Кәсіпкерлік қызмет дамуының шетелдік тәжірибесі


Кәсіпкерлік қызмет дамуының шетелдік тәжірибесі
Жеке кәсіпкерліктің осы жеке өзара өндіру нысаны туралы сөз болды. Дегенмен, алдымен жеке-дара кәсіпкерлік негіздерінің бірі болып табылатын дара меншікке, өзіндік меншікке тоқталып кеттік. Дара меншік дегеніміз не және ол қалай пайда болды деген сұрақтарға тоқталып өттік.
1-сурет. Меншік типтерінің құрылымы.
Жеке кәсіпкерлік-жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүжеге асырылатын бастамашылық қызмет. Кәсіпкерлік - меншік иесінің өзіндік және қарыз құралдарын пайдалана отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.
Кәсіпкерлік функциясының даму теориясы «үшке бөлінеді».
Біріншісі - 8 ғасырдың пайда болған, бұл кәсіпкердің тәуекелдікке баруына аса мін берумен байланысты.
Екіншісі - ғылыми негізінде кәсіпкерліктің негізгі ерекше қасиеті ретінде инновацияны қолданумен байланысты.
Үшіншісі - кәсіпкердің жекелеген ерекше сапалық қасиеттеріне (қоғамдық және экономикалық жағдайлардың өзгерісін сезу, шешім қабылдаудағы және таңдаудағы еріктігі, басқа да басқарушылық қабілеттері) және бір қалыпты экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы рөліне ерекше көңіл бөледі.
Кәсіпкерлік субъектілерін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келіп тіркелуі сипатында болады және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген орналасқан жері бойынша аумақтық салық органында (бұдан әрі - тіркеу органы) дара кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.
Мына шарттардың біреуіне сай келетін:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын;
2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады.
Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
1) төлем көзінен салық салынатын;
2) мүлік табыстарын;
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін:
1) тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін;
2) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатын;
3) түпнұсқасы ұсыныла отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) 3, 5 х 4, 5 сантиметр көлемдегі фотосуретін;
5) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растау құжатын тіркеу органына ұсынады.
Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтық экономикалық (сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, құн, тағы басқа) экономикалық заңдар мен тауарлы өндірістің айналымының барлау құралдары ретінде кәсіпкердің басқа шаруашылық субъектілері мен қатынастардың тауарлы мінездемесі. Кәсіпкерлік - инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке, ерікті инициативаға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі. Экономикалық белсенділік - индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және өзі мен жанұясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін білдіреді.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ кәсіпкер негізгі контрагент ретінде тұтынушымен, түрлі жағдайларда көмекші н/се қарсылас ретінде болатын мемлекетпен байланыста болу керек. Тұтышушы да мемлекет те жалдамалы жқмысшы мен бизнестегі серігі сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категорияына жатады.
Кәсіпкерлік түрлері. Кәсіпкерлік қыметтің әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан; меншік формасы бойынша заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар құрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен өсу қарқыны және тағы басқалары.
Дара кәсіпкерлік түріне жататындар:
1. Өзіндік кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
2. Бірлескен кәсіпкерлік . Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада:
- Мемлекеттік;
- Жеке меншік формаларында дамып келеді.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
- заңды;
- заңсыз;
- алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бұл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін құрылған коммерциялық ұйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таратылу бойынша:
- Жергілікті, ұлттық, халықаралық, әлемдік, аймақтық болып бөлінеді.
Құрылтайшылар құрамы бойынша:
- әйелдер,
- жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды:
- қарқынды өспелі;
- даму қарқыны бәсең;
- жоғары табысты;
- рентабелділігі төмен ұйымдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметіне инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т. б. болады.
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты:
- жеке кәсіпкерлік;
- коллективті кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік нысандары. Жеке-дара меншік, дара меншік бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың иемдену нысандарының өндіруші, тұтынушы нысандарының өзара байланысын 2- суреттен көруге болады.
2-сурет. Өзіндік, жеке-дара, дара меншік нысандарының өндіруші, тұтынушы нышандары
Қорыта айтсақ, өндіріс құралдары арқылы өндірілген өнім өндірушінің өзіне арналып, оны өзі тұтынса, онда ол жеке-дара тұтыну нысаны болып табылады. Ал егер өндіріс құралдары арқылы өндірілген өнім сатуға, яғни пайда табуға негізделсе, онда оны жеке - дара өндіру нысанына жатқызамыз.
Кәсіпкерліктің қалыптасып дамуын дұрыс түсіну үшін алдымен оның даму тенденцияларын, басқа құбылыс, процестермен байланысын анықтау керек. Ол қандай басты тарихи кезеңдерді басынан кешті және осы уақытқа дейін қандай дәрежеге жеткеніне тоқталу керек. Қазақстанда жеке-дара кәсіпкерліктің дамуын осы уақытқа дейін, негізінен, төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең - алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық. Бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.
Екінші кезең ел басына Октябрь революциясының келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде ( «жаңа экономикалық саясат» кезеңін есептемегенде) елде социалистік жүйенің орын алуы және оны жақтаушылардың идеологиялық көзқарастарына байланысты тәуелсіз меншік иелерінің әрекетіне жан-жақты қысымшылық жасалынып, олардың кәсіпкерлік қызметіне жол берілмеді.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО- ның «Жеке еңбек қызметі туралы» заңы шыққанынан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл уақыт аралығында жеке-дара кісіпкерлік азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылды.
Ал төртінші кезең 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап, осы бүгінге дейінгі аралық жатады.
КСРО-ның 1988 жылдың маусымында қабылданған қаулысында мектеп жасындағы балалардың сабақтан брс уақытында мемлекеттік мекемелерде 14 жасынан бастап жұмыс жасай алатындағы туралы және де «КСРО- дағы кооперация туралы» КСРО-ның заңында кооператив мүшесі 16 жастағы ер балалар мен қыздар бола алатындығы айтылған. Яғни, мектеп жасындағы балаларға жеке кәсіпкерлікке қарағанда мемлекеттік кәсіпкерліктен ертерек аралысуға болады. Мұны сол кездегі орын алған мемлекеттік басқарудың жеке меншік тектес кәсіпорындарды «әділ» бағаламауы деп айтуға болады. Сол сияқты «Жеке еңбек қызметінде» жалдамалы жұмыс күшін қолдануға заңның 1- бабымен тыйым салынады. Ал кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен ( мысалы, тұрғын үй, саяжай үйлері құрылысын салу, науқастардың түрлері бойынша дәрігерлік кеңес беру және тағы басқалары) бір адамның айналысуы мүмкін емес. Кәсіпкерліктің осындай қызмет түрлерімен айналысу мақсатында екі немесе одан да көп патент иелерінің бірігіп жұмыс жасауы сол уақытта мүмкін емес жағдай.
Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің «шектелген» мүмкіндіктеріне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. «Жеке еңбек қызметі» мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлар мен қызметтерді ұсынды. Яғни, сұранымға, сән үлгісіне байланысты өзгеріп отыратын қызметтер мен тауарлар өндіруге қатысты. Ал олардың ұсынған қызметтері мен тауарларлардың кейбір түрлерін өндіруде жоғары бағаланады. Мысалы, халық көркем кәсіпшілігі - жеке адамдардың сурет салумен шұғылданып, оны тұтынушыларға ұсыну және де тағы басқалар. Сонымен қатар жеке-дара кәсіпкерліктегі атқарылатын қызметтер көмегімен жеке адамдардың білімін, біліктілігін, еңбекке деген қабілеттілігін, ерекше жігерін жүзеге асыруға жол ашыла бастады.
Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік шаруашылық жүйесінде жақтамағандықтан, ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нысанының әрәкет етуіне кедергі болатындай әртүрлі қөзқарастармен «негізделген» болды. Осының нәтижесінде жеке-дара кәсіпкерлік айналасында жағымсыз әлеуметтік- экономикалық орта қалыптасты. Мысалға, осы қызметпен айналысатын адамдарға несиелер беру туралы (23 наурыз, 1987 жыл), кооперативте және жеке еңбек қызметінде өндірілген өнімдерді өткізуді ұйымдастыру шараларын жақсарту туралы (24 қыркүйек, 1987 жыл), жеке еңбек қызметімен айналысушыларды материалдық-техникалық жабдықтау және шикізатпен қамтамасыз ету туралы (17 шілде, 1987) жарлықтар қабылданды. «Жеке еңбек туралы» заң қабылданғанмен жеке кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өз көрінісін тапты. Мысалы, кәсіпкерлікті жүзеге асыруда тыйым салынған қызметтер түрімен жергілікті Кеңестің атқарушы комитеттерінің рұқсатымен ғана айналысуға болады.
Осы кезде статистикалық, қаржы мекемелері, құқық қорғау орғандары жеке кәсіпкерліктің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады. Ал мына мәліметтер арнайы социалистік зерттеулер мен экономикалық есеп нәтижесінде алынған.
Қорыта айтатын болсақ, Қазақстан экономикасындағы жеке-дара қалыптасу жәге даму эволюциясына талдау жасап, оның 1998 жылдан бастап бастау алғанын көрдік. Қазақстандағы жеке-дара кәсіпкерлік қазіргі таңда қарқынды даму үстінде, біздер оған куәміз.
Кез келген елдегі жеке кәсіпкерлік көрсеткіштерін өсу екпіні, меншіктің көп түрлігі сол елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға, қаржы рыногының сыйымдылығына және дамуына, жеке меншікті иемденудің дәстүріне байланысты.
Жеке меншік қатынасын дүние жүзінде елдің басқару жүйесіне байланысты үш топқа бөлуге болады: дамыған капиталистік елдердегі жеке меншік қатынасы, социалистік елдердегі жеке меншік қатынасы, дамушы елдердегі жеке меншәк қатынасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz