Алтын орда туралы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Алтын орда.

Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс княздықтары талқандалды. Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ /половецтер/ даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа моңғол мемлекетін құрды. Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалар болды. Алтын Ордаға Жошы ұлысының жері - Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелдіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. XIV ғасырда Алтын Орда дәуірінде түркі тілінде Хұсрау және Шырын шығармасы белгілі болды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары - хандарының атымен /Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б. / аталды. Астанасы Сарай-Бату / Астрахань маңында/, кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда қыпшақ тілі негізгі тілге айналған көп ұлтты мемлекет. Көп ұлттылық діннің де көп түрін, бағытын бір аймаққа топтастырды. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы «татарлар» деп аталды. Алтын Орда мемлекеті Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы - құрылтай шақырылды. Әскерді және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган - диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетті атқаратын даруг басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер түмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары сайланды.

Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге - оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөлінді. Оң қанат /ұлыстың / басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазіргі Қазақстан жерінің сол кездегі көп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның /1256-1266 ж. / тұсында-ақ тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан /1266-1280 ж. / өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орданың XIV ғ. Алғашқы жартысында, әсіресе, Өзбек хан /1312-1342 жж/ мен одан кейінгі Жәнібек ханның /1342-1357 жж/ тұсында гүлденді. 1312 жылы Өзбек хан ислам дінін Алтын Ордаға мемлекеттік дін етіп жариялады. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алаусыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін таққа 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі түрлі жолдармен тақтан тайдырып отырды. Алтын Орда енгісіне төзе алмаған халық ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Оның ішінде Алтын Орданы әлсіреткен 1380 жылғы түменбасы Мамайдың Дмитрий Донской бастаған орыс әскерлерінен Куликово даласында ойсырай жеңілуі себеп болды. Тоқтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж басқыншылықпен басып кіріп, Мәскеуді өртеп жібереді, Мәуереннахр мен Закавказьеге де бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға қайта-қайта көтеріле алмастай етіп құлатты. Темір жорықтары Алтын Орда үшін ең ауыр соғыс болды. Оның, әсіресе, 1389, 1391, 1395 жылдары жасаған жорықтары үлкен зардаптарға соқтырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Алтын Орда өркениеті
Алтын Орда әдебиеті
Шыңғысханның алтын әулеті
XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА
Қала құрлысы мен сәулет өнері
Алтын Орданың саяси тарихы
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Алтын Орда
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz