Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету


Тақырып. Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету
Мазмұны
1. Кіріспе. Курстың мақсаттары және мазмұны . . .
2. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ (ЕСКД)
3. стандарттарының тағайындалуы . . .
4. Конструкторлық құжаттардың түрлері. …… . . .
5. Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңдері . . .
5. Техникалық ұсыныс . . . ……… . . .
6. Эскиздік жоба . . . . . .
7. Техникалық жоба . . . . . .
8. Техникалық шарт . . .
9. Техникалық шартты әзірлеу барысында орындалатын жұмыстар . . .
10. Спецификация тізбесі . . .
11. Сілтемелік құжаттар тізбесі . . .
12. Жұмысшы сызбаларға негізгі талаптар . . .
13. Құрастыру сызбасы . . .
14. Конструкторлық құжаттарды нормабақылаудың мақсаты мен маңызы . . .
15. Нормабақылауды жүргізу реті . . .
16. Топтық және базалық құжаттардың жалпы сипаттамасы . . .
17. Спецификацияны орындау тәртібі . . .
18. Бұйым түрлері . . .
19. Бұйым конструкциясының технологиялығы . . .
20. Типтік технологиялық процес . . .
21. Технолгиялық процестерді стандарттау және типтендіру . . .
22. Технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі ТҚБЖ (ЕСТД) стандарттарының тағайындалуы . . .
23. Бірлік технологиялық процес үшін құжаттар комплектілігіне жалпы талаптар . . .
24. Типтік және топтық технологиялық процес (операция) үшін құжаттар комплектілігі және оларды тіркеуге жалпы талаптар . . .
25. Маршруттық картаны қолдану тәртібі . . .
26. Қауіпсіздік талаптарының көрнекі көрсетілуі . . .
27. Технологиялық құжаттарды нормабақылаудың мақсаты мен маңызы
28. Нормабақылаудың жүргізу тәртібі . . .
29. Технологиялық құжаттарды техникалық бақылау тәртібі . . .
30. Арнайы тағайындалган құжаттарды рәсімдеу . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
- Тақырыбы: Кіріспе. Курстың мақсаттары және мазмұны.
«Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету» ғылыми ізденіс жұмыстарымен үйлесе отырып, сапаны қалыптастыруда тапсырыс беруші мүддесі мен тапсырысты өңдеп жасаушы ықыласын және тұтынушы талаптарын құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ (ЕСКД) және технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі ТҚБЖ (ЕСТД) мәселелерін қарастырады.
Өнімнің техникалық деңгейі және сапасы жобалау кезеңінде қаланады, дайындау кезеңінде қамтамасыз етіледі, эксплуатация кезеңінде жүзеге асырылады. Сондықтан өнім сапасын бақылау бойынша Мемлекеттік қабылдау жұмысының негізгі бағыттарының бірі - конструкторлық және технологиялық, техникалық құжаттардың сапасын бақылау болып табылады.
Конструкторлық және технологиялық құжаттар өндірісті дайындау және өнімді өндірудің техникалық жағына кіреді. Осы сұраққа байланысты Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ЕСКД), Технологияльық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ЕСТД), Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі (ЕСТПП), Өлшеуді қамтаматсыз етудің мемелекеттік жүйесі (ГСИ) және басқа да жүйелердің талаптарына сәйкес өңдеу, және оны өткізуді ұйымдастыру, сақтау және өзгерту техникалық құжаттарды бақылау және рәсімдеу, дұрыс құрастыру - үлкен мағынаға ие болады.
Қабылданған өнімнің техникалық құжаты тәжірибелі үлгіні және орнату сериясын сынау және дайындаудың нәтижесі бойынша өңделуі керек және орнатылған тәртіпте бекітілуі керек. Мемлекеттік қабылдау қабылданған өнімнің сапасы мен сенімділігін жоғарылату мақсатында техникалық құжаттарды жетілдіу бойынша жүйелік жұмыстар жүргізуге міндетті. Ол үшін өнімді эксплуатациялау, қабылдау, сынау және өндірудің бақылау материалы қолданылу керек.
Орнатылған техникалық деңгей және сапаның қабылданған өнімінің шығарылымы жүргізілуі бойынша техникалық құжаттың сапалық жағдайын камтамасыз ету және қолдау үшін Мемлекеттік қабылдау РД 50-612-86 сәйкес төмендегілерді жүзеге асыру керек:
- Техникалық құжаттың мемлекеттік стандарттардың және өнімді жеткізу шартының талаптарына сәйкестігін бақылау;
- Өнімнің конструктивті және өндірістік кемшіліктерін жоюмен, өнімнің конструкциясы мен техникалық сипаттамасының жақсарцымен байланысты тениткалық құжаттар өзгерісінің, сондай-ақ қабылданған өнімнің сенімділігі мен сапасына әсер ететін басқа да өзгерістердің, өнімді өндіру шартының, сапаны бақылау ережесі мен тәсілдерінің, қабылдауы мен сынауының келісуі;
- Қабылданған өнімнің техникалық құжатының келісілген өзгерісінің деркездігін және енгізу толықтығын бақылау;
- Мемлекеттік қабылдау органының және кәсіпорынның техникалық құжатты өзгерткені туралы хабарлама жіберуінің деркездігіне бақылау;
- Техникалық құжаттар бойынша ескертулер есебі;
- Техникалық құжаттың өзгертулерінің есебі.
Бұдан басқа кәсіпорында техникалық құжаттың түпнұсқасын ұстағышқа Мемлекеттік қабылдау осы кәсіпорынның өкілімен бірге периодты түрде (жылына бір реттен кем емес) қабылданған өнімнің түпнұсқа құжаттарының сапасы мен комплектілігіне, оларды сақтау ережесі мен шартына тексеру жүргізу керек.
Техникалық құжаттың сапасына бақылау жүргізу үшін Мемлекеттік қабылдаудың жұмысшылары қабылданған өнімді және оған өңделген конструкторлық және технологиялық құжаттарды оте жақсы білу керек.
Бұйымның конструкторлық құжаты бұйыммен бірге оны өңдеу, өндіру, эксплуатация және жөндеу процесінде жүреді. Конструкторлық құжаттарсыз бұйымды шығару және дайындау, тағайындалуы бойынша қолдану мүмкін емес. Конструкторлық құжат бұйымның сапасы мен оның техникалық деңгейі, және оның даму тенденциясы туралы толық және нақты информациясы бар, біріншілік сақтаушы болып табылады. Өнімді өндіруді дұрыс және дәл дайындау және ұйымдастыру, оның эксплуатациясы және жөнелуі конструкторлық құжаттың сапасына байланысты.
Конструкторлық құжаттың сапасы техникалық және хабарландыру мазмұнына, физикалық жағдайына байланысты болады.
Конструкторлық құжаттың техникалық мазмұны бұйымның жұмыс істеу принципін, қондырғысын, құрылымын, оның функционалды бөліктерімен ішкі және сыртқы байланыстарын анықтайды, өнімнің сапасына және техникалық деңгейіне талаптар орнатады.
Хабарландыру мазмұны бірыңғай техникалық тілмен қабылданған техникалық шешімдер, бұйымның техникалық деңгейі мен сапасы туралы мәлімдемелерден тұрады.
Конструкторлық құжаттың физикалық жағдайы саақталуға жарамдылығын, жарылу, жапсыру және тесілген жерлерсіз келтірілген мәлімдемелердің дәлдігін, сондай-ақ түпнұсқа үшін де және бірнеше рет көшірмесін түсіруге жарамдылығын анықтайды.
Конструкторлық құжаттың техникалық мазмұнының сапасы өнімнің техникалық шарттары мен стандарттарында, ғылыми-зерттеулердің және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың нәтижесінде (НИОКР) ; ал хабарландыру мазмұнының сапасы - ЕСКД стандарттарында; физикалық жағдайының сапасы - ЕСКД стандарттарында және құжаттарға ұқыпты қарауда базаланады.
Конструкторлық құжаттың сапасын бақылауда Мемлекеттік қабылдаудың жұмысшылары өнімнің техникалық шарттарымен, стандарттарымен және ЕСКД стандарттар комплексімен еркін жұмыс жасай алуы керек.
Аталынған стандарттар нормативтік талапта орнатылған өнім қауіпсіздігін өзара ауыстырымдылығын техникалық, информациялық қамтамасыз ете отырып, реттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, кез-келген өнім үшін оларға талап орнату, схема түрінде кескінін көрсету, пайдалану, жөндеу, мәәліметтерін келтіру осы технологиялық конструкторлық құжаттарда қарастырылады.
Қазіргі таңда ғылым мен технологиялық ақпараттық байланыстың өркендеуіне байланысты ЕСКД құжаттарын талдау жаңа электрондық конструкторлық құжаттарды жасауға итермелейді.
ЕСКД құжаттарын жетілдіру, халықаралық стандарттар ИСО13. 584. \, 13. 531 талаптарын ескере отырып жүргізілді. Конструкторлық құжаттардың электронды нұсқасын ЕСКД шарттарына сәйкестендіру информациялық технологиялар саласындағы стандарттау бойынша жұмыстарын халықаралық бағдаламасына ендірілген.
2. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі КҚБЖ (ЕСКД) стандарттарының тағайындалуы.
КҚБЖ (ЕСКД) стандарттар комплексі өнімнің өмірлік кезеңінде /жобалау, дайындау, пайдалану, жөндеу т. б. / әзірленетін және қолданылатын конструкторлық құжаттарға өзара байланысқан ережелерді, нормаларды орнатады. ЕСКД стандарттарының негізгі тағайындалуы, конструкторлық құжаттарды рәсімдеу барысында келесі мәселелерді қамтамасыз етеді:
1) Бұйымды жобалау барысында жетілдірілген әдістер мен құралдарды пайдалану;
2) Конструкторлық құжаттардың өзара байланысын ешқандай өзгертусіз пайдалану мүмкіндігі;
3) Конструкторлық құжаттардың тиімді жинақталуы;
4) Конструкторлық құжаттарды және ондағы ақпаратты өңдеудің механикалығы және автоматтылығы;
5) Тұтынушының өмірі мен денсаулығына қоршаған ортаға бұйым қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптардың конструкторлық құжаттарда болуы;
6) Бұйымның жоғарғы сапасы;
7) Бұйымды жобалауда стандарттау және унификациялау мүмкіндігінің кеңеюі;
8) Бұйымды сертификаттау мүмкіндігі,
9) Өндірісті дайындаудың еңбек сыймдылығын төмендету және мерзімін қысқарту;
10) Бұйымды дұрыс пайдалану,
11) Жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жетілдіру үшін құжаттарды әзірлеудің ыңғайлылығы; және қол жетімділігі;
12) Конструкторлық құжаттар мен графикалық бейнелердегі формалардың жеңілдетілуі;
13) Автоматтандырылған жүйелердің біртекті ақпараттық базасын жасау мүмкіндігі;
14) Халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің ырғақтылығы;
ЕСКД стандарттары машина жасау және прибор жасау бұйымдарына таратылады.
ЕСКД стандарттарымен орнатылған нормалар мен ережелер келесі құжаттарды әзірлеу, өңдеу, рәсімдеу барысында қолданылады:
1) Конструкторлық құжаттардың барлық түрінде;
2) Конструкторлық құжаттарды есепке алу, тіркеу құжаттары;
3) Конструкторлық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша құжаттарға;
4) Нормативті техникалық, технологиялық құжаттарға;
Сондай-ақ басқа да стандарттарға, нормалар мен ғылыми-техникалық оқу әдебиеттеріне қолданылады.
ЕСКД стандарттары топтық жіктелуі келесідегідей
ЕСКД стандарттары ГОСТ 1. 0 стандарттарында орнатылған ережелер бойынша белгіленеді. Стандартты белгілеу келесідегідей:
1) Стандарт категориясының индексі, яғни ГОСТ;
2) ЕСКД стандарттар комплексімен берілген сан келтіріледі;
3) Кестеге сәйкес стандарт тобының нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;
4) Аталынған топтағы стандарттың реттік нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;
5) Стандарттың бекітілген жылын көрсетеді.
ГОСТ 2604-
ГОСТ - стандарт категориясының индексі
«2» - стандарт комплексінің номері
«6» - кестеге сәйкес стандарт тобының номері
«04» - топтағы стандарттың реттік номері
ЕСКД стандарттары халықаралық стандарт үшін орнатылған тәртіпте ендіріледі.
Жаңа немесе қайта қаралған ЕСКД стандарт ендіру барысында оларды қайта рәсімдеуге болады. Тек қана қорғаныс мақсатында әзірленген немесе конструкторлық құжаттар тапсырыс берушімен келісіледі.
Бұрын әзірленген конструкторлық құжаттарды қолдануда, әзірлеуші көшірмесін өз қолында ұстауға немесе қайта дайындауға құқылы.
ЕСКД классификаторында барлығы 100 класс бар. Барлық бұйымдар функционалдық біртипті класқа қатысты болып келеді. Резервті кластар уақыттың өтуіне байланысты қажеттілікке орай бұйымның жаңа түрін орналастыру үшін керек.
ЕСКД классификатордың әр класы 10 кішкентай кластарға бөлінеді(0-ден 9-ға дейін), әр кішкентай кластардың өзі 10 топқа, әр топ кішкентай топшаларға, кішкентай топшалар 10 түрге бөлінеді.
ЕСКД классификаторын қолдану мынаны қамтамасыз етеді:
1. Бұйымдардың және машина, құрал жасап шығарушы конструкторлық құжаттардың тағайындалуының біріңғай жүйесін.
2. Проектеу, өндіріс ремонттау мақсатында әр түрлі мекемелерде, ұйымдарда қолдану мүмкіндігі.
3. Жасап шығарушы және дайындалған бұйымдарды, сондай-ақ конструкторлық құжаттарды іздеуді тездету және жеңілдету.
4. Стандарттаудың және унификацияның бағытын анықтау.
5. Бұйымдарды өндіруде, проектеуде, автоматизацияда қолданылатын құрал-жабдықтардың кең қолданылуы.
КҚБЖ (ЕСКД) классификаторы классифицирленген көпшіліктің дедуктивті логикалық бөлуге бағытталған иерархиялық ондық әдіс бойынша жасалған. Бұл әдіс бойынша классификацияның әр сатысындағы құжаттар мен бұйым классификациясының белгілерін нақтылау жүзеге асырылады.
Кластағы бұйымдарды классификациялау кезінде келесідегідей негізгі белгілер қолданылады:
а) Функционалдық (бұйыммен орындалған негізгі эксплуатациялық функция )
ә) Конструкторлы ( бұйымның коструктивті ерекшеліктері)
б) Әрекет ету принципі (физикалық, физика - химиялық процесс)
с) Параметрлік (бұйымның жұмыс параметрінің дәлдік деңгейлері және шамалары:негізгі размерлер, қуат, қысым, ток күші, жиілік)
д) Геометриялық форма
е) Бұйымның аталуы.
Кластарды түзету кезінде жиынтық бірлігінің, комплекттердің, комплекстердің классификациясының бірінші деңгейінде функционалдыбелгі қолданылады. Бұл белгі кластың бұйымдары туралы мәлімет беріп және оларды басқа кластың бұйымдарынан ерекшелеуге мүмкіндік береді.
КҚБЖ (ЕСКД) классификатор бұйымының класының классификациялық мінездемесінің коды Технологиялық классификатордың құраушы бөлімі ретінде қолданылады.
Жалпы құжаттың классификациясы үшін барлық кластағы "О" кішкентай кластар қолданылған. Бұл "О" кішкентай класқа барлық клас, оның кішкентай класы, топ, топша, түр, норма, тәртіп, талап, әдіс, бұйымның құраушылары, олардың маркировкасы, орауы, бақылауы, қабылдауы, сақтауы, монтаждауы, және т. б құрайтын құжаттар жатады.
3. Конструкторлық құжаттардың түрлері.
Конструкторлық құжаттарға бұйымның құрамы мен қасиетін анықтайтын оны жобалау, дайындау, пайдалану және жөндеу барысындағы қажетті мәліметтерді қамтитын графикалық және мәтіндік құжаттар жатады :
1) Бөлшек сызбасы - бұл бөлшекті дайындау мен бақылауға қажетті мәліметтерді қамтитын кескін, яғни құжат.
2) Құрастыру сызбасы - бұл құрастыру бірліктері мен басқа да мәліметтерді қамтитын құжат, сондай-ақ құрастыру сызбасына гидромонтаждау мен пневмомонтаждау әрекеттерін орындайтын сызбалар да жатады.
3) Жалпы көрініс сызбасы - бұйымның конструкторлық ерекшелігін оның құрамдас бөліктермен өзара іс-әрекетін сондай-ақ жұмыс істеу принципін айқындайтын құжат.
4) Теориялы сызба - бұйымның геометриялық формасын оның құрамдас бөліктерінің координаталар орналасуын айқындайтын құжат.
5) Габаритті сызба - /пішінді/ - бұйымның жалпы нобайын және орнатылатын қосылатын өлшемдерін көрсететін құжат.
6) Монтаждау сызбасы - бұйымның қолданылу орнына орналастыру үшін мәліметтері бар құжат. Сондай -ақ монтаждау сызбасына бұйымды орнату үшін арнайы әзірленген іргетастық сызбалар да кіреді.
7) Қораптау сызбасы - бұйымды қораптау үшін қажетті мәліметі бар құжат.
8) Схема /сұлба/- шартты белгі түрінде немесе бұйымның құрамдас бөлігінің өзара қатынасын белгілейтін сызба түрінде келтірілген құжат.
9) Спецификация - құрастыру бірлігінің құрамын, комплекстілігін, комплектілігін айқындайтын құжат.
10) Спецификация тізбесі - бұйымның құрамдас бөлігінің саны мен сыйымдылығын көрсететін барлық спецификация жиынтығын құрайтын құжат.
11) Сілтемелік құжаттар тізбесі - бұйымның конструкторлық құжаттарына сілтеме көрсетілген құжаттар жиыны бар құжат.
12) Бұйымды сатып алу тізбесі - бұйымды әзірлеуде пайдаланылатын сатып алу тізбесін құрайтын құжат.
13) Сатып алынған бұйымды қолдануы рұқсат тізбесі - ГОСТ 2. 124 сәйкес сатып алынған бұйымдарға қолдану үшін рұқсат мәліметтерін қамтитын құжат.
14) Техникалық ұсыныс тізбесі - техникалық ұсынысқа кіретін құжаттар жиынынан құралған құжат.
15) Эскиздік жоба тізбесі - эскиздік жобаға кіретін құжаттар тізбесінен құралған құжат.
16) Техникалық жоба тізбесі - бұйымның техникалық жобасына кіретін құжаттар тізбесінен құралған құжат.
17) Түсіндірме жазба - әзірленген бұйымның әсер ету принципін жазбалайтын құжат, сондай-ақ мұнда оның техникалық әзірлеу, техника-экономикалық шешімі келтіріледі.
18) Техникалық шарт - бұйымды әзірлеу, бақылау, қабылдау, жеткізу талаптарынан құралған құжат.
19) Сынау әдістемесі және бағдарламасы - бұйымды сынауды сондай-ақ соны бақылауды әдістері мен реті барысындағы техникалық мәліметтерді қамтитын құжат.
20) Есеп - параметрлер, шамалар есептеулерінен құралған құжат.
21) Пайдалану құжаттары - пайдалану барысындағы бұйымды пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу мәліметтерін қамтитын құжат.
22) Жөндеу құжаттары - арнайы кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мәліметтерді қамтитын құжат.
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңіне байланысты келесідегідей бөлеміз:
1. Техникалық ұсыныс
2. Эскиздік жоба
3. Техникалық жоба
Аталынған құжаттар топтамасын негізінен жобалық құжаттар деп атайды.
4. Жұмысшы құжаттар
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу тәсілдеріне байланысты келесідегідей бөлеміз:
1. Түпнұсқа - кез келген материалда әзірленген екінші түпнұсқалы дайындау үшін тағайындалған құжат.
2. Екінші түпнұсқа - орнатылған тәртіпте екінші түпнұсқа ретінде кез келген интервалда рәсімделінген көп қайтара көшірме алуға мүмкіндік беретін құжат.
Екінші түпнұсқа ретінде алғашқы түпнұсқаны немесе типографиялық тәсілмен басылған екінші түпнұсқаны пайдалануға болады.
3. Қайталау құжаты - кез келген материалда әзірленген көшірме алуға мүмкіндік беретін екінші түпнұсқаның көшірмесі.
4. Көшірме - бұйымды жобалау, пайдалану, жөндеу барысында тікелей қолдануға тағайындалған екінші түпнұсқаның немесе қайталау құжатының көшірмесі.
Конструкторлық құжаттардың комплектілігі
Конструкторлық құжаттардың комплектілігін анықтауда келесілерді анықтап алу керек:
1. Негізгі конструкторлық құжатты
2. Конструкторлық құжаттың негізгі комплектілігін
3. Конструкторлық құжаттың толық комплектілігін
Бұйымның негізгі конструкторлық құжаты бұйымның немесе оның құрамының толық және біртекті жазбаларымен ерекшеленеді.
Конструкторлық құжаттың негізгісі : болып келесілер қабылдануы мүмкін, мысалы, бөлшек үшін оның жалпы сызбасы, құрастырма бірлік үшін спецификациядағы көрсетілетін бірліктер жиынтығы.
Конструкторлық құжаттың бірыңғай жүйесі стандартына сәйкес әзірленген конструкторлық құжаттарды қолдануда бұйымның барлық параметрлерін айқындайтын мәліметтер қарастырылады. Осындай жағдайда ғана бұйымға негізгі конструкторлық құжат толық қарастырылған деп саналады.
Конструкторлық құжаттың негізгі комплектісі деп бұйымның барлық құраушыларының қамтитын / құрастыру сызбасы, принциптік сызбасы, техникалық шарты, пайдалану құжаттары және т. б. / құраушы бөлік қарастырылған конструкторлық құжаттың жиынтығын айтамыз. Құраушы бөліктердің конструкторлық құжаттары бұйымның негізгі құжаттар комплектісіне кірмейді.
Бұйымның конструкторлық құжаттарының толық комплектісі келесілерді қамтитын құжаттар: берілген бұйымның конструкторлық құжаттарының негізгі комплектісін берілген бұйымның және оның құраушы бөліктерінің конструкторлық құжаттарының негізгі комплектісі.
Конструкторлық құжаттардың негізгі комплектісіне конструкторлық құжат кіруі мүмкін, егерде бұл құжаттар берілген бұйымға қатысты болса.
Конструкторлық құжаттардың номенклатурасы бұйымды әзірлеу кезеңдеріне байланысты анықталынады.
4. Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңдері
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу келесі мақсаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) Бұйымның жұмыс істеу принципін тексеру ;
2) Бұйым конструкциясына әзірленген негізгі конструктивті шешімдерді тексеру;
3) Өндірілетін бұйымның өзгеріс ендірілгенге дейінгі жағдайын алдын-ала тексеру.
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңдері келесідегідей:
1/ Материалдар жиналады
2/ Техникалық ұсыныс әзірленеді
3/ техникалық ұсыныс қаралады және бекітіледі
1/ Эскиздік жоба әзірленеді
2/ Қажеттілікке қарай макеттер әзірленіп сынаудан өткізіледі
3/ Эскиздік жоба қарастырылып бекітіледі
1/ Техникалық жоба әзірленеді
2/ Қажеттілікке қарай макеттер әзірленіп сынаудан өткізіледі
3/Техникалы жоба қарастырылып бекітіледі
2/Тәжірибелік үлгіні әзірлейді және алдын-ала сынайды
3/ Тәжірибелік үлгіні алдын-ала сынау қорытындысы бойынша конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізіледі.
4/ Тәжірибелік үлгіні қабылдау сынауынан өткізеді
5/ Қабылдау сынауының негізінде конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізеді
Орнатылған серия бойынша бұйымды әзірлеу және сынау
Орнатылған серия бойынша әзірленген және сыналған бұйым қорытындысы бойынша конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізу, сондай-ақ оны жарықтандыру
5. Техникалық ұсыныс
Техникалық ұсыныс өнімнің техникалық тапсырмасында қарастырылған жағдайда әзірленеді. Техникалық ұсыныс техникалық тапсырмада көрсетілмеген бұйымның сапасына қатысты қосымша және нақты талаптарды анықтау мақсатында әзірленеді, ол бұйымның әртүрлі варианттарын талдау констукторлық жетілдіру мақсатында жасалады.
Техникалық ұсыныста ГОСТ 2. 102 сәйкес бұйымның техникалық тапсырмасында қарастырылған конструкторлық құжаттар кіреді. Сондай -ақ макеттерді әзірлеуге арналған конструкторлық құжаттардың жиынтығы техникалық ұсынысты қарастырмайды. Бұйымның аз көлемді варианттарына текстік әзірлеуге техникалық ұсынысты кесте түрінде беру ыңғайлы.
Үлкен көлемді текстік құжаттар үшін оларды варианттарға бөліп, әрбір вариант үшін келесі тәсілдер қарастырылады:
1. Бөлімшелер бойынша әрбір вариант үшін жеке-жеке мәліметтер келтіріледі;
2. Әрбір бөлімнің бөлімшелері үшін әрбір вариантты жан-жақты сипаттап, мәліметтер келтіріледі.
Техникалық ұсыныстағы сызба және сұлба түрінде келтірілген мәліметтер әрбір вариант үшін жеке бетте сұлба және сызба түрінде келтіріледі.
Бұйымды құраушы бірліктердің жалпы белгіленуі, көрсетілуі әрбір вариань үшін келесі тәсілдердің бірімен орындалады:
1. Барлық вариантқа бір кесте түрінде ;
2. Әрбір варианқа жеке кесте түрінде.
Техникалық ұсыныстағы жалпы көріністің сызбасы келесілерден құралуы тиіс:
1. Әрбір вариантты салыстыру үшін қажетті бұйым кескіні текстік бөлімі және жазбасы, сондай-ақ бұйымды әзірлеуге орнатылған талаптар, құраушы бөліктердің өзара әсер, бұйымның жұмыс істеу принципі;
2. Бұйымныңатауы, оның құраушы бөліктерінің белгіленуі немесе бұйымның жұмыс істеу принципі;
3. Кескіндік берілудегі өлшемдері ;
4. Қажет болса, сұлбасы бірақ мұны жеке бетке рәсімдеудің қажеті жоқ.
5. Бұйымның жалпы көрінісінің сызбасын салыстыру үшін қажет болса, бұйымның техникалық сипаттамасы
Кескін максималды түрде қарапайым жұмысшы сызбалар үшін конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі стандарттарына сәйкес орындалуы керек.
Кескінді орындау барысында келесілерге мән бермеуге болады:
1. Салыстырылуға қажетті варианттың құраушы бөліктерінен басқаларға
2. Бұйымның құраушы бөліктерінің салыстырылатын варианттарынан басқасына байланысын көрсетпеуге болады.
Бұйымның жалпы көрінісіндегі аталуы мен белгіленуі келесідей тәсілдердің бірінде көрсетілуі тиіс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz