Қазақстандағы қор нарығы: даму перспективасы және экономикалық құқықтарының аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Экономика кафедрасы

Қазақстандағы қор нарығы: даму перспективасы және экономикалық құқықтарының аспектілері

Орындаған:

Экономика /қолы, күні/

кафедрасының студенті

Ғылыми жетекші:

э. ғ. д., профессор

/қолы, күні/

Норма бақылаушы:

Доктор PhD /қолы, күні/

Кафедра меңгерушісі

қорғауға жіберді:

э. ғ. к., доцент Бардоусов О. В.

/қолы, күні/

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БИРЖАЛАР МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Нарықтық құрылымындағы қор нарықтарының ұғымы мен мәні . . .

1. 2 Бағалы қағаздар нарығына түсінік және оның ерекшелік сипаты . . .

1. 3 Бағалы қағаздар мәні, маңызы және түрлері . . .

2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар ЖӘНЕ ҚОР нарығынЫҢ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногін мемлекеттік

реттеу маңыздылығы. .

2. 2 Қазақстандағы қор нарығының жағдайын талдау.

3. ҚАЗАҚСТАН Республикасындағы бағалы

қағаздар ЖӘНЕ ҚОР нарығыНЫҢ ДАМУЫ.

3. 1 Қор нарығын реформалау қажеттілігі және дамыған елдер

тәжірибесін қолдану

3. 2 Бағалы қағаздар нарығын дамыту жолдары және

перспективасы. .

Қорытынды. .

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық", - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. » - деп айтқандай, бағалы қағаздар нарығындағы банктің іс-әрекеті - нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына 28 ақпан 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауының бесінші бөлімінде жаңа кезеңнің негізгі міндеттері «Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз. », - оның ішіндегі: «Бірінші міндет - экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару» барысындағы міндетіміз «Біздің тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес. »

Жоғарыда аталған Президент Жолдауында: «Алтыншы бағыт - Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі», - деп атап көрсеткендей бағалы қағаз нарығын «Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет», - деп атап ерекше міндеттеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентіміз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік - жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын бағалы қағаздар нарығын күшейту қажет. », - деп айтқандай, бағалы қағаздардың біздің елімізде банктер мен басқа несиелік институттардың даму болашақтары бойынша сұрақтары ерекше болып келеді.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан соң өз экономикасына, өз заңына ие болды. Осымен байланысты бағалы қағаздар нарығын дамыту қажетті болып табылады. Ал бағалы қағаздар нарығы қазір біздің елімізде жаңа даму үстінде.

Статистикалық деректерге сүйене отырсақ Қазақстан қор биржасында (КАSE) жасалған операциялар көлемі нарықтың барлық секторында 4425, 3 миллион долларға жетті, яғни 682, 9 миллиард теңгеге 2011 жылдағы осы кезең кезіндегі операциялар көлемімен 2012 жылғы операцияларды салыстырсақ олар долларлық эквивалентте 1, 39 есе өскен.

Әрине мұндай жағдай біздің қор нарығының жаңа даму үстінде екендігін көрсетеді. Теориялық материалдарға сүйене отырып, және тәжірибе материалдарды талдай отырып мен өзім бұрыннан бері мүдделі болып жүрген тақырыбымды, яғни бағалы қағаздар нарығындағы банктердің рөлін осы дипломдық жұмысымда толығырақ ашып қарастыруға тырыстым.

Әрине бағалы қағаздар нарығының банктерсіз қалыптасуы мүмкін емес.

Кез-келген елдің бағалы қағаздар нарығын немесе қор биржасын алып қарастырсақ банктердің осы елдің бағалы қағаздар нарығында банктердің алатын рөлі өте зор. Ал біздің елде осы бағалы қағаздар нарығында банктердің алатын рөлі қаншалықты маңызды екендігін мен өзімнің дипломдық жұмысымда ашып қарастыруға тырыстым.

Құрылымдық жағынан дипломдық жұмыс: кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы банктердің іс - әрекетін анықтау және зерттеп талдау болып табылады. Жұмыстың басты мақсатына жетуде келесі міндеттер қарастырылды:

- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы түсінік және оның мемлекеттік реттелуі;

- коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтеріне талдау;

- банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары;

- банктердің бағалы қағаздар нарығына инвестициялары және қоржын рейтингін дамыту мәселелері

Жұмыстың зерттеу пәні ретінде екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық қызметтері болып табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық жүйесі болып табылады.

Осы тақырыпты талдағанда мен негізгі үш тарауды қарастырдым. Бірінші тарауда біз Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы түсінікті және оның мемлекеттік реттелуін қарастырдық.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында банктердің бағалы қағаздар нарығындағы жағдайына талдау жасадық. Үшінші тарауда банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективаларын қарастырдық.

1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БИРЖАЛАР МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Нарықтық құрылымындағы қор нарықтарының ұғымы

мен мәні

Бағалы қағаздар нарығы екі негізгі нысанда болады: біріншілік нарық, онда бағалы қағаздарды сатумен капиталды жұмылдыру өтеді, және екіншілік нарық, онда бұрынғы айналысқа ақша шығарған бағалы қағаздар айналымда болады және меншіктерді қайта болу жүреді. Тек қана қор қағаздарының аз бөлігі, олардың біріншілікті орналасуынан соң, өзінің барлық болу мерзімінде ұстаушы қоржынында қалады. Бағалы қағаздардың негізгі масасы ертелі-кеш қайта сату үшін қор нарығына түседі. Бағалы қағаздар саудасы, оларың бастапқы шығарушымен сатылғанынан соң, яғни олардың бірінші сатып алушыдан келесісіне ығысуы, екеншілік нарығында өтеді. Ат үсті қараған кезде қор инструменттерінің екеншілік айналымы таза алып-сатарлық операция болып көрінеді, өйткені бұл айналым біріншілік нарығында бағалы қағаздар шығарушының капиталдарына ештеңе қоспайды. Белгілі дәрежеде бұл дұрыс, дегенмен екіншілік нарығы капиталды ұлттық шаруашылықтың ең тиімді саласына бағыттаушы механизм жасайды, өйткені келемекті өндірістердің жоғары табысты бағалы қағаздарының әйгілілігі оларды жаңа шығарылымдарға орналастыруға мүмкіндік береді, яғни жаңа капиталдарды тартады[23. 82 б] .

Екіншілік нарық екі бөлімнен тұрады: ұйымдастырылған нарық, бағалы қағаздар нарығы жуйесінің ең тараған әлементімен -қор биржасымен -көрсетіледі, және ұйымдастырылмаған нарық (биржа сыртындағы нарық), операция субъектілері болып делдалдар, дилерлер, шығарушылар және инвесторлар табылады. Биржалық нарық бағалы қағаздардың биржалардағы айналымы мен көрінеді. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік әрекет “ҚР бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы” заң негізінде жүзеге асады.

Бұл заң бағалы қағаздар меншіктенушілердің мүліктік құқығы мен мүддесін қоргау масатында бағалы қағаздармен байланысты мәмілелерді тіркеуді іске асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының қызметін реттейді.

ҚР осы заңының негізінде бағалы қағаздармен байланысты мәмілелерді тіркеу, олардың тіркелген жерінде шығарушымен келесі қатысушыларының бірімен жүзеге асады:

1. делдалмен -дилермен;

2. кастодимен;

3. орталық депозитаршімен немесе тіркеушімен.

Бағалы қағаздар нарығында кастодилердің қызметі, олардың атаулы иегер функциясын орындауыменен қортындыланады. Ол келесідей функцияларды орындайды:

  1. бағалы қағаздармен байланысты мәміленің орындалуын бақылау;
  2. тапсырыскерлердің ақша қаражаттарымен мәмілеге түсетін бағалы қағаздар қоржыныңың сақталуын және есебін қамтамасыздандыру;
  3. бағалы қағаздардың атаулы иегері ретіндегі қызметті жузеге асыру;
  4. тапсырыскерлердің бағалы қағаздарының мәмілелері бойынша төлем агенті функциясын орындау;
  5. шартпен қарастырылған және ҚР заңдарына қойшы келмейтін басқада қызметтер көрсету.

Кастодилік шарт жасау ұсынысы тапсырыскерден, кастодиде ақша қаражатымен бағалы қағаздар бойынша есеп ашу жөнінде жазбахат нысандағы өтінішпен түседі. Кастоди, тапсырыскерді оның бағалы қағаздары мен мәмілеге қатысатын ақша қаражаттарының сақталуы және есебі бойынша қызмет ережелерімен шарт жасаспастан бұрын таныстыруға міндетті.

Кастодилік шарт келесідей құрамда болуы керек:

1. кастоди мен тапсырыскер деректемелер;

2. шарттың мән-мағынасы;

3. тараптар құқығы мен міндеттері;

4. кастодидіің атаулы иегер ретінде өз кызметін орындауы туралы мәліметтер;

5. тапсырыскер алдында кастодидін есеп беру нысаны мен кезеңділігі;

6. Шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі.

Кастоди Қазақстан Республикасының Халық банкімен берілген бағалы қағаздар мен ақша қаражатын сақтау туралы арнайы лицензиясы және кастодилік қызметті орындауға лицензиясы болған жағдайда өз қызметін орындауға құқығы болады.

Делдалдық шарт. Атаулы иелену туралы шарт жасасу ұссынысы тапсырыскерден, делдал-дилерде бағалы қағаздар бойынша есеп ашуға жазба хат нысанынадағы өтінішпен түседі. Делдал-дилер тапсырыскерді, оның атаулы иегер ретіндегі атқаратын ретіндегі атқаратын қызметімен таныстыруға міндетті. Шарт жасау кезінде шотқа тез арада қандайда құндылықты немесе қағаздарды есепке жатқызу талап етілмейді. Делдал -дилерлер, уәкілетті органдар берген, бағалы қағаздармен байланысты мәмілелерді, тіркеу құқықты делдалдық қызметін атқаруға болатыны туралы лицензиясы болған жағдайда атаулы иегер бола алады [24. 67 б] .

Делдалдық қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру шарты мен тәртібі, жәнеде оның әрекетін тоқтату және қайтарып алуды негіздеу Қазакстан Республикасы заңдарымен орнықтырылады.

Делдал -дилердің құрылтайшылық шартына еңгізген барлық өзгертулері мен толықтырмалары тіркеу үшін уәкілетті органдарға беріледі.

Орталық депозитарий бейкоммерциялық уйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитариймен алынатын пайда, оған қатысушылар арасында бөлінбейді және оның техникалық дамуына бағытталады.

Орталық депозитарийдің тапсырыскерлері болып -бағалы қағаздар нарығың кәсіпқой қатысушылары- депонентер, бағалы қағаздардың атаулы иегерлері болатын кастодилер мен делдал -дилерлер табылады. Орталық депозиратийдің кастодилер мен делдал -дилерлерге қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ. Депозитарлық қызметті жүзеге асыру лицензиясын беру шарты мен тәртібі, және де әрекеттену рұқсату мен қайта алуды негіздеу Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді.

Клинингілік қызмет Қазақстан Республикасы Халық Банкісі лицензиясы негізінде және сәйкес жүргізіледі. Ақшалай есептеулер, депоненттер шотынан ақша қаражататын есептен шығару және есептеуші есеп айырысу ұйымының депозитарийлік тапсырмасы негізінде орындалады.

Бағалы қағаздар бойынша есептеулер орталық депозиратариймен дербес жүргізіледі. Қысқаша, қор биржасын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы ретінде анықтауға болады. Классикалық қор, биржасы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасалынатын операциялық құжырасы бар үймереттен тұрады.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар процесі электрондық биржалардың пайда болуына әкелді. Электрондық биржа-бұл компания терминалдары- биржа мүшелері қосылған компьютерлік желі. Терминалдарды сол компаниялардың офистарына шығаруға болады. Бағалы қағаздардың барлығы бірдей биржада айналымда болмайды. Оған тек қана шығарушылардың оның талабына жауап беретін қағаздарды ғана жіберіледі. Қағидаға сай, бұл ірі, қаржылай мықты компаниялардың қағаздары болады. Жас және әлсіз компаниялардың бағалы қағаздары биржадан тыс нарықта айналады[25. 81 б] .

Әрбір биржа шығарушыларға өз талаптарының тізімін жасайды.

Сондықтан, солардың қатаңдығына тәуелді бір компанияның қағаздарына баға белгілене алады, яғни бір немесе бірнеше биржалар айналымында болады. Шығарушыны, оның күйінің биржа талаптарына сәйкестігін тексеруге байланысты, “листинг” арнайы термині пайда болды. Листинг-бұл шығарушының бағалы қағаздарын биржаның көшірме тізіміне енгізу тәртібі. Егер шығарушы өз қағаздарының биржада бағалары белгіленгенін қаласа және ол қойылатын талаптарға сэйкес болса, онда оның қағаздары биржадағы айналымға жіберіледі. Егер ары қарай шығарушы оларды қанағаттандыра алмаса, онда оның қағаздары көшірме тізімнен алынып тасталынады. Мұндай тәртіп делистинг деп аталады. Қағида бойынша, акционерлік қоғам (АҚ) оның акциялары биржа айналымында болуына ұмтылады. Акцияларға биржада база белгілену фактісінің өзі-ақ АҚ сенімділік деңгейін көрсетеді, өйткені ол биржа мамандарының сараптамасынан өтеді. Басқада жағдайларыны теңдей болғанымен, мүндай кәсіпорындарға жаңа акциялар шығару есебінен қаржыларды тарту жеңіл, өйткені инвесторлар олардың жағдайы мен келешегі туралы тез қолға тиетін биржадағы баға белгіленімі негізінде жорамалдайды.

Қазакстандық заңдарға сәйкес қор биржасы - бұл бейкоммерциялық ұйым. Биржадағы сауданы тек оның мүшелері ғана жүргізе алады.

Биржалық мәліметтер жасасқысы келетін, басқа тұоғалар, делдалдар ретіндегі биржа мүшелері арқылы әрекет жасауға міндетті.

Қор биржасы өткізілетін сауда өсаттықтың жариялылығы мен көпшіліктілігін қамтамас етуге міндетті.

Биржа -бұл бағалы қағаздарға байланысты мәмілелер жасалынатын орын. Сондықтан, бағалы қағаздардың өзі физикалық түрде биржада қатыспайды. Биржада мәміле жасасқаннан соң сатып алушы мен сатушы өзара өз араларында осы үшін нормативті құжаттармен белгіленген мезгілдерде өзара есептесу жүргізеді.

Биржалық нарық алуан түрлі. Ол екі сегменттен тұрады:спотты және мерзімді рыноктерден. Спотты рынокте бағалы қағаздардың бірмезгілдегі жеткізілуі және ақы төленуі өтеді. Әрбіір елдің заңдары, өзара есептесуді жүзеге асыру үшін, мәміле жасасу уақытынан бастап бірнеше күнді контрагентке береді. Спотты рынокта пайда болған бағаны спотты немесе кассалық баға деп атайды[26. 37 б] .

Мерзімді рынок-бұл мерзімдік мәмілелер жасалынатын рынок.

Мерзімдік мәмілелер осындай мәмілелер жасалатын кезде ескертілетін шарттарда, өзара шарт затын келешекте жеткізу туралы контрагенттер арасындағы шартты көрсетеді. Нарықтың екі сегментіне сәйкес спотты және мерзімді биржаларды бөлуге болады. Сонымен қатар тауар биржаларыда болады.

Атына сэйкес тауар биржасында тауарлар сатылады және сатып алынады. Дегенмен, казіргі жағдайларда тауар биржаларында мерзімдік өзара шарттар саудасыда жүргізіледі, оның шарттар саудасыда жүргізіледі, оның ішінде негізінде бағалы қағаздар жататын өзара шарттарда бар. Сонымен, қор және тауар биржаларының белгілі бір жақындасуы жүреді, өйткені біріншісінде де, екіншісінде де бағалы қағаздарға мерзімдік өзара шарттары айналады.

өзінің ішкі ұйымдасуы бойынша биржа бірнеше мамандандырылған бөлімдерден тұрады: валюталық, қорлық, тауарлық.

Соңдықтан биржаның ресми атауы, биржада айналымдағы бүкіл құралдар жиынтығын барлық уақытта дәл көрсете алмайды.

Шығарушылар сипатына қарай қорнарығын мемлекеттік жәнне мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыногіне бөлуге болады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыногі кәсіпкерлік сектор үшін қаржы ресурстарын шоғырландыруға көмектеседі. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі екі маңызды мәселені шешуге мүмкіндік амады. Біріншіден, мемлекетке мемлекеттік бюджет тапшығын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Екінші ден, ол экономикадағы қыска мерзімді пайызды мөлшермлені реттеуші өріс болып табылады.

Яғни, қор нарығының бірінші функциясы, ұйымдар мақсаты үшін салымшылар қаражатын шоғырландыру және шаруашылық қызметі масштабын кеңейтумен қортындыланады. Екінші функция-ақпаратты. Ол, қор нарығындағы жағдайдың салымшыларға экономикалық жағдаят туралы ақпаратты хабарлауымен және оларға өз капиталын орналастыруға бағдар беруімен қортындыланады.

Бұл ақапарат бағалы қағаздардың бағамдық құнында берілді.

Биржаның жалпы басшылығын директорлар кеңесі орындайды. Ол өз қызметінде, биржаны басқару ретің оның мүшелерінің құрамын, қабылдау шарттарын, биржалық органдардың, қабылдау шарттарын, биржалық органдардың пайда болу тәртібі мен функциясын анықтайтын, биржа жарғысын жетекшілікке алады.

Биржаны күнделікті басқару және оны әкімшілікті қадағалау үшін кеңес президент пен вице президентті тағайындайды. Одан өзге биржаны барлық тараптан қадағалауды оның мүшелерінен құралған комитеттер жүргізеді. Мысалы, аудиторлық, биржалық индекстер бойынша, опциондар бойынша[27. 82 б] .

Мүшелер қабылдаушы комитет биржаға мүшелікке қабылдау өтініштерін қарайды. Төрелік комитеті биржа мүшелері жәнеде мүшелері мен олардың тапсырыскерлері арасында пайда болатын мәселелерді қарайды, тыңдайды және реттейді. Комитеттердән саны мен құрамы биржадан биржаға өзгеріп отырады, бірақ олардың бірқатары міндетті түрде болады. Бұлөбиржа тізімміне акцияларды енгізу өтініштерін қарайтын листинг бойынша комиссия немесе комитет, сауда құжырасы тәртібі бойынша комитет, ол әкімшілікпен бірігіп сауда режимін (сауда сессиясы) анықтайды және сауда құжырасындағы қызметтер бойынша екежелердің сақталуын қадағалайды.

Сонымен қатар, “Биржа мушелерінің жақсы атағы күмэнділікке қойылатын” барлық жағдайындағы комитет немесе баға белгілеу комиссиясы, ол тұрақты түрде, биржалық (бағамдық) бюллетеньдердің арнайы шығарылымдарында сатылған бағалы қағаздар санымен олардың бағамдары туралы мәліметтерді жариялайды.

Биржа -бұл бейкоммерциялық құрылым, сондықтан корпоративтік табыс салығынан босатылады. Биржалық сауданы ұйымдастыруға жұмсалған шығынды жабу үшін, биржа қатысушылардан бірқатар салықтар мен төленімдер алады. Бұл сауда құжырасында жасалған мәмілеге, компанияның олардың акциясын биржа тізіміне енгізуге салынатын салыққ; жаңа мүшелередің жылсайынғы жарнасы. Осы жарналар биржа табысының негізгі баптарын құрайды.

Биржа сұраныс пен ұсыныс шоғыррлануын қамтамасыздандырады, бірақ ол бағалы қағазсаткысы немесе сатып алғысы келетіндердің бәрін түгел орналастыруға нақты күйі келмейді. Биржалық операциялар -делдалдар болады. Олар биржада да, оның сыртында да әрекеттесе алады, өйткені барлық қағаздарға биржада баға белгілене бермейді. Биржадан тыс рынокте, сұраныс пен ұсыныстың шоғырлану функциясы нақты жүктелетін делдалдар шеңбірі қалыптасады. Кеңістікте делдалдар жеке-дара, бірақ оларбір-бірімен қарым -қатынасқа тұрақты түсетіндіктен. өзара байланысты біртұтас болады.

Жеке алынған қор мәмілесінде үш тарап әрекеттеседі - сатып алушы, сатушы, делдал. үлгі, бастапқы сатысында өте қарапайым-бәр делдал сатушыны сатып алушымен кездестіреді. Қор операцияларының масштабы өскен сайын екінші үлгі пайда болады, делдал екеу: сатып алушы біреуіне бет бұрады, сатушы-екіншісіне және дәл келу ықтималдығы төмен . Қор операциясының одан әрі қарқындауында үшінші үлгі құрылады: енді делдалдарға көмек керек болады, олардың арасында тағы да бір делдал пайда болады. Делдал екә түрлі әрекет жасай алады. Біріншіден, өз есебінен, уақытша қағаз иеленуші болып және сату мен сатып алу арасындағы бағам айырмасы ретінде табыс алады. Американың қор рыногінде ондай делдалдарды дилерлер деп атайды. Екіншіден, мәміле саласынан белгілі бір пайызына жұмыс істейді, яғни өз тапсырыскерінен акцияларды сатып алу-сатуға тапсырма ала отырып, комиссиялық сыйақы алады[28. 74 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші нарығындағы жағдайды талдау және оның негізгі индикаторларының динамикасы
Банктік қызметтер теориясының аспектілері
Қазақстан Республикасының банкттерінің қызметтері
Тұрғын үй құрылысының даму перспективасы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
ҚР қаржы нарығы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің талдауы
Несиелік рейтингтің рейтингтік категориялары
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz