Ақша – тауар қатынастарының дамыған формасы. Қазіргі экономикадағы ақшаның рөлі


Тақырып: Ақша - тауар қатынастарының дамыған формасы. Қазіргі экономикадағы ақшаның рөлі. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Кіріспе 21. Тауар теориясы
1. 1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негiзгi белгiлерi, типтерi 3
1. 2. Тауар және оның қасиеттерi . 6
2. Ақша туралы түсiнiк
2. 1. Ақша тауар өндiрiсiнiң категориясы: пайда болуы және мәнi. Ақша теориялары . . 8
2. 2. Ақшаның қызметтерi. 10
2. 3. Негiзгi ақша агрегаттары . . 14
3. Ақша айналымы мен ақша жүйесі
3. 1. Қазақстан Республикасының ақша эмиссиясы 17
3. 2. ҚР ақша айналысы және ақша жүйесi . . 19
Қорытынды . . . 22
Қолданған әдебиет . . . 23
Кiрiспе.
Ақша - кең қолданылатын төлем құралы. Қазiргi экономиканы ақшасыз көзге елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбiр келiсiм екi жақты келiсушiлiк бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Бартер қиындықтары туралы мысалдар шексiз көп. Экономистке шашын қидыруы үшiн оның лекциясын тыңдайтын шаштаразды iздеуi, ал жақсы көйлектi қажет ететiн әртiске оның киносын ұнататын тiгiншiнi табуы қажет. Айырбас құралынсыз қазiргi кездегi экономика дәрменсiз-ақ.
Ақша айырбас құралы бола тура, айырбастағы қажеттiлiктiң екi жақты үйлесуiн жояды. Екi жақты үйлесу деп жоғарыдағы мысалды айтамыз. Екi аданың қажеттiлiктерi айырбасқа лайық болуы керек. Мысалы, кино билеттерiн сатушы оған қажеттi (көйлектi) сататын адамды, ал көйлек сататын әйел, керiсiнше (билет үлестiрушiнi) табуы тиiс.
Ақшаның өзі мен ақша айналысының эволюциясы бұл тауар өндірісінің дамуындағы обьективті тарихи процесс. Ақша роліндегі алтынды несие-қағаз ақшамен алмастыру мынандай себептерге байланысты болуы мүмкін болды: тауарды айырбастауда қажеттіліктен пайда болуындағы тауардың қандай құны бекітілгенін анықтау емес, айырбасқа ұсынылған тауардың қанша көп немесе аз құн бекітілгенін айқындауда. Құндарды өлшеу үшін зат формасындағы нақты тауардың құнын пайдалану міндетті емес. Маңыздысы - айналыстағы ақшалардың айырбасталатын тауарлардың эквивалентті құны болуы керек, ал олардың өз құны болуы міндетті емес.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде ақша шаруашылығы: ақша-несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша қатынастары; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Берiлген жұмыста ақшаның теориялық мәселелерi, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуiнiң заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономиканың нарықтық тұрғыдан түрлендiрiлуiндегi ақша жүйесiнiң рөлi мен алатын орны қамтылады.
1. Тауар теориясы
1. 1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негiзгi белгiлерi, типтерi
Ақша - тауар өндiрiсiнiң, қатынастарының дамыған түрi тақырыбының ақшаның түсiнiктемесiн, оның қызметтерi мен негiзгi агрегаттарын қарастырмас бұрын, тауар шаруашылығы және тауар қалай пайда болды, қалай дамыды, олардың түрлерiн қарастырып кетудi маңызды деп есептедiк.
Егер адамдардың экономикалық әрекетіне ретроспективада қарайтын болсақ, шаруашылық жүргізу формаларының қалай өзгеретінін байқауға болады.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі - натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылыкты айтамыз. Ол универсалды қол еңбегiне негізделуі анағұрлым таза түрінде қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріледі (жай ұдайы өндіріс) .
Үш басты сұрақ: нені? калай? және кім үшін өндіреміз? дейтін мәселелерді өз шаруашылықтарының (патриархалды отбасы) сұранымын ескере отырып, шаруашылық иелері (өздері әрі жұмыскерлер) шешті. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен рөль аткарды.
Басым форма ретінде натуралды шаруашылық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда, "өндірдік-тұтындық" принципі бойьшша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементтерін қазіргі заманғы қоғамның микро-макродеңгейлерінен де көрінеді. Микродеңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Ал, макродеңгейде бір ғана елдің шегінде, өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік нарықтан оқшаулануына экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі, шаруашылықты тәуелсіздікке жеткізбейтіндіктен реакциялық болып табылады.
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашьшық анағұрлым күрделі.
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтьшушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты - нақты бір өнім шығаруға өндірушiлердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екiншісінде - қолөнер егіншіліктен бөлінiп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
Нарықтың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы өндiрістің ерекше моделі сәйкес келеді:
1) дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі;
2) еркін нарықтың тауарлы өндірісі;
3) реттелетін нарықтың тауарлы өндірісі;
4) деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі.
1. Дамымаған нарықтың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілi бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
2. Еркін нарықтың тауарлы өндірісі (нарықтық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;
б) қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшiн емес, нарық арқылы сатуға арналды.
Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталынатындықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмi немесе "еркін экономика" деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы "таза" - laisser faire, яғни "қалай жүрсе, солай жүрсін" дегенді білдіретін капитализм деп атауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде нарық пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті нарықтық (капиталистік) экономика деп атауға негіз болды. Нарықтық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.
3. Реттелетін нарықтың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.
Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде нарықтық экономикаға араласқанымен, нарықтың реттеуші рөлі - "көрінбейтін қолды" жоққа шығармайды. Реттелетін нарық экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.
Реттелетін нарықтық тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:
а) әлеуметтік нарықтық шаруашылық
б) аралас экономика;
в) корпоративтік экономика.
Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты мақсат - азаматтар мүдделерін қорғау; аралас экономикада кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау; корпоративтік экономикада - ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі, көбінесе Германияға, екіншісі - АҚШ-қа, үшінші модель - Жапония мен Швецияға тән.
4. Деформацияланған нарықтың тауар өндірісі әміршіл-әкімшілік экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісiн, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді. Бұл экономиканың екі моделі бар: жоспарлы-директивалық және нормативті.
Жоспарлы-директивалық жүйе шаруашылық қызметін ресурстарды таратуда қалай болса, баға тағайындауда да сондай орталықтандыруға негiзделген. Нормативтi модель тауар өндiрушiлердiң дербестiгiне рұқсат бередi: әр кәсiпорынның орындауы мiндеттi жоспар-директива, нормативтер, бағдарламалар жән анағұрлым бәсең жоспарлаумен алмастырылады.
Қазақстан экономикасын реформалау әмiршiл-әкiмшiл жүйеден нарықтық әдiстерге өтудi бiлдiредi. Мәселе бiздiң қандай модельдi таңдап және қандай экономика құрғымыз келетiндiгiнде. Мемлекет тарапынан ұлттық экономикаға үлкен қолдау жасайтын және тиiмдi қайта бөлу процестерiн жүргiзетiн әлеуметтiк бағдарланған экономиканың анағұрлым ұнамдырақ екенi айқын. Тауарлы өнiдiрiстiң даму кезеңдерiне жасалған қысқаша шолу тауарлы өндiрiс пен нарықтың экономика арасында абсолюттi теңдiктiң жоқ екендiгi жөнiнде қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Нарықтық экономиканың негiзi тауарлы шаруашылық екенi даусыз.
Алайда, тауарлы шаруашылық нарықтық (капиталистiк) шаруашылықтан бұрын пайда болды және оның орнығуына дейiн бiрнеше жүзжылдықтар бойы әрекет етiп келдi. Мұнан өзге тауар-ақша қатынастары әкiмшiл-әмiршiлдiк жүйеде де орын алған. Сондықтан "тауарлы өндiрiс" ұғымының "нарықтық экономикаға" қарағанда анағұрлым кең екендiгiн мойындау қажет.
1. 2. Тауар және оның қасиеттерi.
Тауарлы өндiрiсте шешушi категория тауар болып табылады. Оның мәнiн әркiм әр түрлi түсiнедi. Олардың жоқ дегенде екеуiн қарастырайық.
1. Маркстiк теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнiмi ретiнде қарастырылады. Бұдан шығатыны:
а) тауар тек адамның қандай да бiр қажеттiлiгiн қанағаттандыратын зат болып табылады.
б) тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды терушi үшiн тауар емес, бiрақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннае кейiн тауар бола алады.
в) тауар сатуға арналған.
2. Австриялық экономикалық мектебiнде (оның көрнектi өкiлi К. Менгер) тауар айырбас үшiн өндiрiлген ерекше экономикалық игiлiк ретiнде анықталады. Экономикалық игiлiктерге К. Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесi болып табылатын және қажеттiлiктермен салыстырғанда шектеулi мөлшерде алуға болатындарды жатқызады.
Бұл екi анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуiнде де тауар еңбек нәтижесi ретiнде қарастырылады. Айырмашылығы - екiншi анықтама игiлiкке деген қажеттiлiк пен осы игiлiктiң қол жетерлiгi ара қатынасын ескередi, ол бiрiншiсiнде ескерiлмейдi.
Тауардың екi қасиетi бар:
- қандай да бiр адам қажеттiлiгiн қанағаттандыру қасиетi, мән-мазмұн ерекшелiгi;
- басқа тауарларға айырбасталу қасиетi
Тауардың қандай да адам қажетiлiгiн қанағаттандыру қасиетi тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндiрушiнiң ғана емес, басқа да адамдардың қажеттiлiктерiн өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндiрушiнiң өзiн ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшiн ғана қызықтырады.
Тауардың белгiлi бiр сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу қасиетi айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір тауардың басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш рет Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған әр түрлі жауап берді.
Еңбек-құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше, айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады. Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындар концепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.
Осы концепцияларды қарастырайық. Еңбек-құн теориясы ХVІІІ және XIX ғ. бойы қалыптасты. Оның негіздерін құнды тауар өндірісіне кеткен еңбек арқылы анықтаған саяси экономия классиктерінiң еңбектерінен табамыз. К. Маркс пен Ф. Энгельс құн негізінде қоғамдық абстрактілі еңбек жатыр деп есептеген. Маркстің ойы бойынша, тауар өндіруші еңбегі екі жақтылы. Бір жағынан, бұл белгілі бір түрдегі еңбек, ол белгілі бір еңбек құралдарын қолдану, жұмысшының белгілі бір кәсіби дағдылары мен нақты нәтижесі - белгiлi бір тұтыну құнының болуы мен сипатталады. Екінші жағынан, еңбек - бұл нақты формасына қатыссыз, жалпы жұмыс күшінің шығыны, жалпы қоғамдық еңбектің бөлшегі және өлшеуіші. Ол абстрактілі еңбек деп аталады. Осы еңбек қана құн түзеді, себебі осы ғана әр түрлі тұтыну құндарын бір-біріне теңестіруге мүмкіндік беретін, әр түрлі мамандар еңбегіндегі ортақтық болып табылады.
Құн өлшеміне деген көзқарастар да әр қилы. А. Смит құн өлшемі ретінде жұмыс уақытын, Д. Рикардо - нашар өндіріс жағдайларындағы тауар өндірісіндегі жұмыс уақытын алды, ал Маркс құнды қоғамдық қалыпты өндіріс жағдайлары, еңбектің шеберлігі мен интенсивтілігінiң орташа деңгейіндегі өнім өндірісіне кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақыты деп атады.
Шекті пайдалылық теориясы австриялық мектеп өкілдері: К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Л. Вальрас, У. Джевонс және т. б. еңбектерінде айқын көрінді. Бұл концепцияны қолданушылар құнды сатып алушылардың субъективті бағалауларына қарап анықтады. Ал, тауардың субъективті құндылығы екі факторға тәуелді: осы игіліктің бар қоры (сиректігі) мен оған қажетгіліктің қанағаттандырылу дәрежесі. Мысалы, егер сіз шөлде келе жатып, сізді шөл қысатын болса, осы шөлде су сиректік болса, онда алғашқы ыдыс су сіз үшін баға жетпес игілік. Шөліңіз қанған сайын әрбір келесі ыдыстың пайдалылығы сіз үшін азая береді. Ең соңғы ішкен судың сiз үшін пайдалылығы және құндылығы анағұрлым аз болады.
Қорытынды : Шекті пайдалылық - бұл тұтынушы тауар мен қызметтің бір бірлігінен алатын қосымша пайдалылық. Ол жалпы пайдалылық өзгерісінің тұтынылған мөлшердегі өзгеріске қатынасына тең.
2. Ақша туралы түсiнiк
2. 1. Ақша тауар өндiрiсiнiң категориясы: пайда болуы және мәнi. Ақша теориялары
Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шықкан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билiгін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден , тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден , әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден , айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну кұны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У. Гладсонның айтуы бойынша адамзатты "қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты аздырған жоқ".
Әр түрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әр түрлі терілер, жүндер, пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т. б. болды. Бұндай әр түрлі пікірлер көптеген экономистердің "ақша - бұл тауар мен қызмет көрсетуге айырбастайтынның бәрі" - деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл ғылыми аныктама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті .
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын нарық көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкiндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі кара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша - бұл жалпы эквивалент рөлiн атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:
1) сапалық біртектілік;
2) сандық (еркін) бөлінуі;
3) қолайлылығы (алтынның аз мөлшерiне көп жұмыс күшi кетедi)
4) сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т. б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен коғамдық қажетті еңбекпен аныкталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХVII-ХVІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың нарықтық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У. Стаффорд, Т. Ман, Д. Норс және т. б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестрiді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес , зат ретінде қарастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz