Шоқан Уәлиханұлы (1835-1865)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ (1835-1865)

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани қорытындысы, биікжалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ықпал етті.

Шоқан (шын аты - Мұхаммедханафия) Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын бекінісін (атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарлар қарсы соғыста асқан ерлік керсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. « . . . Айғаным мен оның балалары Россияға ақ ниетін сақтап қалды. Уәли канның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған (сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» - деп жазды П. П. Семенов Тян-Шанский. (Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.

«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс. орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.

Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті окытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің окытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т. б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шыгармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.

1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шокан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. Березин Шокан жинаган казақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш Баян сүлу» жрын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бүл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі еңтаңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір (кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орысты озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен аралас көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келөшек тағдырына едәуір ықпалы болған.

«Корпуста ой-әрісі, білімі жағынан Шоқан тез есті, орыс жолдастарьш басып озьш отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» деп жазды онымен бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Сібір кадет корпусында оқуқық соңғы жылдарынан-ақ Шоқан би саналы, тереңойлы, жан-жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажөт-мұқтаждарын пайымдай түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Проф. Н. И. Березинге хат», "Профессор Н. И. Березиннің «Хан жарлықтары» кітабына рецензия», «Рашид-әд-дин» т. б. жұмыстарынан да байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылар да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.

Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шыққан соң Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағының генерал-губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сонымен қатар Батыс Сібір өлкесінің Бас басқарма оған айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарайды. Бұл қызметтерде Шоқан бюрократтық аппарат мансапқор, парақор, тоң мойын, жүгенсіз кеткен чиновниктері мен патша екіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді кәреді, оларға қарсы батыл пікірлер де айтады, ресми басшылықтармен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Ол бұл қызметтерден Омбьдан кетуді, туған халқына пайдасы тиетін істерге араласуды армандайтыны турал сол кезде танысып, достасқан орыс жаззушысы Ф. М. Достоевскийге, досы К. К. Гутковскийге хаттар жазғаны белгіл Шоқанның: қоғамдық және әдебиет саласындағы белсенді қызметі осы жылдардан басталады.

1855 жылы ¥лы жүзді Қокан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге косу бағытында жұмыс істеу үшін
ұйымдастырылған әкспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді. Жоңғар қақпасына,
Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен
әтнографиясының материалдарын жинап алады. Қазақ халқының тарихы мен әдет ғүрып, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (кұдай) », « Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Бүл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г. Х. Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады.

1856 жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери ғылыми әкспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстық көл
аймағының картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Жазуы жоқ елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз үшін мүндай ұзақ желіге күрылған, күрделі әпостардың үлкен мәні барын түсінген Шоқан «Манас» үлгісінде көрсетті. «Манас», дейді Шоқан, қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың «Илиадасы» тәрізді. Бүл аса зор әпопеяда кырғыз халқының өмірі, әдет ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен қарым қатынасы түгел камтылған . . . Екінші эпос «Семетей» «Манастың» жалғасы. Бұл кырғыздың «Одиссеясы». Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып
көреді. Сібір мен Тянь Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохонды ежелгі түрғындары екені тарихта тұңғыш рет аныпқтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөніде жазған географы К. Риттердің, А. Гумбольттің,
шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария
тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поәзиясының түрлері туралы», «Ыстык көл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады.
Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

1854-1857 жылдары ¥лы жүз қазақтары мен кейбір қырғыз руларын Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Росси (бейбіт Ш. Ш. Уәлиханов оны жан-жақты зерттеуі, географиялық сипаты, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы мағлұмат-деректерді әлемге, ғылымға ашып беруге тиіс болды.

Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтар мен кедергілерден әтеді, жалған атпен Әлімбай болып кер басының туысы ретінде аттанады, Тянь-Шань биіктерінін, бірі Сырт деп аталатын хауіпті әрі адам қадам баспаған биі асуларында түтекке тұншығып, суыққа тоңып, қарлы жаңбырда тайғанақтаған ат-туйелерідө біраз шырынданып, кей алыс ауыл тұрғындарының қауесет-сенімсіздіктеріне де кездесіп, талай бегеттерді еткөріп, керуен 1858 жылдың 27 сентябрінде Қытай шекарасынан өткен.

Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 октябрінен 1859 жылдың март айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты Қашғар қаласьі мен Алты шаьар елін терең зерттейді. Ол кезде алты шаьар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің енімді де пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен.

Ш. Уәлиханов Қашғарияның әкономикалық -саяси құрылысын, тарихын, әтнографиясын рухани әмірін зерттеген, бұл аймақтың еткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, (мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшөлері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар да жиналған.

Бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, әкономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де ғылымға да Іпайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп Шоқан керуені 1859 жылдың апрелінде елге оралған.

Қашғария сапарының нәтижелі жемісі - Ш. Ш. Уәлихановтың «Алты шаьардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясын (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаланың жайы» . атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы бол Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткерлері оны шығыстың тарихы мен географиясы туралы Европа ғылыі\ толықтырған шын мәнісіндегі географияльіқ жаңалық, ал Қашғарияға салар нағыз ерлікдеп таныды.

Қашғария сапарыныңғылыми нәтижелері туралы Ш. Ш. Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағанн кейін~ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Бұл Ш. Ш. Уәлиханов енбектері Батыс Европада жорары бағаланушының айғағы еді.

Қашғария экспедициясының қорытындылары нәтижелері ресми үкімет тарапынан да аталып өтті. Оған дәлел 1860 жылғы 8 апрельдегі Үкімет указы бойынша «. . поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабсротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені және бір жолғы көмек ретінде 500 сом күміс ақша берілсін» - делінген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы әкспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К. К. Гутковский т. б. бар.

Қауіп-қатері мен қиыншылығы молЪапардан ауырып қайтқан Шоқан Петербургке үсті-үстіне шақыртып жатса да, Омбыда әкспедиция материалдарын жүйелеп, қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургкө келеді. Ш. Уәлихановтың Петербургке келу кезі әр-түрлі жазылып жүр, 1860 жылғы февральда, енді бір мәлімет бойынша 1859 жылдың аяғында. Ол 1860 жыл бойы астанада болған.

1860 жылы астанада болғанда, Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде қызмет істеген, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде, Орыс География қоғамында қызмөтте болған, талай ресми қайраткерлермен,
шығыстанушылармен, әдебиетшілер тобымен кездескен. Олардың ішінде Ішкі істер министрі граф Д. Н. Блудов пен
Синодтың обер-прокуроры граф А. П. Толстой сияқты ресми қайраткер, Ф. Р. Остен-Сакен, В. В. Григорьев, И. И.
Захаров, В. В. Вельяминов-Зернов, М. А. Казембек, А. Н. Бекетов, А. Н. Майков, В. Крестовский тағы басқалары бар
Олардың біразымен Ш. ШI. Уәлиханов сыйлас дос болған бұрынғы достары Ф. М. Достоевскиймен, Г. Н. Потанинмен
араласқан. Ш. Ш. Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізеді. Бас штабтың әскери-ғылыми
комитетінің тапсыруы бойынша ол Орта және Орталық Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның
іредакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Іле сырты өлкесі бөлігінің
Ірекогноссировкасы», "Құлжа қаласының жобасы», «Ыстық көл әкспедициясының қорытындысына қосымша карта»,
«Қытай империясының батыс әлкесінің картасы" т. б. дайынлады, Ш. Ш. Уәлихановтың география, картография Югра салаларына қосқан үлесі зор. Ол География қоғамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің еңбектерін баспаға
әзірлеседі, неміс, ағылшын, француз тілдеріндегі еңбектерді зерттейді. Шоқан Петербургте Сыртқы Істер министрлігі
Азия департаменті жанындағы Жоғары мектепте, География қоғамында Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Қырғызстан
ІХуралы лекция оқиды, университеттің тарих-философия факультетінде лекцияларға қатысады.

1860 жылдары Петербургте Шоқанның ІЖоңғария очерктері», «Алты шаьардын месе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласыныңжағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өлі, әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» еңбектері жарияланды.

1861 жылдың кектемінде денсаулығы тым нашарлап кетуіне байланысты Шоқан Уәлиханов Петербургтен туған
еліне оралды.

Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты канауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сүлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазак байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сүлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бүл туралы досы Достаевскийге. Бірақ ол бүл мақсатын орындай алмай, аға сүлтандыққа өте алмай қалады. 1864 жылы наурыз айында Шокан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосуды жақтаған ол Черняев отрядында біраз уакыт қызмет істейді. Бірақ патша генералының жергілікті халыкқа жасаған зорлык зомбылығын көріп, тез бөлініп кетеді. Содан Верный (казіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің аулына барып (бұрынғы Талдықорған облысы, Шоқан атындағы шаруашылық) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.

1 Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде кайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел ауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.

Мұнда да ол творчестволық, ғылыми ой т толқындарын өрістете берді, ғыльіми еңбектермен шуғылданды, талай

ақын-жыршылардан елең-әңгімелер, аңыз-ертегілер жинады, талдаулар жасады, қоғам құрылысына көп кеңіл бөліп үстем тап әкіметінің жүгенсіздіктерін, озбырлық-зорлықтарына қарсы күресуді, сөйтіп қазақ халқының тіршілік-тыны жақсартуға көмектесуді, әділеттілікті ойлады. Шоқан Уәлиханов Атбасар округының аға сұлтандық қызметіне сайлауға қатысып, кершілік дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді, өйткені демократтық бағыттағы озық ойлы ғалым билеуші топ үшін, зорлықшылар мен жемқорлар үшін қауіпті де кедергі болатын адам де есептеледі. «Менің сұлтан да болғым келген еді, ондағы ойым халқыма қызмет етіп, оларды чиновниктер мен бай қазақтардың қатал қысымынан қорғау еді» деп жазды Шоқан Ф. М. Достоевскийге.

Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің жобасы жасалып жатқанда, облыстық басқарманың заң комиссиясының жұмысына қатысады, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. Тұста оның «Сот реформасы туралы жазбалар» еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ қоғамыныңәкономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды, Ш. Ш. Уәлиханов « . . . Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуінде үлкен үміт туғызып отырған, орыстарды отандас туысқаным (деп санап отырған және орыс мемлекетінің қарамағына еркімен қосылып отырған [тағдыры, Шекспирше айтқанда, болу не болмау» деген сияқты үзілді-кесілді мәелелерді шешерде кәбірек көңіл бөл көбіре қамқорлық жасауға тұратын іс сияқты», одан әрі Шоқан қазақ елінің дамуы үшін қандай шаралар қажет

Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы казақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 - дей сурет қалған.

Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н. И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоканның мезгілсіз өлімі біздің бүл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам кабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың кайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уәлиханұлы Шоқан Шыңғысұлы
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
ШОҚАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Шоқан Уәлиханұлы
Шоқан Уәлихановтың балалық шағы
Шоқан - ағартушы
Тарихи тұлғалар туралы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz