Академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Академик Қ. И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері

Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылдың, 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді, ауыл мектебінде және мұғалімдер семинариясында оқыды, оны бітіргеннен кейін ауыл мектебінде мұғалім және халық судьясы болды. Бірақ білімге деген құштарлық, туған өлкеге мол пайда келтіруге деген ұмтылыс жас Қанышты Томск технологиялық институтына алып келді, ол 1926 жылы тау-кен бөлімін бітіріп, инженер-геолог мамандығын алып шықты. Ол студент кезінде-ақ профессор, кейіннен академик болған М. А. Усовтың жетекшілігімен өзінің ерекше қабілетін танытты.

Әкесінің ықпалымен бала шағында араб, парсы тілдерін ықыласпен үйренді, Хафиздің, Сағдидың, Науайдың өлендерін жатқа білді. Қаныштың анасы оның 4 жасында дүние салды.

Қаныш Имантайұлы жас кезінен бастап музыкамен әуестенді, ол домбырада, гитарада тамаша ойнайтын еді, қазақ және украин әндерін орындауды ұнататын. Қаныш Имантайұлынаң орындауындағы әуендерді тұнғыш рет тыңдаған белгілі музыка танушы-фольклорист А. В. Затаевич 25 қазақ әнін жазып алды. Кейінірек бұл әндер 1931 ж. жарық көрген “500 қазақ әндері мен күйлері” атты жинақта жарияланды.

Ғылымға деген алғаш қадамы Жұмаш молданың киіз үйінен басталды. Содан кейін екі кластық ауыл мектебін, Павлодардағы орыс-қырғыз училищесін, Семейдегі семинарияны тамамдады. 1918 жылы семинарияны аяқтап, Қаныш ауыл мұғалімі және судья болды.

1926 жылы жас инженер Қаныш Сәтбаев Қазақ ССР халық шаруашылығы орталық кеңесінің жолдамасымен Қарсақбай поселкесіне келді. Мұнда республиканың түсті металлургиясының тұңғышы - Қарсақбай мыс балқыту заводының құрылысы басталды.

Он бес жыл бойына( 1926 жылдан 1941 жылдың аяғына дейін) Қ. И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнында геологиялық-барлау қызметін басқарды. Қ. И. Сәтбаев еңбегінің арқасында бірегей мыс кен орны ашылды. Жезқазған дүниежүзінің аса ірі мыс кен орындарының көш бастаушыларының біріне айналды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың геолог-барлаушы ретіндегі қызметі ауданның барлық байлығын кешенді түрде зерттеуге бағытталды. Жезқазғанмен қатар ол Атасу мен Қарсақбайдың темір кенін, Найзатас пен Жездінің темір- марганец кенін, Байқоңырдың көмірін, сондай-ақ басқа да көптеген кендік және кендік емес кен орындарын барлаумен айналысты.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты Алматыға қызметке ауыстыру соғыстың басталуымен тұспа-тұс келді, ол 1942 жылдың жазында Геология ғылымдары институтының директоры, көп ұзамай КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы президиумының төрағасы болып тағайындалады. Филиалдың ғылыми жұмысы жоспары майданға барынша практикалық көмек көрсету мақсатында жедел қайта қаралды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев КСРО ҒА президенті академик В. Л. Комаровтың басшылығымен Алматыда жұмыс жасап жатқан Қазақстан, Урал және Сібір байлықтарын қорғаныс қажеттеріне жұмылдыру жөніндегі комиссияның жұмысына белсене кірісті.

1942 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа геология-минерология ғылымдарының докторы ғылыми атағы берілді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев геология саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі болуы арқылы біздің еліміздегі геодогтардың ерекше білікті саңлақтарының шоғырына қосылады. Ол геологиялық теорияларды дамытуға аса зор үлес қосты және оның зерттеулері өте бай табиғи ресурстарды, соның ішінде Қазақстанның ұшан-теңіз ресурстарын ашуға ықпалын тигізді. Қазақстандағы ғылымды ұйымдастыру саласында Қаныш Имантайұлының қосқан үлесі орасан зор. Ұзақ жылдар бойы Қазақ Республикасының Ғылым академиясының президенті бола жүріп, ірі ғылыми орталық құрды және ғылымның көптеген салаларының дамуына жәрдем етті. Қаныш Имантайұлы сонымен бірге біздің бүкіл еліміздің ғылымын дамытуда ерекше роль атқарды. Ол ұзақ жылдар бойы КСРО Ғылым академиясы президиумының мүшесі болды. Өмірге, біздің халықтың күшіне- қуатына, өз идеямыздың дұрыстығына деген терең сенім оның ерекше қасиеті еді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1946 жылғы КСРО Ғылым академиясының президенті болып сайланды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев КСРО Министрлер Советі жанындағы ғылым және техника саласындағы Лениндік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиум мүшесі болды және Жоғары аттестациялау комиссиясы ( ЖАК ) Пленумының құрамына кірді.

1947 жылғы наурызда Қаныш Имантайұлы Сәтбаев КСРО Жоғарғы Советінің делегациясы құрамында Англияға барды. Қабылдау күндерінің бірінде Уинстон Черчиль Қаныш Имантайұлынан қазақтардың барлығы осындай ұзын бойлы ма?- деп сұрапты. “ Менің халқым менен де биік”, -деп жауап берген екен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

1958 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Совет геологтары делегациясының құрамында Қытай Халық Республикасында болып қайтты.

1935 жылғы тамыз айында Ұлытау шыңдарынан бірінен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ даласына жасаған жорығы кезінде Темірлан қалдырып кеткен, бетіне араб жазуы ойылып жазылған тас тауып алады. 1936 жылы осы бір баға жетпес тарихи мұра Эрмитажға жеткізілді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1964 жылдың, 31 қаңтарда қайтыс болды.

1909-1911 жж. Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысының 4-ші ауылындағы орыс-қазақ мектебінде оқыды.

1911-1914 жж. Павлодардағы орыс-қазақ училищесінде оқыды. 1914 жылы бітіріп шықты.

1914-1918 жж. Семей қаласындағы мұғалімдік семинарияда оқыды. 1918 жылы бітіріп шықты.

1918-1919 жж. Семей қаласындағы қазақ мұғалімдеріне арналған екі жылдық педагогикалық курстардың табиғаттану пәні бойынша оқытушысы.

1919-1920 жж. Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысының 4-ші ауылындығы мектептің мұғалімі.

1920-1921 жж. Павлодардағы Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскенің халық соты.

1921-1926 жж. Томск технологиялық институты тау-кен факультетінің сдуденті.

1926 ж. Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп, тау-кен инженер-геолог мамандығын алды.

1926-1929 жж. КСРО Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесі (ВСНХ) жанындағы «Атбасцветмет» тресінің геология бөлімінің жетекшісі (Мәскеу) .

1929-1940 жж. Қарсақбай комбинаты геологиялық-барлау бөлімінің бас геологы және бастығы дәрежесінде Жезқазған мыс кенорнының барлауын басқарды (Қарағанды облысы, Қарсақбай поселкесі) .

1934 ж., қараша -Үлкен Жезқазған мен Үлкен Алтай мәселелеріне арналған КСРО ҒА (Мәскеу) сессия жұмысына қатысып «Жезқазған мыс кенді аймақтың геология және металлогениясының негізгі ерекшеліктері» деген баяндамамен шығып сөйледі. Сол сессияның әр түрлі секцияларында Жезқазған -Ұлытау аймағы жер қойнауының байлықтары (алтын, көмір, темір, марганец және т. б. ) туралы баяндалармен шығып сөйледі.

1934 ж., желтоқсан-Жезқазғандағы геологиялық барлауды дамыту және Үлкен Жезқазған комбинатының құрылысын салу мәселелері бойынша КСРО БХШК (ВСНХ) төрағасы Серго Орджоникидзенің қабылдауында болды.

1934-1946 жж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы (1938 жылға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы) Ғылыми кеңесінің мүшесі.

1936 ж., Үлкен Жезқазған мыс балқыту комбинатын салатын жерді белгілеу жөніндегі Үкімет комиссиясының мүшесі.

1936-1939 жж. Қарағанды облыстық еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің мүшесі.

1937 ж. Халықаралық XVll геологиялық конгрестің жұмысына қатынасты (Мәскеу) .

-ҚазКСР Конституциясы жобасын талқылауға арналған X Бүкілқазақтық Төтенше Кеңестер съезінің делегаты.

-Қазақ тау-кен металлургия институтының геологиялық барлау факультетінің Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы (қазақстандық инженер-геологтардың алғашқы түлектері) .

1940 ж. Жезқазған-Ұлытау аймағының жер қойнауындағы байлықтарды ащқан еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды.

-Қазақстан Үкіметі мен КСРО ҒА-ның ұйғарымымен Алматы қаласындағы КСРО Ға-ның Қазақ филиалының жанадан құрылған Геологиялық ғылымдар институтының директоры болып тағайындалды.

1941-1964 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы (1946 жылға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы) Геологиялық ғылымдар институтының директоры.

-Қазақ КСР Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының Ғылыми кеңесінің төрағасы.

1941-1942 жж. КСРО ҒА Қазақ филиалының Президиум төрағасының орынбасары.

1941-1951 жж. ҚазКСР Мемлекеттік Жобалау комитеті жанындағы Ғылыми-техникалық кеңесі төрағасының орынбасары және ауыр өнеркәсіп бойынша тұрақты комиссияның төрағасы.

1942-1945 жж. Еліміздің қорғаныс қажетіне Орал, Батыс Сібір және Қазақстан ресурстарын жұмылдыру үшін ұйымдастырылған КСРО Ғылым академиясы комиссиясының мүшесі.

1942 ж. Геология-минералогия ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі берілді.

- «Қазақ КСР-індегі Жезқазған аймағының кен орындары» атты ғылыми іңбегі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

-Орал қорғаныс зауыттарын стратегиялық шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ететін марганец руднигін тез арада іске қосу үшін Жезді кен орнының рудасындағы марганец қорын есептеу жумысы жүзеге асырылды.

-Қарағанды маныңда қара металлургия зауытын салатын жерді белгілеу жөніндегі Үкімет комиссиясының мүшесі.

1942-1964 жж. КСРО Мнстірлер Кенесі жанындағы Геология істері комитетінің қазба байлықтар қорлары жөніндегі Орталық комиссиясының мүшесі.

1943 ж. КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

1943-1951, 1955-1964 жж., «Қазақ КСР Ғылым академиясының

Хабаршысы» (1946 жылға дейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Хабаршысы) журналының жауапты редакторы, редакциялық алқасының төрағасы.

1944 ж. Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының қатарына кірді.

-Ұлы Отан соғысы кезінде халық шаруашылығына және майданға көмектесу мақсатында ғылымды ұйымдастырғаны және ғылымдарды жұмылдырғаны үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен мараппаталды.

-Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді.

1945 ж. Ғылым мен техниканы дамытудағы үздік еңбегі үшін және КСРО Ғылым академиясының 220 жылдығына байланысты Ленин орденімен марапатталды.

-Соғыс жылдарында ресурстарды іске қосқаны үшін екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапаттплды.

- «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

1946 ж. 1946 жылы 1 маусымда ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

-Қазақ КСР Ғылым академиясының тұнғыш президенті болып сайланды.

-КСРО Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

1946-1951, 1955-1964 жж. Қазақ КСР Ғылым академисының президенті.

1946-1954, 1958-1964 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

1946-1964 жж. КСРО Жоғары және орта арнаулы білім министрілігі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының мүшесі.

1947 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үкімет делегациясы құрамында Англияға іссапарға жіберілді.

-Қазақ КСР Ғылым академиясы мен КСРО-ның Түсті металлургия министрлігінің бірлесіп ұйымдастырумен Өскемен қаласында өткен Үлкен Алтайдың өндіргіш күштерін зерттеу мен игеруге арналған көшпелі сессиясын басқардыжәне осы сессияда «Үлкен Алтайдың табиғи байлықтары және олардың КСРО халық шаруашылығындағы маңызы» атты баяндама жасады.

-Саяси және ғылыми білімдерді тарату жәніндегі Бүкілодақтық қоғам құруды ұйымдастыру комитетінің мүшесі (Мәскеу) .

1947-1956 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылым және өнертапқыштық саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығы жөніндегі комитеттің Президиум мүшесі.

1947-1959 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

-КСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Техникалық кеңесінің мүшесі.

1948-1964 жж. Саяси және ғылыми білімдерді тарату жөніндегі республикалық қоғам Президиумының төрағасы (Алматы) .

1949 ж. Қазақстан Компартиясы IV съезінің делегаты болып қатысып, онда «Қазақстан ғылымы Қазақстан Компартиясының III және IV съездері аралығында» деген тақырыпта сөз сөйледі.

-Батыс Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеу мен игеру проблемаларына арналған Гурьевте өткен ҚазКСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясын басқарды.

-Орталық Қазақстанның өндергіш күштерін зерттеу мен игеру проблемаларына арналған Қарағандыда өткен ҚазКСР Ғылым академиясының көшпелі сессиясын басқарып, онда «Орталық Қазақстан -КСРО түсті металл өнеркәсібінің маңызды шикізат базасы» атты баяндама жасады.

1949-1951, 1956-1964 жж. Қазақтан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі.

1950 ж. «Геология» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

1951 ж., Тәжік КСР Ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.

1951 ж., 23 қарашада-баспасөздегі «ҚазКСР Ғылым академиясындағы буржуазиялық ұлтшылдарды қолдағаны үшін» деген ұшықтау ғайбат сөздерден кейін ҚКП (б) ОК-нің жабық бюросында академия преиденті және ҚазКСР Ғылым академиясы президиум мүшесі қызметтерінен босатылды.

1951-1964 жж. КСРО Ғылым академиясының Біріккен Оңтүстік -Шығыс экспедициясы (кешенді Каспиймаңы экспедициясы) Ғылыми кеңесінің мүшесі.

-Қазақстандағы бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі.

-Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары. «Геология сериясы» журналының бас редакторы.

1952-1958 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтындағы «Орталық Қазақстан пайдалы қазба байлықтарының металлогениялық болжамдық карталары» проблемасының жетекшісі.

1953-1964 жж. КСРО Ғылым академиясы геология-география ғылымдары Бөлімшесінің сараптық комиссиясының мүшесі.

1954 ж. Өскеменде өткен Кенді Алтайдың геологиясы мен металлогениясының проблемаларына арналған КСРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен Қаз КСР Ғылым академиясының Біріккен көшпелі сессиясын басқарды және «Кенді Алтайдың геологиясы мен металлогениясының жағдайы мен зерттеуінің пісіп-жетілген мәселелері туралы» деген тақырыпта баяндама жасады.

1955 ж, . 28 шілдеде-ақталып ҚазКСР Ғылым академиясының Президенті қызметіне қайтадан келді.

1955 ж. Орталық және Оңтүстік Қазақстан бойынша КСРО геологиялық картасының редакция алқасы бас редакторының орынбасары.

-Алматы қаласында сейсмология мәселелеріне арналған КСРО Ғылым академиясы мен Қаз КСР Ғылым академиясының бірлесіп өткізген сессиясында «Солтүстік Тянь-Шанның сейсмологиялық негізгі мәселелері» атты баяндама жасады.

-Фрунзеде КСРО Ғылым академиясы мен Қырғыз КСР Ғылым академиясы бірлесіп өткізген сессияда «Қазақстан мен Орта Азияның полиметал металлогениясының кейбір негізгі мәселелері туралы» атты хабарлама жасады.

-Бейбітшілікті жақтаушылардың бесінші Бүкілодақтық сессиясының делегаты, онда «Соғыстан кейінгі 10 жылдағы Қазақстан экономикасының және мәдениетінің жетістіктері» деген тақырыпта сөз сөйледі(Мәскеу) .

1956 ж. КОКП (Кеңестер одағының коммунистік партиясы) XX съезінің делегаты.

-Қазақстан Коммунистік партиясының VIII съезіне делегат болып қатысып, «Қазақстандағы ғылымның қорытындысы және міндеттері» деген тақырыпта баяндама жасады.

1956-1964 жж. КСРО Министрлер Кеңес жанындағы Ғылым мен техника саласында берілетін Лениндік сыйлық комитетінің президиум мүшесі.

- «Советская Геология» журналы редакциялық алқасының мүшесі.

1957 ж. ҚазКСР Ғылым академиясының күш-мүмкіндігін тың және тыңайған жерлерді игеруге жұмылдырғаны үшін Ленин орденімен марапатталды.

-Соколов-Сарыбай темір рудасы кен орнын игеру проблемаларына арналған Қостанайда өткен салалық көшпелі сессияны басқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абзал адам, ғұлама ғалым - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Халықтың Қанышы
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Сәтбаев Қаныш (1899-1964)
Сәтпаев
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым
Академик Қ.И.Сәтбаевтың металлогендік болжамдық картасы-тәуелсіз еліміздін индустриялдық дамуының факторы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмірбаяны мен қызметінің бастау көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz