«Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. «Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі ... ... ... ... ... .5
2. Ұйымның есеп саясаты және құрудың мақсаты ... ... ... ... ... ... 8
3. «Казпочта» акционерлік қоғамына техника.экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
4. «Казпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің
даму жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
5. Почта . жинақтау қызметтері дамуының шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
6. Ұлттық почта операторының қазіргі жай.күйі ... ... ... ... ... ... 20
7. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
8. Қосымша
Осы Бағдарлама «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзірленді.
Аумағының ауқымдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен біркелкі еместігін, елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабілетінің төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшеліктері ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Қаржы-банк құрылымдарының болмашы қатысуы негізінен ауылдық елді мекендердің жалпы санының 5%-ынан азын қамтитын аудандық деңгейлерде шоғырланған ауылдык жерлерде ел халқының 43%-ы, тұратындығын ескерсек, Қазақстан экономикасын одан әрі қайта кұру ауылдың каладан өмір сүру деңгейі мен жағдайлары бойынша артта қалу проблемаларын шешуге, сондай-ақ ауыл халқының өмір салтындағы теріс өзгерістерді жеңуге бағытталады.
Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетімділік қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерінің жекелеген түрлерін көрсетуді көздейтін почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған реформалауға ұшырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес почта-жинақтау жүйесі қызметін дамыту жөніндегі мемелекеттік саясатты жүргізуші ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -«Қазпочта» АҚ) түрғысында Қазақстан Республикасының ¥лттық почта операторы (бұдан әрі - ¥лттық почта операторы) белгіленді. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиялары негізінде қаржы қызметтерін жүзеге асыру және қаржы қызметтерін көрсету құқығын алды. Мұндай шешім мынадай факторлар негізге алына отырып қабылданды: «Қазпочта» АҚ-та іс жүзінде елдің бүкіл аумағын қанағаттандыратын, 617-і қалаларда және 278-і - ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлімшені камтитын ең тармақталған почта бөлімшелері желісінің; ақпараттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет Қоғамның бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.
1. Стат.бюллетень Мин.финансов РК 10 (58) - октябрь 2003г.
2. Егемен Қазақстан 2002 21 қыркүйек (Дамытуға не кедергі)
3. Егемен Қазақстан 2002 желтоқсан (Мораторий)
4. Ақиқат 2003 №6
5. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
Актілер жинағы2002 №46
6. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
Актілер жинағы2002 №27
7. Қаржы қаражат 1998 №12
8. ҚазМҰҮ «Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық
құбылыс» Е.Б. Жатқанбаева Алматы 1994
9. «Экономиканы дамыту - кәсіпкерлер қолында» Ілдебаев Т.
Астана ақшамы 2003 1 қараша
10. Кәсіпорын экоиомикасы Жолдасбаева
11. Экономика предприятия
12. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Егемен
Қазақстан 2004ж 19 наурыз
13. «Қазпочта» акционерлік қоғамының жылдық қаржылық
есебі (2001-2002ж.ж.)

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Т.РЫСҚҮЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

АО Қазпочта -дағы оқу-танысушылық тәжірибені өткені жөніндегі

ЕСЕП БЕРУІ

Басқару факультетінің
050507 Менеджмент мамандығы
Күндізгі бөлімі III курс студенті Кукенов
Ғ

ҚазЭУ-нен тәжірибе жетекшісі,
аға оқытушы Ерғалиев Қ.Р.

Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі Сафинов М.

АЛМАТЫ, 2008

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Казпочта АҚ акцияларды шығару проспектісі ... ... ... ... ... .5
2. Ұйымның есеп саясаты және құрудың мақсаты ... ... ... ... ... ... 8
3. Казпочта акционерлік қоғамына техника-экономикалық

талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10
4. Казпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің
даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 15
5. Почта – жинақтау қызметтері дамуының шетелдік

тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 18
6. Ұлттық почта операторының қазіргі жай-күйі ... ... ... ... ... ... 20
7. Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
8. Қосымша

Кіріспе
Осы Бағдарлама Почта туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8
ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс
тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5
мамырдағы № 131-ө өкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзірленді.
Аумағының ауқымдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен біркелкі
еместігін, елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ
ауыл халқының төлеу қабілетінің төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның
географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшеліктері ауылдық
аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Қаржы-банк
құрылымдарының болмашы қатысуы негізінен ауылдық елді мекендердің жалпы
санының 5%-ынан азын қамтитын аудандық деңгейлерде шоғырланған ауылдык
жерлерде ел халқының 43%-ы, тұратындығын ескерсек, Қазақстан экономикасын
одан әрі қайта кұру ауылдың каладан өмір сүру деңгейі мен жағдайлары
бойынша артта қалу проблемаларын шешуге, сондай-ақ ауыл халқының өмір
салтындағы теріс өзгерістерді жеңуге бағытталады.
Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін
әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық
және бағалық қол жетімділік қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерінің
жекелеген түрлерін көрсетуді көздейтін почта-жинақтау жүйесін
қалыптастыруға бағытталған реформалауға ұшырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға
арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. Почта туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына және басқа да
нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес почта-жинақтау жүйесі қызметін
дамыту жөніндегі мемелекеттік саясатты жүргізуші ретінде Қазпочта
акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қазпочта АҚ) түрғысында Қазақстан
Республикасының ¥лттық почта операторы (бұдан әрі - ¥лттық почта операторы)
белгіленді. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен
қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиялары
негізінде қаржы қызметтерін жүзеге асыру және қаржы қызметтерін көрсету
құқығын алды. Мұндай шешім мынадай факторлар негізге алына отырып
қабылданды: Қазпочта АҚ-та іс жүзінде елдің бүкіл аумағын
қанағаттандыратын, 617-і қалаларда және 278-і - ауылдық жерлерде орналасқан
3385 бөлімшені камтитын ең тармақталған почта бөлімшелері желісінің;
ақпараттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет
Қоғамның бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.
Почта-жинақтау жүйесін қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды
және оларды халыкаралық стандарттар бойынша ұсынуды қарастыратын сапалы
жаңа деңгейде одан әрі дамыту үшін мынадай кезеңге өту қажет: почта-
жинақтау қызметтері рыногында Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс
істеуіне арналған инвестициялық және экономикалык қолайлы жағдай жасау.
Бірақ, Қазақстан Республикасында почта саласын қайта реформалау
процесінде Қазпочта АҚ құру кезінде мемлекет почта-жинақтау жүйесін
қалыптастыруға арнап тиісті қаржылық қаражат бөлінбеді: бастапқыда Қоғамның
жарғылық капиталы тек ғимараттар мен жабдықтар түрінде қалыптастырылды. Бұл
жағдай Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жинақтаушы
зейнетақы қорларына, жалақы мен салықтар бойынша 1993-2000 жылдар кезеңінде
жинақталған жалпы сомасы 140,0 млн. теңге берешегімен сипатталатын аса ауыр
қаржылық жағдайымен киындай түсті. Өткен жылдарда жинақталған шығындардың
сомасы көрсетілген кезеңде 250,6 млн. теңгені құрады.
Қаржыландырудың болмауы материалдық-техникалық базаға теріс әсерін
тигізді, оның тозуы 45%-дан асты. Почта қызметінің ерекшелігі негізгі
қаражаттың елеулі бөлігінің іске қосылғандағынан және оларды ұстауға қаржы
ресурстары бөлінетіндігінен ескерсек, мұндай жағдай түбегейлі шешімдерді
қажет етеді.
Жоғарыда көрсетілген факторларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003
жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 қарашадағы № 1716 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаның
2003 жылы орындалғанын ескерсек, онда мақсаттары, іске асыру жолдары мен
тетіктері айқындалатын Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарласмасын (бұдан әрі -
Бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі туындады.
Бағдарламада көзделген мақсаттарға кол жеткізуге арналған почта-
жинақтау жүйесін дамыту стратегиясым емлекеттік саясаттың мынадай
қағидаттарына сүйенетін болады
почта-жинақтау жүйесін дамыту үшін тиімді құқықтық, экономикалық және
ұйымдастырушылық тетіктерін іске асыру;
қала мен ауыл арасындағы почта-жинақтау қызметтеріне қол жетімділік
деңгейіндегі алшақтықты қысқартуға мемлекеттің жәрдемдесуі;
почта-жинақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған
тиімді мемлекеттік саясат жүргізу.
Ұлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін күшейту тұиасиай
алғанда почта саласын дамытуға ықпал ететін және почта рыногының барлық
сегменттерін халықтың және нақты экономика секторының еркін бәсеке
жағдайында сапалы почтакызметтерін алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыратын халықаралық стандартқа сәйкес келтіруге жәрдемдесетін
болады.

1. Казпочта АҚ акцияларды шығару проспектісі

Уәкілетті органдардың жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеуі, осы проспектіде көрсетілген акцияларды алуда инвесторларға қандай
да бір ұсыныстар жасауды білдірмейді.
Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына сәйкестігіне ғана құралды. Акционерлік қоғамның лауазымды
тұлғалары осы проспектідегі ақпараттардың растығына жауапты болады және
олар осы проспектіде берілген барлық ақпараттар рас, сондай-ақ қоғам мен
оның орналасатын акцияларына қатысты инвесторларды түсінбеушілікке алып
келмейтіндігін дәлелдейді.
Қазақстандағы почта саласының көп деңгейлілігі ұйымдастыру құрылымының
негізгі сипаттамасы болып табылады. Қазіргі таңда Компанияда үш деңгейлік
басқару жүйесі жұмыс істейді.
Қазпочта АҚ мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:
1) ЕМS халықаралык кооперативі (курьерлік қызмет) - Швейцария, Берн
қ.;
2) Бүкілдүниежүзілік почта одағы - Швейцария, Берн қ.;
3) Аймақтық байланыс достастыгы почта байланысы операторларының
кеңесі;
4) Қазақстан қаржы қызметкерлерінің ассоциациясы - Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.;
5) Қазақстан қор биржасы АҚ - Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
6) Western Union жүйесінің мүшесі - Гринвуд-Виллидж, Колорадо
штаты, Американың Құрама Штаттары.
Почталық қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай почта қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге
асырады:
1) жазба хат-хабарларды, бандерольдерді және сәлемдемелерді жіберу
мен жеткізіп беру;
2) ЕМS - Kazpost курьерлік қызметтері;
3) мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, оларды тасымалдау,
жіберу, жеткізіп беру және бөлшек сауда арқылы сату;
4) арнайы байланыс қызметтері;
5) филателия;
6) аралас (гибритті) электронды почта қызметтері.
Қаржылық қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай қаржы қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге
асырады:
1) депозиттер;
2) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары;
4) банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациясы мен
жіберілуі;
5) бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы мен стипендия төлеу;

6) зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді
төлеу;
7) коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау.
Агенттік қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай агенттік қызметтердің ауқымды спектрлерін жүзеге
асырады:
1) Директ-Майл тікелей почталық жарнама қызметтері;
2) зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары үшін
клиенттермен шарттар жасау;
3) күнделікті сұраныстағы тауарлар мен лотерей билеттерін сату.
Қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі

Кесте 1 - Инвестициялар мен бағалы қағаздардың портфелі:

(мың.теңге)
Инвестиция түрі 01.01.04ж. жағдайы
бойынша
Басқа заңды тұлғалардың капиталындағы ұзақ 0
мерзімдік инвестиция
Бағалы қағаздардың портфелі, барлығы 2 691 152
Соның ішінде: 2 402 665
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар 288 487
Басқа инвестициялар 0
Инвестицияның барлығы 2 691 152

Инвестициялық стратегия қаржы нарығындағы жайлардың өзгеруі мен
операциялардың кіріс деңгейінің артуын және бағалы қағаздар инвестициялық
портфелінің өсуін қамтамасыз ететін активтерге сапалы басшылық жасау
құралын анықтауға қатысты Қазпочта АҚ (әрі қарай Қоғам) активтерінің
өсімін қамтамасыз ету мақсатында дайындалған.
Бағалы қағаздар портфелінің көлемін ұлғайту, диверсификация арқылы
активтердің оңтайлы құрылымын инфляциядан сақтау және сенімді
салымдардан кірістер алу Қоғамның инвестициялық стратегиясының
мақсаты болып табылады. Жарғылық капиталы:
1) құрылтай құжаттары бойынша жарғылық капиталының көлемі:
1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма
үш мың) теңге.
2) бухгалтерлік баланстың дерегі бойынша жарғылық капиталының көлемі:
1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма
үш мың) теңге.
3) жарғылық капиталды акцияларға бөлуі:
Акциялардың жалпы саны 1 812 123 000 (бір миллион сегіз жүз он екі мың
жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге,
жалпы сомасы 1 812 123 000 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион
жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды. оның ішінде:
- жай атаулы акциялардың саны 1 812 123 (бір миллион сегіз жүз он екі
мың жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге, жалпы сомасы 1 812 123 000
(бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды.
- құрылтай құжаттарына сәйкес, артықшылықты атаулы акциялар жоқ. 4)
жарғылық капиталының ақы төленген бөлігінің көлемі:
Жарғылық капиталы 1 812 123 мың теңге сомасына төленген.

2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы

Казпочта акционерлік қоғамының филиалы Почтажабдықтау (бұдан әрі -
Филиал) Казпочта акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып
табылады және оған есеп береді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды, өз
қызметін Казпочта АҚ атынан және оған Казпочта АҚ берген өклеттіктер
шегінде жүзеге асырады. Филиал өз қызметіне Қазақстан Ресиубликасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан
Республикасының Байланыс туралы Заңын және Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтік құқықтык актілерін, Казпочта АҚ нормативтік актілерін,
оның ішінде Казпочта АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін
және осы Ережені басшылыққа алады. Филиалды Казпочта АҚ Басқармасы
Төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады. Филиал
орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізетін
органда есептік тіркелуге жатады. Филиал қызметінің мақсаты мен нысаны
заңдарда белгіленген тәртіппен Казпочта АҚ өндірістік мақсаттағы
өнімдермен материалды-техникалық қамтамасыз етуді Казпочта АҚ үшін
жабдықтар мен басқа да материалды-техникалық ресурстарды жеткізіп беруге
өтінімдерді орналастыру, пайдаланылатын материалдық ресурстарды есепке алу
және Казпочта АҚ бөлімшелерінің материалдық ресурстарды пайдалануына
бақылауды, көлік құралдарының барлық түрлерін қолдану арқылы ірі көлемді
пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізіп беруді
жүзеге асьтру арқылы жеке және заңды тұлғаларға пошта байланыс кызметтерін,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен көзделген
өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Филиалдың қаражаты Казпочта АҚ берген негізгі қаражаттардан және
Казпочта АҚ шығыс сметасына сәйкес бөлетін қаражаттардан тұрады.
Филиалдың кірістері мен шығыстары Казпочта АҚ орталықтандырылады және
қайта бөледі. Филиалдың негізгі каражаты Казпочта АҚ тиесілі және
Казпочта АҚ балансында есепке алынатын Филиалға бекітілген ғимараттардан,
құрылыстардан. жабдықтардан және басқа да мүліктерден тұрады.
Филиалдың құрылымын және еңбек ақы төлеу қорын Казпочта АҚ
Басқармасы бекітеді. Филиал қызметін басқаруды Казпочта АҚ Басқармасының
Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор жүзеге
асырады. Филиал Директоры оның барльтқ қызметіне басшылық жүргізеді және
Филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болып табылады.
Филиал Директорының Казпочта АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке бекітетін
және қызметінен босататын орынбасарлары, бас бухгалтері болады.
Филиал Директоры Казпочта АҚ берген сенімхат негізінде: Филиал
қызметіне басшылық жүргізеді, Филиал құзыретіне кіретін мәселелер бойынша
бұйрықтар мен өкімдер шығарады; барлық ұйымдарда Филиалдың мүдделерін
білдіреді, Филиал бөлімшелерінің қызметіне байланысты мәселелерді
қарастырады, Филиал бөлімшелері басшыларының есебін тыңдайды, Филиал
құрамына кіретін бөлімшелер туралы ережелерін бекітеді, Казпочта АҚ
Басқармасы бекіткен еңбек ақысын төлеу қоры шегінде филиалдың өндірістік
қызметкерлерінің штаттық кестесін бекітеді, орынбасарлар арасында
міндеттерді бөледі.
Филиалдағы есеп және есеп беру Қазақстан Республикасының заңдарына
және Казпочта АҚ нормативтік актілеріне сәйкес ұйымдастырылады. Филиал
қызметінің нәтижелері Казпочта АҚ Филиал Директоры беретін күнделікті, ай
сайынғы, тоқсандық қаржылық есептерде көрсетіледі.
Филиал қызметіне ревизияны Казпочта АҚ тиісті бөлімшелері жүргізеді.
Филиал қызметіне тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және
құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының салық және өзге чс органдары
жүргізуі мүмкін.

3. Қазпочта акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау

Қоғамның рыноктық экономика және ақпараттандырудың қазіргі даму
кезеңінде почта байланысы ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементі болып
табылады. Бүгінгі күні Қазпочта акционерлік қоғамының кең ауқымды почта,
қаржылық, және агенттік қызмет көрсету үшін бар күшін жұмсауда. Қызмет
көрсету механизмін тұрақты түрде жетілдіріп отырады, жаңа қызмет түрлері
жобаланып жасалады және енгізіледі, клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру
үшін ең жаңа технологиялар пайдалануға енгізіледі. Сонымен қатар кеңінен
тармақталған филиалдық желі біздің қызметті елдің ең шалғайдағы
аймақтарының тұрғындарымен қоса, тұтынушылардың барлық топтарьшың бірдей
пайдалануына жағдай жасайды.
Қазіргі кезде уақыт талабына сай, почта байланысының тиімділігінің
арта түсуімен қатар, жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар енгізіліп,
көрсетілетін қызмет сервисі арта түсуде. Сонымен қатар почта жөнелтілімін
адресатқа жеткізу мерзімі қысқарып келеді.
Өткен 2002 жыл, Қазпочта акционерлік қоғамы үшін қоғамның кезекті
қаржылық тұрақтану және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өсу жылы
болды. Төменде келтірілген деректер осы айтылғандардың айғағы болмақ.

Кесте 2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗПОЧТА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА ТЕХНИКО-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
№ КӨРСЕТөлш. бірл 20 01 20 02 +
КІ-ШТЕ
Р

са ны Алд ыңғы жылы саны Алды ңғы жылы саны Алд ыңғы жылы саны Алд
ыңғы жылы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Мерзімді басылымдар млн.
дана. 65,1 100,3 % 82,4 126,6
% 93,6 113,6% 91,0 97,2% Жазбаша хат-хабарлар млн. дана. 14,6
98,0
% 14,7 100,7
% 15,1 102,7% 16,2 107,3% Сәлемдеме млн. дана. 1,2 133,3
% 1,3 108,3 % 1,2 92,3% 1,2 100% 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жедел почта қызметтері млн. дана 170,4 8 есе 277, 0 162,6
% 243,0 87,7% 325,0 133,7% Ақша аударымдары млн. дана. 0,7 116,7
% 0,72 102,9
% 0,7 97,2% 0,78 111,4% Зейнетақы төлеу млрд. 23,5 3 есе 57,3 2
есе 70,9 123,7% 93,4 131,7% теңге Депозиттер
қабылдау млн. теңге 363,1 40 есе 735,
5 2 есе 753,7 102,4% 1381,0 183,2% Жалақы төлеу млрд. теңге 0,14
- ю,
4 74 есе 19,9 191,3% 25,96 130,5% Коммуналдық төлемдер қабылдау
млрд. теңге 1,5 18 есе 2,0 133,3 % 2,5 125,0% 11,3 4 есе
Салық қабылдау млрд. теңге - - 1,4 - 3,8 2 есе 5,4
142,1% Ақша инкассациясы млрд. теңге 43,3 33 есе 91,0 2 есе 141,6
155,6% 184,7 130,4%
Қазақстанда почта-жинақтау қызметтер рыногын сипаттау үшін оның кейбір
сегменттерін қарастырайық.
Қазақстанның курьерлік қызмет көрсету рыногында 30-дан астам
компаниялар, соның ішінде мынадай халықаралық ірі компаниялар DHL,
FedEx, ТNТ, UPS, ОСS, Роnу Ехргеss, сондай-ақ Қазақстанның
жекелеген облыс орталықтарында қызметтен ұсынатын бірқатар отандық
компаниялар бар. Аталған компаниялар өз қызметін Қазақстанда 7-8 жыл
көлемінде жүзеге асырып жүр және Ұлттық почта операторына елеулі бәсекені
құрайды.
Бүгін баспа өнімдерін тарату бойынша қызметтер рыногында Ұлттық почта
операторынан басқа мынадай Аргуметы и факты ЖШС БК, Евразия пресс ЖШС,
Эврика-пресс ЖАҚ, Дауыс БТММ АҚ, Бико ЖШС, Бурда-Алатау пресс ЖАҚ
сияқты баламалы құрылымдар, сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет
көрсететін басқа да компаниялар жұмыс істеуде. Облыстық газеттер
редакцияларында Ұлттық почта операторының облыстык филиалдарына
бәсекелестік тудыратын, жергілікті газеттерді таратып қана қоймай,
республикалық және ресейлік басылымдарды да тарататын бөлімшелер құрылған.
Егер бұрындары баламалы құрылымдар қабылдайтын жазылымдар ¥лттық почта
операторының филиалдары арқылы жеткізілсе, бүгінде осындай басылымдарды
жеткізетін жекеменшік қызметтер құрылуда. Бұл ретте ¥лттық почта операторы
басылымдар мен жазылымдарды тарату бойынша қызмет көрсету рыногының ең ірі
субъектісі болып қала береді: оның еншісінде республикада таратылатын
мерзімді жазылымды басылымдар тираждарының 85%-ға жуығы, оның ішінде 42%-ы
шалғай ауылдық және шекаралық аудандарды қоса алғанда, ¥лттық почта
операторы ауылдық жерлерге жеткізетін республикалық мерзімді басылымдар.
Соңғы жылдары ақша аударымдар рыногы үдемелі түрде өсуде. Рыногтың
негізгі қатысушылары – Western Union, MoneyGram, Contact (АКБ Русславбанк
- Ресей Федерациясы) және Анелик (Банк Анелик ЖШБ -Армения). Қазақстан
рыногына Travelex Worldwide Money Ltd халықаралық аударымдар жүйесі
қызығушылық танытуда. Қазақстандық қатысушылар арасында мынадай екінші
денгейдегі банктер бөлініп шығуда: ЦентрКредит Банкі, Қазақстан Халық
Банкі. Каспийский Банкі және басқалар. Бұл рыногта ¥лттық почта
операторының еншісі 1%-дан төмен, бірақ ол кеңейтілген өңірлік желісінің
болғандығынан жоғары даму потенциалына жетуде. Оған мынадай цифрлар дэлел
бола алады: соңғы бес жыл ішінде Қазақстан аумағында орналаскан
коммерциялық банктер мен есеп-айырысу кассалық бөлімшелер саны тиісінше 91
және 266 бірлікке, филиалдардың тармақталған желісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар инвестицияның объектісі ретінде
Бағалы қағаздар портфельдік инвестицияның объектісі ретінде
Бағалы қағаздар нарығы: инвестициялық белсенділікті көтеру факторы ретінде
Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы
Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРУ МЕХАНИЗІМІ
«Абди компани» ақ-ның қызметіне сипаттама
Трансұлттық корпорациялардың Қазақстан экономикасының дамуына әсері
Венчурлық капитал компаниялары
«Қазпочта» АҚ құрылымдылық ұйымы
Пәндер