Сөздердің аналитикалық тәсілдер арқылы байланысы


- Сөздердің аналитикалық тәсілдер арқылы байланысы
Кез-келген өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де сөйлемдегі сөдердің орналасуында, осылайша синтаксистік қатынасқа түсуінде белгілі бір тәртіп бар. Бұл жүйе, әрине бірден байда бола қойған жоқ екендігі бәрімізге мәлім. ҚазѶргі қазақ тіᐻіндегі сөз бен сөздің байланысында белгілі бѶр іркілістер болғандығы анық. Олай дейтініміз, өзара белгілі бір амал тәсілдер арқылы байланысқан сөздер енді бірде байланыстың екіншѶ түріне ауысып отырғандығын тілдің тарихи дамуынан көруге болады.
Сөз тіркестеріндегі сөздердің морфологиялық құрлымына үңіле зер салсақ бірқатар көңіл аударарлық өзгерістерді байқай аламыз. Мұндай өзгерістердің нәтижесінде сөз тіркесінің бір тобына жататын конструкциялар оның екінші тобына ауысып отырады. Қазір тілімізде жиі айтылып жүрген табыс септігініің түсіріліп, не түсірілмей айтылуы да сөздердің байланысу тәсілдеріндегі өтіп жатқан даму процестерінің көрінісі болса керек. Мәселе жөнінде қазақ тіліндегі синтаксистің тарихын зертеген ғалым Е. Ағманов өз еңбегінде: «Бұрын бірлестік қатынасты шылау сөзі арқылы жасалған тіркес білдірсе, қазір көмектес септікті етістік сөз тіркесі атқарады. Ізгенті Қадозда оғуз бірле сүңішдіміз - Ізгенті Қадозда Оғуздармен соғыстық. Бұл арада да шылаулы етістік сөз тіркесі септік жалғаулы тіркеске, байланыс формасының қабысудан меңгеруге өткені және байланыстың аналитикалық жолының синтетикалық тәсілге ауысқаны көрініп тұр» [23. 49], - деген пікір айтады. Осындай тілдік деректерге сүйене отырып, сөз байланысының аналитикалық тәсілі алғаш пайда болды деп тұжырым жасауға болады.
Сондай-ақ Қ. Жұбанов өзінің қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде сөз тіркестеріндегі байланыстар туралы сөз қозғай отырып, сөздің орын тәртібі арқылы байланысы өзге тәсілдерден гөрі ертерек пайда болғанын тілге тиек етеді. Осыған үндес пікірді А. Н. Самойловичтің еңбегінде де байқаймыз. « . . . приставочному строю турецких и родственных им языках в весьма отдаленные, доисторические времена предшествовал, по-видимому, строй чисто синтаксический, при котором реч слагалась из одних основ - слов, расположенных в строгом порядке . . . » [34. 29] . Ғалымдардың келтірген дәйектеріне сүйенер болсақ, сөздердің аналитикалық жолмен байланысы сөз байланысының ең негізгісі, яғнй көнесі екендігі күмән туғызбаса керек.
Қазіргі кезеңдегі сөз тіркестерінің аналитикалық жолмен байланысы тек бір ғана сөздердің орын тәртібімен шектелмейді. Аталмыш терминге түсіндірме жасаған Т. Сайрамбаев: «Аналитикалық деген термин грек тілінің analytikos «анализдің нәтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сөзінен жасалған . . . аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады, яғни көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдерін қамтиды» [5. 57], - дейді. Аналитизімнің сөз жасауда тіліміздің лексикалық единицалар арқылы байыту дамытуда рөлі ерекше. Тілде аналитикалық тәсіл қолданылмаған сөйлемді, сөз тіркесін кездестіру қиын. Аналитикалық тәсіл түрлі грамматикалық мағына беруде, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда, сөйлемге, сөзге экспресивті-эмоциональды мағына беруде, сөздің, сөйлемнің арасындағы қатысты білдіруде кең көлемде қызмет атқаратындығы қазақ тіліне қатысты еңбектерде айтылған.
Түркі тілдерінде аналитизімнің кешендеп зерттелуіне аналитизім индоевропа тілдері сияқты аналитикалқ тілдерге ғана қатысты деген теория себеп болды. Қазіргі кезеңде бұл теорияның қате екендігі анықталды. Біздің тіліміз де негізінен жалғамалы тіл болғандықтан, оның арнайы негізі ретінде синтетикалық тәсіл көп қарастырылады да, аналитикалық тәсіл онша көп қарастырылмайды.
Аналитикалық тәсіл көбінесе ағылшын, франсуз, қытай, ветнам, тибет, тай, болгар, парсы, т. б. тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерге тән қасиеттер ретінде: түбірлі қосымша жалғанбауы, ол тілдерде омоним сөздердің көп болуы, олар бір-бірімен музыкалық екпінмен байланысуы, синтаксистік қатынастар орын тәртібі, интонация, көмекші сөздер арқылы берілуі, сөз тудырудың негізгі тәсілі біріктіру болуы айтылады. Сондай-ақ сөз түрлендіруші формалары жоқ, немесе өте аз тілдерде орын тәртібінің мәні айрықша болады.
Осыдан келіп қазақ тілі синтетикалық құрылысты тілдер тобына жатады ма, әлде аналитикалық құрылысты тілдер тобына жатадыма деген сұрақ туындайды. Қазақ тілінде синтетикалық, әрі аналитикалық тәсілдің екеуі де бар. Бірақ біздің тілімізде аналитикалық тәсіл әлі де болса кеңінен қарастырылған жоқ.
К. Е. Майлинская агглютинативті тілдерде аналитикалық тәсіл грамматикалық мағынаны білдіру үшін флективті тілдердегідей синтетикалық тәсілмен қатар қолданылатынын айтады. Професор В. М. Жирмунский аналитикалық тілдерден басқа системалы тілдерге сөздің аналитикалық формасы туралы ұғымды қолдаудың үлкен теориялық маңызы барын айта келіп, түрік туыстас тілдер туралы: «Так, в прадиагме тюрскского глагола мы встечаем аналитические формы, ничем не отличаются от известных нам английских или франсузских» [ . 26] - дейді.
Қазірі тілдерді математикалық эсперимент арқылы зерттеуде аналитикалық тілдерден синтетикалық тілдерде аналитизм күшті екені дәлелденіп отыр.
Орыс ғалымы Триаспольский «Становится ли руски язык аналитическим», А. И. Смирницкий «Аналитические формы» деген еңбектерінде орыс тілінде аналитизімнің өсу жағдайы мен аналитикалық тәсілдердің теориялық мәселелерін қамтыған. К. С. Горбачевич «Руски язык прошлое и настоящее е будущее» оқулығының «Своим путем» деген бөлімінде орыс тілінің аналитикалық заңдылықтарды қабылдауының мәні мен маңызын және кейбір өзі келіспейтін көзқарастарды ашып көрсетеді [ 182] . Бұл мәселені И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородцкий, В. В. Виноградов сияқты ғалымдар алғаш рет сөз еткен болатын. Мұны айтып отырған себебіміз, қазақ тілінің синтетикалық тәсілдеріне қоса қабат аналитикалық тәсілдердің қолданылуы жайдан-жай құбылыс емес екендігі. Бұл заңдылықтар тілдердің қай-қайсысынан да болмасын кездеседі.
Аналитикалық тәсілдердің берілуі туралы түрлі көзқарастар барын, байланыстырушы дәнекерлердің жіктелуіндегі өзгешеліктерді алдыңғы тарауда айтып өткебіз. Тіліміздегі аналитикалық тәсілдерде сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер, интонация қамтылады. Бұл аталған байланыстырушы тәсілдердің сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркесін құрауда маңызы зор.
- Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысы
Қазақ тілінде әр сөз табы сөйлем ішінде өзінің негізгі синтаксистік қызметінде жұмсала отырып, екінші бір сөзбен түбір тұлғасында тіркесіп, синтаксистік қатынасқа ене алады. Мұндағы сөздер арасында синтаксистік қатынастарды қамтамасыз ететінтегізгі құралдардың бірі - олардың орын тәртібі. Осы аналитикалық тәсілдің нәтижесінде көптеген кісі аттары, күрделі атаулар және біріккен сөздердің жасалатыны тілдік материалдардан мәлім. Тіптен көптеген аффикстер мен көмекші сөздердің өзі әу баста негізгі сөздерден бастау алып, тіл дамуының нәтижесінде сөз тудырушы немесе түрлендіруші құралдарға айналғаны ғылымда сан рет дәлелденген. Осы жөнінде тіл зерттеушісі Қ. Жұбанов өз еңбегінеде мынандай тұжырым жасайды: «Во всяком случае беспорно происхождение наших именных и глагольных окончаний от личных местоимений, что впервые дало повод основоположникам индоевропейского языкознания говорить об агглютинативном происхождении флексии. Мы не можем утверждать, что все флексии агглютинативной природы, так как некоторые из окончаний могут быть органическими частями самих основ, использованными в качестве морфологически самостоятельных единиц в более позднее время, когда флесивный способ уже вошел в быт» [27. 435] . Осының өзі сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы тілде ерекше орын алатынын көрсетсе керек. Мысалы: Күресте Найман Қаратай барырдың немересі, кереге жауырын жалаң төс Қаражал батыр бар балуанды жығып, үстіне қырмызы фарсы кілем жабылған араби қызыл аруананы бас етіп , үш тоғыз бас бәйгесін алған (І. Есенберлин) . Мысалдан көріп отырғанымыздай осы бір сөйлемнің өзінде Найман Қаратай барыр, кереге жауырын жалаң төс Қаражал батыр, бар балуан, қырмызы фарсы кілем, араби қызыл аруана, үш тоғыз бас бәйге сияқты бірнеше сөздердің бір бірімен байланысуына олардың орын тәртібі себепші болып тұр, әрі олар құрамы жағынан да сан-алуан. Және де бұл тілдегі сөздерді кез-кеклеген ретпен қойса олардың арасында синтаксистік қатынас орнайды деген сөз емес. Сөз тіркестерінің байланысу формаларында қиысу аталатын аналитикалық тәсілдің бұл түрінде де белгілі бір жүйелілік бар.
Профессор Б. Сағындықұлының пікірі бойынша қазақ тілі полисинтетикалық кезеңін басынан өткергенін өз тұжырымдарында баяндайды. Яғни, қазіргі қазақ тілінде ертеден келе жатқан жалғаулықсыз сөз тіркесі, сөйлемдердің түрлері сақталған. Мысалы: Орхон Енесей жазбаларында орын тәртібі арқылы жасалған сын есімді сөз тіркестерін көптеп кездестіруге болады. Бұл жөнінде Е. Ағмановтың «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» еңбегінде де айтылып, бірқатар мысалдар келтірілген: «Сарығ алтун, орүң күмүш . . . көлтүрлті. Мұндағы орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркелімдері; сары алтын, ақ күміс» [36. 18] . Бұл сын есімді тіркестердің қазіргі қазақ тіліндегі ақ оламал, сары шаш тәрізді тіркестерден грамматикалық жағынан болсын, семантикалық жағынан болсын зәрдей айырмашылығы жоқ. Сол сияқты «Құдатғу білік», «Дивани Лұғат-ат түрік» шығармаларында қолданылған сарығ сув - сары су сөз тіркестері ұшырасады. Бұл ескі түркі үлгісі, Н. З. Гаджиева түркі тілдерінде кездесетін үлгі деп дәлелдейді [35. 75] .
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегіне ерекше баға берген І. Кеңесбаев «Қазақ синтаксистік құрлымындағы сөздердің орын тәртібін бар ынта-жігерімен құлшына зерттеп, сөздердің орналасу тәртібінің қалыптасуы мен қазіргі жай-күйін, фактілерін талдады» - дейді [36. 18] . Ғалым ерекше атап өткен осы еңбектен қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі арқылы байланысының көптүрлілігін мына бір мысалдан да байқаймыз: « . . . наличие сочетания күн ұзаққа позволяет пологать, что в казахском языке некогда имел место чуждый теперешним нормам порядок слов, по которому определение не предшествовало определяемому, как это делается теперь, а следовало за определяемым, пережитком чего и является данное сочетание» [27. 414] . зертеуші осы тәріздес «Елден безіп, адам тағы болып кетіпті, таң жарық» т. б. мысалдарын келтіреді. Біз келтірген осындай пікірлердің нәтижесінде сөздердің аналитикалық жолмен байланысуы тілімізде ерекше орын алатындығын және ол тәсілдің көне замманнан берігі тілдамуының барлық кезеңдерінде болғанын көрсетсе керек.
Синтетикалық байланыс тәсілдеріндегідей сөздердің орын тәртібі арқылы байланыс жасауына негіз болатын ең алдымен олардың мағыналары. Осы тұрғыдан алып қарағанда сөз таптарының орын тәртібі арқылы байланысуында да әр сөз табының алатын үлес салмағы әр түрлі. Егер сөз тіркестерінің басыңқы компонентеріне қарай сараласақ, онда сөздердің осы тәсіл арқылы байланысуында зат есім, сын есім және етістіктердің басымдылығын оңай байқаған болар едік. «Қазақ грамматикасы» еңбегінде де бұл туралы: «Қабысудың есімді, етістікті және ортақ бағыныңқылы үш түрі бар» [1. 606], - деп көрсетеді.
Орын тәртібімен байланысқан сөз тіркестерінің басыңқыларының басым бөлігі көп жағдайда зат есімдер болып келеді. Ал бағыныңқылыары әртүрлі құрамда жұмсалуы мүмкін.
Зат есім мен зат есімнің орын тәртібі арқылы байланысы. Мысалы: Қалай қарай бет алсақ та ат аяғы жетер жерде аралас-құралас қатар жатқан ағайын жандар (К. Сегізбай) . Қотан жырау осылай толғап, талықсып кеткен адамдай қобыз күйін бәсеңдете барып бітірді (І. Есенберлин) . Көп ішінен бір жеткізе қояр бір жел ауыз шықпас деймісің? (К. Сегізбай) . Оның сөзінің ар жағында тобылғы сапты, бұзау тіс қамшы , күлге көміп солқылдатып алған қайың сойылы бар Дешті Қыпшақ елінің әбден ұштатып қалған мүддесі тұр (І. Есенберлин) . Тері мен еттің арасындағы ұсақ қан тамырлар үзіліп кетеді де қан құйылады (Х. Есенжанов) . Манағы күтуші келіншек қайта келіп дастархан жайды (К. Сегізбай) . Артық астықтарынан арақ, сыра сияқты ішкілік шараптар қайнатты (Р. Нұрғали) . Қағаз декорацияда сан-алуан маска, бағаналар, күмбездер (Р. Нұрғали) . Грек театрында әйел актрисалар болмайды (Р. Нұрғали) . Берілген мысалдардың алғашқыларында түбір зат есімдер қатар келу арқылы тіркес құраса, күтуші келіншек, ішкілік шараптар тіркестерінің бағыныңқылары туынды зат есімдерден болған, ал қағаз декорация, әйел актриса сияқты тіркестер тілге енген сөздердің нәтижесінде зат есімді орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркестерінің қатарын толықтыра түсетінін көреміз. Бұл тіркестердің барлығына ортақ зат есімдердің атрибуттық қатынаста жұмсалуы.
Заттың сан алуан қасиеттерін көрсетуде ерекшеленетін сөз табының бірі - сын есімдер. Сол себепті де өзге сөздерге қарағанда сын есімдер орын тәртібі арқылы зат есімдермен тіркес құрауы көптеп кездеседі. Мысалы: Оған, әлгі тұла бойы жүн-жүн болған жабайы күшке қарсы тұрар қауқарым жоқ (Қ. Мырза Әли) . Би-болыс болған дәулетті адамның жалғызы Жартай алдына жан шықпай өскен өркөкірек жігіт (Х. Есенжанов) . Ақ қар, көк мұз, таза ауаны сағынып, теуіп жейтін шөпті іздеп, өз үйіріне тартып берді ме екен? (Р. Нұрғали) . Бұл тіркестердің түрін сын есімдердің қатарлас келіп тіркесуімен толықтыруға болады. Мысалы: Әбілқайыр жыр басталғалы алтын тағынан қозғалмай қара сұр жүзі сәл қуқылданып үн-түнсіз тыңдап отыр (І. Есенберлин) . Қазіргі қазақ тілінде мұндайларды күрделі сын есімдер деп атау қалыптасқан, әрі бұлардың қолданылуы алдыңғылармен салыстырғанда бір де бір кем түспейді.
Айта кететін бір жайт, бағыныңқылары зат есім, сын есімдерден болған тіркестер әрдайым қатар, ігелес тұрып байланысады. Олардың арасына қандай да бір өзге сөз кірісе алмайды. Олай болған жағдайда сөйлемнің, сөз тіркестерінің құрылымы бұзылады, мәні жойылады, немесе олардың арасындағы синтаксистік қатынас өзгеріп кетеді. Дәл осындай тұжырымды сан есімдерге де қатысты айтуға болады. Жалпы орын тәртібі арқылы байланысқан сөздердің бір-бірімен алшақ тұрып байланысу көбінесе етістікті тіркестерге тән.
Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркестердің бірі ретінде сан есімдер жұмсала алады. Бұл жөнінде қазақ тілі оқулығыда да жан жақты айтылған. Бірер мысал келтірейік: Бір қайғыны ойласаң, Жүз қайғыны қозғайды (А. Құнанбаев) . Ас басталғалы жеті күн болған (І. Есенберлин) . Совхоздаға отыз бес комбайншынының біреуін алдына салмаған жүйрік (Р. Нұрғали) . Осындай тіркестерде сан есімдер мен сын есімдер қатарлас жұмсалатыны да болады. Мысалы: Төрт перзент - үш жас бүркіт , ерке елік, Бір кезде біз де осындай төртеу едік (С. Мұратбеков) .
Зат есімдер мен есімдіктердің тіркесі. Аналитикалық жолмен тіркесетін мұндай сөз тіркестерінде М. Балақаев негізінен сілтеу, сұрау, жинақтау есімдіктері қолданылатынын айтады. Мысалы: Бұл әрекетті бізсіз де өткерер мына жігіттер , дотор, жүріңіз, - деп ол Шұғыловтың алдына түсіп, кеңсе жаққа қарай беттеді (Х. Есенжанов) . Бұл сыпат күйлердің атынан емес, бүкіл болмыс-бітімінен , табиғатынан танылады (М. Мағауин) . Сіздің анау Қ деген танысыңызға алдымен әйелі, артынан ашынасы келді (Ә. Нұршайықов) .
Бағыныңқылары есімдіктерден болған зат есімді тіркестер мұнымен ғана шектелмейді. Есімдіктердің өзге де мағыналық топтары зат есімдермен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы: Кейбір тойларда «Осы тойға арнап шығарып едім» - деп әлдебір егде адамдар өлеңдерін оқиды (Ә. Нұршайықов) . Ешбір жан тереңіне бойлап, түсініп ұғып болмастай (М. Мағауин) .
Мысалы: Ол - Перизат , ойла өзің біл, Не болады болса қор (А. Құнанбаев) . Ақылыңа сөзің сай, Сз - жалын шоқ , біз - бір май (А. құнанбаев) . Синтаксистік қатынастарда баяндауыштық қызметтегі зат есімдіердегі жіктік жалғауының түсіріліп айтылуынан аналитикалық жолмен байланысқан сөз тіркестері туындайды. Әдетте бұл жағдайлар тілімізге жат құбылыс емес.
Сөздердің орын тәртібі тәсілімен байланысуында басыңқы компонентері есімнен болған сөз тіркестерінің едәуір бөлігін бағынықы компонентері етістіктерден болған тіркестер құрайды. Бұл туралы М. Балақаев: «Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі жасалады . . . Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер -ған, -ген тұлғалар» [2. 45], - дейді. «Қазақ грамматикасы» мен өзге де қазақ тілін зертеу еңбектерінде де тек осындай есімшелі етістіктерді ғана атап өтеді. Әрине, бұл дау тудырмайтын мәселе. Мысалы: Олардың бәрі келген кісіге өздерінше үн қатып, жауап берді (Ә. Нұршайықов) . Бөспейтін адам өсепйді (Ә. Нұршайықов) . Мұнан түсер пайда да аз емес (Ә. Тарази) . Жалбыраған қияқ мұрты қайыстай қатқан қара кісі - кәдімгі анау кездегі Байдалы шалдың үйінің отынынын бұтайтын Тұржан (С. Мұратбеков) . Майлин сенің жаныңды сұлуландыра түсетін сиқыр иесі (Ш. Мұртаза) . Өз басынан өткен хал , жақын туыстары бастан кешкен кеп (М. Мағауин) .
Мысалдардағы келген кісі, бөспейтін адам, түсер пайда, бұтайтын Тұржан тіркестері жалаң етістікден болса, қайыстай қатқан кісі, сұлуландыра түсетін сиқыр, басынан өткен хал, бастан кешкен кеп тіркестеріндегі етістіктердің құрамы күрделеніп келген. Мәселен қайыстай қатқан кісі тіркесіндегі алдыңғы қайыстай сөзін, немесе қатқан сөзін түсіріп айту сөз тіркесінің мәніне әсер еткен болар еді, қайыстай кісі, қатқан кісі деп айтуға келмейді. Сондай-ақ сұлуландыра түсетін күрделі етістігі сиқыр сөзімен байланысқанда оның алғашқысы көсемше формасында жұмсалып, кейінгі көмекші етістік есімше тұлғасында айтылумен ғана зат есімге тіркесіп тұр. Ал, басынан өткен хал, бастан кешкен кеп тіркесіндегі етістіктер құранды, яғни мұнда алғашқы есім сөз шығыс септігімен есімшеге тіркессе, есімше формаса зат есіммен тіркес құрауды қамтамасыз етеді. Есімшелі сөз тіркестерінің көптүрлілігін мұнан әрі де жалғастыра беруге болады.
Біздіңше орын тәртібі арқылы зат есімдерге етістіктің есімше категориясы ғана тіркеспейді. Етістіктердің қатарын олардың тұйық етістік формаларымен және туынды етістіктермен де толығады деп есептейміз. Мысалы: Өзен болу үлкен сын , Бақыт емес ол да аса, Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса (М. Шаханов) . Мәжілістес жұрт аузына қақпақ қоймасы өз алдына, ала тер болып, екі ортада адалдық нәсібінен де айырылып отырғанын аздан соң ғана, іштей тежеліп, сабыр тапқанда аңдады (М. Мағауин) . Берілген мысадлардағы болу көмекші етістігі тұйық етістік формасында тұрып сын зат есімімен орын тәртібі арқылы байланысады. Ал, мәжілістес жұрт тіркесінде -тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістік зат есіммен тіркес құрап, анықтауыштық қатынаста айтылып тұр. -лас/ -лес (-дас/ -дес, -тас/ -тес), жұрнағының көмегімен есім сөздерден етістіктер жасалатыны мәлім, мсалы; көршіңмен аралас, жақыныңа жақтас, досыңмен сырлас, т. б. Енді осы сөз тіркестерін аралас көрші, жақтас жақын, сырлас дос етіп тіркестірер болсақ, онда туынды етістіктердің есім сөздермен тіркес құрайтынын байқаған болар едік.
Қырғыз тілін зерттеген Абдыкул Жапар осындай тіркестер қатарына -мақ/ -мек жұрнағында келетін келер шақ етістіктерін де жатқызады. «Зависимые компоненты, выраженные именем действия с аффиксом -мак, сочетаются с главными компонентами словосочетания в оснвном в форме синтаксической связи примыкания, реже они выступают в форме родительного падежа.
Например: Бармак адам келбей калды. Иштемек киши болуп жатпайт белеңиз. Человек, который должен был ехать, не пришел. Вы как будто собирались работать» [11. 117] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz