PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы- APACHE +PHP+MySQL


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 PHP ТІЛІ ТУРАЛЫ . . . 4

1. 1 PHP тілінің негізі . . . 4

1. 2 PHP-ның мүмкіндіктері мен қолданыс салалары . . . 6

1. 3 SQL тілі . . . 11

1. 4 PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы-

APACHE +PHP+MySQL . . . 13

2 AJAX ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ . . . ……. . 17

2. 1 АJAX негізі . . . 17

2. 2 Ajax технологиясының классикалық технологиялардан ерекшелігі24

3 PHP ЖӘНЕ AJAX. 26

3. 1 AJAX технологиясын PHP да қолдану . . . 26

3. 2 AJAX және SAJAX технологияларын PHP да қолдану . . . 28

Қорытынды . . . 30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 31

Қосымша . . . 32

Кіріспе

Бұл бітіру жұмысының тақырыбы PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланып электронды тест жасау. Бітіру жұмысы жалпы 3 тараудан тұрады.

Бірінші PHP тілі туралы. Бұнда PHP тілінің даму тарихынан бастап, бұл тілдің мүмкіндіктері, қолдану салалары мен маңыздылығы, үйрену тәсілдері жазылған. Айталық, РНР тілі алғаш рет 1995 жылдың басында Personal Home Page деген атпен шығып үйренуге ыңғайлы қолданылуы қарапайым болу сияқты ерекшеліктері мен бүгінгі күнге дейін қолданыстан шықпай үздіксіз дамып толығып келе жатыр. Ол қолданушымен http протоколы арқылы байланысатын web- қосымшалар құруға арналған программалау тілі. PHP интерпретацияланатын тіл, яғни сервердегі сценарийлер орындалу үшін PHP интерпретаторын орнату қажет. PHP мен жазылған программа HTML файлына салынады.

Екінші AJAX технологиясы туралы. Бұл тарауды оқу арқылы сіз жаңа білімдерге қол жеткізе аласыз. Ұшқан құстай дамып бара жатқан жаңа заманда жаңа ойлар, жаңа талаптар мен жаңа технологиялар ойлап табылуда бүгінгі қолда бар дүние ертең жоқ боп қолданыстан шығып, жаңа заттар мен жаңа технологиялар орынын басып заман үздіксіз дамып алға ілгерлеп жатыр. Мұның бәрі де қазіргі дамып жатқан технологияның арқасы, міне сондай технологиялардың бірі AJAX. Ол технологиялық секіріс, қолда бар мүмкіндіктер аз қолда бар мүмкіндіктерін одан әрі кемелдендіру мүмкін емес кезде болады. Мұндай секіріс AJAX болып табылады. Ajax- тің жұмыс істеу тәсілі, пайдаланушы серверге өтініш жіберіп, сол арқылы сервер сандық мәліметтер қайтарылады. Ajax- тің негізі XMLHttrRequest, сервер мен пайдаланушы ара қатынасын реттейді.

PHP тілінде AJAX технологиясын пайдаланудың маңызы, AJAX ол PHP- ға жүктелген сервердің жұмысын жеңілдетеді. Мысалы, HTML- дың бір құжат оқуын көрсетсек, HTML- дың өзі мәліметтерді оқи алмайды. Осы арада Ajax техникасы пайдаланушыдағы HTML беттің пайдаланушыдағы PHP бетке өтініш етуі, содан кейін сервер PHP бет арқылы мәліметтерді оқып, қайтадан оқыған мәліметті пайдаланушыға береді. Сол арқылы пайдаланушыдағы HTML бетте мәлметтерді көрсетеді.

1 PHP ТІЛІ ТУРАЛЫ

1. 1 PHP - тілінің негізі

Соңғы бес жыл адамдар қарым- қатынасының жаңа тәсілдері мен интернеттің таңғаларлықтай дамуымен атағы шықты. Бұл жағдайдың алдыңғы қатарында World Wide Web тұрады. Күнделікті бұл коммуникациялық ортада мыңдаған жаңа сайттар ашылып, ал тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа түрлері ұсынылып жатыр. Нарықтың қарқынды дамуына байланысты жаңа технологияға және осы технологияны меңгерген программа өңдеушілеріне деген үлкен сұраныс пайда болды. Жаңа заман талабына сай көптеген программалау тілдері мен неше түрлі жаңа технологиялар ойлап табылып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандырып келеді. PHP тілі жаңадан ойлап табылған технологиялардың бірі. Біз енді PHP тілін зерттейік, және оның мүмкіндіктері мен тарихы жайлы танысайық, сонымен қатар PHP- ді қолданып, сайт жасау үшін негізгі қажетті мәліметтерді де қарастырайық.

РНР тілі тек практикалық есептерді шешуге арналған құрал ретінде жасап шығарылған. Оны жасап шығарушы Расмус Лердорф, өзінің online- резюмесін қанша адам оқитынын білу үшін Perl тіліндегі қарапайым CGT- қабыршағын жазды, бұл қатысу статистикасын жинақтау мақсатына арналған Perl- скриптер жинағы болатын CGT HTTP хаттамасы бойынша жұмыс істейтін серверлік қосымшаларды жасауға арналған стандарт болып табылады. Сервер қолданушының сұранысын CGT- бағдарламаға жібереді. Ол оларды өңдеп, жұмысының нәтижесін қолданушының экранына қайтарады. Осылайша қатысушы әр түрлі факторлардың әсері нәтижесінде өзгере алатын динамикалық ақпарат алады. Ал шлюздің өзі (CGT скрипт) түрлі бағдарламалау тілдерінде - Си/С++, Fortran, Perl, TCL, UNIX Shell, Visual Basic, Python және т. б. жазыла алады.

PHP - қолданушымен http протоколы арқылы байланысатын web- қосымшалар құруға арналған программалау тілі. PHP интерпретацияланатын тіл, яғни сервердегі сценарийлер орындалу үшін PHP интерпретаторын орнату қажет. PHP мен жазылған программа HTML файлына салынады, алайда қазіргі уақытта бұл техника web- қосымша жазудың тиімді әдісі емес. PHP- ді программа құрушыларға web- қосымшаларды тиімді және тез құруға мүмкіндік беретін сервер жақта жұмыс істейтін web сценарийлердің орнатылған тілі ретінде сипаттаған дұрыс. Web- парақтарды құрудың дәстүрлі, статикалық әдістемесіне сәйкес келмейтін қосымшаларды құру барысында PHP JavaScript және басқа да тілдермен қатар қолданылатын динамикалық мазмұнды құру және басқару үшін бағалы құрал бола алады. PHP-дің көптеген стандартты функцияларының арқасында түрлі тектес есептерді шығаруға болады. Оның құрамына графика және онымен іс- әрекет, математикалық есептеулер, XML, XSLT сияқты атақты технологиялар кіреді. PHP HTML- дің препроцессоры болып табылады. Сервер файлды браузерге бермес бұрын, оны препроцессор- интерпретатор қарастырады. Ол үшін файлдың анықталған бір кеңейтілуі болу керек (әдетте бұл . phtml немесе . php3) және препроцессор үшін код болу керек. Парақ жіберілер алдында PHP код серверде өнделеді және браузерге серверде сақталынғанға қарағанда қатты ерекшеленетін HTML парақтар түрінде нәтиже беріледі. PHP клиент скриптерінің тілдері болып табылатын JavaScript/Jscript/VBScript- ке қарағанда серверлік скриптер деп аталады. PHP Active Server Pages, Java Server Pages, ColdFusion, embperl тілдеріне ұқсас болып келеді. Бұл тілдердің барлығы web - серверде орындалатын кодты HTML парақтың ішіне орналастыруға мүмкіндік береді.

Осы пакеттердің барлығының өзегі PHP болып табылады. Ол көптеген операциялық жүйелерді қолданады. Солардың ішіне Windows пен Unix кіреді. PHP контекстінде, функционалдылығында көрінетін олардың арасындағы айырмашылық болмашы ғана. Үйде жасайтын жобалар үшін көбіне Windows қолданылады. Ал үлкен, кәсіби жоба құруға Unix- ті пайдаланған жөн. Өйткені ең алғашында PHP Unix платформасы үшін құрылған, сондықтан PHP- дің көптеген кітапханалары мен толықтырулары Unix тәрізді жүйені талап етеді. Егер жоба өте күрделі болмаса, Windows 2000, XP, 2003 операциялық жүйені пайдаланған тиімді болып табылады. Windows операциялық жүйесінде жазылған PHP скриптерді қажет болған жағдайда Unix- ке көшіріп алуға болады. PHP мен қоса web - сервер және мәліметтер базасының сервері қажет. Web- сервер - қолданушы компьютерін web- серверге айналдыратын программа, aл мәліметтер базасының сервері - PHP- мен басқарылатын мәліметтер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сервер компоненті.

Дүние жүзіне кең таралған, қауіпсіз және ыңғайлы серверлердің бірі - Apache. Ол Unix тәрізді жүйелер мен Windows операциялық жүйелері сияқты әртүрлі платформаларда таралатын жоғары өнімді, жоғары функционалды web-сервер болып табылады. Apache- дің ең негізгі бәсекелесі Microsoft корпорациясы шығарған Windows ортасында жұмыс істейтін IIS болып табылады. Алайда IIS өзге есептер шығаруға бағытталғандықтан, сонымен қатар PHP- дің IIS web- серверімен жұмыс жасағанда функционалдылығының төменделуінен PHP пен IIS- тің бірлескен жұмысы аз таралған. Ішінде PHP интерпретаторы салынған web- сервер мен MySQL мәліметтер базасының сервері жинақталған арнайы пакеттер бар. Оның қатарына тегін таралатын TopServer пакеті жатады. Кейінірек қабыршақтың аздаған өнімділігі бар екені анықталып, оны Си тілінде қайта жазуға тура келді. РНР- дың бірінші версиясы бар сайт орналасқан серверді қолданушылар құралға қызығушылық танытып, оны қолданғысы келетіндер пайда болды. Осылайша РНР өзінше жобаға айналды және 1995 жылдың басында Personal Home Page деп аталған өнімнің бірінші белгілі версиясы шықты.

1995 жылдың ортасында тиянақты өңдеуден кейін РНР/FI деп аталатын (Personal Home Page/Forms Interpreter - дербес үйдегі бет формалар интерпретаторы) өнімнің екінші версиясы шықты. Онда қазіргі РНР- дің базалық мүмкіндіктері болды, мысалы, html- формаларды автоматты түрде өңдеу және html-кодтарға орналасу мүмкіндіктері. PHP/FI синтаксисі Perl синтаксисін еске түсіреді, бірақ өте қарапайым болды. 1997 жылы РНР- РНР/FI 2. 0- дің Си- таратылымының екінші версиясы шықты. Сол уақытта РНР қолданушылары тұтас әлем бойынша бірнеше мыңды құрады, шамамен 50 мың домен, ол Internet домендерінің барлық санының шамамен 1%-тін құрады. Ресми түрде РНР/FI 2. 0 1996 жылдың қараша айында ғана шықты, оған дейін негізінен бета-версияда болды. Кейіннен шыққаннан кейін оны РНР 3. 0- тың альфа-версиясымен ауыстырды.

Энди Гутманс (Andi Gutmans) пен Зив Сураски (Zeev Suraski) 1997 жылы РНР/FI- дің кодын қайта жазып шығарды, себебі ол олар жұмыс жасап жүрген электрондық коммерцияның қосымшасын өңдеуге тиімсіз болып табылды. Жобаны тарату кезінде РНР/FI- ді өңдеушілерден көмек алу үшін, Гутманс пен Сураски олармен бірігіп РНР 3- ті РНР/FI- дің ресми қолдаушысы екенін жариялауды шешті. Біріккеннен кейін РНР/FI- дің өңделуі толық тоқталды. РНР 3. 0- тің артықшылықтарының бірі ядроны кеңейту мүмкіндігі болды. 1998 жылдың соңына қарай РНР- ды пайдаланушылар ондаған мыңға артты. Web- сайттардың жүздеген мыңы осы тілді қолдана отырып жұмыс жасайтындықтары туралы хабарлады. Шамамен Internet серверлерінің 10%- де РНР 3. 0 орнатылған. РНР 3. 0 ресми түрде 1998 жылдың маусым айында жалпы тестілеуден 9 айдан кейін шықты. Ал қысқа қарай Энди Гутманс пен Зив Сураски РНР ядросын қайта өңдеуді бастады. Олардың мақсаты күрделі қосымшалармен жұмыс өнімділігін арттыру және РНР негізінде жатқан кодтың модульдігін жақсарту болды. Қазіргі уақытта Zend Engine- ді жақсарту және алғашқы бета- версиялары қазіргі уақытта жарыққа шығып қойған РНР 5. 0- ға жаңа кіріспелеріне ендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде РНР- ды жүз мыңдаған өңдеушілер пайдаланады. Бірнеше миллиондаған сайттар РНР- да жазылған, ол Internet домендерінің 20%- ін құрайды.

1. 2 PHP тілінің мүмкіндіктері мен қолдану салалары

“РНР барлығын жасай алады” дейді оны жасаушылар. Алдымен РНР сервер жанында жұмыс істейтін скрипттерді жасау үшін қолданылады. РНР кез- келген CGT- скрипттер шеше алатын есептерді шеше алады, сонымен қатар html- формалардың мәліметтерін өңдейді, html беттерді динамикалық түрде өндіреді және т. б.

РНР- дің қолдану салаларын 3 негізгі солаға бөлінеді:

Бірінші сала- айтып кеткеніміздей, сервердің жанында орындалатын қосымшаларды (скрипттерді) жасау. РНР негізінен дәл осы текті скрипттерді жасау үшін кеңінен қолданылады.

Екінші сала - командалық жолда орындалатын скрипттерді жасау, яғни РНР- дің көмегімен web- серверден және браузерден тәуелсіз нақты машиналарда орындалатын скриптерді жасауға болады.

үшінші саласы-клиент жағында орындалатын GUI- қосымшаларды (графикалық интерфейстерді) жасау.

РНР- ды қолдану салалары кең өрісті және әр түрлі. Соған қарамастан ұқсас есептерді шығара алатын басқа да программалау тілдері бар. Не үшін РНР- ды меңгеру қажет? Ол бізге не береді? Біріншіден, РНР- ді меңгеру өте қарапайым. Синтаксистің негізгі ережелері мен оның жұмыс принциптерімен танысудың өзі жеткілікті, сол арқылы (басқа тілде жазғанда үлкен дайындықты қажет ететін) өз бағдарламамызды жазуға болады. Екіншіден, РНР шамамен барлық белгілі платформалардан, операциялық жүйелерден және барлық түрлі серверлерден қолдау тапты. Бұл да өте маңызды. Ешкімнің мысалы, Windows- тегі жұмыстан Linux- ке IIS серверден Apache серверіне ауысып, тағы бір бағдарламалау тілін меңгергісі келмейді.

РНР бес маңызды мінездемемен шартталған: дәстүрлілік, қарапайымдылық, тиімділік, қауіпсіздік, бейімделгіштік. Бұлардан да жақсы қасиеті ақысыз таратылагындығында. Бес түрлі мінездемесіне қысқаша тоқталатын болсақ, дәстүрлігі- РНР тілі әр түрлі салада жұмыс істеген программистерге таныс болып көрінеді, тілдің көптеген конструкциялары Cи, Perl- ден алынған, ал РНР- дың коды күнделікті Си мен pascal программаларынан практикалық түрде айырмашылықсыз болуы жиі кездеседі, бұл РНР зерттеуде алғашқы күш салуды азайтады. Қарапайымдылық- РНР сценариі сіздің есебіңіздің ерекшелігіне байланысты 1000 немесе бір жолдан тұруы мүмкін. Сізге арнайы библиотеканы іске қосу, арнайы программистерін іске қосу, немесе осы сияқты бірнәрселер істеуі керек емес. РНР механизмы алғашқы экрандалған тізбектен (<?) кейін жай ғана жұре бастайды және экрандалған тізбек жұбын (?>) кездестірмегенше жүре береді.

Тиімділік - www жататын көп қолданушылары бар программалау ортасы үшін ерекше маңызды фактор болып табылады. РНР 4. 0- де қорларды бөлу механизмі мен жақсарған объектілі бағытталған программалау қолдауы қамтамасыз ету, сонымен қатар сеансты басқару құралдары жүзеге асырылған. Соңғы версиясында артық жады бөлінуді тоқтататын сілтемелерді есепке алу (reference counting) механизмі де пайда болады. Қауіпсіздік- РНР программа өңдеушілері мен администраторға өкілеттігіне иілгіш және тиімді қауіпсіздік құралдарын да береді. Ал олар өз кезегінде шартты түрде екі категорияға бөлінеді: жүйелік деңгей құралдары мен қосымшалар деңгейі құралдары. Қауіпсіздіктің жүйелік деңгей құралдары РНР- де администратор басқаруындағы қауіпсіздік механизмдері жүзеге асқан: РНР дұрыс реттелуінде бұл іс әрекетінің максималды тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. РНР қауіпсіздік реті (safe mode) деп аталатын ретте де жұмыс істей алады. Бұл қолданушылардың РНР қолдануында маңызды көрсеткіштерді шектейді. Мысалға, максималды уақыт орындалуды және жадыны қолдануды (жады бақылаусыз шығындау сервердің тез әрекетіне кері әсерін тигізеді) . Сgi- bin сияқты администратор қолданушы РНР сценариін орындайтын немесе қарайтын каталогтарға, сонымен қатар РНР сценариін сервердегі құпия мәліметті көруге қолдануға шектеу қоя алады(мысалға, password файлы) .

РНР үнсіз келісім бойынша таңдалған конфигурация кезінде жақсы жұмыс істейтін болады. Бірақ пакет жұмысы сіздің мақсаттарыңызға жақсы сәйкестігі үшін кейбір өзгерістер енгізе аласыз. Барлық конфигурация параметрлері (көрсеткіштері) орнату процесі кезінде үнсіз келісім бойынша (user/local/lib) каталогына көшірілген РНР. ini файылында болады. РНР мен сәйкестікте қолданылатын платформа мен web- серверге тәуелсіз рнр. ini файлы рнр- дағы жұмыстың маңызды аспектілерін басқаруға мүмкіндік беретін бірдей стандартты көрсеткіштер топтамасы бар. Бұл файл рнр сценарийі орындалу кезіндегі пакет мінез- құлқын анықтайтын барлық параметрлер бар. РНР. ini файлы құрамы рнр іске қосылғаннан кейін оқылады. РНР- ға пішімдеу, көркемдеудің бұрылуы шаблондарды құрудың мәні- сырт келбеті мен парақ мінез- құлқын өзгерту кезінде дизайнер артық программаның код жазып әуре болмау үшін іске асады. Жақсы жағдайда дизайнер программалау жөнінде біраз білімді немесе жоқ дегенде, айнымалы, цикл, шартты командалар секілді ортақ консепциялармен таныс болуы керек. Бұл жөнінде мүлде білмеген дизайнерге шаблондар қолдану синтансис обиспидағы керексіз мәліметтен басқа ештеңе бермейді. Бұдан екі жақта ұтады, дизайнер қосымша біліп алып, жұмыс тобында бағалырақ мүше болса, ал программистке идеяның жаңа көзі табылады. Мүмкін дизайнер ерекше ештеңе ойлап таппаса да, оның орнына жағдайды программист көре алмайтын жаңа бір қырынан басқа көзбен көре алады. PHP- экранға мәтін шығарудың жеңіл нұсқасы. Оның жазылуы с/c++, java, Perl- тілімен ұқсайды. PHP- коды HTML- кодының ішіне кірістіріледі немесе бөлек жазыла береді. Егер бөлек жазылғанда HTML сияқты блокнотта немесе word- та жазылып, “. php” кеңейтілуімен сақталады. PHP - программасында коментарийлар с/c++ тіліндегіге ұқсайды. Бір жолды түсініктеме //, # белгілерімен, көп жолды түсініктеме /* … */ белгісімен жазылады.

PHP дегі қарапайы логикалық операциялар, циклдер While, do…while, for, foreach:

If ( ) { } else { }

Мысалы: <? Php

$a=5;

$b= 9;

If ($a==$b) {echo $b-$a ; }

Else {$a*$b ; }?>

PHP- де айнымалылар алдын- ала жарияланбайды, алғаш берілген айнымалы мәнімен осы айнымалы құрылады.

Айнымалыны белгілеу:

  1. Айнымалы аты кез-келген ұзындықта.
  1. $ белгісінен басталады: $a
  1. Цифрдан басталмайды.

Айнымалылар типтері:

  1. Boolean (true, false)
  1. Integer
  1. Float
  1. String
  1. Array
  1. Object
  1. Resours
  1. NULL

PHP кодының структурасы:

  1. HTML коды
  1. PHP белгілері
  1. PHP коды
  1. Коментарий
  1. Бос орын.

Қарапайым PHP программасы “<?php ”- басынан басталып, “ ?>”- ге аяқталады. Осы белгінің сыртында жазылғаны HTML кодына тән болады.

PHP кодын жазудың 4 түрлі әдісі бар:

  1. XML - әдісі. <? Php echo (“XML әдісі!”) ; ?>
  1. Қысқартылған әдіс.

<? Echo (“Қысқартылған жазу әдісі”) ; ?>

Бұл өте қарапайым әдіс, file- да жазылған short_open_tag- ті таңдау керек. Оны қозғалту әдісі: “C:\WINNT” папкасында php. ini- файлда short_open_tag=on деп- өзгертеміз.

  1. Script әдісі.

<Script language = ‘php’ > echo (“Script әдісі”) ; </script>

  1. ASP - әдісі

<% echo (“ASP жазу әдісі!”) ; %>

Бұл файлда asp_tags орнатылса, оны істеуге болады. Яғни, php. ini- ді қолданамыз, егер бұл тізімде жоқ болса, apache- тен php. ini- ді қолданамыз. Яғни, Аllow APS- style<% %> tags. Asp- tags= on. Біз осы әдістердің ішінде XML- әдісі туралы нақтырақ тоқталайық. Олай болса біз алдымен XML жайлы, сонан кейін РНР мен XML- дің дамуы жайлы зерттейік. РНР мен XML мәлімет алмасу тәсіліне айтарлықтай әсерін тигізетіні сөзсіз. Әрине, егер сіздің ұйымыңыз web күшін толық қолданғалы жатса, бұл электрондық тордың үлкен көлемі нәтижесінде стандарттарды сақтау қарапайым ыңғайлылықтан міндетті талапқа айналды. Осындай стандарттардың бірі xml болып табылады- ұйымдар мен қосымшалар арасында мәлімет алмасудың ыңғайлы құрамы. Біз xml қолдауына стандартты функцияларды қарастырамыз, сонымен қатар xml форматында файылдарды өңдеудің ортақ процестер схемасын да қарастырамыз. Бұл материал сізге xml қалай мұндай бағалы және рнр қалай xml базасында пайдалы және қызықты қосымшаларды өңдеуге қолдануы мүмкін екенін жақсылап түсіне алуыңызға көмектеседі. Бірақ xml сипаттамасына көшпестен бұрын, мен сіздерге xml форматының туылуына әкеліп соққан концепиялардың дамуы туралы айтайын xml(…) - xml базалық синтаксисін анықтайтын ерекшелік.

РHP да хml- мен жұмыс істеу үшін Джимрк пакеті Еxpat (xml parser toolkit) - cm http://www. jclark. com/xml Еxpat Apache1. 3. 7 және сонғы версияларға да қосылған, сондықтан сізге Apache- дің жаңа версиясын қолдансаңыз, оны енгізу керек емес. XML мен PHP функционалды мүмкіндіктерін пайдалану үшін php- ді wdth- xml кілтімен ыңғайлау керек. Бір қарағанда рнр- де (басқа кез келген тілді) XML- дің мәліметтерін өңдеу есебі қорқынышты көрінгенмен, шын мәнінде жұмыс басты бөлігі рнр құралдарымен орындалады. Сізге тек өзіңізден ДТД- ға жаңа функцияларды ашқан, содан соң оларды XML кодын өңдеу қиын емес процесінде қолдану ғана қалады. XML мен жұмысқа арналған рнр функцяларын қарастыруға өтпес бұрын, XML құжатының негізгі компоненттерімен танысу керек. Бұл сізге неге бұл функциялар XML кодын өңдеуге кез келген программа үшін алмастыруға келмейтін бөлігі болатынын түсінуге мүмкіндік береді.

XML құжаттың жалпы деңгейде 9 түрлі компоненттері бар:

  1. өңдеуші тэгтер;
  2. атрибуттар;
  3. символдық мәліметтер;
  4. жабылушы тэгтер;
  5. өңдеуге арналған кеңес;
  6. синтаксистік сипаттама;
  7. маңызға сырт сілтемелері;
  8. өңделмеген маңыз;
  9. басқада компоненттер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PHP тілі. PHP-мен бірге жұмыс істейтін құралдар
Кафедраның тәрбие жұмысына бағытталған мобильді қосымшаның сервері
Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері
Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі
Қазіргі Web сайттар туралы
Ақпараттық басқару жүйесінің классикалық үлгісі
DreamWeaver, MySQL бағдарламаларының көмегімен Евросеть деректер қорының бағдарламасын құру
Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Спорт тақырыбына арналған веб - портал құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz