ТМД елінің көлік жүйесі


ТМД елінің көлік жүйесі
Жоспар
1. Ресейдің көлік географиясы
2. Балтық жағалауы елдерінің көлік географиясы
3. Орта Азияның көлік жүйесінің жұмысы
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ресейдің көлік географиясы
Қазақстан Республикасы Ресей және Еуропамен географиялық шексіз жерасты көлік байланысы бар азия мемлекеті ретінде маңызды транзитті әлеуетке ие.
Қазақстан экономикасы территориясының ауқымдылығынан, теңізге шығу жолының жоқтығы мен елді мекендердің әрқилы орналасуы салдарынан көлік жүйесін қажет етеді.
Жерасты жолдары желісінен келетін хабарламалар жүйесінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдары арқылы келеді (шамамен 88, 4 және 14, 0 мың км. ) . Қолдануға берілген су жолдарының ұзындығы 3, 9 мың шақырымды, ал әуе трассасы - 61 мың шақырымды құрайды. 1000 шаршы метр территория желісінің тығыздығы 5, 1 км жуық темір жолды, 32, 4 км қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын, 1, 5 км ішкі су жолдарын құрайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Үкіметінің арасындағы Ресей тарапының Қазақстан тарапына 1999 жылдан бастап “Байқоңыр” кешенін пайдаланғаны үшін жалдық ақы бөлігін тауарлармен төлеу жөніндегі Мәскеу қаласында 2001 жылғы 28 қарашада жасалған ақы төлеудің тәртібі мен нысаны туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1427 қаулысы қабылданды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының тарапынан “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) кері қайтарымсыз STAND BY аккредитивін пайдалана отырып 65 000 000 АҚШ доллары сомасына ресей рыногында ресейлік кәсіпорындар мен ұйымдардан шарттық бағалар бойынша ресей тауарлары мен қызметтерін сатып алу үшін заңды тұлға болып белгіленген.
Ресейлік әзірлеуші-зауыттардың техниканы әзірлеу шамасына қарай оларды жеткізу 2003 жылдың соңына дейін жүргізілді. STAND BY аккредитивін пайдаланумен жол техникасын жеткізудің іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұдайы баяндалып отырды. Ақыны төлеуді жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Компанияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасындағы 65 000 000 АҚШ доллары сомасына STAND BY № 30/4318 аккредитивін пайдалану және “ҚТЖ” ҰК” АҚ республикалық бюджетке ақшаны өтеуі туралы үшжақты келісім шарттарына сәйкес СССР Сыртқы экономикалық Банкі (Ресей Федерациясы) жүзеге асырды.
Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы етеді.
Жерінің біршама жазықтығы 5 және табиғи тастың үлкен қоры болуы темір жол және автомобиль көлігінің коммуникацияларын кедергісіз дамытуға мүмкіндік береді.
Жер үсті жолдары қатынасы желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88, 4 және 14, 0 мың км) келеді. Пайдаланатын су жолдарының ұзындығы 3, 9 мың км, әуе трассаларының ұзындығы - 61 мың км құрайды. 1000 шаршы км аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5, 1 км темір жолды, 32, 4 км қатты төсемді автомобиль жолдарын, 1, 5 км ішкі су жолдарын құрайды.
2. Балтық жағалауы елдерінің көлік географиясы
Алдыңғы кезеңде республикада тарихи қалыптасқан бағыттар бойынша транзиттiк әлеует қалыптасты, оның негiзiн мемлекетаралық жол қатынасында тасымалдарды қамтамасыз ететiн бiрқатар көлiк бағыттары құрайды. Бұл ретте Қазақстан үшiн екi маңызды стратегиялық мәселе шешiледi:
1) республиканың iшкiқұрлықтық мемлекет ретiнде теңiз порттарына шығуы;
2) автокөлiктi үш негiзгi бағыт бойынша транзиттiк өткiзу:
- Ресей, Еуропа, Балтық жағалауы елдерi;
- Қытай, Жапония, Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi;
- Орта Азия, Кавказ сырты республикалары, Иран, Түркия.
Осы бағыттардағы қазақстандық автожолдардың тиiстi бөлiктерi АТМЭӘК (ЭСКАТО) аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымдары елдерi түзетiн Азия тас жолдарына (АЛТИД жобасы) ; ТРАСЕКА жобасына (Еуропалық Одақ), сондай-ақ тiзбесi үкiметаралық келiсiммен (1998 жылғы 11 қыркүйектегi хаттама) бекiтiлген ТМД-ға қатысушы елдердiң халықаралық автомобиль жолдарының желiсiне құрамдас бөлiм болып кiрдi.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің темір жол магистральдарының ұзындығы АҚШ темір жолынан екі есе кем. Ресей де, Қазақстан да темір жол жиілігі жағынан алғашқы ондыққа да кіре алмайды. “World іn fіgures 2007” халықаралық анықтамалығының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан жер көлемі жағынан әлдеқайда кіші Польша мен Жапонияға айтарлықтай жол бере отырып әлем бойынша 18-інші орынды (13, 8 мың шақырым) ғана иеленеді. Автомобиль жолдары мен теңіз тасымалына қатысты жағдай да дәл осындай.
Сондықтан алдымен бүкіл ТМД-ның, соңынан бүкіл Еуропа елдерінің ортақ көлік желісін құрып және дамыту арқылы жалпыеуропалық кеңістікке интеграцияланудың маңызы өте зор. Осы мақсатқа сәйкес Президент “Бәсекеге қабілетті 50 елдің жолдары” атты көкейкесті тұжырымдаманы бекітті. Қазақстанның транзиттік әлеуетіне байланысты аталған бағдарламалық құжат халықаралық көлік дәліздері құрылысындағы негізгі бағыттарды айқындайды. Бірінші кезекте ол Ресей, Еуропа және Балтық елдері. Тағы бір бағыт - Қытай, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, ал үшінші жол - Орталық Азия, Закавказья, Парсы шығанағы және Түркия бағыты. Бұл тармақтар осы орайда бірқатар артықшылықтарға ие Қазақстанның географиялық жағдайына толық сәйкес келеді.
Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде, мың жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолының бойында орналаса тұрып, біз Шығыс пен Батыстың саудадағы мүдделерін жалғастырушы көпір қызметін атқардық. Еуропаның, Кавказдың, Таяу және Қиыр Шығыстың ірі рыноктарына бет алған сауда керуендері Қазақстан жерін басып өтті. Қазірде де сол жағдай, біздің еліміз сол бұрынғысынша көптеген өңірлердің саудадағы мүдделерінің тоғысқан жерінде тұр. Қазақстан арқылы өтетін жол көрші елдер үшін қашықтықты едәуір қысқартып, тиісінше жүктерді жеткізу мерзімін тездетеді. Олай болса, осындай транзиттік әлеуетті, географиялық артықшылықты неге пайдаланбасқан және бұл істі мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыру қажет. Қазірдің өзінде Еуропа мен Қытай арасындағы тауар айналымы шамамен 700 миллиард долларды құрайды. Ал 2010 жылға қарай бұл сан ең қарапайым деген есеп бойынша 1 триллион долларға дейін өспек. Сондықтан да осы үдеріске қосылу біз үшін басты мақсат, өйткені бұл міндет жүзеге асқан күнде Қазақстанның транзиттен табатын пайдасы 2 миллиард долларды құрамақ. Қазақстан әлемдік көліктік-коммуникациялық жүйенің бір бөлігіне айналуға тиіс. Әлемнің жаһандануы тауарлардың, адамдардың, қызметтердің, ақпараттар мен қаржының тұрақты ағынын қамтамасыз етуде. Осындай ағынның өсе түсуі көлік тасымалына кететін шығындарды, қай жолдың ыңғайлы әрі қысқа екенін мұқият есептеуге итермелеуде. Транзиттен түсетін ақша да дәл осындай “қолайлы жерлерде” қалмақ. Сарапшылар өткен ғасырдың соңында-ақ ХХІ ғасырдағы жүк және қызмет көрсетулердің негізгі айналымының АҚШ-Еуропа-Қиыр Шығыс “үшбұрышында” шоғырланатынын болжаған болатын. Аталған жүктердің бір бөлігінің Қазақстан арқылы өтетінін түсіну үшін географиядан аса білімдар болу міндетті емес. Біздің міндет осы “бөліктің” мүмкіндігінше көбірек болуын қамтамасыз ету.
Қазақстанның Еуразия құрлығының кiндiгiнде орныққан географиялық жағдайы Азия-Еуропа қатынасындағы қалыптасып келе жатқан трансқұрлықтық бағыттардың көлiк магистральдарын пайдалану үшiн қолайлы алғышарттар туғызады, олардың көпшілігi өзiне қазақстандық автожол желiсiнiң учаскелерiн қамтиды.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалауынша, Оңтүстiк Шығыс және Шығыс Азия-Еуропа бағыттарындағы транзиттiк ағындар 330-400 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Бұл ретте транзиттiк ағындардың 20%-ға жуығы темiр жол және автожол бағыттарымен Ресей Федерациясы және Қазақстан аумағы арқылы өтуi тиiс деп көзделедi. Транзиттiк тасымалдар үшiн алынатын алымдар - тiкелей бюджет кiрiсi болып табылады.
3. Орта Азияның көлік жүйесінің жұмысы
Көлік және коммуникация кешенін дамытуда Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін арттыру және толығырақ пайдалану маңызды бағыт болып табылады. Еліміз аумағы арқылы жүктер мен жолаушыларды транзиттік тасымалдау Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларына және халықаралық келісімдер мен келісімшарттарға сәйкес теміржолмен, әуе жолымен, автомобиль жолымен, мемлекетаралық бағыттардағы ашық теңіз ішкі су көліктерімен, жолдармен, трассалармен және су жолдарымен жүзеге асырылады. Транзит - бұл тасымалдаудың кірісі жоғары құрамдауышы болып табылады. Мысалы, «Қазақстан темір жолы» компаниясының тасымал көлеміндегі транзиттік жүктердің үлесі 5-6 пайызды құрайды, сонымен қатар компанияның жалпы табысындағы транзиттен түсетін пайданың үлесі 12-15 пайызды құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан аумағы бойынша жүктерді транзиттік тасымалдау көлемінің жылына 15-20 пайызға өсіп отыр.
Бүгінде Қазақстан негізгі халықаралық көлік дәліздерінің қатысушысы болып табылады және трансеуропалық және азиялық көлік желілеріне кірігу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. 2006 жылы Қазақстан ұзақмерзімді Көлік стратегиясын қабылдады. Бұл стратегия еліміздің аумақтық дамуымен және тұтастай алғанда Еуропа құрлығының дамуымен үйлестірілген. Стратегияда Солтүстік - Оңтүстік, Батыс-Шығыс бағыттарында құрлықтық және трансқұрлықтық транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдарды қалыптастыру көзделген. Стратегия Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі құжаты болып табылады, оның аясында қазіргі уақытта сомасы шамамен 30 млрд. АҚШ доллары болатын 80-ге жуық ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезеңде негізгі жүк тасымалдары үш басты бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар: Қазақстан-Қытай, Қытай-Орталық Азия, Қытай-Ресей-Батыс Еуропа.
Халықаралық сарапшылардың дерегінше, Орталық Азия елдерінің аумақтары арқылы Еуропа мен Қытай бағытында жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар шамамен 1 пайызды құрайды. Транзиттік дәліздердің жұмыс жасауын сапалық жағынан жақсарту және шекараларды кесіп өту проблемаларын шешу жөніндегі келісілген шараларды іске асыру арқылы бұл көрсеткіштерді ұлғайтуға болады. Тек соңғы екі жылда Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемінің өсімі 40 пайызды құрады. Транзиттен түскен табыстар да осыншалық көбейді. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес, елімізде транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуда қолайлы жағдай жасауға бағытталған біраз жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет пен жеке меншік серіктестік негізінде таяу уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін халықаралық маңызы бар 1 мың шақырымдай автожолдарды салу және қайта салу көзделіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz