“xvii-xix ғ.ғ. орыс-қытай қатынастары”


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “XVII-XIX ғ. ғ. орыс-қытай қатынастары”
Орындаған: Бекбауова Д.
Ғылыми жетекші: Түргенбай А.
Алматы 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1-тарау. XVII-XVIII ғ. ғ. Ресей-Қытай қатынастарының қалыптасу тарихы.
1. 1. XVII ғ. орыс елшілерінің Қытайға сапары және оның тарихи маңызы . . . 6
1. 2. 1689 жылғы Нерчинск келісімі және оныңмазмұны . . . 10
1. 3. XVIII ғ. орыс-қытай сауда-экономикалық қатынастарының қалыптасу тарихы . . . 11
1. 4. Пекиндегі Ресейдің діни миссиясы . . . 16
2-тарау. XIX ғ. орыс-қытай қатынастарының даму жағдайы.
2. 1. Апиын соғыстары жылдарында Ресейдің Цин империясына қатысты ұстанған саясаты . . . 19
2. 2. XIX ғ. Ресей мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуы . . . 20
2. 3. Ресей мен Қытай шекарасының қалыптасу тарихы . . . 21
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыс “XVII-XIX ғ. ғ. орыс-қытай қатынастары” тақырыбына арналады. Ресей мен Қытай бұрыннан бері халықаралық саясатқа, әлем елдерінің өміріне үлкен әсер тигізіп келе жатқан әлемдегі екі ірі державалар болып табылады.
Қытай мен Ресейдің қатынастарының тарихы ғылыми зерттеулердің ең маңызды тақырыбының бірі болып қала береді. Біріншіден, Ресей мен Қытайдың өздеріне тән өркениеті (словяндық-провославиелік және конфуциандық) бар. Екіншіден, он мың километрге созылған ортақ шекарасы бар. Сонымен қатар, Ресей мен Қытай ірі аймақтық әскери держава бола келе, екеуінің мықты дипломатиялық мектептері бар. Бұл тақырыпты бір-бірімен байланысты бірнеше салаларда зерттеледі. Қарастырылып отырған тақырыптың мәселесіне көптеген еңбектер арналған. Берілген жұмыстың өзектілігі бір жағынан қазіргі кездегі ғылымның “XVII-XIX ғ. ғ. орыс-қытай қатынастары” тақырыбына қызығушылығы, екінші жағынан бұл тақырыптың терең, әрі нақты талданбағандығынан көрінеді. Бұл тақырыптың мәселелерін қарастыруда теориялық және практикалық жағынан да маңызы бар. “XVII-XIX ғ. ғ орыс-қытай қатынастары” тақырыбының теориялық жағынан қарастырылуының маңызы осы тақырыптың бірден бірнеше салалармен байланысында. Курстық жұмыстың объектісі “XVII-XIX ғ. ғ. орыс-қытай қатынастарының” жағдайын талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты бүкіл орыс-қытай қатынастарының даму барысын талдау және XVII-XIX ғ. ғ. орыс-қытай қатынастарын танып білу.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
1. Орыс елшілерінің орыс-қытай қатынастарының қалыптасуындағы рөлін ашып көрсету;
2. Иван Петлиннің Қытайға сапары және оның қызметінің маңызын ашып көрсету;
3. Ресей мен Қытай қатынастарының дамуына үлкен үлес қосқан Ф. Байковтың, И. Перфильевтің, Спафаридің, Идестің тағы басқаларының Қытайға сапарларын талдау;
4. XVII-XVIII ғ. ғ. орыс-қытай қатынастарының дамуына сипаттама беру;
5. Пекиндегі Ресейдің діни миссиясының қызметін және оның маңызын ашып көрсету;
6. XIX ғ. орыс-қытай қатынастарына жалпы сипаттама беру;
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін курстық жұмыста мынадай әдебиеттер пайдаланылды: Новая история Китая. - М., 1972, Адамчик В. В. История Китая. - М., 2007, сонымен қатар интернет желісінен де мәліметтер алынды.
П. Т. Яковлеваның “Первый русско-китаайский договор 1689 года” еңбегінде XVII ғ. Шығыс Сібірдегі патшалық Ресейдің саясаты, алғашқы орыс-қытай қатынастарының пайда болуы, дамуы және екі елдің сауда қатынасы, сонымен қатар бірінші Ресей мен Қытай арасындпғы алғашқы елшілерінің (Байковтың, Перфильевтің, Аблиннің, Спафаридің) қызметтері жазылған.
Н. Алдабектің “Тарихы талқыға толы Шыңжаң” еңбегінде орталық Азиядағы халықаралық қатынастар жүйесінде геосаяси, геостратегиялық маңызы ерекше орын алған Шыңжаңның күрделі тарихи деректер арқылы жаңа методологиялық тұрғыдан зерделенеді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі мен мақсаты және қойылған міндеттері пайдаланылған әдебиеттерге талдауы сипатталады.
“XVII-XVIII ғ. ғ. Ресей-Қытай қатынастарының қалыптасу тарихы” деп аталатын 1 тарауда орыс-қытай қатынастарының пайда болуының алғы шарттары, патшалық Ресейден Қытайға келген Иван петлиннің алғаш елшілігі жазылған. Сонымен қатар, Ф. Байковтың, И. Перфильевтің, Спафаридің тағы басқа орыс елшілерінің Қытайға сапары және алғашқы орыс-қытай келісімі (Нерчинск) туралы нақты мәліметтер берілген. Сонымен қатар XVIII ғ. ғ. орыс-қытай сауда-экономикалық қатынастарының қалыптасу тарихы және 1727 жылғы Буриндік және Кяхта келісімінің құрылуы және оның екі ел арасындағы суда-экономикалық қатынастарының қалыптасуындағы маңызы сипатталады. Пекиндегі Ресейдің діни миссиясының қызметі, оның тарихи маңызы көрсетілген.
“XIX ғ. орыс-қытай қатынастарының даму жағдайы” деп аталатын 2 тарауда Ресейдің Цин империясымен алғаш сауда байланыстарын орнатуы туралы нақты мәліметтер қарастырылған. Апиын соғыстары жылдарында Ресейдің Цин империясына қатысты ұстанған саясаты сипатталады. Ресей мен Қытай арасындағы 1851 жылғы келісімнің құрылуы, оның мазмұны және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының қалыптасуындағы маңызы жазылған. Сонымен қатар Ресей мен Қытай шекарасының анықталу мәселелері, тарихы және шекара мәселесіне байланысты құрылған 1858 жылғы Айгүн, Тяньцзин, 1860 жылғы Пекин, 1864 жылғы Шәуешек, 1881 жылғы Петербург келісімі және 1898 жылғы Орыс-қытай конвенциясы олардың мазмұны, маңызы сипатталады.
1. XVII-XVIII ғ. ғ. Ресей-Қытай қатынастарының қалыптасу тарихы.
1. 1. XVII ғ. орыс елшілерінің Қытайға сапары және оның тарихи маңызы
XVII ғасырдың басында орыс казактарының Тынық мұхитының жағалауына келуі Ресейдің миндік Қытаймен қарым-қатынастарына әкелді. 1618 ж. Томскіден казак Иван Петлин өзінің қарамағындағы бір топ қызметшілерімен бірге Пекинге келеді. Сапар барысында Петлин Қытай халқының өміріне қатысты мәселелер, тұрмыс-тіршілігі жайлы біраз қызықтырарлық мәліметтер жинаған еді. Петлин Пекиннен Тобльскке миндік императордан грамота алып келеді. Бірақ қытай тілін білетін ешкім болмағандықтан оның мазмұны тек 1675 ж. белгілі болды. Бұл грамотада миндік император Ванли орыстарға өз елшілерін Қытайға жіберіп сауда жүргізуге ұсыныс жасаған еді.
В. Д. Поярковтың Амурға (1643-1646жж. ) және Е. П. Хабаровтың (1649-1652жж. ) тағы басқалардың экспедициялары жаңа жерлерді игеруге бастау салды. 1652 ж. Иркутсктің, 1653 ж. Нерчинсктің негізі салынады. Одан ертерек Амурдың жоғарғы ағысында Албазин құрылған болатын, ол 1682 ж. Албазиндік әскери аймақтың орталығына айналады. Манчжурияның тек оңтүстік бөлігін басқарып тұрған цин үкіметін орыстардың осындай жетістіктері қорқыта бастады. Осыған орай циндік әскербасылар XVII ғасырдың 50 жж. Аз ғана казак топтарына қарсы бірнеше рет әскерлерін жіберген болатын. 1652 ж. 2000 манчжурлық әскерлер Нингуттан шығып кенеттен Хабаровтың отрядына соққы береді. Е. П. Хабаров Сунгариядан кетіп Амурдың жоғарғы ағысына қоныстанады. Сол жерде ол өз отрядын адмармен толықтырып қару-жарақпен қамтамасыз етеді.
1652 ж. Орыс үкіметі Қытайға Федор байковтың басшылығымен сауда миссиясын жіберуге шешім қабылдайды. Бұл миссияның негізгі мақсаты Қытайдағы сауда туралы мәліметтер әкелу және цин үкіметінің өз саудагерлерін Ресейге еркін сауда жасауға шақыру еді. Ф. И. Байковтың миссиясы ең бірінші ресми елшілік болған, бұл миссия арқылы Ресей алыс Қытаймен дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатуға үміттенген. Цин империясына жазылған пошталық грамотада орыс патшасы Алексей Михайлович боғдыханмен мықты достық қарым-қатынаста болуын қалайтыны туралы жазылған.
1654 ж. Байков грамотаны алып Тобольсктен алыс жолға шығады, 1656 ж. наурыз айында Пекинге жетеді. Бірінші күннен бастап-ақ орыс елшісі мен циндік шенеуніктер арасында қиындықтар туа бастайды, себебі цин үкіметі коутоу рәсімін жасауды талап етеді. Байков Цин империясына арналған сыйлықтарды шенеуніктерге беріп, ал грамотаны бермей, тек императордың жеке қолына өзі барып беруді талап етеді. Шенеуніктер оны жазалаймыз деп қорқытқанының өзінде Байков айтқанынан қайтпайды. Мақсатына жете алмаған ол 1656 ж. 7 қыкүйекте еліне қайтады.
Байковтың әкелген қытай тауарлары орыс патшасын 1658 ж. Иван Перфильевтің басшылығымен жаңа елшілік жіберуге итермелейді. 1660 ж. жазында елшілік Пекинге келеді. Бірақ бұл елшілік те жеке императордың назарына жете алмай 1662 ж. Мәскеуге жауапты грамотамен оралады. Оның мазмұны тек 1675 ж. Петлиннің әкелген грамотасымен бірге орыс тіліне аударылады. Онда богдыхан әкелінген «даньді»қабылдағаны және орыс патшасына император сыйлықтар жібергені туралы айтылады.
И. Перфильев пен Ф. Байковтың сәтсіз елшіліктерін Амурдың жоғарғы және орта ағыстарындағы қиын саяси жағдаймен түсіндіріледі. Бұл аймақтарда цин үкіметі орыстардың басып алған жерлеріне қарулы күшпен өз үстемдігін орнатпақ болған. 1658 ж. Онуфри Степановтың отрядын манчжурлық әскерлер Сунгари және Хурха өзендерінің екі ортасында соққы береді. Бұл теңсіз соққыда Степанов қаза табады, ал оның отряды көптегн адамдарынан айырылып кері шегінеді.
1675 ж. наурыз айында патша үкіметі Пекинге Николай Спафарийді жібереді. 28 ақпандағы 1675 жылғы грамотада орыс патшасы боғдыханмен көршілік, достық қатынаста болуын қалайтыны туралы жазылған. Спафарийге қалай болса да қытай саудагерлерінің Ресейге келіп еркін сауда жасауға көндіруге тапсырма берілді. Орыс үкіметі қытай саудагкрлеріне жеңілдіктер көрсетуге дайын екендігін айтты. Дипломатиялық және сауда тапсырмаларымен қатар ғылыми жұмыстар жүргізуге тапсырылды. Осыған орай, елшіліктің құрамына география, картография, минералогия т. б. мамандар кірді.
1676 ж. 15 мамырда Спафарий қызметшілерімен және саудагерлерімен бірге Пекинге келеді. Цин императоры орыс елшісін жылы қарсы алып орыс саудагерлеріне тауарларын сатуға рұқсат етіледі. Кейін цин үкіметінің орыс елшілігіне қатынасы өзгереді. Себебі, Спафарий сыйлықтарды дәстүрге байланысты тізерлеп тұрудың орнына тұрып қабылдады осылай цин шенеуніктері грамота беруден бас тарттады. Сонымен қатар, цин үкіметі егер орыстар Қытайдың шекарасын мазалауды тоқтатпаса, орыс елшілерді тиісті дәстүрлерді орындамаса, цин үкіметі грамотаға жауап беруден бас тартатындығы және өз еліне орыс елшілері мен саудагерлерін кіргізбейтіндігі туралы жариялады. Бұдан кейін 1677 ж. 1 қыркүйекте Спафарий Пекиннен шығып 1678 ж. 5 қаңтарда Мәскеуге оралады.
Цин үкіметі Амурдың жоғарғы және орта ағыстарында соғыс қимылдарын тоқтатпай барлық тәсілмен бұл аймақты өз иелігіне қоспақ болады. Канси император манчжүрлік сановник Лантаньді Албазинға жібереді. Ол Албазинда орыстардың әскери жағдайын біліп қайтады. Орыс әскерлерінің аз екендігін біліп император әскери жорыққа дайындықты бастауды бұйырады. 1683 ж. Амурдың оң жақ жағалауында Зей өзенінің төменгі ағысында Ахүн қорғаны құрылады. Ресми қағаздарды тасу үшін, пошталық станциялар ашылады, Мүкденге Қытайдан тағы әскер жіберіледі.
1683 ж. маусымда манчжүрлік үлкен әскер тобы кенеттен Айхүннің түбінде Мыльниковтың отрядына соққы береді. Теңсіз соққыда 67 казактан тұратын әскер құртылды. 1684 ж. шілдеде манчжүрлік әскерлер кемелерімен Албазинге жақындап 30-дан аса орыстарды алады. Бірақ Албазинді алуға қорқады. Бір жылдан кейін циндік әскерлер Албазинға қайта келеді. әскербасы Пэнчүннің қоластында 10 мыңнан астам әскерімен албазиндықтарға қарсы шығып оларға соғыссыз берілуін талап етеді. Албазинда қару ұстай алатын 450 адам, 3 пушка және 4 ядросы болған. Бұған қарамастан, орыс әскрбасы Алексей Талбузин қорғануға бел буады. Порох пен қорғасын біткенне кейін албазиндықтар таспен соғысуға мәжбүр болады. Бұл соғыс теңсіз сипатта болады. Жерді отқа орап әйелдер мен балаларға қауіп төніп тұрғанын көрген Талбузин келіссөздер жургізуге әрекеттер жасайды. Нәтижесінде орыстарға отбасыларымен бірге қару-жарақтарын алып Албазиннен кетуге рұқсат етіледі.
Мұны білген Нерчинсктегі әскербасы Иван Власов орыс үкіметіне хабар жібереді. Албазиннен Нерчинскке келген Талбузин мен казактарды қайта Албазинге қайтарады. Албазинге жеткеннен кейін казактар қиратылған бұрынғы жерге жаңа қорған салып айналасын қоршайды. 1686 ж. 6 шілдеде цин әскерлері Албазинге қайта келіп казактардың кетуін талап етеді. Юұл уақытта Албазинда шаруалар мен саудагерлерді қосқанда 826 адам болды. Олардың 8 мың пушкалары, бірнеше темір ядролары, порох, қорғасын т. б. Қарулары болды. Ал циндіктерде 8 мың әскер, 400 пушка болды. Бүл күрес 5 айға созылды. 1687 жылдың көктеміне қарай орыстардың жағдайы нашарлады: олардың арасында цинга ауруы пайда болды. 1687 ж. мамыр айына қарай 70 адам ғана қалды. 2, 5 мың әскерінен айырылған манчжүрлықтар бұл қорғанды ала алмады. 1686 ж. желтоқсанда цин императорының бұйрығымен соғыс тоқтатылады бірақ цин әскерлері Албазинді жпн-жағынан қоршап тұрады.
1685 ж. мамырда богдвхан Албазинға әскер жіберген кезде орыс патшасына хат жіберген болатын. Хатта келіссөз жүргізу туралы ұсыныс және албазиндықтардың Амурдан кетуін талап етіледі. 1685 ж. хат Мәскецге жетеді. Түркиямен соғысқа дайындалып жатқан орыс үкіметі Қытаймен мәселені бейбіт түрде шешуге келіседі. 1686 ж. қаңтарда Ф. А. Головкиннің басшылығымен елшілік жіберіледі. Орыс үкіметі Пекингше хабаршыларды жібереді. Хабаршылар әкелген хатта орыстардың цин үкіметінің оры жеріндегі жүргізген соғыс қимылдарына толық қарсылығы көрсетілген. Және де егер цин үкіметі елшілерін әскерлерінен бұрын жібергенде, бұл мәселені ертерек бейбіт жолмен шешуге болар еді, деп жазған. Сол хатта цин императорына әскерлерін қайтаруға ұсынып елшілерін жіберуді ұсынады. 1686 ж. қарашада патшаның хабаршылары Пекинге келеді, оларды жеке императордың өзіне кіргізеді. 1687 ж. 6 мамырда Албазин блокадасы алынады, бірақ цин әскерлері орыстардың жерінен кетпейді. Олар Амур бойымен төмен қарай жылжып орыс қорғанынан 5 шақырым жерде қоныстанады.
Бейбіт түрде келіссөздер жүргізуге келіскен цин үкіметі, енді моңғол хандарын орыстарға қарсы соғысқа итермелейді. Нәтижесінде, 1688 ж. қаңтарда Очирой-хан (Тушэту-хан) Селенгинск пен Удинскке шабуыл жасайды. Бірақ казактар Головкиннің басшылығымен оларға тойтарыс бере алады. Богдыхан Тушэту-ханның Галдан әскерлерінен жеңілгенін біліп ешлшілікті кері қайтарады.
1688ж. қыркүйекте Селенгинкке циндік хабаршылар келеді. Олар жаңбырлы маусымның келе жатқанын сылтау етіп, орыс елшісінен келіссөздерді кейінге ығыстыруды сұрайды. Осы уақытты манчжурлықтар Галданға қарсы қолданбақ болады. Головкин бұл ұсынысты қабылдайды, бірақ егерде богдыхан елшілердің келуін тездетпесе және оның цин әскерлері Албазиндегі жергілікті халықтың өміріне қауіп төндірсе, егістікті таптаса, онда орыс үкіметі Албазинге көмек жібереді және ол үшін богдыханның өзі жаза тартады деп баса айтады. 1689 ж. қаңтарда орыс елшісі Пекинге хат жібереді. Орыс үкіметі бұл хат арқылы алдыда кле жатқан келіссөздер туралы цин үкімктін ескертеді.
1689 ж. 16 шілдеде цин елшілері 76 әскери кемемен және 8 мың әскерлерімен Нерчинскке келеді. Бір түн ішінде әр гарнизонның ішінде 600 адамнан тұратын үлкен әскери лагерь құрылады. Лагерьде 15 мың адам болды. 9 тамызда Нерчинскке атқыштар отрядымен Головкин келеді. 12 тамызда келіссөздер басталады. Орыстардың ұзақ уақыт бойы Амурдың сол жақ жағалауын иеленгендіктен, Головкин бұл шекараны ең қалайлы және осы қалпында қалдыра беруін ұсынды. Бірақ цин үкіметі шекараны Нерчинскпен орнатуды талап етті. Кейін циндіктер келіссөздерді бұзып Нерчинскке өз әскерлерін шақырыпп, қаланы жан-жағынан қоршайды. Цин әскерлерінің жаңа дайындығын көріп орыстар 23 тамызда Албазинді береді. 27 тамызда келісімге қол қойып, бұл құжат орыс, манчжур, латын тілдерінде жазылады.
Нерчинск келісімі 7 бөлімнен тұрды, онда шекараның орнатылуы, келісімге дейінгі көшіп кеткен адамдарды екі жақ та қорғауы, шекарадан заңсыз өткен ұрлық жасаған адамдарды жазалау тәртібі, өзара сыластық сауда қатынастары жайлы мәселелер қарастырылған. Келісім бойынша ресей мен Цин империясының шекарасы Амурдың жоғарғы ағысы аймағында ғана орнатылған. Орвстар Албазиннен айырылды, бірақ олар циндіктерден Албазин жерінде ештеңе салмауды, ешкімді қоныстандырмауды талап етті. Екі ел арасында бейбітшілік пен сауда қатынастарының орнатылғанына қарамастан, Ресей орыс казактарының 40 жыл бойы иеленген маңызды жерінен айырылғанын түсінді.
1692 ж. наурызда орыс үкіметі Пекинге Эверт Избрант Идестің басшылығымен елшілік жібереді. Идес Ресейге тұруға көшіп келген голландық саудагер. Н. Спафарийдің жолымен жүрген Идес 1693 ж. 3 қарашада Пекинге келеді. Патшалық грамотада циндік императордың мәртебесі төмен, ал орыс патшасының мәрткбесі жоғары етіп көрсетілген деп цин үкіметі елшіге сыйлықтар мен грамотаны қайтарып береді. 1694 ж. 19 ақпанда Идес Пекиннен шығып 1695 1 ақпанда Мәскеуге келеді. Бірақ келіссөздер нәтижесіз болмады, орыс саудагерлеріне 3 жылда бір рет келіп сауда жасауға рұқсат етілді.
Осы кезде цин үкіметі Жоңғар хандығына қарсы одақтас елді іздеп жүрген еді. Осы мақсатта Волгада жүрген қалмақ ханы Аюкеге Пекиннен елші жіберіледі. Елшілік 1713 ж. қыркүйекте Тобольскке келеді. 1715 ж. көктемде Тулишеннің басшылығымен елшілік Пекинге қайтып келіп, богдаханға өзінің Сібір арқылы Волгаға дейін жүрген жолы сипаттап жазылған жүрналды ұсынады. Осы жылыПекинге орыс священнигі келеді, бұл болашақ Ресейдің Пекиндегі дңни миссиясына бастау салынады. Осы миссия сонымен қатар қытай, манчжур, моңғол тілдерін үйренумен және осы тілдердегі кітаптарды аударумен айналысты[1. 56] .
1. 2. 1689 жылғы Нерчинск келісімі.
1681 ж. рыстардың әскери территориясы Албазин құрылды. Орыстардың амур жеріне келгеннен бастап ол жерде егіншілік және мал шаруашылығы дамыды. өндірілген нанды Нерчинскке апарылды. Амурды өз жері деп есептеге қытайлық Цинді орыстардың мұндай қимылдары әурелендірді. Қытайлықтар Албазинге жорыққа дайындала бастады. 1685 ж. саны жағынан көп манчжурлық әскерлер Албазинге соққы берді. Албазинді қорғаған 450 казак жеңіледі. Бірінші күні 100 адамнан айырылған албазиндықтар Нерчинскке қашты. Нерчинскке келген Толбузин өз әскерін адамдармен толықтырып қарумен қамтамасыз етті. Толбузиннің әскеріне Бейтонның қол астындағы әскери отрядқосылып олар Албазинді қалпына келтірді.
1686 ж. үшінші Албазин құрылады, ал шілде айында Албазинге 5 мыңдық әскерімен, 40 атқышпен қытай әскері келеді. Күрестің 5 күні Алексей Толбузин қаза табады. Орыстар әскерінің тең жартысынан айырылды, 500 адам цинга ауруынан қаза табады.
30 қарашада Қытай мен Ресей бейбіт келіссөздер жүргізеге келіседі. Қытай үкіметінің талабымен келіссөздер Нерчинскте жүргізілді. Ресей атынан келіссөздерді Федор Иванович Головин жүргізді. 1689 ж. 9 тамызда Головин Нерчинскке келеді. Орыс үкіметі үшін келіссөздер өте қиын жүрді. Цин үкіметі Нерчинскке флоты, ауыр артиллериясы бар 15 мыңнан астам әскермен бірге келді, ал орыстардың жағдайы мүшкіл болды, олардың тек нашар қаруланған 1, 5 мың ғана әскері болды.
Головин орыс-қытай шекарасын Қиыр Шығыста Амур бойыман анықтауды ұсынса, Цин империясы түгел Албазинді және Забайкальенің қөп бөлігін беруді талап етті.
Цин үкіметі үнемі өзінің кез келген уақытта соғысқа дайын екенін ескертіп отырды, нәтижесінде 1689 ж. 27 тамызда Нерчинск келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша, орыс-қытай шекарасы Амурдың жоғарғы ағысы аймағында ғана орнатылды. Орыстар Албазиннен айырылды. Уда өзені бойындағы жерлер Тынық мұхитына дейін анықталмай қалды. Келісімге Ресей жағынан Ф. А. Головин, И. Е. Власов және С. Корницкий, Қытай жағынан Сонготу, Тунгоган және Лантань қол қойды[4. 214] .
Келісімнің мазмұны
Нерчинск келісімінің 1, 2 баптарына сәйкес Ресей Қытайға Амурдың жоғарғы ағысындағы барлық жерін берді және ол жерлерден орыс казактарын алып кетті.
3 бапқа сәйкес Албазин қаласы негізіне дейін қиратылған жене орыстардың талабымен цин үкіметі ол жерге ешкімді қоныстандырмай жері игерілмейтін болды.
4 бап екі елдің ары-бері көшіп жүрген халықтың мәселелерін және шеаралық режимнің бұзылу мәселелерін қарастырды.
5 бап екі ел арасындағы сауда қатынастарын қарастырды.
6 бап шекаралық даудамайларды реттеу мәселесін қарастырды[1. 59] .
... жалғасы1. 3. XVIII ғ. орыс-қытай сауда-экономикалық қатынастарының қалыптасу тарихы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz