Паскаль және Си тілінде есеп жығару


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сатбаев атындағы Ұлттық Техникалық Университеті.
Техникалық кибернетика кафедрасы
Жұмыс істеген орны: Қаз ҰТУ.
Есеп беру
Практика: Паскаль және Си тілінде есеп жығару.
Қабылдаған: Муртазина А. У
Орындаған: Жасаков Т. Б
Тобы: ИС(б) -04-1қ
Алматы 2005ж.
Мазмұны
Компютрлық жабдыктар және програманы жүктеу . . . …… . . . 3
1. Массив . . . 4
1. 1 Паскаль тілінде . . . …5
1. 2 Си тілінде . . . …. . 6
2. Жол . . . …6
2. 1 Паскаль тілінде . . . …. . 6
2. 2 Си тілінде . . . …. 7
3. Функция . . . …. 8
3. 1 Паскаль тілінде . . . …. . 8
3. 2 Си тілінде . . . …10
4. Жазба . . . …11
4. 1 Паскаль тілінде . . . …. 12
4. 2 Си тілінде . . . …13
5. Файл . . . …13
5. 1 Паскаль тілінде . . . …. . 14
5. 2 Си тілінде . . . …16
6. Сурет салу . . . … . . . 16
6. 1 Паскаль және тілінде . . . …… . . . … . . . 16
Қосымша A . . . 20
Қосымша В . . . 33
Қорытынды . . . … . . . 37
Қолданылған техникалық жабдықтар
Процессор - Intel Pentium VI 3600 Гц ОЗУ 512МВ
Монитор - Flatron ez T710PH
Бейнеадаптер - GeForce MX440 256 Mb
Принтер - HP Laserjet 1010
Программаны шақыру мен жүктеу
Паскаль тілінде
Жұмысқа кiрiспес бұрын, компьютердi ток көзiне қосып жүктеймiз. Содан кейiн Windows операциялық жүйесiнен бiзге қажет Turbo Pascal 7. x Borland Pascal 7. x интегралды бағдарламалау ортасына енемiз.
F3 пернесiн басып, бiзге қажеттi файлды ашамыз. Егер ешқандай қате болмаса, онда Ctrl+F9 пернелерiн басып, бағдарламаны жүктеймiз. Ойнап болған соң Alt+X пернелерiн басып, бағдарламадан шығамыз. Ойынды қосудың басқа жолы ол [ойын файлының аты] . exe файлын жүктеу арқылы да жүзеге асыруға болады.
Жалпы мәлімет.
Программа Pascal тiлiнде Borland корпорациясының 7. 0. нұсқаулы, 16 биттi Turbo Pascal компиляторын қолдану арқылы Паскаль тiлiндегi программаны жүзеге асыру үшiн жазылған.
Си тілінде
Компьютерді жүктегеннен кейін ТС. exe файлына кіреміз. Программаны пернетақта арқылы енгізгеннен кейін Ctrl+F9 пернелер жиынын басып, программаны тексереміз. Alt+F5 пернелер жиынын басу арқылы жауабын көреміз. Alt+x пернелер жиынын басу арқылы Cи интегралды программалау жүйесінен шығамыз.
Жалпы мәлімет.
Программа C программалау тілінде Borland корпорациясының Turbo C компиляторын қолдану арқылы C тіліндегі программаны құру үшін жазылған.
1. Массив
- Есептің қойылымы: n ретті а шаршы матрицасы және n элементтері бар x, y векторы берілген. Алу керек A(x+y) .
2. Енгізілетін мәліметтер.
Enter massiv:
2 1
2 0
Enter x:
1
2
Enter y:
0
5
3. Шығатын мәліметтер :
Natige 10
4
- Паскаль тілінде.
Массив дегеніміз - бірдей типті мәліметтердің жиыны. Массивті сипаттағанда массвитің элементерінің жалпы санын және элементтерінің типін көрсету қажет. Элементтің индексі арқылы массивтің әрбір элементін бөлек қарастыруға болады. массивтің типін келесі түрде анықтауға болады:
Type<тип аты>=Array[<индекстік типтердің түрлері>] of <тип>;
Мұнда типтің аты дұрыс идентификатор болуы керек. Индекстік типтердің тізбегі бір немесе бірнеше индекстік типтерден тұрады.
Turbo Pasсal тілінде индекстік типтер ретінде кез-келген реттік типтерді пайдалануға болады. Содан кейін массив программаның Var бөлімінде келесі түрде сипатталады.
- Var <массив аты>:<тип аты>;
- Var<массив аты>:array[<индекстік типтер тізбегі>] of <тип>;
4. Логикалық структурасы:
- Программаның басы
3 Тұрақтыны белгілеу
4-8 Айнымалыларды сиппатау бөлімі
9. Басы
10. Массивті енгізу
11. Экранды тазарту
12-13. Жол және баған бойынша цикл
14. Массивті енгізу
15. цикл
16. Х элементін енгізу
17. цикл
18. Y элементін енгізу
19. цикл
20. Элементтерді қосу
21-22. цикл
23. а массивке d бағанын көбейтіп х элементін қосу
24-28. натижені экранға шығару
31. соңы.
- Си тілінде.
Массив деп бір типті реттелген элементтер жиынын айтамыз(вектор-баған) .
n өлшемді массивтің сипатталу түрі төмендегідей тип <массив аты>[1 өлшем] [2 өлшем] [3 өлшем] .
Көбінесе 1 өлшемді массивтер қолданылады.
Тип <массив аты>[өлшем] ;
Тип - массив элементтерінің базалық типі;
өлшем - бір өлшемді массив элементінің саны;
Екі өлшемді массивтің сипатталуы төмендейгідей: тип <массив аты> [1өлшем ] [2өлшем] ;
Си тілінде массивтің өлшемі константа немесе константалық өрнекпен берілуі мүмкін. Айнымалы өлшемде массивті беруге болмайды. Бұл үшін жадыны динамикалық бөлу д. а. себебі жеке механизм бар.
Си тілінде индекс әрқашан да 0-ден басталады. Біз массивтің 1 элемент жөнінде айтқанда индексі құр жиын болатын массив элементін айтамыз. Мысалы, біз массивті жарияласақ int[100], массив 100 элементен тұрады.
Бір өлшемді массив үшін массив жадыда қанша байт орын алатынын есептеуге болады:
Байт саны <базалық тип өлшемі>< элементтер саны>
Си тілінде массивке әр уақыт оптикалық жадыда үздіксіз орын бөлінеді. Массивтің бұрын анықталған кез келген типін анықтауға болады. Мысалға:
Unsigned arr[10], longdouble al[1000], short ch[80] ;
4. Логикалық струкурасы:
1-3. Библиотекаларды қосу
4. Тұрақтыларды сипаттау.
5. Негізгі программа.
6. басы.
7-8. Айнымалыларды сипаттау.
9. Экранды тазарту.
10. «Enter massiv» сөзін экранға шығару
11-12. цикл
13. а массивін енгізу
14. Экранды тазарту
15. «Enter x» сөзін экранға шығару
16. цикл
17. Х элементін енгізу
18. Экранды тазарту
- «Enter Y» сөзін экранға шығару
- цикл
- у элементін енгізу
- цикл
- элементтерді қосу
24-25. цикл
26. а массивке d бағанын көбейтіп х элементін қосу
27-31. Натижені экранға шығару
32-34. Соңы.
2. Жолдар
1. Есептің қойылымы: Мәтін берілген. Қатардағы келген сандардың жалпы санын табу.
2. 1 Паскаль тілінде
Программалау практикасында символдардан тұратын жолдарды өңдеу үшін STRING типі пайдаланылады. Турбо Паскаль жүйесінде алдын-ала ұзындығы анықталмаған жолдар үшін String типін және оған қолданылатын стандартты функцияларын пайдаланған ыңғайлы болады.
STRING типті айнымалылар келесі түрде сипатталады:
Vat FIO: string[15]
ADR:string[20]
Maman:string[20]
String типті айнымалылармен жұмыс істегенде жалғастыру, салыстыру, меншіктеу амалдары пайдаланады.
Келесі стандартты функциялар мен процедуралар String типті айнымалыларға анықталған: Concat, copy, length, pos, delete, insert, str, val;
2. Енгізілетін мәліметтер :
123Жасаков Тайр Бахытжанович12345
3. Шығатын мәліметтер :
7
Логикалық структурасы :
1. Программаның аты
2. CRT библиотекасын қосу
3-4. Айныманы сиппатау бөлімі
5. Программа денесінің басы
6. Экранды тазарту
7-8. Айнымалын енгізу
9. Меншіктеу операциясы
10. Цикл
11. Шарт
12. Цикл
13. Шарт
15. Тетсте шарт бойынша символды өшіру
16. Тексті экранға шығару
17. Программаның соңы
2. 2. Си тілінде
Жолдармен жұмыс істеу үшін келесі функциялар пайдаланылады: <string. h>;
1. strcpy() ; 27 strcat() ; 3. strlen() ; 4. strcmp() ;
1. strcpy(s1, s2) функциясы s2 жолының мазмұнын s1-ге көшіреді;
2. strcat(s1, s2) функциясы s2 жолын s1 жолына біріктіреді және бұдан s2-ң мазмұны өзгермейді.
3. strlen(s) функциясы s жолының ұзыныдығын анықтайды және соңғы 0 байтты есепке алмайды.
4. strcmp(s1, s2) -s1 мен s2 жолдарын салыстырады. Егер жолдар тең болса, яғни бірдей символдардан тұрса 0 мәнін қайтарады. Егер s1 s2-н үлкен болса онда функция оң мән қайтарады, ал кіші болса теріс мән қайтарады.
5. Логикалық структурасы.
1-3. Библиотекаларды қосу
4. Программа денесінің басталуы
5-6. Айныманы сиппатау бөлімі
7. Экранды тазарту
8-9. Айнымалын енгізу
10. Меншіктеу операциясы
11. Цикл
12. Шарт
13. Цикл
14. Шарт
15. Тетсте шарт бойынша символды өшіру
16. Тексті экранға шығару
17. Программаның соңы
3. Функциялар
1. Есептің қойылымы: А(3, 3), В(3, 3), С(3, 3) массивтері берілген. Көрсетілген облыста тақ және оң сандардың жалпы қосындысын табу.
2. Енгізілетін мәліметтер :
1 2 3 1 2 3 7 4 5
1 5 6 2 3 5 1 4 2
1 5 2 5 4 1 5 2 3
3. Шығатын мәліметтер :
S=30. 000
3. 1 Паскаль тілінде
Турбо Паскаль тілінде функцияны арнайы жеке процедура ретінде жеке жазуға болады. Сондықтан, оны көмекші процедура ретінде қарастыруға болады.
Функцияның процедурадан ерекшелігі мынадай:
1) функция бір ғана белгілі мән қабылдайды. Яғни, функциядан алынатын нәтиже біреу-ақ;
2) нәтиже функция аты арқылы алынады да, негізгі процедура пайдалану мүмкін. Функцияның жалпы түрі мынадай:
Function<функция аты>[<форм. пар. тіз. >] :<тип>; <баяндау бөлімі>
Begin
<нүсқау бөлімі>
end;
Функция нақтылы параметрдің мәндері берілгеннен кейін өз аты арқылы шақырылады. Функцияны тікелей өрнектің ішінде шақыруға болады.
1) Процедурамен функцияның ұқсастылығы - олардың 2-де де, айнымалыларды ерекше белгілейді, тұрақтыларды баяндау бөлімдері болуы мүмкін.
2) Процедурамен функцияның өзгешелігі. Функцияның тақырыбында функциа есептелген нәтижесінің типі көрсетіледі. Процедураның нәтижесі процедураның тақырыбындағы параметрлер айнымалыларды арқылы анықталады. Ал функция нәтиже үшін, арнайы параметр көрсетілмейді. Мұнда нәтиже функция атына меншіктеледі және функция есептелген нәтиженің типі функцияның тақырыбында қос нүктеден көрсетіледі;
3) Негізгі процедура функцияның мәнін тек функция табу арқылы пайдаланылады.
Логикалық структурасы :
1-7 жолдарда айнымалылар сипатталады.
8 жолда kg функциясы баяндалады.
9-13 жолдарда процедураны сипаттап, цикл орындалады.
14 жолда процедураның соңы.
15 жолда “summa” функциясы баяндалады.
16-18 жолдарда айнымалыларды инициалдау.
19 жолда шыққан нәтижені дөңгелектеу өрнегі.
27 жолда функцияны қосындыға меншіктейміз.
28 жол функция соңының белгісі.
29 жолда негізгі програма баяндалады.
30 экранды тазарту функциясы.
31-33 жолдарда процедураны шақырамыз.
34 жолда нәтижені есептейміз.
35 жолда есептелген нәтижені экранға шығару.
36 жолда программаның соңы.
3. 2. Си тілінде
Функция бұл Си тілінің құрылысдық блогы болып табылады. Функцияның жазылу форматы: типі функция аты (параметрлер тізімі)
{функция денесі}
Типі функция return операторының көмегімен қайтаратын мәннің типі.
Егер тип көрсетілмесе функция бүтін мәнді қайтарады деп есептелінеді. Параметрлер тізімі үтірмен ажыратылған типтер тізімі мен параметрлер атауынан тұрады.
Біріншіден бұл оператор ағымдық функциясын шығуды және шақырылған программаға қайтаруды орындайды.
Екіншіден бұл оператор функция мәнін қайтару үшін қолданылады.
Функция денесінде бірнеше return операторлары болуы да немесе тіпті болмауы да мүмкін. Бұл жағдайда шақырылған программаға қайтару йункция дененің соңғы операторы орындалуынан кейін жүзеге асады.
Функция денесінде return операторы болмаған жағдайда немесе одан кейін мән болмаса, функцияның қайтаратын мәні белгісіз, яғни анықталмаған деп есептелінеді.
Функцияға дұрыс қатынас жасау үшін компиляторға ол туралы мәліметтер белгілі болу керек, яғни функцияны шақырғанға дейін оны сипаттау қажет. Стандартты түрде анықталған функция үшін оның прототипін сипаттаймыз: типі функция аты (параметр спецификациясы) ;
Функцияның прототипі оның тақырыбен ұқсас, бірақ 2 айырмашылығы бар.
Біріншіден прототип әрқашан символмен аяқталады.
Екіншіден прототипте сипатталған параметрлердің аты көрсетілмеуі де мүмкін.
Функция шықару. Функцияға қатынас жасау үшін функцияны шақыру өрнегі қолданылады: типі аты(нақты параметр тізімі) ; Нақты параметрлер шақырылатын программадан функцияға мәні бойынша беріледі, яғни әр аргументтің мәні есептеледі және ол мән функция денесінде ауыстырылған формальды параметрлердің орнына қолданылады. Формальды және нақты параметр арасындағы сәйкестік олардың тізімде орналасу реті бойынша бекітіледі. Формальды және нақты параметрлердің арасында тип бойынша сәйкестік болу керек. Ең дұрысы нақты параметрлердің типі формальды параметрлер типімен сәйкес келгені жөн. Кері жағдайда компилятор автоматты түрде типтерді түрлендіру мүмкін болған жағдайда түрлендіру командасын қосады.
Бұл шақыруда екі нақты параметрлердің типі double типі. Компилятор функция прототипіне қарап, автоматты түрде мынадай түрлендіру жасайды.
4. Жазба
- Есептің қойылымы: Жолаушылар багажы заттар саны мен жалпы салмағымен көрсетіледі. F файлы 2 саннан тұрады және ол бойынша:
б) екі заттан көп багажды жолаушыны және багаж саны орташа багаж санынан көп пассажирлерді тап.
- Енгізілетін мәліметтер :
FIO: Dastan
Zhalpy salmak:25
Zhattar sany:18
FIO:Samat
Zhalpy salmak:5
Zhattar sany:3
FIO:Erlan
Zhalpy salmak:5
Zhattar sany:2
Жауабы:
<<< 2 zattan kop zholaushy:
Dastan 25 18
Samat 5 3
<<< Bagazh sany ortasha bagazh sanynan kop passazhirler:
Dastan 25 18
4. 1Паскаль тілінде
Жазба массив тәрізді мәліметтердің типін құрастыруға пайдаланылады. Жазбаның массивтен айырмашылығы:
1) Жазбаны құрастырушы элементтер әр түрлі типті болуы мүмкін.
2) Жазба құрастырушы элементтердің атауларымен ғана тікелей анықталады.
Тұрақты өрісті жазбалар. Программа текстінде жазба типі клеі түрде сипатталады:
Type Ntype=Record
ID11, . . . , ID1N: Type1;
IDk 1 , . . . IdkN: Typek;
End;
Мұнда идентификатор ID11, . . . , IDkN - жазба өрісінің идентификаторы;
Type1, . . . , Typek - өрістің типтері.
Жазба айнымалысының өрісін программа текстіңнде пайдаланғанда жазба айнымалысының идентификаторы көрсетіледі.
With нұсқауы. Жазбаның өрістерін программада қолдану үшін құрамды аттар пайдаланады. Құрамды аттардың жазулуын ықтамдау үшін With нұсқауын қолданған ыңғайлы болады. With нұсқауын қолданғаннан кейін пайдаланған нұсқауларда R жазбаның өрістерін қолданғанда өөріс идентификатордың алдында R идентификаторы жазылмайды.
With орерациясында үтірді пайдалануыға болады. Егер бірнеше жазба типтерін қолдану қажет болса, бірінің ішіне бірі енген With нұсқауды қысқартып жазу үшін үтір пайдаланылады.
Логикалық структурасы:
1. Программаның басы
2. CRT библиотекасын қосу
3-8. Структураны баяндау
9-13. Айныманы баяндау
14-15. Счетчик инициалы
16-24. структураны толтыру
25-27. Айнымалыны инициалдау
28-34. Екіден көп пассажирді анықтау
35-36. Айнымалыны инициалдау
37-41. Орташа саннан көп багажы бар пассажирді табу.
43. Соңы.
4. 2. Си тілінде
Құрылымның элементі ретінде массивті және құрылымды пайдалану. Массив құрылым элементі бола алады. Оның әр элементіне қатынасу үшін индекстеу қажет.
Struct part
{
int coord[3] ;
char name;
};
struct part stud;
stud. corrd[0] ;
Логикалық структурасы:
1-2. Библиотекаларды қосу
3. Негізгі программа
5-9. Структураны баяндау
9-13. айнымалыны сипаттау
14-15. счетчик инициалы
16-24. структураны толтыру
25-27. айнымалыны инициалдау
28-33. 2-ден көп пассажирлері анықтау
34-35. айнымалыны инициалдау
36-40. орта саннан көп багаж ы бар пассажирді табу.
43. Соңы
5. Файл
1. Есептің қойылымы: Жолаушылар багажы заттар саны мен жалпы салмағымен көрсетіледі. F файлы 2 саннан тұрады және ол бойынша:
б) екі заттан көп багажды жолаушыны және багаж саны орташа багаж санынан көп пассажирлерді тап.
2. Енгізілетін мәліметтер.
FIO: Dastan
Zhalpy salmak:25
Zhattar sany:18
FIO:Samat
Zhalpy salmak:5
Zhattar sany:3
FIO:Erlan
Zhalpy salmak:5
Zhattar sany:2
Жауабы:
<<< 2 zattan kop zholaushy:
Dastan 25 18
Samat 5 3
<<< Bagazh sany ortasha bagazh sanynan kop passazhirler:
Dastan 25 18
- Шығатын мәліметтер.
<<< 2 zattan kop zholaushy:
Dastan 25 18
Samat 5 3
<<< Bagazh sany ortasha bagazh sanynan kop passazhirler:
Dastan 25 18
5. 1 Паскаль тілінде
Файлдар туралы жалпы мағмұматтар. Кез келген типті деректер типін файл д. а. Практикалық есептерді шешкенде берілгендерді және өңделетін мәндерді компилятордың сыртық құрылғысына жазып қоюға тура келеді. Бұл жағдайда деректер сыртқы файл түрінщде көрсетеді.
ТП тілінде бірдей типті тізбектерді файл деп атайтын болғаннан файл массивке ұқсас болады. Файлдың массивтен айырмашылығы:
1) Мұнда фазылтаны ықпарат саны көрсетілмейді.
2) Әр элементтің өзінің индексі бойынша анықталмайды. Сондықтан қажетті элемент оның алдындағы элементтерді алып болғаннан кейін ғана алындаы.
ТП тілінде жазылған програамада әрбір файлдың идентификаторы арқылы аты көрсетіледі. Файлды сипаттау:
Программаның type бөлімінде файл типінің баяндауының жалпы түрі мынадай:
Type Ntype=File of Tc;
Логикалық структурасы:
1. Программаның аты
2. CRT библиотекасын қосу
3-8. Жазбаны сипаттау
9-12. айнымалыны сипаттау
13-16. файл ашу
17-18. счетчик инициалдау
20-24. файл оқу
25-28. айнымалыны инициалдау
29-33. багаж саны 2-ден көп пассажирлерді анықтау
34-36. айнымалылыларды инициалдау
37-40. орта саннан артық пассажирлерді табу.
42. Соңы.
5. 2. Си тілінде
Үлкен мәліметтер қорын, мысалы телефондық анықтама немесе мектеп оқушалары жөнінде мәліметтер, сыртқы жадыда сақтаған жөн. Қандай да болмасын программалау тілі сыртқы жадыда сақталған ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек. Си-да мұндай қажеттілік үшін арнайы объектілер бар - файлдар. Файл - сыртқы жадыда жазылған, белгілі атпен сақталған, ақпараттар жинағын атаймыз.
Файлдардың жиі-жиі пайдалану келесі себептерден пайда болды:
- Өте үлкен өңделетін мәліметтер жиынын енгізу өте көп уақыт алады және қатты шаршатады. Одан гөрі ақпартты арнайы жасалған файлда сақтаған жөн. Ол файлды біз бірнеше рет жүктеп және сақтауға болады. Бұған қоса оларды бірнеше рет падалануға болады.
- Мәліметтер файлы басқа программамен де жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда файл екі әртүрлі программа арасындағы көпір және сыртқы ортамен байланыс болады.
- Файлдағы мәліметтерді пайдаланатын программа жұмыс жасау кезінде қасында пайдаланушының болуын қажет етпейді
Әр файлдың үш басты еркшеліктері бар. Біріншден, программаға бірнеше файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін өзіне тән файл аты болады. Екіншіден, файл бір типті компоненттерден тұрады. Мұндай компонент файлдан басқа типті болады. Мысалы, жазбалар немесе жолдар файлын жасауға болады. Бірақ «файлдар файлын» жасауға болмайды. Үшіншіден, жаңадан жасалған файлдың ұзындығын шектеудің қажеті жоқ. Оның өлшемі тек сыртқы жадының көлемімен шектеледі.
Көбінесе файлдар құрылымдардан немесе мәтіндік жолдардан тұрады. Файлдарды сипаттау үшін File сөзі қолданылады. Оның синтаксисы былай жазылады:
File <*файлдық көрсеткіш аты>;
Файлмен жұмыс жасау үшін арнайы файлдық айнымалы сипатталады. Ол Си-программадағы файлдың көресеткіші болып табылады. Формат:
File *Pdiskfile;
Puts(“Оқылатын файлдың атын енгіз”) ;
Gets(filename) ;
Pdiskfile=fopen(filename, ”r”) ;
Бұл мысалда, біз файлдың атын енгізе отырып оны аштық. Осы жерде Fopen функциясы пайдаланылды.
Логикалық структурасы:
1-2. Библиотеканы қосу
3. Негізгі программа
4. Программа басы
5-10. жазбаны сипаттау
11-13. айнымалыны сипаттау
14-16. Файл ашу
17-18. счетчик инициалдау
19-24. Файл оқу
25-28. Айнымалыны инициалдау
29-34. Багаж саны 2-ден көп пассажирлерді табу.
35-36. айнымалыларды инициалдау
37-40. Орта саннан көп заты бар пассажирді табу.
43. Соңы
6. GRAPH кітапханасын қолдану
1. Есептің қойылымы: Ауыр жүк машинасы жүріп тұрады, ішінде егіншілер құрал-саймандарын ұстап тұрады.
Паскаль және Си тілінде
4. 0 версиясынан бастап Турбо Паскаль құрамына қосымша графикалық программалардың қуатты Graph кітапханасы енгізілген және әрі қарайғы версияларында өзгеріске ұшырамаған. Бұл кітапханада программалаушыға графикалық экранды басқарудың жаңа мүмкіндіктерін беретін шамамен алғанда 50 процедура мен функция бар.
Компьютерді қосқандағы және Турбо Паскаль программалау ортасынан программаны жүктегенде компьютердің стандартты күйі экранның тексттік режимдегі жұмысына сәйкес келеді, сондықтан компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланатын кез келген программа белгілі бір тәсілмен дисплейлік адаптердің графикалық жұмыс режимін инициалдау керек. Программа жұмысын аяқтаған соң компьютер тексттік режимге қайта оралуы тиіс.
Дисплейлік адаптерлердің графикалық жұмыс режимдерінің қысқаша баяндалуы
Графикалық процедураларды нақты адаптермен жұмысқа бейімдеу (настройка) керекті графикалық драйверді қосу арқылы іске асырылады. Драйвер - компьютердің техникалық жабдықтарын басқаруға арналған арнайы программа болып табылады. Графикалық драйвер графикалық режимде дисплейлік адаптерді басқарады. Borland корпорациясы тарапынан шығарылған графикалық драйверлер барлық адаптер типтері үшін ойлап табылған. Әдетте олар дискіде BGI қосымша каталогында BGI кеңейтіліміне ие файлдар түрінде сақталады.
Қазіргі кезде шығарылатын компьютерлер IBM фирмасымен шығарылатын немесе олармен сәйкестенетін адаптерлермен қамтамасыз етіледі. Олардың барлығы дерлік графикалық режимде жұмыс істеуге бейімделген. Бұл режимде экран дисплейі өте жақын орналасқан нүктелер - пиксельдер ретінде қарастырылады.
Нақты бір адаптердің графикалық мүмкіндіктері экранның рұқсатымен, яғни пиксельдердің толық санымен анықталады. Бұдан басқа, көптеген адаптерлар бірнеше графикалық парақтармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Графикалық парақ деп экранның “картасын” құруға, яғни әрбір пиксельдің жарқырауы (түсі) жайлы ақпаратты сақтайтын жедел жадының облысын атайды. Төменде көп таралған адаптерлердің графикалық жұмыс режимдерінің қысқаша баяндалуы келтірілген.
CGA адаптері (Color Graphics Adapter - түрлі түсті графикалық адаптер) 5 графикалық режимнен тұрады. Төрт режим экранның төмен рұқсат мүмкінігіне сәйкес келеді және тек қолданылатын түстер жиынтығы - палитра жағынан бір бірінен ажыратылады. Әрбір палитра үш, ал жарқырамайтын пиксельдің қара түсін қосқанда төрт түстен тұрады. Бесінші режим үлкен рұқсат мүмкіндігіне (640*200) сәйкес келеді. Бірақ бұл жағдайда әрбір пиксель алдын ала таңдалған түспен немесе мүлдем жанбауы мүмкін. Графикалық режимде CGA адаптері тек бір парақты пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz