Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы



Мазмұны.

Кіріспе.

І ТАРАУ. Әлемдегі шаруашылықтың құрылымы.
1.1. Әлемдегі шаруашылық негіздері.
1.2. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және ерекшеліктері
1.3. Дүниежүзілік сауда құрылымы

ІІ ТАРАУ. Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
2.1. Нарықтық экономика және оның қазіргі көріністері
2.2. Макро және микроэкономика, әлем нарығында
2.3. Дүниежүзілік шаруашылық және әлем нарығы

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі: Харықаралық Экономикалық Қатынастардың жедел әрі қарқында дамуы. Әр түрлі мемлекеттер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарата бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан үлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.
Халықаралық Экономикалық Қатынастар жүйесіндегі дамушы елдердің, соның ішінде Қазақстанның өнеркәсібі дамыған жэне «жаңа индустриялды елдердің» экономикалық қарым-қатынастары, валюта-қаржы және қарыз-несие қатынастары, төлем балансы, болашағы зор халықаралық экономикалық интеграция мәселелері қаралған. Әрине, әлем экономикасындағы динамикалы жаңа үлгілі процесс-құбылыстар оңайлықпен жүріп жаткан жоқ. Олар бәсекелі қайшылықта, диактикалық қозғалыс жаңарған, өзгеріс-өрлеу денгейіндегі дүниежүзікөлеміндегі құбылысқа толы процестербайланысының субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жок еді.
Ал осы дәуірде Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастардың өрлеу негізіндегі ғылымын қолға алып, оны оқытуды басты мәселеге айналдырып, өмір жүзінде қолданылып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланысын орнықтырып дамытудың қазіргі кезеңі, сол қатынастардың нысандары мен әдістерін, методологиясы мен тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажеттілігімен айқындалуда. Әлем экономикасына интеграциялау негізінде меншік түрінің қандай түрінде болсын, отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі: халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік нарықтық ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдардың тапшылығы. «Әлем экономикасы»- оқулығы мемлекеттік тілде, толық сипатта, «Типтік программа» негізінде ең алғаш өмірге келді.
Әдебиеттер тізімі.

1. Мировая экономика. М. 2005 г.
2. Булатов Р. Экономика. М. 2005 г.
3. Сахариев С. Әлем экономикасы. Алматы, 2006 ж.
4. Сахариев С. Жаңа кезең экономикасы. Алматы, 2005 ж.
5. Шеденов Г. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2005 ж.
6. Мәуленова Г. Экономика. Алматы, 2005 ж.
7. Осипова О. Экономикалық теория. Алматы, 2005 г.
8. Экономика. М., 2005 г.
9. Әлем экономикасы. Алматы, 2006 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе.
І ТАРАУ. Әлемдегі шаруашылықтың құрылымы.
1.1. Әлемдегі шаруашылық негіздері.
1.2. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және ерекшеліктері
1.3. Дүниежүзілік сауда құрылымы

ІІ ТАРАУ. Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
2.1. Нарықтық экономика және оның қазіргі көріністері
2.2. Макро және микроэкономика, әлем нарығында
2.3. Дүниежүзілік шаруашылық және әлем нарығы
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай
ерекшеліктерінің бірі: Харықаралық Экономикалық Қатынастардың жедел әрі
қарқында дамуы. Әр түрлі мемлекеттер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер
арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып,
тамырын терең тарата бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер
халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің
интернационалдануынан үлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа
ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы
көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.
Халықаралық Экономикалық Қатынастар жүйесіндегі дамушы елдердің, соның
ішінде Қазақстанның өнеркәсібі дамыған жэне жаңа индустриялды елдердің
экономикалық қарым-қатынастары, валюта-қаржы және қарыз-несие қатынастары,
төлем балансы, болашағы зор халықаралық экономикалық интеграция мәселелері
қаралған. Әрине, әлем экономикасындағы динамикалы жаңа үлгілі процесс-
құбылыстар оңайлықпен жүріп жаткан жоқ. Олар бәсекелі қайшылықта,
диактикалық қозғалыс жаңарған, өзгеріс-өрлеу денгейіндегі
дүниежүзікөлеміндегі құбылысқа толы процестербайланысының субъектісі
болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жок еді.
Ал осы дәуірде Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында
халықаралық экономикалық қатынастардың өрлеу негізіндегі ғылымын қолға
алып, оны оқытуды басты мәселеге айналдырып, өмір жүзінде қолданылып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланысын орнықтырып дамытудың қазіргі
кезеңі, сол қатынастардың нысандары мен әдістерін, методологиясы мен
тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажеттілігімен айқындалуда. Әлем экономикасына
интеграциялау негізінде меншік түрінің қандай түрінде болсын, отандық
жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-
қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Дегенмен,
қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық
процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын
пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі:
халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін,
әлемдік нарықтық ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдардың
тапшылығы. Әлем экономикасы- оқулығы мемлекеттік тілде, толық сипатта,
Типтік программа негізінде ең алғаш өмірге келді.
Экономикалық өсудің қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріне тән жалпы
белгілері, әрқашанда сол кезеңдегі өндірістің факторлары мен өндіріс
нәтижелерінің сапалық сипаттамаларына сәйкес келетін нақты тарихи
формаларда көрінеді. Қазіргі кезең экономикалық өсудің өткен дәуірлердің
бәрінен принципті тұрғыдан өзгеше типіне өтумен сипатталада. Бұл өтудің
негізі - біздің көз алдымызда өрістеп, тереңдеп отырған ғылыми-техникалық
революция болып табылады.
XX ғасырдың екінші жартысы ғылыми-техниканың қауырт прогресінің дәуірі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өндірістік, экономикалық, әскери, әлеуметтік,
құлықтық-психологиялық проблемалары мамандардың аз ғана тобының талқылау
объектісі болудан әлдеқашан қалды. Ғылым мен техникадағы жаңалықтар, мейлі
ол жоғары температуралық барынша өткізгіштік әсері болсын, немесе бесінші
ұрпақтағы супер-электронды есептеу машинасы болсын, немесе хайуанаттар мен
өсімдіктердің гендік инженерияның дамуы арқасында алынған жаңа түрлері
болсын, бұлардың барлығы қазір жұртты және халықаралық өмірдің ең
көкейкесті мәселелерінен кем ойландырмайды. Бір сөзбен айтқанда, әңгіме
өндірістік технологиялық әдістерінін ұзақ тарихыңца бұрын-соңды естімеген
революциялық төңкеріс туралы болып отыр. Болып жатқан өзгерістердің терең
мәні мен сипатын түсіну үшін, өндірістің әр түрлі технологиялық әдістерін
талдауға, машиналы өндірістің қалыптасу және даму тарихынатоқталу қажет.
Соңғы 10-жылдықтарда бүкіл адамзат өмірінде әлемдік мәселелердің маңызы
ерекше өсіп отыр. Әлемнің едәуір бөлігінің жанталаса қарулануы мен даму
деңгейінің төмендеуі жағдайына азық-түліктің, шикізаттың тапшылығы,
энергетикалық демографиялық дағдарыстар қосылды. Әлемдік мәселелер бүкіл
әлемдік және ұлттық ұдайы өндіріске, экономикалық процестердің
динамикасына, қоғамдық өндірістің өнімділігіне, қоғамдық құрылыстың
тиімділігі мен сапалық сипаттарына елеулі әсер етуде.
Әлемдік мәселелердің ерекшелігі - оларды жалпы адамзаттық мүдделер мен
құндылықтар тұрғысынан қарастыру кажеттігі. Экономикалық теория да,
шаруашылық практакасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін
пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жағдайлармен байланысты: 1-ден қоғамдық
өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; 2-ден (бұл бірінші
жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы; 3-
ден қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық
көрсеткіштерді талап етеді.
Осы кезең нақтылы дүниежүзілік шаруашылықтың жедел даму дәуірі болды.
Бүгінгі қарама-қайшылықты әлемнің тұтастығы көптеген ортақ мүдделерден өз
көрінісін тауып отыр, Оларға дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі ұлттық
экономикалардың өзара тәуелділігі, халықтар арасындағы дамып келе жатқан
мәдени қарым-қатынастар және әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара
байланыстары жатады. Өздерін дуниежүзілік шаруашылықтың социалистік
жүйесіміз деп келген елдер тобының бірнеше ондаған жылдар бойы оқшаулану
тенденциясы тоқталғаннан соң, дүниежүзілік шаруашылықтың бірлігі мен
оныңэкномикалық заңдарының жетекші ролі айқын көріне бастады.
Дүниежүзілік шаруашылық өңдіргіш күштердің тарихи дамуының объективті
нәтижесі, әлем экономикасының жедел дамуының негізі. Бұл процестің
негізінде ұлтттық шеңбердегі және халықаралық сферадағы өндірістің
қоғамдастырылуы. Өз кезегінде қоғамдасгыру өндірістің қоғамдық сипатының
күшеюінің белгісі болып табылады. Тұтас алғанда, жеткілікті дәрежеде
өзіндік, дара халық шаруашылық кешендері болса да, дүниежүзілік шаруашылық
жүйесімен көптеген арналар аркылы байланысқан ұлттықшаруашылыктар, әлемдік
өндірістің тұлғасы болып саналады.
Ұлттық шаруашылық пен дүниежүзілік шаруашылық объективті біртұтас,
сонымен қатар қарама-қайшылықты. Бұл жерде дүниежүзілік шаруашылықты,
ұлттық шаруашылықтың жай ғана қосындысы деп қарастыруға болмайды, ол барлық
элементтері өзара әрекеттесетін және өзара тәуелді, көп қабатты
экономикалық кеңістік ретінде көрінеді. Ұлттық шаруашылық шеңберіңде
қоғамдық, ұдайы өндірістің негізгі процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан
дүниежүзілік шаруашылық, яғни "Әлем экономихасы" XIX-XX ғасырларда
дүниежүзі халықтарының басым көпшілігінің әлеледік шаруашылықтарға,
байланыстарға тұрақтауы нәтижесінде қалыптасқан.
Ұлттық шаруаншлықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш
күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы түр-
сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т.б байланыстар кешені.
Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың, жалпы алғанда "Әлем
экономикасының" даму процесі өз негізінде қайшылықты сипатта бола отырып,
орталықтан алшақтау, ұлтаралық жіктеу және орталыққа ұмтылу, (ұлтаралық
бірігу) процестерінің бір мезгілдегі әрекеттесуінің нәтижесі ретінде
көрінеді.
І ТАРАУ. Әлемдегі шаруашылықтың құрылымы.

1.1. Әлемдегі шаруашылық негіздері.

Халықаралық экономикалық қатынасгардың жекелеген елдердің салалық,
аймақтық шаруашылығының субъектілері-өңдірістік бірлестіктер мен
кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық
қарым-қатынастарын зерттейді.
Халықаралық экономикалық қатынастар дүние-жүзілік шаруашылықтағы
кездейсоқ экономикалық қатынастарды емес, сол қатынастардың тұрақты түрде
кайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.
Халықаралық экономикалық қатынастардың механизміне өзінің құқықтық заттық
нормаларымен қоса оларды жүзеге асыратын әдістер меи амалдар жиынтығы
жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын халықаралық келісім-
шарттар, партиялар, кодекстер т.б осы қарым-қатынастардың көздеген
мақсаттарға жетуіне кажетті құжаттар құрылады. Халықаралық экономикалық
қатынастардың құрылымы мынадай:
1) Халықаралых еңбек бөлінісі.
2) Тауарлар және кызмет көрсетулердің халық-аралық саудасы.
3) Кағидалар меншетелинвестицияларының қозғалысы.
4) Жұмысшы күшінің халықаралық миграциисы.
5) Халықаралықвалюта-қаржы және несие қатанастары.
6) Халықаралық экономикалық интеграция.
7) Халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік қарым-қатынастар.
Халыкаралық экономикалық қатынастардың құрылымына халықаралық меншік
қатынастарын халықаралық ұйымдарды да жатқызуга болады. Халықаралық
экономикалық қатынастардың негізгі нысаны халықаралық сауда. Дүниежүзілік
шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сырткы сауда қатынастары
алдыңғы позицияларды берік сақтап отыр. Соңғы онжылдықтарда ғылыми –
техникалық, көлік, қамтамасыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ
мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі
мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді. Заңды тұлғалар болып есептелетін
кәсіпорындар мея ұйымдардың еларалық байланыстары да халықаралық
экономикалық қатынасына жатады. Тікелей байланыстар халықаралык өндірістік
кооперация, ғылыми тәжірибемен алмасу, құрылыс саласындағы қызметтер,
объектілерді жаңарту түрлері де жатады.
Өндірістің интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейтумен
қатар, өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Экономиканың
интернационалдануы халықаралық өндірістік қатынастарды ұлттық өндірістік
қатынастармен мейлінше жақындастырады.
Дүниежүзілік шаруашылық - халықаралық экономикалық қатынастардың
объективті негізі және маңызды бөлігі. Халықаралық экономикалық қатынастар
(ең алдымен сауда-саттық қатынастары) дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға
дейіл де бар болған. Мысалы: Ұлы Жібек жолын, Еуропа мен Солтүстік Африка,
Еуропа мен Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда қатынастарын айтсақ та
жеткілікті. Бұл қатынастар мемлекетаралық, аймақаралық сипатта болады, және
дуниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты.
Халықаралық экономикалық қатынастардың да қызмет ауқымы кеңейіп,
тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады. Халықаралық экономикалық
қатынастар өзінің дамуы үшін дүниежүзілік шаруашылыққа "қарыздар" деп те
айтуға болады. Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып орнығып,
оны өз заңдары, қызмет ету нысандары, ішкі механизмдері бар дербес
құбылысқа айналдырды.

1.2. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және ерекшеліктері
Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастың дамуының мәні, ерекшелігі
және деңгейі мыналардан көрінеді:
-дүниежүзілік шаруашылықтағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- дайын өнімдердің саудасы көлемінің, құрылымының, сапасының өзгеруі
онын таза алып-сатарлықпен ұлттық өндіріске қызмет көрсетушіге айналуы;
-капиталдар келуінің қарқыны,
-ғылыми-техникалық білімдер айырбасының және қызмет көрсетулердің
дамуы;
- жұмысшы күштердің миграциясының өсуі;
-жекелеген елдер мен аймақтардың экономикасының үйлесу процесінің
жеделдеуі және көбеюі;
Өнеркәсібі дамыған елдердің сауда, өндіріс және несие қаржы
мәселелерінде жеткен жоғары деңгейі дүниежүзілік шаруашылық кешенінің
қалыптаса бастағанының белгісі. Еуропалық одаққа (ЕО) қатысушылар
мемлекеттік шаралары бола тұра біртұтас шаруашылык жүйесінің құрамдас
бөліктері тәрізді қызмет атқаруда. Сөйтіп, іс жүзінде шаруашылық өмірдің
интернационалдану процесі жүріп жатыр. Жалпы, интернацоналдану деген ұымның
астарында әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесінің көп деңгейлігіі жатыр.
Бұл деңгейлер жекелеген елдерді бүкіл дүниежүзілік кешенге біріктіру
мақсатында пайдаланылады.
"Интернационализация" дегеніміз - халықаралық еңбек бөлінісі негізінде
жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік - экономикалық байланыстарды
қалыптастыру. XX ғасырда айырбастың интернационалдануы капитал мен
өндірістің интернационалдануына жалғасты. Өндірістің халықаралық мамандануы
мен кооперациясы жедел дами бастады. Ішкі ұлттық нарықтың шеңбері ірі
көлемді маманданған өндіріске тарлық етті. Сондықтан ол (өндіріс) ұлттық
шекарадан объективті түрде шығады.
Ғылыми-техникалық прогресс әсерімен өндірістің интернационалдануы қай
елде болмасын тек қана өз өндірісімен шұғылдануын экономикалық жағынан
тиімсіз етеді. Дербес, ұлттық экономикалар дүниежүзілік экономикадан өз
орнын іздейді, соған "бір кірпіш болып қалануға" мүдделі болады.
Жұмысшы күшінің қозғалысы, кадрлар даярлау, мамандармен алмасу уақыт
озған сайын итернационалдық мәнге толыға береді.
Аталған байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын зертеп, болашақты болжау
дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына бастайтын төте жол. Жекелеген
елдердің экономикасының жақындасып, үйлесуі негізінде бүкіл дүниежүзілік
капиталдар, тауарлар және қызмет көрсетулер нарығы қалыптасады, сөйтіп
біртұтас Дүниежүзілік шаруашылық кешенінің құрылу мерзімі жақыңдайды. Бұл
халықаралық экономиканың ең жоғарғы Деңгейі. Демек дүниежүзілік экономиканы
неғұрлым халық экономикасынын кешенді жүйесі ретінде қарастыру, соғұрлым
дүниежүзілік нарыққа жеткізер жолды жеңілдетеді.
Халықарлық экономика қатынасының әлемдік деңгейін екі тұрғыдан талдап
көрсетуге болады.
1- Макроэкономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың
халықаралық экономикалық белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары
алшақтайды. Мұндай ұмтылыстардың көздеген мақсаты экономикалық еркіндік,
сауда мен инвестициялар жолындағы кедергілерді жою, еркін экономикалык
аймақтарды құру т.б.
II- Микроэкономикалық деңгейде мүны фирмалар мен кәсіпорындардың ішкі
нарықтық шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктерге ұмтылыстары
байқатады Мысалы, Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің "бір
жағадан бас, бір жеңнен қол шығару" ниеттері халықаралық экономика
қатынасының әлемдік кеңістіктерді игеруге ұтылыстарының дәлелі.
Біздің заманымыздың бірталай қайшылықтарына қарамастан, оның басты
белгісі мемлекеттердің бір-бірімен қарсыласуы емес, қайта бірлескен іс-
қимылдары мен өзара түсініктерді ортақ мүдделерге пайдалану болып отыр.
Біртұтас, өзара байланысты және өзара тәуелді, мейлінше дамыған әлеуметтік
әділетті қоғам құру - дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі тенденциясы. Әрине
мұны проблемасы жоқ, тек қана ілгерілеуші қозғалыс деп айту әлі ертерек
болар еді.
Бұл қозғалыстың ілгерілеуіне мыналар әсер етеді;
- индустриялды қоғамнан постиндустриялды ақпаратық қоғамға өту;
- технологиялық төңкерістер;
- энергия, шикізат және азық-түлік мәселелерін шешу;
- экологияның әлемдік проблемалардың шешімін табу.
Бұл қозғалысқа теріс ықпалын тигізетін қауіпті де қатерлі күштерге
ұлтшылдық, нәсілшілдік, діни фанатизм жатады.
Сонымен, қазіргі уақыттағы халықаралық экономика қатынасының мәні осы
қатынастардьщ қарқындылығын арттырып, оларға жаңа келбет пен жаңа мазмұн
беруде болып тұр.
Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына - сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіңдегі елдердің барлығы үшін сыртқы
сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: "қандай бір ел болмасын, оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан
оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ".
Халықаралық сауда-еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар
өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара
экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан
құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы
ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық
сауданың мейлінше дамуына - мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы саудада "фритретерствоны" (еркін сауда) немесе "иротекционизмді"
(өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап алудағы ымырасыздық өткен
уақыттардың енішсінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп,
араласып кетті.
- "Фритретерство" саясатын ең алғаш А.Смшт өзінің "Салыстырмалы
артықшылықтар теориясыңца" анықтаған. Ол: "айырбас қандай елге болса да
қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады"- деп жазған.
ХХІ - екінші жартысынан бастап халықаралык, сауда жоғары қарқынмен
жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар
әсер етті:
1. халықаралық еңбек - бөлінісі мен өндірісті интернациоиалданудың
дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды
жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық революция;
3. дуниежүзілік нарықтағы трансұлттык корпорациялардың белсеңді
қызметі;
4. тарифтермен сауда туралы. Бас келісімінің шаралары арқылы
халықаралық сауданың реттелуі;
5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бағасы
төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
нарықтың қалыптасуы;
7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар "жаңа индустриалды
елдердің" пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелілігі біліне
бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-
экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы
басымдылығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚш үлесіне дүниежүзілік экспорттан 31 тиген болса, өз
кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы
жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда-саттықта Испания едәуір
жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда
Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының
бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның "жаңа индустриялды
елдері"- Сингафур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық
критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс,
инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда,
аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар
т.б факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында,
бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде
бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғ алғашқы жылдарында бәсекеге ең
қабілетті елдер сипатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы
бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ.
Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия
және Щвейцария мемлекеттерінін мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға (шаруашылық қызметіне
жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай
нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең
алдымен "жаңа индустриялды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту
ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын
өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың
үлесі артты.
Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994 жылы ең
үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:
Мемлекеттер Экспорт млрд. доллар Дүниежүзілік
саудадағы орны-%
1.АҚШ 512 12,3
2.Алмания 421 10,1
3.Жапония 397 9,5
4.Франция 236 5,7
5.Ұлыбритания 205 4,9
6.Италия 205 4,5
7.Канада 165 4,0
8.Гонконг 152 3,7
9.Голландия 148 3,6
10.Белгия 131 3,1
11.Қытай 121 2,9
12.Сингапур 96 2,3
13.Оңт Корея 96 2,3
14.Тайвань 93 2,2
13.Испания 73 1,7

ххі соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-
Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеу боиынша
2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде
шоғырланады.
1.3. Дүниежүзілік сауда құрылымы

Дүниежүзілік сауданың қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы-
өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына -
500 млрд доллар құрайды, ал жоғарғы технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке
жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен
байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие
қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының
қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға:
инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг- клиентке көрсетілетін ииженерлік қызметтердің жиынтығы.
Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қарқыны, немесе басқа
шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг
материалдық, технологаялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайсдаланудың әдістерін іздестіреді.
Лизинг – машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге арендаға беру
туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп - банк
монополияларының жалғасын (ұласып) кетуінің жаңа нысаны.
Консалтинг- жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру
қызметі.
Соңғы онжылдықта (1985-1996 ж.ж.) өнеркәсібі дамыған елдердің машиналар
мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. Әсіресе электротехникалық және
электронды жабдықтарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың
үлесіне машина-техникалық өнімдері экспортының 25%-і тиеді.
Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі - химиялық
өнімдеу саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен,
шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен.
Мұның себебі: біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді
ұлғайтуды; екіншіден шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз,
терең өңдеу процесін қолдану.
Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама
азайғаны байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-
түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты
Дүниежізілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты
тенденциясы сыртқы сауданың ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар
проблемалары да бой көрсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық
экономикалық топтар, сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі
протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктың есептеулеріне
қарасақ бұл одактардың шеңберіндегі 90-шы жылдары дүниежүзілік сауданың 42%-
ы жүзеге асырылған.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтары мынадай құрамды:
1.Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия,
Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург,
Нидерланды, Греция.
2. Еуропалық еркін сауда ассоциациясы - Исландия, Норвегия, Швейцария,
Лихгенштейн.
3. Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім - АҚШ, Канада,
Мексика.
4. Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы — Австралия, Бруней,
Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия,
Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚш, Мексика,
Чили.
5."Меркосур"- Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.
6. Оңтүстік Африкалық даму комитеті - Ангола, - Ботсвана, Лесото,
Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.
7. Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ Кот'д Ивуар,
Буркина-фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.
8. Оңтүстік Азияттық аймақтың ынтымақтастық ассоциациясы - Индия,
Пакистан, Шриланка, Бангладеш, Малъдив, Бутан, Непал.
9. Анд пакті - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.
Аталған Одақтастықтарды құруының негізінде саяси, экономикалық, тарихи
мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан,
халықаралық сауданың дамуына әсер етеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және нарықтық қатынастардың қалыптасуы, кезеңдері
Нарықтық экономика модельдері
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнім
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және оған дүниежүзілік ипотеканың ықпалы
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық экономикасы
Әлемдік сауданың құрылымы және қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
Бәсекеге қабілетті әлемдік дамыған мемлекеттер экономикасы
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы туралы
Пәндер