Әлемдік шарушылықтың құрылымы


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 5-7
1 Әлемдік шарушылықтың құрылымы . . . 8-13
2 Әлемдік шарушылықтың даму кезеңдері . . . 14-25
3 Әлемдік шарушылық нарығындағы валюта жүйесі . . . 26-32
Қорытынды . . . 33
Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Әлемдік шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен әлемдік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Әлемдік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Әлемдік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және әлемдік сауданың дамуымен анықталады.
Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сүрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртүтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде - республика деңгейінде өту қарастырылған.
Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде - республика деңгейінде өту қарастырылған. Экономикалық әдістердің пайдасына әкімшілдік-әміршілдік әдістерден бас тарту, біріншіден, социалистік меншіктің дербес товар өндірушілерге айналып жатқан кәсіпорындардың еңбек коллективтерінің қарамағына және пайдалануына берілуін көздейді. Және, екіншіден, кәсіпорындар жұмыс істейтін бүкіл экономикалық ортаны кәсіпорындарды басқару тікелей директивалық тапсырмалар арқылы емес, қайта олардың мүдделеріне ықпал ету жолымен жүзеге асырылатындай етіп өзгерту керек. Ал мұның өзі де социалистік рыноктың бұзылуынан арылған құрамалар болмайынша мүмкін емес. Бұл орайда орталықтандырылған жоспарлау жойылмайды, бірақ сапасы жағынан жаңа келбетке ие болып, негізінен алғанда экономикалық құралдардың көмегімен іске асырылады.
Финанс-кредит қатынастарын түбірінен қайта құру және, атап айтқанда, екі деңгейлі банк жүйесіне: орталық банк және бірқатар реттерде акционерлік негізде құрылатын коммерциялық (сауда және іскерлік) банкілер жүйесіне көшу рынок құрудың аса маңызды алғышарттарының біріне айналып келеді.
Рынокты белсенді түрде пайдалану экономиканы өзінше бір экономикалық ресурстардың едәуір бөлігінің іске қосылмай жатуынан - арылуға бастайды. Материал және ақша ресурстары, жұмыс күші іске қосылып, халық шаруашылығының өздері бәрінен гөрі керек болып отырған және барынша пайда бере алатын салаларына ауысады.
1. Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Әлемдік шаруашылықтың құрылымы және әлемдік экономикалық қатынастар - елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінген. Олар халықаралық топтарға бірігеді. Сонымен қатар, олар бір-біріне ұқсамайтын, егеменді, өз беттерінше экономикалық субъекттер болып табылады. Біртұтас әлемге кіретін елдер эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихи-географиялық, ұлттық, діндік және әлеуметтік-саяси жағынан жан-жақты ерекшеліктерге ие. Ол елдер көздеген мақсаты, даму механизмінің қызметі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Алайда қазіргі кезендегі кез келген ел дүниежүзілік байланыссыз толық экономикалық дамуда болуы мүмкін емес.
Халықаралық тәжірибеде елдерді классификациялағанда (топттастырғанда) негізгі үш топқа бөлеміз:
- нарық экономикасы дамыған елдер;
- экономикасы - нарық жүйесіне өту барысындағы елдер;
- дамушы елдер.
Мұндай бөлу 1980 жылы елдер экономикасына талдау жасау жеңіл болсын деген мақсатпен бөлінген. Қазіргі кезде көптеген өзгерістерге байланысты бұл мәселе қайта қаралып жатыр.
1- топқа нарықтық экономикасы дамыган 24 мемлекет кіреді. Топттарға бөлудің өзіндік критерийлері бар. Бұл елдердің өзі даму сатысы жағынан мынадай топшаларға бөлінеді: а) "Үлкен жетілік": АҚШ, Англия, Жапония, Германия, Канада, Италия, Франция. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші жоғары;
ә) Еуропалық Одаққа кіретін Еуропаның басқа дамыған капиталистік елдері: Белъгия, Греция, Дания, Португалия, Люксенбург, Испания, Нидерланды;
6) Еуропалық еркін сауда ассоциациясьша кіретін елдер Австрия, Исландия, Норвегия, Швейцария, Финляндия Швеция, Лихтенштейн.
Одан басқа дамыған капиталистік елдерге кіретіндер Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР), Австралия.
ІІ- топқа экономикасы өтпелі кезеңдегі елдері кіреді . Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік жүйедегі елдері: Албания, Болгария, Полыпа, Венгрия, Румыния, Чехия, Словакия және де бұрынғы одаққа кіретін елдер: Ресей, Украина, Қазақстан, Өзбексган, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Молдавия, Белорусь, Армегош, Әзірбайжан, Грузия, Латвия, Литва, Эстония, сонымен қатар, Югославияның бөлінуіне байланысты: Сербия, Черногория, Македония, Босния, Герцеговина.
ІІІ- топқа дамушы елдер кіреді . Бұл елдерге Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінің 141 елі кіреді. Негізінең бұл елдер 50 - 60-жылдары колониялық (отаршылдық) жүйеиің күйреуіне байланысты пайда болған. Дамушы елдер дүние жүзі жерінің 70%-ін, ал халқының 80%-ін алып жатыр. Олардың негізгі белгілері - дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тәуелділігі, көп укладтылығы, өндірістік күштер дамуының төмен деңгейі; өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның артта қадуы. Бұл елдер саны жағынан ете көп мемлекеттерді біріктіргенімен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтардың бірі - аймақтық диспропорция (үйлессіздік) . Жалпы алғанда, дамушы елдер экономикалық даму жағынан бірінші топтағы елдерден әлдеқайда артта.
Бұл елдердің бір-бірінен үлкен айырмашылықтарын ескере отырып, В. И. Фомичевтың топтастыруы бойынша мынандай топқа бөлеміз:
- Өндіріс пен еңбектегі капиталистік және капитализмге дейінгі құрылымның арақатынасы.
- Капиталистік форманың әр түрлі арақатынасы.
- Дүниежүзілік байланыстардың формалары мен олардың тендігі.
- Ішкі ұлттық өнімнің адам басына шаққандағы көрсеткіші.
Дамушы елдердің жоғары деңгейін көрсететін елдерде капитализм жүйесі қалыптасқан; сондай-ақ, бұларға мемлекеттік, шетелдік, жеке меншік капиталы бір интеграциялы жүйеде құрылған елдер жатады. Бұл елдер дүниежүзілік капиталистік шаруашылыққа тығыз жақындаған елдер. Бұл топтардың ішінде ерекше көзге түсетіндері:
а) шаруашылықты басқарудың ұзақ мерзімге созылған жеке және мемлекеттік жүйесіндегі, бірақ әр түрлі әлеуметтік-тарихи себептерге байланысты дүниежүзілік капиталистік шаруашылықта алдыңғы позицияға толық жете алмаған елдер. Бұл елдерге Аргентина (ішкі ұлтгық өнімнің адам басына шаққандағы көрсеткіші 2370$), Уругвай (2180$), Чили (1370$) жатады;
о) экономикалық және демографиялық қуаты жоғары, соғыстан кейінгі жылдары даму дәрежесі бірқалыпты; технологиялық экономикалық және ұйымдастыру деңгейі жоғары жетістіктерге жеткен елдер. Бұл топқа кіретін елдердің экономикасы ХЭБ-ге белсенді қатысады. Олар: Бразилия (2230$), Мексика (1820$) ;
б) халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып, тез қарқынмен есіп келе жатқан жас капитализм елдері. Бұл елдер жаңа технологиялық өндірістерді меңгере отырып, барлық сферада капиталистік байланысты меңгерді. Олар жаңа индустриалды елдер:Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг, Малайзия, Тайланд, Бразилия, Мексика, Аргентина. Бұл елдер қазіргі кезенде жоғары экономикалық даму деңгейімен көзге түседі.
Жаңа индустриалды елдердің пайда болуы - дүниежүзілік нарық жүйесінде жедел шешу жүйесінің экстенсивті өсуінің көрінісі. Жаңа индустриалды елдердің басты даму ерекшелігі жыл сайын әлемдік шаруашылықта алатын үлес салмағының артуында. Сонымен қатар, өндірістік шығынның азаюымен қатар, жоғары технологияны пайдалана отырып, жалпы ішкі өнімнің үлесі жоғары деңгейде болады. Осылайша азиялық бөлікте: Жапониядан Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филипгавды, Қытай, Индонезияға дейін созылып жатқан жаңа "технологиялық кеңістік" пайда болды. Кептеген болжаулар бойынша, XXI ғасыр "Азия - Тынық мүхит аймағының ғасыры" болады деп күтілуде. Азия жаңа индустриалды елдер ішінде үлттық жылдық табыстың көрсеткіші - Гонконг (8260$), Оңтүстік Корея (2690$), Сингапур (7940$), Тайвань (4480$) .
БҰҰ-ның әдістемесі бойынша жаңа индустриалды елдерге жататындардың критериясы:
- адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі;
- орташа жылдық өсу қарқыны;
- жалпы ішкі өнімдегі өнім шығаратын өндірістің үлес салмағы (20%-тен жоғары болуы керек) ;
- өнеркәсіп өнімінің экспорттағы көлемі және олардың жалпы өнім шығарудағы үлесі;
- шетелдегі тура инвестицияның көлемі.
Бұл көрсеткіштердің барлығында жаңа индустриалды елдердің басқа дамушы елдер ғана емес, тіпті кейбір көрсеткіштері арқылы дамыған елдерден де жоғары екенін байқауға болады. Мысалы, Тайванда 1933 жылдар арасында ЖҰӨ-нің көлемі 170 есе (халықтың санының 2, 5 есе өсуімен бірге), ал сыртқы сауда айналымы 534, 6 есе өсті Орташа экономикалық өсу қарқыны 8, 7%, ұлттық табыстың адам басына шаққандағы көрсеткіші 12 мың $. Әлеуметтік дамудың көрсеткіштері жағынан Тайвань алда келе жатқан капиталистік елдермен тең. Сондай-ақ, жоғары өсу қарқыны Оңтүстік Кореяда - 8%, Сингапурда - 8%.
30-жылдың ішінде Азия аймағының жалпы өсу қарқыны жылына 5%-ке, ал Еуропа елдерінде - 2%-ке өскен. Жоғары өсу қарқыны халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына әкелді. 60-жылдар мен 90-жылдар арасында бұл елдерде адам басьша шаққандағы жылдық табыс 4 есе өсті. Болжам бойынша, Шығыс Азия 2010 жылы ішкі ұлттық өнімнің келемі бойынша, Батыс Еуропаны қуып жетеді, ал 2020 жылы Солтүстік Американы қуып жетеді деген сөз. БҰҰ-ның шешімі бойынша елдерді топтастыруды мүнайды экспортқа шығару және экспортқа дайын өнім шығару дәрежесіне, сондай-ақ адам басына шаққандағы табыс деңгейіне қарап бөледі. Мұнай экспорттайтын елдер: БАЭ (15680), Бруней (20760), Кувейт (14870), Катар (12360), Бахрейн (9740), Сауд Аравиясы (5940), Оман (5750), Ливия (5500), Иран (3530), Гавания (2780), Алжи (2760), Венесуэла (2640), Ирак (2340), Сирия (1820), Малайзиа (1780) $-дан келеді. Бұған қоса, өндірісті-шикізат экспорты бағытындағы елдер: Барбадос (5350), Суринам (2360), Фиджи (1510), Доминикан (1440), Гренада (1340), Иордания (1160) $-дан келеді.
Төменгі деңгейдегі елдерге: Ауғанстан, Бангладеш, Бенин, Ботсвана, Буркина, Фасо, Бирма, Бурунди, Гаити, Гамбия, Йемен, Лаос, Маврикий, Судан, Танзания, Чад, Уганда, Нигерия, Мозамбик т. б. жатады. Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда кәптеген өзгерістер болып жатыр, атап айтқанда, экономиканың ашық болуы. Соған қарамастан, әлі де бұлар өз алдына жеке топттастыруды қажет етеді.
80-жылдары әлемдік қауымдастықта бірқатар әлеуметтік-экономикалық өсу деңгейі байқалғанмен, өндірісі дамыған елдерге жақындауында көптеген алшақтықтар байқалады. Ал төмен дәрежедегі елдерде (Африка, Азия, Латын Америкасы) дамушы елдердің орташа көрсеткішінен де төмен елдер бар, ондайға қазіргі кезде 40 ел жатады. Дамушы елдерден 4 есе, ал дамыған капиталистік елдерден 50 есе төмен. Мұнайды экспортқа шығаратын елдердің орны өсуде.
1993 жылдың 1 қаңтарындағы баға бойынша, мұнай қоры (Араб елдеріндегі) 62, 4% (бүкіл мұнай қорынын) болса, ал газ қоры 21%-ке (дүниежүзілік қордын) жетті. Олардың үлес салмағы мұнай экспорттауда 1980 жылы 45, 2%-тен 1985 жылы 26, 6%-ке төмендесе, ал 1992 жылы 38%-ке көбейіп кетті. Ал бұл елдердің газды экспорттауы 2 есеге көбейді. 1980 жылы 5, 9%-тен 1985 жылы 13, 4%-ке өсті. Болашақта үлес салмағы одан ары өсе түсетін болады. Парсы шығанағының елдерінде мұнай өндіру өсе түседі. 1991 жылы күніне 22 млн. баррель болса, 1995 жылы 29 млн., 2000 жылы 33 млн. -ға көтеріледі деген болжам бар. Міне, осы дамудың алуан түрлілігі экономикадағы бір-біріне деген тәуелділіктен туындап, бірігіп күш жұмылдыруға тартты.
Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде - республика деңгейінде өту қарастырылған.
2. Әлемдік шарушылықтың даму кезеңдері
XX ғасырдың екінші жартысы әлемдік шаруашылықтың жедел даму дәуірі болды. Бүгінгі қарама-қайшылықты әлемнің тұтастығы көптеген ортақ мүделерден өз көрінісін тауып отыр. Оларға дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі, . халықтар арасындағы дамып келе жатқан мәдени қарым-қатынастар және әр түрлі мәдениеттер мен өркениептердің өзара байланыстары жатады. Өздерін әлемдік шаруашылықтың социалистік жүйесіміз деп келген елдер тобының бірнеше ондаған жылдар бойғы оқшаулану тенденциясы тоқталғаннан соң әлемдік шаруашылықтың бірлігі мен оның экономикалық заңдарының жетекші рөлі айқын көріне бастады.
Әлемдік шаруашылық өндіргіш күштердің тарихи ұзақ уақыт дамуының объективті нәтижесі. Бұл процестің негізінде ұлттық шеңбердегі және халықаралық сферадағы өндірістің қоғамдастырылуы жатыр. Өз кезегінде, қоғамдастыру өндірістің қоғамдық сипатының күшеюінің белгісі болып табылады. Тұтас алғанда, жеткілікті дәрежеде өзіндік, дара халық шаруашылық кешендері бола тұрса да, дүниежүзілік шаруашылық жүйесімен көптеген арналар арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтар әлемдік өндірістің тұлғалары болып саналады.
Ұлттық шаруашылық шеңберінде қоғамдық, ұдайы өндірістің негізгі процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан әлемдік шаруашылық XIX-ХХ-ғасырларда дүние жүзі халықтарының басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.
Әлемдік шаруашылық пен ұлттық шаруашылық обьективті біртұтас, сонымен қатар қарама-қайшылықты. Бұл жерде дүниежүзілік шаруашылықты ұлттық шаруашылықтардың тек жай ғана қосындысы деп қарастыруға болмайды, ол барлық элементтері өзара әрекеттесетін және өзара тәуелді көп укладты экономикалық кеңістік ретінде көрінеді.
Ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы тұр-сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т. б. байланыстар кешені. Сонымен қатар әлемдік шаруашылықтың даму процесі өз негізінде қайшылықты сипатта бола отырып, орталықтан алшақтау (ұлттық жіктелу) және орталыққа ұмтылу (ұлтаралық бірігу) процестерінің бір мезгілдегі әрекеттесуінің нәтижесі ретінде де көрінеді. Әлемдік шаруашылықтың тұтастыққа ұмтылу тенденциясы қазіргі кезеңде өте айқын және оның болашағы зор.
Әлемдік шаруашылық біртұтас, сонымен қатар қайшылықты экономикалық механизм ретінде экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы салаларының арақатысы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің т. б. функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топ-тасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады.
Әлемдік шаруашылықта соңғы он жылдықта күрделі процестердің жақындасуы және интеграция деп аталатын бірыңғай шаруашылық организмін құруға бағытталған, көптеген елдердің ұлттық шаруашылықтарының бірін-бірі толықтыру процесі жүріп жатыр. Ол интеграцияға бағыт алған елдердің экономикалық және саяси өмірінің әр түрлі жақтарын қамтиды.
Интеграция - шаруашылық өмірді (халықаралық қоғамдастырудың) жоғары формасы, өте жоғары дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі және корпорациялық байланыстардың нәтижесі. Бұл жағдайда халықаралық экономикалық байланыстар өзінің түрақтылығымен айқындалады. Қазіргі кезде дүиие жүзінде жүріп жатқан интеграциялық процестер негізінен аймақтық сипатта болып отыр. Жоғары дамыған интеграциялық одақтар Батыс Еуропада орналасқан. Ең алдымен осы елдердегі жаңа сипаттағы өндірістердін ұлттық рыноктың тар шеңберіне сыймайтындығы көрінді. Оларды экономикалық интеграцияға АҚШ және Жапония сияқты бәсекелестермен күресте төтеп беру қажеттігі де итермелейді. 60-жылдардың ортасында Батыс Еуропада Еуропалық экономикалық бірлестік ("ортақ рынок") құрылды. Ортақ рынок шеңберінде кедендік салықтар жойылды, экспорт пен импортқа ұлттық шектеулер алынды, үшінші елдерден аллынатын импортқа қатысты бірыңғай кедендік тарифтер енгізілді, аграрлық қор және ауыл шаруашылығындағы бағаны реттеудің жалпы тәртібі қалыптасты. Жұмыс күшін, жалпы капиталды миграциялаудың либералды шарттары жасалды, бірыңғай есеп айырысу бірлігі бар еуропалық валюта (екі) жүйесі құрылды. Қазіргі кезде біріккен Еуропа идеясы практика жүзінде іске асып отыр. 1992 жылдан кейін Батыс Еуропаның 12 мемлекеттерінің арасында бірыңғай ішкі рынок нақты түрде құрылды, мүның өзін бір кездегі Еуропа Құрама Штаттарын құру туралы ойды жүзеге асыру деп те атауға болады. Бірыңғай паспорттар, стандарттар коммуникациялық жүйелер енгізіліп, өзара саудадағы салықтар мен баж төлемдерін реттеуші нұсқаулар жойылды. Білім туралы ұлттық дипломдар тең бағалы деп есептеледі. Еуропалық экономикалық Бірлестікті Еуропалық Одаққа айналдыру процесі ойдағыдай жүргізілуде. ЕЭБ-ке мүше барлық елдердің экономикалық дамуьшың дәрежесін теңестіретін және валюталық паритеттерді біртіндеп қалыптастыруға негізделген валюталық Одақ құру туралы да. шешім қабылданды. Мамандардың бағалауы бойынша экономикалық интеграцияның одан әрі даму бағдарламасын жүзеге асыру ең алдымен, Батыс Еуропа елдеріндегі өндіріс шығындарын төмендетеді, ғылыми-техникалық процесті жеделдетеді, экономикалық өсу қарқынын жоғарылатады, сауда жағдайын жақсартуды көздейді.
Біртұтас әлемдік шаруашылық негізінде көптеген объективті факторлар жатыр, олардың ішіндегі аса маңыздылары шаруашылық өмірдің халықаралық сипаты, әлемдік ғылыми-техникалық революция, тасымал, байланыс, информатика құралдарындағы терең өзгерістер, космос кеңістігін игерудің қажеттігі, сонымен қатар бүкіл әлемдік мәселелердің шиеленісуі сияқты факторлар.
Халықаралық мамандану мен еңбек бөлінісінің дамуына негізделген обьективті процесс бола отырып, шаруашылық өмірдің интернационалдануы тек өндірістің ғана емес, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну процестерінің ажырамас элементіне айналды. Бұл қоғамдық өмірдің барлық жаңа салалары мен сфераларын қамтиды. Өндірістің қоғамдастырылуын халықаралық деңгейге көтеретін ҒТП-нің маңызы өте зор. Бұл жағдайда интернационалдандыру терең, әрі кең түрде дамуды. Әлемдік шаруашылықтың интернационалдануы халықаралық еңбек белінісінің (ХЕБ) тереңдеуіне әлеуметтік-экономикалық құрылымы әр түрлі елдер арасындағы кедергілердің "жойылуына" байланысты. Жалпы шаруашылық өмірдің интерационалдануы халықаралық экономикалық қатынастардың барлық түрлері дамуының негізін құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz