Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың екінші жартысында ядролық қару сияқты жойқын кару түрлерінің пайда болуы мен оны жетілдіруге байланысты адамзат өркениетінің құрып кету қауіпі сезіліп, ол еселене түсті. Хиросима мен Нагасаки қасіретінен сескенген адамзат ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы ойлана бастады. Аталған мәселе айырықша өткір талқыланып, маңызды рөлге ие болды. Мемлекеттердің өзара байланыстылығы мен тәуелділігі жағдайында қандай да бір жанжалдың ушығуы, жалпы дүниежүзіндегі түрақтылық пен қауіпсіздікке келеңсіз әсер ететінін түйсіну үшін әлемдік қауымдастыққа біраз уақыт қажет болды.

АҚШ пен бүрынғы КСРО басшылық еткен, ешқашан бітіспес жүйелердің блоктық ядролық тайталас заманында "ықтимал дүшпанды тежеу" немесе "кепілді қүртып жіберу" қүралы ретінде жер бетіндегі тіршілікті түбімен талай рет жойып жіберуге жететін ядролық қарудың орасан зор арсеналы жиналды. Ядролық қару халықаралық қатынастарда саяси бопсалау қүралына айналды. Күш тепе-теңдігінің "өлшемі" нақ ядролық қару болатын.

КСРО ыдырап, "қырғи-қабақ" соғыстың аяқталуы нәтижесінде әлем, ядролық қаруды таратпау түрғысынан алғанда түрақты бола қойған жоқ. Жаңа әлемдік тәртіп жағдайында халықаралық түрақтылыққа қауіп төндіретін мәселе - жаппай қырьш-жоятын қарудың таралуы болып табылады. Соның ішінде ең негізгісі - ядролық қаруды таратпау мәселесі. Ғаламдық геосаяси жағдайдың түбегейлі өзгеруіне қарамастан, дүниенің бірқатар аймақтарында айтарлықтай өткір этникалық, саяси, діни т. б. қайшылықтар сақталуда және оларда тактикалық ядролық қару қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмас. Оның үстіне, соңғы жылдарда ядролық қаруды қолдарына түсіргісі келетін, әртүрлі экстремистік үйымдардың лаңкестік әрекеті етек алуда. Осының барлығы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелерін аса жауапкершілікпен шешу қажеттілігін туындатты. Дегенмен әлем қауымдастығы бірқатар халықаралық актілер мен шарттар қабылдап, оның таралуын, белгілі-бір өңірлерге орналасу мүмкіндігін біраз шектеді. Өкінішке орай, адамзат ядролық қаруды толық жоя алмай отыр.

Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері казіргі заман халықаралық қатынастар тарихында және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында ең маңызды орындардың бірін алады. Орталық Азия республикаларының бастамашылдық рөлі мен Қазақстанның дишюматиялық қызметі арқасында дүниеге келген нақты үлгілі мысал арқылы аталған саладағы уағдаластықтарға қол жеткізіп және оларды іске асыру шараларын зерттеу, заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі - ядролық каруды таратпау саласындағы халықаралық қатынастар дамуының кейбір негізгі үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.

Ядролық қаруды таратпауға күш-жігер жүмсау Қазакстан сыртқы саясатыньщ маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүл жөнінде президент Н. Назарбаев: "Қазақстан . . . бірінші кезекте ядролық қаруларды,

4

болашақта толық жою мақсатымен қысқартуға, қолдануға және оны жасауға жәрдемдесетін материалдар мен технологияларды сыртқа шығару (беруге) жол бермеуге қол жеткізе беретін болады"- дейді [1] . Осы түжырымдаманы іс жүзінде дәлелдеп, еліміз ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Ядролық қарудан азат аймақ жасауда бастамашылардың бірі болғандығын ескерсек, бүл мәселенің Қазақстан үшін саяси өзектілігі арта түседі.

Ядролық қару таратпау мәселесі қазіргі уақытта айырықша маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда, қалыптасқан халықаралық жағдайда Орталық Азия елдерінің пікірінше, бейбітшілікті нығайтып, соғыс қаупін болдырмау және ядролық қарусыздану саласындағы нақты шараларға қол жеткізу жөніндегі барлық бейбітшіл мемлекеттердің күш-жігерін тоқтатпай, керісінше жандандыру қажет деп есептейді. Ядролық қару таратпау шараларының ішіндегі негізгі бағыттарының бірі ядролық қарудан азат аймақтар қүру мәселесі. Ядролық қарусыз аймақ жасау мәселесіне қатысты Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан да, оның шешілуі халықаралық түрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың ғаламдық міндеттерінің қүрамдас бөлігі болып табылатынын іс жүзінде көрсетпек.

Орталық Азия мемлекеттері тарапынан ядролық қару таратпау тәртібін нығайтуға атсалысып, ядролық қарусыз аймак жасау бастамасын жүзеге асыру мәселесін зерттеу және қолданыстық маңызы бар кеңестер беру қажеттігі, таңдалған тақырыптың ғылыми өзектілігін айқындайды. Қазақстандық тарих ғылымында бүл тақырып бойынша бірең-сараң мақалалар жарияланған. Дегенмен, аталған тақырып жүйелі түрде талдауды, байыпты әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Ядролық қаруды таратпауға, ондай қарудан азат аймақ қүруға және осы мақсатқа жету жолындағы Орталық Азия республикаларының дипломатиялық қызметіне байланысты күрделі мәселелерді ғылыми түрде жете зерттеу күн санап үлкен саяси, теориялық және практикалық қызығушылық тудыруда. Орталық Азия аймағында ядролық қару таратпау мәселесін зерттеу тақырыбы етіп таңдалуының себебі - бүл мәселе Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде әрі халықаралық саясатта да өзінше дербес маңызға ие болғандықтан терең де арнайы ғылыми зерттеуге әбден лайық.

Қазіргі замандағы ядролық қару таратпау мәселелерін жан-жақты, жүйелі түрде қарастыру диссертациялық жүмыстың зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні Орталық Азия аймағында ядролық қару таратпау мәселесінің саяси, әскери, экономикалық қырларын талдау болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері 1993 - 2005 жылдардың аралығын қамтиды, яғни Орталық Азия өңірінде ядролық қарудан азат аймақ қүру туралы алғаш рет бастама көтерілген жылдан бастап күні бүгінге дейінгі тарихи кезең қарастырылды. Бірақ мәселені жан-жақты зерттеу мақсатында анағүрлым кең уақыт кезеңі қарастырылды.

5

Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты Орталық Азия аймағында ядролық қаруды таратпау мәселесінің барлық қырларын талдай отырып, оның ғаламдық жүйедегі өзіндік орнын айқындау больга табылады. Бұл жүмыста алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей нақты міндетгерді шешу қарастырылды:

Ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаттьщ тарихына шолу жасай отырып, XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық катынастардағы ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үрдістерінің өзара байланыстылығын ашып көрсету;

ядролық қарудан азат аймақтар қалыптастыру шараларының ядролық қаруды таратпау мәселесіне тигізетін ықпалын көрсету;

КСРО тарағаннан кейін оның ядролық қаруын иеленіп қалған мұрагер-мемлекет ретінде Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға бағытталған үжымдық күш-жігерге қосқан үлесін көрсету;

Орталық Азия аймағында ядролық қару таратпау мәселесі жөніндегі аталған аймақ елдерінің жүргізіп отырған саясатын және үстанымын айқындау;

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ жасау мәселесіне қатысты ресми ядролық мемлекеттердің үстанымын анықтау;

Орталық Азия өңірінде ядролық қарусыз аймақ қалыптастыру жолдарын, ондай аймақтың халықаралық-қүқықтық, саяси мәртебесін айқындау;

ядролық қауіпсіздіктің халықаралық жүйесіндегі ядролық қарусыз аймақтың жаңа геосаяси жағдайдағы болашағын анықтау;

Орталық Азия республикаларында ядролық қару таратпау саласындағы қазіргі кездегі түйінді мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын қарастыру;

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Зерттеу жүмысыньщ алдына қойылған мақсат-міндеттерге жету жолында деректік негіз болған деректердің ерекшелігі мен сипатына қарай төмендегідей бірнеше топтамасы қолданылды:

Деректердің бірінші тобына Қазақстан Республикасыньщ ядролық таратпау және қарусыздану, халықаралық қауіпсіздік саласындағы сыртқы саясатыньщ негізгі бағыт-бағдарын анықтайтын ресми қүжаттар жатады [2-3] . Олар Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, Қазақстан Республикасының әскери доктринасы сияқты қүжаттар.

Деректердің екінші тобына Б¥¥ Бас Ассамблеясының қарарлары мен жүмыс қүжаттары, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі комиссияның жүмыс топтарының баяндамалары кіреді [4-8] . Мүнда сондай-ақ аталған комиссияға енгізген Орталық Азия республикаларының үсыныстары, аталған елдер өкілдерінің осы үйымдардағы сөйлеген сөздері дерек көздері ретінде енгізілді [9-11] . Осы топтамадағы деректер халықаралық қауымдастықтың ядролық қару таратпау мәселесіне, соның ішінде Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ жасау мәселесіне деген қатынасын байқауға мүмкіндік береді.

Деректердің үшінші тобын ядролық қаруды таратпау және ядролық қарудан азат аймақтар қалыптастыру мәселелері бойынша қол жеткізілген маңызды

6

екіжақты және көпжақты дипломатиялық қүжаттар құрайды [12-21] . Бүл топтамада ядролық қарусыз аймақтар идеясы алғаш пайда болғаннан бергі қүжаттар қамтылды. Негізінен КСРО мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды шектеу және қысқарту туралы келісімдер (СҚШ-1, СШҚ-2, ШҚҚ-1, ШҚҚ-2, ШПҚ-3) ; ядролық қарудан азат аймақтардың, халықаралық-қүқықтық, саяси мәртебесін айқындаудың қайнар көзі болып табылатын бүл қүжаттар ең негізгілердің бірі.

Деректердің төртінші жеке бір тобына Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың еңбектері, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі келіссөздерге қатысқан үкімет басшылары мен қайраткерлерінің, дипломаттардың еңбектері, сөйлеген сөздері, баяндамалары, сүхбаттары мен мемуарлары енгізілді [22-27] .

Деректердің бесінші тобын Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің ағымдағы мүрағат материалдары қүрайды. Мүнда аталмыш министрлік өкілдерінің ядролық қару таратпау мәселелеріне арналған конференцияларда жасаған баяндамалары, есептері, қызмет хаттары, сүхбаттарының жазбалары енгізілді. Бүл материалдар Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ қалыптастыру барысын бақылауға және еліміздің, сондай-ақ ресми ядролық мемлекеттердің осы мәселеге қатысты үстанымын анықтауда айрықша септігін тигізді.

Деректердің алтыншы тобын анықтамалық-энциклопедиялық материалдар қүрайды [28-29] . Мүнда қаруға бақылау орнату, қарусыздану және таратпау мәселелерінің ауқымды материалдары бар, Б¥¥-ның қарусыздану жөніндегі жыл сайын шығатын анықтамалығы және Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) жылына бір рет жарық көретін анықтамалығы енді.

Деректердің жетінші тобына зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар жатады. Оған республикалық және шетелдік газеттер мен журналдар кіреді. Ядролық қару таратпау мәселелеріне қатысты елдегі және одан тыс шүғыл ақпаратқа қол жеткізуде маңызы өте зор [30] .

Диссер гациялық жұмыс тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі.

Диссертациялық жүмыс тақырыбының әр түрлі аспектілеріне арналған қазақстандық, орта-азиялық, ресейлік және шетелдік, зерттеушілердің еңбектері мүқият қарастырылды. Бүл еңбектер зерттеу жүмысының теориялық негізіне айналды және тақырыптың мәнін аша түсуге айтарлықтай жәрдемдесті.

Президент Н. Назарбаевтың бірқатар еңбектерінде жалпы ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту, ядролық қару таратпаудың ғаламдық және аймақтық тәсілдерін үштастыру мәселелеріне байланысты келелі ойлар айтылған. Президенттің пікірінше, ядролық қауіп, ядролық арсеналдьщ санымен емес, оның қарапайым болу фактісімен өлшенетін деңгейге жетті, сондықтан ядролық қарудың одан әрі таралуын болдырмай, толық қарусыздану

7

үшін халықаралық бақылау жасаудың жетілдірілген, әмбебап жүйесін құру жөнінде әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру қажет [22-23] .

Белгілі мемлекет қайраткері Қ. К. Тоқаевтың еңбектерінде тәуелсіздік жылдары ішіндегі Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жоятын қаруларды, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселесіне қатысты сыртқы саясатының басым бағыттары жан-жақты баяндалған [31] .

әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстан Респбуликасының сыртқы саясаты кафедрасының үжымдық монографиясын да айта кету керек. Профессор Ж. О. Ибрашевтың жетекшілігімен жазылған еңбекте авторлар ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Еуропалық Одақтың Орталық Азия республикаларына қатысты саясатын баяндай келе, "ядролық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және оларды жүзеге асыру, соның ішінде ядролық қару таратпау саласында аймак елдері арасында ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесетін интеграциялык фактор бола алатындығына күмәндануға болмайды" - дейді [32] .

Профессор К. Қ. Қожахметов ядролық қаруды таратпауға байланысты Қазақстанның сыртқы саясаты төңірегіндегі кейбір мәселелерге арналған бірнеше мақалалары бар [33-37] . Солардың бірінде ғалым: "Қазір Кіндік Азияны ядролық қарусыз аймақ деп жариялау керек. Оған ең алдымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Монғолстан қосылар деген үміттемін" . . . ол "қүрылса, оның игілігін көптеген халықтар көрері сөзсіз"- деп түйіндейді [37] .

Отандық тарихнамада ресми ядролық державалардың бірі - Францияның әскери доктринасын талдап, оның «қырғи-қабақ» соғыс түсында халықаралық қатынастар жүйесінде, соның ішінде НАТО-да «ерекше үстанымда» болғандығын профессор Қ. Е. Байзақова өз еңбегінде дәлелдеген [38] . Автор ядролық арсенал иеленуді Франция, үлттық және жалпы еуропалық тәуелсіз қорғаныс саясатын жүргізудің басты дәлелі ретінде қарастырғандығын және осы бағытга Франция табанды әрі белсенді саясат жүргізгендігін көрсеткен.

Ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту мәселелері мен болашағы, Қазақстан Республикасының ЯҚТШ-қа қатысуы, аталған қүжаттың келешегі, қарусыздану саласындағы еліміздің ішкі-сыртқы саясатын, осы бағытта атқарылған шаралар туралы жекелеген мәселелерді талдауға арналған Д. Ш. Елеукенов, Ө. Т. Қасенов [39-40], М. Т. Лаумулин [41-42], Л. М. Иватова [43] сияқты отандық ғалымдардың еңбектерін атап өту керек. Белгілі саясаттанушы Ө. Т. Қасенов өзінің мақалаларында Орталық Азиядағы геосаяси және геостратегиялық жағдайға талдау жасай отырып, осы өңірдің өзгеріс үстіндегі әлемдегі рөлін анықтауға айтарлықтай көңіл бөлген. Сонымен бірге Орталық Азияны ядролық қарусыз аймақ ретінде халықаралық-қүқықтық жағынан рәсімделу үрдісіне кедергі келтіруі мүмкін бірқатар факторларды атап көрсеткен.

8

Ядролық материалдарды экспорттық бақылаудың отандық жүйесін қалыптастыру мен оны жетілдіру мәселесінің құқықтық және техникалық аспектілері бойынша қалам тартып жүрген отандық зерттеушілерден В. А. Кораблев [44], С. Кречетов [45], Ч. Масенов [46] сияқты авторларды атаған жөн.

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ (ЯҚАА) жасау ісінде Монтерей халықаралық зерттеулер институты таратпау мәселелерін зерттеу орталығыньщ (ТМЗО) Алматыдағы өкілдігінің рөліне ерекше тоқтала кетуге болады. Таратпау мәселелерімен шұғылданатын мекеме ретінде ТМЗО Орталық Азияда ЯҚАА қалыптастыру туралы бастамаға аса қызығушылық танытты. Осы ұйымның жаңа тәуелсіз мемлекеттерде таратпау мәселелері бойынша жобалармен шұғылданатын орталық қызметкерлерінің жинақтаған тәжірибесін ескере отырып, 1996 жылдың басында Орталық Азияның кейбір елдерінің үкіметтері осы өңірде ядролық қарусыз аймақ қүру жолындағы олардың күш-жігеріне көмек көрсету жөнінде орталыққа өтініш жасады. ТМЗО бүл өтінішке дайындықпен үн қатты әрі сол кезден бері бүл мәселе бойынша орталық-азиялық республикаларға эксперттік көмек көрсетуде. Оның мысалы ретінде Беларуссия, Қазақстан, Ресей және Украина мамандарының мақалалары енгізілген, үжымдық зерттеу жүмысын келтіруге болады [47] . Бүл жинақ 1998 жылы қарашада Монтерей халықаралық зерттеулер институты мен Форд қорының демеушілігімен таратпау мәселелерін зерттеушілердің Қазақстандық ассоциациясы басып шығарды. Аталған жинақта Орталық Азияда ЯҚАА қүру жөнінде ресми ядролық державалардың үстанымы, аймақтық қауіпсіздік қүрылымдарының қатынасы, ЯҚАА және Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесінің мәселесі қарастырылған.

Ядролық қару таратпау мәселелерін зерттейтін Қазақстандағы үкіметтік емес үйымдардың бірі - таратпау мәселелерін зерттеушілердің Қазақстандық ассоциациясы. Бүл үйым жаппай қырып-жоятын, соның ішінде ядролық қаруды таратпау мәселелеріне арналған Орталык Азия өңіріндегі бірден бір мамандандырылған басылым шығарып түрған болатын. Басылым беттерінде ядролық қару таратпау саласындағы жетекші мамандарының ең өзекті тақырыптарға арналған мақалалары, экспорттық бақылау жүйесі, осы саладағы Қазақстандық және басқа да орта-азиялық республикалардың заңнамасы туралы мәліметтер, Орталық Азия аймағындағы экспорттық бақылау жүйелерінің салыстырмалы талдауға арналған мақалалар жарияланып отырды. Сондай-ақ бюллетенде Қазақстандық бүқаралық ақпарат қүралдарында, қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты жарияланған мәліметтерге шолу жасалып, үзінділер беріліп түрған болатын.

Қарастырып отырған тақырыпқа байланысты ізденуші ресейлік зерттеушілер қатарында В. А. Орлов, А. В. Хлопков, И. А. Ахтамзян [48], И. Сафранчук [49], P. M. Тимербаев [50] бар. Аталған авторлар негізінен ядролық қару таратпау мәселелеріне, соның ішінде Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ қүру мәселесіне қатысты Ресейдің ресми үстанымын зерттеумен шүғылданады. Ядролық қару таратпау мен қарусыздану саласындағы осы елдің

9

сыртқы саясатын талдауға және АҚШ-мен өзара әрекеттестік түрғысынан қарауға көбірек көңіл бөледі.

Қарусыздану және ядролық қару таратпау мәселелерін зерттеумен айналысатын Ресейдегі беделді ұйымдардың бірі ~ Мәскеулік ПИР-Центрді айтпауға болмайды. ПИР-Центр ұжымы әзірлеп шығарған екі томдық еңбекті ерекше атап өту керек [51] . Кітаптың бірінші томында ядролық қаруды таратпаумен байланысты мәселелердің барлық тұстары баяндалған. Жүмыста ядролық қарудың жасалу тарихы, ядролық таратпаудың халықаралық тәртібінің қалыптасуы мен халықаралық-құқықтық аспектілері, соның ішінде ЯҚАА-тар жасау бойынша, оның төңірегіндегі дипломатиялық күрестің ерекшеліктерін және жекелеген мемлекеттердің ядролық бағдарламалары мен ядролық саясатының ерекшелігі егжей-тегжейлі баяндалған. Ал екінші томында ядролық қару таратпау, аймақтық мәселелер, ядролық қарудан азат аймақтар, экспорттық бақылау, МАГАТЭ кепілдіктері, ядролық саладағы Ресей заңнамасы бойынша негізгі қүжаттар толық немесе қысқартылған түрінде берілген. Осы үйым шығаратын журнал беттерінде де аз да болса біз зерттеп отырған мәселеге қатысты ресейлік және шетелдік мамандардың мақалалары жарияланып түрады.

Мәскеулік Карнеги орталығы жаппай қырьш-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөнінде бірнеше кітапшалар шығарды. Солардың ішінде, халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги институты мен Монтерей халықаралық зерттеулер инситуты бірлесіп шығарған баяндаманы айтуға болады [52] . Онда Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина аумағындағы ядролық қарулар мен бөлшектенетін материалдар жөнінде жақсы іріктелген фактологиялық мәліметтер берілген.

Жалпы айта кететін нәрсе, соңғы жылдары таратпау мәселелерін зерттеу ісінде өзгеріс орын алды. Егер бірнеше жыл бүрын негізгі тақырып ядролық қаруды жою болса, қазіргі уақытта ең маңыздысы- экспорттық бақылау және онымен жанасатын ядролық материалдардың заңсыз айналымына қатысты мәселелердің өзектілігі артты.

Осыған байланысты диссертациялық зерттеу тақырыбының жекелеген мәселелері бойынша Орталық Азия республикалары ғалымдарының зерттеу жүмыстары пайдаланылды. Олардың арасында А. Джураев [53], А. И. Исламов (Тәжікстан), Т. Ормонбеков (Қырғызстан) [55], У. Норбаев (Өзбекстан) [55] сынды зерттеушілерді атау қажет. Аталған авторлардың ізденістері негізінен өз елдеріндегі ядролық қару таратпаудың, ядролық материалдарды физикалық қорғау, есебін жүргізу, қадағалау және экспорттық бақылаудың үлттық жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру сияқты маңызды салаларындағы мәселелерді зерттеуге арналған. Сондықтан, орталық-азиялық республикаларының авторлары мәселенің қүқықтық жағына көп көңіл бөлген.

Қарастырып отырған тақырып бойынша ізденіп жүрген шетелдік зерттеушілерден Д. Голдблат [56], Г. Гарднер [57], Пит де Клерк [58], У. Поттер [59], С. Пэрриш [60] сияқты авторларды атап өту керек. Аталған зерттеушілер ядролық қаруды таратпау тәртібінің қалыптасуы, қазіргі жағдайы мен оны

10

нығайту келешегімен байланысты саяси және күкықтық мәселелерді, Орталық Азиялық республикалар мен МАГАТЭ арасындағы ынтымақтастық мәселелерінің техникалық аспектілеріне (атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану) қысқаша шолу жасалған. Сондай-ақ аталған өңірде ядролық қарусыз аймақ қалыптастыру үрдісінің қазіргі жайын және оның болашағын зерттеуге көңіл бөлінген.

АҚШ үлттық академиясының ұлттық зерттеу кеңесі дайындаған көлемді баяндамада жаңа тәуелсіз мемлекеттерде ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша "Нанн-Лугар бағдарламасын" жүзеге асыру жүмыстарының тиімділігіне баға берілген [61] .

Диссертациялық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі.

Өзіндік түжырымдар жасалған, ядролық қару таратпау және қарусыздану, халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ресейлік және шетелдік зерттеулердің ғылыми теориялары жекелеген күрделі мәселелерді қарастыруда жүмыстың теориялық-методологиялық негізін қүрады. Олар теориялық-методологиялық жағынан іргелі концептуалдық зерттеулер больга табылады.

Диссертацияда шетелдік зерттеушілерден жоғарыда аталған Г. Гарднер, К. Бус және С. Смит [62] сияқты америкалық авторлардың жекелеген түжырымдары пайдаланылды. Жүмысты орындау барысында кеңестік замандағы танымал зерттеушілер А. А. Рощин [63], В. Ф. Давыдов [64], еңбектеріндегі ғылыми түжырымдары ескерілді. Аталған жүмыстардың барлығы дерлік бүгінгі таңда ескірген идеологиялық дәйектемелеріне байланысты қабылдауға болмайтындығына қарамастан, олар қарастырып отырған мәселені зерттеудің ғылыми тәсілдерін қолдану түрғысында өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ресейлік танымал зерттеушілердің бірі П. А. Цыганковтың [65] қазіргі кездегі халықаралық қатынастар теориясына арналған ізденістері, бір жағынан жүмыстың теориялық-методологиялық негізі болып табылады. Екінші жағынан - халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану үрдістерінің бағыттарына ғылыми баға берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын Америка мемлекеттеріндегі ядролық зерттеулер
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану іс - шараларына қатысуы
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың алатын орны теоретикалық-әдіснамалық мәселелері
Ядролық қарусыздану
Қазіргі кезеңде Ресей – АҚШ қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі
Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz