Ұлы Жібек Жолы туралы ақпарат



VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың спорт және туризм академиясы

Білім және ғылым министрлігі

тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы

Тексерген:Тарих ғылымының
кандидаты.Доцент.Құлманов Ж.Е.
Орындаған:Аубакиров Б.Д.
ФОС-1-2

Алматы-2006

Ұлы Жібек жолы кезінде

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда
мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан
жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой
көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып,
байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі
қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-
Макдиси берген. Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен
тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен
мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны
қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар.
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта
тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата,
қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және
тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб
қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның
қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-
Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан
деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың
басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің
бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды
деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар
дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға
дейін сақталған.
Архиология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ Отырарбенді
патшасы деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен
қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық
дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы
ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан
кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне
ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі-Тараз. Ол жазба
деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның
елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген
есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань
Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп
сипаттайды.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолындағы ірі мекенге айналды. Оны
шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және
иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде
тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген
кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-
бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып
безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс
жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына
келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір
ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың
басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені
тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы
болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі
Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара,
Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп
жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз
сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған.
Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни
орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-
шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда
қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата
жұрты бар.
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа
жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б.
пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық
орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор
рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының
Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз
сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада Ұлы Жібек
жолының зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа
жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз
арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар Жібек
жолыТараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын
басып өтті.
Тараздан Жібек жолыменТөменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге
және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып,Бедел мен
Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың
терістік бауырындағы Құмкент,Баба-ата,Созақ қалаларын,одан кейін Орталық
Қазақстан далаларын басып өтіп,Кеңгір,Жезді,Нұра,сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс
аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін
болған.Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар,жолда құдықтар мен су
қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны,ірі
базарлар болған.Орта Азиядан шыны,асыл заттар,көп қолданылатын өнер
бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып,Қытайдан жібек, фарфор, керамика
әкелінетін.Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен,маржаннан
жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне
сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына
себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік
көбінесе суармалы негізде дамыды.
Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері
алқабында,Жетісуда,Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан
егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау
бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік
кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда
егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс
өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына
келді,екінші саласы Құйрық төбе,Алтын төбе,Жалпақ төбе,Марданкүйік
қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен
қамтамасыз етіп,сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты
суландырған.Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол
жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз
еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам,
Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер
жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді
ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған.Қолдан суару негізінде Жетісу
тұрғындары астық өсіріп,жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен
айналысты,бақша және бау дақылдарын екті.Таудың төменгі етектерінде Талғар,
Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу,Лепсі өзендерінің
орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған.Талас
өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-
бақшалар суғарылып,гүлдеп тұрған. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің
даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды
шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.

Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,
Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.
Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А.
Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана
өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс
өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған.
Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған.
Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс
жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат ізін
суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін
ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс
өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның
сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді.
Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне
қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе
бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді
өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр
дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен
өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста
Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен
асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс
жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.
Ерте кездегі Жібек жолы Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының
солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш
өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс
жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының
батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта
Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс
солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып
Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да
адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып,
қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына
тұтасатын жол, бұл кейінірек солтүстік жол деп аталды. Тұрпаннан шығып,
Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді
басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері Орта
жол деп аталды. Оңтүстік жол бұрынғысымен ұқсас.
7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп
екінші орынға түсті, бірақ 13 ғ. дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды
жолы болып келді. 19 ғ. басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік
сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп
жазады:
Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты... Қытайдың
торғын-торқалары көз жауын алады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға
толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады.
Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар
мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы,
өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта
Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары
және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні,
Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс
пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық
мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы
мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін
тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.
Ұлы Жібек жолы
Еуразия құрлығындағы көне керуен жолы. Сонау көне заманнан бастап орта
ғасырға дейін жол бойындағы елдер мен мемлекеттердің өзара сауда мен мәдени
байланыстарының өркендеуіне зор әсер еткен құбылыс, адамзат тарихындағы
кезеңдердің өзара байланысының символы.
Жолдың бұлай аталуы жібек матасына байланысты. Ол Қытайда өндірілетін.
Бұрын жібек матаның пайда болуын біздің заманымыздан бұрынғы ғасырмен
шектейтін, соңғы кезде Қытай археологтары Чжецзянь провинциясындағы Тайху
көлінің маңынан табылған маталарға қарап, оның жасын біздің заманымыздан
бұрын 2700 жылдарға теңейді. Жібек жолының үзіліссіз дипломатиялық және
сауда қызметін атқара бастаған мезгілін біздің заманымыздан бұрынғы 2
ғасырдың орта тұсы деп санау қалыптасқан. 138 жылы Хан ордасынан (Қытай)
князь Чжан Цзяньға қосшылық еткен 150 адамы бар елшілік керуені өздеріне
мүлдем белгісіз. Батыс өлкеге сапарға шығып, князьдің өзі тек он үш жылдан
соң еліне екі адам боп қана оралған. Осыдан кейін керуен жолы ашылып, сауда
дами бастаған. Біраздан кейін осы халықаралық сауданы соғдылықтар (Зеравшан
мен Қашқадария жазықтарына орналасқан ел) өз қолдарына алған. Осылайша
Жерорта теңізінен бастап Қытайға дейін Жібек жолы соқпағы басталған.
Жолдың бірнеше тармағы болды. Алғашында ол жолдардың негізгісі -
Ферғана-Самарқанд-Бұхара-Мерв-Сирия ) қысқа болғанмен 6-7 ғасырлар Жетісу
мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол үлкен маңызға ие болып, керуендер
осылай ауыса бастады. "Оңтүстік жол" мен "Солтүстік жол" еді.
Мұның бірнеше себебі болды: біріншіден - бұл мұнда көне замандардан өзіндік
мәдениет бар ел өмір сүрді әрі олардың ішінде көшпенділер де, отырықшылар
да бар еді. Осы екі мәдениеттің - көшпенділер мен отырықшылар - 7 ғасырда
Ферғана арқылы өтетін жол өте қауіпті еді - бұл бағытта бақталастықтан
күнде қырғын болып жататын; үшіншіден - түркі шонжарлары мен оның
айналасындағылар шет елдік тауарларды көптеп пайдалана бастады. Оны
археологиялық қазбалардан табылған заттар дәлелдейді (мыс, Ордабасы маңынан
табылған заттар, бір зираттан сонау Балтық бойында ғана болатын янтарь
әшекейі табылған). Осы тұста Шығыс пен Батыс түрік қағанаттары сонау Корея
жарты аралынан бастап Қара теңізге дейінгі аймақта билік жүргізіп тұрған
болатын. Батыс түрік қағаны Истеми Византияға елшілік аттандырып, олардың
елшісі Земархты Космолат тауының етегіндегі Алтынтөбедегі жазғы ордасында
қабылдаған. Ал түркілердің (анығырақ айтқанда Усунь мен Кангю елінің)
қытайлармен байланысы әсте үзілмеген. Түркі мәдениеті қытайлықтарға үлкен
әсер еткен (киім кию, сән-салтанат, әдет-ғұрып, т.б.). Бұл да керуен
жолының күре тамырын бедерлей түскен. Ұлы Жібек жолының Қазығұрт маңынан
өтетін тұсын барлық ғалымдар "Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы
Испиджабқа (Сайрам) жететін" деп тұжырымдайды. Шынында да Орта Азиядан
келетін керуеннің басқа өтетін жолы жоқ еді. Тізе қосып қимылдауы өлемдік
прогрестің өркендеуінің темірқазығы болды; екіншіден Испиджаб жолдағы үлкен
қала, сауда орны әрі жол тарамданатын орталық болатын. Кезінде мұнда құлдар
да сатылған. Бұл жерден жол Отырарға бағыт алып, одан ары Сырдарияны бойлай
батысқа, екінші тармағы Қаратау асып Орталық Қазақстанға кететін. Екінші
үлкен бағыт - Тараз қалысына қарай кететін бағыт. Сондықтан Қазығұрт
(Тұрбат) асуы керуеннің ең жиі жүретін түсы болатын. Оның үстіне бұл
аймақтың табиғаты да керуеншілер үшін өте қолайды еді. Бұл туралы 7 ғасырда
осы жерден өткен қытай тақуасы Сюянь-Цзань былай деп жазған: "Бұл корольдік
мың ли жерді алып жатыр. Бұл елдің жері аса құнарлы, мол астық береді.
Шабындығы мен өсімдігі аса шұрайлы; гүлдер мен жемістер аса мол. Жоғары
бағаланатын жүзімді көп жинайды. Бұл ерекше белгіленген бастықтар
басқарады. Олар бар билікті өз қолдарына алған, бірақ бір-біріне
бағынбайды. Олардың иеліктерінің межелері анық белгіленген болса да, өзара
келісіп Ну-Чи-Киен-Ку деген бірлестікке бірігеді". Тақуа осы маңды Испиджаб
қаласынан өтіп, Кангю қаласына келген жерден көре бастайды да бұл
корольдіктен өткен соң Че-Ши (Чагл) қаласына жетеді. Тақуаның жаз отырғаны
Сайрам мен Ташкенттің арасындағы аймақ - Қазығұрт аймағы. Ғалымдар өз
жазбаларында "Тұрбат асуа" деп атағанмен сол еңбектерге қоса берілген карта-
сызбаларда Ташкент пен Сайрамның арасына Газгерд деген қаланы
орналастырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, бұл қазіргі Шарапхананың
маңындағы көне қала. Оның жасы 6-12 ғасырлар деп шамаланады. Қазба
жұмыстарынан табылған заттар осының айғағы дейді. Сондықтан жолдың
көнелігін ескере отырып, "Тұрбат асуы" деген тіркесті ұстанады. Көне жолдың
соқпақтары негізгі кезде де жота-жоталардың арасынан, өзен өткелдерінен
байқауға болады.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН
ежелгі дәстүрлерден ынтымақтастықтың озық үлгілеріне

Кеше Алматыда “Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрлерден туризм мен
ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне” атты екі күндік форум өз жұмысын
бастады. Жібек жолы бойы қалалары басшыларының үшінші форумына 25 ірі
қаланың мэрлері қатысып, онда аймақтық туризмді және өзара ынтымақтастық
пен ықпалдастықты дамытып, одан әрі жетілдіру төңірегінде кеңінен сөз
қозғалды. Жібек жолы бойы қалалары басшыларының халықаралық үшінші форумын
кіріспе сөз сөйлеп ашқан Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев оған
қатысушыларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып
берді:
“Туризм бүгінде әлемдік экономиканың ең басты саласына айналып отыр.
Орталық Азия аймағы арқылы Ұлы Жібек жолы өткен Қазақстанда туризмнің
қарқынды дамуына қажетті ресурстар жеткілікті. Елімізде туристік
инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар іргелі шаралар жүзеге асырылуда.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық учаскесінде сәулет ескерткіштері мен тарихи
орталықтарды қалпына келтіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Ұлы жібек жолы және Қазақстан
Жібек жолының тарихи бастауы
Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
Отаным менің, байтақ өлкем
Қазақстандағы туристік өнім
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Пәндер