Қазақстан Республикасындағы акциздер: анықтама, акциз төлеушілер, акцизделетін тауарлар және төлеу тәртібі


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

II. 4. АКЦИЗДЕР

Акциз өнімнен алынатын жанама салық болып табылады, әрі тауардың бағасына қосылады.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын, тізбесін Қазақстан Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне акциз салынады. Тауар өндіруші тауарлардың экспортқа шығарылуын растаған жағдайда экспортқа шығарылған акцизделетін тауарларға акциз салынбайды, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар бұған кірмейді.

Тауар өндіруші тауарлардың экспортын растау ретінде кеден декларациясын, сондай-ақ тауармен бірге жіберілген құжаттарды табыс етеді.

АКЦИЗ ТӨЛЕУШІЛЕР

1. Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндіретін немесе Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды импорттайтын, Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген шикізатты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша оларды өндіретін тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатынан Қазақстан Республикасының аумағынан сырт жерде өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша, кейіннен бұл тауарлар Қазақстан Республикасына қайтарылғанда, Қазақстан Республикасының аумағына осы әкелімді жүзеге асыратын тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының аумағынан сырт жердегі тұлғалар сатып алған және олардың құйылуын Қазақстан Республикасы жүзеге асыратын сұйық тауарлар бойынша, сырт жерде сатып алған тұлғалар акциз төлеушілер болып саналады. Ондай тауарларға жататындар: спирт, арақ, ликер-арақ өнімдері, шырынды сусын мен бальзам шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, шарап өнімдері, бензин (авиабензиннен басқасы), дизель отыны.
  2. Ойын үйлері, казинолар және ойын автоматтарының, карта ойнайтын үстелдердің, рулеткалардың, заттай және ақшалай ұтыс ойындарына арналған өзге құралдардың жұмыс істеуімен қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдар ойын бизнесі бойынша акциз төлеушілер болып табылады.

АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАР ТІЗБЕСI

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын мына тауарлар акцизделетін тауарлар болып табылады:

  1. спирт;
  2. арақ;
  3. ликер-арақ өнімдері;
  4. шырынды сусын;
  5. шарап;
  6. коньяк;
  7. шампан шарабы;
  8. сыра;
  9. шарап өнімдері;
  10. темекі өнімдері;
  11. құрамында темекі бар басқа да өнімдер;
  12. бекіре мен қызыл балық, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, бекіре мен қызыл балықтан және уылдырықтан дайындалған жеңіл тағамдар;
  13. алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зерггерлік бұйымдар;
  14. өңделген және өңделмеген мех терілері (қоян, көртышқан, ит, бұғы және қой терілерінен басқасы) ;
  15. таза мехтен тігілген бұйымдар, оның ішінде пальто, шолақ пальто, жакет, жамылғы, палантин, бөкебай, мойынорағыш, бас киімдер мен жағалар, ішіктер, пластиндер (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен тігілген бұйымдардан басқасы) ;
  16. мехпен әдіптелген пальто, шолақ пальто, жакет, жамылғылар (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы) ;
  17. таза былғарыдан тігілген киім;
  18. хрусталь бұйымдар, жарық беретін хрусталь приборлары;
  19. бензин (авиация бензинінен басқасы), дизель отыны;
  20. жеңіл автомобильдер;
  21. атыс және газ қаруы (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтаждары үшін сатып алынғандарынан басқасы) .

ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

Акциздердің сомасын төлеуші өткізілген тауарлардың құны мен белгіленген ставкаларды негізге ала отырып өз бетінше белгілейді.

Акциздер бойынша бюджетпен есеп айырысу кезінде күнтізбелік ай есепті кезең болып табылады.

Жоғарыда келтірілген акцизделетін тауарлар тізбесіндегі 1-9 тармақшаларында көрсетілген тауарлар бойынша акциздер тауар өтікізілген күннен кейінгі үшінші банк күнінен кешіктірмей бюджетке аударылуға тиіс.

Өзгедей акцизделетін тауарлар бойынша акциздер:

айдың алғашқы он күні ішінде өткізілгені үшін айдың он үшiнен кешіктірілмей;

айдың екiнші он күні ішінде өткізілгені үшін айдың жиырма үшінен кешіктірілмей;

есепті айдың қалған күндері өткізілгені үшiн есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Алыс-беріс шикізатының өндірілген өнім тапсырушыға берілген (жөнелтілген) сәтте төленеді.

Ойын бизнесінен алынған түсім бойынша есептелген акциз жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде аударылады.

Ағымдағы төлемдер бойынша акциздің төленген сомасы төлеуші есепті кезеңдегі декларацияда көрсеткен акциз сомасын бюджетке төлемге есептеуге жатқызылады.

Акцизді төлеу мерзімін ұзартуға болмайды.

Төлеуші салық қызметі органдарында акциздер бойынша есепке тұруға міндетті. Оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі. Тұлга, акциз салынатын айналым болған сәттен бастап салық төлеуші деп танылады.

Төлеуші акциз салынатын айналымға байланысты қызмет тоқтатылған жағдайда есептен шығару туралы арыз беруге міндетті.

Акциз төлеушіге акциздердің дұрыс есептеліп, бюджетке уақтылы аударылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Төлеуші салық қызметінің тиісті органына әрбір есепті кезең үшін салық декларациясын есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей беруге міндетті, онда төленуге тиіс және есепті айдың әр он күнінде нақты төленген акциз сомасы көрсетіледі.

Акцизді төлеу мерзімі және декларацияны беру мерзімі демалыс немесе мереке күнге тура келсе, бұл мерзім демалыс немесе мереке күннен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.

Акциз алымының маркаларымен таңбалауға тиіс акцизделетін тауарларды акциздік маркаларды қолданбай өткізуге тыйым салынады.

Акция туралы заңдарды бұзғаны үшін төлеушіге "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес белгіленген санкциялар қолданылады.

АКЦИЗДЕРДІ БЮДЖЕТКЕ АУДАРУ

Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйым төлем тапсырмасы (өкімі) алынған күні тиісті бюджетке аударады.

ИМПОРТТАЛАТЫН ТАУАРЛАР БОЙЫНША АКЦИЗ САЛУ

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленетін кеден құны немесе заттай күйіңдегi нақты көлем импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциз салу объектісі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы акциздер: төлеушілер, акцизделетін тауарлар мен қызметтер, есептеу және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз салығы: төлеушілер, акцизделетін тауарлар мен қызметтер, есептеу және төлеу тәртібі
Акциз салығы: төлеушілер, акцизделетін тауарлар, ставкалар және есептеу мен декларациялау тәртібі
Акциз салығының теориясы мен тәжірибесі: төлеушілер, акцизделетін тауарлар, ставкалар және есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз және қосылған құн салығы: төлеушілер, салық объектілері және есептеу мен төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасының акциздері: ережелер, ставкалар, акцизделетін тауарлар мен қызметтер, есептеу және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасында акциз салығын төлеудің ерекшеліктері: төлеушілер, объектілер, ставкалар және есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасында акциз салығын есептеу механизмі мен төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы: төлеушілер, салық салу объектілері және есептеу-төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз салығын есептеу механизмі мен төлену тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz