Бүтінділік


Мазмұны:

Мазмұны бойынша бүтінділік . . . 2

Сілтеме бойынша бүтінділік . . . 3

Мәліметтер типі . . . 4

Транзакция және мәліметтер базасының бүтіндігі . . . 9

Бүтінділік (ағыл. тілінің integrity - ұсталынбағандық, амандылық, бүтінділік деген мағынаны білдіреді) - кез келген уақыт аралығында мәліметтердің дұрыстығы деп түсіндіріледі. Бұл мақсатқа белгілі-бір анықталған шектеулер арқылы қол жеткізуге болады: МББЖ-нің мәліметтер базасына енгізілетін әрбір мәндердің дұрыстығын қадағалауға мүмкіншілігі жеткіліксіз (бірақ әрбір жеке мәнді шынайылыққа тексеруге болады) . Мысалы, енгізілген 5 мәні (апта күндерінің нөмірін көрсетеді) шындығында 3-ке тең екенін табу мүмкін емес. Басқа жағынан қарасақ, 9 мәні қате және МББЖ оны қабылдамауы тиіс. Алайда ол апта күндерінің нөмірі (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) сандар жиынына тиісті болуы керек деген хабарлама шығару керек.

Мәліметтер базасының бүтінділігін сақтау мәліметтерді қате өзгерістер мен бұзылудан сақтау деп түсінген жөн (қауіпсіздік мәселесі болып табылатын заңсыз өзгерістер мен бұзылулармен шатастырмау керек) . Қазіргі кездегі МББЖ-де бүтінділікті сақтауды қамтамасыз ететін құралдар тобы бар.

Бүтінділіктің 3 тобын көрсетуге болады:

  1. Мазмұны бойынша бүтінділік.
  2. Сілтеме бойынша бүтінділік.
  3. Қолданушымен анықталатын бүтінділік.

Мазмұны бойынша бүтінділік

Нақты әлем объектісі реляциялық мәліметтер базасында кейбір қатынастардың кортежі ретінде көрінеді. Мазмұны бойынша бүтінділік талаптары келесілермен анықталады:

Кез келген қатынастың әр кортежі осы қатынастың кез келген басқа қатынасынан өзгешеленуі тиіс (яғни кез келген қатынастың бастапқы кілті болуы қерек) .

Анығында, егер берілген талап орындалмаса (яғни бір қатынастың ішіндегі кортеждер бірегей болуы керек), онда мәліметтер базасында бір объект жайында қарама-қарсы ақпарат сақталып қалуы мүмкін. Мазмұны бойынша бүтінділікті сақтау мәліметтер базасының басқару жүйесінің (МББЖ) құралдары арқылы орындалады. Бұл екі шектеу арқылы жүзеге асады:

  • Кестелерге жазбаларды қосу кезінде олардың бастапқы кілттерінің бірекейлігі тексеріледі;
  • Бастапқы кілт құрамына кіретін атрибут мәнінің өзгертілуіне жол берілмейді.

Сілтеме бойынша бүтінділік

Нақты әлемнің күрделі объектілері реляциялық мәліметтер базасында бір-бірімен байланысқан бірнеше қалыпты қатынастардың кортежі ретінде көрінеді. Осы жағдайда:

1. Берілген қатынастар арасындағы байланыстар функционалды тәуелсіздік терминдерінде сипатталынады.

2. Әртүрлі қатынас кортеждері арасындағы функционалды тәуелсіздікті бейнелеу үшін бастапқы кілттің бір қатынастан (аналық) екіншісіне (балалық) көшірмеленуі қолданылады. Аналық қатынас кілттерінің көшірмесінен тұратын атрибуттар сыртқы кілттер деп аталады.

Сілтеме бойынша бүтінділік талаптары келесілерден тұрады:

Балалық қатынастағы сыртқы кілт мәніне аналық қатынаста бастапқы кілттің осындай мәні бар кортеж табылуы тиіс.

Мысалы, мекеме жұмысшылары және олар жұмыс істейтін бөлімшелер туралы мағлұмат беретін Бөлім (Бөлім №, Бөлім аты) және Жұмысшылар (Жұмысшы №, бөлім №, Жұмысшы аты) қатынасы берілсін делік. Берілген жұптағы Бөлім қатынасы аналық болып табылады, сондықтан да оның «Бөлім №» бастапқы кілті Жұмысшы балалық қатынасында кездеседі. Бұл жерде сілтеме бойынша бүтінділік талабы Жұмысшы кестесінде Бөлім кестесінде кездеспейтін «Бөлім №» атрибут мәні бар кортеж кездеспеуі керек деген мағынаны береді. Егер бұндай мән Бөлім қатынасыда кездеспесе, онда Жұмысшы қатынасындағы сыртқы кілт мәні айқындалмаған болып есептелінеді.

Мәліметтер типі - кестелерде сақталынатын мәліметтерді шектеу тәсілі болып табылады. Алайда көптеген қосымшалар үшін мұндай шектеу аса дөрекі болып табылады. Мысалы, тауар бағасы бар қатар тек оң мәндерді ғана қабылдауы керек. Бірақ тек оң мәндерді ғана қабылдайтын ондай тип жоқ. Басқа жағдайларда сізге басқа бағаналар мен жолдардың мәндеріне сәйкес бағандағы мәліметтерді шектеу қажеттілігі туындайды. Мысалы, тауарлар жөніндегі ақпаратты құрайтын кестеде әр тауар үшін бір жол болуы керек.

Бұл теорияға анықтама беру үшін алдымен бүтіндік терминін анықтау керек. Дейт бойынша, бүтіндік мәселелері мәліметтер базасын кез келген уақыт аралығында ақпараттың шынайы болуын қамтамасыз етеді. Мәліметтер бүтіндігі арнайы бүтіндік шектеулері деп аталатын ұсыныстармен қамтылады, бұл шектеулер әрбір ақпарат бірлігінің және бірліктер арасындағы байланыстың мүмкін болатын мәндерін анықтайды.

Бүтіндік шектеулер - қолдану саласының семантикасын (шынайылық жағдайын) көрсететін логикалық шектеулер.

Олар объектілер және олардың расындағы байланыстар бойынша бөлінеді және екі түрлі функция атқарады:

  • статикалық шектеулер- мәліметтер базасының бір қалыптағы мүмкін боларлық жағдайын анықтайды.
  • динамикалық шектеулер- мәліметтер базасының бір қалыптан басқасына өтудегі мүмкін боларлық жағдайын анықтайды.

Бүтіндік шектеулері айқындалған және айқындалмаған болып бөлінеді:

  • Айқындалған шектеулер- мәліметтер құрылымының көлемі мен осы құрылым негізінделетін МББЖ жабдықтарымен қолданылады.
  • Айқындалмаған шектеулер- мәліметтер базасы сипаттамасында көрсетіледі, яғни жобалаушының өзімен анықталады.

Бүтіндік шектеулерді тексеру МББЖ-нің арнайы механизмдерімен жүзеге асырылады.

Бүтіндік шектеулерді анықтау кезінде қойылатын негізгі талаптар болашақта мәліметтер базасының құрылымын өзгерту амалында шарттардың сәйкестігі міндетті түрде ақиқат болуы қажет, өзара қарама-қайшылыққа келмеуі тиіс. Мысалы, қою шебері құрылымын өзгерту кезінде қілттік өрісті пайдалана алмаймыз, себебі ондағы мәндер алдын ала айқындалған, олардан тыс мәндерді қою мүмкіншілігі жоқ.

Практикада жүзеге асырылуы:

1) Жалпы таңдалған модельге байланыссыз кез-келген басқару жүйесінде бүтіндік шектеулері міндетті түрде ескеріліп, орындалып отыруы тиіс. Біз орындаған тапсырмаларды кестелерді өзара байланыстырғанда обеспечение целостностей данных нұсқауында каскадное обновление, удаление параметрлерін қою мүмкіншілігі бар. Бұл операцияны орындау нәтижесінде басқарушы өріске қатысты барлық бағынышты мәлімет жою кезінде өз мәндерін жоғалтады. Бүтіндік шектеулер көбіне мәліметтер базасының тұтастығын сақтау үшін жүзеге асырылады.

2) Атрибуттың қасиеті кілтті болса, екінші деңгейлік байланысты міндетті түрде мән беру керекпіз. Кілттік өріске мән бермейінше енгізілген мәлімет сақталмайды.

3) Өзара қарым-қатынас орнаған атрибуттар бір типтес болуы тиіс. Тек қана счетчик типі үшін сәйкес сандық типін қолдануға болады.

4) Атрибуттардың қатынас типі бірден бірге болса, сәйкесінше екі объектінің атрибуттар мәні бірдей болуы тиіс.

Бұл мінездеме мәліметтер базасында ақпараттың әрқашан да дұрыс және толық күйде болатындығына көз жеткіздірте алатын құрылғылар жиынтығына сай келеді. Бүтіндік қағидалары орнатылуы керек және олар мәліметтер базасында сақталуы және әлемдік деңгейде қадағалануы керек.

Шектеулердің екі тобын көрсетуге болады:

I) Жобалау процесіндегі:

1) көздерден дұрыс мәліметтерді алу кезінде;

2) құрылымдарды тұрғызған кезде;

3) мәліметтер базасын мәліметтермен (сонымен қатар сілтемелі бүтіндікті) толтырған кезде.

II) Эксплуатация кезіндегі:

  1. машиналық кідірулер;
  2. оператордың қателіктері.

Құрылымдарды тұрғызу мен оларды мәліметтермен толтыруда жеке кестелердің бүтіндігі мен сілтемелі бүтіндік (триггерлер) орын алады. Реляциялық алгебра негізіндегі триггер шарттарын қанағаттандыру программа көмегімен, мысалы, Access-те, жүзеге асырылады.

Мәліметтердің бүтінділігі мәліметтер базасына қойылатын талаптардың ең маңыздысы болып табылады. Мәліметтердің бүтіндік шарттарын беру үшін кестелер арасындағы қатынастар қызмет атқарады.

Мәліметтердің бүтіндік шарттары деп МББЖ-де қолданылатын байланысқан кестелердегі жазбалар арасындағы байланыстарды қолдауға арналған ережелер жиынтығын айтамыз. Бұл ережелер байланысқан мәліметтердің кездейсоқ өшіріліп кетуімен өзгеріп кетуінен сақтайды. Берілген операция «Схема данных» диалогтық терезесінде тек макетті ғана өзгертеді. Және кестемен олардың байланыстары бұрынғы қалпынша мәліметтер базасында сақталынады.

Мәліметтердің бүтіндік шарттары мынадай жағдайларда ғана орындалады, егер

  • Басты кетенің байланысқан өрістері кіліттік өріс немесе уникалды индекс болып табылса;
  • Байланысқан өрістер бір типтес болса;
  • Екі кесте де бір мәліметтер базасында орналасса. Егер кестелер біріктірілген кестелер болып табылса, онда олар MS Access-тің кестелері болуы тиіс. Басқа форматтағы мәліметтер базасының біріктірілген кестелері үшін мәліметтердің бүтіндік шарттарын анықтау мүмкін емес.

Мәліметтердің бүтіндік шарттарын анықтау кезінде келесі шектеулерге назар аудару керек:

  • Байланысқан кестенің сыртқы кілт өрісіне басты кестенің кілттік өрісінде жоқ мәндерді енгізу мүмкін емес. Алайда сыртқы кілт өрісіне жазбалар байланыспағанын көрсетеді бос мәндерді енгізуге болады. Мысалы, жоқ клиент берген тапсырысты тіркейтін жазбаны сақтауға болмайды, бірақ егерКлиент кодыөрісіне бос мән енгізсек, клиенттің ешбіріне жатқызылмаған тапсырыс үшін жазба құруға болады.
  • Басты кестегі кілттік өрістің мәнін өзгерту мүмкін емес, егер осы жазбамен байланысқан жазбалар бар болса. Мысалы, Клиенттеркестесіне жазбаны өшіру мүмкін емес, белгілі бір тұтынушыға жататын тапсырыс бар болатын болса.
  • Басты кестеде кілттік өріс мәні өзгерту мүмкін емес, егер ондағы жазбамен байланысқан жазбалар бар болатын болса. Мысалы, кодынөөшіру мүмкін емес, белгілі бір тұтынушыға жататын тапсырыс бар болатын болса.

Мәліметтердің бүтінділігі анықтамасы келесі іс-әрекеттердің орындалуын алдын ала анықтайды:

  1. «Схема данных» диалогтық терезесінде екі кесте арасындағы байланыс сызығынан тышқанмен екі рет шерту керек, сол кезде «Изменение связей» диалогтық терезесінде шығады.
  2. Обеспечение целостности данныхжалаушасын орнату керек.
  3. ОК басамыз.

Мәліметтердің бүтінділігін орнатқаннан кейінгі «Схема данных» диалогтық терезесі көрсетілген. Екі өріс тізімінің арасындағы қара сызық одан сайын қоюлана түсед және олардың жанынан екі жаңа символ пайда болады. Енді басты кесте жанында «бірден - көпке» қатынасының «бір» деген бөлігіне нұсқайтын «1» символы тұр. Және де бағынышты кесте жанынан «көп» қатынасының бөлігін білдіретін «∞» (шексіздік) символы пайда болады.

Енді жоғарыда аталған шектеулерді бұзатын іс-әрекеттер орындауға кез келген талпыныс ескертпесі бар диалогтық терезенің ашылуына әкеп соғады, ал іс-әрекеттің өзі орындалмайды.

Мәліметтің бүтінділігін сақтай отырып, байланысқан жазбалардың өшірілуі немесе өзгерілуінің шектеулерінен атап өту үшін каскадты жаңару мен каскадты өшірілу режимдерін қосқан жөн. Каскадное обновление связанных полей жалаушасын орнатқан кезде басты кестенің кілттік өрісіндегі мәннің өзгерісі барлық байланысқан жазбалардағы сәйкес мәндердің автоматты жаңартылуына әкеледі. Каскадное удаление связанных полей жалаушасын орнатқан кезде басты терезедегі жазбаның өшірілуі бағыныңқы кестедегі байланысқан жазбалардың автоматты өшірілуіне әкеледі.

Сізде «біден - көпке» қатынасымен байланысқан жазбаның кілттік өрісіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туды делік.

Егер сіз Каскадное обновление связанных полей опциясын орнатпаған болсаңыз, MS Access мұны істеуге рұқсат бермейді. Өзгеріс орнына MS Access сізге «егер осы өзгерісті іске асырсаңыз, сіз мәліметтің бүтінділігін бұзасыз» деген ескертпесін шығарады. (2-сурет) . Неге бұл бұзу болып саналады? Өйткені, бұл өріс «бірден - көпке» байланысындағы бірінші кілт болып табылады және өзгертілген мән, тым болмағанда, байланысқан кестелер өрісінің бір жазбасында пайда болады.

Орналасу АЖ-де бүтіндік шектеудің 2 түрін бөліп көрсетуге болады: тезірек текскрілетін және кейінкге қайтарылатын (откладываемые) . тезірек тексерілетін бүтіндік шектеуге олардың тексерісін ысырып болмайтын шектеулер жатады. Тексерісін кейінге қалдыруға болмайтын шектеудің мысалы ретінде домен шектеуі (қызметшінің жасы 150 жастан асрауы керек) . Тексерісін кейінге қалдыруға болмайтын шектеу ретінде келесі табылады: қызметшінің айлығы бір операция ішінде 1 теңгеге дейін көтерлуі мүмкін емес. Тезірек тексерілінетін бүтіндік шектеулер МББЖ-ң тіл деңгейінің жеке оператроының деңгейіне сәйкес болады. Олардың бұзылуы кезінде транзакцияның қайтуы (откат) болмайды, тек сәйкес оператор ғанақайтарылады.

Кейінгі қалдырылатын бүтіндік шектеулер - бұл қандай да бір операцияларға емес, МБ-на қойылатын шектеулер. Үделурежимін бойынша мұндай шектеулер транзакцияның соңына қарай тексеріледі, және олардың бұзылуы COMMIT операторының ROLLBACK операторына автоматты ауыстырылуын тудыраты. Алайда кейбір жүйелер транзакцияның ішіндегі бүтіндік шектеулерді күштеп тексерудің арнайы оператор қолданылады. Егер осындай операторды орындағаннан кейінгі бүтіндік шарттар орындалмағаны белгілі болған жағдайда, қолданушы ROLLBACK операторын өзі орындай алады немесе транзакцияның ішіндегі мәліметтер базасының бүтін емес жағдайының себебін жоюға тырысады.

Тағы бір ескерту. Сыртқы бейнелеулер тұрғысынан транзакцяның аяқтау кезінде осы МБ-да анықтаған кейнге қалдырылған барлық бүтіндік шектеулер тексеріледі. Алайда оны орындау кезінде транзакция кезінде шындығына бұзылуы мүмкін бүтіндік шектеулерді динамикалық тұрғыда ерекшелеуге тырысады. Мысалы, егер қызметші - бөлім мәліметтер базасының транзакциясын орындау кезінде онда қызметші қатынасының кортежін қою немесе өшіру опеаторы орындалса, онда жоғарыда көрсетілген бүтіндік шектеулерді тексеруге де болды.

Транзакция және мәліметтер базасының бүтіндігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғалатын объектілі жүйелерге - бағытталған тәсілдерді қолдану
Менеджменттің мәні мен қағидалары
Кадрлар бөлімі. Өрістер
Мәліметтер базасын автоматтандыру
Деректер қорының тілдері
Реляциялық деректер моделінің бүтіндігі
Аэропорт анықтама бюросы
Магистралды мұнай құбырларының сорапты станцияларын автоматты басқару жүйесін құру
Аптека жұмысының мәліметтер базасын құру
Түйсік пен қабылдаудың патологиясы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz