Бухгалтерлік есептің концепциясы



Кіріспе
1. Бухгалтерлік есептің концепциясы
1.1. Бухгалтерлік есептің даму жолдары
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары
2. Ақша қаражаттарының есебі
2.1. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі
2.2. Төлем карточкаларымен және вексельдермен есеп айырысу
2.3. Ақшасыз есеп айырысу нысандары
2.4. Қаржылық.есептік операцияларға байланысты құжаттар
3. Ақша қаражаттары операцияларының есебін жетілдіру
3.1. Ақша қаражаттарын 1С: Бухгалтерия негізінде қарастыру
Қорытынды
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын, өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі.Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
1. ҚР Президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы” Заң күші бар №2732 Жарлығы
2. Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары(ҚР бухгалтерлік 10 қаңтар 1997 ж. №8 есебі бойынша Ұлттық комиссияның қаулысына сәйкес өзгертулермен енгізілген)
3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2003 ж.
4. С.Б. Баймұханова, Ә.Ж. Балапанова Бухгалтерлік есеп. Алматы 2003 ж.
5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева Қаржылық есеп. Алматы Экономика 2001 ж.
6. В.Л.Назарова Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. Алматы Экономика 2002 ж.
7. Е.Т.Төлегенов Бухгалтерлік ақпарат жүйелері. Алматы Экономика 2001ж.
8. Журнал “Бухгалтер плюс компьютер” №11(55) ноябрь 2004 ж.
9. “Тұран университетінің хабаршысы” Ғылыми журнал 1-2(6) 2000 ж.
10. Халықаралық стандарттарға бейімделу жағдайындағы бухгалтерлік есеп және аудиттің даму мәселелері. Халықаралық конференция 3 бөлім
11. 2001 ж.
12. М.Р.Насырова, С.Р.Тоқсанбай, С.К.Кулпыбаев,С.П.Гуляева Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық..Аматы 2003 ж.
13. Бухгалтерлік есептің стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиясы. Алматы 1996-2003 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Ақша қаражаттарының есебі

ЖОСПАР
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есептің концепциясы
1.1. Бухгалтерлік есептің даму жолдары
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары
2. Ақша қаражаттарының есебі
2.1. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2. Төлем карточкаларымен және вексельдермен есеп айырысу
2.3. Ақшасыз есеп айырысу нысандары
2.4. Қаржылық-есептік операцияларға байланысты құжаттар
3. Ақша қаражаттары операцияларының есебін жетілдіру
3.1. Ақша қаражаттарын 1С: Бухгалтерия негізінде қарастыру
Қорытынды

КІРІСПЕ

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын, өз қызметі барысында басқа
заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы
жүргізіледі.Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес
жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен
ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп
отырады.Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу
операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу
керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде
есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді
пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске
алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының
күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке
қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай,
алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін
талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу
кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан,
сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен
ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын
бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық
қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша
шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен
асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар
жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың
кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік
шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды
тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын
есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы ( есеп айырысу) шоттар ашылуы
мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін
валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс)
кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын
оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша
есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен
шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып
жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілерінің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды
жүзеге асыруда келесі әдістерді : қолма-қол ақшаны аударуды; төлем
тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың
индосаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей
дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген
басқа да әдістерін пайдаланады.

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
1.1.Бухгалтерлік есептің даму жолдары
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері
мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын
жүйе.Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-
бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен
қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға
өте қажетті ғылым болып табылады.Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып
отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап,орындалған жұмыстары мен
атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін
жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы –қаражаттарды сандық өлшемге
келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын
жүргізетіндегі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен
еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс
қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін
халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін
ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған
ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық
субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа
да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бүхгалтерлік есептің маңызы
мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Бухгалтерлік есеп – басқарудың аса маңызды функцияларының
бірі.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің
тілі деп атайды.
Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі
күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына
байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі
бесінші ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Рим империясының квесторлары
мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы
тыңдаған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік
есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, тұтас
мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он жыл уақыт
өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы
тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық
жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі
бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі ашық байқалады.
1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің
Бухгалтерлік есеп туралы Заң күші бар №2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заң
жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шаруашылық қызметі
быхгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1
қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері
жаңа бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өз жұмыстарын жүргізе бастады.
Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі
экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді
етіп құруға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикасының қалыптасуы жағдайында кәсіпорындардағы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның есеп пен
есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.
Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы
мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің
неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшекліктерін, спецификасын,
өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техникасы мен
технологиясын көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.

1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары
Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз – кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады.Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын,өз мақсаты,
қолданылу аясы, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып
шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы. Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай
жағдайда қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге
түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне
енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп
беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді.
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың
халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің
ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс
болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау барысында
әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу
жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп
стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын
негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын
бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға қол жеткізу үшін 1973 жылғы
29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды.
Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Жапония, Ирландия,
Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің
келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру
стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда
аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның
құрамына бұл аталған елдерден Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка
Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар.
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа
шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және
түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке
бухгалтердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік
фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық
қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты – мына төмендегілерді
орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- ақпараттық жүйені құру принциптері;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп берудің элементтері;
- өлшеу және мойындау критериялары.
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы
және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті
мәлімет;
- ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
- ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті
мәлімет;
- басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы
таратылым құралы болып есептелінеді. Ал қаржылық есеп бухгалтерлік есептің
жеті элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары шешім қабылдау
үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды
және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын жалпы және жеке деп аталатын екі
түрге бөлуге болады.
Жалпы тұжырымдама бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы
көзқарасын білдіреді.
Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін
бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп
саяасттары, есеп берулер негізінде қарастырылады.
Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы
тұсында континенттік тұжырымдама бойынша жүргізілген. Бүгінгі күннің өзінде
осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық
кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырады.Әйтсе де 1997
жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандарттары халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша
жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003
жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық
стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден –
осы тұрғыдан, ал екіншіден – елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес
болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы
кездері қаржы салымшыларын ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге
негізделіп жасалып отыр.

2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-“Кассадағы қолма-қол ақша”
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452-
“Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында
жүргізіледі.
“Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды
жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде
ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты
көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс
ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен
сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша
беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас
бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен
жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам
болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу
жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі,
ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар
санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың
бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады.;
екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол
кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса
операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан
басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін
жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды
одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы
жыртылмайды. “Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша
шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша
сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451 – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі
корреспонденциясы
1 451 701
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен
ақша қаражаттары
2 Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті 451 334
3 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары 451 411
кассаға келіп түсті
4 Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша 451 702
қаражаттары
5 Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол 451 727
келіп түскен ақша
6 Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы 451 333
сомасы кассаға қайтарылды
7 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде 451 333
алып,жұмсамаған сомасы кассаға қайтарылды
8 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан 451 511
қолма-қол келіп түскен ақша
9 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы 451 333,334
кассаға қабылданды
10 Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы 451 321-323
кассаға келіп түсті

11 Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің 451 601-603
несиелері келіп түсті
12 Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан 101-106 451
төленді
13 Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді 401-403 451
14 Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны 201-208 451
кассадан төленді
15 Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан 811,821 451
төленді
16 Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді 222 451
17 Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа 441,431 451
ақшалай түскен түсімдер аударылды
18 Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын 451 521
қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды
19 Акционерлер мен үлес қосушыларға есептелінген 621-622 451
дивидендтер сомасы кассадан төленді
20 Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы681 451
сомасы кассадан төленді
21 Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы борышы 682 451
кассадан төленді
22 Құнды қағаздарды сатуға байланысты шығындар 843 451
кассадан төленді
23 Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан төленген сома333 451
24 Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге 333 451
берілген несие сомасы
25 Кассадан жұмысшы қызметкерлердің 687 451
депонеттелген(уақытында алмаған) еңбекақы сомасы
төленді
26 Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған 601-603 451
несиелер сомасы кассадан қайтарылды

“Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі.Шетел
валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452 шотын ашады.
Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас
жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса
ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және
теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі
шоттар кредиттеледі:
431-“Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта
шотынан валюта түскен кезде;
301-“Алынуға тиісті қарыздар” шоты – кассаға алынған валюта
түсімінің сомасына;
725-“Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты – тиісті шетел
валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылықтарының сомасына;
333-“Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредиттеледі және
мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
333-“Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты –
есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
431-“Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта
шотына өткізілген валюта сомасына;
844-“Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты – тиісті
валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам
айырмашылықтары сомасына.

Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша
қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін
жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында
орналасады.№1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің
қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық
жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден
өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз,
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі,
БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін
журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-
ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын
ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық
органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті
инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль
шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында
сақталады.
Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451”Операциялық кассадағы
қолма-қол ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
701-“Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, 704-“Көлік ұйымдарының
жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс”
шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
301- “Алынуға тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 451 шоты
дебеттеледі де, ал 451 шотының “Операциялық кассадағы қолма-қол ақша”
субшоты кредиттеледі.

Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін.
Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде,
шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе
үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын
орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк
шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады:
реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық
қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің
көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар
тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен
оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған
қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты,
аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық
жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына
жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын
белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын,
өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе
оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп,
куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде
қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот
иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық
тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы
атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының
жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың
тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша
операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың
жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол
үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде,
немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш
жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары
жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік
мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама
жасалуы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың
нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге
қайтаруы керек.

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының
негізгі корреспонденциясы
1 Есеп айырысу шотына субъектінің жарғылық 441 511
қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан
келіп түскен сома
2 Сатып алушылардан жіберілген өнім, 441 301,321-323
көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін
келіп түскен сома
3 Есеп айырысу шотына вексельден келіп түскен
сома:
негізгі берешектердің қарыз сомасы; 441 302
есептелінген пайыздар. 441 332
4 Есеп айырысу шотына жалға алушылардан 441 724,332
пайдаланғаны үшін түскен қаржы
5 Жалға алушылардан жалға алып пайдаланғаны 441 724
үшін есептелінген пайыз сомасы есеп айырысу
шотына келіп түсті
6 Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске 441 451
алынған сома
7 Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін 441 334
келіп түскен сома
8 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банк 441 601
несиесі
9 Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шоттан 441 423
келіп түскен сома
10 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген 441 602
банктен тыс мекемелердің несиесі
11 Есеп айырысу шотына келіп түскен 441 724
акциялардың дивидендтері
12 Есеп айырысу шотына облигациялардан пайыз 441 724
түрінде келіп түскен табыстар
13 Есеп айырысу шотына келіп түскен ұзақ 441 724
мерзімді инвестициялар дивидендтер сомасы

14 Есеп айырысу шотына құнды қағаздарды 441 723
сатқаннан келіптүскенсома
15 Кәсіпорынның өз акциясын қайта сатудан есеп441 521
айырысу шотына келіп түскен табысы
411
Жолдағы деп есептелінген ақша 441
16 қаражаттарының есеп айырысу шотына келіп
түсуі
17 Бюджетке төленген салық сомасының артығы 441 631,633,634
есеп айырысу шотына қайтарылды
18 Есеп айырысу шотына келіп түскен атқарушы 441 726
органдардың субсидиялары
19 Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп кіріске101-106 441
алынған материалдық емес активтер
20 Құны есеп айырысу шотынан төленіп кіріске 121-125 441
алынған негізгі құралдар
21 Құны есеп айырысу шотынан төленген 126 441
монтаждауды қажет ететін бөлшектерді
кіріске алу
22 Негізгі табынды толтыру үшін жас малдарды 126 441
бағып өсіруге кеткен шығындар есеп айырысу
шотынан төленді
23 Ағымдағы айдың қысқа мерзімді жалдық 811,821, 441
міндеттемесі есеп айырысу шотынан төленді 937,947,
687
24 Материалдарды қосалқы бөлшектерді сатып алу351 441
үшін алдын ала аванс ретінде есеп айырысу
шотынан төленген сома
25 Қызмет көрсетушілерге, орындаушыларға 352 441
істейтін жұмыстары үшін алдын ала аванс
ретінде есеп айырысу шотынан төленген ақша
қаражаттары
26 Алынған құнды қағаздардың құны есеп айырысу401-403 441
шотынан төленді


27 Банк және банктен тыс мекемелерден алынған 601-603 441
несиелер есеп айырысу шотынан қайтарылды
28 Үлес қосушыларға, акционерлерге 621-622 441
есептелінген дивиденд сомасы есеп айырысу
шотынан төленді
29 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан 631,634 441
ұсталынған табыс салығы есеп айырысу
шотынан бюджетке аударылды
30 Қосылған құнға салынған салық сомасы есеп 633 441
айырысу шотынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсініктілік принципі
Салыстырмалық принципі
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі
Бухгалтерлік есептің әдіс-тәсілдері
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері
Бухгалтерлік есептің маңызы
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Ұйымдағы стратегиялық менеджмент
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы ролі
Пәндер