Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты


МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3-6
: 1
Кіріспе: СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
3-6: 7-28
: 1. 1
Кіріспе: Апелляциялық өндірістің түсінігі, міндеттері және маңызы
3-6: 7
: 1. 2
Кіріспе: Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау институтының пайда болуы мен дамуы
3-6: 18
: 2
Кіріспе: ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУГЕ НЕГІЗДЕР
3-6: 29-63
: 2. 1
Кіріспе: Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі
3-6: 30
: 2. 2
Кіріспе: Соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән-жайына сәйкес келмеуі
3-6: 36
: 2. 3
Кіріспе: Қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы
3-6: 45
: 2. 4
Кіріспе: Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі
3-6: 57
:
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ
3-6: 64-69
:
Кіріспе: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3-6: 70-74

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға, бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздерге, апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру тәртібі мен шарттарына, адам және азаматтардың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттілігі, маңыздылығы және рөлі, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың сот қателіктерін жіберу салдарына және әділ сот талқылауын тағайындаудағы апелляциялық сатыдағы соттың шығарған шешімінің ықпал ету мәселесіне арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Апелляциялық тәртіппен қылмыстық істі қарау барысында үкімнің күшін жою немесе өзгерту негіздерін жан-жақты зерттеп, толық мағынасын ашу және бірінші сатыдағы соттың шешімін қайта қарау институты ретінде апелляцияның тиімділігін жоғарғы дәрежеге жеткізу дипломдық жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

Сот шешіміне шағымдану құқығы - қылмыстық процесте адам және азамат құқықтары мен заңды мүдделері қорғалуының кепілі болып табылады.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында : «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылуына және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуына кепілдік берілсе, онда осы баптың 2-тармағында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады және олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп бекітілді [1, 6 б. ] .

Өкінішке орай, адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері жиі бұзылып жататындығы белгілі жағдай. Өмір сүріп отырған қоғамымыз адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жетілдіруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2011 жылдың 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына: «Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық» - деп атап көрсетілген [2] .

Осыған орай, қылмыстық сот өндірісіндегі адам құқықтарының ең негізгі және басты кепілдігі болып қылмыстық процеске қатысушының сот үкімін жоғары тұрған сотқа қайта қарату құқығы табылады. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру - сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын анықтауға және оларды жоюға бағытталады.

Дәл осы мәселеге байланысты соңғы жылдары көптеген еңбектер жазылуда. Оның өзі бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау иститутының қылмыстық процесте ерекше орынға ие екендігін көрсетеді.

Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты ретінде апелляциялық саты және кассациялық өндіріс әділ сот талқылауының қосымша кепілдері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, тараптар заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне заңда көзделген ережелерге сәйкес апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасауы және наразылық білдіруі мүмкін.

Апелляциялық өндіріс - заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне (үкімдеріне, қаулыларына) шағым жасау мен наразылық білдіруге байланысты қылмыстық істер бойынша екінші сатыдағы соттың жүзеге асыратын заңмен реттелген қызметі [4, 394 б. ] .

Жалпы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау, соның ішінде апелляциялық өндіріс институтының болуы, сот қателіктерін анықтау және оларды жою қажеттілігіне байланысты туындап отыр. Сондықтан сот шешімін қайта қарау институты соттың қызметінде ерекше орын алады.

М. С. Строгович: «Тараптар үшін апелляциялық шағымдану олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілі әрі нышаны болып табылады. Айыпталушы және оның қорғаушының үкімге шағымдану құқығы - айыпталушының қорғану құқығының жүзеге асырылуы, ал жәбірленуші үшін - қылмыспен бұзылған заңды мүдделерінің сақталуының кепілі болып табылады» [7, 362 б. ] .

Заңға сәйкес сот үкімі заңды әрі негізді болуға тиіс. Сондықтан, апелляциялық өндірісте үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз ретінде ең алдымен үкімнің заңсыз әрі негізсіз болуы себеп болады.

ҚР ҚІЖК-нің 412-бабында үкімнің күшін жоюдың немесе оны өзгертудің негіздері көрсетілген. Оларға:

1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместілігі;

2) үкімде көрсетілген сот тұжырымдамаcының сәйкессіздігі;

3) қылмыстық іс жүргізу заңының бұзылуы;

4) қылмыстық заңның дұрыс емес қолданылуы;

5) сотталушының жеке тұлғасы мен қылмыстың ауырлығына жазаның сәйкессіздігі жатады.

Келтірілген негіздер сот әділдігінің негізгі принциптерінің, соның ішінде сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы (11-бап), заңдылық (10-бап), қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау (15-бап), кінәсіздік презумпциясы (19-бап), сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде (21-бап) және сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру (23-баптар), істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу (24-бап) және т. б. принциптердің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Алғашқы екі негіз үкімнің негізсіздігі деген ұғымның мағынасын, ал қалған үшеуі үкімнің заңсыз деген мағынасын ашады [7, 378 б. ] .

Сот үкімдерін қайта қарау мәселесіне байланысты көптеген кеңестік және қазіргі заманғы ғалымдардың мақалалары мен еңбектері жарияланған. Олардың ішінде, яғни: М. М. Гродзинский. Кассационное и надзорное производство в советском уголовном процессе; М. С. Строгович. Проверка законности и обоснованности судебных приговоров; И. И. Мухин. Кассационное обжалование, опротестование и паресмотр приговоров; А. Л. Ривлин. Организация суда и прокуратуры в СССР; С. А. Пашин. Проблемы доказательственного права; Т. Айтмухамбетов. Некоторые вопросы законодательства об апелляционном производстве және т. б. еңбектерді атап өтуге болады.

Жоғарыда айтылған негізінде қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау, соның ішінде үкімді апелляциялық тәртіппен жоюдың және өзгертудің негіздері мәселесін әлі де болса тиянақты түрде зерттеу, бұл мәселелерді Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, зерттеу таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу жұмыстың объектісін апелляциялық тәртіппен қылмыстық істерді қарау барысында бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдері, шешімдері мен қаулыларының күшін жоюға немесе өзгертуге байланысты негіздерді қамтитын құқықтық қатынастарды құрайды.

Зерттеу пәні болып апелляциялық тәртіппен қылмыстық істерді қарау барысында үкімнің күшін жою немесе өзгерту кезінде соттардың қызметін реттеудің ұйымдық - құқықтық негізі, сондай-ақ соттардың үкімді немесе қаулыны заңсыз және негізсіз шығарған жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың істі қайта қарау өкілеттегі табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты - апелляциялық тәртіппен қылмыстық істерді қарау барысында үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздерді анықтап, апелляциялық өндірістің мазмұнын анықтау мақсатымен оның тарихына шолу жасау, сондай-ақ апелляциялық сатының адам мен азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында баянды етілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы басым бағыттары мен негізгі міндеттерін айқындап, мүмкіндігінше нақты белгілеу.

Зерттеу жұмысын жазудағы басты міндеттер:

−апелляциялық өндірістің түсінігін, міндеттерін және маңызын анықтау;

−заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау институтының пайда болуы мен дамуын зерттеу;

−сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігін қарастыру;

−соттың үкімде айтылған тұжырымдарының істің нақты мән-жайына сәйкес келмеуін айқындау;

−қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуын зерттеу;

−қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне байланысты мәселелерді қарастыру.

Зерттеудің деректік негізі жұмыстың теориялық базасына қатысты зерттеу - зерделеу іс-шараларына атсалысқан және ғылыми ізденіс жасау жұмыстарын жүзеге асырған, сондай-ақ қазіргі кезге дейін мәселені зерттеу ісін жалғастырып жүрген еліміздің және шет елдердің К. Ф. Гуценко, Ү. Ө. Нұрмашев, М. М. Строгович, Т. Айтмухамбетов, Л. Ш. Берсугурова, С. З. Зиманов, А. Л. Ривлин, М. М. Гродзинский, П. А. Лупинская, З. Ж. Кенжалиев, А. Т. Бажанова, К. Керимова, Ж. Әлдибеков, А. Алектров, Ш. Уалиханов сияқты ғалымдардың еңбектері болып табылады.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы. Жұмыстың негізгі нормативтік базасына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтiк қаулылары құрайды.

Зерттеу жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс - зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден, алты тараудан құралатын екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 412-бабында көрсетілген үкімнің күшін жою немесе өзгерту негіздеріне байланысты апелляциялық өндірістің анықтамасы берілді. Оған сәйкес, «апелляциялық өндіріс - бұл бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларының, өзге де шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін, істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексеретін қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы» болып табылады. Сонымен қатар, сот үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер, яғни сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместілігі; үкімде көрсетілген сот тұжырымдамаcының сәйкессіздігі; қылмыстық іс жүргізу заңының бұзылуы; қылмыстық заңның дұрыс емес қолданылуы; сотталушының жеке тұлғасы мен қылмыстың ауырлығына жазаның сәйкессіздігі жан-жақты зерттелді, апелляциялық саты мен кассациялық өндіріс арасында салыстырмалы талдау жүргізілді.





1 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ҮКІМДЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ИНСТИТУТЫ

  1. Апелляциялық өндірістің түсінігі, міндеттері және маңызы

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, онық ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1, 4 б. ] . Осыған сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2011 жылдың 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына: «Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық» - деп атап көрсетілген [2] .

Аталған жолдауға сәйкес, құқық қорғау жүйесі саласында жүргізілген елеулі реформадар аясында 16 заң қабылданған. Меншікті қорғаудың құқықтық механизмі енгізілген, қоғам үшін аса қауіпті емес қылмыс бойынша қылмыстық заңнаманы гуманизациялау жүргізілген, бас бостандықтан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану аясы кеңейтілген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу немесе толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.

Жоғарыдағы аталған ескере отырып, қазіргі құқықтық мемлекетте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары басты орында және олардың орындалуына мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңда көзделген барлық әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс.

Елде құқықтық мемлекет принциптерін одан әрі бекіту процесінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды [3] .

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін біздің Конституция талап ететіндей, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін жағдай жасау болып табылады.

Осы жерде тұлғалардың соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне апелляциялық тәптібімен шағым жасау немесе наразылық білдіру құқығы, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының бірден бір конституциялық кепілдігі болып табылады.

«Апелляция» термині латынның «appellacio» - «жүгіну» деген сөзінен шыққан. Яғни бұл істі қараған төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған апелляциялық сотқа жүгіну табылады.

Тараптар заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне заңда көзделген ережелерге сәйкес апелляциялық тәртіппен шағым жасауы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оның өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.

Қазақстандық сот жүйесінің негізін айқындайтын акт болып Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңы табылады. Оған сәйкес, мемлекеттің сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды.

Соттардың қызметтік маңызы олардың сот сатыларына бөлінуден анықталады. Заңнама анықтағандай, бірінші сатыдағы сот - істі мәні бойынша қарайтын; ал екінші сатыдағы сот - бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдеріне берілген апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды; қадағалау сатысы - заңды күшіне енген сот шешіміне тараптардың шағымдарын қарайды.

Соңғы екі саты яғни, апелляциялық саты заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қараса, ал қадағалау сатысы заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдерді қарастырады. Бұл екі сатыға қоса заңнама адам және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қосымша қамтамасыз ету мақсатында үкімдер мен шешімдерді қайта қарайтын тағы бір саты енгізді, яғни жаңа ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау [8, 117 б. ] .

Апелляциялық шағымның, наразылықтың болуы - істі апелляциялық тәртіппен қараудың бірден бір шарты болып табылады. Аталған шағымның немесе наразылықтың заңмен көзделген мерзімдерде және тиісті сот органына берілуі, екінші сатыдағы сотты аталған шағымның дұрыс берілмеуіне қарамастан, істі қарауға міндеттейді [5, 394 б. ] .

ҚР ҚІЖК-нің 47-тарауы апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау мәселесіне арналған. Оған сәйкес, апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар берілгеннен кейін, екінші сатыдағы сот үкімнің әділ екіндігіне, оны шығару кезінде заңның барлық талаптары сақталғандығына, адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмағандығына толыққанды көз жеткізуі керек. Тек содан кейін берілген шағым немесе наразылық бойынша заңды және негізді шешім қабылдауы тиіс.

Апелляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.

Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.

Сондықтан, апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.

Апелляциялық өндірістің түсінігін толық ашу үшін кейбір ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталайық.

Ұ. Нұрмашевтің айтуы бойынша, апелляциялық саты (екінші) сотындағы өндіріс - бұл бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларының, өзге де сот шешімдерінің заңдылығы, негізділігі мен әділеттілігі жөніндегі сотталушыдан, жәбірленушіден, олардың қорғаушыларынан түскен арыздарды, сондай-ақ айып тағушының наразылығын екінші сатыдағы сот тексеретін қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы [6, 254 б. ] .

К. Ф. Гуценко: «Апелляциялық өндіріс - заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне (үкімдеріне, қаулыларына) шағым жасау мен наразылық білдіруге байланысты қылмыстық істер бойынша екінші сатыдағы соттың жүзеге асыратын заңмен реттелген қызметі» [5, 394 б. ] .

М. С. Строгович: «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртібімен қарау - төменгі соттардың қызметіне жоғарғы сатыдағы соттардың қадағалауды жүзеге асырудың бір нысаны, әдісі» [7, 362 б. ] .

Апелляциялық өндірістің мәні мынада:

−сот шешімдеріне шағым беру мен наразылық келтірудің еркіндігінде;

−үкімнің заңдылығы мен негізділігін міндетті тексеруде;

−іс материалдарын тексеруде;

−қосымша дәлелдемелерді қарастыру мүмкіндігінде;

−сотталушының жазалу мерзімінің ұзартылуына немесе неғұрлым ауыр қылмыс жөніндегі заңды қолдануға жол бермеуде.

Апелляциялық өндіріс аса маңызды мәселелерді шешуіне байланысты оның маңыздылығы келесімен анықталады:

−үкімнің заңды және негізді болуына ықпал етеді, себебі екінші сатыдағы сотқа азаматтардың, сот шешімдеріне шағым жасау мен наразылық білдіру мүмкіндігі, соттың, прокурордың, алдын ала тергеу жүргізген органның істі тергеу кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеуіне түрткі болады;

−заңсыз және негізсіз үкімдердің (қаулылардың, шешімдердің) атқарылуына тосқауыл қояды;

−жоғары тұрған соттың төменгі соттың қызметіне қадағалаудың болуына ықпал етеді. Апелляциялық тәртіппен істерді қарау кезінде, соттар іс бойынша орын алған қателіктерді, заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жою жөнінде нұсқау береді; заң нормалары мен талаптары сақталмай берілетін апелляциялық шағымдардан дәлелді түрде бас тартады;

−сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері өз құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін сот шешімдеріне, апелляциялық тәртіппен шағым жасап және наразылық келтіруге құқылы. Ал екінші сатыдағы сот бұл шағымдарды, наразылықтарды қарастыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың жойылуына және болашақта қайталанбауына байланысты барлық шараны қолдануы тиіс. Аталған өндіріс - тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерінің қылмыстық - процессуалдық кепілдігі болып табылады.

−апелляциялық өндіріс - соттардың қызметінің заңдылығын және осы негізде тергеу жүргізетін органның заңдылықты сақтауына ықпал ететін, қадағалаудың процессуалдық нысаны [5, 395 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Заңды күшіне еңбеген сот үкімдері және қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері
Қазіргі уақытта Қазақстанда сот шешімдерін қайта қарау институты
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау
Құқық ұғымы және түсінігі
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
Қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz