Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повесінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы
Кіріспе. Көркем аударма әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1. Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повесінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. «Жәмилә» повесінің аударылуындағы семантикалық өзгерістер ... ... ... ... 12
3. «Жәмилә» повесіндегі көркемдеуіш амалдардың аударылу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Аударма − қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы «биік өнер» деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И.Гете пайымдауында «аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді». Ағылшын жазушысы әрі сыншысы И. Бэлекк «аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс» деп орынды айтқан.
Аударма − мәтінді басқа тілде қайталап жасап шығу. Егерде әдебиет шығармалары шындық сәттерін жеке тұлғаның санасымен бейнелеудің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі болса, аударма сол тілде бейнеленген дүниені өз тілінде қайта бейнелеп шығу. Ол шындықтың мезеттерін тікелей бейнелемейді, басқаның санасында мазмұндалғанын, ойластырылғанын бейнелейді. Аудармада фактінің сипатталуы емес, факт туралы ой аударылады. Яғни, ол − басқа адамның ойлау қызметінің нәтижесін дәл сондай етіп қайта жасап шығу. Аудармашы ең аз дегенде бір мезгілде екі мәдениетке назар аударатын, екі тілді меңгерген тұлға. Аудармашыны кейде менсінбеген кейбіреулер «екі мырзаның құлы, қызметшісі» деп атап та кеткен.
Көркем аударма − көркем әдебиет жанрын басқа тілде баяндайтын аударма түрі. Әлемді мәдени түрде меңгерудің көркемдік құралы. Адамзаттың ой-санасының, білім-танымының дамуындағы мәдениеттер байланысының өркендеуіндегі қызметі өлшеусіз. Көркем шығарма аудармасы дегеніміз − түпнұсқалық шығарманың көркемдік рухын басқа тіл де дәл, сәйкес, шынайы, сапалы жасап шығару. Оны аударылған ұлт тілінде жазылған туындыдай, соның көркемдік ой дәрежесіндей жеткізе білу керек.
Әрбір аударма оқырмандарына түрнұсқаның құндылығына сай әсер дарытуы тиіс. Көркем аудармада мүмкіндігінше сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді қалдырып кету немесе қосу, аудармашы тарапынан өзгертуге болмайды. Егерде шығармада кемшілік, түрлендіру кездессе, оларды дәл сол қалпында аударып көрсеткен дұрыс. Көркем әдебиет шығармаларының аудармасында түрнұсқаның дербес өзіндік бітім-болмысын, ерекшелігін жасау кезінде оны эстетикалық қабылдау мәні ерекше. Аудармашы шығарманың көркем мазмұнының бар ерекшелігін сақтаумен бірге, образдық жүйесін, семантикалық, стилистикалық баяндау мәнері және бейнелеу сипаттары мен мүмкіндіктерін ана тілдегідей аударма тілінде де жеткізуге ұмтылады.

1. Тарақ Ә. Аударма әлемі. − Алматы: Қазақ Университеті, 2007.− 243.
2. Дауренбекова Л. Қ. Нұрмахановтң жолма-жол аудармаға қатысты сын- пікірлері. // Хабаршы. Филология сериясы № 6, 2007.
3. Тоғысбайұлы Б. // Жас Алаш. 3-қыркүйек, 2004.
4. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. − Алматы: Жазушы, 1959.− 150.
5. Алпысбаев Қ., Қазыбек Г., Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. − Алматы: Қазақ Университеті, 2001. − 202.
6. Айтматов Ч. Чыгармаларынын жыйнагы: 5 том. / Құрастырған: Акматалиев А. − Бишкек: Шам, 1999. − 546. І том.
7. Айтмато Ш. Жәмилә. − Алматы: 2005. − Атамұра, 312.
8. Айтматов Ч. Джамилия. Электронный вариант.
9. Aitmatov Ch. Jamila. Электронный вариант.
10. Бельгер Г. Лики слова Литературно-критеческие статьи. − Алматы: Білім, 1991. − 272.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе. Көркем аударма
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...2
1. Ш.Айтматовтың Жәмилә повесінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне
аударылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Жәмилә повесінің аударылуындағы семантикалық
өзгерістер ... ... ... ... 12
3. Жәмилә повесіндегі көркемдеуіш амалдардың аударылу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
5. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Көркем аударма әлемі
Аударма − қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең
биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы
биік өнер деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И.Гете
пайымдауында аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін,
байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді.
Ағылшын жазушысы әрі сыншысы И. Бэлекк аударма дегеніміз отандық
әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс деп орынды айтқан.
Аударма − мәтінді басқа тілде қайталап жасап шығу. Егерде әдебиет
шығармалары шындық сәттерін жеке тұлғаның санасымен бейнелеудің
материалдық жағынан қамтамасыз етілуі болса, аударма сол тілде бейнеленген
дүниені өз тілінде қайта бейнелеп шығу. Ол шындықтың мезеттерін тікелей
бейнелемейді, басқаның санасында мазмұндалғанын, ойластырылғанын
бейнелейді. Аудармада фактінің сипатталуы емес, факт туралы ой аударылады.
Яғни, ол − басқа адамның ойлау қызметінің нәтижесін дәл сондай етіп қайта
жасап шығу. Аудармашы ең аз дегенде бір мезгілде екі мәдениетке назар
аударатын, екі тілді меңгерген тұлға. Аудармашыны кейде менсінбеген
кейбіреулер екі мырзаның құлы, қызметшісі деп атап та кеткен.
Көркем аударма − көркем әдебиет жанрын басқа тілде баяндайтын аударма
түрі. Әлемді мәдени түрде меңгерудің көркемдік құралы. Адамзаттың ой-
санасының, білім-танымының дамуындағы мәдениеттер байланысының
өркендеуіндегі қызметі өлшеусіз. Көркем шығарма аудармасы дегеніміз −
түпнұсқалық шығарманың көркемдік рухын басқа тіл де дәл, сәйкес, шынайы,
сапалы жасап шығару. Оны аударылған ұлт тілінде жазылған туындыдай, соның
көркемдік ой дәрежесіндей жеткізе білу керек.
Әрбір аударма оқырмандарына түрнұсқаның құндылығына сай әсер дарытуы
тиіс. Көркем аудармада мүмкіндігінше сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді
қалдырып кету немесе қосу, аудармашы тарапынан өзгертуге болмайды. Егерде
шығармада кемшілік, түрлендіру кездессе, оларды дәл сол қалпында аударып
көрсеткен дұрыс. Көркем әдебиет шығармаларының аудармасында түрнұсқаның
дербес өзіндік бітім-болмысын, ерекшелігін жасау кезінде оны эстетикалық
қабылдау мәні ерекше. Аудармашы шығарманың көркем мазмұнының бар
ерекшелігін сақтаумен бірге, образдық жүйесін, семантикалық, стилистикалық
баяндау мәнері және бейнелеу сипаттары мен мүмкіндіктерін ана тілдегідей
аударма тілінде де жеткізуге ұмтылады.
Көркем аударма − коммуникативтік қызметтің айрықша түрі. Көркем мәтін
аудармасын жүзеге асыру кезінде аудармашы тек бір жақты аударма ауқымында
қалып қоймауы тиіс. Ұлттық рухани мұра аясында мәдениетаралық, мәдени-
этникалық және көркемдік коммуникациясының айрықша түрі ретінде
қарастырылуы жөн. Осы тұрғыдан келгенде теңдессіз құндылығы, мағыналық
сипаты және көркемдік бейнелеу мен қабылдаудың заты ретінде мәтіннің рөлі
айқын.
Көркем аударма қай кезеңде де ұлт мәдениетінің өлшем болғаны белгілі.
Кеңестік дәуірде көркем аударма идеологиялықтжұмыстың басты құралы саналды.
Аударма бұл басқа әлемге, басқа дәуірге ашылған терезе десек
қателеспейміз. Шындығында да қай ғылым саласы болмасын, аударма барынша
дамыған, жоғарғы деңгейге жеткен ел үнемі басқа ұлттың озық туындыларымен
танысумен бірге, өз әдебиетін де жаңа биікке көтереді. Аударма бір ғана
көркем әдебиеттің даму деңгейімен өлшенбейді, басқа түрлі ғылым салалары
жетістіктерінен де көпінеді. Адам бойында адамгершілік қасиеттер мен рухани
құндылықтардың да берік қалыптасуын көркем әдеби шығармалармен қатар, басқа
халықтардың мәртебесі, жекелеген тағылымдық, тәрбиелілік еңбектер, атап
айтқанда философия, тарих, этика, эстетика, мәдениеттану, логика,
психология, өнертану т.б. көтерген тың еңбектердің ғылымға қатысты маңызды
жаңа зерттеулердің аударылуы да зор ықпал жасайды.
Көркем аударма − бір ғана талант шығармашылығын таныстырумен шектеліп
қоймайды, ұлттың әдебиеті мен тілін әлемге жеткізудің негізгі көзі
саналады. Ұлт талантына құрмет, ұлтқа қызмет ету, бір халықтың ұлттық
мұрасын өз елінің игілігне айналдыру жолында аянбай, талмай еңбек еткен
аудармашының шығармашылығын қай кезде де биік бағалауға лайық.
Әрине, түпнұсқамен тең дәрежелес тәржімалану деген ұғым шартты
түрде алынады. Өйткені, автордың өз нұсқасының қашанда биік тұрары сөзсіз.
Қайсібір түпнұсқасы таныс шығарманы басқа тілде оқығанда қызық құбылысқа
тап боласың. Көркем шығарма басқа тілге аударылу процесінде қанша дәл
аударылды десек те, қайта түлеп, біршама өзгерістерге ұшырайды. Өйткені,
түпнұсқада сипатталған оқиға, айтылған ой, образ жүйесі аудармашының
санасында сан алуан сарапқа түседі. Міне, сондықтан да екі халықтың тіліне
қоса, тіршілігін түгел білетін кісі ғана аудармада ойдың сап алтындай сара
мағынасын сомдай алады.
Жалпы, аударманың сәтті шығуының, оның өз бояуын солдырмай
жеткізілуінің бір сыры − жазушының шығармашылық лабораториясын жете
білетін, өзара рухани туыстығы жақын аудармашының кезігуі. Екі тілдің
қорын, грамматикалық заңдылығын қанша жақсы игергенімен, жан-дүниесі,
түсінік-болмысы қабыспаса, одан автор да, аудармашы да ұтпайды, қайта
ұтылады.
Осы тұрғыда келетін болсақ, аудармашы Қ. Нұрмаханов Жәмилә повесін
аударғанда автор Ш. Айтматовпен рухани туыстықтары жақын болып, бір-бірін
түсіне білгендігін айта кету дұрыс.
Басқа ұлттық аударма мектептерін салыстыра қарастырғанда, қазақ
аударма мектебінің қалыптасып, жеке отау тіккеніне аса ұзақ уақыттың
болмағандығы баршаға аян. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ы. Алтынсарин мен А.
Құнанбаев сынды қазақтың ұлы ойшылдары қазақ топырағына алғашқы аударма
әдебиеттің үлгілерін әкелсе, бұл үрдісті ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан
бастап-ақ ұлтымыздың зиялы қауымы ілгері дамытып әкетті деуге негіз бар.
Бұл бастама әлі күнге дейін осы бір ырғағын бұзбай, әдебиетімізге
әлемдік әдебиеттің құнды да көркем мұраларының келіп қосылуына өзіндік
үлесін қосуда. Десек те, осынау мол мұраның аударылу сапасы қандай?, деген
орынды сұрақтың жауап іздері сөзсіз. Бұндай сұраққа жауап іздеу өткеннің
де, бүгіннің де, келешектің де өзекті мәселесі болмақ.
Шығарма стилі мәселесі көркем аудармашысы үшін өте маңызды.
Маңыздысы − аударма баламалығы мәселесімен байланысты. Сондықтан да ол
аудармашының еркіндігі және оның дербестігі ұғымдарымен бірдей
қарастырылады.
Аударма ісінді екі ұғымды мықтап есте ұстау керек: 1) Жазушының
стилі, жазушының қолтаңбасы. Мұның сыртында ырғақ, интонация, күрделі
сөйлемдерді бұзбай аудару т.б. 2) Шығарманың мазмұндық түрін жеткізу
кейіпкерлерінің іс-әрекеті мінез-қылығын, оқиғалар мен жағдайларды, жалпы
алғанда композициясын басқа бір тілде қайта баяндап шығу ғана емес, сонымен
бірге мәтіннің мағынасын жеткізу, сөздер, тіркестер, сөйлемдерді ұлт тіліне
жалпыға бірдей түсінікті түрде сипаттау.
Ш. Айтматов стилі жалпы оқырман қауымына етене түсінікті, махаббатқа
толы туындылар дүниеге келсе, кейбір туындылары философиялық,
психологиялық, мифологиялық мағынада жазылған. Оны Адамзаттың Айтматовы
деп тегін атаған емес сияқты.
Шыңғыс Айтматовтың Жәмилә повесі осыдан жарты ғасыр бұрын дүниеге
келген туынды. Содан бергі жарты ғасыр ішінде Жәмилә дүние жүзі
халықтарының баршасына дерлік тіліне аударылып, әлемдік оқырманның ең
сүйікті шығармаларының біріне айналды. Жазушының шығармасында соғыс
жылдарындағы ауыл адамдарының ауыр бейнетімен қатар олардың рухани ұлылығы,
жан-сезімінің өлшеусіз ізгілігі, байлығы да шебер көрсетіледі. Сай-сүйекті
сырқыратып езген ауыр жүктен бір сәт иығы босай қалғанда, бұлардың мұңы мен
сағынышын, алданышы мен арманын әнге қосып, сол ән-жырымен, жан сырымен тау
мен даланы түгел баурап, қалықтап тұрып алатыны да бар.
Көркем шығармаларды аудару, түбегейлі аударылу аударылмау, аударылған
мәтіннің түпнұсқаға эстетикалық және мазмұны жағынан сәйкес келу мәселелері
лингвистиканың да, филологияның да проблемасы болып табылады.
Жәмилә повесіндегі − Жәмилә қазақ оқырмандарына да тым астық, қымбат
көрінеді. Өйткені, ол шынайы өмірден ойып алынған, жанды бейнелі образ.
Жәмилә сынды қыз-келіншектер соғыс жылдарында өте көп болады. Ол бізге өз
махаббаты үшін күресе алатындығымен, қазақ жігіті Даниярды шын жүрекпен
құлай сүюімен ғана емес, сонымен қатар, ұлы жеңіске деген оптимистік
сенімімен, қайсар мінезімен, рухани жан-дүниесінің байлығымен де қымбат.
Жәмилә образы өмірдегі өзі секілді мың-мыңдаған, тыл өмірі ортақ болған
қырғыз, қазақ келіншектерінің прототипі секілді.
Повесте Жәмилә характерінің толысуының немесе айқындалуының, соған
орай шығармаға арқау болып отырған өмір құбылысына тән сырдың келесі,
жоғары деңгейдегі көркемдік заңдылықтар аясындаанықталуының алғашқы сатысы
Даниярдың әнінен басталады.
Кейіпкердің белгілі сәттегі психологиялық жай-күйін барынша қайшылықты
сырларымен тереңнен толғай суреттеудің әрі эпикалық, әрі драмалық, әрі
лирикалық сипатымен дараланатын поэтикалық қат-қабат тәсілі арқылы жазушы
нағыз көркемдік келісті үйлесімге жетеді.
Жазушы жекелеген құбылыстардың біртіндеп белгілі бір тұтастыққа, оның
неғұрлым күрделі және жалпы сипаттағы немесе жоғары сападағы басқа
құбылыстармен байланысты нәтижесінде, көркемдік жаңа тұтастыққа айналу
заңдылықтарын мейлінше жіті қадағалайды. Шығармаға тән басты, жалпы
сипаттағы мазмұнды әрбір жекелеген көрініс, жекелеген эпизодта әр қырынан
және соның әрқайсысында әртүрлі эмоциялық бояу – реңмен ашады.

аударылуы
Қ. Нұрмаханов жолма-жол аударманы − түпнұсқа мен аударма арасындағы
берекесіз дәнекер1,8 деп, жолма-жол аудармаға кеңінен тоқталып, жолма-жол
аудармалар жасаушыларға үш түрлі талап қояды, сол талаптар ойдағыдай
орындалған да ғана аударма сапасының арта түседі деген ой түйіндейді.
Біріншіден, Жолма-жол аударма әдебиеттегі қара жұмыс емес,
шығармашылықтың бір түрі, оған да шеберлік өнер, тапқырлық керек. Жолма-жол
аударманың сапасын жақсартсақ, оған, көркем шығармашылықтың бір түрі
ретінде қойылатын талап-тілектерді күшейтсек, орыс тілінде шығатын көркем
аударманың сапасы жоғарылай, жақсара түспек.
Екіншіден, Жолма-жол аударма аудармашының бір тілге, бір ғана
әдебиетке мамандануына кедергі жасайды. Сөйтіп, жолма-жол аударма, бір
жағынан аудармашы халтурщиктердің санын көбейтсе, екінші жағынан,
аудармашыны бір тілден ғана аударуға, бір әдебиетті ғана, бір ғана халықтың
мәдениетін зерттеуге маманданудан бездіреді. Бұл жағдай орыс тілінде
туысқан халықтар әдебиеттері шығармаларының арзанқол, шалағай, ажарсыз,
сұрықсыз болып шығуына әкеп соғады2.
Үшіншіден, Аудармашы әдебиет тарихын, шығармасын, аударайын деп
отырған жазушының шығармашылық биографиясын терең білуі керек. Сонда ғана
аудармашы заман сипатын, кейіпкерлердің сөз әлпетіндегі немесе авторлық
ремаркадағы тарихи үндестілік сияқты әуендерді оқушыға жеткізе алады, әр
түрлі әлеуметтік топтардан алынған образдардың сөз ерекшеліктерін, түпнұсқа
авторы сәтті тапқан тың сөздер мен жаңа сөз тізбектерін, сөйлем кестесінің
гүр көріктерін орыс сөзі түрінде оқушыға мол жеткізе біледі. Бұл −
дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар2.
Зерттеушінің ой-пікірлері бүгінгі күн талабына сай дәлелді де нақты,
терең де қисынды. Сондықтан да, аударма шығарманы талдау мен бағалаудың осы
бір тәсілі әлі де болса қазақ аударма теориясына қажетті деп танығанымыз
жөн.
Қ. Нұрмаханов Ш. Айтматовтың Жәмилә повесін жолма-жол аударма
арқылы аударған. Повесь өз заманында аударылуын өте жоғары бағалады.
Аудармашы аударғанын қалың көпшілік байқамай да қалады. Автордың өзі
туындысы секілді. Жәмилә повесі алғаш Әуен немесе Ауан деген атпен
жарық көрген болатын. Алғаш қазақ оқырманы түгіл, қырғыз елі дұрыс
қабылдаған жоқ болатын дейді −Қ. Нұрмаханов. Оған мына сөздер дәлел:
Жәмилә туралы кереғар пікірлер әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әне бір
жылы Толдықорған облыстық театры көршілес Қырғызстанның екі облысына
гострольге барғанда Айтматовтың Жәмиләсы мен Ақын Сараны ұсынса,
жергілікті халық Соғыста жүрген байын тастап қашып кеткен қатынды
көрсетпей-ақ қойыңдар, бізге Ақын Сара керек депті. Мұны қазақ артистері
қайран қала айтып келді...2. Қырғыз халқы дұрыс қабылдамаған соң, Қ.
Нұрмаханов аудару мәселесінде кішкене ойланы қалды. Сондықтан да, Қ.
Нұрмаханов шығарманы аудару жөн бе, әлде басқалай ма деп басы қатқан
тұстарда болған. Кейіннен ол: Соғыста жүрген күйеуін тастап, тылдағы
біреумен қашып кеткен келіншектің әрекеті жастарға теріс тәрбие бермей ме?
деушілермен көбірек айтысуға тура келді. Бұл − педагогикалық құрал емес,
көркем шығарма, өмірде бұдан да қиын тағдырлар кездеседі, әңгіме кейіпкер
әрекетінің сенімді, сенімсіз суреттелуінде деп тұрып алдым. Жәмилә
басында күйеуіне сүймей қосылған, күйеуі майданнан хат жазғанда
келіншегінің аман-саулығын да сұрамайды, сағыныш сезімін білдірмейді, ал,
соғысқа барып жараланып қайтқан Данияр деген қазақ жігіті − жаны жайсаң,
жүрегі кең, сезімтал азамат, ол Жәмиләні іс-әрекетімен, әдемі әнімен баурап
алды. Бұл − оқырманға мораль айту емес, махаббат хикаясы деген пікірімді
сол кездегі бірталай зиялы қауым қолдады2.
Ш. Айтматовтың қазақ әдебиетімен достығы шын үйреніп, шын оқығысы
келетін жастардың нағыз мектебі болуға жарарлық нәрсе. Оның шамадан тыс
ізденімпаздығы, асқан қарапайымдылығы, дархан мінезі, құр мақтауды
сүймейтін ерекше қасиеті шығармашылық адамға таптырмайтын абзал қасиет.
Ш. Айтматовтың Жәмилә, Құс жолы, Бетпе-бет повестері − тылдағы
әйелдер өмірін жан-жақты бейнелеген әдебиеттің озық үлгілері болды.
Адамзат тарихының даму ағысында өз алдына жеке дара дамыған мәдениет
те әдебиет те болған емес. Қай халықтың болмасын, әдебиетінің тууы мен
өсіп өркендеуі аса күрделі құбылыс. Қазақ әдебиеті де өзінің бүгінгі
биігіне, қазіргі өресіне бірер күнде жете салған жоқ. Талай асу,
қиялдардан, талай бел-белестерден өтті[4].
Қырғыз елінің ұлы жазушысы, қоғам қайраткері қазақ халқы туған
перзентіндей көріп, адамзаттың Айтматовы деп сүйенген заңғар жазушы, екі
тілде қатар жазған әрі аудармашы − Шыңғыс Айтматов. Ш. Айтматов әдебиет
әлеміне өзіндік үнімен суреткерлік қолтаңбасымен, құнды-құнды
шығармаларымен үлес қосқан қаламы ұшқыр жазушы. Ш. Айтматовтың бүкіл
шығармалары десек артық айтқан емес, қазақ тіліне аударылған. Бетпе-бет
(аударған Қ. Нұрмаханов 1959 ж.), Жәмилә (аударған Қ. Нұрмаханов 1959
ж.), Шынарым менің, шырайлым менің (аударған Қ. Нұрмаханов 1964 ж.),
Алғашқы ұстаз (аударған Қ. Нұрмаханов 1964 ж.), Құс жолы (аударған Қ.
Нұрмаханов 1963 ж.), Ертеден келген тырналар (аударған Ә.Кекілбаев
1977ж.), Жан пида (аударған Ш. Мұртаза 1988 ж.), Тау мен дала хикаясы
(аударған Ш. Мұртаза 1979 ж.), Теңіз жағалай жүгірген тарғылт төбет
(аударған Ш. Мұртаза 1979 ж.), Ана- жер-ана (Қ. Мұхамеджанов 1970 ж.),
Алғашқы ұстаз (аударған Ә. Нұршайықов 1962 ж.), Арманым, Әселім!
(аударған А. Нұрқатов 1964 ж.), Бұғы ана (аударған М. Әлімбаев 1978ж.),
Мәңгілік келіншек (аударған Н. Ками 2006 ж.).
Шыңғыс Айтматов алғашқы Жәмилә повесімен-ақ әлемді елең еткізді.
Күркүреу өзенінің бойында Данияр салған әнге дүние құлағын еріксіз түрде
қалды. Айтматов шығармашылығы түбегейлі талданды, көркемдік сыр-сипаты
айқындалды, әлем тілдеріне аударылуда тіл ерекшелігін талдады дей алмаймыз.
Оның өзіндік ерекшелігін, жаңашыл жазушы екендігі тек қырғыз халқына ғана
емес, бүкіл әлемге айқын.
Ш. Айтматов аудармалары түпнұсқадан тікелей аударылған. Ш. Айтматов
қос тілде жазатын жазушы. Аудармалардың көбісін орыс тілінен аударылған
болса, біздің қарастыратын шығармамыздың түпнұсқасы қырғыз тілінде жарық
көрген. Жұмысымызда қырғыз→қазақ, қырғыз→орыс, орыс→ағылшын тілдеріндегі
аудармалардың нұсқалары салыстырылып қарастырылатын болады.
Белглі бір ұлт жазушысының күрделі де күрмеулі стилін, өзегі терең ой
иірімдерін, өзгеден кезікпейтін өрнекті сөз орамдарын басқа тілге бояуын
жоғалтпай жеткізу оңай жұмыс емес екені анық. Тер төгіп еңбек еткен шынайы
талант қана бұл міндетті ойдағыдай орындап шыға алады. Өйткені, түпнұсқаға
адалдық, тың баламалар мен соны метафоралар арқылы оригиналмен тең түспесе
кем түспейтін көркемдікке жету, тоқырап қалмай үнемі ізденіс үстінен
көріну − тек шынайы талантқа ғана тән қасиет.
Аударма − сан-салалы жанр. Ең қиыны көркем аударма. Көркем аудармаға
қойылатын ең басты шарт − шығарманың көркемдік-идеялық күші мен
эстетикалық ләззәтін жеткізу[5,5]. Орыс ғұламасы А.С. Пушкин Переводчики
−почтовые лошади просвещения яғни, аудармашылар − мәдениетті бір елден
екінші бір елге тасымалдап жеткізетін пошта аттары деген[5,8].
Аударма теориясы өзі зерттеп отырған нысанның әртүрлі аспектілерінен
қарастыра алады. Олар лингвистикалық, құрылымдық, типтік және т.с.с болып
бөлініп кетеді. Кез келген аудармаға баға беру үшін аударма мәтін мен
түпнұсқа мәтінінің арасында мұқият әрі жүйелі сараптама жүргізу
нәтижесінде оның типін анықтау қажет. Аударманың теориясының құрылымы,
зерттеу нысанына қарай бір құрылымды әдеби аудармаға жатады. Аударудың
жалпы теориясы аударудың жалпы заңдылықтарын, үрдістерін жүзеге асуын
қадағалайды. Аударманың жеке теориясы бір тілдің көрсеткіштерін,
мәліметтерін басқа бір тілге аудару барысындағы лингвистикалық аспектілерді
қарастырады. Аударманың типологиясы түпнұсқа тілімен аударма тілінің
арасындағы қатынасқа байланысты пайда болған түр. Аударма тілдік тұрғыда
тіларалық, аударманың авторына байланысты дәстүрлі, призентациялық
формасына қарай жазбаша, сәйкестіліктің сапасына және ерекшелігіне қарай
дәлме-дәл семантикалық аударма, жанрлығына қарай көркем әдеби аударма,
аударма белгісіне қарай тура, сатылы аударма. Аударма классификациясына
қарай жанрлық-стилистикалық аударма. Орыс және ағылшын тілдеріне
аударушылардың түпнұсқа мәтінін сегменттеу және аударма бірліктерін
қолдануы бойынша толық мәтіндік, ал аудармаларда түпнұсқа мәтінінің
таныстырылуы бойынша жазбаша орындалған. Орысша аударма мәтіннің түпнұсқа
мәтінінің қасиеттері мен сапасын беруі бойынша, сараптама жүргізу
нәтижесінде, еркін аударма деп табылады. Ал ағылшынша аударма мәтін 1-
(қырғыз тіліндегі) түпнұсқаның қасиеті мен сапасын беру жөнінен еркін, ал 2-
түпнұсқаның (орыс тіліндегі) сапасы мен қасиеттерін беру жөнінен тура
(точный) болып табылады. Орыс тіліне толық түпнұсқа мәтінінің негізгі
ақпараттары беріліп, кей тұстарында біршама өзгерістер, яғни сөздік
өзгерістер енгізген. Олар: 1) Қалдырып кету, 2) Ой қосу. Төменде
келтіретін мысалдар айтқан ойымыздың дәлелі болады.
Ш. Айтматов шығармаларын қазақ тіліне көптеген аудармашылар аударған.
Біз қарастыратын аталымыш Жәмилә (Жамийла) повесті Қалжан Нұрмаханов
1959 жылы тәржімалаған. Шығармада бірде-бір жол қалдырылмай, түпнұсқамен
сай келетін етіп қырғызшадан аударылған. Аударма барысында аудармашы сөзбе-
сөз аудармаға берілмеген. Қырғыз тілінің сөйлем құрылысы мен лексикалық
жағы қазақ тіліне өте ұқсас болғандықтан, шығарманың тілі, яғни қырғызша
нұсқасы оқырманға өте жатық. Аударма дәл аударма. Дәл аударма − жазушының
тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін дәл беру. Сөйлеміне сөйлем орай етіп
аудару. Осы тұста аударманың сөзбе-сөз тәсілі − әріпқойлыққа негізделген.
Жолма-жол аударма әсерсіз, жүдеу болып келеді. Еркін ауларма − аудармашының
өзіншелеп әңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Дәл аудару ғана үлкен
жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады. Бұл
жөніндегі дәл аудару дегенді біз сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару деп
түсінеміз деген қорытындыға келдік. Мысалы: Ушул күнгө чейин бул сүрөттү
эч бир көргөзмөлөргө да берген жокмун, ал тургай айылдан туугандарым
келгенде, көздөн далдалап бекитип коём...6,62.
Ал қазақ тіліндегі аудармасы нұсқасында былай: Осы күнге дейін мен
бұл суретті ешбір көрмеге де берген жоқпын, ол тұрғай, ауылдан туыстарым
келгенде, көзінен тасалап, тығып қоямын...7,42.
Осы мысалдар ағылшын, орыс тілінде қалай берілгенін қарастырсақ: Эту
картину я еще никогда не выставлял на выставках. Больше того, когда
приезжают ко мне из аила родственники, я стараюсь запрятать ее
подальше...8,1. Ағылшын тілінде: It has never been exhibited. Morover,
when relatives from home come to visit, I make sure it is out of
sight...9,1. Ағылшын тіліндегі аударылғаны сөйлем мағынасын ашады, яғни
ол сурет ешбір көрмеге қойылмай, ауылдағы туысқандардан да қызғанатынын
айтады, алайда қырғыз халқының тілдік қолданысындағы аил сөзі
ағылшындардың түсінігіне сай relatives from home деп берілген. Аил
сөзі түпнұсқадай тек орыс тіліндегі аудармасында ғана берілген. Бұдан орыс
аудармашының шеберлігін көруге болады. Аударылып жатқан шығарманың қай
ұлтқа тән ерекшелігін, ұлттық сөздерін, дәстүрін жеткізе білген.
Аудармашының қырғыз елінің ұлттық ерекшелігімен таныс екенін көруге болады.
Қазақ тіліндегі аудармасы сөйлеміне сөйлем орай аударылуы былай
тұрсын, тыныс белгісі, бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықшаларға дейін
дәл аударылған. Оны мына мысалдардан байқаймыз: ...Онан бері − көсіліп
жатқан сары дала...7,42, ...Ағаларым соғысқа кетіп, көптен хабар жоқ −
екеуі де үйленбей кеткен...7,42, ...Үлкені − Садық келіншек алысымен
кетті...7,42.
Түпнұсқада: ...Андан берки көрүнүштө − бозоргон сары талаа...6,62,
Агаларым согушка кетип кабар жок, − экөө тең үйлөнө элегинде
кеткен...6,62, ... Улусуу − Садык жаңы эле келинчек алганда
кетти...6,63.
Орыс тіліндегі нұсқасын А. Дмитриева аударған. Тілі өте жеңіл сөз
тіркестері болсын, тұрақты тіркестер болсын өте жатық аударылған.
Түпнұсқамен мағынасы өте жасы сәйкестікпен берілген. Оны мына үзіндіден
байқауға болады: В глубине картины − край осеннего поблекшего неба. Ветер
гонит над далекой горной грядой быстрые пегие тучки. На первом плане −
красно-бурая полынная степь. И дорого черная, еще не просохшая после
недавних дождей. Теснятся у обочины сухие, обломанные кусты чия. Вдоль
размытой колеи тянутся следы двух путников. Чем дальше, тем слабее
проступают они на дороге, а сами путники, кажется, сделают еще шаг − и
уйдут за рамку. Один из них... Впрочем, я забегаю немного вперед8,1.
Түпнұсқасы: Сүреттүн тээ ички тереңинде − күзгү асмандын алабүркөк
чет жакасы. Шамал бирин-серин булуттарды бир жакка бет алдырып, алыста
кылтыйган чокуларга жандатып, кыялата айдап бара жатат. Андан берки
көрүнүштө − бозоргон сары талаа, кең өзөн. Чет-четтен чийлер ыкташып, жаан-
чачындан кийин топурагы борпоң тоборсуп карайган жолдо, катарлаш баскан еки
жолоочунун изи тигинден бери чубайт. Жолоочулар улам жакындаган сайын
алардын издери жерге даана түшүп, өздөрү азыр дагы бир-эки кадам шилтешсе,
алкактын сыртына аттап, ушундан ары кетип калчудай сезилет. Айтмакчы,
жолоочунун бири... Бирок мен шашпайын, сөз башынан болсун6,63.
Ағылшын тілінен Фаинна Глаголева аударған. Аудару генерализация
әдісінің оқырманға жалқылықтан жалпылыққа, түсіндірмелі әдіс арқылы
берілген. Аударма ағылшын тіліне сатылы түрде жасалған. Ағылшын тіліне орыс
тілі арқылы аударылған. Ағылшын тіліндегі нұсқа толығымен 2-дәрежелі
ақпарат негізінде аударылып шыққан. Ағылшын тіліндегі аудармада көптеп
конкретизация кездеседі. Себебі, ағылшын ұлтына нақтылықпен жеткізу,
жалпылықтан жалқылыққа аудару аудармашының басты міндеті болған. Көптеген
қырғыз еліне, мұсылмандарға тән болған сөздер мен сөз тіркестерін ежіктеп,
нақтылап жеткізген. Мысалыға: According to the old custom of tribal law
which was still adhered to in the village at the time, it was forbidden to
let a widow who had sons leave the tribe, and it was therefore agreed
that my father should marry her. His duty to the spirits of his ancestors
compelled him to do this, for he was the deceased man′s closest
relative9,2.
Түпнұсқада: Кийинчерек берки үйдүн ээси дүйнөдөн кайтып, артында аялы
менен тестиер эки уулу калат. Илгертен калган адат боюнча агайын-туугандар
жесирдин башын байлап коëду деп, арбак, Кудайга тууралап: менин атама
никелештирип коюшат6,63.
My father was an old carpenter. After, saying his mourning prayer at
dawn he went to work in the work in the carpentry shop in the common yard,
where he stayed till late in the evening9,2.
Түпнұсқада: Карыган атам жыгач уста, колхоздун жүрүп турган ушул
тактай араба, шады араба баарысы дээрлик ошол кишинин колунан чыгып турат,
− таңдан намазын окуп устаканасына кетет да, күн бата келет6,62.
Түпнұсқада: Биз башынан эки үй жанаша турабыз. Үч кез дубалы мыктап
салынган, мечит жактагы дөбөчөдө турган бак-дарактуу короолор ошол
биздики6,62.
Түпнұсқада: Жамийла жеңемди мен чын ниетим менен жакшы көрчүмүн: бир
жагы жеңем, бир жагы, − ал менден азыраак эле улуу, тең курбу сыяктуу эле.
Ал дагы мени кичине бала − деп, инисиндей эркелетет6,63.
Орысша нұсқасында кичине бала деп атап көрсетіп, калька тәсілімен
жанына аударып − ...маленьким мальчиком деп көрсетсе, ал мечит жактагы
тіркесі мүлде аудармада ескерілмеген.
2. Жәмилә повесінің аударылуындағы семантикалық өзгерістер
Аудармашы шығармаға кіріспес бұрын өзіне жүктелген жауапкершілікті
сезінуі керек. Алайда, кейде өзара байланысы аз болатын тілдер болады.
Кейде тіпті туыстас тілдердің арасында кейбір ұқсаспайтын тұстары
кездеседі. Сондай кездерде, әрине, аудармашының өз шеберлігін танытып,
шығарманы шамасы келгенше көркем, әрі жетік етіп аударғаны дұрыс. Жоғарыда
келтірілген сөйлемдер осы ойға дәлел бола алады.
Кейде аудармашы аударғанда сөздерді қалдырып кету ғана емес, ой
желісін дұрыс жеткізе алмайтын тұстары болады. Біз оны ағылшын тіліне
аударған нұсқасында Жәмиләні таныстырған жерінен байқаймыз. Мысал
келтірсек, түпнұсқада: Жамийла жеңемди мен чын ниетим менен жакшы
көрчүмүн: бир жагы жеңем, бир жагы, − ал менден азыраак эле улуу, тең курбу
сыяктуу эле. Ал дагы мени кичине бала − деп, инисиндей эркелетет6,64.
Орыс тілі мен ағылшын тіліндегі аудармасында аударманы тікелей аударып
жіберген. Алайда ағылшын тілі орыс тілінен сатылы аударма. Cатылап аудару
барысында көп нәрсенің түсіп қалуы белгілі. Солардың ішінде атап айтсақ −
композициялық құрылым, сюжеттің берілуі, сөздерді таңжау және шығарманың
мазмұны. Қазақ аудармашысы түпнұсқадағы мәтіннің мазмұнын сақтай алып
аударса, керісінше орыс тілінде ой қалай берілсе ағылшын тілінде де солай
берілген. Сатылы аудару процесінде аудармашы жіберетін ең басты қателіктер
− семантика, стиль және сөз таңдау. Мысалы: Я горячо любил Джамилию. И она
любила меня. Мы очень дружили, но не смели друг друга называть по
имени8,3. I loved Jamila dearly. Fnd she loved me. We were great
friends, yet we did not dare call each by our first names9,3. Оқырман
назарында бас кейіпкер Жәмиләға ыстық сезімді сезінетіндей сезім қалдырады.
Осы тұстағы аудармада Қ. Нұрмаханов сәтті аударған. Мысал келтірсек:
Жәмилә жеңгемді мен шын ниетіммен жақсы көретінмін. Бір жағы жеңгем болса,
екіншіден ол менен аз-ақ үлкен, құрбым сияқты еді7,43. Осы тұс
түпнұсқада екі-ақ сөйлеммен берілген. Біріншісі құрмалас сөйлем, екіншісі
жай сөйлем. Ал орыс, ағылшын тіліндегі нұсқаларында жеті-сегіз сөйлемнен
аударылған. Жеңге, кішкене бала деген сөздерге сілтеме беріп,
түсіндіріп кеткен. Аудармада түпнұсқа тіліндегі әрбір ұлтқа тән болған,
ұлттық ерекшеліктер генерализация тәсілімен, түсіндірмелі әдісті
пайдаланған. Бұл прагматикалық бейімдеу тәсілі десекте болады.
Жалпы қандай да дүниені жазғаннан аударған қиын. Өз бетінше жазсаң,
сен өз қиялыңа беріліп кейіпкердің өзіңе ұнамаған қасиетін төмендетуге
қақың бар. Ал, аудармада сен біреудің жазғанын дәл түпнұсқадағыдай беруің
керек. Біздің ойымызша кез келген аударма еркін жасалса көркем шығады. Әрі
оқырманның түсінуіне жеңіл болады.
Шығарманың тақырыбын аударуға келгенде ешбір халық ауырпалықты,
қиыншылықты сезбеген болар. Баршаға ортақ бір ғана атау Жәмилә,
Джамиля, Jamila, Жамийла тек қана әртүрлі тілдік ерекшелікке сай
фонетикалық өзгеріске ұшыраған, бас кейіпкердің есімі.
Шығарманың бар бояуын бұл тақырып жеткізе алмас еді. Түпнұсқадағы
шығарманың бастапқы абзацы, сөйлемі екі құрмалас сөйлемнен құралған. Орысша
нұсқасында, бірінші сөйлемі жай сөйлем, екіншісін аудармашы құрмалас
сөйлеммен беруге тырысқан. Ағылшын тіліндегі нұсқасында, бірінші сөйлемді
жай сөйлеммен екіншісі сөйлемді аралас құрмалас сөйлеммен берген. Ой
пікірімізге дәлел ретінде аталған повестің ағылшын, орыс, қырғыз, қазақ
тілдеріндегі мәтіндерін былайша салыстырып көруімізге болады:
Мысалыға: Once again I find myself in front of the small painting in
a simple frame. Tomorrow morning I leave for the village, and I gaze long
and intently at the canvas, as if it can give me a word of advice for the
journey ahead9,1. Бұлай сөйлемнің құрылысы көбірек берілгені сөйлем
құрамында көптеген нақтылап берілген сөздер кездеседі. Қазақ тіліндегі
нұсқасында аудармашы былай берген: Әрдайым бір жаққа жолаушы шығарда мен
осы қарапайым ағаш рамкаға салынған, шағын суреттің алдына келіп тұрамын.
Міне, мен ертең де ауылға жүрмекшімін. Жолыма ақ бата тілегендей, мен онан
көпке дейін көз алмаймын7,42.
Түпнұсқада: Ар дайым бир жакка жол жүрөрдө, мен ушул алкагы жөнөкөй
жыгачтан жасалган сүрөттүн алдына келип турам. Мына эртең да айылга
жөнөймүн. Сүрөттү қарап, мен ондан жолума ак тилек, бата алып жаткан өңдүү,
аны көпкө көз айрыбай тиктейм6,62. Құрмалас сөйлем ағылшын тілінде екі
жай сөйлемнен тұрса, ал орыс, қазақ тілдерінде төрт жай сөйлемнен құралады.
Осы жерде аудармада әрбір жеке сөздерге жармаса бермей, автордың ойын
берумен шұғылданған жөн деген Н.В. Гогольдің сөзі еске түседі.
Қазақ тілінің орыс тіліне аударудың тауқыметі мол екенін Герольд
Бельгер өзінің Аудармаға ода атты кітабында атап өткендей10,11, қырғыз
тілінің орыс тіліне аударылуында да сондай кемшіліктер жетеді. Аудару
кезіндегі басты қиындықтарды саралап береді. Қазақ тіліне тән тоғыз түрлі
ерекшеліктерді (этнографизм, историзм, фразеологизм т.б.) және олардың
аударылуын жайын өзінің аудармашылық тәжірибесінен сипаттап береді. Орыс
тіліндегі А. Дмитриева аударған Жәмилә повесіндегі салт-дәстүр ұғымын
түпнұсқамен салыстырғанда, сөйлем құрылысының саны өте көп, шұбалаңқы.
Түпнұсқада жоқ сөйлемдерді орысша, ағылшынша нұсқаларында оқуға болады.
Мысалы, түпнұсқада: Жамийла жеңемди мен чын ниетим менен жакшы көрчүмүн:
бир жагы жеңем, бир жагы, − ал менден азыраак эле улуу, тең курбу сыяктуу
эле. Ал дагы мени кичине бала6,64 − деп, инисиндей эркелетет. Осылайша
ой желісі, бір абзац бітеді. Енді орысша, ағылшынша нұсқасына назар
аударсақ: Я горячо любил Джамилию. И она любила меня. Мы очень дружили, но
не смели друг друга называть по имени. Будь мы из разных семей, я бы,
конечно, звал ее Джамилия. Но я называл ее джене, как жену старшего
брата, а она меня кичине бала − маленьким мальчиком, хотя я вовсе не был
маленьким и разница у нас в годах совсем невелика. Но так уж заведено в
аилах: невестки называют младших братьев мужа кичине бала или мой кайни
8,2.
I loved Jamila dearly. Fnd she loved me. We were great friends, yet
we did not dare call each by our first names. Had we been from different
families, I would have certainly called her Jamila. However, since she was
the wife of my eldest brother, I had to call her djene, while she, in turn,
called me kichine bala − little boy − though I was far from little and
there was a very small difference in our ages. Such was the custom of our
villages: daughters-in-law called their husband’s younger kichine
bala9,2.
Қазақ тіліндегі аудармада ғана әдемі берілген. Орысшада кетіп жатқан
олқылық ағылшын тілінде де көреміз. Ағылшын нұсқасы орыс тілінен сөзбе-сөз
аударып алған. Оқырманға түсінікті болуы үшін де дұрыс шығар. Алайда
сілтемемен беругеде болар еді.
Сүрөттү қарап деген түпнұсқадағы сөз тіркесі қазақ тіліндегі
нұсқасында берілмеген. Аудармашы Жасалган деген сөз салынған деген сөз
арқылы қазақ тілінің тілдік қолданысына сай аударылған. Бұл аудармашының
тапқырлығы мен жетістігі деп білеміз.
Жәмилә повесінің біз қарастырған аудармаларында аударылмай қалған
сөйлемдері жоқ десек те болады. Алайда аудаылмай басқа сөздермен
алмастырылып берілген тұстары кездеседі. Түпнұсқада: Андан берки көрүнүштө
− бозоргон сары талаа, кең өзөн6,62. Аудармаларында: На первом плане −
крано-бурая полынная степь8,1. Онан бері − көсіліп жатқан сары дала.
The russet wormwood-covered stepp9,1.
Андан берки деген түпнұсқадағы сөз тіркесін тек қазақ тіліндегі
аудармасында Онан бері деп ұтымды шыққан. Басқа тілдегі орыс тілі болсын,
ағылшын тілі болсын дәл баламасын бере алмаған. Орыс тілінде На первом
плане деп баламалап кеткен, түпнұсқадан ауытқыған, ал ағылшын тілі орыс
тілінен аударылған сатылы аударма.
Тағы бір үзіндісіндегі аудармасында не қазақ тіліндегі, не орыс
тіліндегі, не ағылшын тіліндегі аудармаларында берілген. Түбегейлі ол сөз
тіркесі алынып тасталған. Бәлкім, кеңес үкіметінің саясаты әсер еткен
болар. Ол кезде Құдай жоқ деп, атеистік көзқараста өскен ұрпаққа Құдайдың
үйін айтудың өзі үлкен қылмыс саналған болар. Қ. Нұрмаханов та
аудармада мечит жактагы деген сөз тіркесін аудармаға мүлде енгізбеген.
Аударма жай былай ғана берілген: Біз екі үй әуел бастан бір-бірімізге
жақын тұрамыз. Биіктігі үш кез дуалы мықтап салынған, өткел жақтағы
төбешікте тұрған бау-бақшалы қоралар осы біздікі7,43.

биздики6,63.
Ағылшын, орыс тіліндегі нұсқаларында: Возле самого брода, на пригорке,
где кончается улица, стоят два двора, обнесенные добротным саманным
дувалом. Вокруг усадьбы возвышаются тополя. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz