Жаңа ақпараттық технологиялар жайлы



Орта және жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық-есептеуіш техниканың алғашқы қолданылуы әртүрлі электрондық машиналардың құрылымдары мен бағдарламалау негіздерін үйренудің дәстүрлі бағытта жүргізілді. Бірақ бұл тәсіл жаңа информатика жайлы түсініктер жиынын қамтамасыз ете алмайтын жалпылама түрде болды. Осыдан кейін ғана «компьютерлік сауаттылық» деген жоғары және жалпы білім беруге қажетті түсінік пайда болды. Компьютерлік сауаттылықты түсінудің алғашқы негізі алгоримдер мен бағдарламалау тілдерін игеру болды. Осы тәсіл мектепте және жоғары оқу орындарында оқытуда қолданылған «информатика және есептеуіш техника негіздері» оқу курсын қабылданды. Бұл курстың ерекшелік сипаты оның қолданылу сипатында болды. Курстың негізгі мақсаты мектеп оқушылары мен студенттерге компьютерлік техникамен қарым-қатынас жасауды және қарапайым есептерді бағдарламалау тілдерін қолдану арқылы шығаруға үйрету болды.
Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мақсаты ақпараттық есептеуіш техникаларды қолдану саласы мен мүмкіндіктерін білетін, қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламалау негіздерін қолдана алатын, компьютерлік техникамен жұмыс істей алатын мамандарды дайындау болып табылады. Бұл мақсат білім берудің барлық сатыларында қолданылады. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру тек бір ғана курстың (арнайы информатика және есептеуіш техникасына арналған болса да) ғана емес, жоғары оқу орнының және мектептің оқу пәндері кешенінің шарттары болып табылады.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
1. Қазақстан Респуликасының Президенті Н .Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» 6- наурыз 2009 жыл
2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /Под ред. Е.С. Полат. – М.: Академия, 2001. – 271 с.
3. Macromedia Flash MX ActionScript. Библия пользователя (+CD) М., 2003
4. Лещев Д. Flash MX 2004. Теория и практика. Самоучитель. СПб., 2004
5. Панкратова Т. Flash MX 2004. Учебный курс. СПб., 2004.
6. Macromedia Flash MX 2004 ActionScript 2.0. Справочник разработчика / Под ред.АртеменкоЮ.Н. М., 2005.
7.М.А.Башмаков Разработка компьютерно - обучающих систем и компьютерных учебников. М. 2003.600 с.
8. П.И.Образцов. Дидактические аспекты разработки и применения компьютеризованных проектов учебников. - Новосибирск: НГУ,95
9. Б.Досжанов, Р.Альменаева. Қaзақ тілінде Front Page көмегімен электрондық оқулыктар мен web-парақтар даярлау әдістері. Информатика негіздері. 2002. N3.
10. Г.К Нұрғалиева. Электронды оқулықтар - мұғалім мен оқушылар қызметін ізгілендіру құралы. // Компьютер әлемі. Республикалық журнал. N2, -2002. 20-21-беттер
11. Х.Жантелі. Front Page тілі көмегімен оқытудың компьютерлік программаларын кұру технологиясын жетілдіру. //Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері. Шымкент.2004. 446-449 б.
12. Г.Халықова. Электронды оқулықты дайындаудың талаптары. Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференциясының еңбектері. Шымкент.-2004. -469 б.
13. B.C. Аванесов. Front Page тілінде жұмыс.-М.:, 1982.
14. А.Сағымбаева. Front Page мүмкіндіктері. Алматы, 2007. -15,26 бет.
15. В.А Будилов. Front Page. СПб: Наука и техника, 2001.
16. В.А.Будилов. Front Page практикалық жұмыс. СПб: Наука и техника, 2005.
17. М.Хольцшлаг. Front Page. - М.: 2003, 869 б.
18. А.Федорчук. Создание Web-сайтов Front Page. - Киев 2002,212 б.
19. Я.Нильсен. Web- дизайн Front Page.Спб.2002,187 б.
20. М.Браун, Д.Ханикатт. Front Page. Москва, 2008.
21. http: //gifcollection.by.ru./index.html.

Кіріспе

Орта және жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық-есептеуіш техниканың
алғашқы қолданылуы әртүрлі электрондық машиналардың құрылымдары мен
бағдарламалау негіздерін үйренудің дәстүрлі бағытта жүргізілді. Бірақ бұл
тәсіл жаңа информатика жайлы түсініктер жиынын қамтамасыз ете алмайтын
жалпылама түрде болды. Осыдан кейін ғана компьютерлік сауаттылық деген
жоғары және жалпы білім беруге қажетті түсінік пайда болды. Компьютерлік
сауаттылықты түсінудің алғашқы негізі алгоримдер мен бағдарламалау тілдерін
игеру болды. Осы тәсіл мектепте және жоғары оқу орындарында оқытуда
қолданылған информатика және есептеуіш техника негіздері оқу курсын
қабылданды. Бұл курстың ерекшелік сипаты оның қолданылу сипатында болды.
Курстың негізгі мақсаты мектеп оқушылары мен студенттерге компьютерлік
техникамен қарым-қатынас жасауды және қарапайым есептерді бағдарламалау
тілдерін қолдану арқылы шығаруға үйрету болды.
Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мақсаты ақпараттық есептеуіш
техникаларды қолдану саласы мен мүмкіндіктерін білетін, қолданбалы
бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламалау негіздерін қолдана алатын,
компьютерлік техникамен жұмыс істей алатын мамандарды дайындау болып
табылады. Бұл мақсат білім берудің барлық сатыларында қолданылады.
Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру тек бір ғана курстың (арнайы
информатика және есептеуіш техникасына арналған болса да) ғана емес, жоғары
оқу орнының және мектептің оқу пәндері кешенінің шарттары болып табылады.  

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан –
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында Білім беру реформа сы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы
 қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдарының бірі деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  
мұқият қарайтын дәуір.
1. Жаңа ақпараттық технологиялар

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан –
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында Білім беру реформа сы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабіл еттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  
мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын  жүзеге асыра отырып, оқу –
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін ің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды
көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры 
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық  
прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді.
Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың
біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы
бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін
жағдайлар жасау керек- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер
саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.
Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық –
техникалық кешен болып саналатын Активті экран  болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік -
ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық
бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының
құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық
базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог
мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне,
оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына
тәуелді.
         Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ
барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың
көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып
отыр.
Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивтісөзі- inter
(бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының
топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ
барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта –дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де
дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында
қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы
іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және
ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не? 
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта
арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwand указкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен
кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан
батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.
ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың
сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол
қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте
қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы
қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан
көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса
кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады,
жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады
ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-
ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады,
презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary
тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның
барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт
беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио
пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың
көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте
қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу
үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
Тест дайындау шеберінде ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік
немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің
нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады.
Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны
сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа 
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған.
ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап
айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы
эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.
Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың
барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан
келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер    қоюға немесе объектілерді бір
мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға
немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Активті экран кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты
көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап
интерактивтік жүйе болып табылады.
Активті экран бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта
пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби
біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың
оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу
қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге
асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
         Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық
құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға
мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде
мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат
сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу
және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
         Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық
бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
-         Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;
-         Алған білімді жүйелеу ;
-         Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру ;
-         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-        Оқушыларға оқу материалдар ымен өздігінен жұмыс
істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және
оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйы мдастыру арқылы, көзбен көру жадын
іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс
деп қарауға болады.
Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 %
есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір
мезгілде қолдану есте сақтауды 40-5 0 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар
үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы
уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс
бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге
мұғалім – оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және
қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ,
мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы
бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл
дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін
компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан  атт ағалы
тұрған қазіргі таңда компьютер өмір дің   барлық саласына кеңінен енуде.
    Елбасы   атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
– мөте  қажет - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы
зор.
         Білім берудің ақпараттандыру процес і пән мұғалімдеріне жаңа
ақпараттық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
         Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру, білім беруді
ақпараттандыру деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті.
Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру
дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа
ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды
түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты
объективті процесс.
         Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын
өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету -
өндірістік мәселе.
         Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы
кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім
беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында
табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке
дайындау болып саналады.
         Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,
тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде
ұлағатты саналады.
         Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау
барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді
қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет,
компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,
интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
         Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім
беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан
жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге
асырылуда.
         XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер,
интерактивті құралдардың көмегімен  оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми
проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде
туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық
жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
         Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін
үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік,
телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен
орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық  
технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу
қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті
шартқа айналды.
         Әрбір елдің  технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты
мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта
алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу
мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне
байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен
қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес,
негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату,
игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
         Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам
өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне
айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына
экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл
дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние
қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік
қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық
- телекоммуникациялық   технологиялар маңызды роль атқарады.
         Ғылым  мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту
үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең
көлемде қолдануды қажет етеді.
         Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім
беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын
толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де,
түп қазығыда – мектеп.
         Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда
интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті
деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның
жүйелі басшылыққа алған бағыты деп   есептейміз. Интерактивті құралдарды
қолдану негізінде мектепте жаратылы стану бағытының пәндерін оқыту
сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге
болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық
қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге
көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген
дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы
қатарлы   мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына
біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Ел басы
атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны
оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
         Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің
кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі
таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
         Оқушылардың интерактивті құралдар   көмегімен қалыптасатын
және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы
берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі
ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
 
         Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
 
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті
айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру
қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4.  Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу
мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне
кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
 
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде
тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген,
ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі
заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
         Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа
технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді
елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитерактивті құралдарды
қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстаннның алға қарай   жылжуының нышаны
болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол.
Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай
алады.

1.2 Электрондық оқулық туралы түсінік

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкін-дігін
– қашықтан оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу
уақыты мен орнын тағдауына, еніншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі
білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа
ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды
белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтан
оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады.
Қашықтан оқытуда электронды оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электрондық
оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына
байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оларда, сонымен қатар,
жаттығулар мен мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің көрнекі
түрде берілуі мүмкін. Сонымен бірге электрондық оқулықтар көмегімен білімді
тексеру – компьютерлік тест орындалады.
Білім беру саласында "электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесі студенттер мен оқушылардың
берілген материалды сапалы түрде меңгеретінін көрсетті. Бұған тестілеу
қорытындылары куә. Олай болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде
жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын
арттыруға толық мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы өз
мүмкіндіктерін жетілдіріп, қазіргі жағдайда барлық білім алатын
үйренушілерге ұсынылуында. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де
ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін
жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны
жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық,
бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске
асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға
қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы
электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі
тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да,
оларды ауылдық жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе
оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес.
Электрондық оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде
ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта
барлық электрондық-методикалық құралдары кіруі керек.
Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және студенттердің
өз бетінше дайындалуы кезінде жақсы көмекші құрал болып табылады. Сонымен
қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға да
көмектеседі. Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша
электрондық оқулықтар құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың
артуы мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық
құралдар, Интернет желісінің дамуымен байланысты.

1.3 Электрондық оқулықтар құруға қойылатын талаптар

Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы
оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты 4
компоненттен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және
бағалы-нәтижелік. Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсатты компоненті
модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль – пән
саласындағы жүйелік және қызметтік білімдердің жиынтығы. Ол электрондық
оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың қызметтік түйіні болып табылады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті гипертекст арқылы жүзеге
асырылады. Гипертекст – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы
ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал
кейбірін ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипертекст бейне
материалдарымен толықтырылған. Электрондық оқулықтың операциялық компоненті
интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.
Электрондық оқулықтың нәтижелік бақылау компоненті тест алу жолымен
жүргізіледі. Электрондық оқулықта тестердің екі түрі берілген: бір дұрыс
жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қате жіберген сұрақтарды тексеріп көре
алады, әрбір тестен соң сұрақтардың реттік орны ауыстырылып отырады.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп оны дамытудағы ұсыныстар мен
пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратынын көрсетеді. Қазіргі
кезде білім процесінің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтықтан мәлімет
алмасу ісі мүмкін болып, олар бір-бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен
өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды. Мысалы, мұғалімдер –
мұғалімдермен, мұғалімдер – ғалымдармен, мұғалімдер – оқушылармен,
мұғалімдер – ата-аналармен, мұғалімдер – оқулық жазушыларымен және т. б.
Оқушылар үшін электрондық оқулық – мектепте оқыған жылдардың барлығында да
өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға
көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс
істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін
жеке дара жүргізуі болып саналады.
Электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес – ол
оқушыға өз жолымен, керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі,
көпсатылыжүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен
логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген
материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты
құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе
болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде
алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті
компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу да әрбір баланың бүгін
талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттар ескерілуі:
тиіс:
1. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
2. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; лабораториялық және
практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты
анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау
сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер
тізімдері бөлімдерін қамтуы;
3. Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтардың мазмұндарын қайталамауы, яғни
берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру
керек;
4. Белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы
тиiс;
5. Бiр қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс;
6. Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.

1.4 Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық

Оқулықтың құрылымы
Оқулықты ашу үшін index.htm файлын ашу керек. Ашылған соң келесі
суреттегідей терезе ашылады:
Оқулықтың құрылымы мынадай:
• Дәрістер – эксперттік жүйелер курсының дәрістері;
• Зертханалық жұмыстар – эксперттік жүйелер пәні бойынша зертханалық
жұмыстар;
• Білімді бақылау – эксперттік жүйелер курсы бойынша тест тапсырмалары;
• Әдебиеттер тізімі – студенттерге арналған оқулықтардың аттары;
• Автор туралы – оқулықты жасаған адма туралы ақпарат.
Білімді бақылау
Білімді бақылау JavaScript тілінде жазылған. Алдымен барлық сұрақтарды
жазып, содан соң алдымна Radio типті элемент қоямыз. Содан соң, олардың
name қасиетіне қайталанбайтын ат береміз. Содан соң Button типті элемент
қоямыз. Ол бізге тесттің нәтижесін тексеру үшін керек. Содан соң OnClick()
қасиетіне функция атын береміз. Функция аты: check().
Жаңа қоғамның өмірге қабілеттілігі тікелей ақпараттық қамтамасыз ету
жүйесінің дамуымен байланысты. Бүгінгі күні адам қызметінің қай саласында
болмасын, ақпараттың көлемін өңдеуді автоматтандыратын компьютерлік және
басқа да техникаларды пайдаланбау мүмкін емес. Осы уақытқа дейін
компьютердің ішінде бар ақпаратты өңдеп келсек, қазіргі уақытта электрондық
ақпараттық желілердің дамуының арқасында компьютер байланыстың қуатты
құралына және бір-бірінен бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықтағы адамдар
арасындағы ақпарат алмасу құралы болып отыр.

2.1 Қашықтан оқыту технологиясы

Қашықтық білім туралы түсінік:

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер
мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып,
материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз
ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі
барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін
ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және
телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен
түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер
қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі
болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша
өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары
жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон
арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі
бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және
бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша
оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі
жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе
өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін
шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық
жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың
элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі
оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп
шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша
мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын
қысқарту есебінен);
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын
жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
- Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан
оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді
шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын
қолдану болып табылады.

Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
- Құрылымының ашықтығы.
Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі.
Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық
стандартты қолдану керек.
- Кеңейгіштігі.
Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды
компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
- Жан-жақтылығы.
Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек.
- Сенімділігі.
Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын
қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы
керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интернет) және
үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.
- Масштабталуы.
Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін
өзгерте алуы тиіс.

- Қолданушының ортақ интерфейсі.
Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс.
- Өңдеудің қарапайымдылығы.
Өңдеу жылдам және  тиімді болуы тиіс.
- Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы тұғырнамада
жұмыс істеуі қажет.

- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны
нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.

- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.

- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және
ыңғайлы болуы тиіс.

- Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек.
- Жұмыстың тиімділігі.
Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-
бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.
Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны
әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:

1.Оқытудың адамгершілік қағидасы. Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және
әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары
қолайлы шарттарды туғызып,  білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға
бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық
көзқарастың  басымдылығының қағидасы. Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін
жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын
теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану
қағидалары.
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға
педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға
техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының
сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.

ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік  білім беру стандартымен
сәйкес келуі тиіс.

5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.

Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті
мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру,
оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.

ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді.
Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми
негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын
нақты дағдыларына ие болуы тиіс.

7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.  
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет.  Сонымен,
дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер,
семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар,
зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер,  курстық
және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу
керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын
жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы
осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық
сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын
болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары.

ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты
бойынша, егер  Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет
көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру
бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді
және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда
жасалады.
9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің
дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін
табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық
тиімділігін бере алады.
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары.
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени
мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар,  қазіргі
ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға  тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен
дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады. 
 
Қашықтан оқыту жүйесінің типтері:
Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін.
ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын
жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі
бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау
бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай
жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың
жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер,
курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет.
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған  шартты жүйесі өнеркәсіп
қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім
алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке
сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен
оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына
қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды
компоненттерін көрсету керек.
ҚО  жүйесінің құрылымы:
ҚО  жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:
- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес
қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі,
әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен
анықталады.
- Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын
берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар,
оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі
студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық,
ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс
істей білу және телекоммуникациялық байланыс  құралдарымен  дағдысы болу
керек. 
- Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып  табылады. Оқытушы- ҚО
білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО
оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу
қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және
телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі
алдыңғы озық сипатта болу керек.
- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық – ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс
күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық
тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту
әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті
педагогикалық актілерінің  барлық  жиынтығын қамтиды.
- Оқыту құралдары. ҚО білім беру  үрдісінде  оқытудың дәстүрлісі  қалай
қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге
білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға
негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.
- Ғылыми – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына  сәйкес оқу үшін
қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-
көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары,
оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан
тұрады.
- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі
абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау,
тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік
психологиялық бейнесін құру болып табылады.

Қашықтан оқыту үлгілері:
Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың
ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар,
бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.

- ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет
қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар.
Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM  дискілерді және
т.б. қолданады.  Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа,
ГИС-технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде
береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға
болады.
- ҚО семинарлары  оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО
семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар 
пікірталасқа  оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді
және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып,  бірнеше қадам артқа қайта
оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының
белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-
әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
- ҚО кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік
жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады.
Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар
қолданылады.
- ҚО зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді:
арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар(бірдемені мүмкіндігінше дәл
қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. ҚО жүйесінің
келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, имитациялық
үлгілеулер және т.б.  қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу
міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға
қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес
құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.
- ҚО бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық
меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік
бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген
сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы
ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.
 

2.2 Оқу электрондық басылымдар

Оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының барлық
ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары
да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау
ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер
мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша
жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және
ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді
бақылау және өз бетімен алу үшін оны комплексті қолдануға әсері болатын
бағдарламамен қамтамасыз етілген  автоматтандырылған оқыту жүйесі.

Компьютерлік оқыту жүйесі:

Компьютерлік оқыту жүйесі-ҚО білім беру үрдісінде кең түрде қолданылатын
оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары және мынандай жағдайлар туғызады:
- оқыту үрдісін саралау және даралау;

- білім алушы қателерінің  диагностикасымен және кері байланысын тексеру;

- өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне өзіндік түзетулерді
қамтамасыз ету;

- компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер есебінен оқыту
мерзімін қысқарту;

- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау;

- құбылыстар мен процестерді үлгілеу және боямалау;

- эксперимент пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық
жағдайында жүргізу;

- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту;
- ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру;
- танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу.

Аудио-бейне оқу материалдары және т.б.

Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда   жазылады, білім
алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-
дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер- байланыс
каналдарымен қосылған әр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын
қамтитын оқыту құралдары. ҚО кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық
желі INTERNET болып табылады.

3.1 Flash технологиясы

Соңғы кездері Flash технологиясы WEB-дизайнында, сонымен қатар WEB-тен
тыс аймақтарда да танымал болып келеді. Осындай аймақтардың бірі –
электрондық оқыту жүйелерінің өңделуі мен көрсетілімдері. Шын мəнінде, ең
бірінші ойымызға келетіні – Flash технологиясының информатика сабақтарында
оқытылуы. Қазіргі күндерде Flash бойынша оқу құралдары аз емес, сонымен
қатар, оларды қолдана отырып, пайдалы жəне ең негізгісі өте қызықты
факультативтік курс жүргізуге болады. Flash-ті презентацияларда жəне
электрондық оқыту жүйелерін өңдеуде тиімді құрал ретінде қолдануға болады.
Оқу материалдарын безендіру құралы ретінде ұсынуға мүмкіндік жасайтын,
Flash технологиясының ерекшеліктері жайлы бірнеше сөздерді айта кетуімізге
болады.
Flash технологиясы – бұл нағыз векторлық анимация технологиясы болып
табылады.
Мұндай қадам дəстүрлі кадрлы анимацияларға (avi, mpeg) үлкен мүмкіндік
береді. Векторлық графика – экранда əр объектінің нағыз математикалық
сипаттамасын берумен, (əр түрлі түстегі нүктенің массивін сығылмаған, жəй
түрде ұсынатын) ресурстардың жүргізілуіне қосымша құралды талап етпеуімен,
жадыда өте аз орын қамтуымен, масштабталу жəне қайталану кезінде
сығылмауымен растрлық графикадан ерекшеленеді. Анимация əрбір кадрда емес,
тек қана кілттік кадрда орындалады. Қалған кадрлар файлда сақталмай, алдын
– ала берілген заң бойынша компьютерде сызылады. Бұл файлдардың жадыдан аз
орын алуына мүмкіндік береді. Одан басқа Macromedia фирмасы (немесе басқа
да өндірушілер) барлық танымал қабат жəне операциялық жүйелері үшін *.swf
программалық ойнатқыштарын шығарады. Flash-тың дəстүрлік векторлы
редакторлар мен векторлық графика форматтарынан ерекшелігі, Flash – баспаға
емес (тегістелген сызықтар, дөңгелек мəтін, балқымалы түстік өтулер),
экрандық көрсетілімдерге бағытталған. Сондықтан бұл, бейне сапасын
фотографиялық сурет түріне жақындатады. Бірақ, Flash-тің негізгі
ұтымдылығы, Flash-ролигін қарастырушылардан жасырын түрде орналастырылған.
Бұл программалаудың жеке тілі. Бұл тіл – Macromedia-ның фирмалық өңдегіші
болып, Action Script атағына ие. Оның тілі скриптік тіл болса да, жаңа
енгізілген обьектілі – бағытталған қадамның барлық түрін қолдайды. Осы
тілде роликтің кез келген элементін басқаруға жəне оның қасиетін өзгертуге
болады. Программалау тілін роликке енгізудің негізі – интерактивтілік болып
табылады, яғни ролик мүмкіндігі қолданушы əрекетіне тəуелді түрде өзгереді.
Əртүрлі электронды оқыту жүйелерін құру бойынша Flash-ты қолдануға өтейік.
Информатика пəнінде Flash программасын қолдану алгоритмдік блок
схемалар құруға,программаның орындалу ретін көрсетуге жəне берілген есептің
нақты нəтижесіне жетуге көптеген мүмкіншілік жасайды. Осы электрондық оқыту
жүйелерімен өз біліктілігін арттыра алады. Яғни, орындалатын тапсырмаларда
дыбыстық, анимациялық, графикалық мəліметтер бар. Оқушы өзі қалаған
анимациялық роликті өзіне түсінікті болуы үшін тоқтатып, анық көре алады.
Электрондық оқыту жүйелерін информатикада қолдану осы курсты толық
меңгеруге мүмкіндік жасайды. Тарих пəні бойынша айтатын болсақ, Flash
технологиясын тарих саласында да мəні өте зор. Бұл оқу құралын оқушы
қолдана отырып, өз білімін толықтыра алады. Оқу құралында интерактивті
тапсырмалар мен тесттер арқылы оқушы өз білімін тексеріп, өзінің тиісті
білімінің нəтижесін ала алады. Сонымен қатар, бұл оқу құралының негізгі
бетіндегі Тарихи оқиғалардың бағасы батырмасын шерте отырып, қолданушы
өзінің ойын жазуына болады. Бұл кітап Тарихи тұлғалар, Глассарий жəне
Хронология анықтамалық бөлімдерден тұрады жəне интерактивті тапсырмалар
мен тестерді орындауға көмегін тигізеді. Оқу құралы көптеген иллюстрациялық
материалдарды карталарды жəне анықтамалық ақпараттарды құрайды. Қазақ
əдебиетінде де Flash технологиясын қолдану тиімді болып табылады. Flash-те
жасалған электрондық оқыту жүйесі оқытушыға да, оқушыға да ыңғайлы. Мысалы,
егер оқытушы электрондық емес оқулықтың көмегімен сабақ өтетін болса, онда
ол əртүрлі көрнекі құралдарды қолдануы керек болады, яғни ол кітаптан басқа
арнайы көрнекі құралдар сатып алуы керек болады. Ал Flash технологиясы
бойынша жасалған электрондық оқулықтың көмегімен, мұндай көрнекі құралдарды
біз толық келтіре аламыз. Оқушы туралы айтатын болсақ, ол осы оқулықтардың
көмегімен өз деңгейін көтереді яғни əртүрлі интерактивті тапсырмалар,
тестілер көмегімен білімін арттырады. Бұларға мысал ретінде Білім беруді
ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы-нда біздің
қатысуымызбен жасалған электрондық оқулықтарды айтуға болады. Математика
пəнінде функцияларды толық түрде зерттеуде Flash-ты қолдану тиімді болып
табылады. Оқытушының сабақтарда функцияны ереже бойынша зерттеуі үшін,
тақтаға көптеген əртүрлі бейнелерді жəне оларға қосымша қойылым суретін
салуына тура келеді. Бұл көп уақыт алатын жəне жалықтыратын жұмыс. Осындай
жағдайларға сабақта Flash-ті қолдану уақытты үнемдейді. Сурет салуда
векторлық қадам жасау бейненің дəлдігін өсіруі мүмкін (функция графигі,
жанамалар, қисық сызықты аудандар жəне т.б). Анимация – көрнекілікті
арттыруға мүмкіндік береді. Action Script ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары
Медициналық ақпараттық жүйелер
Арнайы ашылған аймақтар
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Имитациондық модельдеудің заманауи технологиялары
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Пәндер