Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы



Жоспар

Кіріспе

1.Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
2. Қазақ Жоңғар қатынастарының шиеленісуі
3. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының басталуы
4. Алапат ауыр жылдар

Қорытынды .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .
Кіріспе.
Тарихы сонау ғасырлардан басталатын қазақ халқы бүгінгі тәуелсіздікке дейін қолы жеткенге дейін өз басынан сан қилы жағдайларды кешірді. Солардың ішінде халқымыздың тарихында ерекше орын алатын оқиғалар қаншама көп. Бірақ бүгінгі күні оның бірін білсек бірі ұмыт болған. Соның бірі бұдан үш ғасырдай уақыт бұрын өткен оқиға. Қазақ жоңғар қатынастарының шиеленіскен дәуіріндегі “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы.
“Ақтабан шұбырынды” жылдары қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат зор зобаланға тап болып, адам айтқысыз аянышты ауыр күндерді басынан кешірді. Ата қоныс, құтты мекен, мал мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш жалаңаш жаяу жапы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ысығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатып үсіп өлді.
Қазақ ұлыстарының бірқатар бөлігі таулардағы мықты бекіністерге орнығып біріспей күрес жүргізді. Сөтіп оңтүстік қазақтары бірнеше ғасырлардан бері қарай мекен еткен ата бабалары жерінен айырылды. Енді қазақ хандары жоңғар езгісінен құтылудың жолын іздестіру керек болды. Қазақ халқының сонау шығыс шекарасынан бастап Түркістанға дейінгі жерлерде қазақ жасақтары құрылып сол жерлердегі жоңғар әскерлеріне соққы беру үшін көптегенәрекеттер жасалынды. Жекпе жектер мен екі жақ әскерлерінің қолма қол шайқастары кезінде жан алысы жан берілсе, қан майданда қаншама жауынгерлер жан тапсырып жатты.
“Ақтабан шұбырынды” жылдары қазақ халқы 3 млн халық еді. 2 млн 222 мың адам қалды. 3/1 елінен айырылды. Отыз қаладан айырылды. Осы кезде қазақ халқының барлығының бірге басын қосып бір жаққа біріктіру қажет еді.
1726 жылы көктемде Ордабасы тауында “ Ордабасы кездесуі” өтті.
Бұл кездесудің бас қосары Әбілхайыр қазақ халқын жоңғарларға қарсы біріктіруге бел буды. Оңтүстік қазақтары да бірнеше ғасырлардан бері ата бабалары мекн еткен байырғы жерлерін сақтап қалғысы келді. Қазақ хандары да жоңғар езгісінен құтылудың жолдарын қарастырды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1.Қазақстан тарихы 3 том А 2002ж
2.Қазақ ССР тарихы 5 томдық 3 том А 1982ж
3.“Қазақтың көне тарихы”
4.Нығмет Мыңжан “ Қазақтың қысқаша тарихы А 1994 жыл
5.А. Сабырханов “ Ұлы бетбұрыс” А 1981 жылдан
6.Маданов, Мусин “ Ұлы дала тарихы”
7.Х. Маданов “ Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері”
8.Нәбижан Мұқаметқанұлы “ Тарихи зерттеулер” А 1994 ж
9.Нәбижан Мұқаметқанұлы “ XVІІІ -XX ғасырлардағы Қазақ-Қытай байланыстары А 1996ж
10.М. Қозыбаев “ Өркениет және ұлт” А 2001 ж
11.Ә. Жансейітов “ Маслихат төбелер тарихынан” А
12.С. Жолдасов “ Бірліктің басы болған Ордабасы” Ш 1996 ж
13.Қазақстан тарихы очерктері

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1.Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
2. Қазақ Жоңғар қатынастарының шиеленісуі
3. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының басталуы
4. Алапат ауыр жылдар
Қорытынды .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .

Тақырыптың мақсаты:
Жоңғар феодалдарының үздіксіз шабуылы, отырықшы егінші аудандармен сауда
керуен жолындағы қалаларды тонауы мен шұрайлы жайылымдарды басып алуы
қазақ халқын ауыр экономикалық қиыншылыққа алып келгенін көрсету.Сөйтіп
ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ
халқын “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар етті. Ақтабан
шұбырынды жылдары қазақ халқының экономикалық және саяси өміріне ұзақ
уақытқа терең із қалдырғандығын көрсету.
Тақырыптың міндеттері:
1. Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2. Осы тақырыпты кеңінен ашу
3. Сол кездегі қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық ашып көрсету.

4. Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5. Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу

Жұмыстың өзектілігі :
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының еліміздің тарихындағы
айрықша ауыр кезең болып қалды. Қазақтар мал мүлкі мен адамдарынан
Жетісудағы аса шұрайлы жайылымдарынан айырылды. Сан ғасырлар бойы
қалыптасқан көшіп қонудың жолдары бұзылды. Сырдария бойы мен Жетісудағы
мәдениеттің ошақтары тып типыл құртылды.Айта кетсек “ Ақтабан шұбырынды
жылдарында қазақтар ауыр апатқа тап болды.
Тақырыптың тарихнамасы
“Бұл кездердегі қазақ жоңғар қатынастарын зерттеген ғалымдар көп. Ш.
Уалиханов, Қожаберген жырау, Орыс ғалымдарынан А.И Левшин, Внковский,
Унковский, Я. Гавердовский, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М. Тынышбаев,Үмбетей
жырау, Мұхаммед Якут Бухари,И. Крылов және т. б. Ғалымдар мен зерттеушілер
зерттеген. Және “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары жайлы өз
еңбектері мен шығармаларында баяндалған.

Кіріспе.
Тарихы сонау ғасырлардан басталатын қазақ халқы бүгінгі тәуелсіздікке дейін
қолы жеткенге дейін өз басынан сан қилы жағдайларды кешірді. Солардың
ішінде халқымыздың тарихында ерекше орын алатын оқиғалар қаншама көп. Бірақ
бүгінгі күні оның бірін білсек бірі ұмыт болған. Соның бірі бұдан үш
ғасырдай уақыт бұрын өткен оқиға. Қазақ жоңғар қатынастарының шиеленіскен
дәуіріндегі “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы.
“Ақтабан шұбырынды” жылдары қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат зор
зобаланға тап болып, адам айтқысыз аянышты ауыр күндерді басынан кешірді.
Ата қоныс, құтты мекен, мал мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш жалаңаш
жаяу жапы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ысығында қағыр
далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн
көрісі малын жұтатып үсіп өлді.
Қазақ ұлыстарының бірқатар бөлігі таулардағы мықты бекіністерге орнығып
біріспей күрес жүргізді. Сөтіп оңтүстік қазақтары бірнеше ғасырлардан бері
қарай мекен еткен ата бабалары жерінен айырылды. Енді қазақ хандары жоңғар
езгісінен құтылудың жолын іздестіру керек болды. Қазақ халқының сонау шығыс
шекарасынан бастап Түркістанға дейінгі жерлерде қазақ жасақтары құрылып сол
жерлердегі жоңғар әскерлеріне соққы беру үшін көптегенәрекеттер жасалынды.
Жекпе жектер мен екі жақ әскерлерінің қолма қол шайқастары кезінде жан
алысы жан берілсе, қан майданда қаншама жауынгерлер жан тапсырып жатты.
“Ақтабан шұбырынды” жылдары қазақ халқы 3 млн халық еді. 2 млн 222 мың адам
қалды. 31 елінен айырылды. Отыз қаладан айырылды. Осы кезде қазақ халқының
барлығының бірге басын қосып бір жаққа біріктіру қажет еді.
1726 жылы көктемде Ордабасы тауында “ Ордабасы кездесуі” өтті.
Бұл кездесудің бас қосары Әбілхайыр қазақ халқын жоңғарларға қарсы
біріктіруге бел буды. Оңтүстік қазақтары да бірнеше ғасырлардан бері ата
бабалары мекн еткен байырғы жерлерін сақтап қалғысы келді. Қазақ хандары да
жоңғар езгісінен құтылудың жолдарын қарастырды.

XVІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси жағдайы.
17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында Қазақ хандығы аса ауыр жағдайға
тап болды. Қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте өндірістік қатынастар
бұрынғысынша патриархаттық феодалдық қалпына еді. Көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялы күштеріне байланысты
болды. Феодалдық негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек
өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. Қазақ хандығына үстемдік еткен
әскери-феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық туып ұлғая
берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы
ханына сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе
бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да
дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, Қазақ хандығы саяси тұрғыдан бөлшектенген
елге айнала бастады. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы
күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да
әлсіреді, жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан сыртқы базарлармен
де сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды.1
Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қиыншылықтар
туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген оңтүстік
Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар құлдырап
кетті.Жекелеген хандардың (Хақназардың, Тәуекелдің, Тәукенің және т.б.
Қазақтың барлық жүздерін біріктіріп, біртұтас қазақ хандығын құрмақшы
болған әрекеттері көшпелі қоғамның табиғаттың өзінен туындаған объективті
себептердің салдарынан сәтсіздікке ұшырап отырды. Қазақ жүздерінің арасында
орнықты саяси-экономикалық байланыстар қалыптаспады. Әсіресе орта жүз бен
кіші жүз арасындағы байланыстары нашар болды.Жоңғар әскербасылары жалпы
шабуыл жасау үшін өте қолайлы кезеңді таңдады.Бұл ғасырда қазақ хандығының
жағдайы нашар болды. Көшпелі мал шаруашылығына байланысты көшіп қону да
түрліше болатын.

1.Нығмет Мыжан“Қазақтың қысқаша тарихы” А 1994ж
Әрбір жүздің әдет правосы негізінде реттеліп отыратын өзінің көшім қоным
жері болды. Мәселен, кіші жүз қазіргі батыс Қазақстанның жерін мекендеді.
Оның жазғы жайлауы үстірт жазығында сондай ақ Ор, Жазық, Елек, Жем, Темір
өзендерінің сағаларында Мұғалжар тауларында орналасса, қысқы қыстаулары
Ырғыз өзені мен онң салалары өңірінде және Ырғыз бойының оңтүстігіне таман,
Сырдарияның төмеңгі ағысында, Арал теңізінен батысқа қарай, Маңғыстау
түбегінде, Атырау жазығында, Нарын құмында орналасты. Орта жүз орталық
Қазақстанды мекендеді, ал оның жазғы жайлауы мен қысқы қыстауы Сарысу
өзенінің бойын, Есілдің бастауын, Тобылдың салалары мен Торғай өзенінің
бойын, Ұлытау таулары және оған шектес көлдер өңірін қамтиды. Ұлы жүз
оңтүстік шығыс Қазақстанды мекендеді.
Қазақ хандықтарының 18-ғасырдың алғашқы үштен біріндегі ішкі саяси өміріне
тән нәрсе ортақ шешімге келуді талап еткен мәселелерді шешу үшін үш жүздің
үшеуінің мезгіл мезгіл өтіп отыратын біріккен жиналыстары еді. Сұлтан және
Қалыби билердің айтуынша үш жүздің өкілдері жыл сайын маслихат құру үшін
Сайрам маңындағы таулардағы Мәртөбе жотасына жиналып отырған. Мұнда “қай
жерді қыстап, қай жерді жайлау керектігі, тыныштықты қалай сақтап, қалай
соғысу керек екендігі” туралы мәселелер талқыланады.1 Кеңестерде көші
қон, жерлерді бөлу, көшіп қонудың тәртібі, тайпа аралық және ру аралық дау
шараларды шешу, соғыс және бітімге келу, сыртқы қатынастар мәселелерімен
қоса аса маңызды эконмикалық және саяси мәселелер бойынша шешімдер
қабылданып отырды. Ру басыларының ханға вассалдық көзқарасының тұрақтылығы
Тәуке тұсында қазақ хандығы беріктігінің саяси негізі болған. Вассалдық
қарым қатынастар жүйесіндегі негізгі нәрселер төмендегінше көшіп қонғанда
өз иесінің нұсқауын қолданудың міндеттілігі, сыртқы саяси қарым
қатынастардың хан арқылы жүргізілуі, сұлтанды ел басқарушы етіп ханның
тағайындауы, не болмаса тануы, соғыс жәрдемінің көрсетілуі ең ақырында
вассалдардың жоғарғы өкімет иесіне және оның атағына нұқсан келтірмеуін,
қорғауға міндеттілігі болды. Көшпелі мал шаруашылығына байланысты болды.
1.Қазақ ССР тарихы 3 том А 1982 ж
Қазақ хандығы жағдайының қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен
бірге сыртқы шапқыншылық себеп болды,бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы
мейлінше шиеленісті. 18-ғасырда жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз
шабуыл жасады.
Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен
қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты.
“1681-1685 -жылдарда жоңғар феодалдары оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет
шабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып,егіншілікпен айналысқан аудандарды
күй-ретті. 18-ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерлерінің бір тобы Сарысу
өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына
басып кірді.”1
Қазақ ханы Әз Тәуке береке бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл
күрес жұмсау үшін қажырлы қайрат жұмсады. Ол қырғыздармен,
қарақалпақтармен, одақтаса отырып күрес жүргізді. Бұл күреске ақыл-қайрат,
күш-көмегі тиетіндердің бәрін төңірегіне топтуға тырысты . Түркістан
маңындағы Тауке ханның ордасын бұл кезде “әс-кери адамдардың айнала қоршай
қонған еді. 1710-жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін
Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халық жасақтары
құрылды., бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды.”2
Өйткені бұл кезде жұм, қазақтар бытыраңқы болды. Бұл жағдайды пайдаланған
жоңғарлар феодалдары шабуылды қайта бастады,1716-жылы бұлардың әскерлерінің
негізгі бө-лігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кез-де
жоңғарлардың қосыны Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің
арасындағы жерді басып алды.3
Жоңғарлар 17-ғасырдың екінші жартысы мен 18-ғасырдың басында әскерін
жарақтап әбден күшейтіп алды. Олар Сібірдегі орыс қалалары мен
бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару жарақ сатып алып отырды.
1.Қазақтың көне тарихы
2.Сабырханов “Ұлы бетбұрыс” А 1981ж
3.Нығмет Мыңжан “ Қазақтың қысқаша тарихы А 1994ж
“Жоңғар әскерлері жорық кездерінде жүз мың адамға дейін жетті, бұлардың
әскерінде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар пайдаланылды. Әскер
ішінде қатаң тәртіп сақталынды, бұл тәртіпті бұзғандар қатты жазаланып
отырды.”1
Жоңғар феодалдары өзінің әскеи күшіне сене отырып, Моғолстан хандығы
мен қазақ хандығының жоңғрларға іргелес жатқан өңірлеріндегі
ұлан байтақ жайылымдарды иеленіп алды. Бұрын ойрат-жоңғар тайпаларының
біразы қазақ хандығына бағынған болса, енді жоңғарлар басып алған кезде
қазақ тайпаларының біразы жоңғар хұнтайжыларына бағынып алым-салық төлеп,
аманат беріп отыратын болды. Сөйтіп, жоңғарлардың өріс-қонысы Батыс
Монғолиядан Іле өңіріне дейін созылды. Және қазіргі шығыс, шығыс оңтүстік
Қазақстан территориясының бір бөлігін алып жатты
Қазақ-жоңғар қатынасының шиеленісуі
Қазақ -жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісті. Қантөгіс соғыстарға ұласып,
кейде бәсеңдеп уақытша бітімге келісіп, 120 жылға созылды.2 Бұл екі
арадағы талас тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал шаруашылығымен
шұғылданған екі елдің шұрайлы, жайлы жерлерге және Жетісу мен Сырдария
өңірін басып өтетін керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуда болды.
Батур хұнтайжының тұсында қазақ жоңғар қатынасы мейілінше шиеленісті. Бұл
кезде жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үш рет ірі шапқыншылық жорық жасап,
Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасында үш рет қанды қанды шайқас болды.3
Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық дерек жоқ осы соғыста қазақ
әскерлеріне қолбасшылық еткен Жәңгір хан қолға түсіп, қашып құтылған, бұл
жоңғарлардың басым болғандығын байқатады. Екінші шайқас 1643-жылы болды.
Бұл шайқаста Жәңгір хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батур
хұнтайжы күйрей жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды.
Қазақ жоңғар қатынасы кейде шиеленісіп кейде қан төгіс ұлыстарға ұласып,
кейде бәсеңдеп уақытша бітімге келіп отырды. Сөйтіп 120 жылға созылды. Бұл
екі арадағы талас тартыс шұрайлы жерге талас.
1. Нәбижан Мұқаметқанұлы “ Қазақ қытай байланыстары” А 1996 ж
2. Нәбижан Мұқаметқанұлы “Қазақ қытай байланыстары” А 1996ж.
Осындай ішкі қырқыстар одан әрі шиеленісп жалғаса берді. Келесі шайқас

Үшінші шайқаста қазақтар жеңіліске ұшырады. Осы шайқастан соң батыр
хұнтайжы өлді. Батурдың орнына баласы Сенген отырды.Бұл тұста жоңғар
феодалдарының арасында билікке таласқан ішкі қырқыс үдей түсті. Ақыры
Сенген осындай таластың бірінде өлтірілді. Оның орнына інісі Халдан Башұкті
хан болды. Ол ішкі-феодалдық қырқыстарды пайдаланып, Оңтүстік Шиңжаңды
басып алған. Кейіннен Чиң әсерлері талқандады. Жоғарыдағыдай ішкі қырқыс
пен сыртқы соғыспен айналысқан жоңғар феодалдары қазақ даласына жорық
жасауды бір мезгіл толастатқан еді. Бұл мезгілде қазақ жоңғар арасы
соғыстан аман болып, отыз жылдай тыныш өтті.
Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария бойындағы керуен жолдары
мен сауда орталығы саналатын қалаларды басып алу үшін бірнеше дүркін жорық
жасады. Бұл жөнінде орыс елшісі И. Внковский былай жазған: “Тауық жылы
(1681) ол ( Халдан Башұкті хан) шеру тартып барып Сайрам қаласын қоршады,
ит жылы (1682) қайтадан келіп Іле өзенінің бойын қыстады. Доңыз жылы (
1683) қайтадан Сайрамға жорық жасап, жазда Сайрам қаласын қиратты. Халдан
Ббашұк хан өліп оның орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан тұсында
жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдеп кетті. Жоңғар
феодалдары Жұңгоны билеген Чиң әулетіне бағынышты иелік екенін мойындап
келгенмен әскери жақтан күшейіп алған соң Чиң әулетіне қарсы шығып, одан
бөлініп шығуға әрекет жасады. Сонымен қатар көршілес елдерге үздіксіз
жорықтар жасалды. Әсіресе жоңғар билеушісі Суан Рабдан билік басына
шыққанан кейін қазақ жеріне жеті дүркін (1698, 1711, 1712, 1714, 1718,
1723, 1725 жылдарда) басып кірді. Қазақ жоңғар қатынасының мұншалық
шиеленісуінің себебін жоңғар хұнтайжысы Суан Рабдан өзінің Каңчи патшаға
жолдаған мәліметінде: Қазақтың Тәуке ханының ойраттарды қырғындап,
ұранқайларды шапқандығынан болды. “ деп түсіндіреді.1Жоңғарлар өздерінің
жолында ауылдарды тонап, қазақ қауымдарын бытыратып жіберді, малын тартып
алып, қалаларын басып алды.
Қазақ ауылдары әсіресе қонтайшы ШонаДоба кезде зардап шекті.

1. Қазақстан тарихы 3 том А 2002 ж
Суан Рабдан орыс елшісі Иван Внковскийге айтқан сөзінде: бұл соғыстың
басталуына қазақтар себепші болды қалмақ ханы Еділ жағасындағы Аюге ханның
Суан Рабданға ұзатылып бара жатқан қызының көш керуеніне Тәуке хан шабуыл
жасады деген. 1 Бұл тек сыныққа сылтау еді. Сөйтіп, 18-ғасырдың алғашқы
ширегінде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ халқын “ Ақтабан
шұбырынды” апатына душар етті.
1718-жылы Тауке хан қайтыс болды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады,
қазақ халқыныңбасына зор зорбалаң бұлты төнді. Қазақтың феодал шонжарлары
арасындағы алауыздық хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды.Таукенің
орнына отырған Болат ханның тек атағы болды. Жүздерді билеген кіші хандар
өз алдына дербестеніп қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді,Орта жүзді
Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Ұлы жүзді Жолбарыс хан биледі, кіші жүзді
Әбіхайыр хан биледі. Бөлшектенген хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш
біріктіре алмады.
Осыны пайдаланған жоңғар феодалдары үртіс-ұдай шабуыл жасап ,жеңіске жетіп
отырды. Мұндағы негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес.
Мұны өз заман-ындағы жазба деректер дәлелдейді “1718-жылдың көктемінде
Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлеінің
арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде
қазақтар біршама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасақтарының жеңілісімен
аяқтады... Бұл жорықта қазақ әскерлерінің саны 30 мың адам болды.2
Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. “Қазақтың
жеңілуіне себеп екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып
сұлтанға қараған жасақтардың әскер басылары өздерінің соғыс қимылдарын
келісіп жүргізбеген”. 18-асырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш.
Уалиханов былайша суреттеген “18-ғасырдың алғашқы онжылдығы қырғыз халқының
өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ
қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар
әр жақтан талқандады, малын айдап әкетіп тұттас әулеттерді тұтқын етіп
алды. 1.Сабырханов “ Ұлы бетбұрыс” А 1981 ж
2.Қазақстан тарихы 3 том А 2002 ж 127 бет
1718-жылы көктемде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойына
шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті қазақ
хандарының ордасын басып алу болатын. Сырдария орта ағысы басындағы қазақ
қалалаларына қауіп төнді. Бірнеше шайқас болды. “Жоңғарлар қазақ ордасын
шапты,” бірақ санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық
жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.1
Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ жасақтары едәуір табысқа жетті. Олар
Елек, Мұғалжар, Ұлытау аудандарынан 30 мың адам болатын әскер жинп алды.
Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазақстанның едәуір
бөлігінен қуып шықты. Жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне қарсы
неғұрлым батыл қимылдар жасауын Жоңғар хандығының Цин
билеушілері әскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722
жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса
да бәсеңдеді. 1723 жылы Жоңғар-қытай бітімі жасалды.2 Шығыс жақтағы өз
тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақ-тармен соғысқа
мықтап дайындала бастады. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс
болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңдеді.
1723 жылы Жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыс жақтағы өз тылын
қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен
соғысқа мықтап дайындала бастады.18 ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлар
қазақтарға жасаған сұрапыл, шабуылы қазақ халқының тоз тозын шығарып, бұрын
болып көрмеген ауыр күйге түсірді. Сондықтан қазақтар бұл мезгілді “
Ақтабан шұбырынды” заманы дейді. Жоңғар әскелері Қаратаудан асып барып
Талас өңіріне бейқам, жатқан қазақ халқына шабуыл жасады, Қазақ халқы қатты
қиналды, қырғындалды, тірі қалғандары мал мүлкін тастап алды алдына қашты.
Жоңғар феодалдары 1724 1725 жылдары Ташкет пен Түркістанды басып алып,
бұлап талады.
1.С. Жолдасов “ Бірліктің басы болған Ордабасы”Ш 1996
2.Қазақстан тарихы 3 том А 2002ж

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы .
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді. Қытай
императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің
құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар
қоймады.1 Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен
тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ
хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап
дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан
шегіне аттандырды. 2
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу
жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана
емес, қазақ халқының өмір сүруінің өзі туралы мәселе туған кезде өмірлік
қажетті факторға айналды. Өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкәрім
Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы -Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”
кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп көрсете-ді.Жоңғарлардың
1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жоқ, ол қазақ халқы
өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты
болды.
Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі
жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық
салдарын өлшестіре отырып мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы
шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван Рабтанның елеулі рөл
атқарғаны да көрінеді. Қазақтардың көптеген рулары мен қауымдары көшпелі
шаруашылық үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бір ерте көктем
кезінде жоңғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзір емес
еді.Оның үстіне жоңғарлардың жекелеген жасақтарының ширек ғасыр ішін-дегі
жыл сайын деуге болатын шабуылына ұшырап, халық-тың өзі моральдік жағынан
күйзеліс жағдайында болатын, ал
көптеген сұлтандар мен рубасылары бір-біріне барған сайын оқшауланып
1.Қазақ ССР тарихы 3 том
2. Қазақстан тарихы очерктері
табанына түсті, шабуылдың тұт-қиыл да тегеурінді болғаны сонша, жұрт ең
қауқарсыз қарттар мен бала-шағаны тағдырдың тәлкегіне тастай қашты.
Сондықтан ол жылдар жөнінде халық жадында “зар заман жылдар” қасіреті
ретінде сақталған.
Шоқан Уалиханов бұл дәуірді “ Қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт
болды. Жоңғарлар, Уолга бйындағы қал-мақтар тұс-тұстан қазақтардың
ұлыстарын қырғынға ұшыратты, малдарын айдап әкетті. Қазақтарды бүкіл
семьяларымен тұтқындап алды” деп жазған.Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр
апат зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан
кешірді. Ата қоныс, құтты мекен, мал мүлкінен және баспанасынан айырылып,
аш жалаңаш жаяу жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған
ыстығында қар көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатып, үіп өлді.
Ашаршылыққа ұшыраған жұрт жол жөнекей қозықұйрық
сияқты жабайы өсімдіктерді теріп жеп қайыр сұрап күнелтті Әйелдер мен
балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, бұрғылап
жапан түзде қалып аштан қырылды. 1 Қазақтардың ауыздан ауызға тарап
келген аңыздарында бұл кезең “Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама” деп
аталады. Мұның былай аталуы жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым, әрі
болдырап әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл көлінің жағасына келіп сұлап
жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып “ Адам баласы өмірде көрген
жақсылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы дәуірі
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қасым хан, Хақназар хан
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Тақырып: XX ғ. басындағы қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы
Қазақтар
Тәуке хан және оның ішкі сыртқы саясаты
XV ғасырдағы тарихи жағдай
ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы
Пәндер