Әбіш Кекілбаев, жазушы, Парламент Сенатының депутаты, қоғам және мемлекет қайраткері: егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ


Әбіш Кекілбаев, жазушы, Парламент Сенатының депутаты, қоғам және мемлекет қайраткері: Егемендік декларациясын қабылдау оңайға түскен жоқ
- Егемендік декларациясы қа¬был¬данған кезде Сіз үлкен мін¬бер¬ден халқымызды құттықтаған еді¬ңіз. Содан бері он алты жыл өтті. Тәуелсіздіктің бастауы болған оқиғаларға бүгінгі күн биігінен қандай баға берер едіңіз?
- Осыдан он алты жыл бұрын Егемендік декларациясы қабыл¬дан¬ған күн біздің жаңа тари¬хы¬мыз¬дың ең бетбұрыс сәті боп са¬на¬лады. Ол күн - менің көз ал¬ды쬬да. Егемендік декларация¬сын қабылдау оңайға түскен жоқ. Өйт¬кені оған дейін бұрынғы Кеңес¬тер одағы кеңістігінде қай¬та құру үдерістері жүріп жатты. Ол құбылысты әркім әртүрлі түсінетін. Бірақ көпшілік жұрт: «Сол бұрынғы жүйе сақталынады, оған жаңа сипаттар қосылады, басқарудағы міндет бөлісу өз¬ге¬реді, азаматтардың қоғамға қа¬ты¬насының сипаты өзгереді, демок¬ратиялану басталады» деп топ¬шы¬лаған болатын. Себебі, бұл үдерістердің алдында халы¬қа¬ра¬лық коммунистік қозғалыста осы бағыттағы көптеген ағымдар сал¬танат құрды. Капиталистік елдердегі коммунистер евро¬коммунизм ағымын алға шы¬ғар¬ды. Чехословакия, Венгрия сияқ¬ты елдерде «социализм с челове¬ческим лицом» сипатындағы иманжүзді социализмді дәметкен ағымдар бой көтерді. Мұның бар¬лығы да бір кездегі таптық күрес¬тің қалыптастырған мемлекеттік концепцияларына түбегейлі өз¬герістер жасау, азамат бостан¬ды¬ғын көбейтетін жаңа қарым-қатынастарға көшу мәселесін көтерген ағымдар еді. Бұрынғы одақ та осы ағымға қосылып, қайта құру кезеңін бастаған кезде біздің отандастарымыздың көп¬шілігі осы тақылеттес өзгерістер болады деп дәметкен сияқты. «Қай¬та құру» деген сөз жиі айтыл¬ғанымен, оның сипаты, бол¬мысы, эволюциялық жолы айқын бағдарланған жоқ еді. Көпшілік сол әлгі «бұрынғыдай емес, басқару жүйесін сынауға болады, бір кезде тоталитаризм тұсында кеткен қателіктерді ашып айтуға болады, ақтаңдақ¬тар¬дың орнын толтыруға болады» де¬ген сияқты жадағайлау түсі¬ніктердің ғана жетегінде жүрді. Ал бірақ тіпті осы сипаттарды өз¬герт¬кен күннің өзінде қоғамның ірге¬тасын түбегейлі жаңарту керек екендігін ұзақ уақытқа дейін түсінбеді. Сонымен, көп жағ¬дайда қайта құрудың одақ кеңістігінде белгілі мөлшерде толық ойластырылмағанын, тың¬ғы¬лықты зерттелмегенін, оған бара¬тын жолдар үлкен сараптан өтпе¬гендігін кейінгі оқиғалардың ба¬рысы көрсетті. Бірақ демок¬ратиялық қарым-қатынас, адам құқы, азамат бостандығы, халық¬тар теңдігі жөніндегі ұғымдардың дәуірлік, кезеңдік мәселелер екендігі даусыз анықтала баста¬ды. Ол мәселелерді түбегейлі шеш¬пей тұрып, қоғамды қайта құру мәселесі шешілмейтіндігі де түсінікті болды. Сондықтан да бір үдеріс екінші үдерісті бастады. Сол жағдайда бізге, Қазақстанға жаңа тарихи мүмкіндік туды.
- Егемендігімізге ертерек қол созып, тәуелсіздігімізге тезірек жетуіміз үшін сол тұста қандай алғы шарттар қажет болды? Қандай кедергілер бар еді?
- Жалпы, адамдар еш уақыт¬та жеке-жеке өмір сүріп көрген емес. Адамзат жаратылғаннан бері белгілі бір әлеуметтесуден аулақ болмаған. Ал мынау жиыр¬масыншы ғасырдағы адам¬дар - тарих қалыптастырған үлкен әлеуметтесулердің жемісі. Ол әлеуметтесудің ең үлкен және ең табиғи түрі - ұлт. Сондықтан өзі¬нің ұлты азаттық ала алмаған адамның азат болуы, өзінің ұлты теңдік ала алмаған адамның теңдік алуы мүмкін емес еді. Сөйтіп, күн тәртібіне азаматтардың бостанды¬ғы¬мен қоса халықтардың ұлттық азат¬тығы жөнінде мәселе көтерілді. Мінекей, көп жағдайда жан-жақ¬ты ойластырылмай басталған қай¬та құру үдерісі қоғамды өзгертудің эволюциялық заңдылықтарын аттап өте алмай, осы мәселелерге де келіп килікті. 1991 жылғы тамыз оқиғалары мұны тездетті. Ол оқиғалар социализмнің өз бетімен қайта құрыла алмайтындығын, оның түбегейлі жағдайлары өзгер¬мей тұрып, жаңағы айтып отырған категориялардың жүзеге аспай¬тындығын түпкілікті дәлелдеді. Осыдан кейін бұрынғы одақты құраған республикалардың пар¬ла¬мент өкілдері мен саяси басшылары Кремльдің съездер сарайында бас қосты. Үлкен әлеуметтік катак¬лизм¬нен кейін қоғамның қандай болатыны жөніндегі мәселені тал¬қы¬лады. Сонда қабылданған дек¬ларацияның өзі бұрынғы одақты құраған ұлттық субъектілердің бостандығын, еркіндігін қамтама¬сыз ету қағидасын даусыз мойын¬да¬ған еді. Соның нәтижесінде бұрын¬ғы одақтас республикалар бірі¬нен соң бірі өз егемендігін жария¬лауға көшті. Мұны ең ал¬ды¬мен Ресей Федерациясы бастады. Қа¬зақстан бұл үдерісте елдің ал¬дына шығып, ентелей қойған жоқ.
- Неге соншама ұстамдылық таныттық?
- Бұл қазақ халқына, Қазақ¬стан¬ға өз тәуелсіздігінің керек емес¬тігінен емес еді. Ол кездегі Қа¬зақстан аса көп құрамды мемлекет болатын. Оның құрамында жүз отыз этностың өкілі болды. Мұн¬да¬ғы толыққанды этнос ба¬йырғы ха¬лық болғанымен, қалған этнос¬тар¬дың өкілдерінің саны да айта қаларлықтай еді. Оған 1989 жылы Қазақстандағы байырғы халықтың құрамы қырық процент¬ке де жетпей тұрғанының өзі-ақ ай¬қын дәлел бола алады. Бірақ мұның бәрі өз еркімен, тарих заң¬ды¬лығымен болған құбылыстар емес-ті. Мұның бәрі үлкен волюн¬таристік саясат¬тан туындаған құбылыс болатын. Ал демократия да, бостандық та, теңдік те тек тарихи қалыптасқан эволюция¬лық жолмен келетін құбылыстар. Осы жағдайдың бар¬лы¬ғы Қа¬зақстанды бұл мәсе¬ле¬ні талқылау барысында аңыс аңдауға мәжбүр¬ле¬ді. Сондықтан Қазақ¬стан одақ¬тық жаңа келісім жа¬сау жұмыс¬та¬ры¬на белсене қатынасып, сол ке¬лісімшарттар¬дың халықтың, аза¬маттардың көк¬сеп отырған мұрат¬тарына қызмет етуі жағында болды. Алай¬да сол келісімшарт¬тың не¬гіз¬гі бастамашылары болған рес¬пуб¬ликалардың өзі бұл ниеттен ештеңе шықпайтындығын түсіне бастады. Сол себепті Қазақстан тарихтың өзі туындатып отырған еге¬мендік мәселесін тығырыққа тіреп алмай, саяси нақты құбы¬лыс¬қа айнал¬дыру үшін үлкен так¬ти¬калық фак¬торларды үйлестіруге міндетті бол¬ды. Сөйтіп, сол одақты құрап тұр¬ған республикалардың бар¬лығы өзінің тарихи қалыптас¬қан тер¬риториясында егемендігін жа¬рия¬¬лағаннан кейін ғана біз бұл мәсе¬лені күн тәртібіне шығара ал¬дық. Себебі, сол кездегі Қазақ¬стан¬ның Парламенті болып сана¬латын Жо¬ғарғы Кеңестің құрамы да ха¬лық¬тың демографиялық көр¬сет¬кі¬шіне сәйкес еді. Осыған байла¬ныс¬ты сондағы депутаттың бар¬лығы тарихи заңдылықты түсі¬не¬тіндей жағдайға жетпей тұрып, бұл мәселені қою оны ты¬ғырыққа тіреумен бірдей болатын. Мінекей, осылай аңыс аңдау так¬тикасы, қалыптасып отырған объек¬тивті сипаттарды мейлінше мұқият зерделеу жақсы нәтижеге жеткізді. Өйткені талқылау бары¬сы көрсет¬кен¬дей, біздің депутаттық корпус¬тың көпшілігі бұл мәселені әлі де жеткілікті түсініп болмаған¬ды¬ғын байқатты. Көптеген адам тең¬дік, бостандық жөніндегі әңгі¬ме¬лер¬ді популистік ұрандар ғана деп са¬нады. Ал одақты құраған респуб¬ли¬калардың басы Ресейден бастап бәрі егемендік жолына түс¬кеннен ке¬йін бұл әңгіме талқы¬лан¬ған кез¬де олар өздерінің жаңағы қатып қал¬ған қағидалары үшін амалсыз абыр¬житын, қобалжитын болды. Сөй¬тіп, бұрынғы кеңестік адам¬дар¬дың санасындағы үлкен мета¬мор¬фо¬залардың нәтижесінде Қазақ¬стан жағдайында да егемен¬дік тура¬лы сөз етуге болатындай алғы шарт¬тар қалыптасты. Міне¬кей, осы¬лай өткен қызу айтыс ба¬ры¬сын¬да Қазақстан өзінің еге¬мен¬дігін жариялады.
- Егемендік туралы декларация әдепкіде ішкі және сыртқы күш¬тер¬ден қандай баға алды? Егемендіктің ал¬ғашқы нәтижелері саяси кеңіс¬тік¬те қалай байқалды?
- Осы Егемендік декларация¬сын баспасөзде жарияламас бұрын депутаттық корпустың өзі ха¬лықтың алдына шығып, алғаш рет хабарлауды ұйғарды. Себебі, бұқара бұл құбылысты көп күткен болатын. Халық өзінің көптен аң¬сап жүргенінің заңдық сипат алға¬нын көргенше асықты. Сон¬дықтан олар ресми ақпаратқа дейін-ақ осының нәтижесін білгісі келіп, Жоғарғы Кеңес үйінің алдында топталып, тосып тұрды. Дауыс б嬬рі¬ліп, нәтижесі мәлім болғаннан кейін бір топ депутат сол Парла¬мент үйінің іргесіне жиылған халық¬тың алдына келіп, Жоғарғы Кеңес шешімін жария етті. Сөйтіп, Қазақстан егемендігінің алғашқы қадамы жасалды. Соған қара¬мастан, бұл декларацияны тек қана декларация, ертең жүзеге аса қоймайтын утопия ретінде қабыл¬да¬ған күштер де болды. Ондай пікір¬лер іштен де, сырттан да айты¬лып жатты. «Қазақстанның өз ал¬дына ел болып кетуі мүмкін емес. Бұл үшін көптеген тарихи алғы шарттар керек. Ал Қазақстанда соның бәр-бәрі жоқ. Ендеше, бұл тек қана сөз жүзінде қалып қоя¬тын құбылыс» деп сәуегейсі¬ген¬дер аз болмады. Алайда біздің еге¬мендігіміздің тарихи нәтижелілігі сол қабылданған күннен бастап-ақ көрінді деуімізге болады. Еге¬мен¬дік жариялаған Қазақстанды Ресей Федерациясының басшы¬лы¬ғы ресми түрде қабылдап, арнайы кездесу өткізді. Бұл егемендіктің өзін-өзі ақтағандығы 1991 жылғы тамыз оқиғаларының тұсында байқалды. Тамыз бүлігіне баста¬ма¬шы болған саяси топ басқа республикалар түгілі Мәскеудің өзіне ықпалын өткізе алмағаны белгілі. Ал егер біз оған дейін өз егемендігімізді жарияламаған ел болсақ, жаңағы волюнтаристік топтың да сөзін тыңдауға мұқтаж құқықтық тәуелділік жағдайында болар едік. Біз егемендігімізді бір жыл бұрын жариялап қойған мемлекет ретінде ондай төтенше актілерге қосылған жоқпыз. Бо¬лып жатқан оқиғаның сипатын шы¬найы түрде анықтап, оған әділетті баға берілуін тосуды талап еттік. Тамыз оқиғалары деклара¬ция күйінде қабылданған егемен¬дік¬ті толыққанды саяси факторға айналдыруды тездетті. Осының нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет мемлекет басшысын естияр қауымның түгел қатысуымен таң¬дай¬тын сайлау өтті. Халық сайла¬ған Президент, халық сайлаған Парламент мұндай аума-төкпе жағдайда Қазақстан сияқты үлкен кеңістікте болатын әлеуметтік үдерістерді өз қолында ұстауға толық құқ иеленді. Мінекей, осы бағдар қамтамасыз етілгеннен кейін біз мемлекеттік тәуелсіздік мәселесін көтере алдық. Сөйтіп, осындай сәт туған алғашқы күн¬дер¬де өзіміздің мемлекеттік тәуел¬сіз¬дігіміз туралы заң қабылдадық. Осы заңды талқылап жатқан кез¬дің өзінде бұрынғы саяси кеңіс¬тік¬тің әр шетінде әртүрлі ағымдар бас көтере бастады. Мысалы, Бело¬вежье¬де одақты тарату туралы шешім қабылданды. Ашхабатта Орталық Азия халықтарының қауымдастығын қандай сипатта құру керектігі белсенді түрде сөз болды. Осы оқыс оқиғалардың барлығын тарихи заңдылықтың логикасына түсіру оңай болмады. Бұл жерде де егемен Қазақстан енжарлық көрсеткен жоқ. Өзінің саяси бастамашылдығын танытты. Соның нәтижесінде 1991 жылы желтоқсан айында әйгілі Алматы кездесуі өткізілді. Алматыдағы кездесу Кеңестер Одағының саяси фактор ретінде жойылғанын, оның орнына тәуелсіз ұлттық мемлекет¬тер¬дің келгендігін әлемге паш еткен алғашқы үлкен форум бол¬ды. Мен бұл оқиғаларды жиырма¬сын¬шы ғасырдың тарихындағы ең мазмұнды, ең әділетті, халықтың көп¬тен күткен оқиғалары деп біле¬мін.
- Тәуелсіз мемлекет құру ісінің ба¬сы-қасында болған қоғам қайрат¬ке¬рі ретінде Қазақстанның бүгінгі же¬тістіктерін қалай бағалайсыз?
- Мемлекеттік тәуелсіздікті, мем¬лекеттік дербестікті жариялап қою бар да, оны қамтамасыз ету бар. Ал жариялап қоюдың өзі қан¬шалықты күрделі екендігіне жаңа¬ғы айтқан ақпараттық тұжы¬рым¬ның өзі де жеткілікті ғой деп есеп¬тей¬мін. Ал соны тарихи шындыққа айналдыру, әрине, бұдан да гөрі көп уақытты, көп төзімді талап ететін күрделі үдеріс болды. Себебі, Кеңестер Одағы өз еркімен құлап қалған жоқ. Ол өзі ұстанып келген саяси жүйенің барлық мүмкіндігі таусылғаннан кейін барып құла¬ды. Сөйтіп, социалистік даму жо¬лы дағдарысқа ұшырады. Содан туындайтын ұжымдық меншік, қауымдық қатынастар да үлкен дағдарысқа тап келді. Ал аталмыш меншік пен аталмыш қатынастар тұсында өмір сүрген қоғам оны бір күнде сезінген жоқ. Түгелдей тез мойындай да қойған жоқ. Оның солай болуға тиісті екендігін түсінуге, өмірдің өзгеруге, ол үшін қоғамның өзгеруге тиісті екендігін мойындауға біраз уақыт кетті. Осының нәтижесінде елде әлде¬неше дағдарыстар қатар жүрді. Соның ішінде көзге алдымен түскені экономикалық дағдарыс болды. Ал экономикалық дағда¬рыс бұрынғы одақтың тұсында басталған және сол кезде шырқау шыңына жеткен дағдарыс еді. Бұрынғы ортақшылдық экономи¬ка омалып, шөгіп жатып қалды. Оған бастамашы болған да сол бұрынғы қайта құруды бастаған коммунистік партияның өзі. Өйткені ол кәсіпорындар бостан¬ды¬ғына жетеміз деп, жоспарлы үлестірмелі экономиканың негізін құрайтын күре қағидаға балта шапты. Әр кәсіпорынның өз ал¬дына билік алуы сол аймақтардың өзіне-өзі қожа болып кетуіне жол ашты. Сөйтіп, кәсіпорындардың ыдырауы арқылы кеңестік одақ¬тың да аумақтық ыдырауы бастал¬ды. Бұл аумақтық ыдырау азамат¬тар¬дың санасында үлкен рухани дағдарыстар туғызды. Осының нәтижесінде елде үлкен әлеуметтік күйзелістер басталды. Бұл әлеумет¬тік күйзелістер көп халықтан тұратын қоғамда ұлттық сипат ал¬май қоймайды. Сондықтан Кеңес¬тер Одағының түкпір-түкпірінде ұлттық негіздегі наразылықтар, ұлттық есеп айырысулар басталды. Мұндай жағдайда кез келген эко¬номика өз бетімен тыңайып кете ал¬майды. Бір қатынас екінші қатынасқа ауысып, бейбіт өзгере салмайды. Ол міндетті түрде оқ атылып, қан төгілетін оқиғаларға жетелемегенмен, бейбіт эволюция¬дан гөрі тегеуріндірек реформа¬шыл¬дықты талап етеді. Бұл шын¬дықтан Қазақстан да тысқтры қала алған жоқ. Қазақстанның аумағына таласатындар, елдің бірлігіне нұқсан келтіргісі келе¬тін¬дер оны тарихи заңдылықтан тыс¬қары, қолдан жасалған мемлекет ретінде қарастыратын әңгімелерді гулетіп жатты. Онымен де тынбай, Қазақстанның бұрыш-бұрышына келіп, оның аумақтық тұтастығы¬на қол салғысы келетін күштер де табыл¬ды. Қысқасы, Қазақстан өзінің мемлекеттік дербестігін нығайтуды қиын күйзелістер дәуірінде бастады. Мінекей, ол күйзелістер Қазақстан экономи¬ка¬сын да қатты дағдарысқа ұшы¬ратты. Ол дағдарысты Қазақстан бәрібір айналып өте алмайтын еді. Себебі, қайта құруға дейінгі Қа¬зақ¬стан экономикасының 87 пайызы одақтық бағынышты¬лық¬та болатын. Біздің елдің өзі дербес билейтін бөлігі 13 пайыздан аспай¬тын. Оның үстіне экономи¬ка¬мыз¬ды құрайтын факторлардың бар¬лығы технологиялық жағынан да бас¬қа республикаларға тәуелді еді. Қазақстан, негізінен, шикізаттық республика болды. Сондықтан ол өзінің байлығынан толық пайда көретін жағдайда емес-ті. Осындай өзгеге тіркеліп қойған жарымжан экономика әлгіндей аума-төкпе кезеңде алдымен тығырыққа тірелетіні белгілі. Сол кездегі Қа¬зақ¬станның саяси басшылығы бұл тығырықтан айналып өтуге қанша тырысқанмен, бәрібір осынау экономикалық озбырлық¬тың зар¬даптарын бастан кешуге мәжбүр бол¬ды. Өндіріс түгелге жуық тоқ¬тап қалды. Ауыл шаруашылығы ебіл-себіл күйді бастан кешті. Халық¬қа жәрдемақы мен жалақы берудің өзі мүмкін болмады. Қа¬зақ¬станның көптеген ауылы айлап, жылдап теңгенің де түрін көрген жоқ. Бұл күйзеліс қазақ¬стан¬дықтардың көңіл-күйіне жа¬ғым¬ды әсер қалдырмайтыны, әри¬не, белгілі. Сол халықтың шын¬дап тартып отырған әлеуметтік күй¬зелістері мен экономикалық қиындықтарын тілге тиек етіп, Қазақстанның келешегіне күмән¬дануды күшейтуге тырысқан ағым¬дар да етек алды. Қазақс¬тан¬ның ең үлкен жетістігі - сол жаңа қарым-қатынастарға көшкен қа¬уымның осынша көп қырлы, тым тереңдеп кеткен қиындықтар¬ды санаулы жылдардың ішінде жеңіп шыға алғандығы деп айтқан болар едім. Қайтадан қой үстіне боз¬тор¬ғай жұмыртқалайтын уақытты күтіп отырмай, сол күйзелісті күн¬дер¬дің өзінде жаңа этно-эконо¬ми¬ка¬лық қарым-қатынастарды жүзе¬ге асыруға тәуекел еткендігі деп айтуға болар еді. Қазақ¬стан¬ның өз бетімен осы омалып қалған эконо¬ми¬каны, ошарылып қалған өнді¬ріс¬ті қайтадан тіршілікке қоса алмай¬тындығын түсініп, халы¬қ¬арବлық экономикамен ықпал¬дас¬тыққа түсуге тәуекел еткендігі деп айтуға болар еді. Ал бұның қай-қайсысы да үлкен іс-қимылды қажет ететін түбегейлі өзгерістер саналады. Оның қай-қайсысын да жұрттың бірдей түсініп, бірдей қолданып кетуі өте қиын еді. Сон¬дық¬тан мұның барлығы үлкен стра¬тегиялық көрегендікпен қоса, тактикалық әдісқойлықты, ұйым¬дас¬тырушылық оралымдылықты талап етті. Қазақстан осы үдеріс¬тер¬ді жүзеге асырудың өзіне лайық кес¬кіндемесін таба алды. Сөйтіп, бі¬рінші кезекке ол өз эко¬но¬мика¬сын аяғынан тік тұрғызуға қажетті инвес¬тиция тарту саясатын баста¬ды. Ол үшін халықаралық капи¬тал¬мен жаңа жағдайда ықпал¬дасу¬ға көшті. Әрине, кіріптар бо¬лып, ісің түсіп отырған елге сенің барлық талабың өте қоймайтыны белгілі. Сондықтан біраз уақытқа дейін ымырашылдықтан қашып құтыла алмайтын дипломатия қажет еді. Қазақстан бұған да тәуе¬кел ете алды.
Біздің ел өзінің геосаяси тиімді аумағын және онда жинақталған табиғи ресурстардың молдығын тиімді пайдаланды. Осыдан туын¬дамай қоймайтын сыртқы әсер¬лер¬ді екі жаққа бірдей тиімді іскер¬лік әріптестікке бейімдеу үшін де көптеген күш-әрекет керек болды. Сол кездегі Қазақстанның саяси элитасында да, бүкіл жұртшы¬лық¬та да осыған жеткілікті төзім мен ақыл табылды. Бұл Қазақстанның тағы бір үлкен жетістігі деп есептей¬мін. Енді осы үлкен же¬тіс¬¬тік¬тің ең мық¬ты көрінісі - елдегі әлеу¬мет¬тік ахуалдың орнықтылығы еді. Бүгін¬гі таңда Қазақстан несімен күшті, адамзатқа несімен ықпалды десек, ол біздің еліміздегі әлеуметтік ор¬нық¬тылықты қамта¬ма¬сыз еткен¬ді¬¬гіміз¬ге байланысты бо¬лып отыр. Ал қиын күндерде осындай үлкен тәуекелге тұра білген мемлекет пен қоғам одан әрі өзінің жаңашылдық жолын, яғни, инновациялық ба¬ғы¬тын таба алатыны түсінікті. Сөй¬тіп, Қазақ¬стан өзінің табиғи мүм¬кін¬діктеріне, тарихи мүмкін¬дік¬теріне сай қа¬лыשּׁтасып отырған жағдай¬дан туын¬дайтын заңды¬лық¬¬тарға ла¬йық¬¬талған жаңа сәй¬кес¬тігіне қол
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz