Ана мен баланың денсаулығы



Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздін, мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.
Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ана мен баланың денсаулығы

Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын
қорғау біздін, мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың
тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет
үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы
нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз.
Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай
көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу
туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы
отбасыларды қолдауға жұмсар едік.
Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және
балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы
институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар
проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы
жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар
өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда
құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар
Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау
қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда
бейнеленуге тиіс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-
аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге
осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу
керек пе, жоқ па деген мәселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нәзік
мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда
да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың
өркениетті жолына түсуіміз керек.
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек
ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып
отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен
бірі сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да
теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге
тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс
дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке
басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай
тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек
Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау
органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс.
Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға,
табиғи ор-аны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы
қажет.
Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге
тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы
процеске қосылуға шақырамын. Бұл — маңызы зор мәселелер. Адамдардың
денсаулығы мен он мындаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей
байланысты.

Қазақстанда бала туу өскенімен, жүкті әйелдер мен жас сәбилердің денсаулығы
нашарлап барады

Қазақстандық дәрігерлер республиканың статистика жөніндегі агенттігінің
деректеріне сүйене отырып, елде бала туу саны өскенін айтуда. Дегенмен
бұған қоса жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі сәбилердің арасындағы түрлі
аурулардың үлесі де артып келеді екен. Дәрігерлер, әсіресе жас аналардың
арасында жұқпалы аурулардың көбейіп кеткеніне алаңдап отыр. Бұл проблеманы
шешу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалауға
бағытталған, 2005-2010 жылдар аралығында жүзеге асуы тиісті мемлекеттік
бағдарламаның аясында биылдан бастап елдегі 20 мен 34 жас аралығындағы
әйеледер тегін профилактикалық тексеру мен емдеуден өткізілетін болады.
Қазақстандық дәрігерлер елде жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар
арасында түрлі аурулар саны өсіп бара жатқанына алаңдап отыр. Ресми
мәліметке қарағанда, жүктіліктің алғашқы кезеңінде, әйелдердің 64 пайызы
ғана дәрігерлік есепке тұратын көрінеді. Ал жүкті әйелдер арасында қан
аздықтан бастап жыныстық жұқпалы ауруларға дейін дерт түрлері кездеседі
дейді Алматыдағы №12-ші қалалық көп салалы клиникасының емдеу ісі жөніндегі
меңгерушісі Раушан Тұрсанқызы:
- Жүкті әйелдер арасында қан аздық, бүйрек аурулары, йод жетіспеушілік
секілді дерттер жиі кездеседі. Қазір бізде 671 жүкті әйел тіркеуде тұр,
соның 55-і йод жетіспеушіліктен, 28-і қан аздықтан, ал 58-і бүйрегінен
ауырады.
Дәрігерлер жүкті әйелдер арасында кездесіп отырған қан аздық, бүйрек
және жүйке аурулары әлеуметтік жағдайға байланысты туындауы мүмкін деген
пікірде. Ана мен баланың денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығының
директоры Нағима Мүсірәліқызының айтуынша, қоршаған ортаның экологиялық
жағдайы да жүкті әйелдердің түрлі ауруға шалдығуына әкеп соғады.
- Қызылорданың Арал ауданында зерттеу жұмыстарын жүргізгенімізде, жүкті
әйелдердің 97-пайызы анемиямен, яғни қан аздығымен ауыратынын анықтадық.
Алматының №12-ші қалалық көп салалы клиникасының емдеу ісі жөніндегі
меңгерушісі Раушан Тұрсанқызы жас аналардың арасындағы түрлі аурудың өсуі
кейде сол жас адамдардың зиянды әдетке әуестігіне де байланысты дейді.
- Қазір жастардың көпшілігі дене қимылдарымен көп шұғылданбайды. Жастар
арасында кең таралған темекі, алкоголь секілді зиянды әдеттер де жас
аналардың денсаулығына кері әсер етеді.
26 жастағы Ақжарқын есімді әйелдің екінші баласын босанғанына 2 ай
болған. Қан қысымымен бір ай бойы аурухананың патологиялық бөлімінде жатқан
Ақжарқын, қазір денсаулығы нашар жүкті әйелдер жататын патология бөлімінде
бос орын жоқ дегенді айтады.
- Патология бөлімінде мен өзім қан қысымымен ертерек жатқызылдым, сонда
байқағаным - палаталарда бос орын жоқ, әрқайсысында 4-5 адамнан жатыр. Қан
қысымымен, бүйрек ауруларымен жатады көбіне, ал қан аздық дерті - жүкті
әйелдердің арасында бірінші орында тұр.
Жүкті әйелдердің денсаулығының күрт нашарлауы сәбилерге де кесірін
тигізеді. Ресми мәліметтер бойынша, қазір 1 жасқа дейінгі балалардың
арасында түрлі қауіпті инфекциялық аурулармен, қан аздығымен және жүйке
жүйесінің бұзылуымен ауыратындардың саны өсіп кеткен. Алматы қаласының
денсаулық сақтау департаментінің бас педиатры Жанат Әбілқызы, қазір 1 жасқа
дейінгі сәбилердің арасынан ауырмайтыны кемде-кем екенін айтады.
- Бір жасқа дейінгі балалардың ішінде ешқандай ауруға шалдықпағандары
небары 10 пайызды ғана құрайды. Мендегі мәлімет бойынша 1 жасқа дейінгі әр
100 баланың тек 12-13-нің ғана дені сау болып табылады.
Дәрігер мамандар бала туу саны өскенімен олардың денсаулығы нашар
болса, одан не қайыр дейді. Мамандар алдымен баланы дүниеге әкелетін
аналардың жағдайын, денсаулығын түзеу керек деген пікірде. Бұл бағытта
Қазақстан үкіметі қадам жасай бастады. Алматының №12-ші қалалық көп салалы
клиникасының емдеу ісі жөніндегі меңгерушісі Раушан Тұрсанқызының айтуынша,
қазір Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалауға
бағытталған, 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 20
мен 34 жас аралығындағы әйелдерді тегін профилактикалық тексеру мен
емдеуден өткізу басталыпты.
- 20 мен 34 жас аралығындағы әйелдерді тексеріп, оларда бұрын
анықталмаған ауруларды емдеп, дерттің алдын-алуымыз қажет. Ертең олар
дүниеге сау ұрпақ әкелуі тиіс. Қазір мемлекет тарапынан қан аздық, йод
жетіспеушілік секілді ауруларға қарсы дәрілер тегін бөлініп жатыр. Биыл
олардың көлемі де ұлғайды. Әйелдер өздері тіркелген тұрғылықты жерінде
дәрігерлерге келіп қаралып, тегін ем алуларына болады.
20 мен 34 жас аралығындағы әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізу
мен емдеу ісі жыл бойы жалғасады. Осы уақыт аралығында кез-келген әйелге өз
емханасында тегін ем алуына болады. Дәрігерлер осы шараның арқасында барлық
әйелді дертінен жазып жібермесе де, жүкті әйелдер арасындағы аурудың
көрсеткіші туралы толыққанды ақпарат жинап алуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимылдық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Ана құрсағындағы баланың дамуы
Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы
Салауатты өмір салты
Баланы асырап алу
Суррогат ана.Баланы асырап алу
Зерттеу пәні ата - аналары ажырасқаннан кейін балаларға қорғаншылық тағайындау туралы дауларды қараудың реттейтін заңнама
Бала асырап алу — заңи акт
Баламен қарым - қатынасты түзету
Балалардың денсаулығын дамытуға және дұрыс дамуына күн режимінің маңызы
Пәндер