Мүгедектігі бойынша төленетін жәрдемақылар


Мүгедектігі бойынша төленетін жәрдемақылар
Жәрдемақы тағайындау шарттары
1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады.
3. Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып қайта қаралады.
4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.
Мүгедектік топтары
Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.
Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайды.
Мүгедектікті куәландыру, оның себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау ережесін Қазақстан Pecпубликасының заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орталық атқарушы орган әзірлейді.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы тағайындау мерзiмi
1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiктiң жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.
2. Мүгедектiк тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектiк тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабiлеттi деп танылған жағдайда жәрдемақы еңбекке қабiлеттi деп танылған күнге дейiн төленедi.
3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға ол үшiн тағайындалған мерзiмде жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға келмесе, оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiм үшiн қайта басталады.
Дәлелдi себептер бойынша қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, төлем тоқтатылған күннен бастап, егер жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны осы кезең үшiн мүгедек деп таныса, қайта куәландырылған күнге дейiн, бiрақ әрi кеткенде 3 жылдан аспайтын мерзiм үшiн жүргiзiледi. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезiнде мүгедек адам мүгедектiктiң басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, аталған уақыт үшiн жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленедi.
Егер жалпы аурудың салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтқан мүгедекке жәрдемақы төлеу еңбек қабiлетiнiң қалпына келуi себептi тоқтатылса немесе ол қайта куәландыруға дәлелдi себепсiз келмеуiнiң салдарынан жәрдемақы алмаса, оны кейiннен мүгедек деп таныған жағдайда бұрын тағайындалған жәрдемақыны төлеу, жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейiн 5 жылдан аспайтын уақыт өткен жағдайда, мүгедектiк анықталған күннен бастап жаңартылады. Егер 5 жылдан астам уақыт өтсе, жәрдемақы жалпы негiздерде қайта тағайындалады.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге:
1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар
1-1) бала кезiнен мүгедектер;
2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;
3) әскери қызмет мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызмет борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектiкке душар болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектер;
4) әскери қызметтен өту кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қатарынан шыққан мүгедектер;
5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi
1. Мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:
бірінші топтағы мүгедектерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 1, 36 ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі) ;
екiншi топтағы мүгедектерге -1, 06 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 0, 74 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 1, 00 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1, 36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен екiншi топтағы мүгедектерге - 1, 11 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен үшiншi топтағы мүгедектерге - 0, 87 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгі бiріншi топтағы мүгедек балаларға - 1, 36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi екiншi топтағы мүгедек балаларға - 1, 11 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгі үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 0, 87 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
2. М үгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:
бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1, 61 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екiншi топтағы мүгедектерге -1, 30 ең төмен күнкөріс деңгейі
үшiншi топтағы мүгедектерге - 1, 00 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
3. М үгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:
бiрiншi топтағы мүгедектерге - 2, 09 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екiншi топтағы мүгедектерге - 1, 49 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 1, 00 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға мүгедектiгi бойынша жәрдемақы толық мөлшерiнде төленедi.
5. Егер Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң сол санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.
Асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша жәрдемақы
Жәрдемақыны тағайындау шарттары
1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Б алалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.
2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:
1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;
2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;
3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;
4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.
3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.
4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.
5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленедi.
6. Қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық ережелерi, егер бұл фактiлер сот тәртiбiмен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады.
Жәрдемақы тағайындалатын кезең
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi.
Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау
1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады.
2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi.
3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz