Әлеуметтік процесс туралы ақпарат


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Әлеуметтану пәні бойынша
№1 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Әлеуметтік процесс»
2. 16 - нұсқа
Орындаған: БРК-07-05 тобының
студенті Оразалинов А. Е.
Қабылдаған: доцент Шаракбаева Г. Д.
Алматы 2009
Жоспар:
1. Кіріспе. 3
2. Негізгі бөлім . . . ……4
2. 1 “Әлеуметтік процесс” ұғымы, түрлері. 4
2. 2 Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер: саяси, экономикалық, мәдени, этникалық және т. б. 7
2. 3 Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері………. 10
3. Қорытынды. . 15
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі16
1. Кіріспе
Мен осы жұмыс барысында әлуметтік процестерге анықтама беріп, әлеуметтік процестердің түрлерімен таныстырып кеттім. Әлеуметтік интеграцияға қысқаша тоқталып, Қазақстандағы болып жатқан жағдайларды айтып кеттім. Жұмыстың келесі бөлігінде қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени процестер жайлы жазылған. Ал жұмыстың соңғы бөлігінде қазақ елінде орын алып жатқан елбасы Н. Ә. Назарбаевтың көп ұлттылық саясаты-Қазақстанның әлеуметтік процестерінің ішіндегі басқа елдерден ерекшелігі ретінде қарастырдым. Және де Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер жайлы баяндап кеттім.
2. 1 “Әлеуметтік процесс” ұғымы, түрлері
Әлеуметтік процесс - осы кез келген әлеуметтік обьектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік процесс мынандай белгілермен сипатталады: әлеуметтік процестің құрамдас бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, обьектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі. Әрбір әлеуметтік процесс белгілі бір кезеңдегі бағытты және қарқынды түрде өзгертуді белгілейтін, құрамдас бөліктердің өзара байланысын, тәсілдерін ерекшелейтін бірнеше сатыдан тұрады.
Әлеуметтік процесс типтері әлеуметтік жүйе және оның элементтері, интеграция және дезинтеграция, бірігу мен шиеленіс, ынтымықтастық пен бәсекелестік болып бөлінеді. Бұлармен қатар әлеуметтік процестерді функционалдық және дамытулық деп те бөледі. Оның біріншісі обьектінің сапалық күйін қалпына келтіруді қамтамасыз етсе, екіншісі обьектіні жаңа сапаға көшіреді. Батыс елдерінің әлеуметтану ғылымында функционалдық процесс өз алдына жеке бөлініп қарастырылады, соның негізінде әлеуметтік обьектінің басты қызметтерін жүзеге асыруға ықпал жасайтын шарттарға назар аударылған. Ал дисфункциялықты зерттегенде обьектінің қызметтерін атқаруға кедергі келтіретін жағдайды қарастырады.
Интеграция ( латынның integrum - бүтін; integratio - бірін бірі толықтыру, қайта қалпына келтіру ) - жалпы жағдайда бірігу мағынасын білдіреді. Белгілі бір элементтердін, бөліктердің бірігіп, бүтіндей қалпына айналуын, өзара жақындасып және өзара байланыстар қалыптастыру процесін интеграция деп атайды.
Әлеуметтік интеграция деп индивидті топтың басқа мүшелерінің қабылдауын айтамыз.
Өзара байланыспаған, тәуелсіз әлеуметтік обьектілердің (индивидтар, топтар, әлеуметтік класстар, мемлекеттер) арасында оптималды байланыстарды құру процесі және келешекте олардың барлығына ортақ, алға қойған мақсаттарының негізінде бір бүтін жүйеге айналу процесін әлеуметтік интеграция деп атайды.
27 мамыр күні Астана қаласындағы мәжіліс залында Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырыс залында «Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Аслан Мусин сөз сөйледі. «Бүгін Еуразиялық идея үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл идея - интеграция бағытындағы жаңа және өркениетті құбылыс. Бұл аса маңызды тарихи бастаманы 1994 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерді. Интеграция Шығыс пен Батыстың түсінісу процесіне жәрдемдесуі қажет. Еуразиялық идеяның саяси мағынасы да осында жатыр. Халықтар мен мемлекеттер өзара ынтымаққа, бейбіт тұрмысқа үнемі ұмтылып келеді. Олар бір-бірімен өркениет алмасуды қалайды. Соның негізінде қауіпсіздік пен қоғамдық прогрессті қамтамасыз етеді», - деді Аслан Мусин.
Осы бағытта маңызды шаралар атқарылуда. Бірлескен істер туралы көптеген құжатқа қол қойылды. Олар жүзеге асырылып та жатыр. Саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени алмасуларды дамыту бағдарламалары жасалды. Бұлар континентте, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде және Қазақстанда қолға алынды. Бірқатар халықаралық ұйымдар интеграциялық білім беруге атсалысып келеді. Бұл іс өз жемісін беріп отыр. Шығыс пен Батыста өзара түсіністік бар. Осылайша Еуразиялық интеграция саясаты халықтың игілігіне қызмет ете бастады. Сол себепті халық та оны қолдайды.
Еуразиялық идея белгіленген іс-әрекетімізді нақтылай түседі. Бұл интеграциялық процесті сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Оны адамзаттың және жекелеген халықтардың тарихымен, мәдениетімен байланыстырады. Бүгінгі таңда халықтардың өзара байланысын түсінгісі келмейтін ел жоқ. Осыдан келіп өзара қатынастың жолдарын іздестіру қажеттігі туындайды. Ең басты мәселе халықтың еуразиялық ынтымақтастықты терең түсініп, жан-жақты қолдауында. Әлемдік тарихтың бұл жобасының табысты болуы да осыған байланысты . (Айбатыр Сейтақ, ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)
Осының бәрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еуразиялық идеясының жүзеге асқанын көрсетеді деп ойлаймын.
Ал 27 маусым күні Астана қаласында “Ресей мен Қазақстанның және ТМД-ның шығыс өңірі елдерінің экономикалық интеграциясы - өңірді одан әрі дамытудың стратегиялық идеясы” атты отырыс өтті деп хабарлайды “Қазақстан Бүгін”. Бұл туралы Астанада Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының отырысында сөз сөйлеген Ресей Ғылым академиясы нарық проблемалары институтының директоры Николай Петраков пікір білдірді
"Бұл идеяны жүзеге асыру үшін бірнеше түйткілді шешу керек. Ең бастысы - импортты алмастыру принципін қалпына келтіру", - деді Н. Петраков.
"Қазір біздің көптеген елдер шикізатты өңделмеген күйінде экспортқа шығарады, ал шикізаттың өзін алғашқы сатылы өңдеудің өзі ауқымды экономикалық тиімділік әкеледі", - деді ол.
Н. Петраков екінші түйткілге "инфрақұрылымды, бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуды" жатқызады. "Қазір Қазақстан мен Ресей аумағында, сондай-ақ, көршілес елдерде үлкен жылдамдықты темір және автомагистральдар желісі салынбаған, ал олар әлемнің көптеген дамыған елдерінде қарапайым жайтқа айналған", - деді Н. Петраков.
Оның пікірінше, үшінші "түйткіл - ақша-қаржы және несиелік құрылымдарды жақындату". "Ұзақ мерзімді даму банктеріне, төмен өсімді мақсатты несиелерге бағдар ұстау керек", - деп санайды Н. Петраков.
"Интегарциялық инвестициялар үшін тұрақтандыру қорын бірлесе пайдалану керек", - деді ол.
2. 2 Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер: саяси, экономикалық, мәдени, этникалық және т. б.
Біріншіден қоғам дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. Қоғам деп өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен өзара байланыстары мен өзара әрекеттері туындайтын адамдар жиынтығын айтады.
Әлеуметтік процестер дегеніміз көптеген өзге әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын, бір бағыттағы және қайталанып отыратын әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы.
Қоғамдағы барлық әлеуметтік өзгерістер индивидтердің жекелеген әлеуметтік әрекеттері мен олардың өзара ықпалынан тұратын бір бағыттағы іс-әрекеттерінің нәтижесінен туындап отырады. Адамдар әлеуметтік процестерге жататын саяси күреске, мәдени шараларға қатысады, азық-түлік өндіреді, еңбек етеді, білім алады және басқа да көптеген іс-әрекеттер жасайды.
Әлеуметтік процестерді экономикалық тұрғыдан қарастырып кетсек, экономикалық өмірдің қазіргі кезеңі адамның еркі мен тілегіне қатыстының бәрін есепке алу қажеттігін көрсетіп отыр. Қазіргі заманда шаруашылық жүргізудегі, жаңа техника мен технология жасаудағы, ғылым жетістіктерін игерудегі адамдардардың атқаратын рөлі мен ықпалы түбегейлі өзгеруде.
Экономикалық өмірдің нақты әлеуметтік мәселелерін талдау адам санасындағы өзгерістердің, өндіріс саласындағы болып жатқан өзгерістерді бағалаудың маңыздылығын көрсетеді. Өйткені әр қоғамның экономикалық қарым қатынастары бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрініс береді.
Экономикалық өмір тек қана қоғамдық дамудың обьективті заңдарымен ғана емес, сонымен бірге субьективті іс-әрекет салдарынан да қалыптасады. Ол экономикалық мүдделерді қанағаттандыруға бағытталған мақсатсыз жүзеге аспайды. Сондай-ақ, экономикалық өмір өндірістік процестегі адамдар тәртібін қалыптастыруға негіз болып табылатын көзқарас, көңіл-күй, пікір, сезім түрінде реалды санада көрініс табады.
Өндірістің әлеуметтік қорларына назар аудару бірінші рет дарынды өндіріс ұйымдастырушысы һәм ғаллым Ф. Тэйлор (1856-1915) ұсынды. Ол жұмысшы еңбегінің нәтижелігіне мүдделік таныту идеясын айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар оны ғылыми тұрғыдан негіздеп, өмірге енгізді, іс жүзінде сынақтан өткізді.
Тэйлордың жұмысшының материалдық мүдделігін пайдалануы оның практикалық қызметіне үлкен табыстар әкелді. Ол өзінің бұл идеясын көп жылдар бойы сынақтан өткізу арқылы “экономикалық адам” деп аталған тұжырымдамасының көптеген тұстарын нақтылауға қол жеткізді. Аталған тұжырымдаманың кейбір құрамдас бөліктерін атап кетейін: улкен ауқымды жұмысты неғұрлым қысқа уақытта бітіру; кез келген емес, жақсы жұмысқа ғана сыйлық беріп отыру; жұмысқа көп ақы төлеу де зиянды; адамның жоғары ақылы жұмысқа деген ынтасының оянуына жағдай жасап отыру (сенің де қолыңнан келеді) .
Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестерді мәдениет тұрғысынан қарастырып кетсек, мен елімізде етек жайып жатқан мемлекеттің 2004 жылы басталған “Мәдени мұра” атты бағдарламасын ерекше атап кеткім келіп отыр. Жоғалған дүниені түгендеп, барды бүтіндеп, тасқа қашалған таңбаны хатқа түсіріп, дуалы ауыздан тараған бабалар сөзін таспаға түсіріп, жат жұртқа кеткен құндылықтарды зерттеп, кеңес заманында аяқсыз қалған ғылыми еңбектерді қайта зерделеп, жау жапқанда қаламен бірге көміліп қалған қазынаны қазып алып, пайдаланып, келер ұрпаққа қалдыруды мұрат тұтқан «Мәдени мұра» бағдарламасының алдағы 3 жылдық тұжырымдамасы бекіді. 2009-2011 жылдарға арналған мәдени мұра бағдарламасының тұжырымдамасы тиянақты әзірленді. Онымен бастан-аяқ танысқан Үкімет мүшелері құжатты тегіс қолдады.
Мәдени мұра бағдарламасы- елімізде 2004 жылы басталды. Бес жылдың ішінде талай іс тындырылып, толағай табысқа жеттік. Жауһар жәдігерлер жаңғырып, құнды қазынамыз қайтадан қалпына келтірілді. 51 тарихи ескерткіш жаңарып, 39 көне қала мен қорғанға археологиялық зертеу жасалды. Соның арқасында бұрынғы бабалардың аманаты бүгінгі балаларға табысталды.
“Бұл ұлтымыздың қайта жаңғыруы, өрлеуі. Жобаның алғашқы кезеңінде дүние болып жаралғалы шашылып кеткен шетелдегі асыл мұрамыз жинақталды. Екінші кезеңінде олар халықтың игілігіне айнала бастады. Ұлттық тарихымыз қайта жаңғырды. Ұлттық мәдениетімізді зерделеудің біртұтас жүйесі қалыптасты. Бағдарламаны іске асыру барысында 218 нысан «Қазақтың тарихи мәдени ескерткіші» ретінде тізімге тіркелді. Елімізден тысқары жерлерде де тарих түгенделді. Бұған дейін тек орыс жұртынан алып келген деректердің орнына, Қытай, Моңғолия, Иран, Араб елдерінен дәйекті дәлел таптық ”-деді фиолология ғылымдарының докторы, Мырзатай Жолдасбеков
“Біз өз тарихымызда бірінші рет Қазақстан территориясымен шектеліп қалмай өзіміздің археологиялық жұмысымызды шетелге жеткіздік. Әсіресе Моңғолиядан көне түркі жазуларына қатысты Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштерінің ашылуы, Дамаскідегі Әл - Фараби жатқан жерге тарихи - мәдени кешеннің салына бастауы, Дамаскідегі Бейбарыс сұлтанның кесенесіне реставрациялық жұмыстардың жүргізілуі, биылдан бастап Каир қаласындағы Бейбарыс салдырған мешіттің жөнделе бастауы, мінекей мұның бәрі «Мәдени мұраның» жетістігі.
Ұлтымыздың ұлы мұрасын ұлықтау үшін шет елдің мәдени орталықтары және көне мұрағаттарымен байланыс бекиді. Қазірдің өзінде әлемге танымал телеарналар қазақ мәдениетіне қатысты деректі фильмдер түсіріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұған дейін қазақша жарық көрген жазбаларды шет ел тілдеріне аударуды да жоспарға енгізген. Мақсат ұлттық құндылықтарды халықаралық қауымдастыққа насихаттау. Алдағы уақытта Ұлы жібек жолының бойында мұражайлар мен мәдени орталықтар салынады . ”-деп ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Мұхтар Құл - Мұхаммед хабарлады.
2. 3 Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері
Мен Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ең басты ерекшелігі ретінде ел басы Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен елімізде іске асырылып жатқан көп ұлттылық мәселесін санаймын.
Елдің ел болуы, ең алдымен, оның бірлігіне, ынтымағына байланысты екені тарихта да, біздің заманымыз үшін де жаңалық емес. Ол - ақиқат. Ұлттық бірлік - мемлекеттіліктің басты кепілі, айрықша құндылығы екендігін түсініп қана қоймай, соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік.
Ұлттың бірлігі, ұлтаралық ынтымақтастықтың сақталуы, нығаюы, дамуы - президент қызметінің негізгі бөлігін құрайтынын Қазақстан халқы түгел біледі. Бұл мәселе ешқашан назарынан тыс қалып көрген емес. Оның президенттік қызметі жетістік көбейген сайын ізденіске толы. Елбасының сол көп салалы қызметінің қайнар бұлағы, көзінің қарашығы, арқауы - ұлттық бірлік, ұлтаралық түсіністік, татулық, бүкіл елдің ынтымақтастықпен қол ұстасқан жасампаздығы десек, қателесе қоймаспыз. Oсы жылдардағы президент сөздері мен сұхбаттарын сараптап көрсеңіз, олардың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттың бірлігі, елдің жарасымдылығы, ұлттар арасындағы ынтымақтастық туралы айтпағаны кемде-кем. Әсіресе, президенттің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мәжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндамаларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттермен, болашаққа жасалып отырған жаңа әрекет, қадамдармен тығыз ұштастырылады. “Ең асылы - біз көп ұлтты бола отырып, халықтар достығын, ел байлығын сақтай білдік”, - дейді президент Дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайында. “Біз ынтымақ арқылы өсіп, есейіп, жаңа жетістіктерге жетіп келеміз”, - деген елбасы сөзі осы саясатының лейтмотиві. Бұл - жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дәлелдеді. Қазақстанды Отаным дейтін көкірегінде сәуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының тұрақтанып, нәтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық институттар да мойындады. Сондықтан да біздің қазір ұлттық бірлік пен ұлтаралық ынтымақтастықтың қазақстандық үлгісі туралы ауыз толтырып айтатын толық мүмкіндігіміз бар. Олай дейтініміз - біз өзімізді мемлекет болдық деп жариялап, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп таныған, өзіміздің ұлттық рәміздерімізді қабылдаған алғашқы сәтте біздің болашағымызға күдікпен қараған ықпалды шетелдік, халықаралық ұйымдар мен күштер аз емес еді. Қазір солардың көпшілігі Қазақстанды жаңа қырынан танып, мойындады, ендігі жерде бізге тілектес, үндес достар жағына шықты. Әрине, бұлай болуы үшін елімізде аз жұмыс атқарылған жоқ.
Ұлттық мүдде, ұлттық бірліктің біздің елімізде екі бағыттағы сипаттамасын ескерген жөн.
Біріншісі - қазақ халқының ішкі бірлігі, тұтастығы, татулығы. Мемлекеттің тұрақтанып, өркендеуі, сөз жоқ, ең алдымен қазақ ұлтының жетістігі болары анық.
Екіншісі - қазақ халқының бастамашылдығымен, Қазақстанда тұрып, өмір сүріп, елдің жасампаздығына белсене қатынасып келе жатқан барлық ұлттардың бірлігі, өзара түсіністігі, бір мүдде, бір мақсат жолындағы ынтымақтастығы. Мемлекетіміздің басты құжаты - Конституциямызда барлық ұлт, барлық нәсілдердің тең құқықтығы көрсетілген. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біздің мемлекетіміз осы қағиданың берік орындалуын айрықша қадағалаумен бірге оның қоғамдағы қарым-қатынастың кеңістігінде еркін, әрі тұрақты қамтамасыз етілуіне де мейлінше көңіл бөлумен келеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев:” Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік, экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан бүкіләлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды.
“Бірлік бар жерде тірлік бар”, дейді дана халқымыз. Ел бірлігі мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайтқаннан кейін біз алыс-жақын көршілерімізбен дәл осындай өзара тұрақтылық пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік шекара мәселесін біржолата және түпкілікті түрде шештік. Бұл біздің бүкіл әлем алдындағы беделімізді бұрынғыдан да биіктете түсті.
Қазақстанның бүгінге дейін жүріп өткен жолын қорытындылай келіп, ел тәуелсіздігінің тірегі ретінде мен ұлтаралық татулық, саяси тұрақтылық, әлеуметтік даму мен үздіксіз экономикалық өрлеуді айтар едім. Ендеше, біз алдағы уақытта да осы алған бағытымыздан таймай, әлемдік биіктерді сіздермен бірге бағындыра беретін боламыз.
Сондай биік белестің бірі - Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, сіздер мен біздер - әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz