Бухгалтерлік есеп жайлы


Мазмұны
Кіріспе
- Бухгалтерлік есеп
а) Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп
II. Бухгалтерлік есеп тәсілі
а) Оның түрлері
III. Бухгалтерлік есептің міндеті
а) Оған қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.
Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасыншаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, тадап, қандайда бір шешім қабыдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады. Қандайда бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориылық негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын есеп көрсеткіштрі экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорындарда, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалан, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жасау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралры тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, лоарды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы -қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің негізгі ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отырүға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қоданылатын тәсілдердің жиыны олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің тәсілдері болып саналады.
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
- құжаттау;
- түгендеу;
- шоттар;
- екі жақты жазу;
- бағалау;
- калькуляциялау;
- бухгалтерлік баланс;
- есеп беру.
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні және тағы басқа деректе толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.
Түгендеу
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады. Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен(құжаттағымен) салыстырып отырады.
Шоттар
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз- шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады. Жалпы алғанда ұйымның активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қоданылатын әдісті шоттар деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі
Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен лоардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді., яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру шін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.
Калькуляциялау әдісі
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі(өнім өндіру, қызмет көрсету, сатып алып-сату тағы басқалары сияқты) . Осы үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай-ақ ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау деп атайды.
Бағалау әдісі
Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің(активтердің) және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.
Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның активтерімен(шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.
Қорытынды есеп
Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашлық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, түсініктемелік хаты(жазбасы) және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
Екінші рет қайта өңделіп баспаға ұсынылып отырған «Бухгалтерлік есеп» атты оқулық «Бухгалтерлік есеп» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілде дайындалған оқулық. Оқулық автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Маркетинг және жалып экономикалық пәндер», «Қаржы және аудит» кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып, отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық жағынан өте бай материалдарды пайдаланған.
Оқулықта «Бухгалтерлік есептің» теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы, шоттар мен екі жақты жазу жүйесі, құжаттама, бағалау мен калькуляциялау, сонымен қатар бухгалтерлік есеппен есеп бегуде қолданылып жүрген нысандар тереңдетіліп көрсетілген. Сонымен қатар оқу қуралында жаңа Типтіқ шот жоспарына сәйкес негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлы материалды запастар, ақша қаражаттары есебі, есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі, есеп айырысу операцияларының есебі, еңбекақы бойынша есеп айырысу есептері корреспонденциялары келтірілген. Материалдарды мұндай мазмұндау процесінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттармен жақындасуындағы негізгі бағыттарды қарауға қолайлы мумкіндіктер жасалады.
Ұсынылып отырған оқулық, бухгалтерлік есепті жаңадан бастап үйреніп жатқан, бухгалтерлік есеп курстарындағы тыңдармандарға, жоғары оқу орындарындағы студенттер мен колледж оқушыларына, сонымен қатар кәсіпорындарда жаңадан үйреніп жүрген бухгалтерлерге арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz