Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс.
Оқытушы: Сихаева. А.
Студент: Ерсариева А.
Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
Тобы: 212
Алматы 2008
Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты.
2. 2 Жастар және жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты туралы.
III. Қорытынды
Кіріспе.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екіжақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей немесе жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс клемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүкіншілігін толық іске асырып, табыс табуға толық жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды.
Әлеуметтік саясат- бұл әлеуметтік дамудың мақсаттары, олардың талаптарына сәйкес келетін әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу, қоғам мен мемлееттік идеологиялық көзқарастардың жиынтығы.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік саясаты - 50 бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында тұжырымдалған.
М емлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына биыл 12-ші рет жолдау жасады. Өткенге есеп беріп, болашаққа бағдар жасайтын игі дәстүр, 1997 жылы басталды. Содан бері егемен ел--- талайғы асу белдерден өтіп, «жұрт сүйініп, дұшпан күйінетін» жағдайға жетті. Алғашқы Жолдауда қандай мәселелер қамтылды? Не орындалды, не орындалмады? Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын 1997 жылдың қазанында жасады. Бұл қазақ елінің дағдарыстан шығып, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, заңнамалық базаны жетілдіру сынды реформаларды қолға алған кез болатын. «Қазақстан-2030» деп аталған ұзақ мерзімді даму стратегиясын қабылдаған мемлекет алға қыруар мақсат қойды. Орталық Азия барысына айналуды көздеді.
Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы он жылда: қазақстандықтарың орташа ақшалай кірісі- 5 есеге, орташа айлық жалақысы - 6 есеге жуық, ең төменгі табыс мөлшері -25 есеге; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4. 5 есе; жеке тұлғалардың банктегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымы-35-37 % өскенін көреміз.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауы « Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекет саясатының басты бағыты», яғни халықтың мұқтаж тобына әлеуметтік тұрғыда көмек көрсетуге бағытталған.
«Әлеуметтік жұмыс » адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылығы мен Жаратқан алдындағы борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі ретінде қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет еткен бұл әлеуметтік жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар, сонымен бірге-адамның қоғам қолайсыздықтарына икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып баратын іс- шаралар бірлігі.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты
Мүгедектік мәселесі, ал жайлы ұғым социология және әлеуметтік жұмыста басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады, бұл мүгедек деп танылған адамның қабілетсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай да бір жалпы-қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсетіледі.
«Мүгедек» -Қазақстан Республикасы «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» заңында айтылғандай-сырқат, жарақат, зақымдану салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын, ағза қызметінің күшті бұзылуынан денсаулығы бұзылған адам.
Өмір сүру шектеулігі-бұл адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналысу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе толық жоғалтуы.
Соқыр, саңырау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған, жартылай немесе толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайынан күшті ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып танылады. Сонымен қатар мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырмасы жоқ, бірақ сау адам істейтін әртүрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді.
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үйі, жұмыс орны және т. б. ) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т. б. ) байланысты сұрақтарды қамтиды.
Мүгедек адам бар отбасымен жұмысты ұйымдастыру кезінде мемлекеттің әлеуметтік бөлімдері берілген отбасының әлеуметтік тобын анықтауы керек, оның құрылымын белгілеуі қажет(толық, толық емес) . Көрсетілген факторлар мағынасы белгілі, олармен отбасымен жұмыстың әдістемесі байланысты, олардан отбасы қажеттіліктерінің әртүрлі сипаты көрінеді.
200 зерттелген отбасынан 45, 5% -толық, 28, 5% -толық емес, 26% -жалғызбастылар, оның ішінде әйел адамдар ғана (84, 6 %) болды.
Сонымен, осындай отбасылары үшін мемлекеттің ұйымдастырушы, орындаушы ретінде рөлі өте маңызды, мысалы, рухани-психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық қызметі көрсету.
Мүгедек адам бар отбасыларында келіспеушілік жағдайларды қысқартылуы және психологты-педагогикалық қолдауды қажет етеді. (35% )
Медициналық қызмет көрсету ұйымын қажет ету талдауы кезінде 71% мүгедектер кезекші дәрігердің бақылауын 49, 5% мүгедектер мамандандардың кеңес беруін, 17, 5% -диспансерлік бақылауды қажет етеді.
Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қажеттілігі келесідей көрініс тапты. Зерттелген мүгедектердің көп бөлігі кір жууға (88, 5% ), химиялық тазалауға (82, 5% ), аяқ киім жөндеуге (64, 6 %) қажеттілік танытты. Сонымен қатар пәтер тазалау (27%), тұрғын үйді жөндеу (24, 5% ), тең деңгейде (20, 5% ) - азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуге қажеттілік танытты.
Мүгедектік халықтың әлеуметтік игіліксіздігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады, әлеуметтік көргенділікті, экономикалық ауқаттылықты, қоғамның өнегелі толық мәнділігін шектейді, мүгедек-адам және қоғам арасындағы өзара байланыстың бұзылуын сипаттайды. Мүгедектер мәселесі тек олардың жеке қызығушылықтарын ғана емес, қандай да бір деңгейде олардың отбасыларына да қатысты екенін, халық және басқа әлеуметтік факторлардың өмір деңгейіне тәуелді екенін ескере отырып, олардың шешімі тархабарлы емес, жалпыұлттық жазықтықта жатыр және көп жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясатының келбетін анықтайды деп белгілеуге болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік институттардың тәжірибелік қызметінің және мүгедектер мен мүгедектікке қатынасындағы мемлекеттік саясат қалыптасуының мазмұнын анықтайды.
Мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 16 маусым 1997 жылғы «Мүгедектік, асыраушысынан айрылу, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылар туралы» және 5 сәуір 1999 жылғы «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңдарымен жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жүзеге асыру үшін мүгедектіктің пайда болуы (ол өтініш бергенге дейін жұмыстың бітуіне немесе жалғасуына тәуелсіз), сонымен қатар мүгедектіктің туындау уақыты (жұмыс уақытында, жұмыстың басталуына дейін немесе аяқталған соң) құқықтық негіз болып табылады.
Мүгедектік бойынша тағайындалатын жәрдемақылар мөлшері мүгедектік тобына және мүгедек категориясына байланысты және республикалық бюджеті туралы Заңда жыл сайын белгіленіп отыратын айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде беріледі.
Мүгедектік бойынша айлық жәрдемақылар келесі көлемдерде тағайындалады:
I топ мүгедектеріне- 6 айлық есептік көрсеткіш;
II топ мүгедектігіне - 4 айлық есептік көрсеткіш;
III топ мүгедектеріне және мүгедек балаларға 3 айлық есептік көрсеткіш.
Алматы қаласы бойынша 115, 8 мың мүгедектер арнайы қалалық 0, 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде (460 теңге) жәрдемақы алады. Алты ай бойына жәрдемақы төлемі 318, 1 млн. теңге саласында өндрілді.
Жастар және жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты туралы
Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың барысы туралы 2007 жылғы 1 тоқсандағы ақпаратЕсептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысындағы жастар саясаты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелеріне және 2006 жылғы 1 ақпанда 16/217-III нөмірімен облыстық мәслихат бекіткен «Шығыс Қазақстан облысының жастары 2007-2008 жылдарға» атты облыстық бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылды. Жастарды әлеуметтік қолдау, девианттық ұстанымдардың алдын алу, жастар ұйымдарын белсендіру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат департаменті жастардың ҮЕҰ арасында келесі бағыттар бойынша әлеуметтік қызметтер құру конкурсын жариялады:
Өскемен қаласындағы студент жастардың бастамаларын дамыту және қолдау (1, 0 млн. теңге) ;
Семей қаласындағы студент жастардың бастамаларын дамыту және қолдау (1, 0 млн. теңге) ;
жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау (1, 0 млн. теңге) ;
жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау (1, 0 млн. теңге) ;
кәмелетке толмаған жастардың девианттық ұстанымдарының және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу (1, 0 млн. теңге) ;
жастарға және жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық көмектер және кеңестер беру (1, 0 млн. теңге) ;
жастар ұйымдарын қолдайтын ресурстық орталық (1, 0 млн. теңге) ;
жұмысқа орналасу, білім алу және кәсіби дайындық, бос уақытты ұйымдастыру және спорт салаларындағы өз құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері туралы жастарды құқықтық насихаттау және ақпараттандыру (1, 0 млн. теңге) . Жастар үшін әлеуметтік қызметтер құруға барлығы 8, 0 млн. теңге бөлінді. Конкурстың «мөлдірлігін» қамтамасыз ету үшін, конкурсқа тапсырылған жобалар конкурсының тұсаукесер көрмесі өткізілді, конкурс комиссиясы кеңейтілді. Оның құрамына ҮЕҰ, ШҚО Азаматтық Альянсы мүшелерінің қатарынан тәуелсіз сарапшылар енгізілді. Конкурсқа барлығы 27 жастар ұйымы қатысты (жастардың ҮЕҰ-ның 55%), және бұл жастардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасауға қызығушылықтарын және мемлекеттік тапсырыстарды орындауға дайын екендіктерін байқатты. Қойылған талаптар сақталынбағандықтан үш лот бойынша конкурс өтпей қалды.
Қалған бесеуі бойынша жеңімпаздар болып:
- «Семей қаласындағы студент жастардың бастамаларын дамыту және қолдау» - «Салауат» ЖҚБ (Семей қаласы) ;
- «Өскемен қаласындағы студент жастардың бастамаларын дамыту және қолдау» - Жастар және балалар ұйымдарының Қауымдастығы (Өскемен қаласы) ;
- «Жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау»-«Шемонаиха аудандық жастар және балалар ұйымдарының Қауымдастығы» (Шемонаиха ауданы) ;
-«Кәмелетке толмаған жастардың девианттық ұстанымдарының және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» - «Жас Толқын» мектеп және балалар ұйымдарының қауымдастығы ҚБ (ШҚО) ;
- «Жұмысқа орналасу, білім алу және кәсіби дайындық, бос уақытты ұйымдастыру және спорт салаларындағы өз құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері туралы жастарды құқықтық насихаттау және ақпараттандыру» - «Қазақстанның болашағы үшін» ҚБ (ШҚО) танылды.
2007 жылдың басынан ақ Шығыс Қазақстан облысында жастар ұйымдарының белсенділігінің артқаны байқалды. Ағымдағы жылдың үш айының ішінде ғана 8 ұйым өз қызметін тіркетті. Жекелеп айтқанда, «Семей қаласы студенттерінің альянсы» қоғамдық бірлестігі, «Восток» жастардың әскери-патриоттық клубы» ҚБ, «Жастар форматы» жастардың қоғамдық бірлестігі және т. б. 2006 жылғы 1 сәуір қарсаңында Шығыс Қазақстан облысындағы тіркелген жастардың ҮЕҰ барлық саны 55-ті құрады. Облыстағы студенттік құрлыс жасақтарының жұмыстарын одан ары дамыту мақсатында «Студенттік құрлыс жасақтарын дамытудың болашағы мен мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді, онда СҚЖ қызметтері жайындағы келелі сұрақтар талқыланды. «Дөңгелек үстел» жұмысының нәтижесінде студенттік құрлыс жасақтарының облыстық Штабын құру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Ішкі саясат департаменті және Шығыс Қазақстанның кәсіпқой құрлысшыларының біріккен жұмыстарының арқасында СҚЖ облыстық Штабы құрылды. Құрамына Ішкі саясат департаментінің, құрлыс және Шығыс Қазақстанның кәсіпқой құрлысшылары Қауымдастығының өкілдері кірген, СҚЖ қызметтерін реттеу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылды. Жастарға зиялылық, рухани-адамгершілік тәрбие беру шеңберінде Ішкі саясат департаменті облыстық Пікір-сайыс орталығын құруды көздеп отыр. Бүгінгі күні оның заңды тіркелуін ұйымдастыру жұмыстары аяқталды. Орталықтың 2006 жылға арналған стратегиялық жұмыс жоспары жасалды. 2006 жылғы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының тұсау кесері өткен баспасөз-конференциясы болды. Облыс әкімі алғашқы рет, өзінің 2006 жылдан бастап, жыл сайын берілетін «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығын тағайындады.
Сыйлықтар келесі номинациялар бойынша беріледі: «Жылдың жастар көшбасшысы», «Жылдың студенттер көшбасшысы», «Жас кәсіпқойлар», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жас журналисі», «Жылдың жастар акциясы», «Жас отау». Өскемен қаласында сәуірдің 5 мен 7 аралығында, денешынықтыру-сауықтыру орталығында студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен, «Студент 2007» облыстық универсиадасы өтеді. Мұнда спорттың 7 түрі бойынша жарыстар өткізіледі: волейбол, мини-футбол, шахмат, жүзу, үстел тенисі, еркін күрес, дзю-до. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын ақпараттық қолдау мақсатында, тегін таратылатын «Молодежный клуб» газетінің шығарылуы жалғасуда. 2007 жылғы 1 тоқсанда газеттің кезекті 4 нөмірі 4000 дана тиражбен басылып шықты. Облыс жастарының өзекті мәселелерін, сондай-ақ жастардың іс-шараларын жариялау бойынша газет редакциясымен шығармашылық байланыс орнықты. Газеттің облыстық ақпараттық кеңістікте өзіндік орны қалыптасып, сұранысқа ие бола бастады. «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының негізгі ережелеріне және «Шығыс Қазақстан облысының жастары» 2007-2008 жылдарға атты облыстық бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалық және аудандық бағдарламалар дайындалып, бекітілу қарсаңында. Жастар саясатын іске асыру бойынша облыстың қалалары мен аудандарында дайындалған барлық бағдарламалар және жоспарларды іске асыруға 2008 жылы 17, 745 млн. теңге қаржы бөлу көзделініп отыр. Шығыс Қазақстан облысында жастар саясатын іске асыру жалғастырылуда.
Қорытынды.
Бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және күш-жігеріміз бен жетістіктерімізді талдай отырып, стратегиялық тұрғыда дұрыс жолды таңдаған елміз десек келеді. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялық үдерістер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. Реформалардың өзі де ел үшін тар өрісті мақсат болған жоқ. Еліміздегі реформалар халқымыздың жақсы өмірі үшін, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашағын қамтамасыз ету үшін жүргізілді.
Саясатымыздың стратегиялық мақсаты ел Конституциясымен бекітілген: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”. Қазақстан жауапты таңдау жасады және бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz