Орхон - Енисей жазба ескерткіштері



Кіріспе
І. Орхон . Енисей жазба ескерткіштері.
1.1. Білге қаған ескерткіші.
1.2. Тоныкөк ескерткіші.
ІІ. Орхон мұраларының зерттелуі.
2.1. Күлтегін ескерткіші тарихи дерек ретінде.
2. Зерттелуі және қазіргі кездегі көзқарастар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өзектілігі: Көне түркі жазба ерекшеліктері адамзат тарихында түркі халықтарының қосқан үлесі туралы жан-жақты баяндайтын біздің заманымызға жеткен бірден бір тарихи дерек. Бүгінгі еліміз тәуелсіздік алып, тарихына ерекше мән берген кезеңінде түркі тайпаларының шығу тегіне ерекше мән беріліп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан, Түркия, Маңғолия ғалымдары бірлесе отырып Түркі халықтарының тарихын жазуды қолға алып отыр. “Көне түркі жазба ескерткіштері- түркілердің этникалық негізі болған дулат, үйсін, қыпшақ, қарлұқ т.б. тайпалар мен халықтардың этникалық байланыстарын, қалыптасу, даму кезеңдері жөніндегі мәліметтер беретін біздің заманымызға жеткен тарихи ескерткіш” (12;8) Алтайдан шыққан түркілер аз уақыт ішінде мұзды мұхиттан қара теңізге дейінгі барлық жерді өзіне бағындырды. Осылайша, түркілер тарих сахнасына шығып, мемлекет құруды, адамзат тарихына бетбұрыс жасады. Түркі елі өзі өмір сүрген уақытта төрт рет гүлденіп, төрт рет дағдарыс – құлдырауды бастан кешіргендігі жөніндегі тарихи ескерткіш. Сондықтан халқымыз ата тарихын деректер негізінде танып білуде.
” Көне түркі жазба ескерткішінің” қазақ тарихында алатын орны ерекше. ”Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәүірдің қоғамдық – мәдени, әрі әдеби тұрмыс салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналған.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Өзектілігі: Көне түркі жазба ерекшеліктері адамзат тарихында түркі
халықтарының қосқан үлесі туралы жан-жақты баяндайтын біздің заманымызға
жеткен бірден бір тарихи дерек. Бүгінгі еліміз тәуелсіздік алып, тарихына
ерекше мән берген кезеңінде түркі тайпаларының шығу тегіне ерекше мән
беріліп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан, Түркия, Маңғолия ғалымдары бірлесе
отырып Түркі халықтарының тарихын жазуды қолға алып отыр. “Көне түркі жазба
ескерткіштері- түркілердің этникалық негізі болған дулат, үйсін, қыпшақ,
қарлұқ т.б. тайпалар мен халықтардың этникалық байланыстарын, қалыптасу,
даму кезеңдері жөніндегі мәліметтер беретін біздің заманымызға жеткен
тарихи ескерткіш” (12;8) Алтайдан шыққан түркілер аз уақыт ішінде мұзды
мұхиттан қара теңізге дейінгі барлық жерді өзіне бағындырды. Осылайша,
түркілер тарих сахнасына шығып, мемлекет құруды, адамзат тарихына бетбұрыс
жасады. Түркі елі өзі өмір сүрген уақытта төрт рет гүлденіп, төрт рет
дағдарыс – құлдырауды бастан кешіргендігі жөніндегі тарихи ескерткіш.
Сондықтан халқымыз ата тарихын деректер негізінде танып білуде.
” Көне түркі жазба ескерткішінің” қазақ тарихында алатын орны ерекше.
”Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәүірдің қоғамдық –
мәдени, әрі әдеби тұрмыс салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына
ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналған.
(19;34) Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар
қос батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен
қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп
отыр.
Көне түркі жазушыларын ғылым әлемі бір ғасырдан астам уақыт бойы
зерттеп келеді. Демек, оның ашылмаған құпиясы әлі көп. Бұл ескерткіштер
тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы жайлы сыр шертетін жәдігерлердің
бірі, еліміздің тарихын танып – білу үшін маңызы зор тарихи, саяси дерек
көзі болғандықтан, олардың толықтай зерттелуі әлі де зерделеуді қажет
ететін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.
Мақсаты: Көне мұра жәдігерліктеріндегі ежелгі жазбалардың қайдан,
қашан, қалай қанат жазғандығын, танылып зерттелгендігін және тарих
ғылымдарындағы тұғыры мен жетістігін аша көрсете отырып, осы ескерткіштер
туралы жазылған тарихи әдебиеттер негізінде Түркі жазба ескерткіштерін
зерттеу.
Міндеттері:
- Орхон – Енисей атауының шығуына тоқталу;
- Ескерткіштердің жазылу тарихын саралау;
- Жазбалардың зерттелу деңгейін айқындау;
- Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сынды тарихи тұлғалар өмірінен,
жүргізген саясатынан мәлімет беру;
- Ескерткіштердің тарихи дерек екендігін ескере отырып, олардың
тарихи маңыздылығын ашу;
- Көнені парықтау, санамызға сіңіру барысында асыл мұраларды ғылыми
тұрғыдан оқып-үйрену және кеңінен насихаттау;
- Жоғарыда аталғандардың барлығын бір жүйеге келтіріп, өзіндік
қортынды жасау.
Методологиялық негізі: Курстық жұмыс объективтілік, тарихилық,
өркениеттілік, жүйелілік сияқты таным принциптеріне негізделеді. Сонымен
қатар, XVIII – XX ғасырларда жазылған, бірақ әрбір тарихи кезеңді
мүмкіндігінше объективті тұрғыдан көрсетуге бағытталған еңбектер, жеке
монографияларды жаңа көзқарас тұрғысынанқарап, басшылыққа алдық. Нақты
фактілікматериалды зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау,
жүйелеу, салыстыру және т.б. жалпыға таныс әдістері негізінде жүргізілді.
Практикалық маңызы: Курстық жұмыста қарастырылған мәселелерді жоғарғы
оқу орындарында оқытушылар дәріс сабықтарында, студенттер семинарларында
мәлімет көзі ретінде қолдана алады. Ғылыми конференцияларға қатусышылар да
өз баяндамаларын осы тақырып негізінде жазуына болады.
Деректемесі : Мзмұны мен сипаты тұрғысынан бірнеше топқа жіктелген
жинақтар құрайтын материал курстық жұмыстың негізін құрайды. Сонымен қатар,
Көне түркі жазба ескерткіштерінің өзі адамзат тарихында түркі халықтарының
қосқан үлесі туралы жан-жақты баяндайтын және біздің заманымызға жеткен
бірден бір тарихи дерек болып табыдады.
Зерттелу деңгейі: Зерттеу жұмысының алдына қойған міндетін шешу
жолында көптеген тарихнамалық және деректік әдебиеттер жинақталып, ой
елегінен өткізілді.
Түркі жазуларының біздің заманымызға да ортақ мұра екендігін
көрсетуде Қазақстандық ғалымдар біршама үлес қосып келеді. Бұл істе
Қазақстан тюркологтары А.Аманжолов,Ғ. Айдаров және т.б. ғалымдар
айтарлықтай өз еңбекткрін сіңірді.
Көне түркі күл жазуын зерттеп жүрген ғалымдардың бірі –
Ғ. Айдаров. Оның ” Орхон ескерткіштерінің тексі” атты еңбегінде
ескерткіштер тіліндегі ерекшеліктерге тоқталған, сол сияқты
Қоңыратбаевтардың ”Көне мәдениет жазбалары” атты еңбегідне ” Күлтегін
” және ” Тоныөк ” жырларына тілдік тұрғыдан мән берген. Мәселен, тарихи
тұрғыдан зерттеуден әйгілі тюрколог А. Аманжоловтың ” Тюркская руническая
графика ” деп аталатын еңбегінің орны ерекше. Еңбекте тілдік талдаулармен
қатар түрік дәуірінің тарихына да біршама т оқталады. Қазақстандық
зерттеушілерге тән олқы нәрсе сол, әлі күнге дейін зерттеулер тек тіл және
әдебиет ғылымдары дкңгейінен аса алмай отыр.
Біз аса маңызды құнды зерттеулер қатарына орыс және еуропа
ғалымдарының еңбектерін жатқызамыз. Ең алғашқы енисей аңғарларынан
табылған құпия жазулар жөніндегі ақиқат мағлұматтар швед елінің тұтқын
офицері И. Страленбергтің еңбектерінде анық көреміз. Оның ”Ескерткіштер
туралы” еңбегі 1730 жылы Стокгольм қаласында неміс тілінде жарияланды.
Мұнда Сібірде жүрген кездерінде кездестірген бірқатар құпия жазулардың
кестесі ұсынылады. Сондай – ақ Насилов Сібір жерінен табылып жатқан құпия
жазулардың бірқатар үлгілерін жариялады. 1964 жылы Кляшторныйдың
”Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии”
деп аталатын құнды еңбегін атап өту орынды. Бұл еңбекте негізінен 1875 жылы
екі рет ұйымдастырылған экспедиция нәтижелері анық көрсетілген. Содай-ақ 32
кесте, 14 текістік иллюстрация, 8 фотосурет қамтылған.
Сонымен қатар, Ядринцев Н.М. Сібір жерінен орхон ескерткіштерін
зерттеуде түркология ғылымына елеулі үлес қосты. Ол 10-ға жуық ғылыми еңбек
жазды. Солардың қатарына жататын 1892-1899 жылдар аралығында басылған ”
Орхонская археологическая экспедиция” тағы басқа еңбектерін атап өтуге
болады.
Ұлы ғалым В.В. Радловта көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеуде аса
құнды еңбектер жазды. Атап өтетін болсақ, ”Монғолияның ескі мұралары
атласы” деп аталатын еңбегінде негізінен табылған түркі ескерткіштері
тіркеуге алынған және олардың жазу үлгілері, фотосуреттері де осы атласта
көрсетілген.
Көрнекті орыс ғалымдарының бірі С.Е. Моловта көне түркі жазбаларын
зерттеуге үлкен үлес қосты. Оның ”Памятники древнетюркской писменности
Монголии и Киргизии”, ”Енисейская письменность тюрков” деген аса бағалы
еңбектерін атап өту керек. Соның ішінде ”Енисейская письменность тюрков”
атты еңбегінде орхон – Енисей жазбаларының диалектикасын анықтай түседі.
Сондай- ақ түркі қағанатына тікелей қатысты жазбалар Күлтегін, Тоныкөк,
Білге қаған үлкен жазуының жылнамаларына баса назар аударған.
Құрылымы: курстық жұмыстың кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытынды
бөлімінен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан
тұрады.

І. Орхон - Енисей жазба ескерткіштері.
1.1. Білге қаған ескерткіші.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері жазылған уақыт түркі тілдерінің даму
тарихында “Көне түркі дәуіріне “сай келеді, яғни б.з.д V- X ғасырлар.Шығыс
қағандығырың құрамында өмір сүрген түріктер осы Орхон-Енисей жазуын, сол
жазудың тілінде сөйлеген.Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің ең көп
табылған жері-Орхон,Енисей,Селенга және Талас өзендерінің бойы.Басқа
жерлерден кездесті дегеннің өзінде де олар осы аталған өзендердің бірінің
болмаса да екіншісінің манынан онша алыстап кете қоймаған. Сондықтан бір
топ ескерткіштер әуелі өздері бойынан табылған өзендердің атымен Орхон-
Енисей ескерткіштері деп аталған да, кейінірек ол атау сол тектес өзге
ескерткіштерге де берілген. Сөйтіп “Орхон-Енисей жазуы”деген сөз “руна
жазуы”деген терминнің орнына қолданылатын болып қалыптасқан.
“Руна” деген сөз Скандинавия халықтарының тілінде “құпия”, “сыры
ашылмаған”, “тылсым” деген ұғым береді.Сібірде 13 жыл айдауда болған щвед
офицері Ф.И. Табберт-Страленберг 1730жылы Орхон-Енисей жазуының бірнеше
үлгілерін тауып, бұрынсоңды тарихта белгісіз, ешкім түсінбейтін жат жазуды
өз елінің тілінде осылай деп аталған. Орхон-Енисей жазуы туралы мәліметтер
одан бұрын да белгілі болатын. Бірақ бұл жазудың өзіндік сыры екі ғасыр
бойы құпия болған. XVII ғасырдың аяғынан [1692жыл] бастап XIV ғасыр соңына
дейін [1893] оны ешкім оқи алмаған . Орхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен
бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап , кең жайылған. Оның
қолданылу тарихы V-X-XI ғасырлар аралығын қамтиды. Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері өзінің табылған жеріне байланысты талас жазуы , орхон жазуы
және енисей жазуы деп 3 топқа бөлінеді . Осындағы енисей және орхон
жазбаларына тоқталайық. Енисей жазба ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойы
мен Тува автономиялы облысынан табылған ескерткіштер тобы аталады . Бұл
алқаптан табылған ескерткіштердің жалпы саны сексеннен астам. Соңғы
жылдары енисей жазуы үлгілері Алтай аймағы мен Тува автономиялы облысынан,
Хакас автономиялы облысы мен Краснояр өлкесінен де табылып отыр. Енисей
ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15
жолдан тұрады да, ең кішісі 1-2 жолдан ғана құралған. [1;25] Қолданылу
мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері көне түркі жазуының ең ескісі, ол
шамамен V-VII ғасырларға жатады деп шамаланады. Зертеушілердің көне
түркіжазуының алғашқы тараған, қалыптасқан отаны деп Енисей өзенінің
аңғарын айтады. Осы жерден ол жазу түркі тайпалары мекен еткен Орхон
өзенінің бойына , Талас өңіріне тараған Орхон жазу ескерткіштері деп Орхон,
Енисей, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан , Минусинск ойпатынан табылған
ескерткіштер тобы аталады.Енисей ескерткіштерінің танбаларынан гөрі орхон
ескерткіштері таңбаларының әлдеқайда жетілгендігі, әрі олардың жақсы
сақталуы да Орхон өзенінің бойына , сондай-ақ оған жалғас аймаққа көне
түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктердің тараған болуы керек дейтін
пікірді дәлелдей түседі. Оның бер жағында , орхон жазуы, мүмкін, халық
арасына кеңінен тараған болуы керек. Күлтегін ескерткішінде мынадай сөйлем
кездеседі; аңар көру білің, түрк атты будун белгілері[“мынаны оқып
біліндер, түріктің ендігі халқы мен бектері”]. Сол сияқты , Тоныкөк
ескерткішінде де ; Түрк білге қаған еліне бітітуім мен білге Тоныюхук
[“Түріктің Білге қаған еліне арнап жаздырдым мен, данышпан Тоныкөк”] деген
сөйлем бар. [9;17] Бұларға қарағанда , ескерткіш қойғызып , өсиет айтып
отырған тұлғалар өз заманындағы көпшілік түріктердін бұл жазуды оқи оқи
алатынын ескерген сияқты.
Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма
жасау және ғылыми мәтінін дайындау ісіне В.В. Радлов, В.В.Томсен, Ю. Немет,
Х.Н.Орхун тағы басқа шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе ,
көрнекті кеңес ғалымы С.Е. Маловтың бұл салада еңбегі ерекше зор болды. Ол
көне түркі жазуындағы мәтіндерді орыс тіліне дұрыс аудару жағына көбірек
назар аударды. С.Е. Малов бірқатар аудармаларға едәуір түзетулер еңгізді.
Ең бастысы-осы мәтіндерге тарихи тұрғыдан түсінік – сипаттама берді.
Сонымен, көне түркі түркі тілі мен тарихын зерттеушілер әсіресе ,
Күлтегін,Білге қаған , Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударады.
Бұларды бірнеше Еуропа тілдеріне, орыс, қазіргі түркі тілдеріне тәжімалады.
Өйткені бұл әдеби туындылар түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани
өмірін , тарихын, саясатын бейнелейтін жәдігерлер болып табылады. Әрине,
Орхон-Енисей өзені бойынан табылған бұл ескерткіштер мәтінінде түрік
қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында
бірқатар тарихи деректер бар.
Білге қаған ескерткіші – Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі
көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” [көне түркі
тілінде –“Беңгу таш”] қатарына жататын ескерткіш кешен. Орталық Монғолия
Арханғай аймағы Хашаты сұмыны , Орхон өзенінің шығыс жағалауы , Цайдам
деген кішкентай көлшіктің батыс оң жағасындағы Цайдан атты жазыққа
орналасқан. Кешен Қарақорынқалашығының солтүстігінде 45 километр қашықтықта
жатыр. Ұлан-Батыр қаласынан 400 километр , Хашат сұмынан 15 километр
қашықтықта Цайдан жазығының төрінде орналасқан Күлтегін ескерткішінің оң
жағында 500 метр жерде тұрғызылған [14;184]. Білге қаған ескерткішін орыс
ғалымы Н.М.Ядринцев тауып, [1889 жылы] оны белгілі түркітанушы
В.Томсен, Дания ғалымы В.В.Радлов анықтаған әріптік жүйемен оқыды 1894
жылы,[25;90]. Білге қаған ескетркішін А.Аманжолов, Ғ.Айдаров тағы басқа
ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. 1976-1982 жылдар аралығында
Қ.Сартқожаұлы кешенінің жалпы сызба-жоспарын қағаз бетіне түсіріп,
мүсінтастардың өлшемін алып , суретін сызып, фотоға түсірді. Моңғол
археологы Д. Баяр Білге қаған ескерткішіндегі адамдардың мүсінтасының
сүретін сызып сипаттамасымен қоса жариялады.[18;56] Ескерткіш Екінші Шығыс
Түрік қағанатының атақты қағаны –Білге қағанға арналған Көне түркі бетік
жазуындағы Білге қаған есімі қытай жазбаларында рі-кіа, то-кіlіеп, mo-gі-
lan [могилен] тағы басқалай кездеседі.[20;43] Сол себептен ғалымдар “Білге
қаған” лауазымы , ал “Могилиен, могилян”- оның өз аты дейді. Көне түркі
бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы-“білікті, билік-
төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қағаң” деген ұғымды білдіреді.Білге
қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты территория тұрғысынан кеңейіп, аса
құдіретті империяға айналды. Бұл жайында Білге қаған ескерткішінде кеңінен
мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердің “тәңрітекті түрік елі үшін”
Бумын , Естемі, Білге, Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінің”
“ел- жер - тірлік” тұтастығын сақтау,қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу
жолындағы ерліктері, мемлекеттік ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер
тілмен, тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалған.
Ескерткіште “елді халық едім,қағаным енді қайда,қай қағанға іс-күшімізді
жұмсар екенбіз! Деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды.[13;2] Тәңірі күш
қуат бергендіктен, қағандық әскері бөрідей , жаулары қойдай болды деген
рухтандырғыш жолдар да мол. Білге қағаң ескерткішінде оғыз, тоғызоғыз,
қырғыз, құрықан, отыз татар, татабы, қытанг, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ,
түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол – маңжұр тектес ру –
тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач тағы басқа
отырықшы елдер туралы тарихи деректер, нақты мәліметтер баяндалған. Жер
жүзінің төрт бұрышы, Ұлы Түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайта дамыту
жолындағы саяси іс- шаралар, көптеген жорық-шабуылдар , олар өткен Бөклі
шөлі , Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық,
Селеңгі, Ертіс, Есгінті, Мағы Қорған, Байырқы тағы басқа жер-су, елді –
мекендер көркем жырланады. Бұл “Мәңгі Таста” Білге қағанның інісі Күлтегін
, дана білгір Тоныкөк жайында да сөз етеді.[21;34]
Білге қаған ескерткішіндегі көне түрік бітік жазуын бекзада
Йоллықтегін 1ай 4 күн бәдіздеп жазған [734жылы]. Білге қаған ескерткіші сол
заманға лайықты өте шеберлікпен жасалған. Ескерткіш сегіз қырлы мәрмәр тас
, тасбақа , тас мүсін [8дана], бейіт тас [4дана], тасаттық тас [1дана],
арыстан бейнелімүсін [2дана] және балбал тастардан тұрады. Бұлармен қоса
кесене [13x13x8метр], оны қоршаған қамал [80 x 70метр] орнатылған 2,29
x 0,72 x 0,44 метр өлшемді тасбақа тасқа орнатылған 3,45 x 1,74 x 0,78
метр түркі бітін жазулы [бір жағы қытай иероглифті жазуы бар ] тас
ескерткіштің жалпы биіктігі 3,89 метр . Түрік бітік жазулы ескерткішінің
күншығысқа қараған жағында 41 жол жазуы бар. Оның үстінде қағандық таңба,
өзара алысқан екі айдаһар бейнесі [қалған екі бойында 15 жол барлығы – 32
, екі қырында бір – бір жолдан ]. Барлығы – 80 жол жазуы бар .[15;32] Қытай
жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш баста тасбақа тас үстіне
күншығысқа қаратылып орнатылған. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш ,
бірнеше бөлшектелген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен
ескіріп , талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған . Кесененің
орны ғана білінеді. Білге қаған ескерткішіндегі бітік жазудың біршама
жолдары толық танылмайтындай, анық емес, кейбір жерлері кетіліп , өшіп
кеткен. Дегенмен, жазулардың 70% - ға жуық бөлігі сақталған. Білге қаған
ескерткіш кешенінің құрылысы, жасалу тұрғысынан Күлтегін ескерткіш –
кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы
жолдардың 30 – ы [68жолдан] мазмұны , сөз қолданысы жағынан Білге қаған
ескерткішімен айна- қатесіз бірдей. 80 жол , 3000 – нан астам сөз , 10 мың
– дай таңба әріп бар.[9;244] білге қаған ескерткішінде көне түрік тілінің
классикалық әдеби тіл нормасы кеңінен көрініс тапқан. Білге қаған
ескерткіші тасбақа үстіне орнатылған құлпытасқа жоғарыдан төмен қарай,
біріңғай өлшеммен көркем бәдізделген. Ескерткіштің төртінші, яғни күнбатыс
жағына қытай иероглифімен сол кездегі Таң [ТАБҒАЧ] мемлекетінің патшасы
Минь – Хуанның “көңіл айту” сөзі жазылған.[4;3] Ескерткішті зерттеушілер
шығыс жағындағы жазуды X [41 жол ], оңтүстік жағындағы жазуды X a [15жол],
солтүстігіндегі жазуды X [15жол], екі қырындағы бір – бір жолды XI,XII және
батыс жағынан төменгі бойындағы 7 жолды Xс деп белгілеп қарастырады.[3;6]
білге қаған ескерткіші “Теңрітег теңрі йаратмыш түрік білге қаған
сабым”, яғни “Тәңіртекті тәңірлік жаратылған түрік білге қаған сөзім” деп
басталады. Білге қаған байырғы түркі күнтізбесі бойынша ит жылдың оныншы
айы 26 күні көз жұмған. Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 734 жылдың 18
қаңтарында деп келеді. Ал байырғы түркі күнтізбесі бойынша лағзын [доңыз]
жылы бесінші айдың 27 күні киелі ескерткішті бітіріп , тасаттық берген. Бұл
Григориан күнтізбесі бойынша 735 жылдың 19 тамызына деп келеді. Бұл
күні киелі ескерткішті ашумен қатар ас беріп, ат жарыстырып , Тәңірден
тілек тілеп, келер күндерден жақсылық күтеді. Таң империясының императоры
Сюан – цзунның бұйырығымен Білге қағанның орнатып асын беруге Ли Юцзянь
түрікше Лисун Тай Сецун бастаған 500 адам қатысқан . С.Г.Кляшторный
жерлеу 735 жылы 22маусымда болды деген. [ 27 ; 60 ] Қытай имераторының
көңіл айту жұбаныш хатын тарихшы Ли Жун жазып, Сюань Цзунның өз қолымен
жазылған мәтінді шебер хұснихатшылар ескерткішке қашап жазған. [ 17 ; 29 ]
Жалпы алғанда , ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте
аз дерлік. Сол себептен, бұл ескерткіш – түркі этностарының тілдік
табиғатын, әдеби, этнографиялық, тарихи тағы басқа қыр – сырын анықтай
зерттеу үшін қайталанбас дара мұра.

1.2. Тоныкөк ескерткіші.
Тоныкөк ескерткіші 750 жылдар шамасында Селенгі өзені бойында
орналған. Бұл жазуды ашина тайпасынан шыққан Тоныкөк орнатқан. Ол алғашқыда
Төбехан мен Қапағанға, одан соң Білге қағанға уәзір болған. Жазуда ол
”Білге Тоныкөк, мен өзім табғаш елінде өстім. Түрік бадан (халқы) ол кезде
табғаштарға кіріптар еді. Түрік бадан, ханы болмай табғаштардан ажырады,
хандық құрды”, - деп, өзінің ұлық шадқа еріп, оны хан етіп қойғанын баян
етеді. Ұлық шад деп отырғаны – Могилан (12;19).ескерткіш 1897 жылы
Монғолияның орталығы – Ұлан батырдың оңтүстік жағынан 36 километр жерден
табылды. Оны алғаш рет тауып жұртшылыққа таныстырған Е.Л. Клеменц 1898 жылы
Тоныкөк ескрткішінің эстампажы мен фото-сурет жасалды. Сол фотосуреттің
негізінде В.В. Родлов ескерткіштің аудармасын жасап, баспадан шығарды.
Ескерткішті 1909 жылы Г. Рамстедт, 1920 жылы Б.Я. Владимирцов, 1957 жылы П.
Аолто, 1959 жылы Ғ. Айдаров зерттеп, ескерткіш жөнінде еңбектер жазды.
Ескерткіш кең далада қарама – қарсы төрт қырлы екі бағана тасқа әбден
жақсы қашалып жазылған. Ескерткіштегі жазулар жақсы сақталған. Оңтүстік
жақтағы бағана тастың биіктігі 1 метр 70 сантиметр, ол таста ескерткіштің 1-
36 жолдары жызылған.
Екінші бағана тастың биіктігі 1 метр 60 сантиметр. Ол бірінші тастан
гөрі сәл аласа болып келеді. Онда ескерткіштің 37-62 жолдары орналған.
(29;5) Ескерткіште дана Тоныкөктің өзі қатысқан жорықтары мен шабуылдары,
түркі қағанатына қатысты бірсыпыра тарихи деректер келтірілген. Тоныкөк
Құтлұғ (Елтеріс) қағанның ең сенімді кеңешісі. Ол Мочжо (Қапаған) қаған
кезінде бірқатар қиыншылықтарға душар болды. Бірақ Могилян (Білге қаған)
таққа отырғаннан кейін Тоныкөктің абыройы арта түседі. Ол енді түркі
әскерлерінің соғыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды. Ескерткіштің
бірінші жолында Тоныкөктің табғаш елінде туып, сонда оқып, тәлім-тәрбие,
білім алғандығы сөз болады. Тоныкөк сөзінің шығуы төркіні күні бүгінге
дейін ғылыми тұрғыдан анықталған емес. Ол жөнінде түркологияда бірнеше
пікірлер бар. Ескерткіштен бізге белгілі Бумын қаған қайтыс болғаннан соң
түрік тайпалары арасында қиыншылықтар, алауыздықтар түрік мемлекетінің
бұдан былай әлсіреуіне әкеп соқты. Сонда бүкіл түрік халқы былай деп
қайғырады: қалың жаудың құрсауында қалып, ” Елді халқым едім, елім қайда?
Қағанды халқым еді – қағаным қайда?” – деп күңіренген түрік елінің аңсарлы
арманы Тоныкөктің көкірегін өмір бойы күңірентіп өтіпті. Сол арманның
жолына басын тікке дана абыздың бүкіл ғұмыры қидаласқан күреске толы
болған. Сөйтіп, түркі халықтары 630 жылдан 680 жылға дейін, жарты ғасырдай
қытайлардың бодандарына айналды. Бірақ, “ Түркі халықтары жойылмасын, өз
алдына ел болсын”- деген үмітпен Құтлүғ қаған басқарған түркі ру-тайпалары
Қытайға қарсы шығады. Дана Тоныкөкпен бірлесіп, жауларына соққы беріп
отырады. Құтлұғ қаған мен Тоныкөк жаңа түркі қағанатын орнатып қана
қоймайды. Олар көптеген көрші елдерді де өздеріне қаратып, бұрынғы өз ата-
баба қоныстарын қалпына келтіреді. Тоныкөк жазуында: “Түрік халқын өтүкене
жеріне келдірдік. Менің өзім білгіш Тоныкөк өтукен жерін қоныстанды
дегенді естіп, оңтүстіктегі халық, батыстағы терістік тегі, шығыстағы
халықтар да келді” – деп айтылады. Түркі қағандары: Құлұғ, одан соң Қапаған
және Білге қаған әркез өздерімен көрші отырған елдерден, әсіресе
тобғаштардан қатты қауіптенетін. Бұл туралы жайттар ескерткіштің 18-23
жолдарында анық көрсетілген. Ескерткіштің екінші жартсының алғашқы
жолдарында он оқтарға жасалған жорықтар жөнінде біршама сөз болады.
Ескерткіштің 30-48 жолдарында қаған әскерлері Ертіс өзенінен өтіп, Темір
қақпаға дейін барғандығы толығымен баяндалған. Одан әрі қаған әскерлерінің
Жетісу бойын жайлаған түркештерге қарсы шабуыл жасағаны сөз болады. Тоныкөк
түркештерге төтеден шабуыл жасаудың жоспарын жасайды. Күтпеген жерлен
бірінші болып соғыс ашуды ұйғарады. Болчу өзені бойында болған соғыста
түркештер жеңіліске ұшырайды. Түркеш қағанына бағынатын бірқатар кісілер
қашып, он оқтарға қосылады. Бұл оқиға жайлы толығырақ мағлұматтар
ескерткіштің 42-43 жолдарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТАРИХЫ
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Енисей жазба мұралары
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Пәндер