Христиан, араб-мұсылман мәдениеті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
  1. Христиан әлемі мәдениеті
  2. Араб-мұсылман дәстүрлі мәдениеті
  3. Жаңа дәуір және Ренесссанс мәдениеті

Қайта өрлеу

Ренесссансс және жаңа дәуір (XVII-XVIII) мәдениеті.

Европа мен Азияда орта ғасырдың басында ежелгі және антикалық мәдениеттің негізінде; Шығыс-Қытай, Үнді, Араб-мұсылман, грек-византиалық және жер Орта теңізінің мәдени-тарихи аймақтары пайда болды. Бұлардың құрылуының идеологиялық негізінің доминанты (басым жағы) (барлығынан жиі-жиі дін) және тіл араласу мен мәдениетті тарату құралы ретінде болды.

Еуропа мәдениеті үш аймақтың: грек-византиялық, жер орта теңізі және араб-мұсылмандарының зор әсері мен қалыптасты және дамыды. Еуропа олардың маңызды жетістіктерін игерді және осының негізінде өз мәдениетін жасады. Қайта өрлеу дәуірінен бастап Еуропалық мәдениет деп атайды. Бұл мәдениеттің пайда болуы мен дамуының негізгі болатын элеметтері христиан діні идеясы және латын тілі мәдениет тілі ретінде және онымен байланысты араласу құралы болды.

Ортағасыр мәдениеті әдетте үш кезеңге бөлінеді:

1. Ортағасыр-феодалдық қоғамның қалыптасу уақыты

Ертедегі Еуропа елінде V-X ғғ, (ал Азия елінде II-XIғғ)

2. Классикалық ортағасыр-феодализмнің даму кезеңі XI-XVғғ.

(ал азия елінде XVI қоса алынады) Романдық кезең.

3. Ең соңғы ортағасыр-феодализмнің ыдырауы мен

капитализмнің дүниеге келу кезеңі XVI ғ мен XVII

ғасырдың ортасы (Шығыс XVII-XIX ғғ) .

Бұлай бөлу қайта өрлеу дәуірін ерекше бөлмейді, тек соңғы кезеңіне қоса қояды.

Ортағасырдың V-VIII ғасырлары ауыр ой туғызатын ұғым ретінде пайда болды. Оны «қараңғы» уақыт дейді онда ұлы халықтардың көшіп-қонуы арқасында IX ғасырда Еуропада мемлекеттің бір-бірінен ажырауы мен қалыптасуы басталды.

«Оратғасыр» деп бұл терминді тарихшылар Батыс Рим империясының қирауынан бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі кезеңді үшін қолданды.

Рим империясының қираған орнында пайда болған феодалдық қоғам, оның алдында болған мәдениеттен ерекше жаңа мәдениетті дүниеге алып келді. Бұл дәуірдің және оның мәдениетінің еккшелігі оның діни сипатында.

Б. з. б. I мың жылдықтың бірінші жартысының аяғында Палесоннада әлемдік ең бір ежелгі монотсистік дін қалыптасты. Б. з. б. VII ғ аяғында Иудей патшасы Иосия діни-саяси реформа жүргізді, осның нәтижесінде жалғыз ғана Яхве құдайға табыну болды. Иудаизмнің монотекстік дін ретінде қалыптасуы, ондағы бірғана Яхве құдайына мойындау және оған табыну, бұл жоғарғы дінге деген ағашалғашқы қадам, айналадағы барлық заттарға қарағанда оны жоғары санады.

Иудаизмнің монотекстік ерекшелігі келешек туралы түсінік бүгінгі күннен артық болатынын көрсетті. Иудаизмде прогресс идеясы, тіпті қарапайым мифологиялық түрде болды. Бұл идея гректер мен Римляндықтарда болмаған, олар барлық жақсылықтардың бәрін өткен өмірмен, жоғалып кеткен, «алтын ғасырмен» байланыстырып отырды. Иудей пайғамбарлары еврейлерді құдай сүйген халық Яхвемен келісім арқылы байланысты екенін седірді.

Палестнаның өзінде пайғамбарларға деген қатысы әртүрлі болды. Саяси қозғалыстар, негізгі дінен бөлінген топ секторлар оның ішінен есейлер болды. Ессейлер қауымдық өмір нанымының ақиқаттық екнін білдіреді деп санады. Ессейлік қоғамдық өзіндік орталығы кумрандық қауым болды. Оның мүшелерін «Жаңа өсиет»(новый завет) деп атады. Көптеген қауымның ішінде жаңа келісімнің адаммен құдай арасында керектігі туралы идея, онда тұлғаға деген жоғарғы өнегелік талап қою керектігін пайда болды. Ол кездегі көне өсиет (Ветхий Завет) оларды қанағаттандырмады. Солай болғандықтан қауымдастықтардың жоруынша оны ақиқат сенімнен безген еврейлер қоғамының топтары мойындады деп есептейді. Қауымдастықтар одан құтылуда күтті, оны нақты біреу әкеледі деп есептейді. Көне өситеттен оның растығын іздеді, келешектегі құтқарушы, ежелгі Давия патшаның тұқымы болады деп есептеді.

Осы кезде Рим империясының бір провинциясы болып саналатын. Иудейде бір адам пайда болады, оны діндар адамдар (дінге сенуші) еврейлер мессия немесе христос құдайдың баласы - ежелгі еврей тілінде Машиах деп аталды. Бұл адамды Йешуа-Қорғаушы, оның құдайда пайда болғанына сеніп оны Йешуа Машиах деп атады. Оны аударғанда маңдайына бақ қонған (пешенесі аылған) құдай (тәңір) деп атады. Кейінірек бұл ат ежелгі грек транскрипциясында Инсус христос.

Иудаизм мен християндық діннің негізгі ерекшелігі, оны христос өзінің уағаздауында былай көрсетті. Тек еврей халқына ғана емес, жалғыз құдайға сенген адамдарға арналған және Иисусты құдай баласы деп мойындайтындарға, қай ұлттың өкілі болсын, осыған дейін қай дінге болса да, оған қарамай, оның жалғыз құдайды мойындауы ескеріледі.

Мұның қортындысы Иисус еврейлердің тілегі бойынша сотталып, крестке керіп тастады (қол-аяғын керіп шегелеген) . Құдайдың баласы ретінде үш күннен кейін тіріліп, өзінің уағызының ақиқатты ілім екенін дәлелдеген.

Иудаизм - ұлттық дін, онда бір халықты құдайдың сүйіктісі деп есептейді, христиан діні болса, халық емес әр жеке адам мойындалынады.

Христиа діні ретінде I ғ. бірінші жартысында ежелгі еврейлердің діні Иудаизмнен шықты.

Сондықтан христиан діні жылдам тарап, көп халықтың дініне айналды. Қазіргі заманды христиан дінін ұстау саны 1млд адамға жетті.

Библияда монотекстік түсініктің қалыптасуының логикасы бейнеленді. Сонымен бірге ұлттық діннің ұлттан жоғары және жалпы адамзаттық дінге (христиандық) айналуының айрықша дамуы.

Библия Веткого (көне) және нового (жаңа) өсиеттен тұрады. Бұлардың арасындағы айырмашылық не? Көне өсиетті Иудаизм мен христиандық дін мойындаса, жаңа өсиетті тек христиан діні ғана қабылдайды. Көне өсиет заңның басымдық идеясын көрсетеді. Жаңа өсиет болса, тұлғаның басымдық идеясын көрсетеді. Осылайша Библияның жаңа өсиетінде адамның құдайға жақындау идеясын білдіреді, құдай-әкенің дінінен құдай-балаға өтуін іске асырады, адамдарға Христос бейнесінде келуі-Құдай адам бейнесінде адамдарға назар аударып, олардың жер бетіндегі азаптық өмірін бірге көрді (бөлісті) . Құдай оны сүйеді, сүйіспеншілікте ғана адам құдайға жақындайды, сүйіспеншілік тұлғаның негізі.

Библия дінге сенушілердің рухани керекті сауалын қанағаттандырады. Діни сеніммен бармайтындарға қатынасы барма? Бар. Библияның мәні діни қажеттіліктен зор, оның арғы жағына да (жатыр) қажет. Онда көптеген мәлімет бар: адамдардың қарапайым қатшасы, іс туралы, лайықты еліктеуі, немесе өкініші туралы. Библия біріншіден құдайлар емес, адамдар әлемі туралы, бірақ бұл әлем түсінігі, адамның қандай болатыны туралы. Сондықтан, 2мың жылдар бойы миллиондаған адамдардың рухтанушылғының қайнар көзі болып келеді. Сонымен бірге Библия өмірдегі әр алуан құбылыстардың сапасы туралы түсініктердің қайнар көзі, яғни ол бейнелердің кең орны болады, әлдеқандай абстракты ұғымды түсінуге көмектеседі.

Қытайлықтарда мұндай ролді «И-цзин» кітабы атқарады. Кейбір Билияны зерттеушілер бір қатар түсініктерді құрастырады, олар библиядық бейнеге сәйкес. М: ақыл-ой қайнар көз, (противорегия) қайшылық-от, негіз-тас, тағдыр (бақыт) - жер, қуаныш-кемпір қосақ.

Жаратылу идеясы, аян беру идеясымен тікелей байланысты, адамдарға қандайда білім алуға жол ашық, яғни ол құдайдың аянында берілген, адамның барлық әлем және құдай туралы білімді құдайдың өзі ашқан, яғни білімнің өзі құдайдың жаратуының нәтижесі болады.

Ертедегі ортағасырдан бастап христиан діні, оның шіркеуі қоғам өмірі өрк барлық жағын игерудің әдісін іздеді. Соның бірі ересь (үстемдік еткен дінге қарсылығығы бар діни ілім) . Бұл ресми дінге қарсы «азғындық» ілімді қолдаушылар құдайдың әлемдегі ерекше мәні туралы жоққа шығарды, Христос және Мария-қызы көптің бірі, қарапайым адамдар деп есептеді. V ғ. несториандар (нестор деген константинполдық патриархтық атымен) Христос дүниеге адам болып келеді, содан соң ғана құдай баласы немесе Мессии болды дейді. Олардың ойынша Христоста құдайлық пен адамдық ерекшелік біріктірілген, өз алдына салаыстырмалы болып қала береді. Ал ерестің басқа түрі-монофизистволық (monos-біреу, physis-табиғат), олардың ойынша, екі табиғат, қан мен тән Христоста бірігіп қосылып қана қоймай, құдайлықты, адамдықты бойына сіңірген.

1054ж.

Батыс пен Шығыстың бөлінуі: теологиялық айтысқа филиокве (от filigue және баладан) яғни қасиетті рух тек Құдай-Әкеден (визиантиялық теология ***ктердің пікірінше) немесе Құдай-Әкеден және Құдай баладан дегенді Римдіктер ддәлелдеді. 1054ж. екі шіркеу православке және католиктік болып бөлінді.

Папаның еретикалық ілімге қарсы күресінің құралы инквизация (indusito-тергеу, іздену) -католик шіркеуінің мекемесі. XIII ғ. шіркеу жүргізіп отырған діни әрекетке қарсыларды, сот, полиция ұйымдарды ерекше қудалады. Келешекті болжаушылар мен көргендік көрсеткендерді дін иелері жын-шайтан күштеріне қатысы бар деп кінәләді және жын-шайтанға көмектесті деген айып тағылып, өлім жазасына бұйырып, өртеп жіберді. Батыс Еуропада олардың саны 3 адамға жетті.

XII-XIII ғ. католик шіркеуі мен папа үстемдігі қоғамдық өмірде өте үлкен рөл атқарды. Осы кездегі ең құдіретті папа Инкокентийдің III (1160 немесе 1164-1216жж. ) қолын сүю тек императорға ғана, ал басқалар оның етігіндегі кркесті сүюге рұқсат алды. Рим католик шіркеуінің үстемдігінің соншалықты, ол мемлекеттер арасында таласта қазылық етті. Католик шіпкеуі сауда ісін жүргізу және экономикалық әрекеттермен де шұғылданды. Мысалы, Индулгенция (indulkentia-қайырымдылық) күнәнің азаюы туралы берілетін Рим папасының айрықша куәлік қағазы. Куәліктің бағасы оның жасаған кінәсінің ауырлығына байланысты болды. Шіркеудің діни басшылары адамның ой-өрісіне ықпал жасауына байланысты барлық ілімдер-құқық, жаратылыстану, философия, логика-христиандық дінге лайықталып жөнге келтірілді.

XIII ғасырдан оқу мәселесімен епископ мектебі деп аталатын орындар айналысты, оны епископтар ұйымдастырды. Оқу және тәрбие беру екі сатыға бөлінді. 1) Зиялық және теологиялық. Мектептерде, көне антикалық заманнан мұра болып қалған жеті азат өнер пәндері жүрді. Жеті азат өнер дегеніміз - грамматикалық, риторика, диолектика (логикалық элеметтер бар), арифметика, геометрия, астрономия және музыка. Бұл пәндер екі топқа бөлінеді тривиум (үш сала деген сөз), квадривум (төрт сала деген сөз) .

Алғашқы сатыда; грамматиканы, диолектиканы және риториканы, сонымен бірге грамматика латынша әріптерді жаттау, сөздерді оқып үйрену. Оқушылар дәлел келтіру арқылы пікір-талас (диспут) жүргізді. Риторика шешендік өнер теориясы: өлең шығаруда құқықтық әліппесімен танысуда қолданылады.

Келесі саты: арифметика, геометрия, музыка және астрономия, оқу осы салаларды бітіру мен аяқталады.

Батыс Еуропада оқу білім дәрежесі бірдей болған жоқ. X-XI ғ. Испанияда философия, математика, физика, астрономия, медицина, құқық және мұсылман діни ілімдерін жоғарғы сапада оқытылды.

XIғ. Италия Болан құқықтық мектебінің негізінде 1088ж. батыс Еуропада бірінші университет ашылды.

XII ғасырда Оксфорд (1167) содансоң Кембридж (1209) университеттері жұмыс істеді. Олардың ерекшелігі, шіркеу догматтарының шыққан, ғалым Бэкон шіркеу беделінің қажет емесін, таным процесінде тек ақыл мен тәжірибие әдісіне сүйену керектігін ұсында.

Франциядағы алғашқы болып Париж университеті ол төрт факультетен: төмендегі дайындық (онда жеті азат өнерді оқытты), үшеуі жоғарғы факультеттер (медициналық, құқықтық және діни ілім) . Университет мұғалімдерінің бакалавр, магистр және доктор деген атақтар болды. Олар өздеріне басшы ретінде деканды (desans-ондық) сайлады. «Университет» (лат университас, одақтастық) деген сөзден шыққан (оқытушылар мен оқушылардың бірлестігі) . Оқушыларды студенттер (studere-ынта жігермен шұғылданушылар) деп, олар өз кезегінде бір ұғымға бірікті(жерлестік, аймақтық және ұлттық-нормандық, ағылшындық, пикардийлықтар және галлдар) . Әр ұлттың басында сайланған адам прокуратор, барлық төрт ұлттың, яғни университеттің басшысын ректор (rector-басқарушы) сайланды немесе өкімет тағайындаған канцлер тұрды.

Оқуға түскендердің үштен бірі ғана бакалавр дәрежесін алатын, қалғандары дәрежесіз бітіретін. Диспутқа қатысушылар диспутт кезінде әртүрлі мәселелер туралы пікірін ұсынып, қарсы ойларды тыңдап, олардың осал жерін тауып оны бекерге шығарып отырды. Диспуттар өте қарқынды өтетін және кейде төбелеске дейінде барып қалатын. Шәкірттердің бәрі де өздерінің университетерін өте жақсы көргендіктен оны «аялы ана» (лат -матери) деп атады. Дүние жүзінің студенттерінің «Гаудеамус игитура» (латын тілінен-келіңдер, шаттанайық) гимнін ортағасырлық шәкірттер шығарған, оны бүгінге дейін орындайды.

Шәкірттердің білімге деген құштарлығы оларды бір қаладан екінші қалаға, белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдау үші келіп отырды. бұл қаңғы бас студенттерді ваганттар (латын тілінен-кезбелер) деп атады. Бұлардың арасында жоғарғы ғылыми атақ алғандары, бакалаврлық атаққа жете алмағандарда болды. Олардан тамаша ақындардың шығармаларының ішінде әндер, өлеңдер, лирикалар, ащы сатира да жетіп жатты, кейбір шығармалар белгісіз авторлардың еңбегі болды.

Еуропа мәдениетінің өзіндік сипаты орта ғасырдағы үстемдік етуші Роман стилі және Гогикада көрінді. Роман стилі X-XII ғасырды қамтиды. Оның мәдени көремдігінің түрі байсалды, салтанатты-қатал күште еді. Сондай-ақ шіркеудің сәулеткерлік композициясы монастырлардың Замоктардың (қамалдық) қалың қабырғаларының ауыр салмағы мен тар терезелері көңіл аударды. Бұл жерде діни ырғақ, құдайдың қатал құдіреттілігінің шексіздігі сезілді.

Кемелденген орта ғасыр көбірек готика (герман тайпасының бірі) сипатында болды. Готика еуропалықтардың құрылыс жүргізудегі зор табыстарының нәтижесінде пайда болды. Ғылымның даму, техниканы пайда болуы қалың қабырғалардан бас тартуға мүмкіндік берді. Гетикалық сәулеттің басты ерекшелігі - сүйір арқалы (қақпалы) (дарбаза тәрізді биік қақпа) храмдар аса үлкен көлемде салынды. Оған құлшылық ету үшін немесе аса маңызды азаматтық істерді талқылауға жиналатын көп халық сиятын.

Готикалық үлгі біртіндеп азаматтық сәлет өнеріне де өз ықпалын тигізді қалада Ратуша (өкімет үйі), ең ауқаттылар өз үйлерінде осы үлгіде сала бастады.

Готикалық өнердің үлгісі барлық өнер түрінде де көрініс береді. Жоғарғы ортағасырдағы готикалық классика мүсіншілерінің жұмыстары замандастарының потретін тірі күйде жеткізгендей әсер етіп таңқалдырды.

Готика сәндік өнерінде, тұрмыстық бұйымдарды да жаңғырты. Осы кезде готикалық жазу қалыптасты. Ол үшін қауырсынды арнайы ұштайтын болды. Сәнді готикалық әріптермен жазылған қолжазбалар нағыз өнер шығармалары.

Батыстың ортағасырдағы философияның өзегі схоластика. «Схоластика» сөзінің өзі схоло-мектеп деген сөзден шыққан. Схолост сеніммен білімді сезу арқылы ашу және ақылды сеніммен жарастырып қана қоймай, бір-біріне көмектесуге үйрету мақсатын қойды.

Схолостика философияның аса ірі өкілі әулие Фома (Томмазо) Аквинский (1225 немесе 1228-1274жж) . Ол құдайдан бастап, соңғы түйіршікке дейін барлығына орын берілген тамаша түзу типте жасады.

Сенім ақылдан жоғарғы, ол үздіксіз, сеніммен ақылдың үйлесімділігін қолдай отырып екіншіні біріншіге бағындырды. Ақылдың құндылығы құдайдың болмысын дәләлдеу мүмкіндігінде; олар бесеу.

Ф. Аквинский философиясы ойшыларға әсер етіп қана қоймай әрі қарай дамуында католицизмнің рухани құндылығы жүйесінде белгілі орын алды.

XII-XIVғғ. Еуропа мідениетіндегі сері-мырзалардың «адалдық ережесін жасап, нағыз серілердің міндетін көрсетті. Сері-мырза; 1) адал, 2) христиан дінінің қамқоры, 3) әлсіздердің қорғаны, 4) әйел назарын өзіне аудару мақсатында ерен ерлік көрсетуге міндетті болды. »

Серілердің ұлдары жеті жасынан әйел ықпалынан арылып, ересек еркектердің тәрбиесіне берілді. Оларды атқа мінуге, қылышпен сайысуға, садақ атуға және аң аулау кәсібін игеруге үйретеді. Ірі феодалдар сарайында 14-жастан қол бала, қару асынушы қызметтерін атқарды. 21 жаста боз баланы серілер қатарына қабылдау дәстүрі сарай мейрамдарының өзектісі болды. Салт бойынша король семсерінің жалпақ жағын оның иығына жайлап тигізді, бұл сері болудың белгісі.

Сарай мейрамдарында әншілерге, ақындарға және бишілерге қошемет көрсетті. Олар дәстүрлі әнсалып, өлең шығарды, фольклар, хор, батырлар туралы балладалар және жырлар айтып көңілін көтерді. Олардың ішінде қыдырушы әртістер, музыканттар және қара халықтан шыққандар мен ақсүйек серілер де кездеседі. Францияның Прованс аймағындағы мырзалардан атақты ақындар шыққан.

Батыс.

Батыс Еуропалық ортағасырдағы әлеуметтік топтардың бір-бірінен ерекшелігі бар; шаруаларға қарағанда, ақсүйектер мен зиялы адамдардың өзіне сай менталитеті қалыптасты. Шіркеудің көзқарасы осыған байланысты еңбектің негізгі мәнінде мынаған сүйенді: Еңбек адамның алғашқы кездегі күнәсінің құнын өтеудің белгісі. Оның терлеп-тепшіп күнін асырауы, оның жазасы болып есептеледі. Сонымен қатар шікеу өсімқорлықты, саудагерлікті күдікті күнә деп есептеді. Қоғам идеалы әскери адамдардың ерлігі болды.

Ортағасыр мәдениетінің көп сатылығы мен көп түлігі, ол кезде болған қайғылы оқиғалар: қан төгілген соғыстар, көтаген адам баласын жоқ еткен жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы (эпидемиялар) және адам таң қаларлықасқақ ойдан туған игілік іс-қызметтердің түріне байланысты болды.

Оларды трубадурлар (өлең құраушы) деп атады. Трубадурлар сері ерліктерін мадақтаған және махаббат туралы тамаша өлеңдер жазған.

XII-XIII ғ. бізге белгілі «Роланд туралы жыр», неміс жерінде «Нибелунт туралы жыр» дүниеге келген.

Көкем әдебиетте таңғажайып серілік романдар пайда болады. Серілік романның сүйікті тақырыбы Артур король туралы кельт аңыздары болды.

Британ аралдарынан материкке Тристан мен Изольданың қайғылы махаббаты туралы деректер жетті.

Бұл романдардаң да бәріде ойдан шығарылды: ғажап күшті батырлардың соғыста сиқыршыларды жеңуі, қиялға симайтын ерліктер жасау арқылы сұлу әйелдердің жүрегін жаулап алу, жырланды.

Ортағасырда жерді өңдеудің жақсаруы: жерді өңдеуде тісағаш пен тырма, су мен жел дирмендері секілді еңбек құалдары мен жасанды тыңайтқыштарға байланысты болды.

Дүние жүзіндегі әртүрлі азық-түліктердің түрлеріне: күріш, қант, шай, кофе, какао, лимон, апеллсин, жүгері мен картоп т. б. қосылып көбейді.

Сәулетшілер әсем қалаларды, храмдар, ратушалар, көпірлер, тік көшелер мен сымбатты үйлер салынды.

Адам ойының дамуының нәтижесінде, ауыр еңбекті жеңілдету мақсаты мен су қозғалатын авигательдер, метал өңдейтін станоктарды, мақта өндірісінде аяқпен айналдыратын горизонталь тоқу станогы, өзі кіретін машинаны, домна пештері мен басқада түрлі-түрлі машиналарды, мезгілді белгілеуде механикалық сағат, көру қабілеті нашарларға көзілдірік секілді заттар пайда болды.

әскери істі дамытуда мылтық дәрісімен атылатын қарудың пайда болуы. Теңізді игеруде, жетілдірілген кемелерді, компас және теңіз аспаптарын іске қосты.

Ғалымдар белгісіз құбылыстарды зерттеуде термометр, барометр, телескоп және микроскопты қолданды.

өнер саласында, суретшілер мен мүсіншілер өмірдегі әртүрлі құбылыстарды дәлірек бейнелей бастады. Кітап бастыру мәдениетті - білім көзі, орағасырда пайда болып келешектегі өкениетке қол сілтеді.

Араб-мұсылман дәстүрлі мәдениеті.

Орта ғасырдағы Араб мәдениетіндегі ғылымның алатын орны ерекше болды. Бұл мәдениеттің және ғылымның қалыптасуы мұсылман дінінің пайда болуымен тікілей байланысты. Мұсылман дінінің негізі Құран кітабы, ол библиялық сюжеттерден тұрады.

Ислам діні VIIғ. Басында пайда болды. Оның негізін қалаушы - діни адам пайғамбар (570-632жж) Мұхаммед, Хашамит Курейшит тайпасынан. Ол ерте кезінде жетім қалып, атасының кейіннен әкесінің ағасының қолында тәрбиеленді. Бала кезінде мал бақты, 25 жасында бай бойдақ әйелге Хадидже (Хадиша) үйленді. Бұл үйлену махаббат негізіндегі неке боды. Олардан төрт қыз болды. Пайғамбарда 9 әйел болды. Ол бірінші аянды түсінде, алланың өкілі Джабрейлден алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Ислам философиясы
Араб халифатының мәдениет пен ғылымның гүлдену кезең
Діни басқарма тұсында
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары
Орта ғасырдағы географиялық мәлімет
Ислам философиясының батысқа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz