақ түріндегі тұжырымның негізгі белгілеріне сай біреуін немесе тұжырымдар белгілерін құрайтын жауапты ғана таңдауы қажет. Осылайша, студенттің нақтыдан жалпыға немесе жалпыдан нақтыға көшу мүмкіндігі талданады. Оның негізгі түйіні- ұғымның жалпы мәнінен соған ұқсас, алайда жалпылану дәрежесі төмен деңгейдепгі ұғымды, онан жоғары деңгейде алмастырушы жалпы мәнге өту. Осы арқылы, ұғымдар мәндері арасындағы пәндік мазмұн, олардың қиылысуы немесе қамтылуы байланыстыра қалыптастырылады. Тапсырмада осы әдістемемен құрылған тестің таңдау түрінде берілген компонентінде сұраққа 5 жауап келтіріледі. Бұл компонент дұрыс жауап номерін көрсету аралығында орындалады.
Мысалы:
- Төмендегі бір жасушалы жануар атауларынан споралы класының өкілін көрсет.
а) кірпікшелі кебісше в) кокцидия д) жасыл эвглена
б) амега г) вольвокс
жауабы: в
- Төмендегі омыртқалы жануар атауларынан бауырымен жорғалаушы класының өкілін көрсет:
а) кесіртке в) пингвиндер д) тышқан
б) көлбақа г) минога
жауабы: а
Сәйкестік анықтау және сұрыптау әдістемелері. Бұл әдістемелерде таңдау әдістемесі барысында анықталған байланыстар әрмен қарай жалпылана түседі. Әдістеме бойынша студентке екі баған түрінде берілгендер жиыны ұсынылды. Студенттен бірінші бағанадағы берілгенге (“сұрақ”) сәйкес екінші бағаннан бір элементті (“жауап”) немесе керісінше екінші бағандағы әрбір элементке сәйкес бірінші баған элементтері жиынынан анықтау талап етіледі.
Яғни, тапсырма орындау нәтижесін талдау, жалпылаудың басын типін анықтауға, баған элементтерін топтастыруға негіз болатын белгілерді бөліп алған негізінің жалпылық немесе нақтылық дәрежесі туралы тұжырым жасауға болады. Әдістеменің мәнін- тапсырма орындаудың қай кезеңде, қандай қателік жіберілгені, топтастыру принципін студенттің негіздей алғанын немесе алмағанын, топтастыру барысында оқытушы көмегі қажет болғанын немесе болмағанын және т. б. анықтау.
Егер сәйкестік дұрыс анықталынып, сұрыптау барысында қате жіберілсе, онда ұғымның немесе іс-әрекеттің нақтылық сипаты болғаны. Ал сұрыптау дұрыс жүргізілсе және бұл кезде оқытушы көмегі қажет етілмесе, онда нақтылық туралы айтуға негіз болмағаны. Ал, егер студент, сұрыптауды қиналмай орындап, әрбір топқа оны жалпылаушы атау бере алса, онда эксперимент объектісінің жалпылама бағдарды пайдалана алғандығы, топтастырудың категориялар деңгейінде іске асырылатын болғаны. Құралдағы тапсырмада сәйкестікті анықтау компоненті бірінші бағанадағы берілгендер номерінің әрқайсысына екінші бағанадағы берілгендердің сәйкес номерлерін көрсету арқылы орындалады. Мысалы:
- Төмендегі бір жасушалы жануар типтері мен түрлері арасындағы сәйкестікті анықта.
а) кірпікшелілер 1) вольвокс
б) споралылар 2) кірпікшелі кебісше
в) жалғанаяқтылар 3) фораминифера
г) талшықтылар 4) грегарина
Аты аталған сәйкестік (жауабы) а) 2 б) 4 в) 3 г) 1
- Төмендегі көп жасушалы жануар типтері мен түрлері арасындағы сәйкестікті анықта.
а) былқылдақ денелер 1) ақ планария
б) жалпақ құрттар 2) тұщы су гидрасы
в) буынаяқтылар 3) аскарида
г) ішек қуыстылар 4) қарақұрт
д) жұмырқұрт 5) айқұлақ
Жауабы: а) 5 б) 1 в) 4 г) 2 д) 3
- Көп жасушалы жануар атауларын типі бойынша сұрыптау:
- Жалпақ құрт а) жүзім ұлуы
- Былқылдақ денелі б) медуза
- Губкалар в) эхинококк
- Буынаяқтылар г) бадяга
- Буылтық құрт д) өрмекші
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz