Ағартушылар философиясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МОӨЖ

Тақырыбы: Ағартушылар философиясы

Ресейге қосылу нәтижесінде белгілі бір дәрежеде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Аймақтың халықтары тағдырында осы бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған және қоғамдық сана дамуында жетекші рөл атқарған ағартушылық- демократиялық ойдың мәнін түсіну үшін мынандай методикалық және теориялық қағидаларды ескеруіміз қажет: біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мәдениетімен кең танысу және сол арқылы еуропалық өркениеттен сусындау- Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып табылғанмен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта- XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстан ағартушылық идеологиясын оқып үйренуде жалпы ағартушылық құбылысқа тән белгілермен қатар оны тудырған мәдени- әлеуметтік орта ерекшелігіне де баса назар аудару қажет. Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі оның азатыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі Кеңес өкіметіне дейін және сол өкімет тұсында өз мәнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М. Дулатов- «Оян қазақ!», М. Жұмабаев- «Тәңір», «Мен кім», «Тез барам» т. б. А. Байтұрсынов «Қазақ өкпесі», «Тәні саудың жаны сау». «Қазақша оқу жайынан», Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Шоқаев, Ж. Аймауытов т. б. ) . Патша өкіметі мен сталиндік репрессия зардабын басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мұң- мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу- ағартуға үндеген еңбектері бостандығы мен теңдігі жолында күреспен тығыз байланысты болды. Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол даму реакциялық идеялық бағыттармен күреске толы болды.

Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865) демократтық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энцклопедис- ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері. Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан- жақты шығармашылық мұра қалдырды.

Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғандығын атп өтуіміз қажет. Шоқан В. Г. Белинскийдің, Н. Г. Чернышевскийдің, А, И. Герценнің, Н. А. Добролюбовтың еңбектерін оқып- үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.

Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни 1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі(1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петрбордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында ұлы еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы- демократ. Ш. Уалиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (Құдай) » деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уалиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние- күн, ай, жұлдыздар және жер- алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы «Тәңір (Құдай) » мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.

Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның обьективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойыедайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы ретінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым- қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде- ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім мәселесін, адмның табиғатқа қатынасын танып білу қажеттілігін шамандықтан туды деп тұжырымдайды. Бұдан Ш. Уалихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуының бір себебі, табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе- адам, адамның терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе есебінде қаралады.

Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында Бұхара молдалары таратып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді» деп көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға болады деген пікіріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін емес дейді.

Шоқанның прогресті халықтың материалды тұрмыс жағдайының жақсаруымен тікелей байланыстырылуы қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан түсінудің бірден- бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге ол қоғамның топқа, жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі қалың бұқараның мұң- мұқтажына қайшы келетіндігін атап көрсетеді. Ерекше назар аударатын нәрсе- Шоқанның демократтық көзқарастары. Мысалы «Сот реформасы жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде патша үкіметі тағайындаған сотта қазақ даласында әзірше табиғи сұрыпталатын билер артық деген шешндігімен көзге түсуі керек. Егер әділ болмаса, оған ешкім билік айтқызуға келмей қояды, ал патша үкіметі сайлаған сот билігі шектелер уақытқа шейін сот міндетін атқаратын болады, оның іс- әрекетінде немкетерлік пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Халық дұрыс даму үшін алдымен оған қажет нәрселер- өзіндік даму, өзін- өзі қорғау, өзін- өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп және сақталып қалу үшін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық сипатына бейім болуы да керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша, дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зиянын тигізеді. Сонымен бірге Шоқан халық өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі керек деген ойдан аулақ. Керісінше, еуропалық, жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеру қай елдің болмасын алдына қоятын мақсаты болуы керек деген ойды қолдайды. Әрине, еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халқы ағарту мәселесін іске асыруы қажет. Бұл ретте қазақ жұрты үшін орыс мәдениетінің маңызын Шоқан ерекше жоғары бағалады. Осы себептен де көптеген мақалалалрында қазақ даласында орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді кеңес етеді. Қазақ жеріне дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кезде осы қиыншылықтардың бәрін патша үкіметі шеше алады деп сенді. Ресейдің мәдениетті көтермелемек тәсіліне үлкен үміт артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді жақсы меңгерсе де, өз халқынан ажырамады, халқының мұңын әсіресе, қалың бұқараның жоғын жоқтады. Г. Н. Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халқынан ажырата ламады, керісінше, ол тәрбилеген еуропалық рух өз елінің қызметшісі болуын міндеттеді деп жазды.

Ресей үкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте- бірте үмітін үзе бастайды. Әсіресе, генерал Черняевтың жорығына қатысқан ол орыс әскерлерінің отаршылдық озбыр істеріне наразылық білідіріп, қызметтен шығып, ел ішіне кетеді. Н. М. Ядринцев Шоқан туралы естелігінде: бұратана халықтың өкілі өркениет нәрін тартып, білім алса да, бөтен мәдениет халқының ырқын ығыстырғанын көзімен көргенде, бір жақты ықпалдың болашағына сенбей, өз жұртына оралуды жөн көрді дейді. Қоғамды ұйымдастырудың жолдары мен әдістерінде Ш. Уалиханов әкімшілік жолмен жасалатын реформаға шешуші мәселе деп қарады. Сондықтан отаршыл үкімет орындарына бірнеше рет ұсыныстармен барып та жүрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Орыс философиялық ойлары
Поль Анри Гольбах француз философы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Француз материалистері
Уәлиханов шығармашылығын
Франсуа Вольтер философиясы
Ағартушылық дәуірі және оның ерекшеліктері
Классикалық ұғымы. Неміс классикалық философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері
Сократ философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz