Бюджет баланысы. Бюджет тапшылығы



Бюджет тапшылығы
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары
Бюджеттік процесс
Бюджеттік жоспарлау
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік,бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардын, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымын асп түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілкті бюджеттегі ) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілкті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және
биліктің тиісті органның мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3 % мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс ) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Бюджет баланысы. Бюджет тапшылығы

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған
дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік,бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе
мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету
болып табылады. Кірістердің шығыстардын, яғни бюджетке түсетін түсімдердің
жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің
ауқымын асп түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік
борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық
және жергілкті бюджеттегі ) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет
жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың
бос қалдықтары үкімет пен жергілкті атқарушы органдардың арнайы шоттарына
есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және
биліктің тиісті органның мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай
қажеттік болмаған жағдайда қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті
әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы
қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3 %
мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың
немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін.
Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің
қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының
қажеттіліктерінен тыс ) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның
дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы
табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы
мына себебтерге байланысты :
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі,
3) Айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) Бюджеттің шығыстарына экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеументтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери - өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскерей шығыстарды,
басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) Ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылықтың 2 еседен жылдамырақ
төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1.Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеументтік – экономикалық
салалары болатын инфляцияға жеткізеді. өз кезегінде ақша эмиссиясы
айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік
бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы
да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді
және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын
көбейтеді.
2.Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары
бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық
қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге
өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет
тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың
жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйікті
іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның
әлеументтік экономикалық дамуына және жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдвқ саясат үш тұжырымдамаға
негізделеді.
1.Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық
саясаттың мақсаты деп есептеледі. Алайда бюджеттің мұндай жай – күйі
фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады.
Бюджетті теңгерутіпті экономикалық циклдін ауытқуын ұлғайтуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысыныңқұлдырауы кезінде салық
түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін
мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің
шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қортындысы
жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып
табылады.
Бюджетті теңгеру саясатя сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін.
Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық
түсімдері көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды
қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің
шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.
2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет
жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. өндірістің
құлдырауын блдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып
салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі
өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды
қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы
тапшылықтарды өтеуге бағытталды. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат
және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар
мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның
өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың
әлсіз буыны болып табылады.
3. Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты
макроэкономикалықтұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды
қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады.
Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады,
бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да
болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық
жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді,
микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның
нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады.
Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла-шарғы жасай
алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымда сонымен бірге
тапшылықтар мен ірі мемлекеттікборыштың болуы қалыпты экономика үшін
қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін
бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының
жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды,
мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды
қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді
қажет етеді.

Бюджеттік процесс
Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекту, атқару,
нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен
есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет
заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық
стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана
емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, Қзақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы, жыл сайынығы
Республикалық бюджет туралы заңға және Қзақстан Республикасының басқа
заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдін бюджеттерін
қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді,
республикалық және жергілкті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару
және бақылау
тәртібін белгілейді.
Бюджеттің жобасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау
және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын анықтайды.
Бюджеттік комиссиялардың құзырына мыналар кіреді:
- алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фиксалдық саясат
жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
- Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының
көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
- алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы
жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды
іріктеу, орта мерзімді фиксалдық саясатты негізге ала
отырып,оларды іске асыру механизмін айқындау жөнінде
ұсыныстар талдап-жасау.
- Республикалық немесе жергілкті бюджеттердің шығыстарын
ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін
нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар
талдап-жасау.
- Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде
ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижиелерін қарау
және олар бойынша ұсыныстар талдап жасау және өзге де өкілеттіліктер.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеументтік
– экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын
айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған
бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдаға үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттің болжамы жасалады.Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін
Қазақстан Республикасының Президенті айқандайды,жергілікті бюджеттердің
жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының
әлеументтік – экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы
үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік,
салалық (секторалдық ) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына елдегі
ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары
туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы жылдарындағы респубуликалық
бюджеттің атқарылу нәтижиелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың
тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет
жобасын әзірлеу үшін негіз блып табылады.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процессі мынадай кезеңдерді
кіріктіреді:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін
айқындау;
2)ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына
арналған шығыстардың лимиттерін
айқындау;
3)республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерді жасауы;
4)республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерін қарау;
5) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзірлеу.
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық
кезеңге бекітілген бюджеттік алынымдар көлемін ескере отырып және орта
мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет қүрылымына сәйкес алдағы қаржы
жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін
айқындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына
жібереді.
Ол ағымды қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет түсімдерінің болжамды
көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.
2. Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін бюджеттік
Жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің
болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың
басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті
мөлшері, орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған басқа да
көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды
шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да
макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы
мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке
түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5
маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың
лимиттерін қарайды және мақұлдайды.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталықты уәкілетті орган
республикалық
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар
(бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижиелері, заңи тұлғалардың
жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге
асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы– экономикалық негіздемелері
негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқынадған, бюджеттік даму
бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттері шегінді:
1)ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық)
бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды
(бағдарламаларды) ескере отырып, басым инвестициялық жобалар
(бағдарламар) тізбесін;
2) заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға
қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі
ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы 15 маусымына дейін
Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрестілген
тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және
оларды іске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен:
бірыңғай бюджеттік сыныптама;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;
басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
өткен қаржы жылында Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш
жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;
орта мерзімді жоспар;
орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады;
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді республикалық
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан
кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
белгілеген кестеге сәйкес ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді
қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға
облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бөлінісінде осы
бюджеттік бағдарламалар бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның
олар бойынша қортындысы, сондай- ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін
мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі ұсынысы
ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет
комиссиясының қарауына енгізіледі.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы
жылының 15 тамызна дейін республикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
«ҚР қаржы құқығы» пәні бойынша лекция тезистері
ХХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХІ ғ. басындағы Орталық Шығыс (ОШЕ) елдері экономикалық және әлеуметтік реформалар
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Қазақстан Республикасы бойынша қаржы жүйесіндегі бюджеттендіру процедураларын басқаруды жетілдіру жол
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Халықаралық валюталық өтімділік
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу
Пәндер