Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы


Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-кредит ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
־ мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
־ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
־ валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
־ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
־ айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
־ Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
־ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
־ банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
־ төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
־ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 34 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып
табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші)
деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін
қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып
саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық
банктерімен және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-
кредит ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан
Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда
өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп
отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер
бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-кредит және валюта саясатын
жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған
құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті
басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру
үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
־ мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
־ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
־ валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
־ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
־ айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды
эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен
монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
־ Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік
борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің
мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
־ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
־ банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
־ төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
־ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды,
өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын
айқындайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылады. Ақша-кредит
саясаты:
־ ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
־ ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
ставкаларының деңгейлерін;
־ ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;
־ ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және
көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге
асырылады.
Ұлттық Банктің құрылымына мынылар кіреді:
־ департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке
бөлімдерден тұратын орталық аппарат;
16 аумақтық филиал;
־ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар):
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану
орталығы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы.
Ұлттық Банк:
־ Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру)
қоры,
־Қазақстан Ипотекалық Компаниясы,
־ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры,
־ Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры,
־ Қазақстан Актуарлық орталығы жабық акционерлік қоғамдарының 100%-ті
құрылтайшысы және
־ Процессинг орталығы жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі
(Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) Алматы Қалалық Филиалының
(АҚФ) тарихы.

АҚФ – ның тарихы екі кезеңді қамтиды: кеңестік және Қазақстан
тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезең. Оның ресми құрылу уақыты 1959 жыл.
Бастапқы кезеңде Облыстық мекеме құрамына Алматы және Талдықорған облысының
ауылдық филиалдары кірген. Кейін, филиал жүйесінің кеңеюіне байланысты 1967
жылдың тамызында оның құрамына алматы қаласының Мемлекеттік банк
бөлімшелері және Республикалық Мемлекеттік банк мекемесінің қалалық
басқармасы кірді.
Облыстық мекеме құрамына кіретіндер: экономикалық жоспарлау бөлімшесі,
ақша айналымы жөніндегі бөлімше, несиелеу және қаржыландыру бөлімшесі,
операциондық бөлімше және бухгалтерия, инженерлік – техникалық бөлімше,
инкассациялау қызметі. Облыстық мекеменің дамуының негізгі кезеңі болып
1972 жылғы Мемлекеттік банктегі Есептеуіш орталықтың құрылуы болып
табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп ЭЕМ – ауысты.
1987 жылдан бастап Қазақстанда банктік жүйені қалыптастыру басталды.
Мемлекеттік банктер қайта құрылып, бірінші коммерциялық, кейін жеке және
біріккен банктер құрылды. 1993 жыл - теңгенің шығу жылы ҚРҰБ – нің құрылу
және жаңа қаржылық жүйенің құрылу кезеңі болды. Кейінгі он жыл ішінде
банктік жүйеде техникалық және ұйымдық жағынан даму үлкен жетістіктерге
жетті. ҚРҰБ – мен қатар оның облыстық құрылымдық бөлімшелері де қарқынды
түрде дамыды. оның ішінде ең басты роль атқаратын ҚРҰБ АҚФ болып табылыды.
Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау мен бақылау
үшін 1994 жылдың ортасында Облыстық мекеме ҚРҰБ Бас Алматы Аумақтық
Басқармасына ауысты. Қадағалау функциялары банктік қызметті лицензиялау
қызметі мен аудит және ревизиялау қызметіне кеңейді. Кейінірек өтімділікке
ұшыраған банктер санының өсуіне байланысты өтімділік бөлімшесі, ал кейін
Басқарма пайда болды. Заңгерлік қызмет те кеңейді. Шетел валютасымен
операциялар жүргізу үшін ҚРҰБ – де лицензиялары бар ұйымдар қызметін
бақылау қалпына келтірілді.
1996 жылы Бас Алматы Аумақтық Басқармасы – Алматы филиалына ауысты және
кейбір құрылымдық бөлімшелер мен функциялар қысқарды. Автошаруашылық ҚРҰБ-
ның жүргізілуінде болды.
1997 жылдан бастап Бас Алматы Аумақтық Басқармасы валюталық
операцияларды тіркеумен айналыса бастады. Осыған байланысты филиалда
бөлімше құрылды.
1997 жылдан бастап Бас Алматы Аумақтық Басқармасына банктік емес
мекемелердің қызметін жедел қадағалау тапсырылды, ал 1999 жылдың аяғында
осыған байланысты бөлімше құрылды.
1999 жылдың 15 тамызынан бастап Бас Алматы АумақтықБасқармасы ресми
түрде Алматы филиалы деп атала бастады.
ҚРҰБ –ның АҚФ – ның қызметінің негізгі бағыттары.

ҚРҰБ – ның АҚФ ҚРҰБ –ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ҚРҰБ –
ның бірыңғай орталықтандырылған жүйесінің құрамына кіреді. Ол өз қызметін
ҚРҰБ берген өкілеттілігі шегінде атқарады (алматы қаласының аумағында).
ҚРҰБ – ның АҚФ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР
– ның ҚРҰБ туралы Заңына және ҚР –ндағы Банктер және банктік қызмет
туралы Заңға сәйкес атқарады.
АҚФ – ның негізгі мақсаты – ҚР- ның Ұлттық валютасын сыртқы және ішкі
тұрақтылықпен қамтамасыз ету.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, филиал ақша айналымындағы қаланың
экономикалық даму, несиелеу, банктік төлемдерді ұйымдастыру және валюталық
қатынастар саясатын жүргізеді.
ҚРҰБ –ның АҚФ – ның 2004 жылғы құрылымы 9 бөлімнен тұрады.
Филиалдың негізгі қызметері мына бөлімшелерден тұрады:
• Бухгалтерлік есеп;
• Экономикалық талдау және статистика;
• Валюталық операцияларды бақылау;
• Ақша айналымын талдау;
• Төлем балансының статистикасы;
• Компьютерлік жүйелерді жабдықтау;
• Жалпы бөлім;
• Заңгерлік қызмет;
• Ревизиялық қызмет.

Мен тәжірибе барысында экономикалық талдау және статистика, валюталық
операцияларды бақылау, төлем балансы және статистика бөлімшелерімен,
олардың атқаратын қызметтерімен толық таныстым. Сонымен қатар осы
бөлімшелердің әр қайсысына байланысты құжаттармен жұмыс істеп, Басшылықпен
бекітілген ережелермен таныс болдым.

Әр бөлімшенің Ережелері және құжаттардың үлгілері көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі
Алматы қалалық филиалы туралы ереже

1Бөлім.Жалпы ережелер

1.Алматы қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік
мекемесі (әрі филиал) Қазақстан Республикасының құрылымдық бөлімшесі болып
табылады және Қазақстан Республикасынцң Ұлттық Банкінің бірегей орталық
құрылымына кіреді.
2.Филиал өз жұмысын Ұлттық Банкпен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге
асырады.
3.Ұлттық Банк филиалдың міндеттеріне жаапты.
4.Филиал өз жұмысында Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы,Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен шешімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы,Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Алматы қалалық филиалы туралы Ережелерді,
Ұлттық банкі басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, Алматы қалалық
филиалының ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының ережелерін,
режимдік құжаттардың жұмыс талаптарын басшылыққа алады.
5. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен негіздемеге сәйкес
Ұлттық Банктің құрылымы мен жалпы штаттық саны:
1) Ұлттық Банктің филиалының құрылымын бекітетін директорлар кеңесі;
2) Ұлттық Банктің филиалының штаттық кеңесін бекітетін төраға.
6. Филиалды директор басқарады.
7. Заңды тұлғаның орналасу мекеніне байланысты мемлекеттік тіркеуді жүзеге
асыратын органда есептік қайта тіркеуге тиісті.
8. Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде
атауы бар мөрі бар.
Филиалдың аталуы:
Орыс тілінде – Атматинский городской филиал государственного
учреждения Национальный Банк Республики
Казакстан;
Мемлекеттік тілінде – мемлекеттік мекеме Қазақстан Республиканың Ұлттық
Банкі Алматы қалалық филиалы .
Филиалдың мекен- жайы – 480091,Алматы қаласы, Панфилова, 98 ұй
Заңды тұлғаның атауы– 480091,Алматы қаласы, Көктем-3,21 ұй.

2 – бөлім. филиалдың негізгі қызметтері мен міндеттері

9. Филиал Ұлттық Банкке мынандай міндеттерді орындауға жәрдемдеседі –
Қазақстан Республикасынаң ұлттық валютасын ішкі және сыртқы тұрақтылықпен
қамтамасыз ету.
Филиалға мынадай басқа да міндеттемелер жүктеледі:
1) Қаланың экономикалық дамуы үшін валюталық қатынастар мен банктік
септеулерді ұйымдастыру, несиелеу, ақша йналымы саясатын жүргізуге қатысу;
2) Қала аумағында несиелік және банктік инфрақұрылымды, ақшаның
тұрақтылығын функционалдаумен қамтамасыз еті;
3) қала аумағындағы филиалдардың, басқа да банктік операцияларды
жүргізетін ұйымдардың валюталық және банктік заңдылықтарды орындаудағы
бақылауды жүзеге асыру;
4) Филиал арқылы үздіксіз және уақытында ақша аударымдары мен төлемдерді
жүзеге асырады;
5) Сақтандырушылардың мүдделерін қорғау және сақтандыру нарығының
субъектілерінің Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдылықтарына
сәйкес талаптардың орындалуына бақылау жасау;
10. Филиал оған негізделген міндеттемелерге байланысты мынандай
функцияларды атқарады:
• қала аумағында Ұлттық Банк бекіткен ақша – несие саясатына қатысады;
• Ұлттық Банк ұсынған құзырет шегінде сақтандыру мекемелерінің және
банктердің ақпараттық қызмет көрсетуін жүзеге асырады;
• қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес сақтандыру ұйымымен бекітілген
біріккен қызмет туралы келісім – шарттарды тіркейді;
• сақтандыру ұйымдары мен өтімділікке ұшырыған банктердің өтімділік
комиссиясының қызметін бақылау;
• бақылауды жүзеге асыру үшін өтімділік комиссиясына сұрау салу;
• банктің және сақтандыру ұйымының кредиторлар комитетін бекіту;
• банктің және сақтандыру ұйымының кредиторлар комитетінің тізімін
сотқа бекіту үшін жіберу;
• банктің және сақтандыру ұйымының өтімділік процесін талдау;
• Ұлттық Банкке банктердің және сақтандыру ұйымдарының өтімділік
комиссиясының қызметіне бақылау жөнінде есеп береді;
• өтімділік комиссиясының қызметін бақылау барысында заңдылыққа сәйкес
талаптарды бұзу, басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда Ұлттық
Банкке қажетті шараларды қолдану жөнінде ұсынысын жолдайды;
• банктердің және сақтандыру ұйымдарының өтімділік комиссиясының
Ұлттық Банктің анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамасын
орындуына бақылау жасайды;
• бөлшек сауданы жүзеге асыру үшін лицензия береді;
• заңды тұлғаларға қолма – қол шетел валютасын айырбастау операцияларын
жүзеге асыру үшін лицензия береді;
• қолданыстағы заңдылыққа сәйкес капитал қозғалысына байланысты
операцияларды тіркеумен айналысады;
• банктік операциялардың бөлек түлерін жүзеге асыратын уәкілетті
банктердің және ұйымдардың айырбас пункттерін тіркеумен, тіркеу
жөнінде куәлік берумен айналысады;
• заңды тұлғалардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуіне рұқсат
береді;
• Ұлттық Банкте лицензиясы бар банктерді және ұйымдарды тексеру жөнінде
жоспар құрады;
• капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды тіркеуге
ұсынылған құжаттардың көшірмесін Ұлттық Банкке ұсынады;
• белгіленген талаптарға сәйкес барлық тексерулер жөніндегі ақпаратты
Ұлттық Банкке ұсынады;
• тоқсан сайын қала аумағындағы банктер мен сақтандыру ұйымдарының,
олардың филиалдырының қызметі, төлемдер, ақша қозғалысы, қаржы
нарығының жағдайы, экономикалық жағдайы жөнідендегі материалдарды
Ұлттық Банктің бөлімшелеріне және башылыққа ұсынады;
• Ұлттық Банкке статистикалық және қаржылық есеп береді;
• банктің және статистикалық органдардың негізгі мәліметтері бойынша ай
сайын статистикалық баспалар әзірлейді, сонымен қатар тұтынушыларға
статистикалық ақпараттарды ұсынады;
• қала аумағында төлем жүйесін функционалдайды;
• Ұлттық Банкте банктік шоттары бар мемлекеттік органдарға, өтімділікке
ұшыраған банктерге және басқа да заңды тұлғаларға есептік – кассалық
қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
• ақау монеталар мен ескі банкноталарды айналымнан алып тастаумен
айналысады және оларды Ұлттық Банктің кассалық операциялар мен
құндылықтарды сақтау Орталығына жою үшін жібереді;
• жеке тұлғалардан ескі банкноталарды қабылдайды және оларды
айырбастайды;
• эмисииялық, кассалық, аударымдық және банктік операциялар есебін
жүзеге асырады және олардың дұрыс орындалуына бақылау жасайды;
• қолма – қол ақшалардың резервтік қорын қажетті деңгейде тасымалдау
және сақтаумен айналысады;
• қаналушы автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді әкімшіліктендірумен
қамтамасыз етеді, бағдарламалық – аппараттық құралдарды қолдайды;
• бюджеттің, кіріс пен шығынның болжамын қалыптастыру үшін Ұлттық
Банкке белгіленген мерзім ішінде ақпарат ұсынады;
• маркетингтік зерттеулер өткізеді, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес тауарлар сатып алу үшін жобалар дайындайды;
• нормативтік құқықтық актілерді өңдеуге қатысады;
11. Ұлттық Банктің тапсырысы бойынша филиал берілген құзырет негізінде
мынандай функцияларды жүзеге асырады:
1) Ұлттық Банк бекіткен жеңілдіктер шегінде ғана мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатады және стып алады;
2) Ұлттық Банктің филиалынан және оның филиалдарынан лицензыя алғандардың
қызметін тексереді;
3) Банктік операциялардың бөлек түрлерімен айналысатын банктерден және
ұйымдардан бугалтерлік, банктік, басқа да есеп берулерді қабылдайды;
4) Құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша банктердің, сақтандыру
ұйымдарының және басқа да банктік операциялар жүргізетін ұйымдардың
қызметін тексереді;
5) Банктердің кассалық жұмыстар бойынша белгіленген талаптарды орындауын
бақылайды;
6) Филиал орналасқан жерде векселдің эмитенті табылған жағдайда
вексельдерді жабу үшін іс – шаралар қолданады;

3 – бөлім. Филиалдың мүлкі, кірісі мен шығысы.

13. Филиалдың құралдары Ұлттық Банктің негізгі құралдарынан және
бюджеттегі лимиттерден тұрады.
Филиалдың негізгі құралдары Ұлттық Банктің балансында белгіленген
ғимараттардан, құрылғылардан және басқа да Ұлттық Банктің мүліктерінен
тұрады.
14. Филиалдың кірістері мен шығыстары Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республиаксының ұлттық Банкі туралы Заңына және Ұлттық банктің
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық Банкте орталықтандырылады.
15. Филиалдың шығыстары Ұлттық банктің бюджетінде жоспарланады.

4 – бөлім. Филиалдың құрылымы мен басқару органдары.

16. Филиал құрамына Ұлттық Банктің директорлар Кеңесі бекіткен, филиал
құрылымына сәйкес бөлімшелер кіреді.
17. Филиалдың директоры филиалдың барлық қызметтрін басқарады және
филиалға қойылған мақсаттардың орындалуы үшін арнаулы жауапкершілік
атқарады.
Директордың Ұлттық Банктің Төрағасы тағайындаған орынбасары болады.
Директор орынбасары – филиалдың Бас бухгалтері . Ол бухгалтерлік есеп және
басқа да филиал бөлімшелеріне жетекшілік жасайды.
Бөлімше бастығы – Ұлттық Банк төрағасымен тағайындалған Бас бухгалтердің
орынбасары. Ол орталық аппарат қызметшілерімен жұмыс істеу бөлімшесіне
жетекшілік жасайды.
Филиал заңгерлері филиал Директорымен тағайындалады.
18. Филиал Директоры өз қызметін қолданыстағы Ереже негізінде атқарады
және де келесі функцияларды орындайды:
1) филиал қызметіне басшылық етеді;
2) Қазақстан Республикасы мен Ұлттық Банктің, Басқару қаулысының,
директорлар Кеңесінің қаулысы, бұйрығы және өкімі негізінде банк қызметі
жөнінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
3) заңды және жеке тұлғалармен Ұлттық Банктің атынан қарым – қатынас
жасайды;
4) өз еркімен өтімділікке ұшыраған банктің немесе сақтандыру ұйымының
өтімділік комиссиясы ұсынған банктің кредиторлар комитетінің құрамын
бекітеді;
5) өз еркісіз өтімділікке ұшырыған банктің немесе сақтандыру ұйымының
бекіту үшін сотқа жіберілген кредиторлар комитетінің тізімін тексереді;
6) лицензия беру туралы шешім қабылдайды;Қазақстан Республикасымен және
Ұлттық Банкпен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сенімхаттар
береді;
7) филиал бюджетін қолдану және жоспарлауды жүзеге асырады;филиалдың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырады;
8) бөлімше басшыларынан есеп алады;
9) филиал құрамындағы құрылымдық бөлімшелер жөніндегі ережелерді
бекітеді;
10) директорлар мен оның орынбасарларына атқаратын міндеттерін бөліп
береді;
11) соттарда Ұлттық Банктің мүдделерін қорғайды;
12) кадрларды таңдау және орналастыру мәселелерін шешеді;
13) филиал қызметкерлерінің мамандық деңгейін жоғарылатуды жүзеге
асырады;
14) белгіленген құзырет шегінде Ұлттық Банктің атынан келісім –
шарттарға және басқа да құқықтық негізі бар құжаттарға қол қояды;
15) банктік операциялар жүргізу үшін банк ғимараттарының дайын екендігі
жөніндегі филиал комиссиясының акті негізінде қорытындыға қол қояды;
16) филиал қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Парақорлыққа
қарсы күрес туралы, Мемлекеттік құпиялар туралы, Мемлекеттік қызмет
туралы Заңдарының талаптарын орындауын жүзеге асырады;
17) филиал қызметкерлерінің демалыс кестесіне қол қояды және оның дұрыс
орындалуын бақылайды;
18) келісім – шарттық, қаржылық және төлем тәртіптерінің дұрыс
орындалуын бақылайды;
19) ағымдағы хат – хабарды тексереді және филиал қызметіне байланысты
заңды және жеке тұлғалардан келген сұрақтарға неғұрлым сапалы жауаптар
дайындайды;
20) филиалдың қолданыстағы Ережеге сәйкес функцияларды орындауын жүзеге
асырады.
19. Ұлттық Банктің бұйрығы негізінде Директор өз құзыретіндегі бөлек
шешім қабылдауларды өзінің орынбасарына немесе құрылымдық бөлімше басшысына
тапсыра алады.

5 – бөлім. Есеп, есеп беру және бақылау.

21. Шығындар мен зияндар есебі, қаржылық есеп баруді жүргізу және
филиалдың баланстан тыс есебінен активтерді қайта көшіру реті Ұлттық Банк
бекіткен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асады.
22. Филиал қызметін тексеру оның жұмысының жоспарының бекітілуіне сәйкес
Ұлттық Банктің орталық аппаратының ішкі тексеру бөлімшелері арқылы жүзеге
асады.

6 – бөлім. Қорытынды ережелер.

23. Қолдағы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Ұлттық Банктің
директорлар Кеңесімен бекітіледі.
24. Филиалдың ашылуы немесе жабылуы жөніндегі шешім Қазақстан
Республикасының Президенті бекіткен Ұлттық Банктің құрылымы мен жалпы
штаттық саны негізінде Ұлттық Банктің директорлар Кеңесінің қаулысымен
қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі
Алматы қалалық филиалының
экономикалық талдау және статистика бөлімі туралы

1. Жалпы ережелер

1.1.Экономикалық талдау және статистика бөлімі (бұдан әрі – бөлім) –
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –
Ұлттық Банкі) Алматы қалалық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2.Бөлім өз жұмысын – осы Ережеде белгіленген өкілеттіктерге және
белгіленген қызметтерге сәйкес жүзеге асырады.
1.3.Бөлім өз жұмысында – Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы,Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен шешімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Алматы қалалық филиалы туралы
Ережелерді, Ұлттық банкі басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, Алматы
қалалық филиалының ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының
ережелерін, режимдік құжаттардың жұмыс талаптарын басшылыққа алады.
1.4.Бөлімнің қызметі – ҚР Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика
депортаментінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығы қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі тиісті методологиялық басшылығымен жүзеге асады.
1.5.Бөлімнің құрылымы мен штаты белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бөлімнің
қызметіне филиал басшылығы жетекшілік етеді.
1.6.Бөлімнің қызметіне – бөлім бастығы жетекшілік етеді. Бөлімнің бастығы
болмаған кезде оның міндеттерін бөлімнің бас экономистерінің бірі –
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі Алматы қалалық
филиалы директорының бұйрығына сәйкес атқарады.

2.Бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттері

2.1.Бөлім – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының
құрылымдық бөлімшесі болғандықтан – Қазақстан Республикасының бекітілген
шараларды тәртіптер негізінде ақша –несие саясатын жүргізуге әсер етеді.
2.2.Бөлім – филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерімен, Алматы қаласының
екінші деңгейдегі банктерімен, Мемлекеттік өкілеттік және атқарушы
органдармен. Ұлттық Банктің жоғарғы құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ
қаланың шаруашылық субъектілерімен іскерлік байланыс жасайды.
2.3.Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратынбанктерге,
олардың филиалдары мен ұйымдарына, олардың клиенттеріне Ұлттық Банк
ұсынған, өздерінің құзырлық шеңберінде ақпараттық қызмет көрсетулерді
жүзеге асырады.
2.4.Алматы қалалық статистика басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі, аймақтағы есеп беруші банктер жөнінде, сондай-ақ филиал
қызметтеріне, аймақтағы әлеуметтік және экономикалық жағдайлар бойынша,
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің және
басқа да ұйымдардың қызметтерінің мәселелері бойынша ұсынылған ақпараттарға
талдау жүргізеді.
2.5.Тоқсан сайын Ұлттық Банктің басшылығына және бөлімшелеріне филиал
қызметіне қатысты, басқа да мәселелер бойынша және республикалық маңызы бар
қаланың төлемдері, ақша айналысы, қаржылық нарық жағдайлары, әлеуметтік-
экономикалық жағдайы туралы талдау материалдарын ұсынады.
2.6.Республикалық маңызы бар қаланың банктерінің және статистикалық
органдарының негізгі мәліметтері бойынша ай сайын жинаған әзірлейді және
шығаруды ұйымдастырады, сондай-ақ бар статистикалық ақпаратты
пайдаланушыларға ұсынады.
2.7.Ұлттық Банкінің Экономиканың нақты секторының кәсіпорындарының
мониторингі автоматтық ақпараттық жүйесі шегінде республикалық маңызы бар
қаланың аймақтық кәсіпорындарына әрқашан сауалнама жүргізеді және ақша-
несие саясатының әсері, қаржылық-экономикалық ахуалы туралы талдау
материалдарының қорытындысы бойынша қалыптастырады.
2.8.Кәсіпорындар мониторингі барысында алынған мәліметтер негізінде, жүйеге
қатысушылар үшін қайтарма сауалдарды қалыптастырады.
2.9.Мониторинг жүйесіне жаңа қатысушыларды тарту жөнінде шараларды жүзеге
асырады және олардың репрезентативтік деңгейіп үстап тұрады.
2.10.Филиал қызметінің шегінде және оған берілген құқықтарға сәйкес Алматы
қалалық Әкімшілігінің қабылдаған шешімдері мен жоспарларын іс жүзінде асыру
үшін филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді. Басшылықтың
тапсырмасы бойынша және қажеттілікке орай филиал қызметі туралы Алматы
қалалық Әкімшілігіне хабарламалар жасайды.
2.11.Операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қаржылық
есеп берулерді және қаржылық есеп берулерге қосымша мәліметтерді алады; оны
тексереді. Қабылдаған есеп берулерді Ұлттық Банкінің орталық аппаратының
тиісті бөлімшелерінеуақытында ұсынады: қаржылық есеп берулерді және
ұйымдардың қосымша мәліметтерін – төлем жүйелерінің басқармасына, несие
серіктестіктері мен ипотекалық компаниялардың есеп берулерін – ақша-несие
және қаржы шолуын құру үшін Зерттеу және статистика Депортаментіне
уақытында ұсынады.
2.12.Басшылық үшін ақпараттық шолулар, баяндамалар, экономикалық сыйпаттағы
немесе басқа да бөлім қызметіне мәселелер бойынша талдау анықтамаларын
жасайды.
2.13.Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша – филиалдың құрылымдық
бөлімшелерімен, екінші деңгейдегі банктермен, басқа да ұйымдармен
техникалық сабақтарды, мәжілістерді,семинарларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қатысады.
2.14.ҚР Ұлттық Банкі қызметіне қатысты ақпараттар жинайды, жергілікті және
ішінара республикалық баспасөздердің мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ
жергілікті баспасөз құралдарынамақалалар жариялауды ұйымдастырады.
2.15.Филиалдың құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық Банктің қызметі туралы
түсініктеме жарияланымдарының кестесін жасау ұсыныстарының жиынтығын
жүргізеді, мақалалар жариялауға қатысады.
2.16.ҚР ҰБ-нің Экономикалық шолу басылымына жариялау үшін филиалдың
бөлімшелері дайындаған мақалаларды жіберумен айналысады.
2.17.Ұлттық Банкінің тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің құзырлығына жататын
мәселелер бойынша соның ішінде құқық қорғау және де өзге органдардың
сұранымдары бойынша, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарды, олардың филиалдарын, банктерді тексеруге қатысады.
2.18.Нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуге қатысады, филиалдың
қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесімдерге
өзгерістер және толықтырулар енгізуге ұсыныстар енгізеді.
2.19.Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес филиалдың,
бөлімнің қызметтеріне тән тәуекелшілікті байқауға және мейлінше аз
тәуекелшілікке бару шараларын жүзеге асырады.
2.20.Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша филиалдың құрылымдық
бөлімшелеріне кеңес береді.
2.21.Ұлттық Банкі филиалының қызметкерлеріне берілген несиелерін жүйеден
тыс есепке алады және несиелерге қызмет жасайды, сондай-ақ Ұлттық Банкі
филиалының жұмыстан шығып кеткен қызметкерлерінің несиелерін өтеулерін
бақылауға алады.
2.22.Белгіленген мерзімде Ұлттық Банкке бюджетті қалыптастыру үшін, табыс
пен шығын болжамдарын,қызмет көрсетулер және жұмыс, тауарларды мемлекеттік
сатып алулар жоспарын, сондай-ақ табыс пен шығын болжамдарын,қызмет
көрсетулер және жұмыс,тауарларды мемлекеттік сатып алулар мониторингін,
бюджетті орындау (шығыс сметаларын) талдау ақпараттарын ұсынады.
2.23.Жеке және заңды тұлғалардың сұранымдары бойынша қайта қаржыландырудың
ресми ставкасы бойынша ақпараттар ұсынады.
2.24.Азаматтардың сұранымдарын қарайды және Қазақстан Республикасының Бас
Прокуратурасының Арнайы есепке алу және Құқық жөніндегі статистика
комитетінің тиісті аймақтық органына азаматтарды қабылдау нәтижелеріне
туралы жарты жылдық статистикалық есеп беруге енгізу үшін мәліметтер
дайындайды.
2.25.Бөлім – Ұлттық Банктің тапсырмасымен және тапсырылған өкілеттілікке
байланысты банк несиегерлердің банктік несие ресурстары бойынша және Ұлттық
Банк ұсынған банктік несиелерді олардың клиенттерінің мақсатты
пайдалануларын, сондай-ақ банктік несиелерді пайдаланғандары үшін сыйақы
ставкаларының есептелуін жүзеге асырады.

3.Қорытынды ереже

3.1.Осы ережеге – директор немесе оны ауыстыратын адам белгіленген
тәртіппен бекіткеннен кейін ғана енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
рас деп есептеледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі
Алматы қалалық филиалының
статистика және төлем балансы бөлімі туралы

1.Жалпы ережелер

1.1. Статистика және төлем балансы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) – Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұлттық Банкі)
Алматы қалалық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2.Бөлім өз жұмысын – осы Ережеде белгіленген өкілеттіктерге және
белгіленген қызметтерге сәйкес жүзеге асырады.
1.3.Бөлім өз жұмысында – Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы,Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен шешімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы,Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Алматы қалалық филиалы туралы Ережелерді,
Ұлттық банкі басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, Алматы қалалық
филиалының ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының ережелерін,
режимдік құжаттардың жұмыс талаптарын басшылыққа алады.
1.4.Бөлімнің қызметі – ҚР Ұлттық Банкінің төлем балансы және валюталық
реттеу депортаментінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығы
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті методологиялық басшылығымен жүзеге
асады.
1.5.Бөлімнің құрылымы мен штаты белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бөлімнің
қызметіне филиал басшылығы жетекшілік етеді.
1.6.Бөлімнің қызметіне – бөлім бастығы жетекшілік етеді. Бөлімнің бастығы
болмаған кезде оның міндеттерін бөлімнің бас экономистерінің бірі –
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі Алматы қалалық
филиалы директорының бұйрығына сәйкес атқарады.

2.Бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттері

2.1.Бөлім – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының
құрылымдық бөлімшесі болғандықтан, Ұлттық Банктің директорлардың
жиналысымен бекітілген – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік
мекемесі Алматы қалалық филиалының ережесіне сәйкес қызметтерін атқара
алады.
2.2.Бөлім – филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерімен, Алматы қаласының
екінші деңгейдегі банктерімен, Мемлекеттік өкілеттік және атқарушы
органдармен. Ұлттық Банктің жоғарғы құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ
қаланың шаруашылық субъектілерімен іскерлік байланыс жасайды.
2.3.Бөлім келесі қызметтерді атқарады:
1.Заңға сәйкес капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды
тіркеу.
2.Ішкіэкономикалық қызметі бар кәсіпорындардың аумақтық тіркелімін
актуалдандыру және қалыптастыруды жүзеге асырады.
3.Несиелік және инвестициялық тізілімді және басқа да операциялар
тізілімінқалыптастырады және актуалдандырады.
4.Мемлекеттің төлем баланстың баптарын қалыптастыру үшін,
алымдарды,автоматтандырылған өндеуді бекітілген нысанмен және ақпаратпен
Ұлттық Банке ұсынуды жүзеге асырады:
- инвестиция, несие және Алматы қаласының шаруашылық субъектілерін қарату
туралы
- ішкісаудалық операциялар туралы;
- мемлекеттегі резидент емес алдында талабтары мен міндеттері туралы;
- халықаралық қызметтер туралы;
-төлем баланстың алым мен өндеу туралы деректер жүйесіне респонденттерден
алынған ақпаратты талдау және енгізу.
5.Төлем балансы мен капитал қозғалысымен байланысты сұрауларына жауап беру
үшін клиенттермен ақыл-кеңестік жұмыстарды жүргізеді.
6.Төлем баланстың бөлек баптарын бағалау үшін Ұлттық Банк ұйымдастырған
зерттеулерге қатысады.
7. Бөлімшенің қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге
қатысады.
8.Филиал басшылығына бөлімшенің қызметіне байланысты ақпараттарды ұсынады.
9.Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша – филиалдың құрылымдық
бөлімшелерімен, екінші деңгейдегі банктермен, басқа да ұйымдармен
техникалық сабақтарды, мәжілістерді,семинарларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қатысады.
10.Бөлімшенің құзыретінде сұраулары бойынша филиалдың құрылымдық
бөлімшелеріне ақыл-кеңес береді.

3.Қорытынды ереже

3.1.Осы ережеге – директор немесе оны ауыстыратын адам белгіленген
тәртіппен бекіткеннен кейін ғана енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
рас деп есептеледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі
Алматы қалалық филиалының
Валюталық операцияларды бақылау бөлімі туралы

1.Жалпы ережелер

1.1. Валюталық операцияларды бақылау бөлімі туралы (бұдан әрі – бөлім)
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –
Ұлттық Банкі) Алматы қалалық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2.Бөлім өз жұмысын – осы Ережеде белгіленген өкілеттіктерге және
белгіленген қызметтерге сәйкес жүзеге асырады.
1.3.Бөлім өз жұмысында – Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы,Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен шешімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы,Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Алматы қалалық филиалы туралы Ережелерді,
Ұлттық банкі басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, Алматы қалалық
филиалының ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының ережелерін,
режимдік құжаттардың жұмыс талаптарын басшылыққа алады.
1.4.Бөлімнің қызметі – ҚР Ұлттық Банкінің т-лем балансы және валюталық
реттеу депортаментінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығы
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті методологиялық басшылығымен жүзеге
асады.
1.5.Бөлімнің құрылымы мен штаты белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бөлімнің
қызметіне филиал басшылығы жетекшілік етеді.
1.6.Бөлімнің қызметіне – бөлім бастығы жетекшілік етеді. Бөлімнің бастығы
болмаған кезде оның міндеттерін бөлімнің бас экономистерінің бірі –
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік мекемесі Алматы қалалық
филиалы директорының бұйрығына сәйкес атқарады

2.Бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттері

2.1.Қазақстан Республиканың Ұлттық Банктіңвалюталық реттеу облысында
жүргізілетін ақша-несие саясатын жүзеге асыруды жәрдемдеседі.
2.2.Қызметтің бөлек түрлерімен байланысты валюталық құндылықтарды
пайдалануду лицензиялау.
2.3.Алматы аумағында уәкілетті банктер және валюталық заңына сәйкес
уәкілетті ұйымдарды бақылаудың сақталуы.
2.4.уәкілетті ұйымдардың қызметін реттеу.
2.5.Алматы аумағында Ұлттық Банк бекітілген шаралары бойынша ақша-несие
саясатын жүргізуге жәрдемдеседі.
2.6.Тоқсан сайын экономикалық талдау және статистика бөліміне Алматы
қаласының валюталық нарытың жағдайы туралы аналитикалық деректер және
уәкіл ұйымдардың қызметі туралы ақпараттар тоқсан сайын Ұлттық Банке
жіберіледі.
2.7. Бөлшек сауданы жүзеге асыру үшін және қолма-қол шетел валютаға
атқарылған қызметтері үшін лицензияларды қайтарып алу және беру.
2.8.Заңмен белгііленген тәртіп бойынша заңды тұлғамен жүргізілетін ұйымның
шетел валютаның айырбас операцияларын қайтарып алу іс-әрекетті тоқтату.
2.9.Уәкіл банктерді және уәкіл ұйыдардың айырбастау орталықтарын
тіркеу,айырбастау орталықтарына тіркеу куәліктерін беру және оның қызметін
тоқтату.
2.10.уәкіл ұйымдар мемлекеттік тіркеуден өту үшін әділет органдары рұқсат
береді және де уәкіл ұйымдар немесе жаңа баспа жарғысына кіретін
толықтырулар мен өзгерістерді алдын-ала қарайды.
2.11.заңды және жеке тұлғаның сұранымы бойыншаҚазақстан Республикасының
ұлттық валютаның ресми бағамы шетел валютаның бағамына, шетел валютаның
теңгеге және қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне байланысы туралы ақпараттар
ұсынады.
2.12.уәкіл банктерді және уәкіл ұйымдарды және де Қазақстан Республиканың
валюталық заңның талаптарын сақтайтын басқа да тұлғаларды тексеруді жүзеге
асырады.
2.13.Белгіленген тәртіп бойынша Ұлттық Банке филиал барлық өткізілген
тексерулер бойынша ақпаратты ұсынады.
2.14.Белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік құқықбұзышылық туралы хаттама
дайындайды және оны Ұлттық Банктің уәкіл лауазымды тұлғаға немесе сотка
қарастыруға жіберіледі.
2.15.Құқықтық статистика органдарына тексерулер бойынша есептік құжаттарды,
әкімшілік істер туралы хабарламаны жібереді және тәртіп бойынша белгіленген
заңына сәйкес құқықтық статистика огандарымен салыстыруды жүзеге асырады.
2.16. Құқықтық нормативтік актілерді дайындауына қатысады, Ұлттық Банктің
басшылығына көбінесе бөлімшенің қызметіне тиісті нормативтік құқықтық
актілердің өзгерістері мен толықтырулары бойынша ұсынуларды енгізеді.
2.17.Берілген лицезиялардың,тіркелген куәліктердің, әділет органдарында
тіркелу үшін рұқсаталу есебін жүргізеді.
2.18.Ұлттық Банке статистикалық есеп беру және басқа да ақпаратты
белгіленген уақытта ұсыну.
2.19.Бөлімнің құзыретіне енетін сұранымына ақыл-кеңестік жұмыстарды
жүргізеді.
2.20.Статистикалық бюллетеньге енетін ақпаратты экономикалық талдау және
статистика бөлімі белгіленген уақытта берілуі тиіс.
2.21.Бөлімнің құзыретіне енетін сұраулар

3.Қорытынды ереже

3.1.Осы ережеге – директор немесе оны ауыстыратын адам белгіленген
тәртіппен бекіткеннен кейін ғана енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
рас деп ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі жөнінде
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақсаттары туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы ақпарат туралы мәлімет жайлы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь