Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . . . . 3

I АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРI . . . 5

  1. Ақшаның қажеттiгi және шығу тегi . . . 5
  2. Ақшаның жалпыға бiрдей эквивалент ретiндегi ерекшелiгi

мен қызметтерi . . . 7

II АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ ЗАҢЫ ЖӘНЕ АҚША АГРЕГАТТАРЫ . . . 12

  1. Ақша айналысы және оның заңы . . . 12
  2. Ақша агрегаттары және оның құрылымы . . . 18

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . …. 26

КIРIСПЕ

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша ”.

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып табылады.

Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысының заңы және ақша агрегаттары” деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып табылады.

Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады. Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.

Ақша - қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.

Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық банк атқарады. Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды. Егерде бұл теңдiктен ауытқыса экономикада тұрақсыздық туындайды.

I АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРI

  1. Ақшаның қажеттiгi және шығу тегi

Ақша дегенiмiз - тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi, құнның эквиваленттiк формасы мен тұтыну құны бiте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндiру мен оны айырбастау үрдiсiнде басқа тауарлардан бөлiнiп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметi - барлық тауарларға ортақ балама ролiн атқару.

Ақшаның маңызын бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.

Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өндiрiстегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адам қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда, ақша төлем құралы қызметiн атқарады.

Үшiншiден, айырбас үрдiсiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкiл тауарлар тұтыну құны түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың iшкi қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол ашады. Өйткенi, егер де тауар сатылса, оның тұтыну құнының бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы және оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi.

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша ”.

Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.

Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында, сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.

Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша ”.

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай) .

Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Ақшаның өндiргiш күштер мен тауар қатынастарының бiршама жоғары дамуы нәтижесiнде пайда болғандығы ертеректен бiзге белгi. Ақшаның жаратылысын зерттегенде басты анық нәрсе ол оның тауарлы шығу тегiне байланыстылығын көрсетедi. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнiмi. Осы еңбек өнiмiнiң тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтiлiк алғышарттарын туғызған.

Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте - бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.

Монета - ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi. Монета бет жағы - аверс, келесi жағы - реверс, кесiндiсi - гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:

Биметализм - жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

Монометализм - жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т. б. ) қолданылатын ақша жүйесi.

Осылай, б. э. дейiн III - II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж. ж. аралығында - күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.

Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.

  1. Ақшаның жалпыға бiрдей эквивалент ретiндегi ерекшелiгi мен қызметтерi

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ бұл тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .

Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген”.

Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “ патша арғында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) еридi. Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынға кететiн еңьек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады. Алтынды тұтынуға жылдан жылға шығындар өсуде. Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады - электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi.

Алтын тек қана алтын валюта резервтердi ғана құрамайды, сонымен бiрге электронды - есептеуiш және компьютерлiк техникалды, түнгi мезаникалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда.

Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым - қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде ақшаның экономикалық мәнi оның келесi үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.

  • жалпыға тiкелей айырбастау;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.

Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоңамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру. Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б

Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.

Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес негiзгi қызметтi атқарады:

  1. Құн өлшемi және баға масштабы;
  2. Айналыс (айырбас) құралы;
  3. Төлем құралы;
  4. Қор және қазына жинау құралы;
  5. Дүниежүзiлiк ақша.

1) Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуi оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндiруге және сатуға қажеттi қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбiр елде ақшаның өлшемi ретiнде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететiн металдың баға белгiлеу процесiндегi ақша бiрлiгiне бекiтiлген салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негiзiнде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемi қызметi мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемi бұл мемлекетке тәуелсiз ақшаның экономикалық қызметiн сипаттайды. Құн өлшемi қызметi құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлектке тәуелдi, бiрақ тауардың құнын көрсету үшiн емес, тек оның бағасын бейнелеу үшiн қызмет етедi. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгiленедi.

Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.

Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi.

2) Ақшаның айналыс құралы қызметi. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады. Тауар айналысы мынандай процестердi қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы.

Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарды бiртiндеп айналыстан шығара отырып, өзi айналыста үнемi қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретiндегi қызметiнiң басты ерекшелiгi, бiрiншiден, бұл қызметтi толық бағалы емес құнның белгiлерi: қағаз және несиелiк ақшалар атқарады, екiншiден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.

Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы;
  • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • Ақшаның бұл қызметiнде таарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгiлерi орындайды.

Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр - несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

3) Ақша төлем құралы қызметi. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.

Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.

Ақша төлем құралы ретiнде мынадай ерекше бiр қозғалыс формасына ие болады: Т (тауар) - М (мiндеттеме), келiсiлген мерзiмнен кейiн: М (мiндеттеме) - Т (тауар) .

Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:

  • Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
  • Еңбекақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
  • Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
  • Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мiндеттеме;
  • Сақтандыру мiндеттемелерi;
  • Әкiмшiлiк, сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары.

Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.

Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, одан қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады.

4) Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т - А - Т айналымының екi актiлерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы жайлы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы туралы
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Ақша несие банк
«Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі»
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақша айналысы мен заңы
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz