Ішкі монолог


I тарау
- Ішкі монологтың теориялық мәселелері
Әдеби шығарманың көркемдік құрылымына тән қасиет - психологизм. Жазушы шеберлігі көрсеткіштерінің бірі психологиялық талдау өнері, ал осы психологизмнің, әлеуметтік- психологиялық талдаудың үш түрлі мәнін ашып айтатын А. Иезуитов: “ психологизм сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті көркемдік кепілі есебінде де көрінеді” - деп, мәселенің ең тиімді жерін дұрыс пайымдайды. [1. 3б]
Көркем шығарма дәлдігі дегеніміз не?
Көркем шығарма дәлдігі - адамның ішкі әлемін, құпия қалтарыстарын нақты бейнелеуінде. Жазушы кейіпкерінің ішкі әлемін, рухани өмірін, кейіпкерінің әрбір іс - әрекетінің себеп -салдарын көркемдік тұрғыда зерделей - зерттеп, жан - жақты талдап жазғанда ғана психологиялық шығарма талабына сәйкеседі. Ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтқандай нағыз көркем прозаға “психологизм араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ - тақ жолы” екендігі күмәнсіз. Осыдан барып, әдебиеттегі психологизм деген не? - сұрақ туады.
“Әдебиеттегі психологизм - шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу”, - шынында да көркем шығармада кейіпкердің әртүрлі қалыптағы ішкі - ой толғаныстары әрдайым өзгеріп, іс - әрекет, сезім қайшылықтары тудыратын психологиялық құбылыстарды тереңдетіп, күрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын айқындап берері хақ. Белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Б. Майтанов: “ психологизм сөз өнерінің тектік белгісі, қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізудің амал - тәсілдерінің жиынтығы”, - дейді.
Әрбір туынды онда бейнеленетін өмір суреттерінің толымдылығы және шынайлығымен бағалануға тиіс. Көркемдік - шынайлық болса, оны ұғындыратын әрі ұғатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді тыңдауға бейім. Сондықтан көркем шығармадағы өмір шындығының ең биік деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас. Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал - тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық - эстетикалық шығармашылық феномен - психологизм. Әдебиеттің өзі психологияның өзінен енші алған сала. Яғни, психологизм - психологияның әдебиет ордасындағы тұрақты елшісі, көркемдік әлемнің жұлын жүйесі.
Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл құбылыстың, яғни психологизмнің ішкі салалары есебінде даралаумен жинақтау, ұлттық, жалпы халықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы сияқты мәселелердің ықпалы зор.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым, ф. ғ. д, Б. Майтанов “психологизм, сөз жоқ реализмге апарар сүрлеу екені мәлім. Рас, ол әр түрлі көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік - эстетикалық қызмет атқарады. Әйтсе де нағыз реалистік әдебиетте ғана психологиялық талдау нақты мазмұн тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Психологизм де реализм сияқты көзбен көріп, қолмен ұстайтын нәрсе емес. Оны сезуге, тануға, көкейде қорытуға жіті назар, рухани дайындық, парасат, көңілдің өткір жанары керек. Көптеген көркем шығармаларда аталмыш бейнелеу арнасы ту ұстап, ұран салып тұрмайды, өңін жасырып, сырын бүгіп, жеті қат жердің астындағы қымбат асылдай бой - тұлғасын тереңде сақтайды”, - дейді. [1. 9]
Психологизм көркем әдебиеттегі психологиялық талдау өнері өрісінде жинақталған арнаулы бейнелеу құралдарының көмегімен кейіпкердің сезімін, ойын толғанысын тереңдетіп, жан - жақты суреттеп, оны эстетикалық биік деңгейге көтеріп, көркемдік құндылыққа қол жеткізу болып табылады. Психологизм екі түрге бөлінеді:
- Кең мағынадағы психологизм ( бұл барлық әдеби шығармаға тән)
- Тар мағынадағы психологизм ( жеке адам тағдырына тереңірек үңіліп, рухани әлемді егжей - тегжейлі бейнелеуге ерекше көңіл бөледі, - дейді, филология ғылымдарының докторы, ғалым Г. Пірәлиева. [2. 6]
Психологизм тек көркемдік жетістігі жоғары, шығарманың эстетикалық әлемін кейіпкердің ішкі жан дүниесін тереңдей талдап, тану арқылы рухани құндылық деңгейіне қол жеткізетін психологиялық прозаға тән көркемдік талап. Автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз - өзін талдауы ішкі монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру секілді аналитикалық принцип арқылы берілсе, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері - бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністер, көркемдік деталь, заттық әлем, психологиялық орта т. б. секілді динамикалық принцип ретінде көрінеді. Зерттеуші ғалым З. Фрейд алғаш рет ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен, бертін келе оның адам психикасын зерттейтін аумағы кеңейіп, өзге өнер салаларында, соның ішінде әдебиет әлемінде де көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастады. Әсіресе, психологиялық талдау тәсілі адамның ішкі жан дүниесін, адам психикасын жаңаша талдап, тереңдей зерттеуде таптырмас көркемдік бейнелеу болып табылады. Әсіресе бұл тәсіл көркем әдебиеттегі психологизмнің жан - жақты өркендеп өсуіне, психологиялық прозаның, философиялық, эстетикалық, көркемдік құндылықтарға қол жеткізуіне көп үлес қосты.
Көркем прозадағы кең мағынадағы психологизм поэтикасы жазушылардың ұлттық рухани - эстетикалық құндылықтарын жетілдіру барысындағы суреткерлік жетістіктері жөнінде әр жылдары жарық көрген қазақ әдебиеттанушылары мен ғалымдарының ғылыми еңбектері біздің ғылыми - теориялық ой - тұжырымдарымыздың теңдессіз өскендігінің, іргелі ізденістердің куәсі бола алады. Атап айтсақ З. Қабдолов, С. Қирабаев, З. Ахметов, Р. Нұрғалиев, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, Ш. Сәтбаева, М. Базарбаев, Ш. Елеукеов, Ж. Ысмағұлов, Б. Майтанов, Ә. Нарымбетов, Т. Кәкішев, Т. Қожакеев, З. Бейсенғалиұлы, Қ. Әбдезұлы, Ж. Дәдебаев, М. Мырзахметов, Н. Сағындықова, А. Ісімақова, Б. Әбілқасымов, А. Егеубаев, С. Негимов, Б. Әзібаева, Б. Әбдіғазиұлы, М. Маданова, Б. Ыбырайым, М. Жармұқамедов, Б. Омаров, Т. Шапай, т. б. секілді белгілі маман ғалымдардың ғылыми - зерттеу еңбектерінде әдебиеттегі адамтану мәселесі, кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік тәсілдер, т. б. психологиялық талдау өнеріне қатысты көптеген ғылыми - тероиялық тұжырымдар айтылып, жан - жақты қарастырылған. Ал, қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселесін арнайы зерттеп жүрген ғалым, филология ғылымдарының докторы., профессор Б. Майтанов психологиялық прозаның көркемдік әлемін ажарлайтын - авторлық психологиялық баяндау, кейіпкер сөздері мен толғаныстары, ішкі монолог, диалог, мүсін өнері, пейзаж, психологиялық табиғат көріністері т. б. секілді көркемдік тәсілдерді 1987 жылы жарық көрген“ Қаһарманның рухани әлемі” атты монографиясында С. Мұқановтың “ Ботагөз”, З. Шашкиннің “ Тоқаш Бокин”, Х. Есенжановтың “ Ақ жайық”, Ә. Нұрпейісовтің “ Қан мен тер”, С. Сейфулиннің “Тар жол тайғақ кешу” т. б. сынды көрнекті қаламгерлердің тарихи романдарын талдау барсында ашып көрсетеді.
Автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз - өзін талдауы, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері - бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністері т. б. бәрі автордың аналитикалық талдауы арқылы беріледі. Олардың ішінде кейіпкердің ішкі монологы, ішкі сөз ерекше орын алады, - дейді, ғалым Л. Гинзбург. [3. 3]
Психологиялық талдау тәсілінің көркем прозадағы көрінісі болған Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” романы туралы филология ғылымдарының докторы, профессор, Б. Майтанов талдауына үңілейік. Мысалы: “ Жан апасы бұл үшін өліп кетті - ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын келтірмеді - ау! Жан апасынан мәңгілік айрылып, басы қаралы, жүзі жаралы болып отырып, не бетімен бай іздеген? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұқымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы ол не ойлап жатыр десейші? . . .
Тар өтел тас қияға келген жанның жүрек айғайы. Алдағы өмірі, кешегі күйі, жақындар тағдыры күйзелткен. Ар - намыс, есепсіз ұят тақсіреті бебеу қақтырады. Кейіпкер осы толғанысында анасының, күйеу жігіттің неге ұшырағанын болжам ретінде, бірақ дұрыс топшылайды. Анасына тиген оқты өзіне, зар илеуде. Үзіндіде қаһарманның өз басы ғана емес, өзі туралы айналасының пікір байламын үрейлене, беті күйе көзге елестету бар. Қаламгер тілі, шынайы кейіпкер сана аясына дендеп бару, жалпы ойлау, сезіну процесін қамту үшін оның сөйлеу машығын ескере нәзік пайдалану нәтижесінде аналитикалық психологизм бедерлерін мол танытқан.
Қайынсіңлісіне жорытатын Ұрқия түсінің “сюжеті” қою. Ақбілекті көтеріп алып бара жатқан “ қара бүркіттің” “ақ бауыр торғайға” айналуы - ақ офицердің кейінгі бейшара қалпын, қыздың “ақ үрпік балапанға” айналуы, оны Іскендірден Ұрқияның сұрап алуы дуана (Ескендір) есімін алған сәбиді ақылды жеңгенің бауырына басуын шебер тұспалдамақ. Түстегі қорқыныш өңдегі қуанышқа бастамақ. Ырым - жоралғының субьективті өмірде алатын орны мен обьективті заңдылық арасындағы қарым - қатынас табиғатын пайымдауға ұмтылыс кейіпкер психологиясын, олардың рухани әлемін жан - жақты толымдылықпен бейнелеуге көп көмектескен. [4. 190]
Ж. Аймауытов - психолог жазушы. Автор өз кейіпкерлерінің жан дүниесіне терең бойлап, нәзік сезім иірімдерін жіті сезіне білген. “Ақбілекте” қазақ прозасындағы алғашқы психологиялық роман десе де болғандай, образдар жасаудың басты құралы ретінде психологиялық толғаныстар жиі қолданылған.
Ал, мына үзіндіде: Автор қысталаң кездердегі психологиялық процестерді шебер бере біледі. Ақтар кетіп, тау ішінде жалғыз қалған Ақбілекті түнде түз тағысы - қасқырлар қамалайды. Сол кездегі “ Ақбілектің жан ұшырған, арпалысқан сәттері” қасқыр одан жаман өршеленеді. Ақбілек жанұшыра сермейді. Қасқыр қамалайды. Ақбілек сабалайды, қасқыр абалайды. Ақбілек “Аллалайды”, қасқыр долданады, Ақбілек дөңгелейді . . . Қасқыр күркілдейді . . . Ақбілек шырылдайды, қасқыр қырқырайды, Ақбілек шырқырайды . . . - деп суреттеледі. Мұнда адам мен қасқырдың алысы ғана емес, өмір мен өлімнің жанталасқан арпалысы сурет болып алдыңда тұрып қалғандай . . .
“ Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман басты. Кешегі “ өлгенім жақсы еді” деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай, жұртта қалған бұралқы жұрын күшіктей көріп, табан тірерлік, сүйенерлік аяқ астында алақандай жер қалмаған адамша жаны түршігіп, жүрегі аузына тығылып, көзінің жасы көл болып аға берді, аға берді . . .
Ақбілектің бүкіл бар болмысы, жан күйзелістері, аянышты халі кімді де болса тебірентпей қоймайды. “Ақбілекте” Ж. Аймауытов адам психологиясын суреттеудің озық үлгісін жасайды. [5. 72]
Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал - тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық эстетикалық, шығармашылық феномені - психологизм, - дейді, ғалым сыншы Майтанов.
Ішкі монолог - психологиялық талдаудың бір түрі. Ең алдымен ішкі монолог бойына тереңдей енбес бұрын монологтың не екенін анықтап алайық.
Негізі әдебиеттану ғылымында монолог және ішкі монолог деген көркемдік тәсіл бар. Осы екі тәсілдің айырмашылықтары барысында олардың әдебиеттегі орны мен көркемдік қызметі де өз - өзінен бөлектеніп шыға келеді. Мысалы, монолог “дәстүрлі, қарапайым монолог десе де болады) кез - келген шығармада кездессе, ал ішкі монолог тек көркем туындыға ғана тән тәсіл. Монолог пен ішкі монологқа берілген (әр түрлі еңбектердегі) анықтамалардан олардың әрқайсысына тән өзіндік қасиеттеріне, ерекшеліктеріне көз жеткізуге болады. Бір ғана адамның ішкі көңіл - күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету тәсілі болып табылатын монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі, қарапайым монологтың қызметін атқарады, және оның ішкі монологтан тағы бір айырмашылығы жүйелі сөз болып келеді. Ал, ішкі монологта жүйелілік сақтала бермейді. Монолог түріндегі жүйелі сөзден ішкі монологтың айырмашылығы осында, яғни бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде (әдейі десе де болады) сақталмайды.
Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де ( формалары) бар. Ішкі монолог кейіпкердің ой - сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі мүмкін немесе тура кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал[9. 16]
Монолог - сөйлету(грекше - monologos, mono - бір, logos - сөз) драмалық шығармадағы, сондай - ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің өзінен - өзі сырласқандай, ойланып - толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайтару деген болмайды, біріңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы сол адамның ішкі - сырын, көңіл - күйін, психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой - тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай - күйі айқын аңғарылады. [6. 231б]
Кейіпкер психологиясы мен характерін айшықтауда монологтың міндеті ауқымды. Жалпы жазбаша және ауызша сөйлеу ішкі сөйлеуге ішкі жан сыры жатады. Монолог - кейіпкердің өзіне -өзі немесе көпшілікке бағытталған сөзі. “ Адамның ішкі сөйлеуі - бұл жинақталған ойлау процесі, ойды жеткізумен дамытудың құралы, характердің эмоциональды өзгешелігі. Ішкі ақыл - ой, сөйлеу процесі адамның әрекетімен, оның айналасындағы шындыққа қатынасымен тығыз байланысты. Монологтың құрылымы - жинақталған, тұжырымдалған кейіпкер ойының мазмұнын айқындайды. Ол - адамның ішкі жан - дүниесінің сыры, өзімен -өзі іштей ой бөлісуі, сұқбаттасуы. Көркем бейненің ойлары мен толқу тебірену сезімдерін жеткізуде монолог тиімді құрал. Ол бір жағынан реалистік баяндаудың әдебиетте нақтыланған түрі саналады. Кейіпкердің характерлік - жандүниелік сипатын бейнелі түрде жинақтап, болмысындағы байқала бермейтін жекелеген мінез, сезім ерекшеліктерін тап басып көрсетуде монолог ұтымды тәсіл.
Модернистер творчествосының күретамыры - ішкі монолог. Мұнда шындыққа обьективті баға беру жоқта, кейіпкер қабылдауларының субьективті әлемі өмір танудағы биік ақиқат деңгейі көтеріледі. Бұлдыр тұстары, қарама - қайшылықтары мол әлем әлеуметтік-интимдік шынайы мәнімен желілес шыға бермейді. [1. 289б]
Көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері - ішкі монолог. Жалғыздық қашанда жеке адамның басындағы қайғы - қасіреті, ішкі ойға, емін - еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, ой - сезімін қадағалауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл кейіпкердің ішкі табиғатынан сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, жалғыздықтан жапа шеккен жан көбіне өз ойымен өзі болады, оның өткен өміріне шегініс жасау, бақытты шағын елестету, қайғыру секілді бұл сәттік құбылыстар оны ішкі монологқа, өзімен -өзі сөйлесуге мәжбүр етеді. Кейде адам қатты қапаланғанда, немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс - әрекетке баруы мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымында адамның шындықтан тыс болатын яғни психикалық құбылыстар - “безсознательность” - дейді. Жазушыға қойылатын алғашқы талаптар: Ол қалай болуы керек? Жазушы кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда әсіресе ішкі монологқа, кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі аласапыран ойға, көңіл - күдігін ашудағы жанталасқа, адамның көңіл - күйінен көп сыр аңғартар құбылыстардың құпиясына үңілуге мән береді. Ішкі монолог тәсілінің өзге де көркемдік компоненттермен өзара сабақтас, бірегей қызметі.
Бейнелеу құралдарының ішкі монологқа тікелей қатысты элементтеріне (түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі диалог, ой ағысы, психологиялық жағдай (обстановка), портрет, пейзаж, көзқарас (взгляд), деталь, мимика (ымдау), жест (ишара), дауыс ырғағы (интонация, пауза) т. б. Аталған көркемдік тәсілдер толып жатқан адамның әрқилы көңіл - күйіне байланысты ерікті, кейде еріксіз күйде туатын психологиялық іс - әрекеттерді, ой мен сезім құбылыстарын бейнелейді. [8. 80б]
Бейнелеу құралдарының ішкі монологқа тікелей қатысты элементтеріне: Түс көру және оны жорыту жатады. Түс адамзат санасында еріксіз түрде (безсознательность) жүзеге асатын психологиялық процесс. Түстің анықтамасы психологиялық сөздікте “ Түс көру - жеке адамға тән табиғи психологиялық құбылыс. Түстің мағынасы мен эмоциональдық бояуы түс көрушінің тұлғалық ерекшелігіне сол сәттегі жағдайына тікелей байланысты”. [9. 366б]
Мұсылмандық күнтізбе анықтамасында былай делінген: “ жер бетіндегі адам мұны білуі шарт. Түс көру екі түрлі болады. Бірі - Алла тағаланың көрсететін түсі. Екіншісі - шайтанның көрсететін түсі. Түс Құдайдың адамға жіберетін сыйы. Алла тағаланың құдіретімен енетін түс адамға бір жақсылықтан немесе келер қауіптен сақтануға хабар берсе, Шайтаннан келетін түс шым - шытырық, пайдасыз түстер.
Ал, психолог М. Мұқанов “ Түс дегеніміз - әр түрлі көріністердің жүйесіз іске асуы”. [10. 29]
Көрген түсті міндетті түрде талдап, жору - қай халықта да берік сақталған салт - дәстүр. Тіпті ол дәстүр де емес, әрбір жеке адамдағы табиғи талап - тілектен туған түсінік. Әдебиеттанушы ғалым Х. Досмұхамедұлы бұл жөнінде былай дейді: “ Түс жорудың (снотолкование) қазақтар арасында да үлкен мәні бар екені ежелден белгілі, сол себепті де ел ішінде арнайы мамандар - түс жорушылар да ұшырасады. Әрбір қазақ түсін біреуге жорытуға тырысады және осы жору сөзге әрдайым сенеді. “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” және т. б. жырларда түс көру мен оны жорудың поэтикалық суреттемелері баршылық. “Қыз Жібек” жырынан мысал келтірсек:
- Айналайын, Төлеген
Бикешжан бүгін түс көрді,
Тілімді алса жүрмегін!
Атаңның аты кім болар?
Анаңның аты кім болар?
Айтып кеткін шырағым,
Қандай заман, күн болар?
Бикешжан бүгін түс көрді,
Астындағы Көкжорға ат
Ер - тоқымсыз бос көрді.
Ел жайлаған Ақжайық,
Жағалай біткен бидайық,
Алдында жатқан шырағын
Біреу ұрлап өшіріп,
Көзінен болды сол ғайып.
Тілімді алсаң жүрмегін,
Айналайын күйеужан,
Құдайға бізде жылайық.
Төлеген сонда сөйлейді:
- Ау жеңеше - ау, жеңеше -ау
“Түс түлкінің боғы” еді,
Әрнеме деп келмеші -ау.
Жаратқан мені бір құдай,
Өлім десе көңілім жай,
Атамның атын айтайын
Халқынан асқан Базарбай,
-Анамның атын айтайын
Алпыс жасар Қамқадай.
Өліп кетсем артымда
Сансызбай атты інім бар,
Жібегім неге қорқады -ай?
Жаман - жақсы болса да
Алланың болар әмірі,
Жалғыз ағаш кесілсе
Қуарып қалар тамыры,
Олай бұлай боп кетсем
Тоғыз жасар артымда
Жеткіншегім бар еді,
Өліп кетсем артымда
Жібекті еш жаманға қор қылмас,
Сансызбай атты інім бар.
Не салса да құдайым,
Жібек үшін көрем деп,
Жібекке дұғай сәлем - деп,
Енді атына мінеді.
Жеңгесі мен Төлеген
Қол ұстасып, қоштасып
Қош, алла! - деп жөнелді . . . [11. 25, 176]
Әдебиеттанушы ғалым Ж . Дәдебаев құрастырған “Түс аяны” атты еңбекте: Түс және оны жорудың кейбір үлгілерінен үзінді келтіре кетсек: Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде қайғылы душар болады.
Егер кісіні ит қапса, онда өңінде кішігірім шығынға ұшырайды. [12. 24]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz